«Қорғас-Шығыс ҚаҚпалары» аЭа Құрылысы аяҚталды



жүктеу 0.54 Mb.

бет1/6
Дата27.02.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4   5   6

BAZIS

NEWS


№10-11

01/11


2016

«Қорғас-Шығыс 

ҚаҚпалары» аЭа 

Құрылысы аяҚталды

«БаЗИс-а» 

компанИялар 

тоБына – 25 жыл!

алматы 1000 

жылдығын AlmAty 

ArenA мұЗ сарайында 

тойлады

Тамыз  айында  «БАЗИС-А» 

компаниялар  тобының  25 

жылдығын  тойладық.  Алма-

тыда 12 000 орындық «Алматы 

Арена»  жаңа  мұз  сарайында 

қазақстандық  эстрада  жұлды-

здарының  қатысуымен  үлкен 

концерт өтті. Қазақстан астана-

сында  мереке  Конгресс-холл-

дың басты залында болды.   

стр. 10

Almaty  Arena  жаңа  мұз  са-

райы  ашылмай  жатып  қала-

ның ауқымды шаралар өтетін 

ең айтулы орнына айналды. 

18  қыркүйекте  мұз  сарай-

ында  Алматының  мыңжыл-

дығына  арналған  гала-кон-

церт  өтті.  Алматылықтарды 

қаланың  мерейтойымен  ҚР 

Президенті Нұрсұлтан Назар-

баев құттықтады. 

 стр. 2 

Қазан  айының  ортасында 

«Қорғас-Шығыс  қақпала-

ры» АЭА салуда бас мерді-

гер  болып  табылатын 

«БАЗИС»  құрылыс  компа-

ниясы  құрғақ  порт,  инду-

стриалды  және  логистика-

лық  аймақ  құрылысының 

соңғы  кезектерін  пайдала-

нуға берді. 

стр. 7 

Алматыда  Саин  көшесі  мен 

Рысқұлов 

даңғылының 

қиылысындағы  үш  деңгейлі 

жолайырығы ашылды. Оның 

өткізу  мүмкіндігі  –  тәулігіне 

250  мың  автомобиль.  Алма-

тының мыңжылдығын мере-

келеу кезінде нысанды мем-

лекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев көрді. 

стр. 14

алматыда жаңа 

үШ деңгейлі 

жолайырығы 

аШылды

алматы 1000 жылдығын AlmAty 

ArenA мұЗ сарайында тойлады

Алматы 1000 жылдығын Almaty Are-

na мұз сарайында тойлады

Алматының 1000 жылдығына арналған сал-

танат  12  000  көрерменді  сыйғыза  алатын  мұз 

сарайының  басты  аренасында  өтті.  Мерекелік  

бағдарлама  мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен басталды. Жүр-

гізушілер  мұзды  аренаға  Елбасының  келгенін 

хабарлауы  мұң  екен  мыңдаған  көрермені  бар 

трибуна президентті қол шапалақтап, қошемет-

пен қарсы алды. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Алматының 1000 жыл-

дық мерейтойын Қазақстанмен бірге бүкіл әлем 

мерекелеп  жатқанын  айтты.  «Осынау  тарихи 

күн  ЮНЕСКО-ның  адамзаттың  мерейтойлық 

күндері күнтізбесіне енгізілген. Бұл шешім Ал-

матының өңірлік және ғаламдық дамудағы орны 

ерекше екендігін айғақтайды», – деді мемлекет 

басшысы. 

Президент Ұлы жібек жолының дәл осы жер-

Компаниямыз  салған  12  000  орындық Almaty Arena  жаңа  мұз  сарайы  ашылмай  жатып  қаланың  ауқымды  шаралар 

өтетін ең айтулы орынына айналды. Мұз сарайының ауқымы, оның көпфункционалды алаңдары, қуатты жарық және 

дыбыс қондырғысы, әмбебап сахнасы мұнда ең жоғары деңгейдегі шараларды өткізуге мүмкіндік береді. 

18 қыркүйекте Алматының мыңжылдығы құрметіне мұз сарайында отандық эстарада жұлдыздарының қатысуымен 

салтанатты  гала-концерт  өтті.  Алматылықтарды  қаланың  мерейтойымен  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. 

Төрт күн өткеннен кейін (22 қыркүйек) Almaty Arenaда Eurasian Music Awards – отандық және шетелдік орындаушылар-

дың үлкен және беделді музыкалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. 

Универсиаданың  басты  спорт  нысаны  құрылысының  аяқталуы  Қазақстан  тәуелсіздігінің  25  жылдығы,  Алматы  қа-

ласының 1000 жылдығы мен «БАЗИС-А» компаниялар тобының 25 жылдығы секілді бірден бірнеше айтулы күнмен 

тұспа-тұс келді.

2

BAZIS NEWS №10-11 / 01.11.2016



мен өткенін, 550 жыл бұрын Жетісу жерінің Қа-

зақ хандығының бесігі болғандығын және бүкіл 

Орта  Азия  аймағының  урбанизация  мәдениеті 

ошақтарының  дәл  осы  жерде  пайда  болған-

дығын  атап  өтті.  «Алматы  ХХ-ғасырда  ерекше 

роль  ойнады.  1929  жылы  қазақстандық  астана 

эстафетасын қабылдап алды да миллионды-ме-

гаполиске  дейін  өсті.  Тәуелсіз  Қазақстанның 

тұңғыш  астанасы  болу  құрметі  Алматыға  бұй-

ырды.  Қаланың  мыңжылдығын  Отанымыздың 

тәуелсіздігінің  25  жылдығымен  бірге  тойлауы-

мыздың өзі ерекше мәнге ие», – деді Нұрсұлтан 

Назарбаев. 

Мемлекет басшысы Алматыға деген қамқор-

лықты  мемлекет  басқарудағы  бірінші  кезектегі 

міндеттердің  бірі  деп  қарағанын,  сондықтан 

қаланың  дамуын  жеке  өзі  назарда  ұстайтынын 

айтты. «Тек өткен бес жылдың ішінде қаланың 

аумағы  екі  есе  ұлғайды.  Халықтың  саны  бір 

миллион  сегіз  жүз  мың  адамға  жетті»,  –  деді 

мемлекет  басшысы.  Нұрсұлтан  Назарбаев  Ал-

матыда  2017  жылы  өтетін  Универсиадаға  баса 

назар аударды. Мұндағы басты нысан - Almaty 

Arena. Универсиада ойындарының ашылу және 

жабылу салтанаты, спорттың бірнеше түрі бой-

ынша жарыстар дәл осы жерде өтеді. «Бірер ай-

дан соң қалада 18-ші қысқы Универсиада баста-

лады. Оның бірегей нысандарының құрылысына 

мемлекет  107  миллиард  теңге  инвестиция  сал-

ды.  Осының  арқасында  1500  шағын  және  орта 

бизнес субъектісі жұмыспен қамтамасыз етілді. 

30  000-нан  астам  жаңа  жұмыс  орны  ашылды. 

Қысқы  Универсиадаға  әлемнің  57  елінен  2000-

нан  аса  спортшы  қатысады»,  –  деді  Қазақстан 

президенті. Ол сонымен қатар, «Нұрлы жол» ин-

фрақұрылымдық бағдарламасы жайында айтып 

берді.  Оның  аясында  елімізде  7000  шақырым 

автомобиль  жолдары  салынады.  Олар  мемле-

кетіміздің экономикасының дамуы мен өмірінің 

күретамыры  ретінде  келешек  ұрпаққа  қалатын 

болады.  Миллиондаған  шаршы  метр  баспана, 

жаңа  мектептер  мен  ауруханалар  салынады. 

Осының  барлығы  азаматтарымыздың  игілігі 

үшін, қазақстандықтар үшін, олардың балалары 

мен немерелерінің болашағы үшін жасалып жа-

тыр», – деді мемлекет басшысы. 

Нұрсұлтан Әбішұлы қаланың басты байлығы 

оның тұрғындары екендігін атап өтті. «Қымбат-

ты  алматылықтар,  1000  жылдық  Алматының 

басты байлығы – ол сіздер, 120 этнос өкілі өмір 

сүріп,  еңбек  етіп,  білім  алып,  отбасын  құрып, 

құрылыс салып жатқан осынау тамаша қаланың 



(Жалғасы 4 бетте)

МАҢЫЗДЫ оқиғА

3


тұрғындары.  Мұнда  достық  және  қонақжай-

лылық  ауан  мәңгілік  салтанат  құрған.  Алматы 

көркейе береді, еліміздің дамыған қаласы болып 

қала береді деп нық сеніммен айта аламын», – 

деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы адамдардың 

барлық  уақытта  Отанымыздың  түкпір-түкпірі-

нен  Алматыға  келуге  тырысатынын  айтты. 

«Жұрт осында өмір сүріп, білім алып, еңбек ет-

кісі келеді. Көптеген отбасы осы жерде дүниеге 

келді. Мен сіздердің жерлестеріңізбін, бұл менің 

кіші  Отаным,  осында  бір  күнге  немесе  жарты 

күнге  болса  да  келіп  жатсам  тауға  баруға,  оны 

энергетикасынан  күш  алуға  тырысамын.  Мұн-

дай өзге еш жерде жоқ. Ал Астана қаланың үстін 

зеңгір көк қана жауып тұратындығымен ерекше. 

Ол де біздің ұлы отанымыз», – деді президент. 

Сөз  соңында  мемлекет  басшысы  қонақтарды 

қаланың  мерейтойымен  құттықтады.  «Барлық 

қазақстандықты  сүйікті,  тамаша,  қайталанбас 

қаламыздың 1000 жылдығымен құттықтаймын. 

Ғасырлар  өткен  сайын  қаламыздың  сұлулығы 

арта  бергей!»  –  деп  сөзін  аяқтады  Нұрсұлтан 

Назарбаев. 

Президенттің  салтанатты  сөзінен  кейін 

Алматының  1000  жылдығына  арналған  үлкен 

шоу-бағдарлама  басталды.  Сахнада  мемле-

кетіміздің ерте замандардан бүгінгі күнге дейін-

гі қалыптасу тарихы көрсетілді. Ауқымды қой-

ылымның әрбір нөмірі сақ дәуірінен бергі нақты 

тарихи кезеңге арналды. Ұлы Жібек жолы керу-

ендерінің  қалай  жүріп  өткенін,  Ұлы  дала  хан-

дарының  қалай  мәжіліс  құрғанын  демін  ішіне 

ала  отырып  көріп,  Кеңестер  Одағы  тұсындағы 

Қазақстанды  еске  түсірісті.  Ұлы  Отан  соғысы, 

ондағы Жеңіс, соғыстан кейінгі жылдар туралы 

театрландырылған  қойылымдар  басталғанда 

жанарына  жас  үйірілгендер  болды.  Сондай-ақ, 

Алматыдағы  желтоқсан  оқиғалары  мен  қазіргі 

тәуелсіз  Қазақстанның  қалыптасу  кезеңі  көр-

сетілді. 



Елдің «Алматы Аренадағы» алғашқы 

жұлдыздары 

Алматының 1000 жылдығына арналған шо-

у-бағдарламаның  ұйымдастырушылары  ЕХРО-

2017 халықаралық көрмесін де ұмыт қалдырған 

жоқ.  Жастар  жасыл  энергияға  арналған  нөмір 

дайындады.  Сөз  арасында  айта  кеткен  жөн, 

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясы  бұл  жерде  де 

қарап қалған жоқ – Астанада ЕХРО-2017 өтетін 

бірнеше  павильон,  көрмеге  қатысушыларға  ар-

налған баспана мен ЕХРО аумағында салынып 

жатқан ЕХРО Plaza тұрғын үй кешені құрылы-

сын аяқтап жатырмыз. 

Сондай-ақ, Almaty Arenaда мыңдаған аудито-

(Жалғасы. Басы 2 бетте)

4

BAZIS NEWS №10-11 / 01.11.2016



рияның алдында қазақстандық эстрада жұлды-

здары – ел сүйіктісі Роза Рымбаева, «Дос-Мұқа-

сан»  ансамблі,  Мәдина  Сәдуақасова,  Қайрат 

Нұртас өнер көрсетті. Артистер мұзды аренада 

орнатылған әлемдік белгілі өндірушілердің жа-

рық  және  концерттік  қондырғыларына  жоғары 

баға берді. 

Алматының  1000  жылдығына  арналған 

мерекелік  шоу-бағдарлама  аяқталғаннан  кей-

ін  кіру  билеттерінің  нөмірі  бойынша  бағалы 

сыйлықтар  тігілген  лотерея  өткізілді.  Басты 

сыйлық  –  автомобиль  –  қазақстандық  жоғарғы 

оқу орындарының бірінің студентіне бұйырды. 

Шараның кульминациясы қаланың үш жерінде 

–  «Көктөбе»  саябағында,  «Астана»  алаңында 

және Almaty Arena мұз сарайының маңында ұй-

ымдастырылған мерекелік отшашу болды. 

Спорт та, музыка да, шоу да өзі!

22  қыркүйекте  Алматының  1000  жылдығы 

мерекесінен төрт күннен соң Almaty Arena мұз 

сарайында үздік әртістерді MUZZONE Eurasian 

Music Award (EMA-2016) телеарнасының V Еу-

разиялық  музыкалық  сыйлығымен  марапаттау 

рәсімі    өтті.  Алматы  әкімі  Бауыржан  Байбек 

қонақтарды  осынау  үлкен  шарамен  құттықтай 

келе  қазақстандық  эстраданың  кәсібилігі  мен 

деңгейінің  жылдан  жылға  жоғарылап  келе 

жатқандығын айтып, осыдан бірнеше күн бұрын 

осы мұз сарайын Қазақстан президенті Нұрсұл-

тан  Назарбаев  ашқанын  еске  салды.  «Биылғы 

жыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен сүйік-

ті  қаламыздың  1000  жылдығы  секілді  жарқын 

оқиғаларға  толы.  Еуразиялық  музыкалық  сый-

лығы жастарымыз ерекше күтетін оқиғалардың 

бірі.  Осыдан  бірер  күн  бұрын  ғана  мемлекет 

басшысы осынау 12 000 орындық бірегей стади-

онды өзі ашты. Қазақстан эстрадасының деңгейі 

жылдан  жылға  көтеріліп  келеді,  аудиториясы 

кеңеюде,  әрине,  бұған  Еуразиялық  музыкалық 

сыйлығы секілді жобалар үлкен үлес қосуда», – 

деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек. 

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары техни-

калық жарақтандыру, дыбыс пен жарық сапасы-

на жоғары баға берді. Шара кезінде белгілі орын-

даушы Карина Абдуллина өнер көрсетті. Ол сол 

кеште шоу-бизнестің дамуына қосқан үлесі үшін 

марапатқа ие болды. Біз кәсіби музыкантты ды-

быстың  сапасы  мен  «БАЗИС»  құрылыс  компа-

ниясы салған жаңа мұз сарайындағы жайлылық 

деңгейі жөніндегі пікірін сұраған едік. 

«Алдымен  10  жылдан  астам  уақыт  «БА-

ЗИС»  салған  үйде  тұрып  келе  жатқандығымды 

айтайын. Енді Алматыда Almaty Arena жаңа мұз 

сарайы ашылды. Аумағы да, халқы да өсіп келе 

жатқан қаламызда ауқымды мәдени және спорт 

шараларын  өткізетін  үлкен  алаңдар  жеткіліксіз 

болатын.  Сондықтан  осындай  мұз  аренасының 

пайда болғанына өте қуаныштымын», - деді Ка-

рина  Абдуллина.  «Өнер  көрсетуімді  ешқашан 

тоқтатпаймын, осы мұз аренасында өтетін шара-

ларға міндетті түрде қатысатын боламын», – деді 

белгілі орындаушы. 

«Үздік  рок-тобы»  номинациясының  иегері 

атанған  алматылық  LampЫ  Orchestra  рок-то-

бының  музыканттары  да  «Алматы  Арена»  мұз 

сарайына  үлкен  баға  берді.  «Ғаламат  концерт 

алаңы.  Дыбыс,  жарық,  бәрі  де  тамаша!  «БА-

ЗИС-А»  компаниясына  алғыс  айтқымыз келеді. 

Олар  Алматы  спортының  ғана  емес,  сонымен 

бірге кез-келген деңгейдегі шоу мен концерттің 

де орталығына айналатын тамаша сарай салды», 

–  деді  LampЫ  Orchestra  тобының  фронтмені 

Виктор Ким.



(Жалғасы 6 бетте)

МАҢЫЗДЫ оқиғА

5


Нысандардың ауқымымен 

дәлелденген біліктілік 

Almaty  Arena  мұз  сарайын  небәрі  26  айда 

салып бітіргенімізді айта кеткен жөн – құрылыс 

2014  жылдың  қыркүйегінде  басталып,  2016 

жылдың  тамыз  айында  мерзімінен  үш  ай 

бұрын  аяқталды.  Нысанды  тұрғызу  барысында 

құрылыс алаңында орташа есеппен алғанда 1800 

түрлі  маман  -  геодезистер,  арматурашылар,  бе-

тон құюшылар, ағаш ұсталары, әрлеушілер, сан-

техниктер,  электриктер,  дәнекерлеушілер,  жол 

салушылар, абаттандыру бригадалары мен «БА-

ЗИС» құрылыс компаниясының басқа да көпте-

ген қызметкері еңбек етті. Мұз сарайы ең қазіргі 

заманғы  технологияларды  қолданыла  отырып 

монолитті темір бетоннан салынды және 10 бал-

лдық сейсмикалық салмаққа есептелген. 

Almaty  Arena  көпфункционалды  спорт  ке-

шені  үш  блоктан  тұрады.  А  блогында  12  000 

көрерменге арналған мұзды арена, жаттығу зал-

дары мен қазылық жасау аймақтары, телеради-

охабарларын  тарату  компанияларына  арналған 

жайлар,  баспасөз  мәжілістеріне  арналған  зал, 

фуд-корт  пен  мейрамханаларға  арналған  орын-

дар  бар.  Арена  бокс,  баскетбол,  футбол,  шор-

трек, сондай-ақ, ауқымды концерттер мен түрлі 

шоулар  өткізуге  арналған  алаңдарға  трансфор-

мацияланады. Мұз алаңының үлкендігінің арқа-

сында сахнаны 360 градусқа жылжытуға болады, 

алғашқы шаралар кезінде осылай жасалды да. 

«В»  блогында  конференц-залдар,  әкімшілік 

жайлары, жаттығу фитнес-залы мен екі бассейн, 

қоғамдық тамақтану орны орналасқан. 

«Б»  блогында  478  орындық  трибунасы  бар 

жаттығу мұз айдыны, SPA-орталық, бокс, күрес, 

үстел  теннисі,  хореографиямен  айналысуға  ар-

найы  қарастырылған  жайлар,  сонымен  бірге, 

акробатикалық  әзірлік,  жалпы  физикалық  дай-

ындық пен екі жаттығу залы бар. 

            Мұз  сарайы  халықаралық,  оның  ішін-

де, Халықаралық шйбалы хоккей Федерациясы 

(IIHF),  Құрлықтық  хоккей  лигасы  (KHL)  мен 

студенттік  спорт  Халықаралық  федерациясы-

ның (FISU)  талаптарына сай салынған. 

Кедергісіз орта 

Маңызы  үлкен  бір  жайтты  атап  өткіміз  ке-

леді. Мұз сарайының барлық жайлары мүмкін-

дігі  шектеулі  адамдарға  арналған  арнайы  пан-

дустармен  жарақталған.  Бұл  олардың  Almaty 

Arena қабырғасында өтетін шараларға қатысып, 

дене  шынықтырумен  айналысуына  мүмкіндік 

береді.  Мәселен,  В  блогында  орналасқан  бас-

сейнде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 

арнайы  көтергіш  орнатылған.  Ыңғайлы  көтер-

гіштер мен арнайы пандустар мүгедектер арба-

сына  таңылған  алматылықтардың  Алматының 

1000 жылдығына арналған шоу мен MUZZONE 

телеарнасының марапаттарын табыстау рәсімін 

тамашалауына жол ашты. 

Сонымен қатар, Универсиада өткеннен кей-

ін  мұз  сарайы  қалалықтардың  игілігіне  қызмет 

ететін болады. Барлық алматылықтардың осын-

да  келіп  конькимен  сырғанап,  бассейнге  түсіп,  

SPA-орталықта  болып,  түрлі  спорт  секцияла-

рында  жаттығып,  сүйікті  орындаушыларының 

концерттеріне бара алады. Almaty Arenaда өткен 

алғашқы шаралар көрсеткендей осынау тамаша 

футуристік  нысан  аз  ғана  уақыттың  ішінде  ал-

матылықтар мен қала қонақтарының ең сүйікті 

орнына айналмақ. 



(Соңы. Басы 2 бетте)

6

BAZIS NEWS №10-11 / 01.11.2016



«Қорғас-Шығыс ҚаҚпалары» аЭа 

Құрылысы аяҚталды

Bn анықтамасы

Құрғақ  порттың  бірінші  кезегі  2016  жыл-

дың мамыр айында тапсырылған болатын. ол 

іске қосылғалы бері 43 мың контейнер өңдел-

ді. Құрғақ порттың жылына Қытай, оңтүстік 

корея, үндістан және басқа да елдерден еуропа, 

ресей және орта азия мемлекеттеріне баратын 

4 миллион тонна жүкті өткізу әлеуеті бар. Қазір 

аЭа барлық нысандары толық қуатымен жұ-

мыс істеуде. 

негізгі  жұмыстардың  аяқталғанына  қа-

рамастан  «БаЗИс»  құрылыс  компаниясы-

ның  мамандары  нысандарда  кепілдендірілген 

мерзімге дейін (36 ай) болады. 

Қазір  «БаЗИс»  құрылыс  компаниясы 

құрған құрылыс базасы тұрақты жұмыс істей-

ді.  ол  құрғақ  порт,  логистикалық  және  ин-

дустриалды  аймақтарға  жақын  орналасқан. 

соңғы уақытта компания инвестор-тапсырыс 

берушілермен  «Қорғас-Шығыс  қақпалары» 

аЭа  аумағында  жаңа  өндірістер  мен  логисти-

калық қоймалар салу жөнінде көптеген келіс-

сөздер жүргізді. 

«Қорғас-Шығыс қақпалары» Арнайы экономи-

калық аймағының басты мақсаты  – Қазақстанның 

және тұтастай алғанда аймақтың сауда-экспорттық 

қызметінің  мүдделерін  қамтамасыз  ететін  тиімді 

транспортық-логистикалық  және  индустриал-

ды  орталық  қалыптастыру.  Атап  айтқанда,  АЭА 

еліміздің транзиттік әлеуетін арттырады; отандық 

және шетелдік инвесторларды тартуға қолайлы ин-

вестициялық ахуал туғызады; аумақта инвестици-

ялық жобаларды жүзеге асырады; өңірдің дамуын 

жеделдетеді; халықтың еңбекпен қамтылуын жақ-

сартады; аймақтың экономикалық әл-ауқатын арт-

тырады. 


«Қорғас-Шығыс  қақпалары»  АЭА  негізгі 

құрылымдық элементттері - құрғақ порт, логисти-

калық  аймақ,  индустриалды  аймақ  және  көмекші 

инфрақұрылым нысандары. 

«Қорғас-Шығыс қақпалары» АЭА мен құрғақ 

порт  инфрақұрылымдарының  құрылысы  2014 

жылдың маусым айында басталып, жоспарланған-

дай 2016 жылдың қазан айында аяқталды. 



Әуелі шөлдің құмын тізгіндедік 

Жақында  ғана  құмды  шөлейт  болған  жерде 

қазір өмір қайнап жатыр. 

АЭА  нысандарын  салуға  кіріспес  бұрын 

құрылысшыларымыз  шағылдарды  700  гектар  ау-

мақтан астам құмды шөлейтке бөліп, оны жерасты 

коммуникациясының «торымен» қаптады. «Қысқа 

уақыттың ішінде 11 миллион текше жер жұмыста-

рын атқардық. 9 ай логистикалық және индустри-

алды аймақтарға коммуникация жүргіздік. Сусыған 

құмның  құрғақ  порт  пен  АЭА  аумағына  кіруін 

тоқтату үшін құрылысшылар шағылдарды құрғақ 

портты бойлай арнайы тормен жауып тастады. Бұл 

торларсыз өсімдік тұқымы құмда тұрақтап тұра ал-

майды – оларды сол сәт жел ұшырып әкетеді. Түр-

лі-түсті қиыршық таспен гүлзарларды белгіледік», 

–  дейді  құрғақ  порт  нысандарын  салу  жөніндегі 

басқарушы директор Мұстафа Афраилов. «Құрғақ 

порттың тұтас аумағына қуатты жарықтандыру ор-

наттық.  Барлық  жерде  бейнекамералар,  қозғалыс 

белгісін беретін тетіктер, белгі беру құрылғылары 

орнатылды,  сондықтан,  аумаққа  қоршаудан  асып 

кіру  мүмкін  емес.  БӨБ-1  өзінде  92  камера  қой-

ылған.  Ал,  аумақта  қанша  екенін  өзіңіз  бағамдай 

беріңіз», – дейді Мұстафа Афраилов. 

Құрғақ  портта  нөсер  кәрізі  орнатылған. 

Астынан тазартқыш қондырғылар, құдықтар, кәріз 

құбырларына арналған үлкен бункерлер қазылған. 

Бәрі көлемі 6000 текше бір резервуарға құйылады. 

Бұл резервуарда су тазаланып, егіс алқаптарын су-

аруға кетеді, қалған көңді арнайы машиналар таза-

лайды. 


Теміржол сорабының ерекшеліктері 

Құрғақ порттың басты міндеттерінің бірі – Қы-

тай Халық Республикасынан тар табанды темір жол 

рельстерімен келетін тауар тиелген контейнерлерді 

қазақстандық кең табанды рельске көшіру. Үлкен 

және күрделі механизмдер – рельстік және пневма-

тикалық  қозғалыстағы  тіректі  крандар  тар  табан-

ды  вагондардағы  жүкті  түсіріп,  басқа  құрамдағы 

кең табанды сорап пойыздарына тиейді. Күні-түні 

Қазан  айының  ортасында  «Қорғас-Шығыс  қақпалары»  АЭА  салуда  бас  мердігер  болып  табылатын  «БАЗИС» 

құрылыс компаниясы құрғақ порт, индустриалды және логистикалық аймақ құрылысының соңғы кезектерін пай-

далануға берді.

(Жалғасы 8 бетте)

7

құрылыс жаңалықтары



дерлік үзіліссіз жұмыс істейтін қуатты крандардың 

әрекет аумағында жүрген адамдардың қауіпсіздігі 

үшін жүк тиегіштер арнайы белгі береді. «Нысан-

ды салып жатқанымызда темір жолмен  43 000 кон-

тейнерден астам жүк өтті. Нысан толық қуатымен 

жұмысқа кіріскен кезде өткізу мүмкіндігі жылына 

бір миллион контейнерге жетеді», – дейді Афраи-

лов. Контейнерлік ауланың өне бойында бағдарлар 

сызылған,  бір  де  бір  машина  немесе  рештагель 

қалаған бағытымен жүре алмайды. Олар тек көр-

сетілген бағытпен ғана жүреді. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал