Өрендері өнерге қанат қАҚҚан «сарыарқА Әуендері»



жүктеу 58.25 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі58.25 Kb.

ӨРЕНДЕРІ ӨНЕРГЕ 

ҚАНАТ ҚАҚҚАН 

«САРЫАРҚА ӘУЕНДЕРІ» 

Әңгімелескен, С. БОТПАЙҰЛЫ. 

САЗ-САНДЫҚ 

«Аққудың» 

мың 

бұралған 

бишілері 

Қазақтың ән мен күйін шет елдерде кеңінен танымалы 

ету жолында сүбелі үлес қосып жүрген өнер топтары, 

ұлт-аспаптық оркестрлер біздің облыста да баршылық. 

Сондай өнерпаз ұжымның бірі — «Сарыарқа әуендері». 

Атына заты сай ансамбльдің көркемдік жетекшісі әрі ди-

ректоры Марат Мәжитов пен Батбентаева Гүлжанат Дүй-

сенқызын қаладағы өнер мектебіне арнайы іздеп барып, 

сөзге тартқан едім. 

С. Б. — «Сарыарқа әуендері» сегіз бен он 

төрт жас аралығындағы енерлі ерендерден 

құралған Республикамыздағы санаулы фольк-

лорлық ансамбльдердің бірі. Осы ансамбль-

дің тарихына тоқталып етсеңіздер. 

М. М. — Атанған  ф о л ь к л о р л ы қ ансамбль 

1992  ж ы л д ы ң ақпан айында қаламыздағы 

өнер мектебі жанынан  қ ұ р ы л д ы . Және де 

ансамбль сегіз бен он төрт аралығындағы 

мектеп оқушыларынан құралған. 

Б. Г. — Облысымыздағы жалғыз фольклор-

л ы қ ансамбль аз ғана уақыт аралығында  к ө п -

шілік қауымның сүйіктісіне айналды десем 

қателеспеймін. Біздегі бишілер,  д о м б ы р а ш ы -

лар тобындағы жас  ө с п і р і м д е р бойындағы 

өнерлері күннен-күнге шыңдала түсуде. Бо-

лашақта олардың арасынан танымалы талант-

тар шығарына  к ә м і л сенеміз. 

М. М. —  Ұ л т т ы қ  ү р д і с к е бет түзеген тұста 

халқымыздың ұмытыла бастаған асыл өне-

рін жандандыру, насихаттау—уақыт талабы 

ғ о й . Сондықтан да өнер  м е к т е б і н д е г і  о қ у -

шылардан  ф о л ь к л о р л ы қ ансамбль  қ ұ р ы п , 

елдік қасиетімізді жандандыру мақсатында 

игілікті істі қолға алған болатынбыз. 



С. Б. — Әрине, қазіргідей қиын кезеңде 

қиыншылықтар да атқарар жұмыстарыңыз-

ға кедергі келтіруде шығар. 

Б. Г. — Иә, «қайда барсаң  Қ о р қ ы т т ы ң  к ө р і » 

дегенде тап келіп отырған  к е з е ң  ғ о й . Барға 

қанағат тұтуға тура келеді. 

М. М. — Гүлжанат  Д ү й с е н қ ы з ы н ы ң айт-

қан сөзіне  қ о с а р ы м , аспаптар  ж е т і с п е й д і , 

қ а р ж ы  ж а ғ ы да алқымнан алып жатқан  ж а й ы 

бар. Өнерлі жас  ө с п і р і м д е р д е н құралған 

жалғыз  ф о л ь к л о р л ы қ ансамбльге облыстық 

мәдениет басқармасы қолдан келер  к ө м е -

гін аямаса екен.  Ө н е р г е деген  қ а м қ о р л ы қ 

ерекше болса, нұр үстіне нұр болар еді. 

С. Б. — Биылғы жылдың қыркүйек айында 

туысқан Түркия еліне өнер сапарымен барып 

қайттыңыздар. Енді осы сапар жайлы әңгіме-

лесеңіздер. 

М. М. — Түбі бір туысқан Түркия елінің 

М ә р м ә р теңізі бойында орналасқан Ялова 

қаласында Түрік  а қ ы н - к о м п о з и т о р ы Туфак-

тың 100 жылдығына орай өткен халықаралық 

фестивальға Қазақстан атынан қатыстық. 

Жалғыз шақыру қағазының  б і з д і ң  е н ш і м і з г е 

тиюі ансамбліміздің осал еместігін көрсет-

се  к е р е к . Бұл фестивальға Испания, Голлан-

дия, Ирландия, Венесуэла, Чехия, Украина, 

Ресей мемлекеттерінен де  ф о л ь к л о р л ы қ ан-

самбльдер қатысты. Фестивальдің мақсаты 

ж е р  ж ү з і н д е г і түрлі халықтардың фольклор-

лық ансамбльдерінің  б ү г і н г і деңгейін бай-

қау іспеттес болды. 

Қасиетті Тұран даласын да  ә л е м н і ң түрлі 

әуезді әндерімен  б і р г е халқымыздың да 

әсем әндері орындалып жатты. Осы сапары-

мызда түрік  б а у ы р л а р ы м ы з д ы ң ыстық  ы қ ы -

ласына бөлендік. 

Б. Г. — Расында, Түрік туысқандарымыз-

д ы ң  б і з г е деген  қ о ш е м е т і н д е шек болмады. 

Қазақ елінің өнеріне деген  қ ұ р м е т тек түрік 

бауырларымыз тарапынан ғана емес, фес-

тивальға қатысушы өзге ел азаматтары тара-

пынан да байқалды. 

Әуелде бізді Стамбулда Түркістан  ж а м и я -

ты «Қазақ тілі»  қ о ғ а м ы н ы ң төрағасы Хамит 

Ербаш деген қандасымыз қарсы алды. Ата 

жұрттан келген  б і з д е р мен Хамит ағаның 

сағына қауышу сәті адам  ж ү р е г і н елжіретеді 

екен. X. Ербаштың шаңырағында бас қос-

қан Стамбулдағы қандастарымызбен бол-

ған  к е з д е с у д і ң өсерін айтып  ж е т к і з у қиын. 

Ә р б і р айтылған өлең, тартылған күйден  с о ң 

көзіне жас алып жатқан қандастарымыздың 

шіркін-ай, туған  ж е р г е деген сағыныш  ж а л ы -

нын айтылған өлең мен күйлер лапылдатқан-

дай болды. Қандастарымыздың, түрік туыста-

р ы м ы з д ы ң  қ о н а қ ж а й л ы ғ ы , бізге деген үлкен 

сый-сияпаты  б і з д і ң ансамбльге  ж а ң а бір ша-

быт қосқандай болды. 

С. Б. — Бұдан басңа қандай халықаралық 

байқауларға қатыстыңыздар) 

М. М. — Биылғы  ж ы л д ы ң  м а м ы р айында 

аталған Түркия елінің тағы бір қаласында, яғ-

ни, Гересунда болған халықаралық байқауда 

«Сарыарқа әуендері» фольклорлық ан-

самль дипломант атанды. Осы байқауда 

халық күйлері, әндері орындалды. Айбол 

Қ ұ д а й б е р г е н о в т ы ң  о р ы н д а у ы д а ғ ы халық 

әндерін  к ө р е р м е н д е р үлкен ризашылық-

пен қабылдады. 1992  ж ы л д ы ң желтоқсан 

айында Белорусь астанасы  М и н с к і д е өткен 

фестивальға құрметті  қ о н а қ ретінде қатыс-

т ы қ .  Ж ә н е сол  ж ы л ы Кавказда болған бай-

қауда дипломант атандық. Талжанов  Қ ұ р -

манғазы домбырада, Жазықбаева Динара 

қобызда ойнап, қазақ ән-күйімен байқауға 

қатысушыларды тамсандырды. 

Б. Г. —  М е н і ң бір байқағаным, қай елде 

болмасын қазақ өнерін тыңдаушылар  з о р 

ықыласпен қарсы алады. Осындайда, айна-

лайын халқымнан,  д е г і ң келеді. 



С. Б. — Ансамбльдің алдағы маңсаттары. 

М. М. — Күз айының соңын ала, амандық 

болса, Алманияға (Германия)  ж е к е  к о н ц е р т -

тік  қ о й ы л ы м м е н баруды  к е з д е п  о т ы р м ы з . 

Тағы  б і р мақсат, астанамыз Алматыда теле-

дидарға түспекпіз. 

Б. Г. — «Бұлақ  к ө р с е ң көзін аш» дегендей, 

ауылды  ж е р л е р д е өнерлі ұл-қыздар болса, 

оларға Қарағанды қаласындағы өнер  м е к т е -

б і н і ң есігі ашық. Мұнда олар  м у з ы к а л ы қ  б і -

лім алып, өздерін  ж е т і л д і р е түседі. 

М. М. — Ансамбль  қ ұ р а м ы н д а ғ ы жас өс -

п і р і м д е р шетінен таланттылар. Газет беті 

арқылы оларға өнерде болсын, оқуда  б о л -

сын іздемпаз,  е ң б е к қ о р болыңдар  д е м е к -

пін. 

Б. Г. — Жас  ө с п і р і м д е р д і ң бойындағы адам-



гершілік, имандылық, Отанға деген сүйіс-

пеншілік қасиеттерді тәлімді тәрбие  а р қ ы -

лы дамытатын болсақ, сондай  т ә р б и е н і ң 

бірі — ән-күй.  Ә н - к ү й д і ң адам санасына, 

м і н е з - қ ұ л қ ы н ә әсері ұшан-теңіз. 

С. Б. — Сіздердің әсерлі әңгімелеріңіз-

ге рахмет айта отырып, «Сарыарқа» әуен-

дері» фольклорлың ансамблінің табысы есе-

леніп, байқауларда жұлдызы жана берсін, 

Қай байқауда болмасын халқымыздың ән-

күй музыкасын әуелетіп, әрдайым тыңдар-

ман қауым ықыласына бөленіңіздер. 

Жақында Қарағандыда «Аққу» фольклор-

лы-хореографиялық ансамбль ұйымдасты-

рылған болатын. Өнерпаз  ұ ж ы м н ы ң негізін 

қалауға сонау Алматыдан Қазақстан Ленин 

к о м с о м о л ы сыйлығының лауреаты,  Қ а з а қ -

станның еңбек сіңірген өнер қайраткері — 

Мыңтай Тілеубаев шақырылыпты. Сондай-

ақ, белгілі балетмейстер Хорлан  М ұ қ а т о -

ваның да «Аққуды» айдынға шығарудағы 

еңбегі ерекше. Он шақты  ө р і м д е й , жас та-

лантты  қ ы з д а р д ы ң басын  б і р і к т і р г е н бұл 

ансамбльдің ерекшелігі — шебер бишілер 

мен балет  е н е р і н і ң саңлақтарын даярлап  ш ы -

ғару. Несін  ж а с ы р а м ы з соңғы  к е з д е р і 

айлап  ж ү р і п  ө н е р д і өгейсітіп алғанымыз  ө к і -

нішті-ақ. Әсіресе,  ж а н ұ я л ы қ ансамбльдер 

мен  ж е к е орындаушылардың көбейіп кет-

кені рас.  О л а р д ы ң  ө н е р д е г і  д е ң г е й і н і ң қай 

д ә р е ж е д е екендігіне халық өз бағасын бе-

ріп жатыр. 

Десек те Қазақстанда  к е н ж е дамыған ба-

лет-би  ө н е р і н і ң Қарағандыға келіп қанат 

ж а ю ы , ерекше оқиға. 

Мыңтай Тілеубаев  ж е т е к ш і л і к ететін «Аққу» 

тобының құрылуына айрықша ынта білдір-

ген облыстық  ф и л о р м о н и я  д и р е к т о р ы — 

Ян  С и м о н о в с к и й д і ң қаржылай, рухани  к ө -

м е к  б е р у і осы аталмыш  ө н е р д і ң бұдан  ә р -

мен дамып,  ө р к е н жая түсуі даусыз. 

Сонымен, облыстың мәдени  ө м і р і н д е г і 

ерекше қуанышты  ж а ғ д а й м е н  ж а қ ы н ы р а қ та-

нысу ниетімен Мыңтай Тілеубаевты  ә ң г і м е г е 

тартқан едік. 

Саян НЕСІПТЕГІ, «Замандас». 

С. Н. — Ансамбльді ұйымдастырудың өзін-

дік себептері де бар шығар, сұхбатымызды 

осы мәселеден бастасақ. 

М. Т. — Биыл Алматыда  Ш а р а  Ж и е н қ ұ -

лованың 80  ж ы л д ы қ  м е р е й т о й ы өтіп, соған 

республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 

бишілер өнер  к ө р с е т к е н болатын. Сол аты-

шулы  м е р е к е д е Хорлан Мұқатовамен  к е з -

десіп, «Аққу» есімді  б и ш і л е р д і ң ансамблін 

ұйымдастыруды жоспарлап едік. Кезінде  Ш а -

ра сынды бишіні, Аюханов сынды балетшіні 

дүниеге әкелген халық болсақ та, әлі  к ү н г е 

дейін Қазақстанда осы балет  ө н е р і н і ң  к е н -

ж е қалып отырғаны жасырын емес.  Ө з і ң 

білесің қазіргі қиыншылыққа толы  қ о ғ а м ы -

м ы з д ы ң өмірі өнер адамдарына өз зарда-

бын тигізіп отырғаны хақ. Халықтың ұлттық 

мәдениет мерейін асқақтатқысы келіп шы-

рылдап  ж ү р г е н  ә р і п т е с т е р і м і з д і ң баспана-

сыз  ж ү р г е н д і г і , жалақыларының  м а р д ы м с ы з 

екені кеңілге  к і р б і ң түсіреді. Жалпы, шын-

дығын айту  к е р е к , астанадағы әкімшілік 

орындарындағы  б і з д е р д і бағаламайды. 



С. Н. — Әрбір жаңа бастаманың ыстық 

— суығы болады ғой. Ансамбльді ұйымдасты-

руда қандай қиындықтар болды! 

М. Т. —  Ө з і м і з де астанадан күпті  к ө ң і л -

мен келген болатынбыз. Бірақ, Қарағанды-

ның халқы аса  қ о н а қ ж а й екен. Өнер десе 

ішкен астарын  ж е р г е қоятын жайсаң жандарға 

ж о л ы ғ ы п ,  к ө ң і л і м і з бір көтеріліп қалды.  О б -

лыстық филармонияның  д и р е к т о р ы Ян  С и м о -

новскийдің  б і з г е жасаған  ж ә р д е м і ұшан-

теңіз. Басқа ұлттан болса да қазақ халқының 

ө н е р і н і ң биік көтерілуіне  к ө п еңбек етіп 

ж ү р г е н азаматтың ісінен басқалар үлгі алса 

нұр болар еді. Жалақы  к ө ң і л і м і з д і қанағаттан-

дырады,  ж а қ ы н д а пәтермен қамтамасыз 

етемін деп уәде  б е р д і . 

С. Н. — Ансамбль құрамымен танысты-

рып өтсеңіз. 

М. Т. — Бишілердің бәрі  ө з і м і з д і ң қара-

к ө з қарындастарымыз, Хорланның шәкіртте-

р і . Арасында сонау Монғолиядан келген 

өнерпаз да бар. Ұлан-Баторда  ж о ғ а р ы оқу 

орнын бітірген. Жалпы,  қ ы з д а р ы м ы з д ы ң 

дені өнер айдынында өз өрнегін салып  ж ү р -

ген  м ы ң бұралған бишілер. 

С. Н. —- Репертуарларыңызда қандай би-

лер бар! 

Т. М. — Негізінен  С ү г і р д і ң  « А қ қ у » , «Ыңғай-

тас», Ахмет  Ж ұ б а н о в т ы ң «Қарлығаш», Раз-

дактың (өзбек  к о м п о з и т о р ы ) «Киіз басуы» 

сынды күйлерге лайықталып жасалған би-

леріміз бар. Біз тек ұлттық билермен шек-

телмейміз.  Ш ы ғ ы с халықтарының, соның 

ішінде Түрікмен, Тәжік т. б.  е л д е р д і ң биле-

рін шеберлікпен орындаймыз. 

С. Н. Болашақтағы жоспар жайына тоқтат-

саңыз. 

М. Т. — Келешекте  р е п е р т у а р ы м ы з д ы ң 

ауқымын кеңейтіп,  ө з і м н і ң таяуда жазған 

«Дала сахарасының анасы» атты балетке 

либретто-спектаклімді  қ о й м а қ ш ы м ы з . Басқа 

облысқа  ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ сапармен шығып 

өнер көрсетіп қайту  ж о с п а р ы м ы з д а бар. 



С. Н. — Өнер жолында қанатыңыздың 

қатаюына көмек берген өнердегі ұстазыңыз-

ды атасаңыз. 

М. Т. — Мен  ө з і м Ленинградтағы Римский-

Корсаков атындағы консерваторияны  б і т і р -

генмін.  К ө п тер төгіп, ақыл-кеңесін аяма-

ған ұстазым Георгий Алексизе, Грузияның 

халық әншісі. Осы адамға өле-өлгенше қа-

рыздармын. 



С. Н. — Жанұяңыз жайында бірер сөз. 

М. Т. — Екі ұлым бар.  Ү л к е н і Алматыда 

консерваторияда 3 курста  о қ и д ы .  К е н ж е м і з 

С-Петербургтағы балет академиясын биыл 

бітірді. Балаларымның  ж о л ы м д ы қуғанына 

ризамын, артында  і з і ң д і жалғастырар ада-

м ы ң болғанына не жетсін. 



С. Н. — Алғашңы қойылымдарыңыз қай 

күні болады, содан жамағат хабардар 

болсын. 

М. Т. — Қарашаның 4-і күні  К е н ш і л е р д і ң 

сарайында өтеді. Баршаңызды тұсаукесер 

мерекелі күнге шақырамын. 

С. Н. — Рахмет, Өнер жолындағы абырой-

лы істеріңіздің жемісін көріңіздер. Табыстан 

табысқа жетулеріңізге тілектеспін. 

Замандас.-1993.-5 қараша (№42).-6 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал