Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет11/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26

көрінеді. Соның ішінде ән жазатындары бес-алтау-ақ.
–  Соған  мен  таңқаламын.  Солардың  өзі  қарап  жүрмей,  бізді 
менсінбейді.  «Біз  дипломды  композитормыз»  деп  мұрындарын 
шүйіреді.  Сонда  мақсат  білімде  ме  екен?  Екі  дипломды  арқалап 
түк  бітірмей  жүрген  композиторлар  бар.  Халыққа  диплом  емес, 
ән керек. Кейде қаным қайнағанда «Құрманғазы, Тәттімбет, Ақан 
сері,  Біржан  сал,  Балуан  шолақ,  Әсет  Найманбайұлы  консервато-
рия бітірді ме?» деп ашына айқайлағым келеді. Әлі күнге солардың 
күйіндей күй, әніндей ән жаза алмай жүрген жоқпыз ба? Бетховен, 
Моцарт симфонияны ақша үшін жазды ма? Жоқ! Ал біз ақша үшін 
жазамыз. Бізде өнердің құны ақшамен, атақпен өлшеніп, күнкөрістің 
құралына  айналып  кеткені  қашан.  Бұл  құбылыс  әннің  де,  басқа 

99
көркем шығарманың да рухани негізіне көлеңке түсіріп, бірте-бірте 
жан азығынан құлқын азығына айналып кетті. Мұндай шығарманың 
өмірі бірақ тұтам. Ол сандықта жатып, шаңға «тұншығып өледі».
«Дипломы  жоқ»  деп  Шәмшіні,  Бекен  Жамақаевты,  Садық  Кә- 
рімбаевты, Әбілахат Еспаевты Композиторлар Одағына мүшелікке 
өткізбеді.  Бұл  қиянат  па  –  қиянат.  Тіпті,  Нұрғисаның  өзін  Кеңес 
одағының халық артисі болғаннан кейін ғана ұялғандарынан амал-
сыз Композиторлар одағына мүшелікке қабылдады.
– Әсеке, біраз мәселенің басын қайырып тастадыңыз. Әңгі- 
меңізге көп рахмет.
– Ағаңның айтқан тілегін орындағаның үшін саған да жақсылық 
тілеймін.
– айтқаныңыз келсін, аға!
Біз  көңілді  қоштастық.  Осыдан  кейін  көп  ұзамай  құдай 
қосқан  қосағы  зәмзура  жеңгеміз  дүние  салды.  Жұбайының 
қырқын  берген  соң  Әсекең  қатты  науқастанып,  әл  үстінде 
ауруханаға жеткізілді. Содан қайтіп ағаның жайраңдаған жүзін 
көре алмадық.
МайРа МұхаМЕДқызы,
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі
Мақсатым қазақ опера өнерін әлемге таныту
Опера өнерінің шыңына көтерілген Майра Мұхамедқызының 
есімі бүгінде әлемге әйгілі. қазақ мәдениетінің туын көтерген 
тума  талант  иесі  көршілес  қытай  еліндегі  құлжа  қаласында 
өнерлі  отбасында  дүниеге  келді.  Жастайынан  ән  әуенін  естіп, 
оның сазын санасына құйып өскен қазақтың қаршадай қызы 
миллиард  халықтың  ішінен  бұзып-жарып  ән  көгіне  құлаш 
ұрды. алтын құрсақ анадан асыл қыздың туғанын мақтан еткен 
елі Майраның әрбір табысына масаттанып, мерейлері бір өсіп 
қалатыны хақ. Португалия, испания, франция, Ресей сынды 
операның  отаны  атанған,  дүниені  аузына  қаратқан  дүлділдер 
туған елдің сахнасында ән салған қыздың өнеріне табынбаған, 
оны мойындамаған жұрт жоқ десек артық айтқандық болмас. 
Колоратуралық  сопрано  дауысына  кіреуке  түспей,  тамсанды-

100
рып ән сала берсе, әлі де толыққанды опера мектебі қалыптаса 
қоймаған  елімізге  өзі  арқылы  операны  жақсы  көргізіп,  да-
рындылар  қатарының  көбеюіне  ықпал  етсе,  әлем  сахнала-
рынан  қазақ  өнеріне  ойып  орын  алып  берсе  –  адамдық  та, 
әншілік те міндетін адал атқарғандығы дер едік. Кәсіби өнерде 
адамның өзінен де гөрі өнерінің анағұрлым маңыздырақ екенін 
мойындайықшы.  Майра  өзінің  керемет  дауысымен  бізге  опе-
ра өнерінің қасиетін танып, білуге, оны сүюге үйретеді. Оның 
бізбен болған әңгімесінен осы ойды аңғарғандай едік. 
–  Сіз  Қытайда  жүргенде  опера  қандай  өнер  екеніне  көп 
мән  бермеген  сияқтысыз.  Әуелде  Құлжада  ән  сабағынан  дәріс 
бергеніңізді  білеміз.  Бірақ  кенеттен  сіздің  өміріңіз  өзгеріп  сала 
беріпті. Сонда бұған не себеп болды?
–  Бәрі  өзіңізге  мәлім,  менің  әкем  Мұхамед  Әбдіқадыр  сазгер, 
профессор, бүкіл өмірін қазақтың халық әндеріне, өнеріне арнаған 
кісі. Анам Қытайдың бірінші дәрежелі әртісі. Ол жерде халық әртісі 
дегенді бірінші дәрежелі деп атайды. Өзім өнерлі отбасында туып, 
өскеннен кейін ән айту сол әкем мен анамның маған деген амана-
ты деп ойлаймын. Мен дауыс жағынан анама тартқанмын. Бұл әкем 
мен  анамның  дарыған  әуелде  табиғатымда  бар  тума  талант  деп 
есептеймін. Сондықтан әкем мені бала кезден осы операға баулыған, 
соған тәрбиелеген, осы өнерді сүйіп өсуге үйретті. Себебі, ұлы ком-
позиторлар  Бетховен,  Моцарт,  Чайковскийлер  опера  жазған.  Ал 
анам: опера әннің шыңы, – дейтін. «Балам, біздің өміріміз өте қиын 
болды.  Сондықтан  да  әлемдегі  операның  үлкен  мекені  Италияға, 
Ла-Скалаға барып ән айту әрбір әншінің үлкен арманы», – деп көп 
айтатын. Солар бала күнімнен менің санама сіңіп, жүрегіме ұялап 
қалды.  Менде  опера  деген  әннің  шыңы,  биігі  сол  екен  ғой  деген 
ой  қалыптасты.  Содан  ба  екен  қайдам,  мектеп  бітіре  сала  бірден 
Бейжіңнің ұлттар университетіне барып ән-би факультетіне оқуға 
түстім. Ал үйде әкем мені фортепьяноға үйреткен болатын. «Биік 
шыңға  шығу  үшін  жан-жақтылы  болмасаң  оған  шыға  алмайсың. 
Жақсы  әнші  болу  үшін  сен  фортепьяноны  жақсы  үйренбесең  ке-
лешекте құлағың дұрыс естімейді, әннің ритмін сезіне алмайсың. 
Әлі сен маған рахмет айтатын боласың. Мен сені пианист қылып 
тәрбиелемеймін, бірақ ол сенің әншілік өнеріңде әрқашанда өзіңмен 
бірге жүреді», – деп еді сонда әкем.
Ал жаңағы аталған факультетте төрт жыл оқыдым. Оқу кезінде өте 

101
жақсы оқыған болуым керек, қызыл дипломмен бітірдім. Төртінші 
курста аз ұлттардың бүкіл қытайлық мемлекеттік ән-би байқауына 
қатынасып екінші орын, күміс медаль алдым. Оқуды алтын медаль-
мен бітіргеннен кейін осы университеттің басшылары «аз ұлттардың 
талантты  жастарын  біз  мұғалімдікке  алып  қаламыз.  Өйткені 
бұлардың соңынан келіп жатқан буындарға осындай жақсы оқыған 
балалар  сабақ  беруі  керек»  деді.  Сол  бойы  сонда  қалып  қойдым. 
Бірақ  менің  түпкі  ойым  сахнаға  шыққым  келді,  ән  айтқым  келді. 
Бірақ ондай мүмкіндік болған жоқ, «Егар басқа ән-би ансамбліне 
баратын  болсаңыз  онда  келген  жеріңіз  Іле  –  Қазақ  автономиялық 
облысының орталығы Құлжаға қайтып кетуіңіз керек» деді. Содан 
амал жоқ алты жыл аз ұлттар университетінде мұғалім болдым. Сол 
алты жылдың ішінде көптеген талпыныстарды бастан өткердім. Сол 
кезде Қытайда бір толқын болды. Қытай шет елге есігін аша баста-
ды. Бұл 1980 жылдар еді. Сол жылдары Қытайда әнді эстрадамен 
айтатын бір ағын өмірге келді. Оның көш басында Қытайдың белгілі 
эстрада әншісі тұрды. Ол шырқаған әндердің бірінде «Сыртқы әлем 
ол  біздің  мынамыздан  да  әдемі,  бұдан  да  қызықты»  деген  сөздер 
бар-ды. Оның бұл әндерін естіген бүкіл жастар, жас әншілер оған 
еліктей бастады. «Шет ел қандай екен?» – деген ынтызарлық оянды. 
Себебі, Қытай ұзақ жылдар бойы есігін жауып алды. Сыртта қандай 
екенін білмедік. Тіпті мына адамның санасы, идеясы бір түрлі жа-
былып  қалғандай  көрінді.  Сол  кезде  сырттан  ақырын-ақырындап 
әндер,  неше  түрлі  жаңалықтар  келе  бастағанда  бізде  шетелге  де-
ген  бір  әуестік,  шетелге  шықсақ,  көрсек,  білсек  деген  бір  талпы-
ныс,  көкейде  жүрген  еркіндікке  деген  ұмтылыс  оянды.  Сондай 
бір ой адамды түрткілеп тұрды. Әрине,  көп саяси төңкерістерден 
кейін  адамдарда  бір  түрлі  қорқыныш,  бір  түрлі  үрей  пайда  бола 
бастаған. Ал өнер адамдары өзгелерге қарағанда еркіндік дегеннің 
мағынасын тереңірек сезінеді. Сол еркіндіктің арқасында біртіндеп 
шетелге шығып кеттім. Бірақ шет елге шығу үшін паспорт беру, па-
спорт алу деген ол кезде бізде үлкен әңгіме. Шет елге шығу үшін 
мемлекет  ішіндегі  байқауларға  қатысып  көрінуің  керек.  Өйткені 
Мәдениет министрлігі шет елге шығатын өнерпаз жастарға үлкен 
байқау  жариялайтын.  Сол  байқаудан  өтсеңіз  ғана  халықаралық 
байқауларға жіберетін. Соған талпына-талпына 1988 жылы үш мың 
адам қатысқан бүкіл мемлекеттік әншілер байқауында мен бірінші 
орынды жеңіп алдым. Онда үш номинация болды. Біріншісі халық 
әндері, екіншісі эстрада, үшіншісі опера. Сол операдан мен бірінші 

102
орын – алтын медаль алдым. Содан кейін жолдама алып, 1994 жылы 
Чайковский  атындағы  халықаралық  байқауға  қатысатын  болдым. 
Бірақ  сонда  Қытайдың  бір  заңы  бар-ды.  «Шетке  шығу  үшін,  біз 
сізді оқыттық, тәрбиеледік соның ақысын төлеу керек» деген. «Егер 
қалтаңызда ақшаңыз болса, он мың доллар төлеңіз де бара беріңіз, 
ал жоқ болса алты жыл қызмет істеңіз». Ол кезде менің айлығым 
он доллар, он мың долларды қайдан табам. Содан алты жыл қызмет 
істеп мерзімді күні шет елге шығып кеттім.
–  Миллиард  халқы  бар  елдің  ішінде,  әрине,  шашасына  шаң 
жұқпас өнердің алуан жүйріктері бар екеніне ешкімнің күмәні 
жоқ. Солардың арасынан суырылып шығу оңай бола қоймаған бо-
лар. Оларды мойындату тек хас шебердің ғана қолынан келетін 
шаруа емес пе?
– Әрине. Әрбір байқаудың өзінің шарты бар. Мәселен, бірінші 
турда  опералардан,  Гайдннің  музыкаларынан  басталып,  одан 
кейін  ХVІІ,  ХVІІІ,  ХІХ  ғасырлардың  және  кейінгі  ХХ  ғасырдың 
модерн композиторларының шығармалары және халық әндері бо-
лып бөлінеді. Бірақ мен 1987 жылы өткен аз ұлттар ән жарысын-
да  бірінші  рет  Латиф  Хамидидің  «Бұлбұлымен»  суырылып  алға 
шықтым.  Өйткені,  өзіңіз  білесіз,  бұлбұлша  сайрайтын,  орындау-
шыдан өте жоғары шеберлікті қажет ететін ән ғой. Олардың бәрі 
қазақтың  әні  қандай  керемет  деп  таңғалды.  Бұдан  соң  қазақтың 
халық  әні  «Алқоңырды»  шырқағанымда  тіптен  қайран  қалды. 
Одан  кейін  белгіленген  Қытайдың  өзінің  шығармалары  бар.  Оны 
орындауың  керек.  Біз  оқыған  кезде  «міндетті  түрде  өз  ұлтыңның 
әндерін  алып  жүр»  деген  талап  болды.  Бұл  бұлжымас  шарт.  Сол 
талаптардың  үрдісінен  шығуға  тырыстым,  соған  дайындық  жаса-
дым. Өзімнің Жу Ги Ши деген мұғалімім болды, профессор. Осы кісі 
маған вокалдан, ән айту техникасынан өте жақсы көмек көрсетті. 
Өзі  баяғыда  итальяндықтардан  оқыған  екен.  Бейжің  консервато-
риясын  бітірген.  Өте  жақсы  профессордан  дәріс алдым. Ол  кезде 
әлі  де  қабырғам  қатпаған,  он  алты-он  жеті  жастамын.  Алғашқы 
жылдары  ән  шырқау,  оған  машықтану  маған  өте  қиын  тиді.  Сол 
мұғалімнің тәрбиесінің арқасында дайындалып, байқауларға қаты- 
са  бастадым.  Ұстазым  айтатын:  «сенің  келешегің  зор.  Мен  сені 
әлі де биік шыңдарға жеткізем» деп. Бірақ 1988 жылы қатерлі ісік 
ауруынан  қайтыс  болды.  Қайтыс  болардан  бір  жұма  бұрын  мен 
бүкіл  мемлекеттік  әншілер  байқауынан  бірінші  рет  алтын  медаль 
алып келдім. Соны ауруханаға апарып көрсеттім, көзіне жас алып, 

103
қуанып, «мен көзімді жұмсам да, әйтеуір сені алтын медаль алуға 
жеткіздім» деп батасын беріп кеткен.
–  Елге  оралудың  өзі  бақыт  емес  пе.  Ата-бабаның  тері  мен 
қаны сіңген қасиетті топырақты басқан шақтағы бойыңызды 
кернеген сезімдер, алғашқы әсерлер, кездескен қиындықтар жай-
лы айтсаңыз?
–  Талай  рет  айтып  жүрмін.  Менің  аңсағаным  еркіндік.  Өнер 
адамына  ол  ауадай  керек.  Сондықтан  осы  атамекенге  келген  кез-
де,  шекарадан  өте  бастағанда  кең  дала,  қысты  күнгі  көрініс  әлі 
есімнен  шығар  емес.  Тып-тыныш,  қар  деген  әппақ,  бүкіл  талдың 
басы  қарға  малынып,  мүлгіп  тұр.  Тыныштық  болғанда  сондай 
өзімнің жүрегімнің лүпілін ғана естіп тұрғандаймын. Осы көріністі 
көргенде еркіндікке жеттім-ау деп ойладым.
Әрине, қиыншылықтар болды. Мен ойлаймын ондай қиыншылық 
болмай,  адамның  өмірі  мағыналы  болмайды  ғой.  Бәрі  де  соны 
жеңумен келеді емес пе. Оның да өзіндік ләззаты бар деп ойлаймын. 
Алдымен жапасын тартпай рахатты болмайды деп түсінемін. Мен 
осыған дайын боп келдім. Бірақ менталитет дейді ғой, сол шамалы 
басқашалау екен, соған аздап жүрегім ауырған сәттер де жоқ емес. 
Көбісі қазақша сөйлемейтін ол кезде.    
Көлікте  келе  жатып:  «мынау  қай  аялдама?»  деп  сұрағанымда, 
«қашаннан  бері  қазақ  боп  кеттің?»  деп  өзіміздің  қазақтардың 
кейігені  бар.  Орыс  тілін  білмегендіктен  ойымды  жеткізе  алмай 
қиналған кездерім де болды. Осы театрдағы қазақ әншілердің өздері 
орыс  тілінде  сөйлейтін.  Бірақ  бойымды  біртүрлі  қуаныш  билеп 
тұратын. Ертең осының бәрі жақсы болып кетеді деген сенім бар еді 
кеудемде. Кең даланың тынысы маған сондай қуат беретін. Бұның 
бәрі өтпелі шақ қой деп ойлайтынмын. Өйткені Қытайдың өзінде де 
мәдени төңкерістен кейін адамдар осындай бір қиыншылықтарды 
бастан  өткерді.  Одан  кейін  даму  кезеңі  басталды.  Мен  соның 
бәрін  осында  келгеннен  кейін  екінші  рет  бастан  өткізгендей  бол-
дым.  Қазақстандағы  сол  кездегі  жағдайды  соған  ұқсаттым.  Бірақ 
әрбір күнім, ертеңім, келешегім жақсы болады деген үмітпен өмір 
сүрдім, сол сенімнен әлі де арылған жоқпын. Қазір, әрине, өткенді 
айту, еске алу оңай. Кезінде жүрегім ауырған сәттер де болды. Ба-
сымызда баспанамыз болған жоқ. Үй және азаматтық алу мәселесі 
өз шешімін таппай, талай есікті тоздырдық қой. «Шіркін-ай, қазақ 
елі, қазақ жері еді ғой», – деп келгенде мен есігін ашқан кісілердің 
қабақтарын қар жауып, «кім сені шақырып келді, мұнда нең бар еді?» 

104
– деген сөздерін естігенде «неге бүйтіп айтады?» деп ренжитінмін. 
Қазір Құдайға шүкір, оның бәрін әңгіме қылып айтамыз, еске ала-
мыз. Сол уақыт 1994 жыл бір маған ғана емес, басқа оралмандарға 
да ауыр тиді. Бірақ бәрібір менің бойымды бір мақтаныш кернеп 
тұратын.  Көбісіне  айтам:  «әй,  сендер,  мына  тәуелсіздік  берген 
еркіндіктің қадіріне жете алмай жүрсіңдер. Егер басқа елде, басқа 
жерде жүрсеңдер онда оның мәнісін тереңірек түсінер едіңдер ғой» 
–  деймін.  Бұл  менің  ойымнан  шықпайды.  Мен  үшін  еркіндік  зор 
бақыт сияқты көрінеді.
–  Португалиядағы  халықаралық  байқауға  қатысу  өз  алдына 
жеке бір әңгіме арқау болатын оқиғаларға толы екенін білеміз. 
Солай болса да сіздің өз аузыңыздан естігенге не жетсін. Мүмкін 
болса, сол бір өнер бәсекесін тағы бір еске ала кетсеңіз.
–  1997  жылы  мені  Португалияға  шақырды.  1996  жылғы  Ис-
панияда  өткен  халықаралық  байқауда  0,2  балл  жетпей  қалғанын 
ескеріп  қазылар  алқасы  арнайы  хат  жіберіпті.  «Әттеген-ай,  сізге, 
обал болды. Бірақ, байқау деген сол. Қазылардың бағасы бір-біріне 
ұқсамайды. Қойған бағаларын есептей қалған кезде 0,2 балл жет-
пей қалды» депті. Сонымен Португалияға барғанда қаржы да тап-
шы болды. Бір жұма болатын байқауға 250-дей әнші келіп, байқау 
он бес күнге созылып кетті. Ол өте қиын болды. Төрт турдан айта-
тын болдық. Ең соңғы үш күнде ақшам таусылып, сахнаға шығып 
төрт  әнімді  айтқаннан  кейін,басым  айналып,  құлап  қалғам  ғой. 
Концертке  келген  бір-екі  португалиялық  кемпір,  шал  үйіне  апа-
рып  тамақтандырды.  Содан  қайтадан  залға  келсем  байқаудың 
қорытындысын  хабарлап  жатыр  екен.  Он  екі  әнші  финалға 
қатысқанбыз.  Әттеген-ай,  сәл  кешігіп  қалғанымды  қарашы  деп 
өкініп  тұрмын.  Себебі,  тоғызыншы,  сегізінші,  жетінші  деп  айтып 
жатыр. Мені айтып кетті ме екен, не болдым екен? – деп жүрегім 
аузымнан шығып кете жаздап лүпілдеп тұр. Төрт – Испания, үш – 
Мексика, бір – Майра Мұхамедқызы, Қазақстан! – дегенде талып 
қала жаздадым. Шынымен маған бірінші орын бергені ме? – деп не 
сенерімді, не сенбесімді білмей дел-сал болып тұрып қалдым. Жа-
нарымнан қуаныш жасы моншақтай төгілді. Бұл байқауға бірінші 
рет Қазақстанның атынан қатыстым. Шамам келгенше дайындал-
дым,  төрт  үлкен  опералардан  ариялар  айттым.  Қазыларға  ұнаған 
болуы керек.
Ел  мені  сондай  керемет  салтанатпен,  гүлменен,  қызыл  кілем 
төсеп әуежайдан қарсы алар деп ойладым. Өйткені Қытайда осын-

105
дай  халықаралық  байқаудан  жеңіспен,  лауреат  болып  оралған 
әншілерді өкімет өкілдері қарсы алатын. Ал ұшақтан шықсам, жол-
дасым жалғыз өзі қолында гүлі бар, қарсы алып тұр.
– Осы әлемдік ең беделді өнер додасынан кейін сіздің үмітіңіз 
жанып, өнеріңіздің сәулесі жарқырай түскендей болды емес пе?! 
Бұл сізге қуат, күш, жігер бергені белгілі.
–  1996  жылы  Қытайдың  басшысы  бірінші  рет  ресми  сапар-
мен  біздің  елге  келгенін  білесіздер.  Сол  кезде  салтанатты  кеште 
«қытайша  ән  айтатын  адам  бар  ма?»  –  деп  іздестіргенде  таңдау 
маған  түсті.  Сонда  Қытай  еліне  өте  танымал  сапроно  дауысқа 
жазылған әнді айтып бергенімде ол кісі қатты риза болып, мені сал-
танаттан  кейінгі  қонақ  асына  шақырды.  Сонда  алғаш  Елбасымен 
таныстым. Қонақ сұрады: «Сізге қанша жыл болды? деп. Мен ой-
ладым, біреу мені Қытайдан келген студент деп айтқан шығар деп, 
екі жыл болды» дедім. Сөйтсем ол кісі: Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің 
мына  қыздарыңыз  қандай  мықты,  екі  жылда  қытай  тілін  қандай 
жақсы меңгеріп  алған. Менің Шанхай тіліндегі акцентім бар. Бірақ 
мына қыз қандай таза қытайша сөйлеп  тұр» деді. Сонда Елбасы: – 
азаматтықты алдың ба деп сұрады. Жоқ, алғам жоқ. Қақпаған есігім 
жоқ. Қайдан барып алатынын білмеймін, – дедім. Елбасы: «Е, оны 
мен беремін ғой» деді. Онда жақсы болды ғой деп қуанып кеттім. 
«Ертең келіңіз», – деді. Сонымен 1996 жылы азаматтықты алдым, 
екі  бөлмелі  үй  берді.  Содан  кейін  аяғымнан  тұра  бастадым.  1998 
жылдың ақпан айы болуы керек мені Елбасы қабылдады. «Біз жас 
мемлекетпіз, қазақтын атын шығару керек. Мәскеуде өтетін Чайков-
ский  атындағы  халықаралық  әншілер  байқауы  олимпиада  сияқты 
біздің елдердің үлкен өнер бәсекесі. Ол бүкіл дүниежүзіне белгілі. 
Сол  байқауда  қазақтың  бір  әншісі  немесе  музыканты  әлі  лауре-
ат болған жоқ. Мен сізге сенім артам, барып келіңіз» – деді. «Мен 
орысша  білмеймін  ғой»  –  дедім.  «Сен  итальянша  білмей-ақ  бар 
жерді бағындырып келдің ғой. Ештеңе етпейді», деді.
Содан  кейін  екі  ай  Мәскеуде  өте  жақсы  дайындық  жасадым. 
Қазақтың пианист азаматы Теміржан Ералиев деген өте шебер му-
зыкант бар. Сол кісі мені сүйемелдеді. Ол да ең үздік деген диплом 
алды. Бірінші орынды Жапония, екінші орынды айтпаса да түсінікті 
Ресей, ал мен үшінші орын – қола медальға ие болып, лауреат атан-
дым. Бірақ Ресейдің, шетелдің басылымдары, теледидарлары маған 
талантты әнші деп жоғары баға беріп жатты. Осыдан кейін Елбасы 
тағы қабылдады. Сол кезде біздің елге Қытай басшысы екінші рет 

106
келген екен. Ол мені көріп: «Ой, сен біздің қыз екенсің ғой» деді. 
Сонда  Елбасы:  –  Майра  біздің  екі  мемлекеттің  мақтанышы.  Екі 
елдің өнердегі елшісі, екі елдің өнердегі көпірі» – деп жақсы-жақсы 
сөздер  айтты.  Екі  Елбасы  да  құттықтап,  «екі  мемлекеттің  ортақ 
қуанышы», – деп тілектерін білдірді. Мен оларға тағы да әнімді ай-
тып, қуанышымды жеткіздім.
– Мұнда сізге қойылатын барлық талаптармен келісесіз бе? 
Себебі, сіз Шығыс, оның ішінде Қытай опера мектебінің өкілісіз 
ғой. Осы екі  мектептің арасында айырмашылық бар ма?  
– Былайша айтқанда мен әншілік өнердің негізін Қытайда қалап 
келдім. Бірақ сахнадағы шыңдалуым осы Қазақстанда болды. Қанша 
оқығанмен адам сахнаға шығып айтпаса онда талантын дәлелдей ал-
майды. Өзіңіздің мүмкіндігіңізді әрі қарай дамытпасаңыз өнердегі 
жолыңызды  аша  алмайды  екенсіз.  Осында  келгелі  мен  осыны 
түсіндім.  Ал  енді  бұрынғымен  салыстырғанда  мына  сахна  нағыз 
әншілерді  тәрбиелейтін  мектеп  екен.  Бұл  жердің  бір  жақсы  жері 
әншілердің барлығы консерваторияны бітіргеннен кейін бірден осы 
сахнаға шығуға мүмкіндіктері бар. Студенттер бітіре бастағаннан 
ақ  оларды  консерватория  жанындағы  студиялар  сахнаға  баули-
ды. Көптеген спектакльдер қойылады, оған студенттер тартылады 
екен.  Мұндай  студиялар  Бейжің  консерваториясының  жанында 
да бар. Ал маған мына жерде ұнағаны әншілердің шығармаларды 
игеруі.  Мұнда  орыс  мектебінің  ықпалы  өте  күшті.  Бұлар  көбірек 
орыс  шығармаларын  меңгерген.  Біз  Қытайда  негізінен  неміс 
композиторларының шығармаларын айтқанбыз. Біз үшін орыс тілі 
өте ауыр және қиын болды. Бізге Чайковскийдің, Рахманиновтың 
шығармаларын  айту  деген  үлкен  бір  жетістік  сияқты  көрінетін. 
Мұнда келсем бүкіл әншілер орыс композиторларының шығарма- 
ларын өте шебер орындайды екен. Мені осы таң қалдырды.
Ал өзіме келсем, алғашқы кездері осы сахнада «Қыз Жібекті», 
«Абайды» айттым. Содан кейін барып шетелдің классикалық опе-
раларын орындауға кірістім. Міне, осы кездері мен операны терең 
түсіне  бастадым.  Оған  осы  Абай  атындағы  академиялық  опера 
және балет театры көп үлес қосты. Мен өзімді осыннан шыңдалып 
шықтым  деп  айта  аламын.  Әсіресе,  Чайковский  атындағы  бай- 
қаудан кейін мені бүкіл ел танып, әріптестерім мойынай бастады, 
мені халыққа таныстырған ең алдымен журналистер. Содан кейін 
«Қытайдан келген әнші қандай екен?» – деп мені іздеп, спектакль-
дерден қалмай келіп көретіндер, тыңдайтындар көбейді. Өнерімді 

107
құрметтейтін  өзімнің  жанашырларым  қалыптасты.  Менің  әрбір 
қадамымды  журналистер  аңдып  жаза  бастады.  Бұл  маған  үлкен 
жауапкершілік жүктеді. Әр айтқан сайын, сахнаға әр шыққан сай-
ын  жұрттың  көңілінен  шығуға,  жақсы  көрінуге  тырыстым.  Әрбір 
шырқаған  партияма,  әрбір  жасаған  бейнеме,  әрбір  рөлге  аса 
жауапкершілікпен қарайтын болдым.
–  Сіз  консерваторияның  аспирантурасында  оқып  жүрген 
кезіңізде,  өміріңізде  ұмытылмайтын  кездесулер  аз  болмапты. 
Олар сіздің өнеріңізге, келешегіңізге қалай әсер етті?
–  Елге  келген  алғашқы  жылдары  маған  көмектескен,  мені 
қолдаған  азаматтар  көп  болды.  Кейде  олар  айтады:  «Біздің  аты-
мызды атап, түрімізді түстемей-ақ қойыңыз», – дейді. «Біздің сізге 
жасаған көмегіміз айтуға тұрмайды». Олардың осы сөзі жүрегіме 
бір түрлі жылы тиеді. Әрине, бірінші ретте өзімнің ұстазым Нәдия 
Шәріповнаның  маған  берген  білімі,  өнеріме  қанат  бітірген  тәлім-
тәрбиесі, ана ретіндегі ақыл-кеңесі өте зор. Ол кісі қазір о дүниелік 
болып кетті, жаны жәнатта болсын деймін. Жұма сайын жеті шелпек 
пісірсем алдымен сол кісінің атын атап тұрам. Ал Ермек Серкебаев 
ағамыз, мен сахнаға шыққан сайын әрқашан гүлін алып келіп, мені 
демеп, қолдап келеді. Сахнаға шығуыма көмектесіп, көп жерлерде 
мені мақтап, батасын беріп жүреді. 2000 жылы Республика сарайын-
да берген жеке концертімде менімен бірге сахнаға шығып халықтың 
алдында ақ тілегін білдірді. Сонда айтқан Ерағаңның әрбір сөзі жа-
ныма өте жақын тиді. Ол кісі мені үнемі жігерлендіріп жүреді. Мен 
ол  кісінің  сондай  данышпандығын  жоғары  бағалаймын.  Мен  шет 
елде жүргенде Ерағаңды қазақ операсының «королі» деп үнемі ай-
тып жүремін. «Мен король болсам, сен принцесса болуың керек» 
деп қалжыңдайды. Мен көптеген әншілермен бірге сахнаға шығып 
жүрмін. Ғафиз Есімов, Шахмардан Әбіловпен бірге шырқадым.
Ұлан Кенжебеков, Мұрат Шалабаев өте талантты жас әншілер. 
Ал  Раиса  Садықова  апамыз  қандай  шебер  дирижер.  Көбіне  әйел 
адамдардың  өнердегі  жолы  қиын.  Біз  қазақтар  осы  Раиса  апаның 
талантын  мойындағымыз  келмейді.  Бірақ  мен  сондай  тәнтімін  ол 
кісінің еңбегіне. Тамаша дирижер, керемет өнер иесі. Бізде оны әлі 
бағалап жатқан жоқ. Көбісі «мынау әйел» деп шетке қағады. Бірақ 
ер кісілердің ішінде де ондай дирижер жоқ. 1995 жылы Қарағандыда 
алғаш жеке концертімді бергенде бірінші рет Шамғон Қажығалиев 
ағамыз  өзі  дирижерлық  етіп,  қолымнан  жетелеп,  сахнаға  алып 
шықты.  Мен  бұған  дейін  Қытайда  ондай  жеке  концертке  шығып 

108
көрмегенмін. Байқауларға қатысып, шағын концерттерге шыққаным 
болмаса,  сахнада  жалғыз  тұрып,  бір  жарым  сағат  ән  айту  деген 
оңай  шаруа  емес.  Мен  сол  Шамғон  ағаға  үлкен  ризашылығымды 
білдірем.  Кейінгі  кездері  Төлепберген  Әбдірашевпен  бірге  өте 
өте көп шығармашылық байланыста болдым. Джузеппе Вердидің 
«Реквиемі» өте күрделі үлкен шығарма. Мені 1994 жылы Қытайдан 
бір әнші қыз келіпті деп алғаш мені халыққа таныстырып жіберген 
осы Вердидің «Реквиемі». Сол Төлепберген Әбдірашевтің сиқырлы 
таяқшасының  астында  консерваторияның  үлкен  хорымен,  жақсы-
жақсы әншілермен бірге ән салғанмын. Содан кейін консерватори-
яда Александр Молодов деген профессор бар, әлі күнге дейін менің 
жанашырым.
–  Сіз  үнемі  елдің  алдында  жүресіз.  Сондықтан  да  опера 
әншісіне қандай қасиет, қандай мінез-құлық қажет деп ойлай-
сыз?
– Мен ойлаймын опера әншісі болсаң ең алдымен ол табиғатынан 
адам болып жаратылуы керек. Оған көп жақсы қасиеттер керек. Үй 
болу, отбасын құру, кітаптар оқу, өмірді танып, білуге ұмтылу, еңбек 
ету,  сүйікті  ісіңмен  айналысу  –  осы  қасиеттер  адамды  арманына 
жеткізеді  деп  ойлаймын.  Адам  болу  үшін  алдымен  адамгершілік 
болу керек. Бұл болмай тұрып біреуге жақсылық істеу, жақсы сөз 
айту екінің бірінің қолынан келмейді. Адамдардың ең үлкен жаман 
қасиеті қызғаншақтық, көре алмаушылық. Бұл бір адамдағы ауру. 
Ол әрбір адамда болады. Бірақ онымен қаншалықты дәрежеде ауы-
расыз ол адамның өзінің ерік-жігеріне байланысты.
Сондықтанда  менің  отбасында,  мектепте  алған  тәрбием 
бірінші  ата-ананы  өте  жақсы  сыйлау.  Қандай  кембағал  бол,  бай 
бол өзінің әкесі мен анасына, туған-туыстарына деген қамқорлық, 
сүйіспеншілік  ерекше  болу  керек.  Тағы  бір  басты  қасиет  ол 
еңбекқорлық.  Сол  себептен  де  мен  ойлаймын,  опера  әншісі  болу 
үшін де жан-жақтылық керек. Ол тек қана дауыс емес сіздің әншілік 
техникаңыз,  біліміңіз,бой  әлпетіңіз,  түріңіз  келісті  болғаны  жөн. 
Кей кездері Еуропаның әншілеріне қызығасыз. Бойы да бар, ойы да 
бар, адамгершіліктері де бар. Нағыз әншілерге Құдай бәрін үйіп– 
төгіп беретін сияқты. Ондай әншілер мың жылда бір туылады.
Құдай бізге дауыспен бірге жалқаулықты да қосып берген. Көп 
әншілер  сол  жалқаулықты  жеңе  алмай  өмірде  де,  сахнада  да  өзін 
таба алмай қалады. Жалқаулық әрқашан сіздің аяғыңыздан щалып 
отырады.  Әнші  өзін  бір  формада  ұстауы    өте  қиын  мәселе.  Мен 

109
өмірде талай керемет дауысты әншілерді кездестірдім, бірақ өзін-
өзі баптай алмай, ұстай алмай, дандайсып, асып-төгіліп, ақыры сах-
надан жоғалып кетеді.
– Шетелдік опера театрларының шақыруымен және келісім 
шартпен  жұмыс  істеп  жүр.  Ендігі  әңгімені  осы  шетелдік 
гастрольдік сапарларға қарай ойыстырсақ қалай қарайсыз.
–  2002  жылы  маған  Францияның  сыртқы  істер  министрлігінен 
хат  келді.  Майра  Мұхамедқызы  деген  әншілеріңіз  бар  екен.  Сол 
бізге  келсе,  біздің  мамандар  тыңдаса  деп  өтініш  білдіріпті.  Мен 
кешігіп бардым. Дайындықсыз бірден сахнаға шықтым. Белгіленген 
екі  үлкен  операдан  шығармалар  айттым.  Залдан  «тамаша!»  деген 
дауыстар естіліп жатты. Сол Францияның Гранд-Опера театрының 
бас директоры келіп менімен келісім шартқа отыратындарын айт-
ты.  Мен  бұлай  болады  деп  ойламадым.  Басында  екі  жылға,  үш 
маусымға  келістік.  Еуропаның  өмірге,  өнерге  деген  көзқарастары 
да өзгеше. Біз сияқты айлық алып істемейді. Мен қатты толқыдым, 
қасымда  әлемдік  деңгейдегі  әртістер.  Тіл  жағынан  да,  репертуар 
жағынан да өте қиналдым. Мен ойладым, барғаннан кейін профес-
сорлар менімен жұмыс істеп дайындайды деп. Сөйтсем олай емес, 
сіз дайын болып баруыңыз керек екен. Қазір Құдайға шүкір фран-
цуз  тілін  қайта  оқыдым.  Сынның  бәрінен  өттім.  Дүние  жүзіндегі 
ең  атақты  жұлдыздармен  бірге  сахнаға  шықтым.  Бұл  мен  үшін 
үлкен мектеп болды. Қазір Францияда көптеген достарым бар. Әлі 
де келісім шарт жалғасып жатыр. Белгілі бір қалыпқа түстім. Тілді 
меңгердім. Үлкен өнер ордасына кірдім. Олар айтып жатқан барлық 
операларды игердім. Мені біледі, театрдың басшылары сенеді.
Бүгінде тек Гранд-опера театрында ғана емес, Францияның бес-
алты қаласындағы опера театрларында келісім-шартпен турнир жа-
сап, айналып ән салып жүрмін. Биыл уақытымның көбісі осы Фран-
цияда өтеді. Бұған өзім сондай қуаныштымын.

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал