Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері



жүктеу 7.84 Kb.

бет1/26
Дата08.01.2017
өлшемі7.84 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Орынбасар Дөңқабақ
 
ДӘУІР  ДҮЛДҮЛДЕРІ
«Сораба» қоғамдық қоры
Алматы
2014

УДК 070
ББК 76.01
Д 68
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы 
бойынша жарық көрді
Дөңқабақ О.
Д 68    Дәуір дүлдүлдері / О. Дөңқабақ.– Алматы: «Сораба» қоғамдық 
қоры.– 2014.– 288 бет.
ISBN 978-601-80289-9-1
Қолыңыздағы  жинаққа  баспасөз  саласында  ұзақ  жылдар  журналшы, 
қазақ  радиосының  ардагері  Орынбасар  Дөңқабақтың  әр  жылдары  баспа 
бетін көрген эсселері, көркем очерктері, сыр сұхбаттары еніп отыр. Мұнда 
драма, опера, балет, кино, күй, ән, би өнерінің бүгіні мен келешегі жайлы 
ойлар жинақталған.Сондай-ақ Тәуелсіз еліміздің рухани құндылығын бай-
тып, сақтаудың жолдарын нұсқайды. Оның келешек көкжиегі қандай бола-
тынын, ол үшін не істеу керектігін, жақандану заманында дәстүрлі ұлттық 
өнердегі қазақтың қолтаңбасын жоғалтып алмау қақында толғанады.
Әлемдік өнерде өзіндік із қалдырған кесек тұлғалар айтқан ой-тұжырым- 
дары ертеңгі мәдениетіміздің тізгінін ұстайтын жастардың санасына сәуле 
түсіріп,  өздері  таңдаған  кәсіптің  мәні  мен  мағынасын  ұғынуға  ұлағатты 
шырақ  болары  сөзсіз.  Өнер  академиясының,  консерватория,  музыкалық 
оқу орындарының студенттеріне, талантты жеткіншектерге қажетті құрал 
болмақ.
УДК 070
ББК 76.01
                                                                                                      © Дөңқабақ О., 2014
ISBN 978-601-80289-9-1 
                                                       © ҚҚ «Сораба», 2014

3
ӘзІЛхан нұРшайықОв,
Қазақстанның халық жазушысы 
қазақ сияқты махаббатқа берік халық жоқ
қазақстанның  халық  жазушысы,  әдебиетіміздің  ақиық  ар- 
дагері  Әзекең  –  Әзілхан  нұршайықов,  еліміздің  қаламгерлер 
қауымын  толғандырып  отырған  өзекті  мәселелерді  тереңнен 
қозғап,  көкейінде  жүрген  ойларын  ортаға  салып,  ағынан  жа-
рылады...
– Жалпы бүгінгі қазақ әдебиетінің жай-күйі қандай? Ол сізді 
қанағаттандыра ма?
– Бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Өйткені қазір әдебиетке на-
зар аударылмайды. Әдебиетті қадірлеу жоқ, қасиеттеу жоқ. Бұрыңғы 
кезде әдебиет ең ардақты дүние болатын. Әдебиетке деген құмарлық 
та күшті еді. Қазір әдебиеттен гөрі халықтың ықыласы, беті ақшаға 
ауып  кеткен.  Бүгінде  кітап  басылмайды.  Бұрын  кітаптардың  бар- 
лығы  мемлекеттің  қаражатымен  шығатын.  Авторларға  қаламақы 
беретін. Содан кейін қаламгерлер ынталы болушы еді. Жазушылар- 
дың  шыққан  кітабын  жұрт  сондай  ықыласпен,  шыға  салысымен 
дүкендердің  сөрелерінде  тоқтатпай  сатып  алып  кететін.  Қазір, 
біріншіден,  жазушыларға  не  баспа,  не  газет,  не  жорнал,  не  теле-
видение,  не  радио  бір  тиын  қаламақы  төлемейді.  Сондықтан 
тегін  жұмыс  істеуге  ешкімнің  құлқы  жоқ.  Бұл  –  бір.  Екіншіден, 
кітапты шығаруға мемлекет қаржы бөлмейді. Тек демеуші табыл-
са ғана кітабыңды шығара аласың. Қазір көптеген жазушылардың 
кітаптары  қолжазба  күйінде  үйлерінде  үйіліп  жатыр.  Бірен-саран 
жазушыларға демеушілер табылуы мүмкін. Ал бәрі бірдей демеуші 
тауып,  кітаптарын  шығарып  жатқан  жоқ.  Сол  себептен  бүгінгі 
әдебиеттің жай-күйіне пәлендей деп баға беруге келмейді. Тіпті оған 
менің дәтім бармай отыр. Себебі, қазір әдебиеттің жағдайы жоқ тек 

4
жайсыздық қана бар. Сондықтан әдебиеттің болашағы бұлдырлау. 
Біздің  халық  ғасырлар  бойы  әдебиетті  қадірлеп,  қастерлеп  өткен 
ел. Ал қазіргі мына жаңа заманда әдебиеттің құны түсіп, жұрттың 
әдебиетке  деген  көзқарасы  өзгерген.  Олардың  санасын  рухани 
құндылықтардан гөрі байлық мәселесі көбірек билеп кеткен. Егер 
бір тиын ақшасы болса оны кітап алуға емес, керісінше тиыныма 
тиын жалғасам деп ойлайды.
–  Елімізде  кітап  басып  шығаруға  мемлекет  тарапынан 
берілетін тапсырыстар көп пе? Оған өзіңіздің көңіліңіз тола ма?
– Мемлекеттік тапсырыстар деген бұрын болатын. Қазір мүлде 
азайды, тіпті, жоқ та. Тек қана өзіңнің қаржыңмен шығаруың керек. 
Астанадан, онда да кейбіреулердің кеңес кезінде жазылған романда-
ры ғана қайта басылып, шығып жатады. Олар белгілі бір тапсыры-
спен жазылған жаңа шығармалар емес. Ал, он жылдан бері мемлекет 
тарапынан менің бірде-бір кітабым жарық көрмеді. Оның есесіне 
кітаптарымды шығарып берген көлденең азаматтар болды. Бір күні 
үйде отыр едім бір жас жігіт келіп сәлем берді. Амандасып, жайын 
сұрадым.  «Аға,  менің  сізге  келген  себебім,  мен  сіздің  «Махаббат 
қызық мол жылдар» деген кітабыңызды басыма жастанып жатып, 
ал  «Ақиқат  пен  аңыз»  деген  кітабыңызды  құшақтап  жүріп  оқып 
едім.  Мен  сол  кітаптардың  арқасында  ержеттім,  менің  азаматтық 
қадір-қасиетім  осы  кітаптар  арқылы  қалыптасты  деп  есептеймін. 
Сондықтан мен өзімді сізге қарыздармын деп білемін. Соңғы кездері 
сіздің  кітаптарыңыз  шықпай  кетті.  Осының  себебі  не?»  –  деді. 
«Қарағым, оның себебі біреу-ақ. Ана жерде жазылған бірнеше кітап 
үюлі тұр. Бірақ, оны маған шығарып беретін демеуші жоқ», – деп 
жағдайымды айттым. Ол тұрды да «Аға, менің қаражатым бар. Қазір 
бизнесменмін. Мен сол бала күнгі қарызымды, сіздің алдыңыздағы 
борышымды  өтейін  деп  келдім.  Маған  екі  кітабыңызды  беріңіз, 
шығарып берейін», – деді. Қуанғаннан көзімнен жас шығып кетті. 
Қалай жас шықпасын. Соңғы кездері жазған дүниелерім баспа бетін 
көрмей отырып қалған кісімін ғой. «Қалай, рас айтасың ба? «Рас!» 
«Ендеше, мынадай екі кітабым бар», – деп соларды ұсындым. Біреуі 
«Өмір өзектері» деген әдеби күнделігім. Бұл әдебиеттің бір жанры. 
Екіншісі «Қаламгер және оның достары» деген эписториялық рома-
ным. Ол кеңес үкіметі құлдырар кезде жазылған. Сол екеуін бердім. 
Ол үлкен көмек жасап, шығарып берді. Бұл Нұртай Сабильянов де-
ген жаны жомарт азамат. Қазір Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 
депутаты.

5
Бір күні қалалық ардагерлер кеңесіне бардым. Кеңестің төрағасы 
Еренғайып  Шайхудиновтың  әйелі  қайтыс  болған,  соған  көңіл  ай-
тайын деп кірдім. Ішке енсем мен танымайтын төртбақ денелі кел-
ген  бір  қара  торы  жігітпен  әңгімелесіп  отыр  екен.  Мен  құшақтап 
көңіл айттым. Егер рұқсат болса енді мен қайтайын деп орнымнан 
көтеріле беріп едім жаңағы бейтаныс жігіт «сізге бір сұрағым бар» 
– деп орнынан тұрды. «Қандай сұрағыңыз бар?» «Қазір бірсыпыра 
ақындар  мен  жазушылардың  көптомдықтары  шығып  жатыр. 
Сіздің  көптомдығыңыз  неге  шықпайды?»,  –  деді.  Мен  күлдім  де 
«қарағым,  олардың  демеушілері  бар.  Ал  менде  ол  жоқ»,  –  дедім. 
«Мен  сіздің  барлық  кітаптарыңызды  оқып  өскенмін.  Мына  жер-
де  кездесіп  қалғаныма  қуаныштымын.  Жеңістің  алпыс  жылдығы 
келе жатыр. Соның қарсаңында сіздің он томдығыңызды шығарып 
берейін», – деді. «Шын айтасың ба, қалқам?» «Шын!», – деді. Аяқ 
астынан көктен түскендей болды. «О, рахмет, қалқам, көңіліңізге!» 
– деп құшақтап бетінен сүйдім. Ол телефонымды, әдрісімді қойын 
кітапшасына жазып алды. Бір көрген адам, әй, қазақтың мақтаншақ 
жігіттерінің бірі шығар деп ойладым. Содан кейін бір ай өтті, екі 
ай өтті хабар жоқ. Сонан соң ол кісіні өзім де ұмыттым. Бір күні, 
жаңа  жылдың  қарсаңында  телефон  шылдырайды.  Алсам  «аға, 
мен  Шахудиновтың  алдында  өзіңізбен  кездескен  ініңізбін  ғой»,  – 
дейді. Ұмытып қалыппын. Әйтеуір «иә, иә» деймін. «Менің атым 
Бекет  Тұрғараев.  Петропавлдан  телефон  соғып  тұрмын.  Сізге  он 
томдығыңызды  шығарып  берейін,  –  деп  уәде  беріп  едім  ғой.  Сол 
уәде  орындалатын  болды.  «Қазығұрт»  баспасының  директоры-
мен  сөйлесіп,  тапсырыс  бердім.  Оған  алдын  ала  ақша  аудардым. 
Қалғанын кейін аударамын. Олар мамырдың бесіне дейін шығарып 
беруді міндеттеріне алды», – деді. Ойпырмай, төбем көкке жеткен-
дей болды. Сонымен сол кісінің көмегімен шығармаларымның он 
томдығы шықты. Бұл мен үшін үлкен бақыт.
–  Жаңа  ғасыр,  жаңа  заман  тақырыбына  жазушыларымыз, 
ақындарымыз  қалам  тартудан  жүрексіне  ме,  қалай?  Бүгінгі 
өмірді арқау еткен шығармаларды сирек кездестіреміз. Бұның 
себебі не?
–  Қалам  тартпайтыны  жазудың  заңы  бойынша  көркем  әдебиет 
қолма-қол  жасалмайды.  Заман  әбден  қалыптасқаннан  кейін,  бо-
лары болып, бояуы сіңіп деген сияқты жағдайға жеткеннен кейін, 
алды  артын  бәрін  болжап  болғаннан  кейін  барып,  жазушы  өзінің 
шығармасын  жазады.  Ал  күнделікті  өмірді  бұрқыратып  жазатын-

6
дар ол жорналшылар. Жазушылар олар сияқты емес. Бұлар үлкен 
қорытынды  жасайды,  бейнелейді,  соған  лайықты  адам  бар  ма? 
Соны  іздейді,  оның  бәрін  табу  үшін  уақыт  керек.  Он  жыл  бойы 
бүгінгі  заман  адамының  бейнесі  жасалмағаны  ол  заңдылық  деп 
ойлаймын.  Еліміздің  тәуелсіздік  алғанына  он  бес  жыл  өтті  енді 
бұдан кейін үлкен шығармалар тууы мүмкін. Онда да егер мемлекет 
оны  шығаруға  көмек  берсе.  Жазған  еңбегің  зая  кетіп,  шаң  басып 
жатса, онда кім жазады ешкім де жазбайды. Біріншіден, жаңа жас 
әдебиеттің тууы үшін оған қамқорлық керек. Жазушыларға жағдай 
жасалмаса кесек шығармалардың шыға қоюы екіталай.
– Біздің жазушыларымыз өткенге көбірек үңіледі, сонда та-
рихи тұлғаларды, тарихи оқиғаларды жазу оңай ма?
–  Тарихты  жазу  оңай  емес.  Қазір  халыққа  ең  керекті  болып 
отырғаны  ол  еліміздің  өткен  өмірі.  Бұрын  тарихи  тақырыпқа 
бөгеу  салып  тастаған.  Бұрын  халық  батырларын  дәріптеуге  жол 
бермейтін. Содан жұрттың көкейінде қалған өкініш, тарихқа деген 
ұмтылыс, тарихқа деген көзқарас іште жатқан мұң болатын. Соған 
жағдай туғаннан кейін қазір тарихи тақырыпты көп жазып жатыр. 
Қазір  ең керекті тақырып сол болып тұр. Сол себептен, бірсыпыра 
жігіттеріміз тарихи тақырыпқа көсілтіп-көсілтіп жазып тастады. Ал 
кеңес кезінде бұл тақырыпқа жазылған шығармалар өте аз болатын.
–  қазір  бұл  тақырыптан  басқа  тағы  қандай  тақырыпты 
көтеру керек деп ойлайсыз?
– Бүгінде жазушыға ешкім мына тақырыпты жаза ғой деп айт-
пайды. Себебі, біз капиталистік қоғамға бет бұрдық. Бұл қоғамда 
жазушыдан  ешкім  ештеңе  сұрамайтын  да,  оны  назарға  алмайтын 
да  көрінеді.  Сондықтан,  аштан  өлмейін  десең  онда  оның  заңына 
бойұсынып,  капиталистік  қоғамның  болмысын  өзекті  тақырып 
етіп  алуың  қажет.  Жетістігі  мынандай,  жемісі  мынандай  деп 
соны  сомдауың  керек.  Оның  үстіне  жазушылар  тосырқап,  жаңа 
тақырыпты игеріп әкетуге мүмкіндіктері де жетпей жатыр деп ой-
лаймын.
–  ал  жас  жазушылардың  аяқ  алысы  сізді  қанағаттандыра 
ма? Кімдерді бөле-жара атап айтар едіңіз?
– Жастардан Нұржан Қуантайұлы деген жігітті айтқым келеді. 
Мен  оның  жаңа  повесін  өте  ризалықпен  сүйсіне  оқыдым.  Одан 
басқа, қазір енді үйден ұзап шықпаймын. Кітап дүкендеріне жете 
алмаймын.  Анда-санда  әкеп  берген  кітаптарды  қарауға  шамамыз 
бар.  Баяғыдай  дүкендерде  кітаптар  да  үйіліп  тұрмайды.  Ол  кезде 

7
шетінен сатып алып оқи беретінбіз. Жұрт та сыйлап жататын. Бірақ, 
қазір  ондай  мүмкіншілік  жоқ.  Сондықтан  жазушылардың  газет 
бетіне  шығып  жатқандарынан  басқа  қандай  кітаптары  бар  екенін 
біліңкірей бермеймін.
–  қазақ  әдебиеті,  қазақ  жазушылары  он  бес  жылдан  бері 
нарыққа бейімделе алмай келе ме, қалай? Жоқ, әлде олар үшін 
бұл жат құбылыс па?
–  Жазушылар  тез  бейімделе  алмайды-ау  деймін.  Өйткені  олар 
ойдың адамдары. Ойланып-толғанып, үйде отырып жұмыс істейтін 
адамдар.  Нарыққа  бейімделу  үшін  зыр  жүгіріп  жүру  керек.  Ана 
жаққа барып, мына жаққа барып шапқылап, бірдеңені тауып алып, 
біреуін  екеу  жасау  керек.  Ал  біз  оған  бара  бермейміз.  Олай  істеу 
қолдан келмейді. Нарықты бастан кешіріп өсіп келе жатқан қазіргі 
жас қаламгерлер әрине, бұның бәрін меңгеруі мүмкін.
– қазір әдебиеттің өзі де, жазған шығармаңыз да тауарға ай-
налды ғой. Демек тұтынушының яғни оқырманның көңілінен 
шықпаған дүниеге сұраныс та жоқ. Сіз осымен келісесіз бе?
–  Тауарға  айналғаны  рас.  Бұрын  оны  «жасауға»  жағдай  жа-
салатын.  Оған  қаражат  бөлінетін.  Қазір  ондай  мүмкіншілік  жоқ. 
«Әдебиет-тауар»  деген  аты  ғана  бар.  Жалпы  әдебиеттің  жасап 
жатқан «тауары» шамалы. Нарыққа бейімделе алмай жатқанымыз 
да  сондықтан.  Енді  үлкен  жазушылар  қазіргі  заман  талабына 
бірден бейімделіп кете алмайды. Біз осы қалыппен кетеміз. Қазіргі 
жас жазушылар бірте-бірте өмірдің ыңғайына үйреніп, келешекте 
нарықтың бар мән-жайын жазатын солар болады.
Егер  туындының  құндылығына  келетін  болсақ  бұл  бүгінгі 
уақыттың басты талабы екені белгілі. Себебі, қазір бәсеке күшейді. 
Тек сапасы жоғары шығарма ғана өтеді, сол ғана сұранысқа ие бола-
ды. Сондықтан халықтың бойындағы асыл қасиеттерді дәріптейтін, 
халықтың  жүрегіндегі  отаншылдық  рухты  оятатын,  халықтың 
еңбек сүйгіш қасиетін жалпақ әлемге жария ететін туындылар ғана 
оқырман талабынан шықпақ. Қазақ халқының рухани өмірінде ма-
хаббат деген ерекше орын алады. Дүниежүзінде махаббатты ерекше 
ардақтайтын қазақтан басқа халық аз. Келешекте қаламгерлеріміздің 
басты  тақырыптары,  міне,  осылар  болу  керек  деп  ойлаймын.  Ал 
жаңа заманның сан-алуан оқиғаларын да әр қырынан көрсетіп жа-
зып жатыр. Оны болашақ көрсетеді.
– Кітап дүкендеріне бас сұға қалсаңыз алдыңыздан сірескен 
батыстың басылымдары шығады. ал қазақ жазушыларының 

8
кітаптарын  бір  бұрышта  тұрған  «жетім»  сөрелерден  ғана 
көреміз. Осындайда «неге бұлай?!» деп айқайлағың келеді. Сіз 
бұған не дейсіз?
–  Мен  бұған  риза  емеспін.  Бірақ  қолдан  келетін  шара  жоқ. 
Өйткені қазір қазақ кітаптары, біріншіден, аз шығады, екіншіден, 
оған мән берілмейді. Біздің қазақ тілі өзінің Конституцияда берілген 
мәртебесіне әлі толық ие бола алмай отыр. Осы тілдің дәрежесі ар-
тып, ауқымы кеңейіп, қуаты күшейгеннен кейін қазақ әдебиетінің 
де  беделі  өсетініне  сенемін.  Себебі,  қазір  қазақша  кітап  оқитын 
қазақ  азаматтары  өте  аз,  тіпті  жоқ  деуге  де  болады.  Олардың  да 
көпшілігі қазір кітап сатып алуға жағдайлары келе бермейді. Қазіргі 
оқырмандардың көбісі кәрі-құртаңдар ғана.
–  Сонда  қазақ  қаламгерлерінің  кітаптары  бүгінгі  жас 
ұрпаққа қажет болмай қалғаны ма?
–  Біз  жазған  дүниелердің  оларға  керек  болмай  қалған  себебі, 
сенің ана тіліңді керек қылып отырған кім бар қазір? Дәл сол сияқты 
бұл күйді әдебиетіміз де бастан кешіп отыр. Ана тілің өркендемей, 
ана  тілің  өзінің  мемлекеттік  тіл  қызметін  толық  қанды  атқармай 
әдебиеттің де көсегесі көгермейді. Қазақ тілі өзінің биік шыңына 
шыққанда ғана әдебиетіміздің мерейі өседі. Оның үстіне қазақ ба-
сылымдарын оқудың аса маңызы бар екенін жастардың санасына 
сіңіретін, соны айтып үгіттеп отыратын адам жоқ.
–  Әсіресе,  бізде  батыстың  «өнімдері»,  яғни  сол  елдердің  әр 
түрлі  жеңіл-желпі  тақырытарға  жазылған  кітаптары  дүкен- 
деріміздің сөрелерінде сіресіп тұр.  ұлттық  мәдениетімізді осы 
«топан  судан»  қорғау  мақсатында  оған  неге  шектеу  қойыл- 
майды?
–  Әрине,  тосқауыл  қою  керек.  Шынында  да  біздің  тіліміздің, 
мәдениетіміздің  өркендеуіне  бөгет  болып  отырған  сол  шетелден 
келіп  жатқан  әдебиеттің  тасқыны.  Әсіресе,  Ресей  басылымда-
ры  қаптап  кетті.  Солар  біздің  өзімізде  шығып  жатқан  саусақпен 
санарлық азын-аулақ кітаптарымыздың өзін тұншықтырып барады. 
Сондықтан оның үні өшпеу үшін шетелдерден келетін әдебиеттерге 
тиым  салу  қажет.  Оларды  азайту  керек.  Өкінішке  орай  әзірге 
оқырмандарымыздың көпшілігі орыс тілді болғаннан кейін осыны 
пайдаланып, олар басынып өздерінің кітаптарын бізге тоғытып жа-
тыр. Қазақстанды Ресейдің кітап саудасы базарына айналдырып ба-
рады. Сырттан келіп жатқан кітаптардың көбісі адамды аздыратын 
кітаптар. Бұл – біздің адамдардың ойын, миын улап, рухани әлемін 

9
жаулап  алу  мақсатымен  жасалып  отырған  мәдени  басқыншылық. 
Олардың түпкі мақсаты бойымыздағы қазақи қасиетті жою. Сөйтіп, 
бізді ұлттық құндылықтардан адастыру. Бұл өте қауіпті. Мемлекеттік 
тәуелсіздігімізге қатер. Бұл қатты ойланатын мәселе.
–  Жастарды  ұлттық  патриотизмге,  отаншылдыққа  тәрбие- 
леудің басты құралының бірі осы әдебиет емес пе? Демек, сіздер 
осы шаруаға қаншалықты деңгейде үн қатып жатырсыздар?
– Бұл мәселені көтеру үшін том-том болып шығып жатқан кітаптар 
болуы керек. Ал кітаптар шықпай жатса ол тақырыпты кім насихат-
тайды. Ол сол өлі қалпында қалып қоя береді. «Сен, патриот бол!» 
деп  қырық  жерден  айғайлағаныңмен  әдебиетті  оқымай,  әдебиет 
арқылы  патриотизм  насихатталмай,  әдебиет  арқылы  жастардың 
көкейіне сіңбей патриотизм болмайды. Сондықтан отаншылдықты 
өркендетудің ең күшті құралы әдебиет. Осыған мән берілмейді. Мен 
Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында бізде әскери әдебиет баспасын 
ашу керек деп ұсыныс жасадым. Патриоттық тақырыпты қозғайтын 
осы баспа болуы керек. Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде біз жауды 
жеңгенде күшіміздің бірі осы әдебиет болды. Патриотизм тек әскери 
әдебиетте ғана емес кез келген әдеби шығармаларда болуы қажет. 
Оқырмандардың  отансүйгіш  рухын  көтеретін,  соған  жетелейтін 
ойларды, пікірлерді тек әдебиеттен ғана табуға болады. Егер нағыз 
патриот адамдарды тәрбиелейміз десек, осы тақырыпқа жазылған 
әдеби кітаптарды көптеп шығарған жөн. Оның тиражын көбейту ке-
рек. Қазір кітаптар мың тиражбен шығады. Ол кімге жетеді? Кезінде 
менің кітаптарымның орысшасы жүз мың, ал қазақшасы елу мың 
тиражбен шығатын. Оның өзі қолма-қол тез сатылып кететін. Біздің 
әдеби  кітаптарымыздың  тиражы  сондай  дәрежеге  жетпей  біз  па-
триотизм  тақырыбын  сөз  ете  алмаймыз  да  жастарымызды  нағыз  
отансүйгіш етіп тәрбиелей де алмаймыз. Әдебиет, теледидар және 
радио  міне,  осы  үш  сала  үзеңгі  қағыстыра  отырып,  патриоттық 
тақырыпты  қозғап  отырса  ғана  қазақ  патриотизмін,  қазақстандық 
патриотизмді қалыптастыруға болады.
Өзіңіз білесіз келе жатқан жаһандану деген алпауыттың жұмы- 
рына  жұтылып  кетпеу  үшін  өзіңнің  мәдениетіңді,  әдебиетіңді, 
өнеріңді  сақтап  қалатын  күш-қуатың  болу  керек.  Ол  күш,  әрине, 
ұлттық патриотизм болмақ.

10
Кейіпкермен кездесу
Науқастанып  қалып  ауруханада  жатыр  едім,  телефон  соғылды. 
Трубканы алсам бір әйел Кентау қаласынан сөйлеп тұр. «Аға, мен 
Тамарамын  ғой,  Меңтайдың  келіні»,  –  дейді.  «Қай  Меңтайдың, 
қарағым?»  «Сіздің  романыңыздағы  Меңтайдың.  Мамама  әдебиет 
кейіпкері  болғандықтан  және  Кентау  қаласында  қырық  жыл 
мұғалім  болып  қызмет  істегендіктен  Кентау  қаласының  Құрметті 
азаматы деген атақ бергелі жатыр. Сол тойға сізді шақырамыз», – 
деді. Содан кейін трубканы енесіне берді. Ол менімен бірге оқыған, 
университетті  бірге  бітірген  Нұғамила  Нұрбосынова  болатын. 
Оны мен кітапқа Меңтай Ербосынова деп кіргізгенмін. «Әзеке, сіз 
келіп  кетпесеңіз  бұл  тойдың  көркі,  сәні  болмайды.  Себебі,  менің 
жолдасымның  қайтыс  болғанына  төрт-бес  жыл  болған.  Мен  енді 
жалғыз  сопиып  қалай  отырамын.  Сіз  әрі  авторымсыз,  әрі  бірге 
оқыған курстасымсыз», – деді. «Мен қазір ауруханада жатырмын. 
Егер бара қалсам сіздерге үш шарт қоямын». «Қандай?» «Бірінші 
маған  ат  мінгізбейсіз,  екінші  шапан  кигізбейсіз,  үшінші  қолыма 
конверт  ұстатпайсыз»,  –  дедім.  Мұндай  шарт  қойған  себебім  өзі 
зейнеткер  мұғалім,  олардың  жалақысы  ол  кезде  төмен  болатын. 
Сондықтан да қарызданып, қауғаланып, бекер босқа зиян шекпесін 
дегенім ғой. Тарихта көзі тірі кезінде әдеби кейіпкерге ескерткіш 
орнатылған  емес.  Ал,  мынандай  құрмет  көрсету,  үлкен  атақ  беру 
әдебиетте бұрын-соңды болмаған оқиға.
Үйге келіп жолға әзірленіп жатыр едім. Біреулер есік қағып кіріп 
келді.  Сөйтсем,  Мұхтар  Құл-Мұхаммед.  Бұл  кезде  ол  Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрі болатын. Қолтығында бір 
бумасы бар екен, оны үстелдің үстіне қойды да, «Ал, аға, – деді. – 
Мен былтыр сізге «Махаббат қызық мол жылдарды» қайта шығарып 
берем деп уәде беріп едім. Сол  уәдемді орындадым, мінеки сізге 
бес  кітап  алып  келдім»,  –  деді.  «Айналайын,  рахмет!»,  –  деп  жа-
тырмын.  «Бұл  кітап  дүкендерге  түсті  ме?»,  –  дедім.  «Түсті,  аға». 
«Онда  қазір  барып  жетпіс  бес  кітап  сатып  алам»,  –  дедім.  «Оны 
кітаптың  бас  кейіпкері  Меңтай  жетпіс  беске  толып  жатыр.  Қазір 
кешкі  пойызбен  жүремін.  Ертең  сол  Меңтайға  тарту  етемін  және 
тойына  жиналғандарға  үлестіремін».  «Онда  жақсы  болды,  сізге 
қазір жетпіс бес кітапты алдырып беремін», – деді де машинасын 
жіберіп, қолма-қол үйге жетпіс бес кітапты тегін түсіріп берді. Со-
нымен ертеңінде Кентауға жеттім. Тұраш деген ұлы бар екен, сол 

11
қарсы алды. Соның үйіне барып түстік. Шай ішіп отыр едік. Бір кез-
де келіні орнынан атып тұрды. «Мамам келе жатыр!» – деп. Оның 
Меңтай екенін біліп, мен де орнымнан атып тұрдым. Біз құшақтасып 
амандасатын шығармыз, – деп құшағымды аша ұмтылдым. Жоқ, ол 
құшағын ашқан жоқ ақырын ғана қолын созды мен қолын алдым. 
«Келуіңізбен!»,  –  деді  бар  болғаны.  Балалары  күліп  кеп  жіберді. 
«Неге күлесіңдер, қарақтарым?» – деді. «Неге күлмейміз, романның 
кейіпкерісіз және бірге оқыған курстасысыз, көріспегендеріңізге жи-
ырма жылдан астам уақыт болды. Сіздер енді құшақтасып көріседі 
екен десек, қолыңыздың ұшын ғана ұсындыңыз». «Ой, қарақтарым, 
мен  екі  шеңбердің  ішінде  өмір  сүріп  келе  жатқан  кісімін.  Бір 
шеңбер мұғалімдік, халықтық дәстүр, екінші шеңбер ол «Махаббат 
қызық мол жылдар» кітабы. Сондықтан да халықтық дәстүр бой-
ынша, мұғалімдік салт бойынша әйел адам еркекті құшақтап аман-
даспайды. Ал кітаптың кейіпкері Меңтай да қазақтың қыздарының 
бойындағы осындай асыл қасиеттерді өз бойына сақтаған қыз. Мен 
осындай шеңбердің ішінен шыққаннан кейін ағаларыңды құшақтай 
алмадым, қарақтарым», – деді. Той тарқап, ертеңіне қайтайын деп 
жатқанда Меңтай келіп менің қолыма өзінің саусағынан суырып бір 
алтын жүзік салды. «Мына жүзікті мен он бес жасқа толғанда ше-
шем маған сыйлап еді. Мен осы жүзікті алпыс жыл бойы саусағыма 
салып келдім. Осы жүзікті «Махаббат қызық мол жылдарды» жазған 
қолыңыз  наубез  болмасын  деп  сіздің  саусағыңызға  кигіземін»,  – 
деді.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал