Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет19/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

ГҮЛЖан ТұТқыБаЕва,
Қазақстанның халық әртісі
қазақ балетінің болашағы: бүгін және ертең...
қазақ балет өнеріндегі танымал тұлғалардың бірі – қазақ- 
станның халық әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, 
абай атындағы академиялық Опера және балет театрының ба-
лет  труппасының  көркемдік  жетекшісі  әрі  қоюшы  режиссері, 
әлемдік деңгейдегі прима-балерина Гүлжан Тұтқыбаева қазақ 
балет өнерінің аса маңызды мәселелері жөнінде өз көзқарасын 
бізбен бөліскен еді.
–  Қазір  елімізде  балет  өнері  тоқырау  кезеңін  бастан  кешіп 
жатқан сияқты ма, қалай? Жаңа қойылымдар көптен бері бол-
май кетті ғой.
– Өзіңіз ойланып көріңізші? Бір форманы екінші жаңа формаға 
ауыстырғанда оның түрі де, мәні де, мазмұны да өзгеріп кетеді ғой. 
Сол  сияқты  қазір  талғам  өзгерді,  өнерге  деген  көзқарас  та  мүлде 
басқа.  Не  жазып,  не  қойып  жатырсың,  ешкімнің  шаруасы  жоқ. 
Біз  көбірек  Кеңес  тәрбиесін  алғандықтан  шығарманың  сапалық 
деңгейіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақша үшін емес, өнер үшін жазған 
туындыларды  қоюға  дағдыланған  бізге  бірден  әсіреқызыл  дүние 
жасау ерсі тәрізді көрініп, не істерімізді білмей, аңырап қалғанымыз 
рас.  Себебі,  біз  көбіне  –  көп  нұсқаумен,  айтумен  жұмыс  істеп 

192
үйрендік емес пе? Оның үстіне балет сияқты күрделі жанрға жаза-
тын композиторлардың шығармаларына деген сұраныс та азайды.
Үйлерінде  бала-шаға  бар,  оларға  нан  керек.  Осыны  ойлаған 
олар содан кейін амалдың жоғынан әзірге өтімді болып тұрған ән 
жазуға көшті. Мен өзім жаңа балеттің көптен жазылмай жатқаны 
міне, осыдан деп ойлаймын. Өзім көптеген балеттер қойдым. Сирек 
қойсам да балеттерім осы өнерді сүйетін жандарға белгілі. Мәселен, 
70  жылдардың  соңында  жазылған  Алмас  Серкебаевтың  «Ақсақ 
құлан»,  Олжас  Сүлейменовтың  «Құм  кітабы»  негізінде  қойылған 
Тимур Мыңбаевтың «Фреска» сынды балеттері бар. бұған атақты 
балетмейстер Зәуірбек Райбаевтың сахналаған балеттерін қосыңыз. 
Жалпы қазақ балетінің тарихы өткен ғасырдың отызыншы жылда-
рынан  басталады.  Соғыстан  кейін  қазақ  балетінің  дәуірлеу  кезеңі 
басталды. Тұңғыш қазақ балетмейстері, Қазақстанның халық әртісі 
Дәурен Әбіров осы жылдары жемісті еңбек етті. Олардың ізін басқан 
біздер ағалар қалдырған қолтаңбаны қастерлеп келеміз. Қазақ балет 
өнерінің  классикалық  туындыларына  айналған  қойылымдар  күні 
бүгінге дейін театр репертуарынан түспей қойылып жүр.
Ал қазір көп композиторлар үшін ән жазу ең оңай ортақ тәсілге 
айналып кетті. Әрі көп қиналып, тер төгіп жатпайсың, көп уақыт та 
кетпейді, әнің жақсы шықса, әншілер де қол-аяғын жерге тигізбей, 
қағып әкетеді. Мұның бір жаманы, бүгінде ән  шығаратын шала са-
уатты «композиторсымақтар» көбейіп кетті. Балет жазбақ тұрмақ, 
әннің әуенін қағазға түсіре алмайтын, домбырамен «ыңылдап» ай-
тып беріп, ақшасын төлеп, әнін шығарып жүргендерге қарап «ком-
позитор» деген қасиетті ұғымның қадірінің кеткені ме деп өкінемін.
– Шикілі-пісілі, жеңіл-желпі, жылт етпе дүниелермен жұрт- 
тың көңілін ұзақ аулай алмайсың ғой. Әлем-жәлем көріністен, 
даңғыр-дұңғыр  музыкадан  жалыққан  жұрт  күндердің  күнінде 
одан жеріп, теріс айналуы әбден мүмкін емес пе?
–  Әрине,  салмақты,  мағынасы  терең,  мазмұны  бай  күрделі 
классикалық музыканың дәуірлеу кезеңі де, құлдилау кезеңі де та-
рихта болып тұрған. Ал өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап 
классикалық жанрдың өрісі тарыла бастағаны белгілі. Бүгінде бұл 
құбылыс бүкіл әлемде байқалып отыр.
Қазір рок, поп сынды әр түрлі ағымдағы музыка дүниежүзінің 
сахнасын, теледидары мен радиосын жаулап алды. Миллиондаған 
данамен  дүниенің  төрткүл  бұрышында  сатылып  жатқан  компакт-
дискі мен бейнеклиптер солардың еншісіне тиеді. Батыстың, міне, 

193
осы мәдени «тасқыны» бізді басып қалды. Бұл «топанды» тоқтату 
үшін ұлттық музыкалық идеологиямызды жасауымыз қажет.
Күрделі жанрдың беделін көтеретін композиторлар бізде, әрине, 
аз  емес.  Еркеғали  Рахмадиев,  Мыңжасар  Маңғытаев,  Төлеген 
Мұхамеджанов, Серік Еркімбеков, Бейбіт Дәлденбаев, Алмас Сер-
кебаев, Тимур Мыңбаев және басқалар ірі-ірі күрделі шығармалар 
тудыратын, тәжірибелі де дарынды, өнердегі ірі де кесек тұлғалар. 
Бірақ  қазір  мемлекет  тарапынан  операға,  балетке,  симфониялық 
шығармаларға онша сұраныс болмай отыр. Мұндай күрделі туын-
дыларды қаржыландырмайынша, оны сахнаға шығару, оркестрмен 
ойнату екенің бірінің қолынан келе бермейді. «Жомарттың қолын 
жоқтық байлайды» деген, міне осы.
Бірақ  композиторларымыз  қол  қусырып  қарап  отыр  дегеннен 
аулақпын. Мәселен, Қуат Шілдебаев «Тамыр» деген модерн балет 
жазды. Францияда көрсетілді. Оны Болат Аюханов қойды. Ал қазір 
«Алтын адам» дәуіріне саяхат жасау мақсатында архаизмнен сыр тар-
татын шартты атаумен жаңа балет жазып жатыр. Ол тоқсан пайызға 
дайын болып қалыпты. Құдай қаласа, көрермендер көп ұзамай көріп 
қалуы мүмкін. Бұны белгілі балетмейстер В.Гончаровтың бастама-
сымен  қолға  алып  отыр.  Либреттосын  ақын  Дүйсенбек  Нақыпов 
жазыпты.  Модерн  балет  стилінде  жазылған  балетке  классикалық 
балеттің де жетістіктерін және бүгінгі замандық еркін балет өнерін 
де молынан пайдаланып жатқанын айтады. Әрине, ол «Аққу көлі» 
сияқты  классикалық  балеттен  мүлде  бөлек  екені  белгілі.  Мұнда 
толқыған дала, азынаған жел, солармен астасып жеткен халық мұңы, 
тыныс-тіршілігі бәрі-бәрі қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары; 
жетіген, қыл қобыз, шаңқобыз, дауылпаз, сыбызғы, дабыл, домбы-
ра  үндерімен  беріледі  дейді  Қуат.  Сондай-ақ,  мұнда  ежелгі  заман 
мақамдары бүгінгі уқыт музыкасымен де үндестік тапқан көрінеді. 
Жалпы Қуаттың балеттерінің бәрі бір актілі, 45–50 минуттан аспай-
ды. Бұл, әрине, көрерменді жалықтырмайды. Міне, осындай «бүгінгі 
талғамға  сай  келеді-ау»  деген  азды-көпті  дайын  дүниелер  де  бар. 
оның бәрі де қаржыға тіреліп тұр. Әзірге балетке мемлекеттік тап-
сырыс жоқ. Театр тапсырыс бермейді, оған қаржысы тапшы. Қолдау 
көрсететін  меценаттық,  демеушілік  жағы  елімізде  дамымай  отыр. 
Оның үстіне батыстың поп музыкасы басып алып, еңсені көтертпей 
тастады.
– Сонда балет жанрының келешегі бұлыңғыр болғаны ма, әлде 
бізге оның қажеті жоқ па?

194
– Балет – қазақ топырағына қондырма өнер. Солай болса да, ол 
бізге қажет. Өйткені біз өркениетті, зайырлы елміз. Операның да, 
балеттің де бізге ешбір жаттығы жоқ. Өзіміздің төл өнеріміздей бо-
лып  кетті.  Мәселен,  Ғазиза  Жұбанованың  «Ақ  құс  туралы  аңыз», 
«Хиросима  дабылы»,  Төлеген  Мұхамеджановтың  «Самұрық», 
сондай-ақ  Тілес  Қажығалиевтің,  Бейбіт  Дәлденбаевтың  балеттері 
бұл саладағы жетістіктеріміз емес пе?...
Балет өнердің бір жанры ретінде өмір сүреді. Оған күмән жоқ. 
Бірақ қандай формада болады, қандай өзгерістерге ұшырайды, оны 
келешек  көрсетеді.  Қазір  дүниежүзінде  бұл  өнердің  алуан  түрлі 
формалары өмірге келіп жатыр. Бұл – әрине, заңдылық.
– Балет жоғары сананы, түсінікті, сезінуді, мәдениеттілікті 
талап ететін өнер. Сонда біздің оны қабылдау деңгейіміз төмен 
бе, неге оған көрермендер аз келеді?
– Бұл сұраққа бір жақты жауап беру өте қиын. Бүгінгі көрермендер 
–  жастар.  Олар  тарихқа  қызықпайды.  Мәдениет  бірінші  кезек-
те  өркениеттің  адам  санасындағы  тамаша  ескерткіштері  болып 
табылады.  Себебі,  ол  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан 
адам  түйсігінің  айнасы  іспетті.  Мәдениетке  және  өнерге  де-
ген  мемлекеттік  көзқарасты  ешқандай  экономикалық  объективті 
қиындықтармен ақтап алуға болмайды. Қазақтың ұлттық өнерін еш 
жерден  сатып  ала  алмайсың.  Ол  машиналар,  технологиялар  және 
мамандар сияқты экспорттауға келмейді. Ол тек Қазақстанда ғана 
гүлдеп, өркендейді. Оны өткізіп немесе жоғалтып алсақ ешқандай 
ақшамен қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Ал біз сөз етіп отырған 
ұлттық балет мәдениетіміздің сөзсіз бір кірпіші болып табылады.
Бір  кездері  бұл  өнер  біртұтас  кеңес  елінің  өзіндік  «визиттік 
карточкасы» болатын. Басқа көркем өнерге қарағанда, балет өнері 
бізді  әлемдік  даңққа  бөледі.  Бұның  бәрі  әлемдік  балет  өнерінің 
ежелгі  озық  дәстүрлерін,  классикалық  биді  жете  меңгерген 
шеберлеріміздің  арқасында  қол  жеткен  жоғары  жетістік.  Сондай-
ақ,  балет  спектакльдеріндегі  симфонизм  принциптері  мен  образ 
жасаудағы жаңа тетіктер де аз рөл ойнаған жоқ. Міне, осы табыстар 
қазақ балетінің бүгінгі табан тірейтін платформасы болып табыла-
ды. Басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда біздің балет өнері 
қазір көш ілгері. Дегенмен, ауыз толтырып айтар ерекшелігіміз жоқ.
Балет мәңгілік өмір сүреді. Ол сөзсіз. Қазір заман талабына сай 
көрермендер  келетін,  қызықтайтын  хореографиялық  балет  қою 
қажет. Себебі, бұл балеттегі қазіргі әлемдік жаңа бағыт. Оны жасауға 

195
бізде мүмкіндіктер молынан жетеді. Классикалық балет өнері қазір 
дүниежүзінде  өте  баяу  дамуда.  Баяғы  ХХ  ғасырдың  басындағы 
қарқын қазір жоқ. Бірақ балет қажет сияқты. Сондықтан да батыс 
оның жаңа түрлерін ойлап тауып жатыр. Олар көбіне бүгінгі заман 
тақырыбына көп көңіл бөледі. Ол өте қызық әрі тартымды. Жаңа 
әдіс  тәсілдер  де  кеңінен  қолданылады.  Мұндай  қойылымдарға 
көрермендер  де  көп  жиналатыны  белгілі.  Бүгінде  бізде  де  жақсы 
нышан  байқалады.  Кейде  белгілі  әртістердің  балеттеріне  халық 
келетін болып жүр.
– Әңгімеңізден аңғарып отырмын. Балетке сюжет болатын 
елдің аңыз әңгімелері, ертегілері, батырлар жырлары болса керек. 
Қазақ бұдан кенде емес қой. Бірақ ұлттық балетіміз саусақпен 
санарлық. Мұның сыры неде?
– Қазақ балетіне негізі болып отырған ол ұлттық фольклор, қазақ 
халқына тән өзіндік би өнері. Бірақ бір  кездері қазақта би болмаған 
деген  көзқарас  орын  алды.  Қазір  ол  айтылғандардың  бәрі  жалған 
әрі күлкілі болып шықты. Тарихта сезімдерін би иірімдерімен бер-
меген,  ішкі  жан  дүниелерінің  құбылысын  би  өрнегімен  өрмеген 
бірде-бір  халық  жоқ.  Би  халық  шығармашылығына  қуатты  эмо-
ционалды  импульс  берді.  Би  өнері  гармония  мен  сұлулықтан 
тұрады. Қазақ биінің табиғатында халқымыздың тұрмыс-салтының 
барлық  көріністері  бар.  Оның  әрбір  қимылынан  поэтикалық  әуен 
сазы  еседі.  Би  қазақ  өмірімен  ғасырлар  бойы  біте  қайнасып  келе 
жатқаны ғылыми тұрғыдан дәлелденген факт. Кәсіби хореография 
өнері  қалыптаса  бастаған  шақта  қазақтың  дәстүрлі  би  өнерінің 
өзіне  тән  қасиеттері  ескерілмей  ұмыт  қалған.  Әрине,  қазақ  ән-
күйін жинаған А. Затаевичтей би әуендерін, қазақ биін жинайтын 
жанашырдың болмағаны өкінішті-ақ. Бұл алғашқы кездері ұлттық 
балет  өнеріміздің  қарқынды  дамуына  өзінің  кері  әсерін  тигізді. 
Оның үстіне кадр да жетіспеді. Балеттің дайын еуропалық үлгісін 
алған  бізге  ұлттық  кәсіби  балет  өнерін  қысқа  мерзімнің  ішінде 
жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік туды. 
Өзіңізге белгілі қазақ балетінің  алғашқы қарлығашы «Қалқаман 
–  Мамыр»  балеті.  Оның  либреттосын  атақты  жазушы  Мұхтар 
Әуезов жазды. Ал композиторы Василий Великанов, балетмейстрі 
Жуков, қоюшы – суретші Орал Таңсықбаев. Бұл балеттің сахналық 
өмірі  қысқа  болғанына  қарамастан  1938  жылдың  24  маусымы 
қазақ  балетінің  туған  күні  болып  саналады.  Содан  бері  жетпіс 
жылға  жуық  уақыт  өтті.  Әрине,  осы  мерзім  ішінде  қазақ  балеті 

196
түпкілікті өзгерістерге ұшырады. Уақыт та өзгерді, заман жаңарды. 
Талап пен талғам басқаша. Қазір бұл өнерге ден қойып, назар ау-
дарушылар  да  көп  емес.  Бірақ,  оған  көңіл  бөлмей,  өз  шаруасын 
жасап  жатқан  талантты  жас  композиторлар    бізде  жоқ  емес,  бар. 
Мәселен, ағайынды Серік пен Әліби Әбдінұровтар қазақтың аңыз-
әңгімелеріне сүйене отырып, жыл мезгілдерінің тарихи атауларына 
негізделінген философиялық «Жұлдыздар керуені» атты балет жа-
зып жатыр. Бұл туынды біз қайдан шықтық, ата-тегіміз кім, ұлттық 
құндылықтарымыз  не  деген  сұрақтарға  жауап  іздейді.  Авторлар 
ескі жәдігерлердің көмегімен, балет тілімен түп тарихымыздың би-
мен бейнеленген көрінісін жасамақшы...
– Сонда балетке бүгінгі өмірдің алуан түрлі қақтығыстары, 
жаңа өмір болмысы сюжет бола алмай ма?
–  Балет  өте  жоғары  интелектуалды  өнер.  Ол  адамнан  аса  зор 
қабілетті әрі шеберлікті талап етеді. Мұнда оқиға музыка, сюжет, 
би,  қимыл,  қозғалыс  арқылы  көрсетіледі.  Қазіргі  өмірде  де  балет 
шығармаларына желі, сюжет болатын тартымды оқиғалар, әрине, ел 
тірлігінде, ел ішінде бар. Бірақ, ізденіс аз. Негізінен тарихи дүниеге 
құрылған  балет  тартымды,  мазмұнды  көрінеді.  Көбіне  ертегіге 
негізделеді.  Ал  қазіргі  қоғамның  көрінісін  сөз  ететін  батыстық 
«Пәтер»  деген  балет  бар.  бұл  жаңа  заман  ағымына  батыстың 
көзқарасымен қарау. Оны олар балет жанрындағы жаңа бағыт деп 
түсіндіреді. Оған сақтықпен қарау керек. Бүгінгі кейбір лас, адамға 
жат  жағымсыз  көріністерді  сахнада  би  арқылы  көрсету  мүмкін 
емес. Жұрт оны түсінбеуі де мүмкін. Сондықтан да мұндай балетті 
сахналаудан сақ болғанымыз жөн. Жаңаша екен деп тұра шаппай, 
батысқа еліктеп, солардыкін көшіріп ала бермей.
Мені бір қуантатыны, жас композиторларда ұлттық балет жазуға 
деген талпыныс күшті. Сондықтан қазақ балетінің келешегі әлі алда 
деп  ойлаймын.  Жалпы,  ұлттық  хореографиялық  балеттер  қоюға 
бізде барлық жағдай бар, оны қою да керек. Себебі, балет – мәңгілік 
өнер. Ол классикалық дүние болғандықтан, қазір сәл тоқырауға түсіп 
отыр, бұл әсіресе, біздің елде осыдан бес-алты жыл бұрын ерекше 
байқалды. Ал батыста балет өзінің жаңару кезеңін бастан кешіп жа-
тыр. Онда көбінесе бүгінгі заман тақырыбына көп көңіл бөле бас- 
тады. Тартымды жаңа әдіс-тәсілдер де балет өнеріне көптеп енуде. 
Біздің өзімізде де талпыныс бар. Ұлттық айшықта жазылған қазіргі 
өмірімізге  құрылған  «Дала  тойы»  атты  кәсіби  талапқа  сай  туған 
жаңа  балет  қойылмай  қалды.  Оған  белгілі  объективтік  жағдайлар 

197
кедергі  болып  отыр.  Бірақ,  бұл  мәселе  ашық  күйінде  қалды.  Ал 
әзірге Мансұр Сағатовтың «Әлия» балетін жаңа замандық ұлттық 
балет деп айтуға болады. Ол Кеңес Одағының Батыры, шығыстың 
шынары  атанған  Әлия  Молдағұлованың  рухына  қойылған  балет-
ескерткіш. Оны сахналаған балетмейстер Жанат Байдаралин. Бұдан 
да басқа біраз шығармалар бар. Ауызды жоқ деп қу шөппен сүртуге 
болмайды. Бізге бар дүниемізді көрсетуге жарнама жетпей жатқан 
сияқты.
– Театрдың балет труппасының қазіргі жағдайы көңліңізден 
шыға ма? Жастар туралы не айтар едіңіз.
–  Бұрын  балет  өнерінің  өкілдері  сахнада  жиырма  жыл  би-
лесе  болды,  зейнеткерлікке  шығатын.  Қазір  ол  жойылды.  Осы 
жағын  түсіне  алмай  дал  болған  әртістеріміз  Ресейге  кетіп  жатыр. 
Мемлекеттің қаржысына дайындалған мамандардың жемісін өзіміз 
емес, өзге ел жеп отыр. Себебі, онда бұл сақталған. Тағы бір жанға 
бататын мәселе – еңбекақы мен тұрғын үй. Міне, осыған мемлекет 
көбірек көңіл бөлсе екен деймін. Бұдан «біздегі балет труппасының 
халі  мүлде  мүшкіл  екен»  деген  ой  тумауы  керек.  Құдайға  шүкір, 
Орталық  Азиядағы  бірден-бір  толыққанды  балет  труппасы  бар 
театр  –  біздің  театр.  Сондай-ақ,  келешекте  төрт  балет  труппа-
сын  жасақтауға  қазір  бізде  мүмкіндік  бар.  Бірақ  ойландыратын 
өкініштер де жоқ емес. Өзіңіз көз алдыңызға елестетіп көріңізші. 
Елу, алпысқа келген әртістердің билеп жүргенін. Көрермен олардан 
қандай эстетикалық ләззат алады. Оның үстіне мұндай жаста би-
леу де қиын. Адамның сүйегі де қатып кетеді. Мұндай да әртіс өзін 
сахнада  ебедейсіз  сезінетіні  белгілі.  Әрі  адам  организміне  де  көп 
салмақ түсіреді. Осының бәрі ескерілмей отыр. Қырғыз елінде де 
осындай жағдай. Онда қазір тоғыз адам ғана жұмыс істейді. Өзбек, 
түркімен, тәжік елдерінде бұдан да аз. Ал біз олардан көш ілгеріміз. 
Бүгінде  театрдың  балет  труппасында  алпыс  үш  адам  бар.  Жалпы 
штат кестесі бойынша жетпіс алты адам болуы керек. Толыққанды 
жұмыс істеу үшін әлі де адамдар қажет.
Біздің театрға балет бишілерін негізінен Алматыдағы А.В. Се-
лезнев  атындағы  хореография  училищесі  дайындайды.  Мәселен, 
2005  жылы  оны  елу  адам  бітірсе,  оның  төрт-бесеуі    ғана  біздің 
театрға келген. Ал біреуі Кореяға, қалғандарының бәрі дерлік Ре-
сейге  кетті.  Сонда  біз  олар  үшін  мемлекеттің  қаржысын  жұмсап, 
балет әртістерін дайындап жатқан сияқтымыз. Небір талантты жас- 
тарымыз міне, осылай шетел асып кетіп жатыр. Бұл менің жаныма 

198
батады. Өткен 2006 жылы аталмыш оқу орнын отыз адам бітірді. 
Оның жиырмасын өзіміздің театрға қабылдадық. Біраз жылдардан 
бері балет әртістеріне дәл осындай тапсырыс берілмеген еді. Бұған 
соңғы жылдары қаржы мәселесінің шешіле бастауы себеп болды. 
Бишілер тек балетте ғана емес, операларға да қатысады.
– Бірақ нағыз таланттарды өздеріңіз іріктеп, театрға алып 
қалатын шығарсыздар. Бұл жағынан ұтылуға әсте болмайты-
нын жадыларыңызда ұстағандарыңыз абзал ғой. Бұл жағынан 
мүлт кетпеген боларсыздар?
– Әрине. Қазақ балеті шебер бишілерге кенде емес. «Спартак», 
«Дон Кихот», «Аққу көлі», «Шелкунчик» сынды классикалық балет-
терде басты партияларды билеп жүрген халықаралық байқаулардың 
лауреаты,  тәуелсіз  «Тарлан»  сыйлығының  иегері  Досжан  Табыл-
ды біздің ғана емес, еліміздің балет өнерінің мақтанышы. Сондай-
ақ,  келешегінен  мол  үміт  күттіретін  Ясауи  Мерғалиев,  Марат 
Әбдірахманов, Әсел Шайкенова, Гүлнұр Бөриева, Әмір Жексенбек, 
Гүлвира  Құрбанова,  Әлия  Сыпақова,  Наиля  Керебаева.  Бұлардың 
балет өнеріндегі аяқ алыстары бізді қуантып отыр.
Ал  өздерінің  шеберлігімен  кейінгі  жас  толқынды  тәнті  етіп,  
тәрбиелеп,  үлгі-өнеге  көрсетіп  жүрген  аға  буын  әртістер  де  бізде 
Құдайға шүкір, аз емес бар. Қазақ балетінің тарланы, Қазақстанның 
халық әртісі Раушан Байсейітова еліміздің абыройын талай елдің сах-
насында асқақтатып, ұлттық өнеріміздің жұлдызын жарқыратқан өз 
кәсібінің нағыз хас шебері. Оның қолтаңбасы, оның мектебі теңдесі 
жоқ  бір  ғажап  дүние.  Осындай  ортада  өнердің  көрігін  қыздырып 
жүрген Сарагүл Нұрсұлтанова, Мұрат Такеев, Ұлан Мерзейтов, Эду-
ард Мәлбеков, Людмила Рудакова өтпелі кезеңнің бар қиындығына 
төзіп, қазақ балетінің туын жықпаған өнерпаздар. Қазір бұлардың 
бәрінің еңбегі жанып, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері атанып 
отыр. Ал өзіндік ерекше әртістік болмысымен, кейіпкерлер парти-
ясын орындаудағы озық өнерімен көрермендер құрметіне бөленіп 
жүрген  Алма  Асқарбекованың  балеттегі  жетістігі  ауыз  толтырып 
айтарлық. Алма Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
– Балет өнерін игеру, әрине, оңай емес екенін жақсы білеміз. 
Бірақ оны таңдап алған адамға қандай қасиет қажет деп ой-
лайсыз?
– Бидегі барлық белгілерді және символдарды оқуды және түсінуді 
бала кезден бастап игеруі қажет. Күн сайынғы ауыр еңбек балерина-
ны өзіне талап қойғыштыққа тәрбиелейді. Бәрінен де нәтиже мәнді. 

199
Бір пайызы талант, табиғаттың берген сыйы және сәттілік, ал қалған 
тоқсан  тоғыз  пайызы  –  еңбек.  Әрине,  талантсыз  да  табыстарға 
жетіп  жатады,  бірақ  ол  кинода  немесе  ертегіде  ғана  болады.  Ал 
өмірде бәрі басқаша. Балет бишісі табиғатында ең алдымен музы-
каны, оның ішінде симфониялық музыканы сүйетін, түсінетін жан 
болуы керек. Оқу орындары оның осы қасиетін оятып, байытады. 
Әуен бойындағы ғажап иірімдерді сезінген адам өзі де билеп кетеді. 
Балетте барлық оқиғалар бимен беріледі, айтайын деген ой бимен 
баяндалады. Сондықтан да даңғаза музыкаға құлақтары үйір болып 
қалған жастарға балет көңілсіз, іш пыстыратын, қызық емес сияқты 
болып көрінеді. Жастардың балетке бармайтыны осыдан. Ал былай 
қарасаңыз, нағыз эстетикалық нәзік, биік әрі жоғары өнер.
Бұл өнердің жолына түскендер оған жан тәнімен құлай берілгендер 
немесе фанатиктер. Себебі, бұл белсенді әрі күрделі іс. Осы театрда 
жиырма жыл жұмыс істесемде әлі мен білмейтін балеттің сырлары 
көп. Ол адамнан теңдессіз білімді, қабілетті, кәсіби және музыкалық 
дайындықты талап етеді. Мәселен, әлемдік деңгейдегі балеринаға 
жалғыз талант немесе сәттілік, әрине, аздық етеді. Үнемі оқу керек. 
Менің өзім балеттің жілігін шағып, майын ішсем де үйренуден әлі 
күнге дейін жалыққан емеспін. Мол тәжірибем және Қазақстанның 
халық  әртісі  бола  тұра  мен  Темірбек  Жүргенов  атындағы  Қазақ 
Ұлттық  өнер  академиясына  «режиссер-хореограф»  мамандығын 
алу  үшін  оқуға  түстім.  Қазақ  балеті  ақсақалдарының  бірі  атақты 
Зәуірбек Райбаевтан хореография шеберлігіне машықтандым. Бұны 
айтып отырған себебім, балет өнері қаншалықты қиын, мехнатты 
екендігі.
– Сіз бір сөзіңізде «Балет – ауыр өнер, ол адамның күш-қуатын 
ғана  әлсіретіп  қоймайды,  бірте-бірте  бишінің  рухани  тозуы-
на  алып  келеді»  деген  едіңіз.  Сонда  үздіксіз  дайындықтардан 
бишінің шаршайтыны рас шығар, бірақ рухани күш-қуатынан 
қалайша айырылады?
– Адамның да тозығы жеткен шүберекке айналатын шағы бола-
ды. Балет тек секіруден, шыр көбелек айналудан ғана тұрмайды ғой, 
сезім иірімдерне құрылған өнер болғандықтан, жүрекпен ойлайсың. 
Адам шаршайды, қажиды. Кезекті әзірліктен шыққаннан кейін бір 
жарым  екі  сағатқа  дейін  өзіме-өзім  келе  алмай,  ешнәрсе  істеуге 
құлқым  болмай  қалатын  кездер  де  кездеседі.  Мен  билемеймін, 
тек әр бишінің иығын, кеудесін, арқасын, қолын, қимылын түзеп, 
қозғалысын  бақылап,  кейіпкер  образына  кіруін  бақылап  жүремін. 

200
Қолдың қимылы образға сай ма, ол өзінің биімен кейіпкер мінезін, 
оның ішкі жан дүниесін аша алды ма, бидің астарында не сыр жатыр, 
мұңаю, күлу, шаттану, жалғыздыққа беріліп, көппен бірге қуану ба-
лет тілінде көрініс бере алды ма? Міне, осының бәрін бишінің әрбір 
қимыл-қозғалысы баяндап тұрады. Балетте бүгін жасаған бейнеңді 
ертең түйіндеуің керек. Биші ешқашан да бір қалыпты, бір деңгейде 
билей  алмайды.  Көрермен  түсіне  ме,  түсінбей  ме,  бірақ  сахнада 
сұлулық патшалық құру керек. Балеринаның қимылы, жүрісі, түрі 
көрерменге сұлулықтың сыңарындай әсер қалдырып отыруы тиіс. 
Ал қырықтан асып, еңсесін тіктеп ұстай алмай, еңкіш тартқан әртіс 
көрерменнің аяушылығын ғана туғызады. Бұл өнер емес – қорлау. 
Қазір  өнерде  өте  қатал  түрде  табиғи  сұрыптау  кезеңі  жүріп  жа-
тыр.  Айталық,  балет  өнеріне  алғашқы  кездері  ниет  білдіргендер 
көп  болғанымен  тек  солардың  бірлі-жарымы  ғана  осы  өнер  жо-
лына түседі. Мәселен, жыл сайын аталған оқу орнына алпыс бала 
қабылданса,  солардың  көп  болса,  он  алты-он  жетісі  ғана  бітіріп 
шығады.  Біреуінің  денесі  деформацияға  ұшырайды,  бірінің  бойы 
өспей қалады, өте үлкен жүктемеге шыдамай, кейбірінің жүрегі сыр 
береді. Әйтеуір кішкентайынан төккен терінің жемісін татпақ түгілі, 
қатал сынның тезіне төтеп бере алмай, қатардан шығады. Елдің бәрі 
балетті  ғажайып  өнер  деп  таниды,  ал  сол  ғажайып  өнердің  құны 
үшін кейде денсаулығыңмен қоштасуға тура келеді.
– Балет жалпы жұртқа арналған өнер ме, жоқ, әлде белгілі 
бір элиталық немесе зиялы қауымның рухани сұранысын қана- 
ғаттандыруға бағышталған ба?
– Мәселен, өзіңіз ойлаңызшы, мылқау өнердің тілін түсіне ме, 
түсінбей ме? Бірақ халық биі сияқты классикалық би де қарапайым 
адамдардың  жанының  рахаты,  рухани  қажеттілігі  үшін  жасалған. 
Адам  мешітке  барғанда,  қажып,  мүжіле  бастаған  жанын  қуатпен 
толтыру  үшін,  жеңлдеу  үшін  барады.  Балет  те  тап  солай,  адам 
бойындағы ауыртпалығынан  арылып, кірлеген  көңілін  тазалайды. 
Адамға  жастық  шағын  сағындырады,  сағынған  жастық  шағымен 
қайта табыстырады.
– Шет ел асып кетіп жатқандардың қағанағы қарық, сағана- 
ғы сарық деп айта аласыз ба?
– Иә, біздің әртістер шет елге кетіп жатыр. Себебін түсіндіріп, 
айтудан шаршай бастадық. Репертуардың жұтаңдығы мен солғын- 
дығы әртісті бұдан былай ұстап тұра алмайтын болды. Оның үстіне 
өтпелі  кезеңнің  анау-мынау  қиындықтарын  көтере  алмағандар... 

201
Олардың арасында Қазақстанның  ғана емес, әлемдік балет өнерінің 
жұлдыздары да бар. Сондай таланттарды мемлекет қамқорлығына 
алу  керек  қой.  Бізде  керісінше,  «жастар  ғой,  үлгереді»  деген 
көзқараспен  қарайды.  Биші  –  мамандықтың  иесі  емес,  қызмет 
көрсетуші адам сияқты. Ол қартаймайтын мәңгі жас емес. Билеген, 
елдің  өнері  мен  мәдениетін  өркендеткен,  мемлекеттің  атын,  абы-
ройын  асқақтатқан  жақсы,  бірақ  қоғам  тарапынан  оған  қайтарым 
болуы  керек  қой?  Ол  да  тамақ  ішуі  керек,  шет  елдің  бишілері 
сияқты үлде мен бүлдеге оранбаса да, отбасын құрып, балаларын 
асырауы  керек  қой?  Бұл  мәселе  соңғы  кездері  өзінің  оң  шешімін 
таба бастаған сияқты. Оған біз қуанып отырмыз. Әсіресе, жалақы 
мәселесі жақсарып келеді. Мәселен, Түркия бірегей өнердің өкілі 
ретінде  бишілеріне  ай  сайынғы  еңбекақысына  қоса  отыз  пайыз 
үстеме  ақша  қосатын  көрінеді.  Инфляциядан  қорғаштап,  тоқсан 
сайын тағы да қосымша қаржы береді екен. Еңбек демалысы екі ай. 
Түркияда алты бірдей опера және балет театры бар. Ал бізде әзірге 
екеу-ақ.  Келешекте  олардың  қатары  көбейуі  де  мүмкін.  Еліміздің 
бүгінгі  экономикалық  қарқыны  осылай  деуге  негіз  болып  отыр. 
Біздің елдің сахнасында сұлулық салтанат құру керек.
– Ал сіз өзіңіздің театрдың репертурына қанағаттанасыз ба?
– Құдайға шүкір, репертуар бай, шағымдануға ешқандай қақым 
жоқ. Балет театры болғандықтан, классикалық балеттен бастап, мо-
дерн де, джаз да, кордебалет те, бәрін де қамтуды ойлаймыз. Өйткені 
өнер  тек  репертуармен  ғана  дамиды.  Мәселен,  сіздің  қолыңызда 
жұп-жұмыр жақұт тас тұр. Зергерге тапсырыс бергіңіз келеді. Ал 
одан  әдемі жүзік  жасап  шығару  үшін  жақұтты арзан  темірмен  не 
қалайымен қоспайды. Зергер жақұтты жарқырата түсетін лайықты 
қымбат материал іздейді. Талант  биікке шығып, өз орнын белгілеу 
үшін  лайықты  репертуар  қажет.  Бишілер  негізінен  жастар  ғой. 
Ал оларға жаңа дүние ауадай қажет. Міне, осы мәселені шешуге, 
театрдың  репертуарын  жаңартуға  қазір  ерекше  назар  аударылуда. 
Ізденістер көп. Келешекте театр сахнасынан көрермендер жаңа тың 
туындыларды көре алатынына сенім зор. 

202

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал