Организаторы: Алматы Француз Альянсы / Французский Альянс Алматы



жүктеу 85.1 Kb.

Дата16.02.2017
өлшемі85.1 Kb.

16

17

ҰйыМДАСТыРУШыЛАР / 



ОРГАНИзАТОРы:

Алматы Француз Альянсы / Французский Альянс Алматы

Британдық кеңес / British Council

Қазақстан Гёте-Институты / Гёте-Институт Казахстан

Австрия Елшілігі / Посольство Австрии

Данте Алигьери комитеті / Комитет Данте Алигьери

Испания Елшілігі / Посольство Испании

Мажарстан Бас консулдығы / Генеральное консульство Венгрии

Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет орталығы /

Турецкий культурный центр имени Юнуса Эмре

Норвегия Елшілігі / Посольство Норвегии

Швейцария Елшілігі / Посольство Швейцарии

Швеция Елшілігі / Посольство Швеции

Эстония Елшілігі / Посольство Эстонии

«Арман» кинотеатры, Достық даңғ., 104

Тел.: +7 (727) 264-52-46, 264-52-45

Онлайн-билет: www.ticketon.kz

22—29


мамыр/мая 2015

3

2

Алматыдағы еуропалық мәдениет институттарының қоғамдастығы (EUNIC 



Алматы) Еуропалық кино апталығын өткізеді. Кино-апталықта Австрия

Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Норвегия, Түркия, Ұлыбритания, 

Франция, Швейцария, Швеция, Эстония қатарлы 12 ел өз  фильмдерін 

көрсетеді. Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен көрсетіледі. 

Билет құны: 1000 тг. Студенттер мен зейнеткерлер үшін арнайы баға: 5 фильмге 

билет - 1000 тенге.

Сообщество европейских институтов культуры в Алматы (EUNIC Алматы) 

проводит Неделю европейского кино. В программе кинонедели фильмы 

из 12 стран: Австрии, Венгрии, Германии, Испании, Италии, Норвегии, 

Турции, Великобритании, Франции, Швейцарии, Швеции и Эстонии. Фильмы 

демонстрируются на языке оригинала с субтитрами на русском языке.

Стоимость билета: 1000 тг. Специальная цена для студентов и пенсионеров – 

билеты на 5 фильмов за 1000 тенге.

EUNIC –  Еуропалық Одаққа мүше елдердің халықаралық мәдени ұйымдарының 

қоғамдастығы. EUNIC Алматы 2011 жылы құрылды. ЕUNIC өнер, білім, мәдениетаралық 

диалог және даму салаларында жұмыс істейді. Толығырақ мәліметті 

www.eunic-online.eu 

сайтынан алуға болады.

EUNIC – это сообщество международных культурных организаций стран-членов 

Европейского Союза. Сообщество EUNIC Алматы основано в 2011 году. EUNIC работает 

в сферах искусства, образования, межкультурного диалога и развития. Более подробную 

информацию Вы найдете на сайте 

www.eunic-online.eu


4

5

 



La Bataille de 

Solferino

Uzun hikaye

Летиция журналист болып жұмыс істейді. Ол қала көшелерінде елдегі президент 

сайлауына  қатысты  өтіп  жатқан  жаппай  ереуілдер  туралы  репортаж  жүргізеді. 

Летиция  балаларын    ұшқалақ  досымен  қалдырып  кеткенін  қатты  уайымдайды. 

Бұрынғы күйеуі Винсентпен кездейсоқ жолығып қалуы  Летицияның күйзелісін 

одан  ары  арттыра  түседі.  Көп  ұзамай-ақ  бұл  күннің  мемлекетке  ғана  емес,  

Летицияның өміріне де көп өзгерістер әкелетіні анық болады. 

Летиция работает  журналисткой. Она ведет репортаж с городских улиц, на кото-

рых проходят массовые выступления, связанные с проходящими в стране прези-

дентскими выборами. Героиня сильно переживает из-за того, что оставила своих 

детей под присмотром своего непутёвого друга. Ещё больше заставляет Летицию 

нервничать случайная встреча с её бывшим супругом Винсентом. В скором време-

ни становится понятно, что в этот день перемены произойдут не только в полити-

ческой жизни страны, но и в личной жизни Летиции.

Әли  есімді  ұлдың  жақындарынан  қалған  жалғыз  адам  –  атасы.  Олар  алпысыншы 

жылдары  Түркияға  көшіп  келген.  Атасы  Әлиді  жақсы  адам  етіп  тәрбиелеуге  барын 

салады. Әли ержеткен соң нағыз махаббатын кездестіреді. Ғашығы – бай және ықпалды 

отбасынан  шыққан  Мюнире  есімді  қыз.  Ата-анасы  қыздарының  таңдауына  қарсы 

болып, оған Әлимен кездесуге тиым салады. Ғашықтар өз махаббатын сақтап қалу үшін 

отбасынан  қашып  кетеді.  Бұл  оқиға  алуан  түрлі  қиыншылықтарға  әкеліп  соқтырады. 

Ұзақ  жылдарға  жалғасқан  жиһангездік  жастарды  табысқа  жеткізбейді.  Үнемі  көшіп-

қона  бермей,  тұрақтап  тіршілік  ететіндей  кіріс  әкелетін  жұмыс  та  табыла  қоймайды. 

Кейінірек Мұстафа есімді ұлдары дүниеге келіп, тіршілік ету бұрынғыдан да күрделене 

түседі. Сол кезде олар туған жерге оралуды ойлай бастайды. Жергілікті салт-ғұрыптарға 

сәйкес Мюнире өз қылығы арқылы отбасының намысын таптаған болып саналады. Ал 

олар жәбірлеушіні қалай да жазалауға құқылы,  тіпті өлтіруге де бара алады...

У мальчика по имени Али остался единственный родственник – его дед. Они пере-

ехали в Турцию еще в шестидесятых. Дедушка всеми способами старался воспитать 

Али хорошим человеком. Повзрослев, Али находит свою любовь. Девушку зовут Мю-

нире, она из влиятельной и богатой семьи. Родители оказались против любви дочери 

и запретили ей видеться с молодым человеком. Пара бежала ради сохранения своей 

любви, и в дальнейшем это повлекло множество проблем. Долгие годы странствий из 

города в город не приносят им ощутимых результатов. У них не получается устроить-

ся на работу, которая приносила бы нужный заработок, позволивший им прекратить 

странствия и остаться на одном месте.  Позже у них рождается сын Мустафа, и жизнь 

становится еще труднее. Они уже подумывают вернуться в родные края. По местным 

обычаям семья Мюнире считается оскорбленной ее поступком. Они могут сделать с 

обидчиком все, что захотят, даже убить... 



Возраст паники 

Франция, 2013 (16+ )

Жанр: Комедия, драма

Режиссер: Жюстин Трие

Длинная история 

Турция, 2012 (12+)

Жанр: Драма

Режиссер: Осман Сынав 

Европалық кино апталығы

22/05, 18:30

22/05, 20:30

Неделя европейского кино


6

7

Ego



Dr Goalie bin ig

25  жастағы  Себастьян  үшін  өмірдің  мәні  сыртқы  әдемілікте.  Оның  өмірі 

ойын-сауық,  ақша,  кездейсоқ  қарым-қатынастармен,  сондай-ақ  өзімшілдігін 

қанағаттандырумен  өтіп  жатқан  еді.  Себастьянның  ісі  алға  басқан  сәтте  ол 

қайғылы оқиғаға тап болып,  көру қабілетінен айырылады. Бұл оқиға оны өмірдегі 

ақ пен қара жайында, кімнің дос, кімнің қас екені туралы толғануға итермелейді. 

25-летнего  Себастьяна  интересует  только  красивая  внешняя  обертка  и  ничего 

более. Его жизнь состоит из вечеринок, денег, случайных знакомств и утешении 

своего громадного эго. Когда дела Себастьяна начинают идти в гору, из-за несчаст-

ного случая он неожиданно становится слепым, что в свою очередь заставляет его 

переосмыслить  свою  жизнь:  что  является  мишурой,  а  что  действительно  дорого 

его сердцу. 

Жұрт  «қақпашы»  деп  атайтын  гедонист  Эрнст  бір  жылын  түрмеде  өткізген  соң 

сексенінші    жылдардың  соңында  Шуммерталь  қаласына  оралады.  Ол  өзінің  

туып-өскен, барлық тұрғындарын танитын шаһары. Қақпашы есірткісіз жаңа өмір 

бастағысы келеді. Жұмыс іздеп жүріп ол Регула есімді даяшы қызға ғашық болып 

қалады. Ең жақын досы Улидің өзін «буржуа» болып кеткен деп санағанына назар 

да аудармайды. Жігерлі, аздап аңқау және сымбатты  Эрнст өз өмірін дұрыс жолға 

салғысы келеді. Алайда өмірі жақсара түскеннен-ақ оны өткені мазалай бастайды.

В конце восьмидесятых годов гедонист Эрнст, которого все называют «вратарь», 

возвращается  в маленький городок Шуммерталь, проведя один год в тюрьме. Это 

место, где он вырос; все здесь знают его. Вратарь хочет начать новую жизнь, на 

этот раз жизнь без наркотиков. Он ищет работу и влюбляется в официантку Ре-

гулу. Для него не имеет значения, что его лучший друг Ули думает, что он стал 

буржуа. Волевой, немного наивный и с большим количеством очарования, он хо-

чет вернуть свою жизнь на правильный путь. Но как только его жизнь начинает 

меняться к лучшему, его прошлое настигает его. 

Эго 

Швеция, 2013 (14+ )

Жанр: Романтическая комедия

Режиссер: Лиза Джеймс-Ларссон 

Я – вратарь 

Швейцария, 2014 (16+)

Жанр: Драма, мелодрама

Режиссер: Сабин Босс 

Европалық кино апталығы

23/05, 18:00

24/05, 18:00

Неделя европейского кино


8

9

Die fetten Jahre 



sind vorbei 

  

La grande belezza



Петер,  Ян  және  Джулия  есімді  жастар  ең  романтикалық  және  қауіпті  кезеңді  – 

жастық  шақты  бастан  өткеруде.  Олар  әлемді  өзгертіп,    кедейлерді  байытып, 

ал  байларды  жомарт  қылғылары  келеді  және  өз  бастамаларын  жұртшылыққа 

жеткізу  үшін  ерекше  тәсіл  ойлап  табады:    бай  адамдардың  үйлеріне  жасырын 

кіріп, дүние-мүліктерін аударып-төңкеріп, үйдің астаң-кестеңін шығарады (бірақ 

ештеңе    ұрламайды!)...  Осылайша  капиталистерді  тәрбиелеп,  әділетсіз  жолмен 

тапқан байлықты кедейлермен бөлісу қажет екендігін олардың естеріне салады...

Молодые люди  Петер, Ян и Джулия переживают самый романтичный и опасный 

возрастной  период  —  юность.  Они  хотят  перевернуть  мир,  сделать  бедных  бога-

тыми, а богатых заставить быть щедрыми и находят особый способ донести свои 

идеи до общества. Они забираются в дома богатых людей и переворачивают там 

всё вверх дном (но ничего не крадут!)… Таким образом, они воспитывают капита-

листов, напоминают им, что нужно делиться неправедными наличными средства-

ми с малоимущими людьми...

Фильмнің  басты  кейіпкері  Джеп  Гамбарделла  –  керемет  жазушы,  «Адамдық 

аппарат»  деп  аталатын  атышулы  бестселлердің  авторы.  Ол  өзінің  65  жастық 

мерейтойын  Рим  орталығындағы  шатырда  тойлайды.  Ұйқысыз  түннен  соң 

жағалауға серуендеуге шыққан Джепті жас кезінде Италия астанасына келгенге 

дейін  Неапольда  өткізген  өмірі  есінен  шықпай,  әуреге  салады.  Гамбарделла 

қаншалықты  салқынқанды  болса,  соншалықты  дарынды  әрі  дәулетті  адам: 

терезелері Колизейге қараған екі қабатты зәулім пәтері бар, түнде бір кештіктен 

екіншісіне қыдырып жүреді. Күндіз жергілікті сән журналында колумнист болып 

қосымша  табыс  табады.  Бір  күні  Джепке  жасы  егделеп  қалған  сақалды  ер  адам 

келіп,  Гамбарделланың  алғашқы  және  бірден-бір  махаббатының  дүниеден 

озғанын  хабарлайды.  Ол  40  жыл  бұрын  себебін  айтпастан  Джеппен  қоштасқан 

еді. Әйел көз жұмғаннан кейін жұбайы күнделігінен оның өмір бойы тек Джепті 

ғана сүйіп, күткенін білген екен. Осы сәттен бастап Джеп өткен жылдары туралы 

ойланып,  «Бұл  өмірді  босқа  өткізген  жоқпын  ба?»  деген  сұраққа  жауап  іздейді.

Главный герой фильма - Джеп Гамбарделла - блестящий писатель, автор нашу-

мевшего бестселлера «Человеческий аппарат». Он бурно празднует свой 65 лет-

ний юбилей на крыше в центре Рима. После бессонной ночи он гуляет по набе-

режной  и  борется  с  нахлынувшей  ностальгией  по  былым  временам  в  Неаполе, 

из которого он в молодости перебрался в столицу Италии.Гамбарделла столь же 

циничен, сколь талантлив и состоятелен: он владеет богемной двухэтажной квар-

тирой с видом на Колизей, по ночам переходит от одной вечеринки к другой. В 

дневное  время  суток  он  подрабатывает  колумнистом  в  местном  модном  журна-

ле. Однажды Джепа навещает немолодой бородатый мужчина, который сообщает 

ему, что первая и фактически единственная любовь Гамбарделлы ушла из жизни. 

40 лет назад она рассталась с Джепом, не сообщив причины. После её смерти муж-

чина, оказавшийся супругом женщины, прочитал в её дневнике, что всю жизнь 

она любила и ждала только Джепа. С этого момента Джеп начинает задумываться 

о прожитых безвозвратных годах, задавать себе сакральные вопросы: «А не потра-

тил ли я эту самую жизнь насмарку?».

Воспитатели 

Австрия, Германия, 2004 (16+ )

Жанр: Комедия, драма

Режиссер: Ханс Вайнгартнер

Великая красота  

Италия, Франция, 2013 (18+)

Жанр: Драма

Режиссер: Паоло Соррентино 

25/05, 18:30

25/05, 21:00

Европалық кино апталығы

Неделя европейского кино


10

11

  Made in Hungary



Kon-Tiki

Америкадан Мажарстанға қайтып оралған Мики өзімен бірге гавайлық жейделер, 

сағыз шайнау әдетін және батыс мақамдары мен мұхиттың ар жағында тартылатын 

музыкалық  ағымдарға  деген  әуесқойлығын  ала  келеді.  Оның  туған  жерінде  бұл 

ерекшеліктер, әрине, қарсылықпен болмаса да, келекемен қабылданады. Жігіттің 

мұндай өзгешеліктерін сақтап қалуы үшін біраз тер төгуіне тура келеді. Сондықтан 

ол  тайсалмай  дарындар  бәйгесіне  өтініш  тапсырады.  Жоғалтатын  ештеңе  жоқ,  

ал жеңістен үмітті… Гергея Фоньоның көңілді де жарқын музыкалық комедиясы 

шынайы оқиғаға негізделген.

Вернувшийся  в  Венгрию  из  Америки  Мики  привёз  с  собой  гавайские  рубашки, 

привычку  к  жвачке  и  западным  манерам,  музыкальные  пристрастия  к  мотивам 

и  ритмам,  звучащим  по  ту  сторону  океана.  На  родине  все  эти  «причуды»,  есте-

ственно, принимают если не враждебно, то насмешливо. Парню предстоит немало 

потрудиться, чтобы завоевать себе право на собственные предпочтения, поэтому 

он бесстрашно подаёт заявку на конкурс талантов. Терять ему нечего, а победить 

хочется… Яркая и весёлая музыкальная комедия Гергея Фоньо создана на основе 

действительных событий.

Әлемге әйгілі саяхатшы Тур Хейердалдың 1947 жылы аңызға айналған ерлігіне – 

оның Тынық мұхитын кішкентай ғана орнықсыз сал «Кон-Тикимен » жүзіп өтуіне 

негізделген шытырман оқиғалы фильм. Алып киттер, аш акулалармен шайқастар, 

дауылдар  мен  қатерлі  желдер,  сұрапыл  апат  арасындағы  өмір  үшін  жанталас… 

Бұл  күн  ғұмырларындағы  ақтық  сәтке  айналмас  үшін  кейіпкерлерге  көп  тер 

төгуге тура келеді. Адам нанғысыз саяхат оған шығуға бел байлағандардың өмірін 

түбегейлі өзгертті.

Приключенческая картина, в основе которой лежит подвиг всемирно известного 

путешественника  Тура  Хейердала,  совершившего  в  1947  году  эпическую  экспе-

дицию – пересечение Тихого океана на маленьком шатком плотике «Кон-Тики». 

Гигантские киты, схватки с голодными акулами, грозовой шторм, раздирающий 

ветер, битва за жизнь посреди бушующей стихии… Героям предстоит проявить не-

малую силу и трудолюбие, чтобы этот день не стал последним. Это невероятное 

путешествие навсегда изменит людей, которые рискнули в него отправиться. 

Сделано в Венгрии  

Венгрия, 2009 (12+ )

Жанр: Комедия  

Режиссер: Гергея Фоньо

Кон-Тики 

Норвегия, Великобритания,  

Дания, Швеция, 2012 (12+)

Жанр: Приключения,  

биография, история

Режиссеры: Хоаким Роннинг, 

Эспен Сандберг

Европалық кино апталығы

26/05, 18:30

26/05, 21:00

Неделя европейского кино


12

13

  4 Tage im Mai



Georg 

Германия,  1945  жылдың  мамыр  айы.  Неміс  армиясының  солтүстік-шығыс 

бөлімшелері  тізе  бүгіп  жатыр.  Совет  жауынгерлерінің  бір  тобы  өлкеде  қалған 

неміс  жасақтарының  Данияға  өтіп  кетуіне  жол  бермей,  оларды  тұтқынға  түсіру 

үшін Балтық теңізінің жағалауына жіберіледі. Капитан Калмыков басқарған топ 

балалар үйіне келіп орналасады. Ондағы аздаған балалардың ішінде әкесі Курск 

түбінде қаза болғандықтан орыс солдаттарын жек көретін 13 жасар Петер де бар 

еді. Жағалауда теңіз арқылы Германиядан кетіп қалуды көздеген неміс бөлімшесі 

бар екен. Петер оларға өздерін «орыс» тұтқынынан құтқаруын өтініп, белгі береді. 

Соғыстың  соңғы  күндерінде  қаза  болғысы  келмеген  неміс  әскерлері  шабуылға 

бел шеше қоймайды. Ол екі ортада Петер сарбаздары жылы сезіммен «Горыныч» 

деп  атайтын  капитанның  жүрегінен  орын  ала  береді.  Ақыры  неміс  полковнигі 

шабуылға бел байлайды – бірақ шайқас орыс капитанының сарбаздарына қарсы 

бағытталмаған еді... 

Германия,  май  1945  года.  Немецкое  командование  северо-восточных  частей  

объявляет  о  капитуляции.  К  побережью  Балтийского  моря  высылают  группу  

советских  военных,  главная  цель  которых  –  взять  в  плен  оставшиеся  в  районе 

немецкие группы, не дать им переправиться в Данию. Взвод под командованием 

капитана Калмыкова занимает пост в детском доме, среди немногих оставшихся 

здесь  детей  –  13-летний  Петер,  люто  ненавидящий  русских:  его  отец  погиб  под 

Курском.  Выясняется, что на побережье ждет удобного случая уйти из Германии 

по морю немецкое подразделение. Петер посылает им сигналы бедствия и ждет 

освобождения из «русского» плена. Пока немцы раздумывают, не желая погибать 

в последние дни войны, Петер проникается все большей симпатией к капитану, 

которого его бойцы ласково зовут «Горыныч». В конце концов, немецкий полков-

ник все-таки принимает бой – но вовсе не с группой русского капитана… 

«ГЕОРГ» – әйгілі эстон әншісі Георг Отсаның (1920-1975) тағдыры, өнер жолы мен 

жеке өмірі туралы нақты деректерге негізделген фильм. Үлкен опера сахналарында 

өнер көрсеткен ерекше дарынды әнші ешқашан әлемдік атаққа қол жеткізе алған 

жоқ.  Өкінішке  қарай  заман  солай  болды.  Әншіні  эстон  жұрты  ғана  емес,  күллі 

Совет  Одағы  мен  Финляндия  халқы  да  жақсы  көретін.  Фильм  ауыр  өзгерістер 

жылдарында  қалыптасқан  Георг  Отсаның  шығармашылық  тағдыры  туралы 

баяндайды. Бұл махаббат, шиеленістер мен отбасы жөніндегі оқиға. Георг үш рет 

үйленген болатын.  Соғыстың тура алдында өзінің алғашқы махаббаты Марготқа 

үйленеді.  Бірақ  соғыс  екеуін  ажыратып  жіберген  соң  олар  қайтып  кездеспейді. 

Отса 21 жасында Совет Армиясына шақырылады.  Ресейде, Ярославль қаласында 

ол Аста Саар есімді сұлуға ес-түссіз ғашық болады. Ал ол тағдыры ауыр биші қыз 

болатын...  

«ГЕОРГ»  –  основанная  на  достоверных  фактах  история  о  судьбе,  творческом 

пути и личной жизни знаменитого эстонского певца Георга Отса (1920-1975 гг.).  

Наделенному необычайным дарованием певцу не довелось снискать мировой сла-

вы, выступая на больших оперных сценах. Кроме эстонской публики его любили 

во всем Советском Союзе и в Финляндии. Фильм повествует о творческой судьбе  

Георга  Отса,  формировавшейся  в  трудные  годы  перемен.  Это  очень  личная  

история о любви, интригах и семье. Георг был трижды женат. Перед самой войной 

он  женился  на  Маргот,  своей  первой  любви.  Война  разлучила  Георга  и  Маргот, 

и они больше никогда не встречались. В 21 год Oтса мобилизовали в Советскую 

Армию. В России, в Ярославле, он безумно влюбился. Его возлюбленной была кра-

савица Аста Саар, танцовщица со сложной судьбой...

4 дня в мае  

Германия, Россия,  

Украина, 2011 (12+ )

Жанр: Драма 

Режиссер: Ахим фон Боррис

Георг 

Эстония, Финляндия,  

Россия, 2007 (16+) 

Жанр: Биографическая драма

Режиссер: Пэетер Симм

Европалық кино апталығы

27/05, 18:30

27/05, 20:30

Неделя европейского кино


14

15

Pride



Blancanieves 

Оқиға  Маргарет  Тэтчер  билік  құрған  кезеңде  –  1984  жылғы  кеншілер  ереуілі 

шиеленісіп  тұрған  шақта  өрбиді.  Фильм  Лондондағы  гейлер  шеруіне  қатысқан 

және  ереуілге  шыққан  кеншілердің  отбасыларына  көмектесу  үшін  ақша  жинау 

туралы шешім қабылдаған гейлер мен лесбилер тобы туралы баяндайды. Кеншілер 

кәсіподағы дәстүрден тыс жыныстық бағыттағы  адамдардың қолынан жиналған 

қаражатты қабылдауға именген кезде, қайырымдылықты өз қолдарымен жүзеге 

асыру үшін олар Уэльстегі кеншілер қалашығына микроавтобуспен жолға шығады. 

Фильм болған оқиғалар негізінде түсірілген.

Действие фильма разворачивается в 1984 году, во время правления Маргарет Тэт-

чер и в разгар забастовки шахтеров. Картина расскажет о группе геев и лесбиянок, 

участвующих в лондонском гей-параде и принимающих решение собрать деньги 

в поддержку семей бастующих горняков. Когда же профсоюз шахтеров стесняется 

принять собранные средства из рук представителей нетрадиционной сексуальной 

ориентации, те не сдаются и отправляются на микроавтобусе в шахтерский посе-

лок, находящийся в Уэльсе, чтобы лично осуществить акт  благотворительности.

Фильм основан на реальных событиях.

Фильм  ағайынды  Гриммнің  әйгілі  ертегісіне  негізделген.  Бұл  музыка  негізгі 

элемент болып табылатын түссіз әрі дыбыссыз кино. Фильм кездейсоқ оқиғалар 

желісінде Люцифер атты бұқамен сайыста ауыр жарақат алған матадор Антонио 

Вияльта  туралы  әңгімемен    басталады.  Бұл  оның  бір  күнде  сайысқан  алтыншы 

бұқасы  еді.  Жарымжан  болып  қалған  Антонио  тура  сол  сәтте  жары  Кармен  де 

Триананың қызы Карменді дүниеге әкеліп, өзі көз жұмғаны туралы қайғылы хабар 

алады.  Осынша  қайғылы  оқиғалардан  есі  шыққан  Антонио    қызына  қарамай, 

оны Конча әжесіне тапсырады. Ауруханадағы медбике Энкарна сал болып қалған 

Антонионы  күтіп,  баға  бастайды.  Өзіне  жасаған  жақсылығы  үшін  риза  болған  

Антонио Энкарнаға үйленеді.

Фильм  основан  на  волшебной  сказке  братьев  Гримм.  Это  черно-белый  фильм, 

имитирующий повествование немого кино, в котором музыка является ведущим 

элементом.  При  стечении  непредвиденных  обстоятельств,  фильм  начинается  с 

рассказа о трагическом  несчастном случае  со знаменитым матадором  Антонио 

Вияльта во время очередного поединка с быком по кличке Люцифер, шестым бы-

ком за день. Это ранение парализует  матадора, в это же время его супруга,  певица  

Кармен де Триана умирает от потери крови при рождении их дочери, маленькой 

Кармен. Антонио, потрясенный последними событиями,  отворачивается от доче-

ри и отдает ее на попечение бабушки Доньи Кончи. Тем временем, Энкарна, мед-

сестра госпиталя начинает ухаживать за парализованным Антонио. Благодарный 

за ее заботу и ласку, он женится на ней.



Гордость

Великобритания, 2014 (17+ ) 

Жанр: Комедия, драма 

Режиссер: Мэттью Уорчас 

Белоснежка 

Испания, Бельгия,  

Франция, 2012 (12+)

Жанр: Фантастическая драма,

немое кино

Европалық кино апталығы

28/05, 18:30     

29/05, 18:30       



Неделя европейского кино




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал