Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет10/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

–  шындығында,  Әсеке,  көбіне  өзге  ұлттың,  оның  ішінде 
орыс  және  батыс  музыка  өкілдерінің  өнеріне  табынып,  соған 
жүгініп,  солардың  маман  музыканттарынан  білім  алып,  сол 
елдердің  әнімен  сауатын  ашқандарын  мақтан  етіп,  ал  өзінің 
ұлттық музыка мұрасын менсінбейтін әрі қазақ әндеріне шеке-
ден қарайтын, өзін әлемдік жоғары мәдениеттің өкілі санайтын 
жалған кеудемсоқтан құдай сақтасын дейсіз ғой?
–  Менің  де  ойым  солай.  Оған  күмәнданбаңыз.  Мысалы,  Мо-
сквадан,  Санкт-Петербургтен,  Киевтен  композитор,  әнші  маман- 
дықтарын  алып  келіп  жатқан  жастар  мол-ақ.  Олар  музыкалық, 
теориялық даярлығы жағынан майталман. Әнге келгенде жоқ қой. 
Қазақ  топырағынан  жаралған,  ұлттық  нақыштағы  әндерді  туғыза 
алмайтын сияқты.
– не себептен бұлай?
–  Ол  енді  оқыған  ортаға  байланысты.  Мысалы,  Санкт-
Петербургта  қазақ  музыкасының  тарихын  оқытпайды  ғой.  Келе-
шек  жас  маман  классикалық  музыканың  ырғақтарымен  танысып, 
орыс, батыс композиторларының шығармаларын тыңдап, солардың 
әуендерін құлақтарына құйып қайтады емес пе? Сөйтіп, алты-жеті 
жылдың ішінде бала кездегі құлағындағы ұлттық әуеннен айрылып 
мүлде басқа сазбен елге оралатындар аз ба, сірә? Сонда сұраймын 
ғой: Әй, қазақ даласының құдіретті әуені қайда? Қымызының иісі 
қайда? Ұлттық ерекшелігіміздің бірі, міне, осылар емес пе? Ол жоқ 

90
қой. Мен соған қайранмын. Біздің ондай «білімдарларды» шетінен 
санап беруге болады.
Бірақ,  шет  жерде  оқу  бітірген  жастардың  бәрі  солай  деп  бір 
желіге көгендеуден аулақпын. Ұлттық әуеннен қол үзбегендері де 
баршылық. Солардың қатарынан мен Москва консерваториясының 
түлегі  Тілес  Қажығалиевті  көремін.  Оның  туындылары  негізінен 
орысша. Бірақ, сәтті шыққан қазақша жазылған әндері де бар. Ал 
менің  мақтайтыным  –  Кеңес  Дүйсекеев.  Ол  Астанадағы  нөмірі 
екінші қазақ мектеп-интернатының түлегі... Білім десе білімі бар. 
Оның  үстіне  өзіміздің  Құрманғазы  атындағы  консерваторияны 
аяқтады.  Үнемі  қазақша  жазады.  Енді  оның  бәрі  жүрекке  қалай 
жетеді, халықтың жанына ұялай ма, ұяламай ма – ол өз алдына бөлек 
әңгіме.  Бір  ғана  ақиқаты  ол  Кеңестің  шығармаларында  халықтық 
музыка, халықтық әуен басым.
Анау Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мәдидің әндері нағыз халықтың 
үні.  Шіркін,  солардың  әндері  іспеттес  әндер  болу  керек  қой  деп 
ойлаймын.  Әсіресе,  Дәнеш  Рақышевтің  орындауындағы  Үкілі 
Ыбырайдың «Аңшының әнін» тыңдағанда көз алдыңа сүттей аппақ 
қар  жапқан  дала,  тұп-тұнық  таза  ауа,  алма  жүздерін  аяз  сорып 
қызара  бөрткен  сал-серілер  елестейді.  Үкілі  Ыбырай  неткен  дар-
хан өнер иесі десеңізші. Әні ойымның  өрісін кеңейтіп, қиялымды 
бір  шайқап  кетеді.  Ал,  «Гәккуін»  алыңызшы.  Екі  ән  бір-біріне 
ұқсамайды. Тарихы да бөлек, бірақ керемет қой. Сондай-ақ, Ақан 
серінің  «Қараторғайы»,  «Балқадишасы»,  «Сырымбеті»,  Мәдидің 
«Қаракесегі» қандай әдемі. Бұл әндер халықтың жан дүниесінің ай-
насы, сезімдерінің дариясы. Табиғаттан нәр алған табиғи дүниелер. 
Күні бүгінге дейін шырқап келеміз, қазақ тірі тұрғанда бұл әндер 
өлмек емес, өшпек емес.
–  Әсеке,  ән  санымен  емес,  сапасымен  өлшенеді.  Бір  –  ғана 
әннің өзі-ақ композитордың атағын шығарады деген ой туын-
дайды ғой осы жерде.
–  Рас,  оған  қарсы  айтар  дауым  жоқ.  Көп  емес,  бір-ақ  ән  жаз. 
Бірақ,  ол  мықты  болсын.  Мысалы,  мен  өзім  жақсы  көретін 
композиторымның  бірі  –  Теміржан  Базарбаев.  Оның  «Ауылым», 
«Қаздар қайтқанда» деген әндері ше? Теміржанның аты осы «Ау-
ылым»  әнімен  шығып  кетті.  Ол  қазақтың  жусаны  мен  жуасының 
иісінен құралған ән ғой енді. Кереметтілігі сол – тыңдаған сайын 
рахаттанасың. Анау, Семейде жүріп осындай ән жазғанына мен рах-
мет айтқым келеді. Кез-келген композитордың, кез-келген әншінің 

91
шоқтығын биіктететін бір әні болады. Ал Ермек ағамыздың биіктен 
көрінуі анау «Сырымбет», «Назқоңыр», «Көзімнің қарасы» тәрізді 
туындылар ғой. Ермек Абай арияларын қалай орындайды десеңізші. 
Енді  Бибігүлдің  орны  тіптен  басқа.  Оның  орындауындағы  әннің 
қай-қайсысы болмасын, бағы жанып жатады.
Әндерімнің  кіндігін  өзіме  тілектес  достарым  Зейнеп  Қойшы- 
баева  мен  Нұрғали  Нүсіпжанов  кесті.  Маған  олардың  бірі  кіндік 
шеше де, екіншісі кіндік әке. Менің әндеріме алғаш ақ жол тілеген- 
дер  шындығында  солар.  Мақпал  Жүнісова,  Нағима  Есқалиева, 
Сұлушаш Нұрмағамбетова, Ғафиз Есімов, Кенжеғали Мыржақбаев, 
міне, осыларға деген менің ықыласым өзгеше. Ал нәзік те сүйкімді 
қарындасымыз Роза Рымбаеваның орны тіпті бөлек. Ақынның сөзін 
де,  композитордың  үнін  де  бұзбай,  ұлттық  қасиетіміздің  мерейін 
өсіріп жүрген жақсы әншілер. Бұларда ұлттық жүрек бар.
– Таланттың тағдырын шешетін диплом ба, жоқ, әлде өнер 
ме?
–  Мына  сұрағың  маған  ұнап  отыр.  Айталық,  Әбілахат,  Бекен 
және  Шәмші  консерватория  бітірген  жоқ.  Бірақ,  оларды  білімсіз 
деп айтуға аузың бармайды. Тума талантқа дипломның керегі жоқ 
екенін  солардың  әндері-ақ  дәлелдеген  жоқ  па?  Бұған  өзімнің  де 
көзім  жетті.  Өнеріңді  таныған  халыққа  сенің  дипломыңның  бар-
жоғы қажет емес. Екі-үш дипломы бар композиторлар да бар. бірақ 
солардың бітіріп жүргені шамалы. Ештеңе жазбайды. Әйтеуір Ком-
позиторлар  одағының  мүшесі  саналады.  «Мүшемін»  дейді.  Оның 
жұртқа мүшелігінен  пайда жоқ.
–  Әсеке,  сізді  «кәсіпқой  қазақ  музыкасының  вальстен 
эстрадаға  ауысқан  шақтың  сағасында  тұрған  композитор» 
дейді. Бұған деген көзқарасыңыз қандай?
– Шәмші Қазақ вальсінің құдіреті ғой. Оның дала самалындай 
жанға  жайлы  тиетін  әуен  сазы  қайталанбайтын  сезімдер  әлемі,ол 
сондай тап-таза әрі мөп-мөлдір. Осы қалпымен әнқұмар қауымды 
өз ырқына көндіріп-ақ алған. Бірде Шәмші аға:
–  «Әсет  Бейсеуов  жеке-дара  ұлттық  эстрадамыздың  көсегесін 
көгертіп жүр» – деп, ой қорытады «Қазақ әдебиетінде» жарияланған 
мақаласында.  Бұған  өз  басым  ыңғайсызданып  қалдым.  Өйткені, 
бір ғана адам бір халықтың музыкасының тұтқасы бола алмайды. 
Бірақ, бұл Шәкеңнің маған деген ақ адал көңілінен шыққан пікірі 
екендігіне күмәнім жоқ.
–  Өзендердің  өзі  бұлақтан  басталады  десек,  сол  «эстрада» 
бұлағы арналы өзенге айналып кетті деп айта аламыз ба?

92
– Жауыннан кейінгі қызғалдақтай қазақ музыкасында дүркіреп 
шыққан Нұрғиса аға, Базарбай, Мыңжасар, Әшір сынды композитор-
лар қазіргі жастар арасында жоқ. Мен әлі іздеп жүрмін. Әй, артым-
нан біреу-міреу шыға ма деп елеңдеймін. Бірақ жоқ. Ал лирикалық 
әндерге  келетін  болсақ,  мен  ең  алдымен  жас  композитор  Марат 
Ілиясовты,  Бейбіт  Дәлденбаевты,  Ақтоты  Райымқұлованы  айтар 
едім. Бұлар өзімнің шәкірттерім. Осылардан бірдеме шыға ма деп 
үміттенемін. Мараттың «Мерекем сен», «Мен саған өкпелемеймін» 
деген әндерін халық та жақсы сүйіп тыңдайды.
Мен көптеген кездесулерде болып жүрмін. Мысалы, жүз ән жаз, 
екі  жүз  ән  жаз,  соның  ішінде  халықтың  жүрегіне  ұялайтыны  екі-
үш  ән  ғана.  Қалған  әндер  сол  әндердің  төңірегіне  жинала  береді. 
Бұған  дәлел  орыстың  ұлы  композиторы  Исаак  Дунаевский  үш 
мыңға жуық ән жазған. Қазір бүкіл орыстар оның он-он бес әнін 
ғана шырқап жүр. Ал Соловьев – Седойдың «Подмосковные вече-
расын» алыңызшы. Кез-келген елде шырқалып жүр. «Не слышны в 
саду даже шорохи» деген сөздері не деген керемет. Сондай-ақ, оның 
«Смуглянка-молдованка» әнін Клавдия Шульженко қандай майын 
тамыза орындайды. Бұл қайталанбайтын өзгеше әндер ғой.
Ал Алла Пугачеваның әндері өзінікі ме, халықтікі ме, ұқпай, кей-
де танымай қаласың. Әуенінде орыстың баяғы дәстүрі жоқ. Бізде 
болсын, бүкіл дүние жүзінде болсын, баяғы керемет әндер көзден 
бұлбұл ұшқан. Қазір ән жанры тоқырау кезеңінде. Бұған менің за-
мандас композиторларым да кінәлі. Сондықтан бізді де «сабайтын» 
адам керек.
Шәкеңнің  «Ақмаңдайлым»,  «Ақсұңқарым»  деген  әндерінен 
қазақтың иісі аңқып тұрған жоқ па? Міне, осы екі ән үшін Шәмші 
Қалдаяқовқа  ескерткіш  қою  керек.  Әй,  айналайындар-ау,  ән 
жазсаңдар, Шәкеңдей қазақтың жүрегімен үндесетін ән тудырыңдар, 
әйтпесе  басқа  арам  тер  болып,  өнерді  лайламаңдар  дегенді  та-
лай  жерде  ашына  айтып  та  жүрмін.  Нұрағаң,  Шәмші,  Теміржан, 
Мыңжасар сынды ағаларынан асып түсетін інілерім шықса деп ар-
мандаймын.
Шіркін-ай,  іздеп  келіп:  «Мен  мынаны  жаздым,  мен  мынаны 
бүйттім»,  деп  жатса,  қарсы  келмейсің  ғой.  Өнерде  қызғанбау  ке-
рек, менің ойымша. Менің әріптестерімнің көбісі қызғаншақ келеді. 
Біздің  кемшілігіміз,  міне,  осында  жатыр.  Бір-бірімізге  іштармыз. 
Кейбір  жас  композиторларға  ақыл  айтсаң,  ат-тонын  ала  қашып, 
ер-тоқымы  шабына  түскен  асау  аттай  тулап:  «Мен  симфония  жа-

93
замын»,  –  дейді.  Әй,  симфония  әннен  құралмай  ма?  Бірақ,  оған 
құлақ аспайды. Шынайы жанашыр жүректен шыққан тілегің желге 
ұшқанына жаның күйзеледі.
– Жақсы әндер Әсеке, мүлде жоқ емес, баршылық қой. Бірақ 
сол барды бағалау жағы нашар ма, қалай?
Теміржанның  да,  Базарбайдың  да,  Мыңжасардың  да, 
Әшірдің де ел таныған әндері бар. Бірақ соны насихаттау керек. 
Мәселе сонда. насихатсыз судан шығып қалған балық сияқты 
ауа  жоқ,  дем  ала  алмай  қаламыз.  халық  сусындап  отырған 
ән  өнеріміздің  арнасын  ашып,  бұлағының  көзін  үнемі  тазар-
тып  отыратын,  әрине,  әділ  сын,  өркенді  насихат.  Өкініштісі 
сол, бұл салада өрелі де өткір пікір жан-жақты талдау жасап, 
жаңа шығармаға өз бағасын беретін бірде-бір музыка зерттеуші 
елімізде  жоқ.  қазақстан  Композиторлар  одағының  тізімінде 
бар  көрінеді.  ал  үндері  естілмейді,  сонда  қайда  олар?  Әнді 
көп тыңдайтын жастар екенінде сіздің дауыңыз болмас. Осы-
нау миллиондаған көрермендердің көңілін өзіне аударған рок-
музыкасы ән жанрын да аяқтан шалып отырған жоқ па?
– Мен бұл сұраққа жауапты мынадан бастағым келіп отыр. 1990 
жылы қаладағы Ленин атындағы сарайда рок музыкасына арналған 
жиын өтті. Үш мыңды орынды залға екі жүз ғана адам жиналды. 
Бұл нені байқатады? Рок музыкасына көп ешкім бара бермейтіндігін 
тағы бір дәлелдесе керек. Оған тегі алаөкпе жастар ғана құмар. Рок 
–  даңғара  музыка.  Онда  әдептілік,  адамгершілік  қасиеттер  мүлде 
жоқ. Бәрі де жеңілтек сөзге, ащы айқайға құрылған. Одан ұлттық 
дәстүрдің жұрнағын да таппайсыз. Рокты демалыс музыкасы дейді. 
Түк те демалыс музыкасы емес. Жәй кафеде отырып ән салсаң, сөз 
басқа. Рок жастарды жындандырып сол кафені өртеп жіберуге дейін 
апарады.  Бәрінің  де  быт-шытын  шығарғысы  келіп,  қаны  қайнап, 
көздері қанталап кетеді. Сонда бұл музыка ма? Жоқ. Рок бізді руха-
ни аштыққа ұрындырады. Рок деген, менің ойымша, ол өнердегі рак 
сияқты ауру. Сондықтан да өз басым оны жек көремін.
–  Әсеке,  тек  сіздің  ғана  жаныңызда  емес,  менің  де,  ұлттық 
музыкамыздың ертеңін ойлайтын ондаған адамдардың да жа-
нын  жаралап  көңілін  күйзелтетін  құбылыс  екені  рас.  Оған 
адамзаттың ғасырлар бойы өзімен бірге жасап, жаңарып дамып 
келе  жатқан  ізгі  қасиеттерді  ту  еткен  озық  өнері  ғана  қарсы 
тұра алар. Соның танымалы ұлттық өкілі ретінде сізге жеміс 
тілейміз. Әңгімеңізге көп рахмет.

94
«Жүрек тебірентер ән көп болса екен...»
ұлттық ән өнеріміздің мұзарт шыңдарының бірі, қазақстан- 
ның  халық  артисі,  композитор  Әсет  Бейсеуовтың  туғанына 
60  жыл  толды.  Өмірі  өнермен  жалғасқан  өнер  иесін  еске  алу 
кеші  жуырда  Республика  сарайында  өткені  белгілі.  Біз  бүгін 
оқырмандарымыздың назарына композитордың өмірінің соң- 
ғы  кезеңінде  журналист  Орынбасар  Дөңқабақпен  болған 
әңгімесін өнер және өзі, ән және әріптестері туралы толғанысын 
ұсынамыз.
Әсет аға тап бір емтихан тапсыратындай баладай өзін-өзі жинақы 
ұстап, маған қарап қалыпты. Сондай тұп-тұнық қос жанарын жан 
дүниесінің алып  айнасы ма деп қалдым.
–  «Гүлдер»  эстрадалық  ансамблін  білесің  бе?  –  деген  сұрағы 
тәтті қиялымды сейілтіп жіберді.
– Білемін! – Жерден жеті қоян тапқандай саңқ ете түскеніме өзім 
ыңғайсызданып қалдым.
– Ендеше сол ансамбльдің бойтұмарына айналған «Гүлдер» әні 
қалай  туғанын,  әрине,  білмейтін  боларсың.  Ең  алдымен,  әңгімені 
осыдан бастайық,– деді де, мойнын төмен салып, көзін жұмып, бір 
сәт  өзімен-өзі  болып,  отырып  қалды.  Әлден  кейін  әңгімесін  бас- 
тады.
1965 жылдың шілде айы болатын. Күн  күйіп тұрған. Нұрсұлтан 
Әлімқұлов  екеуміз  қаладағы  Ботаника  бағын  аралап,  қонақтан 
қайтып келе жатқанбыз. Табиғаттың тамаша кезі. Сан алуан түсті 
гүлдерді көргенде мен таңқалдым. Көзіңнің жауын алады, керемет 
гүлдер. – Егер мына көріністі жазбасаң, сен ақын, ал ән шығармасам, 
мен композитор емеспін, – дедім.
 
Нұрсұлтан: Қазір, қазір, – деді де,
 
Сарғалдақтар, қызғалдақтар,
 
Қызғалдақтар қыздар мақтар.
 
Гүл ұсынған қыз жігітке
 
Махаббат  бар,  қызғанбақ  бар,  –  деп  қайырмасын  айтып 
жіберді. Әп-сәтте өлеңнің бірінші шумағы да Нұрекеңнің жүрегінен 
төгіліп жүре берді.
– Мұныңыз орайы келген дүние болды. Рахмет! Мынандай тексті 
анау-мынау ақындар табан астында жаза бермейді, – дедім ардақты 
ағаның  арқасынан  қағып.  Бас-аяғы  он-он  бес  минуттың  ішінде 

95
ән  тексін  жазып  тастаған  керемет  талантына  сонда  таңқалдым. 
Ақындығына бас идім.
Оспанхан Әубәкіров, Жұбан Молдағалиев, Сағи Жиенбаев ком-
позитор  жүрегін  бірден  түсіне  қоятын  ақындар  еді.  Ал  Мұзағаң, 
Мұзафар Әлімбаев қазақтың кәдімгі классик ақыны ғой. Шәмшінің 
«Ақмаңдайлым»,  «Ақсұңқарым»  сияқты  әндеріне  бұрқыратып 
текст  жазды.  Ол  кісінің  халқым  деген  жүрек  соғысы  өзгеше. 
Менің  де  әндерімнің  көбісінің  сөзін  Мұзағаң  жазған.  Әбілақат, 
Шәмші, Садық және музыка өнеріміздің бүгінгі айсбергі Нұрғиса 
Тілендиевтің  әндеріне  көбіне-көп  тексті  Нұрсұлтан  Әлімқұлов 
пен  Оспанхан  Әубәкіров  жазды.  Бұлар  әнге  текст  жазудың  нағыз 
хас  шеберлері  болатын.  Өз  басым  Тұманбай  Молдағалиевке  өмір 
бойы ырзамын. Ол кісілер ұлттық әдебиетіміздің классик ақындары 
болып  қалады  деп  ойлаймын.  Ән  құлаққа  жағымды  естілгенімен, 
жүрекке  ұялап,  көкейге  қонуы  сөзіне  байланысты.  «Алтынның 
сынығы  жерде  қалмайды»  –  дейді  ғой.  Сөзі  жақсы  ән  ешуақытта 
өлмейді  ғой.  Сен  мың  ән  жаз.  Соның  ішінде  халықтың  елегінен 
өтіп, іріктеліп ел аузында қалатыны бір-екі ән ғана. Халқы төрт-бес 
әнін айтып жүрген композитор – бақытты композитор. Шәмшінің 
«Ақмаңдайлым»,  «Ақсұңқарым»,  Әбілахаттың  «Маржан  қыз», 
Кәрімбаевтың  «Жетісу»,  Сыдық  Мұхамеджановтың  «Қырманға 
кел қалқатай» әндері аяулы ағаларды ұлттық музыкамыздың биік 
тұғырына көтеріп тұр. Олардың қасиеті өздерінің әндерінде жатыр. 
Барлық шығарма бірдей, бір деңгейде болмайтыны баршаға белгілі. 
Жұлдызы жанған бір төңірегіне жарыққа ұмтылған көбелектей бо-
лып басқа әндерің жиналады.
–  Кез  келген  композитордың  өзін  ерекше  танытқан  бір  ту-
ындысы  болады  дедіңіз.  ал,  қалған  шығармалары  соның 
төңірегіне  топтасады  деген  ойыңызбен  де  келісемін.  Міне, 
осы тұрғыдан алғанда сіздің туындыларыңызды өзіне тартып 
тұрған алтын діңгегі қай әніңіз?
– Өзім үшін шоқтығы биік әнімнің бірі – «Сырласу вальсі». Оны 
жұрт «Жастар вальсі» деп кетті. Бұл – халықтың бағасы.
– Әбілахаттың, шәмшінің әндерімен өзіңіздің әндеріңізді са-
лыстырып көрген сәтіңіз болды ма?
–  Жоқ!  Шын  жүрегіммен,  шын  ниетіммен  айтам.  Өйткені, 
Әбілахат  та,  Шәмші  де  менің  жан  досым  болған  азаматтар. 
Жүректері әннен жаралған. Мысалы, Әбілахат ағамыздың «Маржан 
қызы», «Ақ сәулесі», Шәмшінің «Ана туралы жыры», «Қайдасыңы», 

96
«Қайықтасы»,  «Бақыт  құшағындағысы»  қандай  керемет  әндер. 
Нұрғиса ағаның да әндері қандай тамаша. Оның беделді әндері көп. 
Оны халқымыз «ерке композитор» деп атап кеткен. Мен оны айтпа-
сам қиянат болады. Шындықты айту керек. Жылдар өтер, бүкіл бір 
ұрпақтың азығы болған бұл әндер ұмытылмас.
–  Сіздің  де  біраз  әндеріңіз  жаңағы  әндердің  деңгейіне  көте- 
рілді емес пе?
– Бірақ өзім олай деп айта алмаймын.
–  Кәсіби  қазақ  музыкасындағы  вальс  әуені  эстрада 
ырғақтарына  ұштаса  бастаған  тұста  сіз  сол  өзгерістің  көшін 
бастадыңыз.  ұлттық  сахнамызға  эстрадалық  ойнақы  әндерді 
алып келдіңіз. Ендігі  әңгімені осы кезеңдерге қарай ойыстырсақ 
қалай болады?
– Иә. Мені қазақтың жаңа эстрадасының «өкіл әкесі» деп те жүр. 
Бәлкім, солай да шығар. Оның өтірігі жоқ болар. Оны өзің білесің. 
Өйткені Латиф Хамидидің «Бұлбұл» және «Қазақ вальсінен» кейін 
бүкіл  елді  вальс  толқынымен  билетіп  әкеткен  «вальстің  королі» 
атанған  Шәмшінің  әндерінің  толқынына  келіп  қосылған  «Айна-
шым», «Айшажан», «Мұңайма», «Меңді қыз», «Шақырады көктем» 
жаңа эстрадалық әндер еді. Оны халқым кереметтей жақсы қарсы 
алды. Рахмет! Жақында Қарағанды облысын аралап қайттым. Үлкен 
құрмет көрсетті. Сонда жұрттың алдында
...Қайда сенің жақсы әнің?
Жүрегімді жарып ұшқан
Дауысыңды  аңсадым,  –  деп  «Мұңайма»  деген  әнімді  шырқай 
жөнелгенімде, отырған халық ән әуеніне елтіп билеп кетті. Осын-
дай  әндеімнің  «кіндік  шешесі»  мен  «кіндік  әкесі»  Зейнеп  пен 
Нұрғали  деп  есептеймін.  Бірақ  көп  әндерімнің  кіндігін  кескен  
Ерағаң  –  Ермек  Серкебаев,  Би-апаң  –  Бибігүл  Төлегенова,  Роза 
апаң  –  Роза  Бағланова.  Ал  енді  жақында  ерлігі  аңызға  айналған 
өзім пір тұтатын Бауыржан Момышұлының қайтпас қайсар мінезін, 
жаужүрек батылдығын сөзбен, музыкамен бейнелейтін «Батыр Бау-
ыржан» деген телеопера жазып бітірдім. Осы операны халық көрсе 
деп армандаймын. Бүгінгі ең басты мақсатым осы. Кинофильмдер-
ге, спектакльдерге, көптеген мультфильмге музыка жаздым. Мынау 
опера соңғысы енді.
– Соңғысы болмай-ақ қойсын, Әсеке. Бұл опера жанрындағы 
еңбегіңіздің беташары болсын!
–  Менің  бұл  тілегіме  мән  бермеді-ау  деймін.  Бір  сәт  аясынан 

97
шығып  кеткелі  тұрған  баданадай  көздерін  ойнақшыта  төңкеріп, 
өзімен-өзі  болып,  үнсіз  қалды.  Ал  мен  «Алтыным»  деп  атала-
тын  соңғы  шыққан  әндер  жинағын  парақтап  отырмын.  Жастық 
шағымның куәсі болған әндердің әуені құлағыма жетті.
– Жаңа жинағыңызды неге «алтыным» деп қойдыңыз? Әлде 
«алтыным» әніңіздің құрметіне ме?
– Жоқ. Ел жиі айтқан әнімнің атын қояйын деп шығарушыларға 
әдейі айттым.
–  халық  шырқап,  ел  тыңдап,  мыңдаған  көкіректерге 
қонақтаған басқа әндеріңіз де бар емес пе?
– Бірінші жинағым «Гүлдер», екіншісі «Армандастар», үшіншісі 
«Шақырады көктем», төртіншісі «Қайда да біргесің туған ел», ал 
бесіншісі «Алтыным». Барлығы да әндерімнің атымен аталған.
– «алтыным» әні кімге арналған? Егер құпия болмаса айта 
кетсеңіз.
– Әй, қу бала, тарихын білейін деп отырсың ғой, – деді жымия 
езу  тартып.  –  Олай  болса,  тыңда.  Менің  туған  жерім  –  Алматы. 
Бірақ суына шомылып, табиғатын тамашалап өскен жерім Алматы 
облысы,  Жамбыл  ауданындағы  Қарғалы  ауылы.  Ұзынағашта  мек-
теп директоры болған Қалыпбай Райысжанов деген бір жақсы адам 
бар, өзі баянның сүйемелдеуімен ән салады. Сол кісі үйіне қонаққа 
шақырды. Онда Нұрсұлтан Әлімқұлов ағаның көзі тірі. Бірге бардық. 
Жеңгейге, ағайға ән салдырдық. Даусы сыңғырлап тұр. Өзіміздің де 
көңіл күйіміз көтеріліп отырған кез болатын. Содан жаңағы әннің 
әуені өзінен-өзі санама сарт ете қалды. Іштей ыңылдап бір-екі рет 
қайталадым да, күй сандыққа отырып ойнап шықтым. Әннің жал-
пы сұлбасын қағазға түсіріп алғаннан кейін Нұрағаңа: «мына әнге 
текст жазыңыз», – дедім. Буын өлшемін бердім. Сонымен он-он бес 
минуттың ішінде «Алтыным» әні шықты.
– азаматтық тақырыпта жазған әндеріңіздің бірі – «қызыл 
сұңқарлар»  да  шабыттың  шалқыған  сәтінде  туған  шығарма 
ғой.
–  Мен  мұның  кішкене  сырын  айтайын.  Осекең  –  Оспанхан 
екеуміз Қызылордаға бардық. Поезбен түнде жеттік. Қарсы алған 
ешкім жоқ. Керемет қонақ үйі бар екен, жаңадан ашылған. Соған 
жайғасып демалып жатқанбыз. Таң ағарып ата бастаған шақ бола-
тын. Есік қағылды. Ашсам, облыстың, ауданның бір топ басшыла-
ры ішке кіре алмай именіп тұр екен. «Сіздерді күтіп ала алмадық. 
Кешірім сұрайық» деп келіп едік. Айыптымыз».

98
– Ешқандай айып жоқ. Керісінше айып бізден. Біз кешіктік. Біздің 
жағдай қиындау, сіздер кешіріңіздер, – деп қауқылдасып, амандасып 
жатырмыз.  Аудандық  атқару  комитетінің  төрағалары,  кеңшар  ди-
ректорлары, комсомол хатшылары бар бір уақытта қаптады дейсің. 
Бөлмеміз толып кетті.
Міне,  осындай  сапарда  «Мұңайма»,  «Аспан  қызы»,  «Қызыл 
сұңқарлар» бас аяғы он бестей әнім туды. Жаңа ансамбль құрдық. 
Біраз  уақыт  Сыр  елінде,  жыр  елінде  болып,  көп  шаруа  бітіріп 
қайтқанбыз.  Осы  өңірде  шыққан  бір  топ  әндеріме  Қазақстан 
комсомолының сыйлығы берілді. Бүкілодақтық әндер байқауының 
жеңімпазы  атандым.  Елді  аралай  жүре,  елдің  жақсылығын  көре 
жүре, елдің сый-құрметіне бөлене жүре осындай дүниелер өмірге 
келді.
– ақ Жайық аймағына барғанда да біраз әндер туған болар?
– Ол өзі бір бөлек дүние ғой. Балықшы ауданының басшылары- 
ның  шақыруымен  қазағымыздың  талантты  қыздарының  бірі  Фа- 
риза  Оңғарсынова,  өлеңдерінен  от  шыққан  ақындар  Олжас 
Сүлейменов, Мұхтар Шаханов бәріміз бардық. Бұл 1974 жыл бо-
латын.  Кемеге  отырып  теңіздің  үстіне  шықтық.  Қанатымен  су 
сызған шағалалар кемені айнала ұшып, бізді еркелетіп ертіп келеді. 
Табиғаттың көрінісі де ғажап. Мұхтарға айттым: – Мынау теңіз жай 
теңіз емес, Жайық қой дедім. Ол бір шумақ өлең жазды. Мен ән жаз-
дым. Шабыт келсе әуен де, өлең де өзі үйіріліп келе береді екен. Бас-
аяғы он – он бес минуттың ішінде әнді нотаға түсіріп, сол жұртқа 
айтқызып, жазып беріп кеттік. Әнге «Жайықтан қайтқан тырналар» 
деп ат қойдық.
– Әсеке, қазақстанда жүз он жетіден астам композитор бар 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал