Оптиканың қай бөлімінде жарық сәулелерін геометриялық сызық ретінде сипаттайды және негізгі заңдылықтарын түсіндіріңіз



жүктеу 68.35 Kb.
бет1/18
Дата17.07.2022
өлшемі68.35 Kb.
#20780
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
оптика
Косттюм

1.Оптиканың қай бөлімінде жарық сәулелерін геометриялық сызық ретінде сипаттайды және негізгі заңдылықтарын түсіндіріңіз.
Геометриялық оптика – жарықтың таралу заңдылығын жарық сәулелері арқылы қарастыратын оптиканың бір бөлімі. Геометриялық оптикада жарық сәулелері геометриялық сызық арқылы сипатталады. Геометриялық оптиканың негізгі заңдылықтарына:жарықтың шағылу заңы, жарықтың сыну заңы, жарықтың түзусызықты таралу заңы, жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы, жарық сәулелерінің қайтымдылық заңы жатады
Жарықтың шағылу заңы: . Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады. Түсу бұрышы түскен сәуле мен нормаль арасындағы бұрыш. Шағылу бұрышы шағылған сәуле мен нормаль арасындағы бұрыш.
Жарықтың сыну заңы:
Жарықтың сыну заңы:
1) Түскен сәуле сынған сәуле және екі ортаның шекарасында сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
2)Түсу бұрышы синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама және ол бірінші ортаның екінші ортаға қатысты салыстырмалы сыну көрсеткіші деп аталады.
Жарықтың түзу сызықты таралу заңы: оптикалық біркелкі ортада жарық сәулесі түзу сызық бойымен таралады. Егер сыну көрсеткіші барлық жерде бірдей болса, ондай орта оптикалық біртекті орта деп аталады.
Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы: бір нүктеге түскен жарық сәулелері бір-біріне тәуелсіз болады.
Жарық сәулелерінің қайтымдылық заңы: Егер сәуле бұрышымен түссе және екәншә ортада бұрышымен сынса, онда екінші ортадан кейнігі бағытта түсу бұрышымен жіберілген жағдайда, бірінші ортаға бұрышымен тарайды.


2.Жарықтың шағылу және түсу заңдарын сипатта. Орталардың сыну көрсеткішін анықтаңыз.
Жарық дегеніміз көзге көрінетін электромагниттік толқын. (380-780нм)
Жарықтың шағылу заңы:
1)Түскен сәуле мен шағылған сәуле сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикулярмен бір жазықтықта жатады.
2) шағылу бұрышы түсу бұрышына тең.
Жарық сәулесі қандай да бір бетке түскен кезде одан жартылай немесе толық шағылады. Кез-келген дененің бетіне жарық түсірсе, оның бір бөлігі ол беттен шағылады да, кеңістікте тарайды. Осы құбылысты жарықтың шағылуы дейді. Түсу бұрышы α түскен сәуле мен нормаль арасындағы бұрыш болса, шағылу бұрышы α'шағылған сәуле мен нормаль арасындағы бұрыш.
Жарықтың орта таралу жылдамдығы тұрақты болғандықтан олардың қатынастары да тұрақты болады. Яғни
Бірінші ортада таралатын жарық жылдамдығының екінші ортада таралатын жарық жылдамдығынан неше есе үлкен екендігін көрсететін физикалық шаманы салыстырмалы сыну көрсеткіші дейміз

Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың ауамен салыстырғандағы көрсеткіші “абсолют сыну көрсеткіші” деп аталады.
Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде сыну себебі әртүрлі ортада жарық жылдамдығының түрліше болатындығынан. Яғни, оптикалық тығыздығы жоғары ортада жарық жылдамдығы кемиді. Ортаның сындыру көрсеткіші осы жылдамдықтың неше есе кемитінін көрсетеді.
Сонда берілген екі орта үшін (ауа-су, ауа-шыны...) заттың сындыру көрсеткіші формуласымен де анықталады. с- жарықтың вакуумдағы жылдамдығы, v-ортадағы жылдамдығы



жүктеу 68.35 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет