Оралхан бөкей



жүктеу 66.79 Kb.

Дата28.02.2017
өлшемі66.79 Kb.

Sauap.org 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ОРАЛХАН БӨКЕЙ

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСПАНДА ҰШҚАН АЛТЫ ҚАЗ 

 

 



 

Әңгіме

 

 



 

 

 



 

 

 



Sauap.org 

Туған жердің үстінен ұшып ӛткен құстар-ай!  

Сендерде де сағыныш бар ма? 

 

*** 


 

Мен  тағы   да  туған  ауылыма  келе   жатырмын.  Мен  туған  ауылға  

келе    жатқан    сайын,  Күркіременің    жағасына    аялдап,    осынау    кӛк    түтіні  

кӛкке  ұмтылған  үйлердің,  алуан-алуан адамдардың  алуан-алуан  тағдырын  

кӛз    алдыма    елестетемін.    Бірақ    кӛз    алдыма    елестетсем  де,    ауылда    кім  

бар,  кім  жоқ,  ӛмірге  қандай  сәби  келді,  ақ  басты  ақсақалдары  тың  ба, 

құрбыларымның ішінде тұрмыс құрғандары бар ма — бәрі-бәрі беймәлім. 

Әне...    Жұқалаң    мұнарға    оранып    менің    ауылым    жатыр.    Ол  

Шыңғыстай  деп  аталады.  Әне... ауылымның үстінде батар күннің батсайы 

жалқыны балқып, алтын арай аптап жатыр. 

Ұзақ    тауынан    мал    құлдап    келеді.    Ӛз    сиырын    қайырып    алуға  

шыққан    бала-шаға,    қыз-келіншектер  батып  бара  жатқан  күн  нұрының 

астында таңғажайып түстей болып кӛрінеді. 

Маған  олар  қан  қызыл  сәуленің  ішінде  малтып  жүргендей,  немесе  

алтын  ағыстан  біртін  -біртін  туындап  жатқан  ғарыштың  періштелеріндей  

ғажайып    болып    кӛрінеді.    Батар    күннің  алқызыл  алауы  Бұқтырманың 

толқынын саулап барып сүйіп ӛтсе, анау қыпша белін иінағаш майыстырып 

су әкетіп бара  жатқан  қыздың  шелегінде  үйіріліп тұр. Мен  сонда  батар  

күннің алауы қыз жанарында да жасырынып жатқанын білдім. 

Араға  жылдар  салып еліңе  оралғанда,  жүрегің  ӛз-ӛзінен  дүрсілдеп,  

балалық    шағың,    құлын-тайдай  тебісіп  ӛскен  достарың  есіңе  түсіп,  кӛзіңе 

жас аласың. 

Мен  сіздерге  ауылдастарымның  біреуіне  ғана  жазған  хатымды  оқып 

берейін: «Құрметті Сара! 

Сенде  әлі  мақтау  грамотасы  да,  орден,  медальдарың  да  жоқ  екенін  

білемін.  Тіпті  суретің аудандық  Құрмет  тақтасына  да  ілінбеген.  Газет-

журналдардың  беті  де  бұйыра  қоймаған жұмбақ  жансың.  Иә,  сен  туралы  

еш    адам    жарытып    білмейді.    Білетін    де    шығар.    Бірақ  жақсының  

жақсылығын    тұмшалап,    бүркеп    ұстауға    әуес    қой    пенделер.    Бірақ    «ол  

осындай»  деген  бірер  ауыз  сӛз  сенің  бүкіл  болмысыңды,  жан-дүниеңді, 

ӛзгеге ұқсамайтын бірегей әрі бір  беткей  табиғатыңды  аша  алмайды.  Сен  

туралы,  сайып  келгенде,  ауылдастарың  ғана таңдайын қаға тамсанып сыр 

шертер  еді.  Жоқ.  Олар  да  сыртқы  жүріс-тұрыс,  қимыл-қарекетің  мен    ауыл  

үймен  аралас-құраласыңа  ғана  баға  берер  еді.  Сен  туралы   —  сен  де  

айта    алмас  едің.    Сен    туралы    семьяң    да    айта    алмас    еді.    Сен    туралы  

туған  жерің  —  Алтайдың  құз-аңғарлары, кӛктемі мен күзі, қысы мен жазы, 

орманы мен тоғайы да жырлап бере алмайды.  

Сен туралы сүйген жарың ғана, аңсаған жарың ғана арманыңдай арынды 

леппен ағыл-тегіл сыр шертер еді. Иә, сол ғана — ӛзі ғана. 

Сара! 


Sauap.org 

Осынау    жолдардың    иесі    мен    де    ӛзің    туралы    мүлдем    аз    біледі  

екенмін.  Сен  туралы  — жазайын-ақ,  жазайын-ақ  деп  ертеден  ойласам  да,  

қолыма    қалам    алсам    болды,    әмісе  жайдары    жарқын    жаныңнан    ӛзге  

ештеме  елестете  алмаймын  кӛзіме.  Мүмкін,  осының  ӛзі адамның  ең  асыл  

қасиетін    айғақтайтын    бірден-бір    белгі    шығар.    Мүмкін,    сенің    барлық 

тіршілік-тынысыңды,    жүйке-жүйкеңді    сарп  етіп  асыл    арманыңнан    бетер  

аялаған  қарапайым мамандығың  мен  еңбегіңнің  ӛлшеуіне  осы   —  жарқ  

еткен    жаныңның    жазиралы    шуағын    алу  керек  шығар.  Мүмкін,  сенің 

бойыңда  буырқанар  уақытын  күтіп  жанартаулана  жатқан  тылсым  күш  бар 

шығар. Мүмкін, сен күшті тек бір адамға  —  сүйіп қосылған қосағыңды адал 

жүрек, ыстық  ниетпен  тосуға  сарп  еткен  шығарсың.  Жаздың  жайма-шуақ  

күндері    еді    ғой.    Жаздың  қоңыр  барқыт  кештері  еді  ғой.  Біздің  үй  жар 

жиегінде. 

Дәл  іргемізді  жиектеп  қалың  қараңғылы  тоғайға  беттеп  кететін  жалғыз 

аяқ жол бар-ды. 

Сол жол ауыл жастарының бүтіл арманын арқалап жатқан киелі  соқпақ 

іспетті  еді.  Сол  жол  кӛлденең  кӛзге  қаншама  елеусіз  боп  басталса  да,  ауыл 

жастары үшін таусылмайтын сағыныш домбырасының ішегі секілді еді ғой. 

Ӛзіңнің  ұйымдастыруыңмен  мерекелік  концерт  қойып,  артынан  биге  

қалғанбыз.  Ол  кеште сен  аса  кӛңілді  жүрдің.  Әркіммен,  үміткерлердің  

бәрімен    биледің.    Ағаштар    бүршік    атып,  Бұқтырма    шанағынан    асып,  

тасып  жатқан.  Есіңде  болар,  онда  да  шағын  ғана  ауылдың шаңқай  түсі  

не  ыстық,  не  суық  емес,  тау  қойнауынан  соққан  қоңыржай  еспе  ғана  

меңдеп, қызғалдақтың  иісі  аңқып,  манаурап  жатпайтын  ба  еді  атырап.  

Есіңде  болар,  алғаш келгеніңде,  бір-біріне  пікірін  білдірмей,  оңаша-оңаша  

қырындаған  жігіттердің  жайдақ  әзіл-оспағы  құлақ  етіңді  тәуір  жеген  еді.  

Сені  иектеген  топтың  әрқайсысы  ӛз  үмітін  үзбей жүргенінде, оқыс қимыл 

жасадың.  

Иә,  бәрі  есімде.  Сен  қасы-кӛзі  қиылған  сұлу  емес  едің.  Талдырмаш  

бойың,    қоңыр    кӛзің...  ернің,    әрі    мұңлы    күлкің    елең    еткізетін.    Кейде  

қатты  сықылықтап  күліп  барып,  ӛз-ӛзіңнен мұңая  қалатын  әдетің  бар-ды.  

Ондайда  кӛп-кӛп  үміткер  жігіттердің  қай-қайсысы  да  сенің пиғылыңды  

түсінбей,  «апыр-ау,  жынды  шығар»  деп  кінәлайтын.  Ондайда  тек  әлгі  

бір  жуас жігіт қана теріс айнала беріп, ауыр күрсініп алатын. 

Сара! 

Есіңде  болар,  Уәзірхан  әскерге  аттанатын  күні  де,  жұмысқа  шықтың  



ғой.  «Бұл  ердің  басын сыйламағандық»  деп,  талай  сӛкті   жұртың.  Сен  

Уәзірханға    еріп    аудан    орталығына    барған  жоқсың.  Кеңсенің  алдында 

қолын  қысып,  машинаға  түсірдің  де,  Ләйләңді  (қызыңды)  кӛтеpiп, 

кітапханаға    кіріп    кеттің.    Сонда    сенің    қоңыр    кӛзіңде    бір    тамшы    жас  

кеткенін    мен    ғана  кӛргенмін.    Уәзірхан    бұл    мінезіңе    сыралғы    ғой.  

Жымиып    күлді    де,    басын    шайқады.    Біздер  шығарып  салғанбыз  жан 

жолдасыңды. 


Sauap.org 

Білемін.  Саған  қиын  болды.  Қолыңда  жаңа  туған  жас  балаң,  мектеп 

жасындағы қайның мен қайын  сіңлің  және  енең  қалды.  Оларды  қаражат  

тауып  асырау,  мал-жанға  ие  болу  жас басыңа  оңай  емес.  Иә,  бұл  секілді  

тіршіліктің    күйбеңі    емес-ті    сені    қинайтын.    Сені    қинайтын  сүйген 

жарыңның  алыста...  тым-тым  жырақта  жүргені,  оны  үш  жыл  бойы  сарыла 

күтетінің:  ел  емес  пе,  пыш-пыштаған  ӛсек-аяңсыз  болмайды,  қаңқу  сӛздер 

еді-ау  жегідей жеген.  Бірақ  сен  мұның   бәріне   қасқая   қарсы    тұрдың.    Бір  

ауылда    бір    азамат    қалмай    майданға    аттандырып,  еңбектің,  ішкі  рухани 

ләзаттың бар ауыртпалығын , бар азабын бес жыл бойы кӛтерген нар арқасы  

қандай  еді.  Ендеше,  сенің  мұңайып,  сенің  қаймығатын  жӛнің  де  жоқ  еді  

ғой.    Бірақ  жас  келіншек  үш  жыл  бойы  азап  түндерін  кӛрмей  ӛтті  десек, 

сезімге обал-ау. Күрес басталды. 

Сара! 

Менің  есімде.  Ауылға  бір  барғанымда,  таудан  ағаш  тартқызып  жүр  



екенсің.    Қаңтардың  қақаған    суығы    болатын.    Әкемнің    атын    сұрап  

біздікіне    келдің.    Екі    бетіңді    суық    сорып,  кірпіктеріңе  қырау  тұнып, 

берекең кетіңкіреп жүр екен. Әкем: 

—  Сара-ау,  Уәзірхан  келген  соң,  ӛзі  шатырлап  алмай  ма.  Несіне  

әуре  боласың?—  деді шынымен жаны аши.  

— Уәзірханға әлі екі жыл бар. Жаз шықса болды, үйдің тӛбесінен тамшы 

ағып, тынышымызды кетіреді. Қарап отырғанша қарбана берейін деп... 

Мен: 


— Хат бар ма?— дедім ерсілеу. 

—  Талай болды келген жоқ,—  дедің мұңайып. Сонсоң әкем атын берді 

саған. Ауылға енді бір келгенімде, қос бӛлмелі ағаш үйлеріңнің ақ шағаладай 

болып шатырланып қалғанын кӛрдім. 

Сара! 

Енді  бір  ауылға  келгенімде,  сен  біздікінде  жылап  отыр  екенсің.  Ләззат 



пен  тәтем  бәйек  болып  уатады.  Мені  кӛрген  соң,  жасыңды  сүртіп,  теріс 

айналып  кеттің.  (Қызық,  мені  «тӛре-ау»  деп  қатты  сыйлаушы  едің).  Сен 

кеткен соң тәтем: 

—  Апыр-ай, ӛзі тас қайнат-ақ. Екі жыл болды, бір үйлі жанды ӛгіздей 

ӛрге  сүйреп  отыр  емес  пе.  Бұдан  басқа  біреу  болса,  ӛлмелі  шешең  мен 

талыстай  екі  бауырыңды  асырап  отырайын  ба.  Сенен  басқа  күйеу  құрып 

қалған  жоқ,—    деп,  баласын  шешесіне  бере  салып,  кетіп  қалар  еді.  Ал  бұл  

болса тыраштанып кеп жүргені,—  деді. Әлде бір әзәзіл Уәзірханға «қаралы 

хат»  жазған    білем.  Одан  кӛпке  дейін  хабар  үзіліп  қалыпты.  Ақ  адамның 

артынан сӛз кӛп еретін де жайты бар бұл пәнидің. 

Бірақ сен  жасыған  жоқсың. Қайта  ӛмір  ӛрлеріндегі  қиындыққа  қасқая  

қарсы    жүрдің.  Сонда  мен  ӛз  замандасым  бойындағы  қажыр-қайратқа 

шындап сүйсінген едім. 

Сара! 


Sauap.org 

Жаз    қоңыр    күзге    айналып,    Алтай    ӛңірі    сарғалдақтай    сарғыш  

тартқанда,    кӛңіліміз    бір    жасап  қалмайтын  ба  еді.  Тау  күзі  момақан 

тынышты басталып, аяғы сүреңдене беретін. 

Сонда    қай-қайсымызды    да    марайма    бойкүйездік    басатын.    Сонда  

әбден    пісіп,    қоңсыған  шӛптің    иісі    мұрныңды    қытықтап,    түшкірткені  

қандай  рақат.  Сонда,  шӛп  тартқан  арбаның артынан  еріп,  күзгі  жалғыз  

аяқ  жолмен  жүре  бергің,  жүре  бергің  келеді.  Сонда  сонау маужыраған  

алабажақ  адырлар  шау  болып  шӛгіп,  күз  ырқына  кӛнгендей  томпайып  

қана,  жұп-жуас    болып  жатпаушы  ма  еді.  Сонда  сені  де  қалың  ой  басатын. 

Сен, Кӛктеректі аралап, үнсіз,  ӛзің  де  сезе  бермейтін  таң-ғажайып  сапарға  

шығатынсың  жаяу.  Қолыңда  —  Ләйлаң, қалтаңда Уәзірханнан келген хат. 

Сара. 


Осы  күз  Уәзірхансыз  күздің  ақырғысы.  Келер  күзде  келеді  ол.  Ала 

жаздай  жаңбыр  жауды  да,  пішеншілер    шӛптің    қорын    жасай    алмады.  

Сонсоң  күзге  қарай  әр  ашық  күнді  пайдаланып, арпалысты. Тарбағатай 

жонынан пішен үюге аттанысып жатты. Оның ішінде сен де барсың. 

Мен сені пішіншілер қосынан ақырғы рет кӛрдім. Қолыңда шалғы бар, 

шӛп  шабуға  аттанып  барады  екенсің.  Бұл  шӛпшілердің  рухани  тілегін 

ӛтегеннен  кейінгі  бір  сәт  еңбекке  араласуың  еді.  Ұмытпасам,  торы  аттың 

артына  мінгескен  қайның  Әтшек  бар  болатын.  Оның  қолында  да  шалғы.  

Сонсоң  сендер  таудың  бұршақты  қалың  шалғынын  ойып-ойып  арттарыңа  

жал-жал  десте  қалдырып,  тарта  жӛнелдіңдер.  Алда  —  сен,  ӛкшелей  Әтшек  

жарыса    тартып    едіңдер-ау    шалғыны.    Енді    бір    сәтте    сен    шаршадың  

білем,  шалғыны бригадирдің алдына лақтырып тастадың да: 

—  Ӛтпейді.  Шыңдап  беріңіз,—  дедің.  Бұдан  соң  қолыңды  басыңа  

жастаған    күйі,    кӛк  күмбезіне    телміріп    ұзақ    жаттың.    Сонда    сенің  

қиялыңның  оғы  анау  кӛкті  әлдеқашан  тесіп ӛткенін  білдім. Сонда сенің 

қиялың әлдеқашан Уәзірханның қасына барып қонғанын білдім.  

Сонда,  сен  шалғыны  шалдыққаннан  емес,  тіпті  мезі  болғаннан,  сарыла 

күткен сағыныш әбден меңдегендіктен лақтырып тастағаныңды білдім. 

Сағыныш!  Ол  сағыныш  мынау  қыбыр-қыбыр    тірліктен  әлдеқайда 

ардақты. Ол сағыныш жас та  талғамайды,  бас  та  талғамайды,  ол  сағыныш  

алдында  оқ  жаңбырша  жауып  тұрса  да, атойлап  алға  шабады.  Сағыныш  

—    махаббат    сәні,    жар    іздеп    жалғызсыраған    жүректің    әні,  сағыныш...  

сағыныш...    Сол    сезім    жеңген    сенің    бойыңды.    Жұмыста    алдыңа    жан  

салмадың, әйтсе  де  саған  бір  нәрсе  жетпеді.  Ол  —  сағыныш.  Ау,  сен  

қызықты,  жоқ  болмаса  үлкен шаһардың  той-думанын  сағындың  ба?  Жоқ.  

Туған  жеріңнің  кәусар  ауасымен  тыныстап,  кӛк шалғынына  аунағаннан  

ӛзге    рақат    не?    Сені    бәз-баяғы    қыз-келіншекке    дари    бермейтін 

романтиканың  қияли  сәулесі  шарпыған-ды.  Міне,  керегі  де  сол,  ауыл  

адамдары  қиялшыл келеді, ойшыл келеді.  

Сен  қыбыр  етпестен  әлі  жатырсың.  Қоңылтақ  самал  тұрды.  Бригадир 

тартпаңды әлдеқашан шыңдап  қойған.  Әтшек  сен  үшін  де,  ӛзі  үшін  де,  

бәлкім,  ағасы  үшін  де  жапырып  жүр кӛкорайды. Сен әлі де үнсіз, ой-қиял 



Sauap.org 

құшағындасың. Әне, тӛбеңнен, тіпті жақын, қаздар ұшып ӛтті. Жылы жаққа 

қайтып барады. «Біреу, екеу, үшеу... алтау!» Санап шықтың. Қаздар бейне бір 

Уәзірханнан сәлем жеткізгендей қиқулап, сарнап барады. 

Шынында  да,  Батыстан ұшып  барады ғой.  Мүмкін,  сен  сонда  «аспанда 

ұшқан  алты  қаз...»  деп  тұлымшағыңнан  бері  жаттап  ӛскен  Тӛлеген  зарын 

қайталаған шығарсың ішіңнен. 

Мүмкін,  қайталамаған  да  шығарсың.  Ол   —  сол  дәуірдің  ӛзіндей,  

зарлы  сарынындай  елес бермей  ме.  Жоқ,  сен...  Мүмкін,  сен,  Уәзірханым  

қалада    жүрсе,    құстардың    қайтқанын    кӛре  алмай    калады-ау    деп  

сезіктендің   бе?   Шіркін,    мынау    бетегелі   беткейде    аунап,    туған   жердің 

құстарын шығарып салу, яки қарсы алу қандай рақат. 

Туған жердің үстінен ұшып ӛткен құстар, туған жердің үстінен әндетіп 

ӛткен құстар... 

Сендерде    де    сағыныш,    арман    бар    ма,    сендерде    де    зарығып,  

сарғайып  күтер  жар  бар  ма, сендерде де мұң-зар бар ма?! 

Туған    жердің    үстінде    күліп    жүрген    қыздар-ай!    Сендердің    күміс  

күлкілерің,    сендердің    жай  оғындай    жалт    еткен    жанарларың    әмісе  

сӛнбесінші.    Біздер    —    жігіттер,    алыстап    та    кетерміз,  армандап    та  

кетерміз,   ұзақ,   араға    ай    салып   хат    жазбай   да   кетерміз,    бірақ   сендер  

ұмыта кӛрмеңдер,  тұлымдарыңнан  айналдым,  шыдамдылықты,  шын  тоса  

білуді  сендерден үйрендім. 

Сара!  Мен  осымен  шимайымды  еріксіз  аяқтаймын.  Енді  қалғанын  

бірде  Уәзірхан  екеуіңе хатқа  салып   жіберермін.  Бірақ  құрғыр  оған  да  

сыймайтын  шығар.  Сондықтан  да  соңғы нүктесін қойғым келмейді..

 

 

 



 

 

 



 

Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды ұмытпаңыз! 

Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған. 

Кітапті жүктеп, мазмұнымен танысқан соң, Сіз оны қалдырмай, жоюға тиіссіз. 

Кітаптың мәтінін көшіре және сақтай отырып, Сіз авторлық және аралас құқықтар туралы заңға 

сәйкес, барлық жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз.  



Сайт әкімшілігі пайдаланушыларды кітаптарға заңды жолмен қол жеткізуге шақырады. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал