Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет15/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

Оларға жаңа бояу, соны рең берді. Жаңа заманға бейімдеп оның 
төл тума дүниесіне айналдырды. қазақтың жаны қазақтың әні 
десек сол жанға Роза өзінің әншілік өнерімен дем беріп, оның 
өмірін  ұзарта  түсті.  ұлттық  мәдениетіміздің  алтын  қорына 
қосылған асыл әндері бүгінде классикалық шығармаларға ай-
налып музыкалық мұрамызды байыта түсуде. ыстамбұлда, Со-

144
фияда, Гаванада, Мәскеуде өткен халықаралық әншілер дода-
сында топ жарған Роза отыз жылдан астам еліміздің және алыс, 
жақын шетелдердің сахнасының сәні, сүйікті әншісі, ардақты 
қонағы  болып  келеді.  Розаның  құдіретті  даусының  сиқырлы 
сазына ұйымаған жан біздің елімізде және шетелдерде жоқ бо-
лар. Оның даусы баяғыдай қуатты және бояуы қанық.
Ол  шырқап  жүрген  «қазақ  елі»,  «Ертеңіме  сенемін», 
«Гүлдене бер, туған ел», «Туған жер», «атамекен», «Әлия» сын-
ды әндер жас ұрпақтың бойына Отанына, еліне, жеріне деген 
сүйіспеншілік сезімді ұялататыны сөзсіз. қазақ әнінің аңызына 
айналған  Роза  Рымбаеваны  бірнеше  ұрпақ  тыңдап,  соның 
әнімен  өсті  десек  қателесе  қоймаспыз.  Оның  ән  альбомдары, 
компакт  дискілері  қолдан-қолға  тимеді.  ғасырларды  жалғап 
жатқан Розаның әндері көршілес Ресей елінде де компакт дискі 
болып шығып жатқаны біз үшін, әрине, мәртебе.
Әншілік өнеріміздің эталоны болған Розаға жолығып, қазіргі 
қазақ  эстрадасының  бағыт-бағдары,  бет  алысы  және  оның 
келешегі жөнінде ой өрбіткен едік.
– Сіздің талантыңыз, таза күмістей сыңғырлаған даусыңыз 
тек еліңізді ғана баурап алған жоқ. Ол әлемнің көптеген елдерін 
де өзінің табиғи құдіретімен табындырғанына әрі табындырып 
келе  жатқанына  куәміз.  Нағыз  өнер  елдің  мәдени  дәстүріне, 
тіліне  қарамастан  халықтарды  біріктіретіні  белгілі.  Өнер 
бізді  бір-бірімізді  жақсы  білуге,  түсінуге  үйретеді.  Сондықтан 
да  бүгінде  бейбітшілік,  достық  және  махаббат  жұлдызына 
айналған Роза өзінің әншілік миссиясын қалай сезінеді?
– Әншілік миссияны толық орындау мүмкін емес шығар. Себебі, 
халықтың  көңілінен  толықтай  шықтым  деп  қалай  айта  аласың. 
Өнер адамы болғаннан кейін өмір бойы сенің шығармашылығың да, 
сенің жауапкершілігің де тоқтамайды. Сен өнер адамы ретінде өмір 
бойы ізденумен, шыңдалумен, шеберлігіңді жетілдірумен жүресің. 
Сондықтан  мен  ойлаймын,  әрқашанда  қарыздармын  деп.  Себебі, 
бізді халқымыз, мемлекетіміз еркелетіп үлкен құрметті атақ беріп, 
жағдайды жасап, өнерімді жоғары бағалап жатыр.
– Кейінгі толқын оқырмандардың есіне мынаны сала кетсек 
артық  болмас.  Сіздің  әншілік  өнердегі  алғашқы  жұлдызыңыз 
ұмытпасам  1976  жылы  жанды-ау  деймін.  Сол  жылы  өткен 
бүкілодақтық «С песней по жизни» телевизиялық байқауының 

145
лауреаты  атандыңыз.  Бұдан  кейін  халықаралық  «Алтын  Ор-
фей» байқауындағы тамаша жеңісіңіз – ГранПри. Сіздің орын- 
дауыңыздағы «Әлия» әні менің ойымша әлемді шарлап шықты-
ау, сірә?
–  «Әлия»  –  бұл  менің  өзіндік  «визиттік  карточкам».  Менің 
әншілік тағдырыма жол ашқан, халықаралық байқауларды жеңіске 
жеткізген,  өнерде жоғары  биікке  көтерген  әрине,  «Әлия»  әні  ғой. 
Бірақ  «Әлиямен»  шектеліп  қалуға  болмайды.  Мен  осы  отыз  екі 
жылдан бері ең аз дегенде екі жүз, үш жүз ән орындаған шығармын. 
Соның ішінде халыққа кең тараған ән, әрине «Әлия». Осы әнмен 
өмірдегі алғашқы жүлдені иеленгенім есімнен кетпейді. «Әлия» – 
әншілік  өнерімнің  жұлдызын  жаққан  ән.  Осы  әнмен  бағым  ашы-
лып,  жүре  берді  десем  де  болады.  Бұдан  кейін  де,  әрине,  талай 
әндер  шырқадым,  бірақ  «Әлияның»  орны  бөлек.  Сондай-ақ  1983 
жылы Гаванада өткен халықаралық байқау да есімде мәңгі қалыпты. 
Онда Куба әндерін тек испан тілінде шырқау қажет болды. Бұрын 
мұндайды көрмегем, сонда қатты қиналдым. Амал жоқ, талап сон-
дай.  Айтып  шықтым.  Өзіме  жақсы  көрінді.  Маған  бірінші  жүлде 
берілгенде қуаныштан басым айналғандай болды. Осындай сезімді 
мен бірінші рет «Әлия» әнімен «Алтын Орфейді» алғанда бастан 
кешіріп едім.
–  Сіз  өнердегі  өмірім  сәтті  болды  деп  ойлайсыз  ба?  Жалпы 
«бала арманыңыз» орындалды ма?
–  Әрине!  Мектепте  оқып  жүрген  кезден  бастап  өнерге  талпы-
нып, музыка мектебіне де бардым, көркемөнерпаздар үйірмелеріне 
да қатыстым. Мектеп қабырғасында жүргенде әр түрлі байқауларға 
көп қатысатынмын. Соның арқасында осы Алматыға келіп, осын-
да  1975  жылы  Шәмші  ағамыз  төраға  болған,  Жеңістің  отыз 
жылдығына арналған байқауда жеңімпаз болғам. Одан кейін 1976 
жылы  «Гүлдерге»  келдім.  Міне,  содан  бері  сахнадамын.  Мен 
кезінде үздік қазақ-совет композиторларының әндерін шырқадым. 
Сол кездегі одаққа әйгілі Паулстың, Пахмутованың, Фельцманның, 
Фрадкиннің,  Саульскийдің,  Тухмановтың  жаңа  әндерінің  тұсауын 
кестім.
Әр  композитордың  өзіне  өзіне  тән  ерекше  мәнері,  стилі  бар 
ғой. Сондықтан мынау керемет, мынау артық деп айта алмаймын. 
Мәселен,  Нұрғисаның  «Куә  бол»,  Жанбота  Тұяқбаевтың  «Ата-
мекен»  деген  әндерін  өте  сүйіп  орындаймын.  Бұл  екеуі  мүлдем 
бөлек,  әртүрлі  диапозондағы  әндер.  Біреуі  лирикалық  болса, 

146
екіншісі патриоттық ән. Сондай-ақ «Әлия» мен Әсет Бейсеуовтың 
«Шақырады көктемін» салыстыруға болмайды. Жасаған образының 
қайсысы  өзіңе  жақын,  сол  көрерменге  де  жақын  болады.  Әрбір 
образға үлкен шеберлікпен кіруің керек. Ән дегенің де театрдағы 
рөл  сияқты.  Сондықтан  да  біреуі  кем,  біреуі  артық  деп  айта  ал-
маймын. Әрқайсысының өзінің ерекше менің жүрегімде орны бар. 
Сол әндермен бірге қайғырып, бірге қуанам. Оған өзімнің ойымды, 
сезімімді, жанымның жылуын қосамын. Бұл менің өмірім деуге бо-
лады. Бұл менің өмірімнің суреттемелері, бейне көрінісі.
Көпшілік  ойлағандай  менің  репертуарымдағы  бірінші  ән 
«Әлия» емес, «Әдемі-ау» болатын. Пианист және композитор Еркін 
Ынтықбаевпен мен он бес жыл шығармашылық бірлікте болдым. 
Ол  менің  көптеген  әндерімді  сүйемелдеді.  Өзім  айтып  жүрген 
әндердің  бәрі  дерлік  өзімнің  сүйікті  ақын-композиторларымның 
шығармалары. Олар Е.Ынтықбаев, Т.Сарыбаев, А.Бейсенов, М.Ер- 
жанова...
Балалық шақ – менің өмірімдегі ең бір бақытты кезең болды. Сол 
кезде «әнші болсам» деп армандадым, менің арманым орындалды. 
Әзірге тыңдармандарым барда, мен ән шырқай беремін...
–  Өнердегі  бақталастық,  қызғаныштық  дегенге  қалай  қа- 
райсыз? Сіздің «жауларыңыз» бар ма?
– Мен бұның бәрін ұнатпаймын. Өйткені әркімнің өзінің орны 
бар ғой. Ешкім ешкімнің орнын тартып алмайды. Бірақ деңгейі 
жағынан  да  жоғары  дәрежелі  өнер  көрсетіп  жүрген  әншілер 
және  де  сол  баяғы  бір  деңгейде  қалып  қойған  әншілер  де  бар. 
Мен ойлаймын, бақталастық бар болса бар шығар. Бірақ өзімнің 
ешкімге  қызғанушылығым  жоқ.  Себебі,  өзімнің  әндерімді  ғана 
орындаймын,  өзімнің  көрерменім  бар  деп  санаймын.  Ал  өзім 
мұндай  жаман  қасиеттерден  аулақ  болғанды  қалаймын.  Өмірде 
сіз айтқандардың бәрі бірдей болмаса да, адамбыз ғой, берен-са-
ран кездесіп қалады. Менің достарым көп, жауым жоқ. Мені ашу-
ландыру  қиын,  мен  жеңілтек,  тез  бұлқан-талқан  болатын  адам 
емеспін. Ал өзіме ұнамайтындармен сирек кездескенді әрі аулақ 
жүргенді қалаймын.
–  Сіз  «советтік»  деген  сөзді  аузыңызға  алғанда  оған  деген 
сағыныш нотасы еріксіз байқалып қалатын сияқты. Жоқ әлде 
бұл маған солай көріне ме?
– Неге? Өзіме не тілесем, соның бәріне шын мәнінде мен кеңес 
дәуірінде қол жеткіздім. Алғашқы жетістік, халықтың және бүкіл 

147
әлемнің тануы. Қай жерде болсам да мен өзімді еркін сезіндім, елдің 
ыстық ықыласына бөлендім, өнеріме риза болған жұрт құрметтеп 
қол соқты, құшағым гүлге толды. Бұл дәстүрдің алдағы уақытта да 
өзінің  жалғасын  таба  беретініне  сенемін.  Қазір  біздің  елдерімізде 
болып  жатқан  жақсы  істердің  бәрі  сол  кеңестік  дәуірден  бастау 
алып жатыр. Бізді әлі де болса көп нәрсе байланыстырады. Жалпы 
мен  мынаған  сенімдімін:  КСРО-ның  бұрынғы  одақтас  республи-
калары тәуелсіздік алғаны бұл – керемет! Бұл өз тағдырын өзінің 
қалауынша  құруға  деген  мүмкіндік.  Бірақ  Құдай  басқа  бермесін, 
егер біздің біреуімізбен бірдеңе болса онда біз қайтадан бір-бірімізге 
көмекке келетінімізге сенемін.
–  Сіздің  кәсіби  сахнадағы  алғашқы  ұстазыңыз  әрі  сүйікті 
жарыңыз,  марқұм  Тасқын  Оқаповтың  әншілік  өнеріңізге  сі- 
ңірген  еңбегін  ешнәрсемен  өлшеуге,  теңеуге  болмас  деймін. 
Балаларыңыздың арқасында Тасқынсыз өмір жалғасып жатыр. 
Осы  уақыт  ішінде  қиындыққа  кез  болып,  қиналған  кезіңіз  бол- 
ды ма?
–  Тасқынсыз  өткен  өмірім,  әрине,  оңай  деп  айта  алмаймын. 
Бірақ маған Тасқын жиырма үш жыл бойы қодаушым, дирижерім, 
ұстазым болып үйретіп кетті ғой. Сол салған жолменен жүріп келе 
жатырмын. Ал енді қазір Тасқынсыз да көптеген концерттер беріп 
жүрмін. Бірақ сол Тасқынның мектебі, Тасқынның сценариі, соның 
режиссерлік  қойылымы,  соның  репертуар  талғамы,  соның  оркес-
трмен жұмыс істеу әдісі, соның бәрі маған берілді деп ойлаймын.
Менің  өмірімде,  сондай-ақ  өнерімде  сүйікті  жарым  Тасқын 
Оқапов  орны  ерекше,  рөлі  зор,  оны  бір-екі  ауыз  сөзбен  айтып 
жеткізу  мүмкін  емес.  Мен  Тасқынмен  танысқанымда  он  жеті  жа-
ста болатынмын. Екі жыл таныстықтан кейін отбасын құрдық. Ал-
маты  ресторандарының  бірінде  Тасқын  маған  өз  көңілін  білдірді. 
Мен ешқандай қалжынсыз, күдіктенбестен сызылып жатпай-ақ нық 
сеніммен «ия» деп бірден жауап бердім. Тасқын кәсіби сахнадағы 
алғашқы ұстазым. Ол өмірден өтсе де мені рухымен қорғап, қолдап, 
жолға салып, шығармашылығыма сын көзбен қарап тұрғандай бо-
лып көрінеді. Мен оны үнемі сезініп жүрем.
– «Менің тыңдармандарым бар да, мен ән шырқай беремін...» 
деген  сөзіңіздің  астарында  көп  мән  жатқандай.  Демек  өзіңізді 
қашанда сағына күтетін көрермендерге тартатын тартуыңыз 
әлі  мол  екеніне  біздің  дауымыз  жоқ.  Ендеше  әңгіме  төркінін 
алдағы жоспарларға қарай бұрсақ.

148
–  Биыл  мен  отыз  жылдық  есеп  беру  концертімді  өткіздім.  Ол 
республикамыздың  көптеген  қалаларында  Астана,  Алматыда 
өтті. Оны күнделікті теледидардан көрсетіп жатыр. Ал енді келесі 
жылғы көктемге тағы да жаңа бағдарлама дайындап жатырмын. Ол 
жаңа оркестрдің сүйемелдеуімен болады. Якв ханның «Про джаз» 
деген бэкпенд оркестрі бар. Бұл оркестрмен орындалатын әндердің 
мәндері өзгешелеу джазға жақындау болады. Сондай ерекше жаңа 
бағдарлама  әзірлеу  үстіндемін.  Сондай-ақ  жыл  сайын  дәстүрлі 
«Көктем  шақырады»,  «Мен  шақырамын»  деген  жаңа  жобалар  да 
бар.
Сондай-ақ  жақында  ғана  «Бақыт  құсым»,  «Сенімен  біргемін» 
және Еркін Ынтықбаевтың жаңа әніне клип түсірдім.
– «Мен оқудан ешуақытта жалықпаймын» дейсіз, яғни «бол-
дым,  толдым,  жеттім!»  деп  тоғышар  мінез  танытқыңыз 
келмейтінін  білеміз.  Ол  сіздің  болмысыңызға  жараспайтын 
қасиет. Сонда «ізденуден, оқудан, шеберлікті шыңдаудан» әсте 
жалыққан жоқсыз ба? Бәріне қолыңыз жеткен сияқты ғой.
– Мен үйренуден әсте жалықпаймын. Өнер деген өмір бойы іздену. 
Ол адамның өмірі сияқты. Ол адамның күнделікті өзгеріп тұратын 
көңіл–күйі,  күнделікті  айналамызда  болып  жатқан  оқиғаның  бәрі 
біздің  репертуарымызда  орындалып  жатады.  Сондықтан  адам 
ізденбесе, қызықпаса, жалпы айналада болып жатқан дүниеге назар 
аудармаса, ол адам өнер адамы ретінде өспей қалады.
Әнші  ән  айту  өнерін  ғана  меңгеріп  қоймай,  актер  де  бола 
білуі  қажет.  Өйткені,  сахнада  ойнай  білетін  әнші  ғана  әннің  ішкі 
мазмұнын терең ашып, көрермендерге әннің айтпақ ойын жеткізе 
алады. Қазақ эстрадасында өзіндік дауыстары бар әншілер де бар, 
бірақ олар әлі пісіп жетілмеген, кәсіби дамымаған, шикілеу. Жалғыз 
талант  жеткіліксіз,  зергердің  қолынан  шыққан  асыл  тастай  болу 
үшін  қырып  өңдеу  қажет.  Менің  жетістікттерімнің  басты  сыры 
осында шығар.
– Роза, өмірде, өнерде өзіңіз еліктеген, соларға ұқсағыңыз кел-
ген адамдар болды ма? Олар сізді қандай қасиетімен еліктірді?
– Мен өмірде талай адаммен кездестім. Олардың арасында өзім 
еліктегендер де болды. Бірақ әр адамның өмірде өз жолы бар, ол 
сол  жолмен  өмірінің  соңына  дейін  жүріп  өтуі  керек.  Ал  әншілік 
тұрғыдан алғанда мен еліктегеннен гөрі үлкен әншілерден үйренуге 
тырыстым.  Мәселен,  Бибігүл  апайдан,  Ермек  ағайдан,  Роза  апай-
дан, Кәукен ағадан алған әсерлерім ерекше.

149
Біреуге ұқсап ән айту деген өзіңді әнші ретінде жоғалту емес пе? 
Әр өнер адамының өзіне ғана тән дауысы, мәнері, стиль, қолтаңбасы 
болуы  керек  деп  түсінемін.  Сонда  ғана  өнеріміз  өседі.  Ол  алуан 
үнді, сан түрлі бояулы болса онда мұндай өнердің өмірі ұзақ, мәні 
зор, елге берері мол болатынын айтпасам да білесіз.
–  2005  жылы  Ресей  астанасы  Мәскеудегі  «Ресей»  орталық 
концерт  залының  алдындағы  гүлзарда  сіздің  «жұлдызыңыз 
жанды».  Осы  бір  керемет  оқиға  сіздің  жадыңызда  несімен 
қалды?
–  Ол  Ресей  мемлекеті  Мәдениет  министрлігінің  шешімімен 
және  «Ресей»  орталық  концерт  залының  қолдауымен  болды.  Ал 
мен жағынан соған жауап ретінде концерт бердім. Концертті халық 
жылы  қабылдады.  Бұл  менің  өнеріме  берілген  жоғары  баға  деп 
есептеймін. Тек қана біздің халықтың ғана емес, Ресей мемлекетінің, 
жалпы ТМД елдерінің атынан қойылған құрметті белгі деп санай-
мын. Себебі, «Жұлдыздар гүлзарына» жұлдызын қою деген Кеңес 
одағынан келе жатқан дәстүр.
–  «Жаңа  ғасыр,  жаңа  бағыт,  жаңа  көзқарас»  дегендерге 
өзіңіз қалай қарайсыз? Өнердегі олардың көрінісі қандай? Сіздің 
көңіліңізден шыға ма?
–  Әрине,  көңілімнен  шығады,  заманға  сай.  Біздің  жастарымыз 
қазір нені көріп жатыр? Бүгінгі өмірдің мәнері қандай? Олар соны 
меңгеруге ден қойып, сахнаға жаңа заманға сай стильмен шығуға ты-
рысып жатыр. Әр заманның өзінің әні, өзінің мәнері, өзінің сәні бар 
ғой. Сол сияқты біздің өнерпаз жастарға сен он жыл, жиырма жыл 
болған сәнді немесе сол кездегі музыканы мойнына іле алмайсың 
ғой. Олар бүгінгі өзінің  әнін, өзінің музыкасын орындайды. Бүгінгі 
күннің  мәнерімен  жазылған  әндерді  шырқайды.  Сондықтан  әр 
заманның өзінің ән өнері бар. Өзіне тән орындаушылық деңгейі бар. 
Бүгінгі жастар сол мәнерде орындап жатыр. Әрине, ол әрқашанда 
нанымдырақ  жоғары  кәсіби  деңгейде  болмауы  мүмкін.  Мен  өзім 
әуесқой өнерді әуесқой қабылдаймын. Кәсіби өнерді жоғары өнер 
деп  қабылдаймын.  Ол  орындаушының  өзінің  деңгейінен  бірден 
білініп тұрады емес пе?
–  Қазір  кәсіби  композиторларымыз  неге  ән  жазбай  кетті? 
Бұның себебі неде?
– Неге жазбайды, жазады. Мен Кеңес ағаның, Алтынбектің біраз 
жаңа  әндерін  орындаймын.  Оларды  жазбай  кетті  деп  жазғыруға 
болмайды.  Мүмкін  насихаты  жоқ  шығар.  Себебі  қазіргі  жас 

150
әншілеріміз өздерінің құрбы-құрдастарының әндерін айтады. Ал біз 
ағаларымыздың әндерін орындап жүрміз. 
– Сіз өзіңізге және жалпы әншіге қандай талап қоясыз? Жаңа 
заманауи әншілердің бойында ең алдымен қандай қасиет болу ке-
рек деп ойлайсыз? Жалпы өнер адамы қазір қандай болғаны жөн?
– Ең алдымен сауаттылық. Жан байлығы. Өнерді жанындай сүю. 
Көрерменді алдамау, онымен байланыс орната білу. Жасандылыққа 
жол бермеу. Сахнаны сезіну. Фонограммаға көп әуестенбеу. Табиғи 
дауыспен  ән  шырқауға  машықтану.  Өз  басым  көптен  бері  фоно-
граммасыз ән салып жүрмін. Әрине, бұған үлкен дайындық қажет. 
Қазіргі қазақ эстрадасында даусымен жұртты таңқалдырып жүрген 
вокалдық  дайындықтары  да  жоғары  деңгейде,  өзім  құрметтейтін, 
жаныма жақын әншілер де жоқ емес, бар. Әсіресе Медеу Арынбаев-
ты, Жеңіс Ысқақованы ерекше атағым келеді.
Мен  әншілердің  бойындағы  жауапкершілікті  және  кәсібилікті 
өте ерекше бағалаймын.
– «Роза неге продюсерлік орталық құрмайды? Сөйтіп жас та-
ланттарды  неге  өнерге  баулымасқа?»  деп  сіздің  атыңызға  наз 
айтып жүргендер де бар тәрізді. Бұған не дейсіз?
– Продюсер болу деген сөз өзіңнің өнеріңді қойып, басқа өнермен 
айналысу деген сөз. Оған менің уақытым жоқ. Өзімнің гастролімнен 
қолым босамайды. Ұстаздық жұмысқа да қолым тимейді. Мен өзім 
үш жыл сабақ бердім де жұмыстан шығып кеттім. Себебі гастроль 
көп  болғаннан  кейін  студенттер  бос  қалады.  Сондықтан  ондай 
жалған  сабақ  беруден  бас  тарттым.  Бекер  студенттердің  обалы-
на қалғым келмеді. Кейін қолым біраз босаған кезде, әрине, сабақ 
беремін.
–  Әртіске,  әншіге  саясатпен  айналысу  қажет  пе?  Сіз  «Нұр 
Отан» халықтық-демократиялық партиясын неге таңдадыңыз?
– Мен «Нұр Отан» партиясына 1999 жылы кірдім. Ол кезде Серік 
Қонақбаев екеуміз бірінші болып партияға қабылданғанбыз. Қазір 
партияның құрамында қанша мың халық бар, ол кезде партияның 
қатарында сол бір бес, алты адам болғанбыз. Патриоттық үлкен бір 
қозғалыс болсын деген оймен кіргенбіз. Қазір ол жалпы халықтық 
партия болды.
Бүгінде елімізде тек экономикада ғана емес, әлеуметтік өміріміздің 
барлық  саласында  болып  жатқан  жақсы  өзгерістерге  менде  өз 
үлесімді қосқым келеді. Сауатты жүргізіліп жатқан реформалардың 
жетістігін  халық  көріп  отыр.  Әл-ауқат  жақсарды.  Жағдай  жа-

151
ман емес. Осы елдің бір қызы болғандықтан осының бәрінен тыс 
қалғым келмеді. Оның үстіне азаматтық жауапкершілікке, патрио-
тизмге шақыратын бағдарламалары да менің жаныма жақын. Менің 
ойымша қазір бұл өте маңызды. Қазір біздің еліміздегі бірден-бір 
ең бұқаралық партия осы. Оның тірегі интеллигенция мен жастар. 
Ол  елдегі  реформаның  тағдырына  шын  мәнінде  қатты  алаңдай- 
ды.  Біз  шығармашылықпен  айналысатын  интеллигенция  оның 
тұғырнамасын жан-жақты қолдауымыз қажет. Сонымен қатар мен 
құрметтейтін  көптеген  белгілі  адамдар  осы  партияның  қатарына 
өтті.
– Бүгінде кәсіби өнердің беделі түсіп, тіпті құлдырап кетті. 
Кешегі мүйізі қарағайдай әншілеріміз, ансамблдеріміз, компози-
торларымыз қайда кетті? Оларды ел сахнасынан, теледидардан 
көре алмайтын болдық. Айтыңызшы, бұның себебі неде?
– Мұндай  жағдай тек бізде ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының 
барлық республикаларына тән құбылыс. Мәселен, «Червона рута», 
«Верасы»,  «Ялла»  ансамблдері  қайда  кетті?  Николай  Гнатюк,  Як 
Йолла, қайда жүр? Тухмановтың, Фрадкиннің, Бабаджянның әндері 
неге  естілмейді?  Өйткені  заман  өзгерді.  Талғам  өзгерді.  Енді  біз 
басқа  құндылықтарды  дәріптеуіміз  керек.  Қазір  алдыңғы  орынға 
ұлттық  құндылықтар,  ұлттық  мүдде  шықты.  Міне,  осыны  әлі 
жақсы түсіне алмай жүрген сияқтымыз. Ең алдымен ол ел басқарған 
ағаларға қатысты.
Мәдениеттің  басшылары,  әкімшілік,  ақпарат  құралдарының 
өкілдері  өз  ісіне,  өзіне  жүктелген  міндетке  сай  болса  сонда  ғана 
сахнада  тек  кәсіби  шеберлер  өнер  көрсетеді.  Өнерді  басқаратын 
ағалар өнердің жанашыры болса, онда ұлттық өнердің бағы ашы-
лады.  Бізге  маман  менеджерлер  керек.  Ал  қазір  сахнаға  ақшасы 
бар ала да, құла да шығып жатыр. Қазір отбасында отырған әйелде 
клип  түсіреді  де  сахнаға  шыға  береді.  Әрине,  бұған  халық  өзінің 
бағасын береді ғой. Көрермен өзінің деңгейіне қарай қабылдайды. 
Мен өзім көбіне классикалық музыканы тыңдаймын, соны жақсы 
көремін. Ал кейбіреулер керісінше қазіргі заман композиторының 
шығармаларын  жақсы  көреді.  Бәрі  халықтың  таңдауына  байла- 
нысты. Қазір таңдау өте көп. Бірақ кім музыканы түсінеді, әрине, – 
ол кәсіби музыканы тыңдайды.
Біздің  эстраданы  басқа  елдің  эстрадасымен  салыстыруға  бол-
майды. Себебі біздің өзіміздің ән орындау мәнеріміз бар. Өзіміздің 
ерекше музыкамыз бар. Біз басқаға ұқсамаймыз ғой. Біздің өзіміздің 

152
басқа  елге  ұқсамайтын  ұлттық  нақышымыз,  ұлттық  әуеніміз  бар. 
Сол жолмен жүреміз.
Осыдан  ширек  ғасырдан  астам  уақыт  бұрын  қазақ  эстрада-
сында ғажап бір гүл бүршік жарды. Оны мәпелеп өсірген шексіз 
жусанды дала. Ол өзінің табиғат берген барлық қасиетімен туған 
жеріне, туған еліне қуаныш сыйлады сыйлап та келеді. Оның та-
маша бүршігінен жарып шыққан қазақ эстрадасының Роза атты 
гүлі жайлы Еуропа еріксіз тамсанды. Гүл өркенін жая түсті. Ол 
қазақ  эстрадасының  жаңа  лебін  әлемге  таратты.  Ол  Шолпан 
жұлдыздай ән көгіне жарқ етіп көтерілді. Күннің шуағына малын- 
ған  Роза  өзіне  тән  қайталанбайтын  қасиетімен,  талантының 
құдіретімен өмірді нұрландыра түсті. Ол шырқаған әндер өзінің 
өзгеге  ұқсамайтын  реңімен,  ажарымен,  әуенділігімен,  мәнерімен, 
бізді өзіне ынтық етіп келеді. Нәзік те қарапайым Розаның жан 
дүниесі өзіндік бір әлем. Оның кілтін әріптестері, жан достары, 
өнер адамдары біледі. Роза өзінің әндерінің табиғатынан дархан 
даланың  болмыс  бітімін  іздейді.  Соны  шырқайды,  соны  халыққа 
жеткізеді. Оның әндерінің көбісі сол ұлы далаға арналған. Өмірдің 
мәні мен сәні махаббат та Розаның жүрегінен ән болып төгіледі. 
Сүйген  жар,  сүйікті  ұлдары  Әли  мен  Мәди  өмірінің  маңызы  мен 
мазмұны. Ән соларды өрнектеп, соларды көркемдеп тұрады.
Ән  мұхитының  айдынында  еркін  жүзген  Розаның  қазір  нағыз 
кемелді шағы. Демек, әлі де елін әсем де тартымды әндерімен тер-
бей бермек.
ЖӘниЯ ӘУБӘКІРОва,
Қазақстанның халық әртісі
Біз бүгін әлемді таңқалдырып отырмыз
Жәния  Әубәкірова  –  бүгінгі  заман  мәдени  өміріндегі  дара 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал