Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет16/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

тұлға.  қазақстанның  халық  әртісі,  Мемлекеттік  сыйлықтың 
лауреаты,  құрманғазы  атындағы  қазақ  ұлттық  консервато- 
риясының ректоры, профессор. Жәния қазақстанның көптеген 
елдердегі мәдени символына айналған, шебер пианист. Ол өзін 
көрнекті мәдени және қоғам қайраткері ретінде ерте танытты. 
Міне, ол он жылдан бері еліміздегі жетекші музыкалық оқу оры-
ны – құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын 

153
басқарып келеді. Сүйікті оқу орнының тамыр соғысын дөп баса 
білетін,  жастардың  шығармашылығына  қанат  бітіре  алған, 
білім  берудің  жүйесін  жаңа  заман  талабына  сай  құрған  іскер 
ұйымдастырушы, білікті ұстазға жолығып, консерваторияның 
тыныс-тіршілігімен танысқан едік.
–  Біздің  елде  күйсандықта  ойнау  өнері  кенжелеу  дамығаны 
белгілі. Солай болса да қазақтың талантты жастары оны еркін 
меңгеріп,  қарт  Батыстың  атағы  жер  жарған  дүлдүлдермен 
терезесі  тең  өнер  көрсетіп,  әлемдік  аренада  топ  жарып 
жүргендері,  әрине,  аз  емес.  Олар  ел  мерейін  осылай  аспан-
датып  жүр.  Солардың  көш  басында  өзіңіз  келесіз.  Сіздің  он 
саусағыңыздан  төгілген  әуен  жүздеген  мың  көрерменді  өзіне 
табындырды десем қателесе қоймаспын. Осы аспаптың құлақ 
күйін келтірген жалғыз шебер болса, біздің елде ол – сіз боларсыз. 
Ендеше, әңгімені осыдан бастасақ деймін.
– Фортопьянода ойнау көптеген елде дәстүрге, сәнге айналған. 
Күндіз-түні  күйсандықты  айналдыратын  музыканттар  да  көп. 
Сондай-ақ  олар  концерттер  ұйымдастырады.  Менің  ойымша 
бұл  музыкалық  аспаптың  келешегі  зор.  Осы  музыкалық  аспап-
пен  айналысқан  өнер  адамдарының  көбісінде  математикаға  де-
ген  қабілет  арта  түседі.  Адамды  ойлануға,  байсалдылыққа, 
өзін  қоршаған  ортамен  түсіністікке,  кез  келген  жанмен  тіл  та-
быса  алатын  жағымды  қасиеттерге  тәрбиелейді.  Бұл  адамдар 
арасындағы қарым-қатынас үшін өте маңызды. Сондықтан да егер 
біз  алдыңғы  қатарлы  елу  елге  қосыламыз  десек  бүкіл  облыстың 
әкімдері  өз  аймағындағы  барлық  музыкалық  мектептерді,  орта 
және  жоғары  музыкалық  оқу  орындарды  фортопьяномен  толық 
қамтамасыз  ету  қажет.  Ия,  қазір  олар  фортопьяно  сатып  алып 
жатыр.  Бұл  қуанышты  жағдай.  Маған  телефон  шалып,  «бізге 
кеңес  беріңізші,  қандайын  алуымыз  керек?»  деп  жатқан  әкімдер 
де  баршылық.  Мәселен,  жақында  Ақмола  облысының  әкімімен 
сөйлестім. Облыстық филармонияға пианина  сатып алуға қаржы 
бөліпті. «Сіздің өнерге деген көзқарасыңыз жақсы екенін білемін, 
біз  мұны  көптен  күткен  едік,  Сізге  көп-көп  рахмет!»  деп  әкімге 
алғысымды айттым. Сонымен қатар Павлодар облысының филар-
мониясы да қазір ең жақсы жаңа рояль сатып алып жатыр. Мұндай 
күйсандықтар Қарағандыда, Атырауда, Ақтауда, Ақтөбеде, Шым-
кент пен Қызылорда да бар және олардың біразы жаңадан сатып 

154
алынды.  Қазір  елімізде  фортопьянолық  музыкаға  деген  көзқарас 
жаман  емес.  Бүгінде  біздің  консерваторияда  жетпіс  жаңа  рояль 
бар. Бұл дегеніңіз, талапты жастардың музыкалық деңгейін күрт 
жаңа сатыға көтереді. Өйткені жаңа, сапалы аспаптардың үні де 
жақсы.  Ол  музыканттарды  қызықтырып,  өзіне  тартады.  Оның 
үстіне  үнемі  халықаралық  шеберлік  сабақтарын  өткізіп  тұруға 
да  мүмкіндік  мол.  Біз  Парижден,  Лондоннан,  Берлиннен  және 
басқа  елдерден  атақты  профессорларды,  есімдері  әлемге  әйгілі 
пианистерді  жиі  шақырып  тұрамыз.  Олар  бізбен  тәжірибе  алма-
сып,  студенттердің  сабағына  қатысып,  өздері  де  сабақ  өткізеді. 
Міне,  осындай  шараларға  үкімет  қаржы  бөледі.  Бірақ  ол  кейде 
бәріне бірдей жетпей жатады. Сондықтан да бұған қосымша өзім 
демеуші іздеймін.
–  Осы  өнерге,  күйсандықта  ойнауға  қызығатын  талантты 
жастар ел ішінде бар ма? Қазір сіздің класыңызда қанша бала 
бар?
–  Әрине,  бар,  тіпті  олар  көп.  Жылма-жыл  оқуға  ағылып  келіп 
жатады.  Ал,  менің  класыма  екі-үш  бала  түседі.  Себебі  мен  көп 
адам қабылдамаймын. Өйткені басшылық жұмыстардан қолым бо-
сай  бермейді.  Жалпы  консерваторияға  түсетіндердің  ең  көбі  дом-
бырашылар.  Пианист  болам  деушілерге  жиырма  мұғалім  сабақ 
береді.  Осыдан-ақ  бұл  өнерге  машықтанып  жүргендердің  қанша 
екенін білуге болады. Пианистер жеке ойнайды және вокалистерді 
сүйемелдейді, оркестрге қосылады, басқа музыкалық аспаптармен 
де  үндеседі.  Өйткені  фортопьяно  әмбебап  аспап.  Сол  себептенде 
оны  барлық  музыканттар  білуге  тиіс.  Міне,  осыған  байланысты 
сабақ  та  күрделі  әрі  жауапты.  Мәселен,  музыка  мектептерінде  ең 
алдымен  фортопьянода  ойнауды  үйретеді.  Содан  кейін  скрипка, 
флейтаға  баулиды.  Фортопьяно  әлемдегі  ең  танымал  музыкалық 
аспап.
–  Өзге  елдермен  салыстырғанда  қазақ  өнері  оның  ішінде 
классикалық  музыканы  меңгеру  дәрежесі  қандай?  Ол  сіздің 
көңіліңізден шыға ма?
– Өте жоғары. Әлемнің әр түрлі елдерінен, АҚШ-тан, Англия-
дан,  Франциядан,  Германиядан,  Испаниядан,  Жапониядан,  Ита-
лиядан, Ресейден ағылып келіп жатқан, өнерімен төрткүл дүниені 
өзіне  табындырған,  тарлан  таланттар  қазақ  музыканттарының 
жоғары  кәсіби  шеберліктеріне  тәнті  болып,  біздің  бұл  саладағы 
жетістіктерімізді еріксіз мойындап жүр. Біздің профессорларымыз-

155
ды  шақырып,  шеберлік  сабақтарын  өткізіп,  студенттер  алмасып, 
тәжірибе бөлісіп жүрген тек Мәскеу немесе Санкт-Петербург кон-
серваториялары ғана емес.
Біздің  болмысымыз  табиғатпен  тығыз  байланысты  болғаннан 
кейін  болар,  балаларымыздың  бойында  әуен  сазын  қабылдау 
қасиеті  жоғары.  Мұны  шетелдік  музыканттар  жақсы  біледі.  Сол 
себептен де олар біздің студенттермен сабақ өткізуге өте ынталы. 
Мәселен,  Германиядан  бір  жас  режиссер  келе  жатыр.  Ары-бергі 
жол  шығынын  және  осында  келгенде  тұратын  пәтердің  ақысын 
да  өзі  төлемек.  Неміс  музыканттарының  кәсіби  деңгейі  жоғары. 
Бірінші  рет  бізге  екі  жылға  шет  ел  маманы  жұмыс  істеуге  ынта 
білдіріп отыр.
– Біздің елде пианинода ойнау өнерінің майталман шеберлері, 
әрине,  аз  емес.  Солардың  ішінде  сіздің  көңіліңізден  шығып 
жүргендері бар ма?
– Өнерімен елімізге және шетелдерге белгілі оқушыларым көп. 
Осы  жақында  ғана  Бельгиядағы  Қазақстан  елшілігінен  хат  келді. 
«Сіздің консерваторияға көп-көп рахмет. Өйткені қазақстандық пи-
анист Станислав Шин, Елизавета патшайым атындағы ең жоғары 
дәрежелі  халықаралық  байқауда  жүлделі  екінші  орынды  иеленді. 
Бұл қазақ елі және оның мәдениеті үшін өте беделді жеңіс, біз риза-
мыз!» деп қуанып жатыр. Станиславты өзім оқыттым, тәрбиеледім, 
содан кейін шеберлігін шыңдай түсу үшін Мәскеуге жібердім. Ол 
біздің  елімізде  өткен  бірнеше  байқаулардың  лауреаты.  Ал  тағы 
бір  шәкіртім  Лиссабонда  өткен  халықаралық  байқауда  нөмірі 
бірінші  пианист  деп  танылды.  Ол  жиырма  мың  доллар  жүлдені 
қанжығасына  байлап  қайтты.  Сондай-ақ,  Нью-Йорктегі  Карнеги 
холлда, Лондондағы Барбикан холлда, Париждің атақты концерт за-
лында өнер көрсету құрметіне ие болды. Жақында тағы бір беделді 
байқаудың жеңімпазы атанды. Ал қазір Германияда. Бірақ бізге жиі-
жиі келіп, байқауларға қатысып тұрады.
Бүгінде  біздің  түлектеріміз  таяу  және  алыс  шет  елдердің  – 
Германияның,  АҚШ-тың,  Англияның,  Францияның,  Канаданың, 
Қытайдың,  Израильдің,  Грекияның,  Голландияның,  Чехияның, 
Ресейдің кәсіпқой ұжымдарында табысты еңбек етуде.
– Елде қалып, шет ел асып кетпей,осында  тұрақты жұмыс 
істеп, қазақ мәдениетіне өз үлесін қосып, соның жолында тер 
төгіп жүрген атақты пианистер ше? Егер бар болса, енді солар 
жайлы айтсаңыз.

156
–  Менің  класымды  бітірген,  қазір  консерваторияда  жемісті 
ұстаздық  қызмет  атқарып  жүрген  шебер  пианистер  аз  емес.  Мен 
солардың  ең  үздіктерін  айтайын.  Әрине,  олар  жиі  концерттер 
көрсете алмайды. Себебі, продюсерге, залды жалдауға, жарнамаға 
және  ұйымдастыру  жұмыстарына  көп  қаржы  керек.  Бірақ  соған 
қарамастан  олардың  кәсіби  деңгейі  өте  жоғары.  Мәселен,  біз 
консерваторияда  қатарынан  үш  рет  пианистердің  халықаралық 
байқауын өткіздік. Олардың өнеріне баға бергендердің қатарында, 
яғни,  қазылар  алқасының  құрамында  есімдері  әлемге  танымал 
музыканттар  болды.  Келген  сайын  олар  біздің  музыканттардың 
шеберлігіне сүйсініп, өнеріне тамсанып, таңқалып қайтады. Тек біз 
өз жетістігімізді шетелдіктерге дұрыстап ұсына білуіміз керек. Сон-
да  біздің  мәдениетіміздің  беделі  көтеріледі.  Шетелдік  продюсер-
лер көңіл аудара бастайды. Елімізді таниды. Қазақ өнерпаздарын, 
артистерімізді  шетелдіктер  жиі  гастрольге  шақыратын  болады. 
Бізде талантты жастар өте көп. Соларды дұрыстап насихаттай ал-
май отырмыз. Қазір Қазақстанға жақсы жарнама қажет. Бірақ бұл 
шаруаны ешкім қолға алмай отыр. Сондықтан да бәрін өзіміз жаса-
уымыз керек. Осыған байланысты арнайы радио арна ашқалы жа-
тырмыз. Сол арқылы ең жоғары деңгейдегі классикалық музыканы 
насихаттамақпыз.
–  Сонда  ол  белгілі  бір  элиталық  топтар  тыңдайтын  неме-
се  классикалық  музыкаға  құмарлардың  радиосы  болмақ  қой. 
Бұл құптарлық шаруа екен. Мүмкін болса осыған жан-жақты 
тоқтала кетсеңіз?
– Барлық дамыған мемлекеттерде классиканы, джазды, танымал 
музыканы,  эстраданы  тұрақты  беріп  тұратын  бірнеше  теле-радио 
арналар бар. Сөйтіп қоғамның әртүрлі топтарына өздеріне қажетті, 
жандарына жақын музыканы тыңдауға жағдай жасалған. Ал бізде 
тек  қана  эстрада  шырқалады.  Ол  уақытша,  ал  классика  мәңгілік. 
Мәселен, бір ток-шоуда қазақтың баласы, «Мен Моцартқа қарағанда 
Карина  Абдуллинаны  көбірек  жақсы  көремін.  Неге?  –  дейсіз  ғой. 
Мен  Каринаны  тыңдай  аламын,  ал  Моцартты  тыңдағым  келсе  де 
тыңдай алмаймын. Өйткені оны еш жерден естіген емеспін» дейді. 
Егер  біз  сол  арнаны  іске  қоссақ,  онда  бүкіл  университеттерде, 
барлық  кітапханаларда,  супермаркеттерде,  дүкендерде,  кинотет-
рларда  отандық  және  шетелдік  классикалық  музыка  шырқалып 
тұратын  болады.  Қазір  теледидарда  не  болса  соны  көрсетеді. 
Келсін келмесін батыстың бейне клиптерін береді де жатады. Біздің 
қазақтың  музыкасының  мағынасы  терең,  мазмұны  бай,  әуені  саз-

157
ды, көркем де келісті болып келеді. Оның адам жанын тербететін 
қасиетін, көңілдің күйін шертетін құдіретін өзіміз ғана емес, өзгелер 
де мойындағаны екібастан белгілі. Міне, осындай бай, әдемі музы-
каны бұқара халық тыңдай алмай отыр. Себебі ол да классика сияқты 
сирек беріледі. Мен осы жобаны жүзеге асыру үшін оның соңында 
алты  жыл  жүрдім.  Біздің  мемлекетімізде  қазақ  және  классикалық 
музыканы насихаттайтын шіркін-ай, теле-радио арна қашан бола-
ды,  оны  кім  ұйымдастырады  деп  көп  ойладым.  Бірақ  оны  ешкім 
қолға алған жоқ. Ал біз қазір оны жасап жатырмыз. Ұлттың рухани 
«денсаулығын» қандай ақшамен өлшеуге болады? Адамның ойлау 
қабілетін арттыратын, оны байытатын жан азығы – ол өнер, ол му-
зыка. Оны ешқандай нәрсемен қатар қоюға болмайды. Оның адам 
баласына  беретін  пайдасын  таразылап  өлшеуге  келмейді.  Ұлттың 
рухани  санасы  оянбай,  Елбасының  алға  қойған  ауқымды  жобала-
рын жүзеге асыру мүмкін емес. Себебі, өнерде ұлттық өрлеу жоқ, 
болса да өте баяу. Ол дамудың көшінен қалып бара жатқан тәрізді. 
Өнерімізде оның ішінде музыкада алуан үнділік жоқ. Тек бір жақты. 
Еліктіріп, қызықтыратын, адамды өзіне тартатын өнердің әр түрін 
көре  алмай  жүрміз.  Мен  бұл  жерде  музыкаға  қатысты  мәселені 
айтып  отырмын.  Музыка  адамның  қиялын  ұштайды.  Ой  дамиды. 
Өмірге  деген  сезім  құштарлығы  оянады.  Байқасаңыз  музыкант-
тар  интелектуалдық  тұрғыдан  алғанда  мәдениеті  болып  көрінеді. 
Демек,  музыка  халықтың  санасын,  мәдениетін,  интелектуалдық 
қабілетін арттыруға көмектеседі. Осындай ел ғана әлемдік бәсекеге 
төтеп бере алады.
– Сіздің сөзіңізден байқап отырмын, өнерге қол ұшын беруге 
құлшынып тұрған ірі компаниялар да, қалталы байлар да жоқ 
көрінеді. Сонда олардың мойнын ұлттық өнердің проблемалары-
на бұру үшін үкімет не істеу керек? Бұл жөніндегі сіздің ойыңыз 
қандай?
– Әрине, ең алдымен мәдениет туралы жаңа мемлекеттік ірі жо-
балар жасалуы қажет. Ол ұлттық өнердің әр саласына арналып же-
ке-жеке дайындалса өте керемет болар еді. Мәселен, былтыр мен 
Премьер-министрдің  сол  кездегі  орынбасары,  қазіргі  Премьер-
министр  Кәрім  Мәсімовке  арнайы  кіріп  «Кәрім  Қажымқанұлы, 
консерваторияның материалдық – әлеуметтік мәселесін шешу және 
оқу  процесіне  қажетті  құрал-жабдықтарды  жаңарту  үшін  қаржы 
бөлуіңізді сұраймын», – деп өтінішімді айттым. Себебі қазір бізде 
қолға  алынып  жатқан  біраз  жаңа  жобалар  бар.  Оны  толығымен 

158
жүзеге асырсақ, онда консерватория бүгінгі заман талабына сай да-
мып, мүлде жаңа деңгейге көтеріледі. Ол үшін жаңа менеджерлер, 
кәсіби мамандар тартуымыз керек. Ең қажеті бізге білікті кеңесшілер 
жетіспейді. Оларды Франциядан, Англиядан, Жапониядан, Герма-
ниядан  шақырсақ  дейміз.  Шетелдік  тәжірибелі  музыканттардың 
ақыл кеңесі қазақ студенттеріне ауадай қажет.
Сонан  кейін  бір  мақтанып  айтатын  мәселе  ол  музыкалық 
білім  берудің  жобасы  мен  стратегиясы.  Бұкіл  ел  аумағындағы 
музыкалық білім берудің аса ірі мемлекеттік жобасын біз, консер-
ватория  ұжымы  мен  профессорлар  құрамы  жасап  жатыр.  Бұл  ре-
форманы неге біз дайындап жатырмыз? Себебі, Білім және ғылым 
министрлігі өнердің мәні мен мақсатына тереңдеп бойлай алмайды. 
Ал, Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоба әзірлеуге жағдайы 
жоқ. Содан кейін амалдың жоғынан өзіміз қолға алып жатырмыз. 
Осыған сай оқу бағдарламасына жаңа арт менеджмент мамандығын 
енгіздік  және  консерваторияның  жанынан  жаңа  эксперименталді 
мектеп  ашқалы  отырмыз.  Сондай-ақ,  радио  арна,  дыбыс  жаза-
тын студия, баспахана ашпақ ойымызда бар. Бұлардың бәрі білім 
берудегі инновациялық технологияны тиімді пайдалануға әрі оның 
қайтарымын еселей түсуге ықпал ететіні белгілі. Сондықтан да біз 
консерваториядан «Музыкалық-инновациялық білім беру техноло-
гиясы» дегн үлкен кафедра аштық. Қазір консерваторияның бүкіл 
құрылымын өзгертіп, жаңартып, жаңғыртып жатырмыз. Еліміздегі 
музыкалық  мектептермен  тұрақты  байланыстамыз,  оқушылармен 
жиі кездесу өткізіп тұрамыз. Жалпы музыкалық орта білім беруді 
де қайта қарап, бүкіл бағдарламасын жаңа талапқа сай өзгертуді де 
күн тәртібіне қойып отырмыз. Міне, осы мәселелерге байланысты 
жақында  министрмен  де  сөйлестім.  Бізде  бұған  дейін  білім  алып 
жатқан  студенттер  әзірге  сол  бұрыңғы  бағдарламамен  оқи  береді. 
Ал  жаңадан  жаңа  мамандықтарға  қабылданған  студенттер  –  олар 
жаңа  технологиямен  оқытылады.  Сөйтіп  министрлік  біздің  екі 
бағдарламамызды қолдады. 
–  Бұл  енді  біздің  елде  музыкалық  білім  берудің  жаңа  ұзақ 
мерзімді  бағыттары  мен  келешек  көкжиектері  екенінде  да-
уымыз  жоқ.  Тәуелсіз  көзқарас  тұрғысынан  келсек,  ұлттық 
өнеріміздің  ақсап  жатқан  салалары  әлі  де  болса  баршылық. 
Сіздің бұл жөніндегі ойыңызды білгіміз келеді?
–  Біз  қазір  үлкен  екі  бағдарламаны  жүзеге  асыруға  кірістік. 
Біріншісі  консерватория  жанынан  ашылғалы  жатқан  балалар 

159
музыка  мектебі.  Жан-жақтан  ата-аналар  телефон  соғып,  өздері 
консерваторияға  келіп,  «мектептерің  қашан  ашылады,  балаларды 
қанша жастан бастап қабылдайсыздар?» – деп маза бермей жатыр. 
Осында оқығысы келетіндер өте көп. Бизнес академия және эконо-
ика мектебімен бірігіп арт менеджмент деген бағдарламаны жүзеге 
асыруды  қолға  алдық.  Жаңа  кафедралар  ашып  жатырмыз.  Міне, 
осының бәрі ұлттық өнерімізде орын алып отырған олқылықтардың 
орнын  толтыруға  бағытталған.  Сонымен  қатар  тәжірибелік, 
теориялық, талдау – зерттеу жұмыстары да қосымша жүргізілуде.
Біздің  салада  бұрын-сонды  болмаған  жаңа  кәсіптің  бірі  бұл 
радионың жұмысын ұйымдастыру болып тұр. Бұл істі қолға алмас 
бұрын мен Англияға, Францияға, Германияға барып шетелдік ма-
мандармен ақылдастым, кеңестім. Себебі, бұл бізде ғана емес, бүкіл 
орталық  Азия  аймағында  бірінші  рет  жүзеге  асырылып  жатқан 
жоба. Радиодан тіпті біздің хабарымыз да жоқ. Оған қандай құрал-
жабдықтар керек екенін де білмейміз. Бүгінде бұл мәселенің бәрі 
өз шешімін тапты. Мемлекеттік тендрге қатысып радио хабарларын 
тарату мүмкіндігіне ие болдық. Біздің радио толқынымыз жер серігі 
арқылы бүкіл Қазақстан аймағын, Қытайдың және Ресейдің шека-
ралас аудандарын, сондай-ақ Монғолияны түгел қамтитын болады. 
Ол ең соңғы сандық технологиямен жабдықталған. Мұндай радио 
әзірге біздің елде жоқ десе де болады.
–  Осындай  ауқымды  жұмысты  мемлекеттің  қолдауынсыз 
жүзеге асыру, әрине, мүмкін емес екені кімге болса да түсінікті. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  үкімет  тарапынан  сіздерге  моральдық 
және материалдық көмек көрсетіле ме?
–  Бізді  толығымен  мемлекет  қамтамасыз  етеді.  Бізде  ақылы 
бөлімдер  жоқ.  Себебі  өнерге  ақша  төлеп  оқып,  өнерпаз  бола  ал-
майды.  Мұнда  бірінші  орында  баланың  қабілеті,  таланты,  белгілі 
бір  музыкалық  жанрға  бейімділігі  тұрады.  Оқуға  қабылдағанда 
біз  осы  жағын  ерекше  ескереміз.  Оныс  үстіне  бізге  көбіне  му-
зыка  мектептерін,  музыкалық  училищелерді  бітіргендер  келеді. 
Сондықтан да біз мемлекеттің қамқорлығын ауадай қажет етеміз. 
Ол көрсетіліп те жатыр. Оның бір дәлелі біздің консерваторияның 
халық  аспаптар  оркестріне  көрсетіп  отырған  қаржылай  көмегі. 
Биыл олар Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Ресейдің Астрахан қаласына 
бармақ.  Құрамында  жетпіс  адам  бар  бұл  ұжым  көршілес  елдің 
аумағында  орналасқан  Құрманғазының  мәдени  қорығында,  ұлы 
күйшінің сүйегі жатқан жерде болып, оның рухына тағзым етпек. 

160
Міне,  осыған  кететін  шығынның  бәрін  үкімет  өзі  көтеріп  отыр. 
Шілдеде  студент  жастардың  симфониялық  оркестрлерінің  үлкен 
халықаралық  фестивалі  төрт  қалада  өтті.  Флоренция,  Рим,  Лон-
дон, Берлин. Құрамында елу адамы бар біздің студенттер оркестрі 
Лондондағы атақты Барбикан-холлдың сахнасында өнер көрсетіп, 
классикалық  музыкадан  концерттер  берді.  Оларға  қыруар  ақша 
мемлекеттің қалтасынан төленді. Ал алдыңғы жылы өзім демеуші 
тауып,  жүз  адамды  Берлинде  өткен  фестивальға  алып  бардым. 
Біздің студенттердің шеберліктеріне сүйсінген неміс және осында 
болған шетелдік музыка мамандары: «қараңызшы, қандай сапа, ке-
ремет қой бұл!» деп таңқалыстарын жасыра алмады. Ал зал толы 
үш мың көрермен түрегеп тұрып дүркірете қол соқты. Сол біздің 
шәкірттер  ойнаған  барлық  концерттерді  теледидарлар  өздерінің 
бейне  таспаларына  жазып  алды.  Қазір  Берлин  теледидары  мен 
радиосы сол концерттерді тұрақты беріп тұрады. Бұл фестивальға 
АҚШ-тың, ЕуроОдақ елдерінің, Ресейдің, Қытайдың, Жапонияның, 
Оңтүстік-Кореяның  оркестрлері  қатысып  өнер  көрсетті.  Міне, 
осындай  беделді  халықаралық  фестивальдарда,  байқаулардағы 
жетістігімізді көрген басшылар бізге назар аударып, қаржы бөліп, 
қол ұшын бере бастады. Ал біздің қолдан келмейтін көптеген күрделі 
мәселелерді шешуге үкіметтің өзі атсалысып жатыр. Бүгінде Пар-
ламент  депутаттарының  шешімімен  бұл  мақсаттарға  ендігі  жерде 
арнайы қаржы бөлініп, тұрақты қолдау көрсетілетін болды. Сөйтіп 
бұл мәселе өз шешімін тапты. Келесі жылы да осылай болатынына 
сенемін. Қазір біздің жағдайымыз көршілес елдердің консерватори-
яларымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы.
– Қазақ музыка өнерінің осы бір қара шаңырағының тізгінін 
ұстағаныңызға  да  біраз  жылдар  болған  шығар.  Сіз  келгенде 
консерваторияның жай-күйі қандай еді?
– Ахаң сынды саңлақтар негізін қалап, алғаш ұстаздық еткен осы 
бір киелі өнер отауының басшысы болам деген ой үш ұйықтасам да 
түсіме кірмеген. Бірақ бәрі де ойламаған жерден болды. Сонымен 
міне, он жыл болды, осында ректорлық қызметті атқарып келемін.
Мен  келгенде,  әрине,  консерваторияның  жағдайы  мәз  емес 
еді.  Бұл  өтпелі  кезеңнің  ең  ауыр  жылдары  болатын.  Консервато-
рия ұзақ ұйқыға кеткен жандай сұлап жатқан. Білікті кадрлардың 
біразы шет ел асып кеткен. Қаржы жоқ, мұғалімдердің жалақысы 
төмен.  Қысқасы  әбден  азып-тозған.  Жұмыс  істеп  жүргендердің 
көңіл-күйі жоқ. Ертеңге деген сенімдеріне де селкеу түсе бастаған. 

161
Аудиториялар,  кабинеттер,  концерт  залдары  қыста  суық.  Сонда 
менің бір таңқалғаным неге екенін қайдам, сол кезде ұстаздар еш-
теме сұрамайды. Себебі үміттерін үзген болу керек. Ал қазір маған 
мұғалімдер  «студенттерді  Германияға,  Америкаға  апару  керек» 
деп келеді. Мен «жарайды барыңдар, міне ақша» деп қуана-қуана 
шығарып саламын. Мәселен, мен өзіммен бірге екі студентті Сеул-
ге алып бардым. Олар менімен бірге шеберлік сабақтарын өткізуге 
қатысты. Біздің барып қайту жолымызды консерватория төледі, ал 
онда  болған  күндеріміздің  шығынын  сондағы  Қазақстан  елшілігі 
өздері көтерді. Қазір бізде қаржы проблемасы жоқ.
–  Демек,  бұл  консерватория  еңсесін  көтеріп,  бойын  тіктеді 
деген сөз ғой. Ендігі жерде жаңа жобаларды да қиналмай қолға 
алып жатқан боларсыздар. Біздің оқырманымызға солар туралы 
да айта кетсеңіз?
– Соңғы он жылдан бері консерватория ерекше ырғақпен өмір 
сүріп, белсенді жұмыс істеуде. Осы жылдар ішінде біздің жоғары 
оқу орнында үлкен өзгерістер болды. Консерватория өзінің қызмет 
көрсету аясын едәуір кеңейтті. Қазір бұл жай оқу орны емес. Мәдени 
және білім беру саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыратын ірі 
орталықтардың бірі. 
Біз ең алдымен аса маңызды проблемаларды шешуден бастадық. 
Алдымен  материалдық-техникалық  базаны,  аспаптарды  жаңарту, 
білім  беруге  қажетті  техникалық  құралдарды  жаңалау,  ескілерін 
жөндеу, жаңа оқу корпусын салуды қолға алдық.
Екінші біздің қадамымыз халықаралық байланыстарды қалпына 
келтіру  болды.  Біз  білім  берудің  халықаралық  кеңістігіне  енуге 
ұмтылдық.
Осы жылдар ішінде консерватория белгілі бір нәтижелерге жетті. 
Оқу орынның статусы көтерілді. Беделі артты. Студент жастардың 
білімге деген көзқарасы өзгерді. Ертеңге деген сенімділік пайда бол-
ды. «Қазақ консерваториясы ТМД елдерінде ғана емес, осы типті 
шетелдік  оқу  орындары  арасындағы  музыкалық  білім  беретін  ең 
үздік әрі тұрақты дамып отырған бірден-бір жоғары оқу орны» де-
ген пікірді мен еуропалық әріптестердің аузынан талай рет естідім. 
Әрине,  олар  бюджеттік  қаржыландырудың  артқанын  ғана  айтып 
отырған  жоқ.  Жаңа  шығармашылық  идеялардың,  инновациялық 
бастамалардың, халықаралық келісім шарттардың кең етек алуын 
айтса керек. Бұл баға басқалардың алдында біздің ұстанымымызды 
берік  ете  түседі.  Біз  бұған  мастанбаймыз.  Белсенділікпен  алға 

162
жылжыған сайын біздің қадамымыз бұрынғыдан да гөрі сенімдірек, 
ал ісіміз әлдеқайда ауқымдырақ бола түсуде.
Күні  кеше  студенттердің  құрамында  сексен  адам  бар 
симфониялық оркестрді шетелдік гастрольге шығару жөніндегі ірі 
жобаны жүзеге асыру мүмкін бе еді. Ол тіпті түсімізге кірмейтін. 
Мәселен,  қазақтың  халық  аспаптар  оркестрі  биыл  және  келесі 
жылы  Ресейдің  біраз  қалаларына,  сондай-ақ  Қытайдың  Үрімжі 
қаласына гастрольдік сапармен бармақ. Ал студенттер хоры келесі 
жылы көктемде Симфиропольде өтетін халықаралық фестивальға 
қатысады. Қазіргі кезде біздің симфониялық оркестрдің еуропалық 
беделді фестивальға қатысуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. 
Көп жылдан бері бізде тұрақты халықаралық пианистер байқауы, 
«Наурыз-21»,  жаңа  заман  музыкасы  халықаралық  фестивалі  өтіп 
тұрады. «Жарқыраған жұлдыздар» атты арнайы оқу бағдарламасы 
жұмыс  істейді.  Шетелдік  әріптестеріміздің  де  қатары  көбейіп 
келеді.  Үстіміздегі  жылдың  жазында  әлемнің  жетекші  музыкант-
тары,  сондай-ақ  Лондонның  атақты  симфониялық  оркестрінің 
солисттері  қатысқан  халықаралық  «Шеберлер-класы»  фестивалін 
өткіздік. Біз шетелдік дирижерлардан біздің оркестрлермен жұмыс 
істегісі келетіндерін білдірген өтініш хаттарды жиі алатын болдық.
–  Қазақтың  дәстүрлі  өнерін  дамытуға  қосқан  консерва- 
торияның еңбегі ұшан теңіз екенінде ешкімнің дауы болмас. Осы 
игі  іс  қазір  де  өз  жалғасын  тауып  жатқанына  менің  күмәнім 
жоқ. Бүгінгі күні қандай өзгерістер бар екенін білгіміз келеді.
–  Ия,  қазақтың  дәстүрлі  музыкасы  бгінде  жаңа  қарқынмен 
әрі  қуатты  серпінмен  даму  үстінде.  Бұған  ұлттың  өзіндік  ақыл-
ойының өсе түсуі әрі ұлттық намыстың оянуы ерекше ықпал етіп 
отыр. Олардың өзіндік тәжірибесі де мол, өзіндік деңгейі де биік. 
Біз осыны одан әрі өркендетіп, қазақтың бай музыкалық мұрасын 
сақтау үшін аз жұмыс жасап жатқан жоқпыз. Аса көрнекті халық 
композиторлары Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Дәулеткерей, әнші-
композиторлар Ақан сері, Біржан сал, Естай, Мәди сынды дүлдүлдер 
мен  бұлбұлдардың  асыл  мұрасын  әрі  шығармашылығын  кеңінен 
насихаттау мақсатында мемлекеттік «Мәдени мұра» аясында терең 
зерттеу  және  қайта  зерделеу  жұмыстарын  жүргізіп  жатырмыз. 
Тек  қана  консерватория  педагогтарының  өзі  Құрманғазы,  Ахмет 
Жұбанов, Мұқан Төлебаев сияқты қазақ өнерінің кесек тұлғалары 
және  композиторлар,  орындаушылар,  зерттеушілер  туралы  жи-
ырмадан  астам  ғылыми-зерттеу  монографияларын  жазды.  Соны-

163
мен қатар жаңа жинақтар, сирек жазбалардың компакт-дискілерін 
шығара бастадық.
Бұл салада халықаралық жетістіктеріміз де жоқ емес. Мәселен, 
Голливудта  өткен  әлем  чемпионатында  қобызшы  Л.Тәжібаеваның 
төрт Алтын медаль жеңіп алғанын айтсақ та жеткілікті. Бізде «Асыл 
мұра», «Күй-Ұран» сайыстары да жиі өтіп тұрады.
– Сіз гастрольдік сапарлармен және қызмет бабымен төрткіл 
дүниенің  төрт  бұрышында  түгел  болдыңыз  десек  қателесе 
қоймаспыз. Яғни, шетелдік музыка мамандарымен де жиі кездесіп 
жүрсіз.  Жалпы  олармен  шығармашылық  байланыстарыңыз 
қандай?
– Бізді олар өте жақсы қарсы алады, біледі, бағалайды. Себебі, 
біздің  музыканттардың  кәсіби  деңгейі  басқа  көптеген  елдерге 
қарағанда өте жоғары. Бірақ әлі де болса бізге өзімізді-өзіміз танысты-
ру, насихаттау, жарнамалау жетіспей жатыр. Бірақ бұған қарамастан 
халықаралық  білім  саласында  болсын,  мәдени  және  тәжірибе  ал-
масуда  болсын  біздің  қарым-қатынастар  жақсы  дамыған.  Қазір 
біз  Франция  Сыртқы  істер  министрлігі  қаржыландырып  отырған 
Париждегі  музыка  мен  би  ұлттық  консерваториясының  француз 
музыкасы бағдарламасында, жоғары мәртебелі Ага Ханның «Жібек 
Жолы» мәдени қоры және Ио-Ио-Ма американдық вилончелистің 
жобасына,  германиялық  DAAD  үкіметтік  ұйымымен  және  Гете 
институтымен бірлескен бағдарламаға, Қазақстандағы АҚШ, ҚХР 
елшіліктерінің,  Ұлыбританияның  Британдық  кеңесінің  мәдени 
бөлімдерінің  жобасына,  Италияның,  Израильдің,  Швейцарияның, 
Польшаның,  Малайзияның,  Қытайдың,  Жапонияның,  Ресейдің 
елшіліктерінің деңгейінде шеберлік сабақтарын, концерттер өткізіп 
және  гастрольдік  сапарларға  тұрақты  шығып  тұру  жоспарларына 
қатысып отырамыз. Бұл айтқандарым жүзден бір ғана. Қазір бізге 
мүмкіндік мол. Тек соны тиімді пайдалансақ болғаны.

164

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал