Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет13/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

ДӘнЕш РақышЕв,
Қазақстанның халық әртісі
«Елім менің, әнім менің...»
Біздің  бүгінгі  қонағымыз,  қазақстанның  халық  әртісі, 
Талдықорған  облыстық  филармониясының  солисі  –  Дәнеш 
Рақышев. Ол халқымызға бұлбұл үнді, бұлақ суындай мөлдір, 
әрі  жанға  жылы  әуенмен  танылған  дарынды  әнші  ғана  емес, 
«Мақтанышым – елім...» атты әндер жинағының да авторы....
–  Дәке,  орындаушылық  пен  ән  шығару  өнері  сіз  үшін  бір-
бірімен тонның ішкі бауындай жымдасып жатқан егіз дүние 
сияқты.
– Әншілік қасиет маған ерте қонды. Бойымда иненің жасуындай 
талант болса оның өркені өсуіне ықпал еткен – әкем Рақыш. Ол әрі 
домбырашы,  әрі  биші,  ауыз-екі  айтысқа,  қара  өлеңге  шебер,  той-
томалақта, айтысатын танымал өлеңші, ақын болған адам. Шешем 
Тәжіхан да ел арасына аты шыққан ақын, әрі суырып салма айты-
скер еді. Тағдырдың жазмышына амал бар ма? Анам жеті жасым-
да жарық дүниеден қайтты. Мен кейінгі Ақманар деген шешемнің 
қолында  өстім.  Ақманар  туған  анамдай  өзінің  ыстық  құшағына 
басты. Өзі де ойын-сауық десе елеңдеп, елегізіп отыратын. Дүние 
мүлікке біздің шаңырақ бай болмаса да, ән-күйге отымыздың басы, 
ошағымыздың қасы кеңде болып көрген жоқ. Әке-шешем көпшіл, 
қонаққұмар,  той  думаннан  қалмай  үнемі  көңілді  жүретұғын. 
Әкемнің байлығы да, бары да қолындағы екі гармоны. Мен алды-
мен гармон тартуға әуестендім. Әнді де гармонға қосылып айтатын-
мын. Жиын-тойда әкем жамағат жұрт көрсін, әнін тыңдасын деп, 
мені жиналған жүктің үстіне шығарып қоятын.
Он төрт, он бес жасқа толғанда мені Мәмет Қошқарбайұлы деген 
кісі домбырамен ән айтуға машықтандырды. Ол да әнші, ақын, сері 
жан еді. Әншілік өнердегі ұстазым, Мәмет аға 50-ден асқан шағында 
Семей  облысының  Мақаншы  ауданындағы  «Жарбұлақ»  совхо-
зында өмірден өтті. Әсеттің «Қаракөз», «Жайқоңыр», «Қоңырқаз» 
және «Ардақ» деген әндерін сол кісіден үйрендім. Домбырамен ән 
шырқау жан дүниемді жаулап алған еді. Жастық деген қызық қой. 
Кейін қалаға Құлжаға келгеннен кейін көшеде гармон көтеріп, біраз 
татарша да жырладық...
–  Дәке,  сіздің  бойыңыздағы  әнге  деген  құштарлық  сезім  ке-
ле-келе арналы бұлаққа айналып, буырқана тасып, жыр болып 
төгілді емес пе?

120
–  Ия,  ән  шығару  өнері  маған  1949  жылдары  қонды-ау  деймін. 
Сол кезде Құлжа қаласында қазақ, ұйғыр, музыкалы театры жұмыс 
істей бастаған. Осында ұйғырдың Әбдінәби Манапов және Шыңжан 
Жәмиев деген әуесқой композиторлары бар болатын. Олар ән жазып 
жүрді.  «Менде  ән  жазсам»  деген  әуестік  бойымды  билеп,  еріксіз 
елеңдетіп, еліктіріп ала жөнелді. Қызығы сол ән жазу осы екен деп 
ұйғырдың  әндерін  қазақшалап  айтады  екенмін.  Бірде  олар  ішегі 
түйіле күлмесің бе?
–  Ой-бой,  Дәнеш-ау,  мынауың  біздің  пәлен  деген  ұйғыр 
композиторының  әні  ғой.  Оны  сен  қазақтың  әніне  айналдырып 
алыпсың. Ән шығару деген олай болмайды, былай болады, – деп 
айтқан олардың әзіл-кеңесінің септігі тигені рас.
Жастыққа жарасымды сол бір қызыққа толы күндерді әлі күнге 
дейін сағынышпен еске аламын.
Өзімнің  тума  дүнием  –  тұңғышым  –  «Мақтанышым  елім  бар» 
атты  әнім.  Өлеңі  –  Құрманбай  Толыбаевтікі.  Онан  кейін  «Шалқы 
Сайрам»,  «Шаттық  толқыны»  сияқты  әндер  ел  ішіне  тарап  жат-
ты.  Бірақ  бұл  әндерімнің  барлығы  дерлік  көңілдегідей  көркем 
шығармалар деп айта алмаймын.
Кейбір халық әндерін екінші қайтара орындағанда, әуен сазына, 
домбыра қағысына, ішінара соңғы ырғақтар енгізіп, жымдастырып 
жіберетін де әуестігім бар. Міне, осыны аңғарып қалған тыңдаушы 
«Өткенде айтқан әніңізге мына ән ұқсамайды» немесе «бұл жолы 
сол  әннің  екінші  вариантын  орындадыңыз  ба»,  –  деп  таңырқап, 
таңданып жатады. Осының өзі сол ән жазу өнерінің әсері ме деп ой-
лаймын. Өйткені, халық әндерінің кейбір иірімдерін толқындатып 
құлпыртып,  тың  ырғақ  қосып  жаңартып,  шамамның  келгенінше 
халық игілігіне жараса екен, жақсы тыңдалса екен, құлаққа қонып, 
жүрекке жетсе екен деген оймен өзімше шырқайтыным бар.
–  Дәке,  сіздің  «Балжан-ай»,  «Келші,  аяулым»,  «Сәулешім», 
«Гүләйым»,  «Сағыныш»,  «Соға  кет»  және  «Сәулем-ау,  саған» 
сияқты әндеріңіздің көбісі адамның ішкі жан дүниесіне, сезіміне, 
мәңгілік тақырып – махаббатқа арналған. Мұнда өзіндік бір сыр 
бар-ау деймін? 
–  Әнші  болғандықтан  адам  бойындағы  сезім  сұлулығына 
ғашықпын.  Мәмет  Қошқарбайұлының  мына  бір  шумақ  өлеңі  әлі 
есімде.
Ақыны қара керей Мәмет деген,
Мәметтен қыз қалмаған дәметпеген.

121
Ала алмай алты қызды арпалыспен,
Өмірім босқа өтті-ау, әлекпенен!
Ұстазым  Мәмет  серілікпен  аты  шыққан,  көкірегінен  өлең, 
көмейінен  ән  ағытылған  сыр  мінез,  сұлу  жігіт  еді.  Мен  сол  ат 
тізгінін  тартып,  мінген  шағымнан  бастап-ақ  серілікпен  әуестеніп, 
Мәметке еріп жүрдім. Осы кісінің шұрайлы тілі, айтқан әндері ке-
ремет  еді.  Сондықтан  да  шығар  менің  көкірегімнен  лирикалық 
әндер көп ұшты. Ақиқатын айту керек махаббат жөніндегі әндерді 
өзім де сүйсініп рақаттанып айтамын. Өйткені, мұның бәрі жаңағы 
Мәметтің тигізген әсерінің жемісі. Соған көп еліктеймін. Мүмкін 
жақсы жанның шарапаты маған да қонған шығар. Әйтеуір бәрі-бәрі 
де қонақтап қалыпты жүректе.
Сонан  соң  өзімнің  туған  жерімді,  елімді,  мынау  алтын  бесік 
табиғатты  жақсы  көремін.  Жердің  сұлулығын,  өнер  сүйгіш  елді 
жырлайтын лирикалық әндерді көбірек жазуды дұрыс көремін. Ал 
кейінірек  ерке  де,  ер  ақынымыз  марқұм  Мұқағали  Мақатаевтың 
өрт  оранған  өршіл  өлеңдері  маған  қатты  әсер  етіп,  соған  ән  жа-
зып жүрген жайым бар. «Ауырмаңдар, жігіттер!», «Санаулы менің 
сағатым»,  «Аққулар,  қош  болыңдар»,  «Сағындым  ғой»  деген 
әндерімді  тыңдаған  да  боларсыздар.  Мен  Мұқағалидің  төсекке 
таңған  азапты  ауруына,  орындалмаған  мақсатына,  өмірге  риза 
болмаған  сәттеріне  өкініп,  іштей  еңіреп  жатқан  өлеңдеріне  үңіле 
түсемін. Оның осы өлеңдерінен тірлікке деген асқақ ғашық сезімді, 
сұлулыққа деген ынтық жүректі, өлеңнің отына өртенген ақын жа-
нын көремін. Мұқағали өзінің жарық дүниеден ерте кететінін сез-
ген ақын-ау деймін. Оның төл туындыларындағы, міне, осы қасиет 
өз  басыма  қатты  ұнайды,  ойымды  қозғап,  сезімімді  шайқайды. 
Шамамның  келгенінше  рухы  күшті  ақынның  маржан  сөздерінің 
мәнін жоғалтып алмайтын әндер жазуға тырысамын.
  –  Дәке,  соңғы  жылдары  сіз  туған  өңіріңіз  Жетісуға  көңілді 
көп бөліп жүрсіз. Оның ақиық адамдарын, тұп-тұнық өзендері 
мен мөп-мөлдір көлдерін, басын қар шалған ақ басты тауларын 
әнмен жырлап, әнмен асқақтатып келесіз. Енді осы тақырыпқа 
жазған шығармаларыңызға мойын бұрсаңыз?
 – Сұрағыңызға жауап қайтармас бұрын бір нәрсені айтып кету-
ге тура келеді. Әсілі менің әнші, композитор болуыма, осы арнаға 
түсуіме  Әсет  Найманбайұлы  өнерінің  тигізген  әсері  ерекше.  Ол 
мен  үшін  әншілік,  композиторлық  өнердің  қайталанбас  дара  әрі 
үлкен өзіндік мектебі. Әсет әндерін маған жеткізген Мәмет ақын. 

122
Ол  Әсет  пен  менің  арамдағы  өнердің  берік  көпірі.Әсет  әндерін 
шырқағаныма  да  біраз  жылдар  өтті.  Бірақ  оған  әлі  шөлім  қанып, 
құмарымнан шыққан емеспін.
Енді  Жетісу  жеріне  оралсақ,  мен  айтпасам  да  жер  жаннаты 
Жетісу өте көркем. Өзі әсем, өзі сұлу, адамдары да сұлу. Өнерқұмар, 
керемет жақсы жер. Жетісулық Тоқбай Исабековтың өлеңіне жазған 
«Жетісу»  деп  аталатын  әнімді  тыңдаған  халқымыздың  қаһарман 
ұлы Рақымжан Қошқарбаев: «Ән – тамаша! Жан жүйеңді бірден-ақ 
баурап алып кетеді, сөзі де келісті екен. Дегенмен, жастық жайлы 
бір шумақ қосылып кетсе шіркін, тіптен құлпырып кетер еді» деген-
ді. Батыр ағаның бұл тілегін орындадық.
Жетісу – кең көсіліп жатса түзің,
Ну орман қойның толған бақша – жүзім,
Бақшаңды сүйгеніммен араласам,
Нұрланып кетер ерек ақша жүзім,
деген шумақ қосылды. Бұл ән елге кең тарады.
Тұңғыш әндер жинағының жарық көріп, ел ішін аралап кеткеніне 
де біраз жылдың жүзі болды. Енді екінші әндер жинағын ұсынам ба 
деген үмітім жоқ емес. Қазірдің өзінде алпыс-жетпіс жаңа әннің басы 
құралып, төбесі көрінді. Әзір оларды реттеп нота кестесіне түсіртіп 
жатырмын. Орайы келгенде айта кетейін, тағы бір жаңалығым бар. 
Мен  Әсет  Найманбайұлының  көптеген  әндерін  ертеректе  Қазақ 
радиосының  музыка  қорына  қабылдаттым.  Бүгінде  домбыраға 
қосылып, ән салатын әншілеріміз үйреніп алып, әрқайсысы әртүрлі 
шырқап  жүр.  Бұл  жерде  олар  Әсет  әнін  орындай  алмайды  деген 
солақай  пікір тумаса керек.
–  Дәке,  өзіңіз  есімдерін  атаған  өнер  өкілдерінен  басқа  және 
кімдерге, қай композиторларға көңіл қоясыз?
 – Еліктейтінім бар. Нұрғиса Тілендиевпен көңілім жақын...
«Келіннің  бетін  кім  ашса  сол  ыстық»  демекші,  алғаш  туған 
Отаным  Қазақстанға  келгенде  1960  жылдың  қараша  айында  Ал-
матыда,  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясында  Қазақстанның  40 
жылдығына  байланысты  өткен  республикалық  ақындар  айтысын-
да мен жүрегімнен жаңа ғана өріліп шыққан «Саясында алманың» 
деген әнімді шырқадым. Сонда осы әнді тыңдаған Мұхтар Әуезов: 
«Маған сен өнеріңмен ұнап тұрсың. Мансап көксеп, байлық көксеп 
немесе араққа беріліп, өзін жоғалтып, бойындағы бар ізгі қасиетін 
ыдыратып барлық жақсылықтан адасып қалып жүрген жігіттер көп. 
Сенің тұрқыңа қараймын, ондай нәрсе бойыңнан көрінбейді. Сен 

123
олай бола да қоймайтын шығарсың», – деп маған желқом қойып, 
мақтап,  көңілімді  бір  желпінтіп  тастаған-ды.  Ғалым,  оқыған  да-
нышпан адам ғой, әрбір сөзі көкейіме қона кетті.
– «Сенен үлкен үміт күтуге болады. Сен біздің Арқаның стилінде 
ән шырқайды екенсің. Мына «Саясында алманың» деген әнің бір 
сәтті шыққан ән екен. Сенімен қайта кездесемін: Москвадан оралған 
соң сені арнайы шақырып алып, сөйлесемін», – деген-ді. Өкінішке 
орай Мұхаң сол сапардан оралмай қалды...
Сонымен  қатар  ұлттық  өнеріміздің  талантты  өкілдері  Ахмет 
Жұбанов, Манарбек Ержанов, Қанабек Байсейітов және Гүлжиһан 
Ғалиевамен кездесіп, ақыл кеңестерін тыңдадым.
Қалай  десек  те  өнер  бір-бірімен  сабақтас  қой.  Бір-бірімен 
мазмұндас,  біріне-бірі  жалғасып,  толықтырып,  байытып  жатады 
емес пе?
 – Адамның арманында әсте шек болған ба? Ол жасқа қарамай-
ақ  буырқана-бұрқанып,  алға,  ертеңге  жетелей  береді  емес  пе? 
Бұл өмірдің жібек жібі – үзілмейтін үміттер. Демек, сіздің де 
арман, мақсатыңыз шексіз шығар?
  –  Әрине,  қартайды  деген  осы  екен  деп  тұғырдан  таяр  жаның 
мен  емес.  Дәл  қазір  ең  маңызды,  әрі  мағыналы  қызмет  енді  ғана 
басталған тәрізді. Ұлттық ән өнерімізді жалғастыратын шәкірттер 
тәрбиелеу – арманым. Бұл күндері менің әндерімді айтып жүргендер 
өзінше  үйренгендер.  Олардың  орындауларында  кемшіліктер  аз 
емес. Әуенін бұзып, сөзін қате немесе шатастырып айтып жүрген 
әншілерді  тыңдағанда  жаным  жүдейді.  Белгілі  орындаушылық 
мектеп болмағандықтан осындай олқылықтар ана әннен де, мына 
әннен  де  қадау-қадау  бой  көрсетіп  қалады.  Бұны  жоюдың  бір-ақ 
жолы бар. Кейінгі өнерлі ұрпақты қажетті арнаға салып, олардың 
жанына әніміздің ұзақ жасар бәйтерегін егу үшін жер-жерде дарын-
ды әншілеріміздің мектептерін ұйымдастыру. Сондай мектептердің 
бірінде сабақ берсем, халқымыздың өміршең әндерін өз әндерімді 
жас өркен жеткіншектерге үйретсем, солардың көкірегіне ұялатсам, 
сөйтіп артыма мұра қалдырсам деген ниет.
«Дәкеңнің  арман-тілегінің  орындалатынына  кәміл  сенеміз. 
Бізде  күні  бүгінге  дейін  халықтық  мәнердегі  әндер  жеткілікті 
дәрежеде  насихатталмай  келеді.  Осы  уақытқа  дейін  бірде-бір  му-
зыка  зерттеушісі  Дәнештің  әншілік  қабілетіне  оның  әндеріне 
ғылыми  тұрғыдан  салиқалы  да  салмақты  баға  берген  жоқ.  Осы 
тәрізді  өзге  әншілеріміздің  орындаушылық  шеберлігі  де  қаға 

124
беріс қалып келеді. Егер музыкаға, оның ішінде ұлттық ән өнеріне 
халықтық жанр, халықтық түр, халықтық рух қажет болатын бол-
са,  оны  сіз  Дәнеш  әндерінен  іздеңіз.  Табатыныңыз  хақ.  Өйткені, 
Дәнеш  әндері  халқының  рухын  білдіреді.  Халқының  жүрегінің 
жылылығын  сездіреді...»  –  деген-ді.  Дәкеңнің  жақсы  досы,  ақын, 
әрі жазушы Құрманбай Толыбаев. Орынды пікір, салмақты ойға біз 
де қосыламыз. 
ГҮЛЖан ТаЛПақОва,
Қазақстанның халық әртісі
«Би академиясын ашсам деген үмітім үзілген жоқ...»
ұлтымыздың  киелі  өнерінің  қастерлісі  –  би  өнері.  Осы 
өнердің дәулескер өкілдерінің бірі, бірегейі, қазақ биінің, әлем 
халықтары билерінің нәзік қимылдар тілін қапысыз меңгерген 
өнер  иесі  қазақстанның  халық  әртісі  Гүлжан  Талпақова. 
Балғын  кезінен  ән  мен  әуен,  ырғақ  пен  үйлесім,  қазақы 
көркемдік әлем бесігінде тербеліп өскен сезімтал, сұңғыла қыз 
алматыдағы  эстрада-цирк  өнері  студиясының  хореография 
бөліміне,  шара  Жиенқұлованың  халық  биі  класына  оқуға 
түсті. Өз өнерінде Гүлжан ұлттық киімдерді, көненің көзіндей 
ұлттық әшекей, сән бұйымдарын кең де шебер пайдалана білген 
жан. шашбау мен сырға, алқа мен аяқбаудың мыңсайрам үніне 
бидің нәзік қимылын үндестіре отырып, үйлесім әлемін жасай 
алған өнер иесі. Гүлжан билеген билерде ұлы Даланың сырлы 
жаңғырығы, рухы бар.
– Кез келген халықтың ата-бабасынан жалғасып келе жат- 
қан  дәстүрлі  ұлттық  өнері  бар.  Бұдан  бізде  кенде  емеспіз. 
Соның бірі, әрине, би өнері. Қазақтың биі біраз аумалы-төкпелі 
кезеңдерді бастан өткергені белгілі. Бір сәт осы өткен жылдарға 
ой жүгіртіп өтсеңіз?
– Бастауын сонау ықылым заманнан алатын бұл өнер – бүгінгі 
күні өркен жайған елдердің барлығын, одан қалды бүкіл адамзат-
ты  бас  идірген  өнер.  Оның  ішінде  қазақ  халқы  да  бар.  Қазақ  биі 
табиғатында ұлттық музыка, ұлттық ойын, әдет-ғұрып, қолданбалы 
өнер  түрлерімен  тығыз  байланыста  дамыған.  Соның  ішінде 
халықтың аузынан шыққан «күй» деген сөздің аспаптық музыкаға 

125
тән  атау  екенін  ескерсек,  барлық  фольклорлық  ансамбльдер-
де бишілер бар. Би өнері – өз табиғатында басқа да өнер түрлері 
секілді,  қолданбалы  –  эстетикалық  құбылыс.  Халықтың  өмірі, 
тірлік-тынысының  айнасы.  Ол  елмен  бірге  өсіп-өніп  дамып, 
шыңына шығар кезі болып, құлдилап түсетін заманы да кездеседі, 
бірақ өз тамырын әсте үзбейтіні анық. Оны біз дәстүр дейміз. Ал 
дәстүр – тарихи – философиялық категорияларға жатады. 
Еліміздегі артта қалған өтпелі кезең барлық дерлік өнер атаулыға 
өз табын салғаны анық. Өнер секілді биік ұғымға ол нұқсан келтіргені 
де  белгілі.  Би  де  одан  оқшау  қалған  жоқ.  Баланың  сылдырмақ 
ойыншығы  секілді  дүниелер  эстрадада  кеңінен  орын  алып,  терең 
ұғымды  өнер  түрлері  шет  қалғаны  рас.  Тұтынушы  көрермен  ба-
сын  бағып  кеткен  шақта,  рухани  дүниелер,  рухани  құндылықтар 
ысырылатыны анық қой. Өз көзімді осы өнермен ашқан мен, бұл 
құбылыстарды  өмірдің  заңы  деп  санамаймын.  Өйткені,  дәстүр  әр 
заманда  әрқилы  жолмен  жалғасады.  Бірде  үзілермендей  болса, 
бірде  толықанды  дамиды,  жаңарып  жаңғырады.  Біздің  дәстүрлі 
қазақ өнері де соны бастан кешіп келеді. Әрине, оның ішінде халық 
биі де бар.
Қазақтың  әрі  бай,  әрі  сан  қырлы  дәстүрлі  өнерінде  бидің 
орны  бөлек.  Ол  ерте  заманда  қалыптасып,  өзінің  сұлулығымен 
бірге  жасап,  түрлене  отырып  бізге  жеткен.  Би  өнерінің  шежіресі 
халқымыздың  тарихымен  астасып  жатыр.  Адам  табиғатпен  егіз 
оның  көзге  көрінетін  және  көрінбейтін  құбылыстарын  сезініп, 
дүниені түйсінуін әртүрлі қимыл қозғалыстармен өзінше жеткізген. 
Шара  апаның  пікірінше:  «Би  өнері  мұсылмандықтың  ықпалымен 
толығымен  дерлік  жойылды.  Шариғат  заңдары  ән  айтуға,  би  би-
леуге,  сурет  салуға  тыйым  салады.  Өйткені,  мұның  барлығы  да 
шайтанның  ісі  болып  саналған.  Бірақ  қазақ  халқының  қай  дінге 
де саналы  тұрғыда қарағаны белгілі» депті. Осы жолдардан-ақ би 
өнерінің  тарихы  тым  әріден  басталғанына  көз  жеткіземіз.  Яғни, 
алмағайып  аумалы-төкпелі  замандардан  бері  ата-бабамыздан  ми-
рас  болып  келген  ұлттық  өнерімізге  де  қауіп  төнгенін  аңғаруға 
болады.  Алайда,  сонау  көне  дәуірдегі  адамдардың  сана-сезімін 
қалыптастыру арқылы бізге жетіп отырған ұлттық құндылықтарды 
сол қалпында сақтай алдық па? – деген ойға келіп тірелеріңіз сөзсіз.
– Басқа ұлттар сияқты біздің халықтың да ғасырлар тезінен 
өткен бишілік өнері де дамып, жаңару үстінде десем қателесе 
қоймаспын. Сіз менің осы пікіріммен келісесіз бе? 

126
–  Сіздің  пікіріңізбен  келісуге  де  келіспеуге  де  болады.  Келісу 
мәселесін  жаңа  айтқан  сияқтымын.  Ал  келіспейтінім  –  бізде 
халықтың  ұлттық  биінің  іргелі  мектебі  дұрыс  қалыптаспаған 
қалпында  келеді.  Бірен-саран  ансамбльдер,  саусақпен  санардай 
бишілер  бар.  Нағыз  ұлттық  нақышта,  ұлт  демін  сездірер  қазіргі 
заманда  жалғасын  таппаған  этно-психологиядан  алыстау  жүрміз. 
Ертеректе мен орындаған билерден қазақ иісі аңқып тұратын. Мы-
салы: «Айжанқыз», «Балбырауын», «Ерке бала», «Бүркітші», «Киіз 
басу» тағы сондай халқымыздың болмысын, көшпенді өркениетінің 
маңдай  алды  көріністерін  би  суретімен  беретін  дүниелермен  мен 
Еуропа,  Америка,  Азия  құрлықтарын  аралап,  елдігімізді  өнер 
арқылы паш еткенімді мақтанышпен айта аламын және оны бағым 
деп  есептеймін.  Оларды  сол  елдердің  көрермендері  қалай  жылы 
қабылдағанын білсеңіз... Өнер мен спорттың халықтарды танысты-
рып,  табыстырудағы  үлкен  елшілік  рөлі  жөнінде  талай  айтылып 
жүр. Міне, соның айғағындай, би өнерін шет елге танытып жүрген 
қарлығаштары  елімізде  көп  болмаса  да  баршылық.  Бір  кездерде 
мені  де  өз  елімнің  саңлақ  спортшысы  секілді,  туын  көтергендей 
сезім баурайтын.
Бүгінгі таңда төл би өнеріміз өз дәрежесінде белгілі бір биікке 
көтеріліп,  дамып,  жетілген  деуге,  әрине,  болады.  Уақыт  ағымына 
қарай бұл өнер қазір сан салалы өзгерістерге ұшырап, халық санасы-
на басқаша сіңе бастады. Қашаннан қазақ өзінің ұлттық биіне үлкен 
қошаметпен  қарап  келген.  Қазір  бұл  көзқарас  сәл  өзгеше  сияқты. 
Себебі ұлттық бидің орнын шығыстық билер басып кеткендіктен, 
қазір халық дүдәмал күйге түскен сыңайлы.
–  Неге  бишілік  өнерге,  оның  ішінде,  дәстүрлі  биге  аса  мән 
берілмей келеді. Мұның қандай себептері бар деп ойлайсыз?
 – Би өнеріне мән берілмей келеді дейсіз. Қалай мән берілсін? 
Құдайымыз мұнай болып кеткен заман емес пе? Себеп біреу ғана. 
Өнер атаулы әзірше жол жиегінде. Ұрпақ өзгерді. Олар – прогма-
тиктер. Қазір асап жеп, қазір тойғысы келген заман. Ал өнер, Адам 
ата  мен  Хауа  анадан  басталған,  өрісі  кең,  қанға  сіңген  қасиеттің 
бірі. Ол аласұруды жек көреді, ұрда-жық мінезден ада. Тазалықты, 
пәктікті, махаббатты аңсаған дүние. Ол рухты көтеретін, жүрегіңді 
тербететін,  адамның  барлық  жақсы  қасиетін  аялайтын  құдірет. 
Ондайға, өкінішке орай, бізде қазір уақыт, зейін, құштарлық азайған 
шақ. Қарапайым халық та, өнерсүйер қауым да шетелдік әуендерге, 
билерге елтіп кетті. Әрине, ежелден-ақ сөзді құрметтеген халықпыз. 

127
Алайда, би өнері солардың көлеңкесінде қалып жатқан жоқ па? – деп 
ойлайсың. Жасыратыны жоқ, ақшаң болса әнші болу оңай шаруаға 
айналды. Бишілерге қарағанда, әншілер жақсы насихатталуда. Қазір 
кез-келген мәдени ошақтарда және концерттер, мерейтойлық кеш-
тер аталып өтіп жатыр. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен 
тәтті күй» деп Абайдыың өзі айтып кеткендей, ән тыңдағанды кім 
жек  көрсін?!  Дегенмен,  сол  концерттерде  де  қазақ  биі  көрінбей, 
елеусіз  қалады.  Керісінше,  аралас  билерді  көп  ұшырастырамыз. 
Бірақ, бұның бәрі уақытша ғана көрініс екеніне мен кәміл сенемін.
– Ұлттық би өнерін Шара сынды саңлақ көтерген биіктікке 
қайта көтеруге бүгінде мүмкіндік бар ма? Ол үшін не істеу ке-
рек?
– Терпсихора би құдайы аузына түкіргендей, Шара апа атақты 
биші атанып, қазақ би өнерінің көшбасшысы, әрі дамытушы, алға 
апарушы  –  жетекшісі  ретінде  өнер  тұғырына  көтерілді.  Шара 
десе – би, би десе – Шара деген ұғым халқының санасында берік 
ұялады.  Шәкірттері  де  жоқ  емес-ті,  өзім  де  сол  кісінің  өнерін 
жалғастырушы болдым. Сол кезде келген жаңа толқынның алдыңғы 
легінде болып, қазақ би өнерінің өркендей, биіктей түсуіне азды-
көпті үлес қосқанымды мақтан етемін. Бұның еш жалғандығы жоқ. 
Қалайда,  біз  би  өнерінің  –  Шара  өнерінің  керуен  көшін  түзеуші, 
байытушы болдық. «Мен – қазақ биінің негізін қалаушымын» деп 
көкірек  қаққысы  келгендердің  уақыт  сынына  төзе  алмай  сынып 
кеткендеріне кейінгі ұрпақ куәгер. «Өлеңге әркімнің де бар таласы» 
демекші,  өнер  додасына  қызықпайтын,  делебесі  қозбайтын,  егер 
тал бойына «өнер, талант» атты құдірет дарыған болса, бейқам, ке-
ренау қалған жан да болмас-ты. Әйткенмен, шын тұлпар ұзақ жа-
рыста шыңдалады, оза шауып, алға омыраулай суырылып шықпақ! 
Біздің қай-қайсымыз да әйткенмен Шарадан оза алғамыз жоқ. Бұған 
тарих куә!
Ұлттық би өнерінде Шара-апа қайталанбайтын тұлға. Құланның 
қасуына  дөп  басылған  мылтық  сияқты,  Шара  апа  қазақ  би  өнері 
дәуірлене көтерілген кезде суырылып шықты. Ол кезде өнердің бәрі 
де ақбозына мінген уақыт болатын. Объективтік жағдай Шара сын-
ды саңлақ бишіні көтерді, ал Шара сол биікті жықпай, деңгейін одан 
әрі шарықтата білген біртуар жан. Ол негізін қалаған, дамытқан би 
мектебі қазір жоқтың қасы десе болады. 
Би өнерін көтеру керек. Бұл дұрыс сұрақ. Көтеру – мемлекеттік 
деңгейде қойылатын мәселе. Қысқасы – сол. Әйтпесе, «бөксе биі» 

128
деңгейінде  әлі  ондаған  жылдар  бойы  қаларымыз  анық.  Талантты 
жас  жоқ  деп  кім  айтады?  Кез  келген  отбасындағы  бүлдіршін  қыз 
биші болғысы келмейді, деп айтып көріңізші...
–  Дәстүрлі  биіміздің  қазақи  болмыстарын,  ұлттық  құн- 
дылықтарын сол бәз-баяғы қалпында сақтай алдық па?
–  Би  өнері  өз  бойына  тірнектеп  жинаған  халықтың  ерекше 
болмысының әр-алуан қасиеттері мен табиғатының соны жақтарын 
еселей  көрсетеді.  Ол  қасиеттерді  ансамбль  биі,  жеке  орындаушы 
нәзік те тылсым қимыл, жүрекжарды сезім арқылы жеткізуі керек. 
Мысалы, мен билеген бір бидің бір нақышын, секундпен өлшенетін 
сәтін  жүздеген  рет  қайталап  дайындайтын  едім.  Қан  сорпа,  ағаш 
аяқ болғанша дайындық залынан шықпай үйренетін күндер болған. 
Ұлтымыздың құндылығы – бізге қалдырған тарихи мұрасын тәлкіге 
салу моральдық құқығын ешкім де маған бермегенін сезіну, бидің 
сол  психологиясын  ашуға  дәнекер  болатын.  Ұлттық  құндылық 
ешқашан ескірмейтін, қап түбіндегі саф алатын. Оны тек дер кезінде 
саңлақ қолына тапсыра білу керек.
Қазір қазақ биі еуропаланып, қытайланып кетті. «Би өнері ұлттық 
дәстүріміздің бірі еді ғой» деп көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ. Ақша 
түсетін дүниелер насихатталса болды. Бүгінгі заманда мәдени өмір 
сахнасынан би өнері кенже қалып жатыр. Одан гөрі, әншілік өнердің 
асығы алшысынан тұрған секілді.
Бірте-бірте дәстүрлі биіміз назардан тыс қалып барады. Қандай 
қазақтың  тойына  бармаңыз,  шығыстық  билерді  ауыздарынан  суы 
құрып тамашалаған жұртты көреміз. Бәлкім, оларды би ғана емес, 
биші қыздың жалаңаш денесі қызықтыратын болуы керек... қандай 
ұлтты  болмасын  оның  мәдениетіне,  әдебиетіне,  өнеріне  қарап 
бағалайды, құрметтейді. Ал, бізде оны ойлап жатқан жан жоқ.
Өз басым Кеңес дәуірінде Мәскеудің би мектебінен өтіп, атақты 
«Березканың»  жетекшісі  Игорь  Моисеевтің,  Махмуд  Эсенбаев, 
Элеонора  Грикунова,  Галина  Измаиловалардың  тәлімін  алдым. 
Шет  ел  гастрольдерінде  жүргенде  іздеп  жүріп,  шебер  –  класста-
рына  қатыстым.  Биге  деген  жауапкершіліктің  қандай  деңгейге 
қойылатынын тер төгіп жүріп көрдім. 
Бұл  тұста  мен  қазақтың  біртуар  өнер  қайраткері,  Халық 
әртісі  Гүлжаһан  Ғалиеваны  айта  кетпесем  күпіршілік  жасар 
едім. «Гүлдер» ансамблін құрған кезде ол кісі бір биді қою үшін 
ондаған  саланың  мамандарын  жұмылдыратын:  этнограф,  тарих-
шы,  әдебиетші,  кастюм  маманы,  музыкант,  спортшы,  режиссер, 

129
жарық түсіруші, композитор тағы басқасы бар – қызыл кеңірдек 
болып  таласып  жатушы  еді.  Би  өнерінің  бір  шарықтаған  кезеңі 
Гүлжаһан  Ғалиеваның  есімімен  байланысты  болды  десем  қате 
айтпағаным болар еді. Қазақтың осынау бір аяулы қызы дүниеден 
ерте кетіп, есімі көмескі тартып бара жатқаны қынжылтады. Өзі 
құрған эстрада өнер колледжіне соның атын бере ме, деп едім, ол 
да жайына қалды.
– Сіз қалай ойлайсыз, қазақ биінің болашағы бар ма? Жоқ, әлде 
жаһандану заманында жұтылып кете ме?
Заманымыз түзеліп келеді. Қазақстан ең дамыған елу мемлекет-
тер қатарына қосылмақ ниетте. Экономикалық әлеуметіміздің оған 
шамасы жетеді. Енетініне де күмәнім жоқ. Сондықтан, би өнері де 
жеңіл-желпілікті қойып, салиқалы түрде, биік деңгейінде, халқының 
ой-санасы,  өркениетінің  өрісінде  әлемдік  деңгейге  жетеді  деген 
сенім менде бір де басылған емес. Өйткені біз рухани әл-қуатымыз 
тың  халықпыз.  Тек  еліктегіштігіміз  болмаса...  Оның  үстіне  қазақ 
би  өнерінің  даму  жолында  берік  теориялық  негіз  жасалған. 
Л.Сарынова, Д.Әбіров, О.Голушкевич, Ш.Жиенқұлова теория мен 
практиканы қатар дамытқан. Оған дәлел – олардың  қазақ биін оқып 
үйренуге  арналған  кітаптары.  Д.Әбіров  қойған  «Қоштасу»,  «Ал-
тынай»,  «Ұтыс  биі»,  «Балбырауын»  билері,  Шара  апаның  «Қазақ 
вальсі», «Айжан қызы» ұлттық би өнерінің классикасына айналды. 
Фольклорлық би түрлерін сахнаға шығаруда. О.Голушкевичтің де 
еңбегі ерен. Ол қойған «Жезтырнақ», «Сайыс», «Келіншек», «Киіз 
басу»,  «Бақсы  ойыны»  билері  халықтың  үлкен  қызығушылықпен 
көретін билері еді. Осы билермен бірнеше буынның бишілері қазақ 
деген  елді  шет  жерлерге  таныстырды.  Бұл  ансамбльдің  репертуа-
рында қазақтың ежелгі билерінен бастап, қазіргі рок музыкаға дейін 
бар болатын. Олар да қазір аралас билерге көшіп кетті. Мен сах-
нада жүргенде қазақ биінің таза күйінде сақталуына ерекше көңіл 
қойдым.  Олай  болса,  «Ұлттық  би  қалай  дамуда?»  деген  сұрақтан 
гөрі  «Ұлттық  би  неге  насихатталмай  жүр?»  деген  сауалға  жауап 
іздеп, осы мәселенің шешімін тапқан дұрыс болар еді. Сонда ғана 
би өнері жұтылып кетпес еді. Ал жаһандану – жаным ұнатпайтын 
дүние.
–  Ендеше,  елімізде  би  өнерін  насихаттауға  қаншалықты 
көңіл бөлініп отыр? Сіз оған қанағаттанасыз ба? 
–  Өнерді  насихаттаудың  бірден-бір  құралы,  қазіргі  кезде  те-
ледидар.  Ол  жанталасқан  бәсекеде  жүр.  Мәскеудің,  шет  елдің 

130
бағдарламаларына  төтеп  беру  оңай  еместігін  сезінген  біздің 
жігіттердің қара тер болатынын жақсы түсінемін. Қай үйге барсаңыз 
– көретіндері сырт бағдарламалары. Биді насихаттау үшін – жақсы 
орындалған бағдарламалар қажет, бидің қыр-сырын білетін журна-
листер, мамандар қажет. Ал олар болса – жоқтың маңында...
Қазақ  биін  насихаттау  үшін,  оның  бір  орында  тұрмай  тұрақты 
дамып,  өркендеуі  үшін  кезінде  біраз  адам  тер  төкті,  сол  істі 
жалғастыру  үшін  Алматы  облыстық  филармониясы  жанынан 
Мемлекеттік «Алтынай» би ансамблі құрылған еді. Ал бүгінгі күні 
осы  ансамбльді  ешбір  концерттік  бағдарламалардан  көре  алмай 
жүрміз. Неге? Фольклорлық «Сазген» ансамблінің бишілері қайда? 
Өнерді басқарып отырған азаматтар қазақ елінде, қазақ жерінде да-
мып, өркен жайған қазақ биін насихаттаушы өрендер қайда? Олар 
неге концерттік бағдарламаларда көрінбейді?
Варьете,  базар  –  бизнес,  стриптиз  деп  кеткен  небір  талантты 
қыздарымызды  әлі  де  кеш  емес  қайта  жинаса,  олар  ертең  ұлттық 
мақтанышқа  айналар  еді.  Әрі  бізде  Моңғолияда,  Үндістанда, 
Бейжіңде оқып, білімдерін ұштап келген қыздарымыз да бар. Біздің 
өзімізде корей мектебі, орыстың би өнері, ұйғырдың қандай бишілері 
бар! Олар қазір әр жерде шашқан тарыдай бытырап жүр. Олардың 
біразын  жақында  кездестірдім.  «Гүлжан,  шақырсаң  келеміз, 
шаршадық,  ақшасы  құрысын,  сахнаны  сағындық»  –  дейді.  Менің 
өзім де бұл өнерден әлі күдер үзгем жоқ, ақша құрғыр бәрімізге де 
керек, бала-шаға, немере бар дегендей. Бірақ, кейде бір сәт сахнаны 
сағынады  екенсің.  Әсіресе,  би  өнері  насихатсыз,  ескерусіз  қалып 
бара жатқанына алаңдаймын.
–  Қазір  бізде  «Горем  биі»  яғни,  кіндігін  жалаңаштаған  хан 
сарайының билеріне қызығатындар көбейді. Бұл жақсы ма, жа-
ман ба?
– «Бөксе биі», – ең тұрпайы, адамның хайуандық мінез-құлқын 
оятатын жалаңаш тәннің қимылдары ғана. Оның би өнерінен ауылы 
алыс. Шет елдерде ондайларды сахнаға тіптен де маңайлатпайды. 
Оның өрісі орта қолды түнгі суық орындары. Көретіндер – ақшалы 
маскүнемдер, еріккен еркектер ғана. Оны өнер деп айта көрмеңіз. 
Өкінішке орай біздің сахна, телеэкран соларға толып барады. Тіпті 
керемет  деп  жүрген  ансамбльдеріміз  де  оған  әуес.  Сұраныс  бар 
шығар. Бір-екі рет айтып ескертіп едім, құлақ аспаған соң, қойдым. 
Тойларда құтырына берсін, қасиетті сахнада не жұмысы бар...
– Бишілерге үкімет тарапынан қандай қамқорлықтар жаса-

131
лып жатыр? Тұрғын үй, жұмыс, жалақы, зейнеткерлікке шығу 
мәселелері өз шешімін тапты ма?
– Бұл сұрақтың жауабын сіз менен жақсы білесіз. Үй, жалақы, 
зейнетақы  мәселелері  өз  шешімін  әлі  тапқан  жоқ.  Маңдайалды 
бишілердің не шет елге, не басқа мамандыққа кетуі де содан. Қазір 
ұлттық  биді  билейтін  бишілер  аз.  Бұл  –  бір.  Екіншіден,бұрын 
бишілерді 38-жаста, ер адамдарды 39-жаста зейнетақыға шығаратын. 
Қазір  58–60  шамасында  шығара  беретін  болыпты.  Бұл  –  мүлде 
дұрыс  емес.  Үшіншіден,  біздегі  жақсы  бишілердің  кейбіреуі  шет 
мемлекеттерге кетіп жатыр. Кетпес үшін талантты бишілерді мем-
лекет барлық жағынан қамтамасыз етіп отыруы керек.
Мысалы,  жақсы  бишінің  жалақысы  да  жақсы  болғаны  дұрыс. 
Бір  қуанарлығы,  талантты  жастар  байқаймын  көп  шығып  жа-
тыр. Олардың дені дерлік қазақтың ұлдары мен қыздары. Бір ғана 
хореографиялық  училищенің  өзінде  еліміздің  түкпір-түкпірінен 
келген  балалар  оқиды.  Ендеше,  теледидардан  танылмайтын 
әншілердің  клиптерін  көрсете  бергенше,  сол  балалардың  өнерін 
халыққа жеткізбей ме! Біздің қолымыздан не келеді? Өйткені олар-
ды насихаттау тікелей телеарналардың басшыларына байланысты 
болып  тұр.  Теледидарлардан  анда-мұнда  би  өнерін  тамашалаушы 
едік. Қазір ол да жоқ немесе пайдасыз телесериалдарды бере береді. 
Тым  болмаса  сол  дарынды  жастардың  қара  терге  түсіп,  меңгеріп 
жатқан өнерлерін насихаттаса дейсің. Ол – ол ма, тіпті, концерттік 
бағдарламаларға  қосу  үшін  де  ақша  сұрайды,  менің  ойымша  бұл 
мәселелер мәжілісте қаралу керек.
– Қытай, үнді, өзбек, орыс би өнерімен салыстырғанда біздің 
биіміздің  шығармашылық  деңгейі  қандай  дәрежеде  деп  ойлай-
сыз?
– Бір-бірімен салыстыру өте қиын. Әр елдің салты басқа... деген-
дей, би деңгейі сол елдің рухани көкірек көзінің ашықтығына бай-
ланысты. Халықтың ұлылығы да рухани құндылықтарын ұстауына 
байланысты.  Демек,  өнер,  би  елге  қажет  болса,  оның  рухы  биік, 
ал  өнер  қайраткерлері  әрқашан  сол  биіктен  көрінуге  тырысады, 
нәтижесінде – өнер дамиды, өркені өседі, кең тарайды, аты шығады, 
әлем деңгейінде өзіне тиісті орын алады. Кезінде шет елге шыққан 
кезде әрдайым қазақтың өнерін, мәдениетін би арқылы көрсетуге 
тырысатынмын.  «Қазақтар  да  билей  алады.  Қараңдар!  Көріңдер! 
Алдарыңызда  билеп  жүрген  мен  –  қазақпын»  дегенді  сонда  би 
арқылы жеткізгім келетін. Би өнерінде, әрине, айқайлай алмайсың, 

132
күле  алмайсың,  көзіңнен  жас  сорғалап,  жылай  да  алмайсың. 
Бәрін  тек  ыммен,  мимикамен,  қимылмен  жеткізесің.  Қазақ  биі 
басқа  ұлттардың  биіне  еш  ұқсамайды.  Біздің  салт-дәстүріміздің, 
әуеніміздің өзіндік ерекшелігі көп. Қазақ ұлтының биі екені тайға 
таңба басқандай білініп тұрады.
– Бір кездері сіз билеген, сіз сахнаға алып шыққан билер жай-
лы да айта кетсеңіз? Қазір сол билер орындалып жүр ме?
– Мен үшін бұл өте ауыр сұрақ. Шынымды айтсам, бірен-сараны 
болмаса  менде  артымнан  ерген  шәкірт  жоқтың  қасы.  Үйретуге 
жағдай жасалмайды, десем арызданған сияқты көрінермін...
Мәдениет министрлігіне, Храпуновтың кезінде, әкімшілікке та-
лай  рет  ұсыныстар,  келелі  бағдарламалармен  шыққан  едім.  Бәрі 
аяқсыз қалды.
Солардың  бір-екі  жылда  бір  рет  Алматыда  өткізілген  «Әлем 
билерінің  фестивалі»  туралы  жан-жақты  жобам  болатын.  Алматы 
– Еуразия кеңістігінің кіндігі. Өнер орталығы. Аталмыш фестиваль 
тура  «Азия  даусы»  сияқты  болып  өтіп  тұрса,  қазақтың  би  өнері 
шарықтап дамымас па еді? Әйтеуір, қағаз жүзінде болса да ниетім 
түзу, арым таза.
Мен  билеген  билер  аз  орындалды.  Оның  себептері  көп...  Мен 
үшін  бұл  орны  толмас  өкініш...  «Алмаз  қырғауыл»  биін  бірнеше 
рет қайта қоюға талпынды. Әркім билеп көріп еді, алайда нәтиже 
болмады.  «Шырақ  жаққан»  бидің  де,  «Дауылпаз  үстіндегі»  бидің 
де тағдыры солай болды. Өзімнен басқа ешкім игере алмады деуден 
аулақпын. Ал қазір жағдай жасаса, күндіз-түні үйретер едім.
Негізі, халық биі – белгілі бір халықтың бет-бейнесін, тұрмыс- 
тіршілігін,  әл-ауқатын  баяндап  тұратын  болғандықтан,  оны 
орындағанда өз «қан-сөлінде» орындау керек. Мен бұл ойымды жас 
бишілерге үнемі айтып жүремін. Кәсіпқой биші де, кәсіпқой балет-
мейстер де осы қағиданы қатты ұстануы керек. Биші бидің сыртқы 
әсерін  ғана  ойламай,  ішкі  сұлулық,  мінез-құлық  ерекшеліктеріне 
үлкен мән беріп орындаса дейсің
–  Өнер  деген  қиыншылығы  мен  қызығы  қатар  жүретін 
ғажайып  әлемнің  биік  шыңдарына  көтерілдіңіз.  Үйдегі  ағаның 
көмегінсіз бұл мүмкін бе еді? 
– Дұрыс айтасың. Жолдасым Назымбек Боқаев көп көмектесті. 
Себебі,  өзі  де  көкірегінде  өнері  тұнып  тұрған  адам.  Аудармашы, 
қазақтың тарихын, этнографиясын өте жақсы біледі. Менің қолым 
бос  болмаса  үйдегі  бар  шаруаны  өз  мойнына  алады.  Домбырада, 

133
қобызда, күйсандықта тамаша ойнайды. Абай мен Манас аузынан 
түспейді. Біздің үйіміз кішкентай театр. Отбасымыз үлкен.
– Бұл үлкен мақтаныш қой. Кеңірек, тоқталып айта кетсеңіз.
– Көп балалы болу қазақтың қанындағы нәрсе емес пе? Менің 
үйім  балаға,  дос-жаранға  толы  болмаса  бірдеңе  жетіспей  тұрады. 
Достарымыз күні-түні демей келе береді. Үйде ет болса қазанға са-
лып, болмаса макаронымды қуырып, шәйімді беріп күтіп аламын. 
Қазақ айтады ғой: «қонаққа тамағыңды бермей, қабағыңды бер», – 
деп. Қалайша мен қуанбаймын. Олар келгенде менің көкірегім әнге 
толады. Мен әрбір күнге, әрбір минутке қуанғым келеді. Бұл фәниде 
бір-бірімізге қуана білуіміз керек қой.
–  Осы  өнердің  жолында  жүргенде  кездескен  қиындықтар, 
кездейсоқ оқиғалар, есте қалған қызықтар аз емес болар. Мүмкін 
болса солардың ең тартымдыларын еске ала кетсеңіз?
– Қуанғаным. Әрине, ол қызым Айжанның дүниеге келуі, алдын-
да ылғи ұлдар еді. Содан кейін қырықтан асқанда дүниеге келген 
сәбиім, менің Бақтиярым. Кіндік әкесі Олжас Сүлейменов, есімін 
де өзі берген. Ал, ең ерекше толғанған қуанышты сәт – 1977 жылы 
әкемнің алпыс жасқа толуы қарсаңында соғыста бірге болған май-
дандастарын  іздеп  тапқаным.  Әкемнің  майдандас  достарымен 
Мәскеуде,  Севастопольде  кездесулері  ешқашан  ұмытылмайтын, 
менің өмірімдегі ең жарқын сәттер! 
–  Сіз  биші  болғаныңызға  өкінбейсіз  бе?  Тағдырдың  сізге  осы 
өнерді сыйлағанына ризасыз ба?
– Би – менің ғұмырбаяным, тағдыр-талайым. Биші болғанымды 
өмірдің  маған  берген  зор,  қайталанбас,  арманнан  арман  туғызған 
сыйы, деп білемін. Мен өзімді би өнерімен тағдырымды қосқаныма 
өте  бақытты  санаймын.  Би,  репетиция  десе  ішкен  асымды  жер-
ге қоятынмын, шаршау дегенді ұмытып, денем қызып, тыныштық 
таба  алмайтынмын.  Себебі,  биді  өте  сүйемін.  Бір  кезде  «Әлем 
халықтарының ұлттық би академиясын» ашсам деп армандадым. Ол 
кезде басым толы идея, әр бидің әуезі, костюмы бәрі санамда сай-
рап тұратын. Бірақ, мен жалғыз ештеңе де бітіре алмадым. Әрине, 
бұл  тақырыпты  сол  кезде  көтерген  халқымыздың  адал  перзенті 
Мырзатай  Жолдасбеков  аға  тарихшы,  этнограф,  өте  білімді  адам. 
«Дос  жылатып,  дұшпан  күлдіріп  айтады»  деген,  «сен  болмасаң 
кім  істейді  мұны»,  –  деген  еді  ол  сонда.  Әңгімелескенде  жылап 
отырдым, көп сөйлестік. Бибігүл апа, Ермек ағалар да намысымды 
қайрап еді. «Саясаткерлер саясат қуып жүр, экономистер экономи-

134
камен әуре, қол қусырып отыруға хақың жоқ, алар атағыңды алдың, 
қимылда, барымызбен көмектесеміз», – деп жан-жақтан қолдап еді. 
Олардың осы сөздері маған сол кезде үлкен демеу болды. Нұрғиса 
Тілендиевке ауруханаға бардым. Өнер жайында ұзақ әңгіме болды. 
Аға қолымды қолына алып: «Гүлжан қызым, сен мына мінезіңмен 
бұл өмірде көп нәрсеге сенбедің ғой, «жынды» мінезіңді әлі қойған 
жоқсың ба?» – деп еді қалжындап. «Қойған жоқпын» деп едім сон-
да мен де әзілдеп. «Өй, «жаман» сол, маған тартқансың ғой, көнбе 
ешкімге. Мен «Ерке баланы» саған арнап не үшін жаздым, өнерге 
қызмет  ет»,  –  деген-ді  сол  кезде.  Ол  кісі  көп  дүние  жазды.  Бірақ 
бишілерден жалғыз маған арнап үш би жазды. «Әлия», «Ерке бала» 
және «Алмас қырғауыл». Менен басқа да біраз бишілер, кейінгі жас 
толқын  бишілер  билеп  те  жүрген  болар,  бірақ  ноталары  менде... 
«Гүлжанға арналған. 1968 жыл Нұрғиса ағаң» деген қолтаңбасымен 
сақтаулы тұр. Сондай кісілердің батасы мені өнерде үнемі қолдап 
келеді.
Әншілік,  күйшілік  өнер  сияқты  би  өнерінің  де  өзіндік  ерек- 
шеліктері,  тарихы,  тағдыры  бар.  Би  тілі  –  барлық  халыққа  ортақ 
тіл,  ал  халық  биі  –  үлкен  мәдениет.  Олай  болса,  сол  мәдениеттің 
бір өкілі болғаныма бақыттымын. Айтпақ болған ойды би қимыл-
қозғалыспен,  мың  бұралған  иірімдермен  жеткізеді,  сол  арқылы 
көрерменмен тілдеседі, яғни, биші биді орындау барысында өзінің 
көңіл-күйін,  жан-толқынысын  білдіреді.  Жалпы,  қандай  өнерді 
алсақ та, адамның жан дүниесімен үйлесім тауып, сол арқылы да 
адам ішкі сезімін сыртқа шығарып отырады. Сол себептен де мен 
үшін ұлттық бидің орны бөлек. Өкінішке қарай, би тіпті, бишілердің 
өзінің назарынан тыс қалып жата ма қалай? Біз қандай өнерге бол-
сын  бай  халықпыз  ғой.  Соны  жоғалтпай  келер  ұрпаққа  жеткізуді 
өзімізге парыз санауымыз керек-ақ.
Көңілге  медет  болатыны  қазіргі  кезде  еліміздің  барлық 
аймақтарында биге қатысты өнер ұжымдары, би мектептері, арнайы 
үйірмелер көптеп жұмыс істей бастағаны. Бірақ классикалық қазіргі 
замандық  билерге  көңіл  көп  бөлінетіндей.  Осыны  көріп  отырып, 
қазақтың ұлттық биі өшіп бара жатқан жоқ па деген күдікті ойға 
тағы бір күдік келіп қосылғандай әсерде қаласың. Расында да, біз 
билеген қазақ биі қайда, қай сахнада қалды? Өзіндік табиғаты, сәні, 
үйлесімі өз ұлтының талайлы тағдырын паш ететін болмысы бар 
ұлттық би неге назардан тыс қалды? Бәрін қойшы, шығыстық би-
лерге қызығып жүріп өз биімізді санамыздан өшіріп алып жүрмесек 
болғаны. Осы жайлар менің жаныма батады.

135

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал