Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет2/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

ӘБДУӘЛи қайДаР,
академик
Латын әліпбиі әлемдік білім мен 
ғылымның алтын кілті
қазақстан  халықтары  ассамблеясының  хІІ  сессиясында 
сөйлеген  сөзінде  Елбасы  нұрсұлтан  назарбаев  қазақстандық 
патриотизмді дамыту мен мемлекеттік тілді өркендетуге ерек-
ше назар аударғаны белгілі. Себебі, ұлттық тіл отансүйгіштікке 
тәрбиелеудің бірден-бір қайнар көзі, халықтың рухани әлемінің 
кілті. қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта 
оралуының өзінде үлкен тарихи мән мен мазмұн жатса керек. 

12
Бұл  ең  алдымен  ел  тәуелсіздігін  баянды  етіп  қана  қоймай, 
оны тілдік тұрғыдан жаңа сапалық деңгейге көтермек. Оның 
үстіне латын қарпі коммуникациялық кеңістікке басымдыққа 
ие.  Сондықтан  да  көптеген  елдер,  соның  ішінде  түркі  тілдес 
елдердің  латын  қарпіне  көшуі  кездейсоқтық  емес.  Бізде  оны 
қабылдауға  ниет  білдіріп  және  дайындық  жұмыстарына  бел 
шеше  кірісуіміз  уақыт  талабынан  туындап  отырған  мәселе. 
Латын қарпі бізге әуелден-ақ таныс. Міне, осы мәселеге орай 
көрнекті  тіл  маманы  әрі  қазақ  тілінің  үлкен  жанашыры,  ах-
мет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының құрметті 
директоры,  академик  Әбдуәли  Туғанбайұлы  қайдармен  әңгі- 
мелескен едік.
– Латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілгелі де біраз болды. 
қазір бізде бұған көшудің қандай алғы шарттары бар?
–  Ешкім  оған  шарт  қойып  отырған  жоқ.  Шарт  дегенді  қалай 
түсінуге  болады?  Әрбір  мемлекеттің  өзінің  бір  ұлттық  «өзімнің 
жазуым» деген, игерген, өзінің тіліне сәйкес келетін жазуы болуы 
керек.  Қазір  жер  жүзіндегі  жазулардың  өзі  көп.  Солардың  ішінде 
латын жазуы – көнеден келе жатқан біздің түркі елі кейінгі уақытта 
қабылдаған  жазу.  Енді  оның  бір  ерекшелігі,  түркі  тілдері  бұл  – 
фонетикалық  дыбыстық  тіл.  Бұл  біздің  бір  ерекшелігіміз.  Ахмет 
Байтұрсынов қазақ тілінің ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша 
таңбалармен төтенше жазуды қабылдаған болатын. Оны біраз жыл-
дар пайдаландық. Сондықтан бүгінгі таңдағы кейбір шешендеріміз 
«ой, біздің араб жазуынан артық жазу жоқ» – дейді. Әрине, ол өз 
тұсында,  өз  кезінде  араб  жазуы  керемет  жазу  болды.  Оны  кейбір 
халықтар ғасырлар бойы пайдаланып келді, әлі де пайдалануда. Ал 
алпыс бес миллион халқы бар түрік елі кешегі Ататүрік заманында 
араб жазуын өзгертіп латынды қабылдады. Неге? Бұл біріншіден, 
араб  тілінің  ерекшеліктерімен  жазу  керек.  Яғни  түрік  тілдеріне 
сәйкес  келмейді.  Екіншіден,  кейбіреулер  осыны  бұзып  айтады. 
Ататүрік  «латын  жазуын  неге  қабылдады?»  –  дегенде  көзқарас 
әртүрлі. Олай емес. Ататүрік «Кеңес одағының төңірегінде отырған 
барша  түркі  халықтары  латынды  қабылдап  жатқанда,  біз  жалғыз 
ғана  түркі  елі  араб  жазуында  отырамыз  ба?  Яғни  түркі  әлемінен 
бөлініп  қалғымыз  келмейді.  Бізде  сол  ел  қатарлы  латын  жазуын 
қабылдап солармен бірге болуымыз керек», – деген пиғыл болды. 
Мінеки, осының арқасында латын жазуына 1928 жылы көшті. Қазір 

13
осы  күнге  дейін  сол  латын  жазуын  пайдаланып  келеді,  ешкімнен 
кем емес. Түркі халықтарының мәдениеті бұл біртұтас дүние. Осы 
ортақ қазынаны сақтап қалу үшін әрі бір-бірімен байланысты дамы-
ту үшін бір ортақ жазу қажет.
–  «Латын  әліпбиіне  көшсек  өткен  тарихымыздан  адасып 
қаламыз», – деп даурығып жүргендерге не дер едіңіз? 
– Бұл түсінбейтін адамдардың айтып отырған сөзі. Бүгінгі таңда 
әркім өзін алып қарасын. Оқып, оныншы сыныпты бітіріп, жоғары 
оқуды тәмәмдап, ғалым болып жүрмін ғой. Маған десең он аудар-
тып, жүз өзгертсең де мен өзім осы бүгінгі жазуымды ұмытпаймын 
да,  өле  өлгенше  сол  жазуды  оқып  кетемін.  Менің  қолымда  1938 
жылы  жарық  көрген,  латынша  жазылған  Сәбит  Мұқановтың 
«Жұмбақ жалау» деген романы бар. Мен соны сегізінші сыныпта 
оқып жүргенде күні-түні бір тәуліктің ішінде оқып шыққам. Мен 
оны сол уақытта қалай оқысам, қазір де солай оқимын. Мен онын-
шы  сыныпты  осы  латын  жазуында  бітірген  адаммын.  Сондықтан 
бүгінгі  жазуды  ешкім  ұмытпайды.  Және  кітап  боп  шыққан 
еңбектің  барлығы  сол  қалпында  сақталады.  Оны  ешкім  де  отқа 
жағып, жоғалтып жібермейді. Сондықтан, «ой, бой, біз әлгі рухани 
мәдениетімізден айырылып қаламыз» дегендері байбалам. Бұл мән-
жайды түсінбейтін халыққа «ойпырмай, шынында да зиян шегеді 
екенбіз-ау» – деген пікір тудыру үшін ғана айтылып отырған әңгіме.
Ал,  екінші  мәселе  біз  бүгінгі  кітаптардың  қажеттілерін  қазіргі 
жаңа замандық техникалардың көмегімен латын жазуына қиналмай-
ақ көшіреміз. Себебі, қазір мүмкіндіктер көп, көшіретін де, жаза-
тын  да,  басатын  да,  түптейтін  де,  көбейтетін  де  құрал-саймандар 
жеткілікті.
– Біз кезінде латын әліпбиін пайдаландық қой. қазір оны сол 
қалпында  ешқандай  өзгерістер  енгізбей-ақ  пайдалануға  бола 
ма? 
–  Жоқ.  Менің  бұл  жөнінде  өзімнің  жеке  пікірім  бар.  Оны  сол 
қалпында  пайдалануға  болмайды.  Өйткені  ол  кезде  де  пікірталас 
болды.  Мысалы,  «ғ»  –  деген  дыбысты  біз  қалай  жаздық.  Өзіңіз 
көз алдыңызға елестете аласыз ба, оны. Сол «ғ» – деген дыбыстың 
жазылуының  өзі  ешбір  жерде  жоқ.  Әншейін  ойлап  тапқан.  Енді 
оның жанында «г» – деген дыбыс бар. Бұл енді бүкіл латында бар 
да енді осыған қосымша қосып таңба жасап жазуға болады. Басқа 
бір  дыбысты  пайдаланбай-ақ,  осының  өзін  пайдалануға  болады. 
Сондықтан бүгінде қаріп таңдап алу мәселесі шешіліп жатыр. Енді 

14
әркім әртүрлі ұсыныстар айтуда. Оны мемлекеттік комиссия қарап 
сол ұсыныстардың ішінен ең бір дұрысын, икемдісін таңдап алады. 
Бірақ,  біздің  алдымызға  бұрыңғы  әліпбиді  қайталау  деген  мақсат 
қойылмайды.
– ал егер көше қалсақ, алғашқы кездері қандай қиындықтар 
туындауы мүмкін?
– Жазу ауыстыру деген оңай шаруа емес. Мысалы, басымыздан та-
лай қиындықтарды кешіріп келе жатырмыз ғой. Сол қиындықтардың 
ең  бір  мықтысы  демесек  те  біраз  қиындықтар  болады.  Бірақ,  біз 
ол қиындықтарды біле отырып бұл істі бастамақшымыз. Біреулер 
айтады «ой, қаржы жетпейді, жаңадан тұмысымыз жақсарып келе 
жатқанда  ақша  соған  кетеді»  –  дейді.  Үкімет  тіл  мәселесіне  бай-
ланысты  пәленбай  миллиондаған  ақшаны  бөліп  қойып  отыр.  Бұл 
ақша оған жетеді.
Енді  бірінші  кезекте  жас  балаларды  бірінші  сыныптан  ба-
стап  оқыту,  балабақшадан  бастап  тәрбиелеу,  оқулық  шығару, 
кітап шығару міне осының бәрі есептеледі. Біздің жасап отырған 
бағдарламамызда үлкен бір пункті осыған қажетті қаржыны есептеп 
шығару. Ол қаржы үкімет тарапынан есептеліп жатыр. Оған біздің 
басымыз ауырмауы керек. Ал енді басқа қиындық ол – халықтың 
үйренуі. Біз қолданып жүрген ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі 
жазулардың  бәрі  латын  жазуы.  Осы  латын  жазуын  игеріп,  қазір 
барлық  мектептерде  шет  тілі  пәндері  латын  қарпімен  оқытылып 
келеді.  Латын  жазуымен  бүгінгі  кириллицаның  арасында  он  сегіз 
дыбыс  ұқсас.  Жазуымыздың  жартысының  әріптері  ұқсас.  Таңдап 
алғанда  кездесетін  бұл  бір  қиындық.  Мысалы,  сауатсыз  адам-
ды  оқытумен  сауаты  бар  дыңдай  жігіттерді,  бәрінің  беті  батысқа 
қарап ағылшынша үйренгісі келетін бүгінгі заманның талабына сай 
адамдарды үйрету әлде қайда жеңіл. Оны үйреніп шығу, мәселен, 
пәленбай жылдарға созылмайды. Бірақ бір сәтте өзгерте қоюға бол-
майды. Ол үшін өзімізден бұрын латын қарпіне өткен әзірбайжан, 
өзбек  сияқты  халықтардың  тәжірибесін  пайдалануымыз  керек. 
Әзірбайжанда он бес жыл он сыныпты бітіргенше күтті. Сонан кейін 
сонымен қатар кириллица мен латын жазуын қабаттастырып екеуін 
беріп  отырды.  Елдің  көзі  үйренеді,  жаттығады,  жазып  үйренеді, 
оқып үйренеді. Мінеки, бір күнде болмайтын себебі сол. Сондықтан 
бір он, он бес жыл уақыт керек. Кейбіреулер «үш жылдың ішінде 
өтіп болу керек» – дейді. Ол кішкене асығыс болады. Өйткені онда 
«қап, үйрене алмай қалдым» – дейтіндер болуы мүмкін. Ал, он бес 
жыл деген бір өмір.

15
– Жалпы бұл ана тіліміздің өрісін ашып, оның өркендеп да-
муына игі әсерін тигізе ме?
–  Айтып  отырмын  ғой,  біздің  тіліміз  фонетикалық  дыбыс  тілі. 
Баяғы заманда «осы сендерге жазу болады» – деді де кириллицаны 
ешкіммен ақылдаспай-ақ, зорлықпен қолданысқа енгізіп жіберді ғой. 
«Ой, бұларың қалай?» – деп қарсы сөз айта алмайтын тоталитарлық 
заман ғой ол. Қазіргідей ақылдасып, «мынау не болады?» – деп ел-
мен кеңескен жоқ. «Алдыдағы осы сендердің жазуларың, ал өздерің 
түзеп,  өзгертетін  жерлерін  өзгертіп  пайдалана  беріңдер»  –  деді. 
Содан  кейін  әрбір  тіл  өзінің  ерекшеліктеріне  сай  жаңағы  қаріп 
таңбаларына өздерінің қосымша таңбаларын қосып пайдалана ба-
стады. Мысалы, «қ» – деген дыбысты алу үшін бұл түркі тілінде 
негізгі дыбыстың бірі ғой, осыған біреу құйрық жасады, біреу кекіл 
жасады,  біреу  сабағын  ұзартты,  қысқасы,  осының  бес-алты  түрін 
жасады.  Сөйтіп  ұлттардың  жақындасуына  емес  қайта  бір-бірінен 
алыстауына жағдай жасады.
– қазір тіліміздің айтылуында, жазылуында әлі де болса кемші- 
ліктер  аз  емес  екені  белгілі.  ал,  латын  қарпіне  көшсек  орын 
алып отырған осы олқылықтар жойыла ма?
–  Ал,  енді  мысалы,  «ми»  –  деген  сөздегі  «и»  –  дыбысын  біз 
жіңішке  деп  түсіндіріп  жүрміз  «и»  –  деп.  «Кій»  –  деген  сөзді  біз 
«к, і, й», – деп жазамыз ғой. Ал енді «ми» – деген сөзді жазсаң «м, 
и» сонда ол «мы» болып оқыла ма, жоқ әлде «ми» болып оқылуы 
керек пе? Ал, есі дұрыс қазақ «мы» – демейді «ми» дейді. Мыса-
лы, осы сөздер сегіз-тоғыз дауысты дыбыстармен кездеседі. Талдап 
қарасаңыз түбірі орысша айтылып, ал енді табиғаты сөздеріміздің 
қазақша.  Сондықтан  біздің  дыбыстық  жүйемізге  бұл  жазу  үлкен 
зиян келтіріп отыр. Кешегі өткен ағаларымыз талай айтыс-тарты-
стар өткізді ғой, осыған байланысты, бірақ оны шеше алған жоқ. 
Қабылдау,  үйрену  деген  дәстүр  бар,  үйреніп  кеттік.  Осы  жазудан 
артық  жазу  жоқ  сияқты.  Ал,  енді  шындап  қарасаңыз  «у»  деген 
сөзде қанша дыбыс бар? Мұнда «яд» деген мағынада айтылып тұр. 
Әрине,  бір  дыбыс.  Бір  әріппен  жазасыз.  Ал  енді  осы  дұрыс  па? 
Менімше бұл дұрыс емес. Егер біз латынға көшсек оны екі әріппен 
жазамыз. Дыбыстық жүйені сақтауымыз керек. Енді жазу емлесі әлі 
талай-талай талқылауға түседі. Емле мен әріптің арасында табиғи 
бір  психологиялық  байланыс  болу  керек.  Халықтың  өзінің  айтуы 
мен  оқылуының  арасында  бір-бірімен  сәйкестік  болуы  керек.  Ал 
енді қазіргі жазудың оқылуы мен жазылуының арасында бір-біріне 

16
сәйкестік сақтала бермейді. Сондықтан да тіліміздегі дыбыстардың 
жазылуын салыстыра қарағанда қазір көп кемшіліктер бар. Ал, ла-
тында мұндай кемшіліктер болмайды.
– Әлемдік ақпарат алмасу жүйесі де латын қарпіне негіздел- 
гендіктен бұның пайдасынан басқа зияны жоқ қой. Солай ма? 
Сіздің  көзқарасыңыз қандай? 
– Ал, енді технология жағын алатын болсақ, ол қазір жер жүзінде 
алдыңғы қатарда бірінші тұрған жазу. Егер біз елу елмен бәсекелесіп, 
ертеңгі күні «жазуыңыз қалай?» – дейтін болса «бізде де жазу ла-
тынша» – деп айтуға мүмкіншілігіміз бар. Ол жағынан кемшілігіміз 
жоқ. Ал, «біз танымайтын жазу» – деп елу ел бізді оқи алмай жүрсе, 
оларда не болып жатқанын біз біле алмай жүрсек ол да кемшілік. 
Сондықтан бұл да біздің ел қатарлы артта қалмауымыздың бір жолы 
ғой. Осы латын қарпі мен жазу технологиясын дамыту, одан кейін 
біздің тілімізге сәйкестігін ескеріп, осыны қабылдауымыз керек деп 
ойлаймын.
–  Дәл  қазіргі  кез  елімізде  латын  қарпін  енгізуге  қолайлы 
сәт пе?
– Президент бүгін көш деп отырған жоқ қой. Көшуге дайындық 
жасалып  жатыр.  Жарты  жыл  ма  екен  сондай  уақыт  берілді.  Осы 
жұмысқа  тікелей  қатысы  бар  компьютермен  жұмыс  істейтін 
мыңдаған  мамандар  бар.  Қазір  таңдап  алған  латын  қаріптерінің 
отыздан астам жобасы жарияланып отыр. Қазаққа қатысты дыбысты 
дәл беретін латын таңбаларын таңдап алып отыр. Осы шаруалардың 
бәрі бекер істеліп жатқан жоқ, ойлап отыр. Қалай осыны компью-
терге дұрыс жазу керек. Әрине, ол бір күнде шешілмейді, біртіндеп 
шешілетін мәселе. Сондықтан  уақытымыз бар ғой  деп  ойлаймыз. 
Мысалы,  Өзбекстан  он  бес  жылдан  кейін  жаппай  көше  баста-
ды.  Онда  іс-қағаздардың  барлығы  дерлік  латын  жазуына  көшті. 
Әзірбайжан  көшіп  болды.  Түркіменстан  әуел  бастан-ақ  өзгертіп 
алған. Ал, біз көшсек қырғыздар да көшуге дайын.
–  Енді  латын  қарпіне  көшудің  алдында  оған  қажетті  оқу 
құралдары әзірленуі керек қой. Ол қолға алынды ма?
–  Әрине,  барлығы  есептеліп  жатыр.  Қазір  бүкіл  осы  рухани 
өмірге қатысты барлық министрліктер тапсырма алып отыр. Мыса-
лы, Каржова қазір қанша ақша керек екенін есептеп отыр.
Бірінші  кезекте  ең  алдымен  оқу  құралдарын  шығару.  Әрине, 
әліппеден  басталатыны  белгілі.  Содан  кейін  әліппеден  қиындау 
оқулық. Мыңдаған мұғалімдеріміз, осы саланың өз мамандары және 

17
авторларымыз бұл іспен шындап айналысуда. Босқа қарап отырған 
адам жоқ.
– Осыған байланысты кадр мәселесі қалай шешіліп жатыр?
–  Латын  әліпбиін  дұрыстап  түсіндіретін,  айтатын,  қолданатын 
адамдар шығады, ел болған соң. Арнайы курстар ашылады. Оған 
талапты жастар тартылады. Тәжірибелі мұғалімдерді жинап алып, 
солармен жұмыс істейміз. Бұған біздің елімізде қазір толық жағдай 
бар.  Сондықтан  да  қол  қусырып,  қаннен  қаперсіз  отырған  ешкім 
жоқ.  Біз  кеше  сауатсыз  кезімізде  де  латын  әліпбиін  енгіздік  қой. 
Ол кезбен қазіргі уақытты салыстыруға мүлде болмайды. Қазір біз 
өркениетті елміз.
– Жалпы латын әліпбиі қазақстанда бұған дейін де қолда- 
ныста  болғанын  мана  сөз  арасында  айтып  кеттік.  Сонда  ол 
қанша жыл өмір сүрді?
– 1929 жылдан 1939 жылға дейін. Егер осы бетімізбен кете бер-
сек, тіліміздің өзіндік ерекшеліктері сақталар еді. Мүмкіншіліктер 
де  мол  болар  еді.  Сол  кездегі  Жоғарғы  кеңестің  жарлығымен  тек 
әліпбиі ғана өзгерген жоқ, содан кейін де тілге байланысты талай 
қаулылар болды ғой. Оның бәрін ел біле бермейді. Мысалы, орыс 
тілінен кеңестік дәуірдің өзіндік терминдері еніп жатты. Осылардың 
барлығы орыс тілінде қалай жазылып, қалай айтылса, қазақ тілінде 
де  солай  жазылып,  солай  айтылды.  Өйткені  бұл  жөнінде  арнайы 
қаулы болды. Біз тіліміз келмесе де бұрап келтіріп, орыс сөздерін 
айтып,  солай  жазып  үйрендік.  Қазіргі  таластың  біреуі  сол.  «Ой, 
мынаған үйреніп қалып едік. Мына жазуымыз жақсы». «Пролетари-
ат», «пр» – деген сөз қазақтың бірде-бір сөзінде жоқ. Енді осындай 
сөздерді жазып үйрендік қой. Енді бұны кімге айтасың?
– Тоқ етерін айтқанда латын қарпіне көшу бұл уақыт талабы 
ғой. Сіз мұнымен келісесіз бе?
– Әрине, келісемін. Бұл бізге өте қажет. Мен бұны осыдан он бес 
жыл бұрын айтқам. Өйткені оны айтуға бір себеп болды. Жұртта 
қалмайық, біз де түркі халықтарымен бірге болайық. Жүз жылдық 
жазу тарихы бар Түркия елі осыған мұрындық болып «сол латын 
жазуына  қайтадан  көшіңдер»  –  деген  мәселені  көтеріп  отырған 
елдің бірі. Түріктер пәлен мыңдаған ақшасын шығарып, бүкіл жер 
жүзіндегі түркі халықтарының өкілдерін жинап, Анкара қаласында 
1991  жылы  үлкен  конференция  өткізді.  Сол  конференцияға 
Қазақстанның  қазіргі  Тіл  комитетінің  төрағасы  шәкіртім  Ер-
ден  Қажыбек  және  Сайлаубек  Батырша  үшеуміз  барып,  қатысып, 

18
қазақ  тілінің  ерекшеліктерін  ескере  келе,  «латын  қарпінің  отыз 
төрт  таңбасы  жеткілікті»  –  деп  қаулыға  қол  қойдық.  Содан  кейін 
екі жылдан кейін бе екен, 1994 жылы Анталья қаласында жер жүзі 
түріктерінің  ІІ  Құрылтайы  болды.  Ол  «Іс  бірлігі,  дін  бірлігі,  тіл 
бірлігі» – деген ұранмен өтті. Оған Қазақстаннан елу адам бардық. 
Ондай  делегация  бұрын-соңды  барып  көрген  жоқ.  Сол  басқосуда 
әр  елден  келген  делегация  басшысы  қызған  темірді  төстің  үстіне 
қойып  балғамен  ұрып  тұрып,  «Біз  түркі  халқы  латын  жазуына 
көшеміз» – деп ант беріп, қаулы қабылдаған болатын. Бұл түрікше 
серттесудің белгісі екен. Жиналған жұрт алып залға сыймай кетті. 
Тұрғұт  Өзал,  Сүлеймен  Демирел  бастаған  Түркия  елінің  барлық 
басшылары қатысты. Ал, енді сондай қаулыдан кейін Қазақстанның 
бөлініп қалуына болмайды ғой.
Жазу  –  мәдениеттің  бір  түрі.  Мына  кириллица  бәрімен  ұқсас 
болғанымен  біз  бір-бірімізді  оқи  алмай  қалдық  қой.  Жаңағы 
дыбыстардың  бәрі  өзгеріп  кетті.  Ерекше  дыбыстарымыздың  бәрі 
бөлек-бөлек айтылатын болды. Ал, енді жазуымыз ортақ болмаса, 
онда біз тілдік байланысымызды жоғалтып аламыз. Мағжан не деп 
еді, «түркі халқы өзінің еншісін алып, бөлініп жан-жаққа тарап кет-
кенде, қара шаңырақты күтіп қалған қазақтар болатын». Біз Тұран 
өлкесінде тұрған елміз. Сондықтан біз түркі халықтарының негізін 
қалағанбыз және оны сақтап қалғандардың біріміз.
СМағұЛ ЕЛУБай,
жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
ұлттың рухын көтерген фильмдер аз
Әдебиетте де, кинодраматургияда да өзіндік қолтаңбасымен 
танылған  қаламгер.  Оның  ойы  мен  ұшқыр  қиялынан 
туындаған  «ақ  боз  үй»,  «Мінәжат»  және  «Жалған  дүние»  өз 
оқырмандарын тапқан, халықтың көңілінен шыққан кесек те 
тартымды  романдар екені барша кітапқұмар қауымға белгілі. 
Смағұлдың басқа шығармаларын  былай қойғанда осы роман-
трилогиясынан-ақ  оның  азаматтық  позициясын,  қазақтың 
өткен өміріне деген өзіндік көзқарасын көруге болады.
Міне,  осылай  қос  тізгінді  тең  ұстаған  Смағұл  Елубай  бүгінде 
«Қазақфильмнің» бас редакторы. Біз оған жолығып қазақ киносының 

19
бүгіні, келешегі және орын алып отырған мәселелер төңірегінде ой 
өрбіткен едік.
– Әңгімені қазақ кинодраматургиясының бүгінгі жай-күйі- 
нен бастағанымыз жөн болар. Себебі, кез келген фильмнің ол 
мейлі көркем, деректі немесе мультфильм болсын оның негізі 
сценарийден  бастау  алатыны  белгілі.  Демек  тартымды  да, 
тұщымды, оқиғасы ширақ сапалы жазылған дүниеден көрермен 
көңіліне қонақтайтын кинотуынды туатынын екінің бірі біледі. 
Осы тұрғыдан алғанда еліміздің кинодраматургиясының биігі 
мен жетістігі қандай дәрежеде?
– Көптеген кинодан алыс көрермендер, әрине, бәрі бірдей емес 
киноның негізінің не екенін онша көп біле бермейді. Ал киноның 
шынын  айтқанда  толық  концепсиясы,  сюжеті,  кейіпкерлері, 
олардың  сөйлейтін  диалогтары,  фильмнің  философиясы  киноға 
түспей тұрып бәрі қағаз бетіне түседі. Оны қағаз бетіне түсіретін 
көркем шығарма ретінде, киноповесть ретінде жазып шығатын жа-
зушыларды сценарийстер немесе кинодраматургтер дейміз. Олар-
ды  бұрын  Мәскеу  дайындайтын.  Мен  сол  Мәскеудің  екі  жылдық 
жоғары  кинодраматургия  курсын  бітірдім.  Енді  қазір  өзіміздің 
Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясы дайындай бастады. 
Бізде  ұлттық  өнерде  бір  үлкен  тапшылық  болса  ол  мамандардың 
тапшылығы. Сол мамандардың тапшылығынан өнердің осы саласы 
кейде ақсап жатады. Сөз жоқ, қазақ кинодраматургтері және онда 
істейтін мамандар онша көп емес. Тіптен оқып, диплом алғаннан 
кейін де сол кинодраматург ретінде қалыптаса алмай, оны тастап 
өзге жұмыстың шылауында кеткен азаматтар өте көп.
Ал  қазір  осы  салада  оны  тастамай  еңбек  етіп  жүрген 
кинодраматургтерді алатын болсақ, ол үлкен жазушы ағамыз – Әкім 
Тарази. Бір қолымен прозасын жазса, екінші қолымен кинодрама-
тургияны тастамай, оған да қалам тартып келе жатыр. Содан кейін 
жас  кинодраматургтердің  ішінен  мен  Ермек  Тұрсыновты  айтар 
едім. Қазір ол мықты-мықты сценарийлердің авторы. «Бейбарыс» 
деген  сценарий  жазып  жатыр.  Ол  «Қазақфильмде»  емес,  тәуелсіз 
Шымкент  киностудиясында  қолға  алынып,  сонда  түсірілуде. 
Бұдан  басқа  Ермектің  бір-екі  сценарийі  бізде  өндірісте.  Оның 
сценарийімен  түсірілген  «Құрақ  көрпе»  деген  бір  фильмі  экранға 
жолдама алды. Мінеки, осындай жақсы сценарий келсе, ол жақсы 
фильмдердің  өмірге  келуінің  ең  басты  кепілі.  Сосын,  Зәуреш 
Ерғалиеваны  атауға  болады.  Ол  әйгілі  көп  сериялы  «Жол  айрық» 

20
телефильмінің авторларының бірі. Зәуреш те қазір бірнеше көркем 
фильм  сценарийлерінің  авторы.  Және  мен  де  осы  бағытта  азды-
көпті шаруа істеп жатырмын.
Қазір бізге осы кинодраматургияға жастар көптеп келіп жатыр. 
Яғни, шын мәніндегі кәсіби кинодраматургтер қалыптаспай, кәсіби 
фильмдер де қалыптаспауы мүмкін. Кино өнері дейтін өңшең кәсіби 
мамандардың бас қосуынан тұратын синтетиклық өнер. Ең алды-
мен мықты кәсіби кинодраматургтер болса, сонда ғана мықты сце-
нарийлер өмірге келеді. Ал одан арғы оның тағдыры режиссердің 
қолында.
–  «қазақфильм»  киностудиясының  бас  редактор  ретінде 
жаңадан жазылған киносценарийлер ең алдымен Сіздің қолы- 
ңызға келіп түсетіні белгілі. Солардың арасында бүгінде өнді- 
ріске жіберілген қандай фильмдер бар?
–  Дәл  қазір  түсіріліп  жатқан  фильмдерді  алатын  болсақ,  олар 
көп.  Мысалы,  түсіріліп  болып,  енді  экранға  шығуға  дайында-
лып жатқан көркем фильмдерді атап айтсақ, солардың біреуі сегіз 
сериялық «Періште бала» атты фильм. Осы жуық арада «Қазақстан» 
телеарнасы  арқылы  қазақ  көрермендеріне  жол  тартуы  ықтимал. 
Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Бұл «Қазақфильмнің» өз күшімен 
дайындалған  тұңғыш  ұлттық  сериал.  Балаларға  арналған  және 
кейіпкерлері  де  балалар.  Солардың  көзімен,  балалар  болғанда  да 
балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан, шешесі тастап кеткен Шыңғыс 
деген  баланың  көзімен  қазіргі  Қазақстан  және  Қазақстан  қоғамы, 
ауыл, қала, дала көрініс береді. Ол балалар үйінен қашып шығып, 
шешесін  іздеп  бүкіл  елді  аралап  шығады.  Авторлары  Нұрлан 
Сегізбаев,  ол  кезінде  «Менің  атым  Қожа»  фильмінде  Қожаның 
рөлін  ойнаған  бала  қазір  мықты  сценарийстеріміздің  бірі.  Содан 
кейін Зәуреш Ерғалиева. Ал режиссері Рымбек Әлпиев. Экранға жол 
тартуға дайын тұрған фильмнің тағы біреуі – «Құрақ көрпе». Бұл 
өздеріңізге белгілі Рүстем Әбдірашевтің екінші фильмі. Талантты 
жас режиссер. Бұл қазіргі ауыл туралы кинокомедия. Менің ойымша 
«Тақиялы періштеден» кейінгі халықтық комедия осы болады деп 
ойлаймын. Тек ұсақ-түйек жұмыстары қалып, әзір тұрған фильмнің 
біреуі – «Шымшық». Режиссері Абай Құлбаев. Бұл бүгінгі Алматы 
тірлігі туралы. Қаланың кедейлер ауданында тұратын бақытсыз бір 
жанұяда өмірге келген, әке-шешесі ажырасып кеткен он екі жасар 
қыз баланың тағдыры. «Қиын бала» деген термин бар ғой. Жаңағы 
қыз бала жан ұясы ойран боп жатқанда ол да мектептен алыстап жа-

21
ман жолға түседі. Төбе шашың тік тұратын оқиғаларға тап болады. 
Өте тартымды кәсіби деңгейде түсірілген фильм. Бұған бізде қуанып 
отырмыз. Ендігі бір дайын фильміміздің аты «Шұға». Бұл жалпы 
қазір кино әлеміне белгілі болған өзін-өзі дәлелдеген мықты киноре-
жиссерлер қатарында жүрген Өміржан Дәрібаевтың жаңа фильмі. Ол 
«Анна Каренина» романындағы сюжетті алады да дәл қазіргі Аста-
на  мен  Алматыдағы  өмірге  аударады.  Сюжетті  қазақиландырады. 
Бүгінгі  қазақ  зиялыларының  өмірі  мен  махаббаты,  сырбаз  әйел 
сезімі,  адам  сезімі  туралы  бір  ғажайып  фильм  түсірді.  Көбінесе 
оқиға  Астанада  өтеді.  Әсіресе,  бұл  фестивальдық  фильмдердің 
қатарын толтыратын туынды болады деп ойлаймыз. Осыдан кейін 
көп ұзамай, дайын болғалы тұрған фильм Серік Өтепбергеновтың 
«Волкодав» оқиғалы фильмі. Бұл кәдімгі мына қылмыс әлемі, ма-
фиялар туралы. Олардың бүгінгі Қазақстан өміріндегі жасап жатқан 
тірліктері  жайлы  баяндайды.  Бұны  мафиялар  жөнінде  түсірілген 
фильмдерге пародия деуге де болады. Өзінше ерекше қызық жанр. 
Сондай-ақ,  классикалық  шығармаларға  да  көңіл  аударып  жатыр-
мыз. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні» және осы 
сияқты  бірнеше  шығармаларының  негізінде  жазылған  Анатолий 
Кимнің сценарийі бойынша түсіріліп, дайын болатын фильмдер са-
натында. Оның режиссері Рымбек Әлпиев. Шыңғыс Айтматовтың 
«Қош,  Гүлсары»  шығармасына  жаңа  көзқараспен  келген  Ардақ 
Әмірқұлов  өзінің  шәкірті  Ерлан  Нұрмағамбетовпен  бірігіп  осы 
фильмді түсіру үстінде. Бұлардан басқа көптен бері өндірісте жатқан 
екі  үлкен  фильм  бар.  Оның  бірі  «Мұстафа  Шоқай».  Фильмнің 
аяқталуы қаржының жетіспеуіне байланысты созылыңқырап кетті. 
Бүгінде қазақ кинорежиссурасының ақсақалына айналған Сатыбал-
ды Нарымбетовтың осы үлкен жобаны қолға алып, түсіріп жатқаны 
белгілі. Сценарийін  жазғандар Әкім Тарази, Ермек Тұрсынов және 
Мәскеулік кинодраматург Сергей Бодров. Ұлтымыздың белгілі бір 
аяулы тұлғасы Мұстафа Шоқай туралы тарихи драма. Бұл фильм 
осы жылдың аяғында дайын болады. Жұрттың көптен күтіп жүрген 
тағы  бір  тарихи  фильмі  –  «Махамбет».  Оның  сценарийін  жазған 
Олжас Сүлейменов. Қоюшы режиссер Сламбек Тәуекелов. Ол «Ба-
тыр Баян» және теледидарға арнап «Бір бала» деген керемет фильм 
түсірді. Сламбек осындай тартымды туындыларымен танымал. Бұл 
фильм «Қазақфильмнің» аясында емес «Матек» деген тәуелсіз сту-
дияда түсірілді. Оны қаржыландырған демеушілер.

22

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал