Ономастикалық хабаршы №1 (33) 2017



жүктеу 0.64 Mb.

бет7/7
Дата07.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

42, ауыл саны – 104

көше саны – 



592

Мамлют, Тайынша, Жамбыл, М.Жұмабаев аудандарында Октябрь, Октябрь-

ское, Аққайың, Мамлют, Тимирязев аудандарында Ленино, Ленинское, Тайынша 

ауданында Ильичевка, Ильич, Комсомолец, Тимирязев ауданында Дзержинское

Жамбыл, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандарда Буденное, Жамбыл ауданында Бау-

Ойт

оғыс


64

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

манское,  Чапаевка,  Матросовка,  Мамлют  ауданында  Қызыләскер,  Бостандық, 

Краснознаменное,  М.Жұмабаев  ауданында  Пролетарский,  Ақжар  ауданында 

Коммунизм, Есіл, М.Жұмабаев аудандарында Советское, Шал ақын ауданында 

Социал. 

Қоғамдық-саяси,  мәдени-тәлімдік  маңызы  өлшеусіз  ұлттық  атаулар  жөн-

жосықсыз  өзгертіліп,  табиғатымыз  бен  болмысымызға  үш  қайнасы  сорпасы 

қосылмайтын  атаулар  қаптап  кеткен.  Мәселен,  Ақжар-Покровкаға,  Арқалық-

Андреевкаға, Қосағаш-Новомихайловкаға, Кегерін-Новоникольскийге, Жекекөл-

Благовещенкаға,  Құтырлыған-Екатериновкаға,  Түлкіойнақ-Святодуховкаға, 

Кін дікті-Оседлоеге,  Бақырілген-Петровкаға,  Қоржынкөл-Спасовкаға  айналды-

рыл ған. 

Сонымен  қатар,  Кладбинка,  Кабань,  Дашка-Николаевка,  Конюхово,  Кулом-

зино, Барашки, Пулеметовка, Ташкентка, Чернозубовка, Разгульное, Тахтаброд, 

Краматоровка  сияқты  тілге  орамсыз  әрі  мағынасыз  елді  мекендер  атауларын 

әрбір ауданнан кездестіруге болады.

Жер-су атын өзгерту – жай әуесқойлық емес, сол маңайда бұрын ешқандай 

халық мекендемеген, демек, иесіз жерге қазық қағуға болады деген жымысқы са-

ясатпен әдейі жасалған шара екені мәлім. Және мұндай ат қою немесе байырғы 

қазақы атауларды өзгерту ешқашан тоқтамастан, бірте-бірте жүргізіліп келді. 

Бұған, сонымен қатар, қазақы атаулардың өзінің транскрипциясын өзгертіп, 

адам  танымастай  қалыпқа  түсіргендікті  де  қосу  керек  (Мысалы:  Шабақты  – 

Чебашье, Тереңкөл – Торангул, Тоқыш – Токуши, Асан – Асаново, Мәңгісор - 

Меңкесер және тағы басқа.

Өткен тарихымызды еске салатын атауларды қайтару –  уақыт еншісінде. Бүгінгі 

күні  Есіл  өңіріндегі  келешегі  бұлыңғыр  емес,  тасжолдың  бойында  орналасқан, 

қаймағы  бұзылмаған  елді  мекендер  атауларының  шығу  тарихына  немесе 

географиялық ерекшелігіне аса мән бере отырып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 

Соңғы екі жылда өңірімізде 14 көше жаңа атауға ие болды (Тайынша ауда-



ны: Ленин – Қазақстан Конституциясы, 50 лет ВЛКСМ – Мағжан Жұмабаев, 

Ақжар ауданы: Пролетарская – Кеңес Қажымұратов, Шал ақын ауданы: Пер-

вомайская  –  Есім  Шайкин,  Петропавл  қаласы:  Юбилейная  –  Жәлел  Қизатов, 

Рижская – Тауфик Мухамед-Рахимов, Явленское шоссе – Қожаберген жырау 

және  бірқатар  жаңа  көшелерге  Қазбек  Байболов,  Ғалым  Малдыбаев,  Фазыл 

Кәрібжанов, Есләм Зікібаев). 

Президент  әкімшілігінің  тапсырмасына  сәйкес  өңірлердегі  идеологиялық 

тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық 

танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ кісі аттарына мейлінше 

шектеу қою бойынша жұмыстар қолға алынды. 

Осыған  орай,  басқарманың  жұмыс  жоспары  бойынша  аудандарға  іссапар 



Ойт

оғыс

65

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

барысында  селолық  округ  әкімдері  арасында  семинарлар  ұйымдастырылып, 

түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде Қызылжар ауданы Архангель-

ское ауылдық округі Архангельское ауылындағы Сегізінші көше -  Жастар, Он 

бірінші көше – Береке, Партизанская көшесі – Жеңіс көшесіне ауысты. Атауы жоқ 

көшелерге Достық, Бірлік, Береговой атаулары берілді. Новокаменка ауылының 

тұрғындары Ленин көшесін Тәуелсіздік, Крайняя көшесін – Жаңаталап, Чапаев 

көшесін – Центральная, ал атауы жоқ көшелерді Лесная, Юбилейная, Жұлдыз 

деп атау қажет деп шешті. 

Гайдуково  ауылындағы  Бірінші  және  Екінші  болып  аталатын  көшелер 

Бейбітшілік, Степная деген жаңа атауларға ие болды. 

Облыста жергілікті ұлт өкілдері ең көп мекендеген (90 пайыз) Уәлиханов ау-

данында  орысша аталатын екі ғана елді мекен бар: Золотая Нива және Молодая 

гвардия. Осы ауылдардың байырғы атауларына байланысты бірқатар деректер 

қарастырылып, Молодая гвардияның тұрғындарынан  елді мекенді  Сырымжер 

деп атау туралы  ұсыныс түсті.

2014  жылдың  желтоқсан  айында  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

қаулысымен Петропавл қаласындағы қазақ классикалық гимназиясына Халық 

жазушысы Сафуан Шаймерденовтiң, № 20 орта мектепке қоғам және мемлекет 

қайраткері Жұмабек Тәшеневтің, Есіл ауданы Николаевка орта мектебіне Асқар 

Игібаевтың есімдері берілді. 

Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Петропавл қаласының қызмет 

көрсету саласы колледжі Кеңес Одағының Батыры Искандер Даутовтың Петро-

павл темір жол көлігі колледжі мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік 

Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Бәйкен Әшімовтің, Қызылжар ауда-

ны  Березовка  негізгі  мектебі  Кеңес  Одағының  Батыры  Филипп  Чижиковтың 

есімімен аталды.

СҚО әкімдігінің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Елбасының мақала-

сындағы 

«Туған  жер»  жобасын  іске  асыру  бойынша  әр  түрлі  субъективті 

жағдайларда негізсіз өзгертілген тарихи-географиялық топонимдерді біртіндеп 

қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-

дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды 

көріністерінің бірі.

Тарихи топонимика, дәлірек айтқанда, тәрбиенің пәрменді құралы болып та-

былатын тарихи өлкетану талпыныстарының қайнар көзі. 

Еліміздің жас жеткіншектері өз Отанын мақтан еткенде, оның әр ауылының, 

өзені мен көлінің, төбесі мен тауының, тіпті шоқ-шоқ ағашының қалай аталғанын 

білгісі келетіні табиғи қажеттілік. Осы қажеттілікті өтеу мақсатында колледж 

студенттері  мен  мектеп  оқушылары  арасында 

«Шырайлы  аты  елімнің  – 

қасиетінде жерімнің» облыстық шығармалар байқауын өткізуді жалғастырады. 

Ойт

оғыс


66

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Биыл 5-ші жыл қатарынан үздік шығармалар жеке кітапша болып бастырылды. 

Ата-бабамыздың  ақ  найзаның  ұшымен,  ақ  білектің  күшімен  жанын  беріп 

жүріп қорғап қалған туған жеріміздегі ұлттық атауларды болашақ ұрпаққа мирас 

ету – парызымыз. Игі іске жергілікті өлкетанушылар, зерттеушілер, ғалымдар 

тартылуда. Өткен жылы жергілікті өлкетанушы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 

профессоры Зарқын Тайшыбайдың 

«Атамекен атаулары» деген еңбегі басы-

лып шықты. 

Солтүстік  Қазақстан  облысы  тілдерді  дамыту  басқармасының  тапсырысы 

бойынша дайындалған кітапта қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарайтын 

аумақтың  жер-су,  елді  мекендер  атаулары  тарихи  және  этнолингвистикалық 

тұрғыда  зерттелген.  Уақыт  жағынан  алғанда,  1830-2015  жылдар  аралығын 

қамтиды. Облыстағы ономастикалық жұмыстың жайына шолу жасалған және 

бұл тараптағы тәжірибе мен Қазақстан заңнамалары талданған.

Үстіміздегі  жылы  маусым  айында  Манаш  Қозыбаев  атындағы  Солтүстік 

Қазақстан  университетімен  бірлесіп,  өңіріміздегі  ономастика  мәселесіне 

арналған  алқалы  отырыс  өткізілмек.  Оған  университет  ғалымдарымен  қатар, 

жергілікті өлкетанушылар, ономастика комиссиясының мүшелері, облыс, қала 

және аудандар әкімдерінің орынбасарлары қатысады.

Сонымен қатар, басқарманың ресми сайтында ономастикаға арналған жеке 

бөлім ашу жоспарланып отыр.

Солтүстік  өлкенің  ұлттық  келбетін  келтіру  бағытындағы  жұмыстарды 

жандандыруға  ықпалын  тигізу  үшін  ономаст-ғалымдардың  қатысуымен 

республикалық деңгейдегі алқалы жиын өткізуді ұсынамыз. 



67

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Батырбек Қайыр,

Павлодар облысының 

тілдерді дамыту жөніндегі  басқармасы 

Ономастика жұмыстары бөлімінің басшысы

ПАВЛОДАР ӨҢІРІНДЕГІ ЖАҢАРҒАН АТАУЛАР

 

Сіздердің  назарларыңызға  Павлодар  облысы  бойынша  ономастика 



мәселесіне қатысты соңғы 2 жылда атқарылған жұмыстар бойынша баяндамам-

ды ұсынамын. 

Облыс аумағында 3 қала, 10 аудан, 4 кент, 168 ауылдық округ, 402 ауыл, 3496 

көше тіркелген. Олардың ішінде 2 қала, 5 аудан, 262 ауыл және 1354 көшенің 

атауы қазақша атаулар болып табалады. 

Ономастика  мәселелеріне  қатысты  заңнамалық  актілерге  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізілгеннен кейін Павлодар облысында қайта атау мәселесіне  

байланысты  біршама  жұмыстар  атқарылған  болатын.  Оған  себеп  ең  алды-

мен Жеңістің 70 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2015  жылғы  16  сәуірдегі  Кеңес  Одағы  Батырларының  және  бірқатар  орден-

дермен марапатталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін көшелерге, 

объектілерге беруді тоқтамнан тыс жүзеге асыру жөніндегі № 20-56/И-204 тап-

сырмасы болса, екінші тапсырма Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі 

Басшысы Ә. Жақсыбековтің ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы тап-

сырмасы мен бүгінгі күні жүзеге асырылып жатқан 

идеологиялық тұрғыдан 

ескірген,  қайталанатын  атауларды  тарихи  жер-су  атаулары  және  ұлттық 

танымға  жақын  дәстүрлі  атаулармен  өзгерту  туралы  Қазақстан  Республика 

Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпанда берген  № 17-388-5 тапсырма-

сы ықпал болып отыр. 

Ендігі кезекте атқарылған және жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға нақты 

тоқталып өтейін. Жалпы осы үш тапсырманың маңыздылығын ескеріп, облыс 

тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқармасы  тарапынан  ең  алдымен  облысымызға 

қарасты  қала,  аудандардың  ономаст  мамандарымен,  өкілді  және  атқарушы 

органдардың заңгерлерінің, сондай-ақ қайта атау құжаттарын тіркеуге тікелей 

қатысы  бар  әділет  органдары  өкілдерінің  қатыстырылуымен  семинар-кеңес 

ұйымдастырылып,  қайта  атау  жұмыстарының  тәртібі  түсіндірілді.  Бұған  қоса 

осы мақсаттағы семинарлар қала, аудан атқарушы органдарының ұсынысы бой-

ынша жергілікті жерлерде ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының, 

сондай-ақ  өкілді  және  атқарушы  органдары  өкілдерінің  қатысуымен  өтіп, 

заңнамалық актілердегі екі ұшты болып жүрген проблемалар ортаға салынып, 

оны шешудің жолдары қарастырылды. 



Ойт

оғыс

68

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Осындай  түсіндіру  және  насихаттау  жұмыстарының  нәтижесінде    жеңістің 

70 жылдығына орай берілген тапсырмаға сәйкес өңіріміздегі елді мекендердің 

49  көшесі  қайта  аталып,  оларға  Бауыржан  Момышұлы,  Әлия  Молдағұлова, 

Мәншүк  Мәметова,  Құдайберген  Сұрағанов,  Қанаш  Қамзин,  Иван  Суптель, 

Серікбай  Мүткенов,  Махмет  Қайырбаев,    Михаил  Катаев,  Хиуаз  Доспанова, 

Григорий  Кравченко  сынды  Кеңес  Одағы  батырлары  мен  ерекше  ордендер-

мен  марапатталған  Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлерінің  есімі  берілді  (Бауыржан 

Момышұлы 9 көше, Әлия Молдағұлова 10 көше, Мәншүк Мәметова 5 көше, т.б).

Бұған қоса 4 білім беру мекемесіне яғни Павлодар қаласының № 22 жалпы 

орта білім беру мектебі мен Ақсу қаласы Пограничный селолық округінің орта 

мектебіне  Бауыржан  Момышұлының,  Баянауыл  ауданы  білім  беру  бөлімінің 

Бірлік жалпы орта білім беру мектебіне партизан Жылбек Ақәділов пен Баянауыл 

ауданы білім беру бөлімінің Ақсаң жалпы орта білім беру мектебіне Дүйсенбай 

Рахметовтің  есімдері берілді. 

Сонымен қатар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы Қазақстан Рес-

публикасы  Президенті  Әкімшілігі  Басшысы  Ә.  Жақсыбековтің  тапсырмасына 

сәйкес біршама жұмыстар атқарылып, идеялық көзқарас бойынша көнерген атау-

лар қоғамдық патриоттық рухты нығайту мақсатында танымал ұлы тұлғалардың 

есімдерімен, сондай-ақ тәуелсіздік ұғымымен байланысты атаулармен  122 көше 

алмастырылып,  2  елді  мекеннің  атауы  қайта  жаңартылды.    Атап  өтер  болсақ 

Ыбырай  Алтынсариннің  есімімен  5  көше,  К.  Кенжетаевтың  есімімен  2  көше, 

Бөкейхановтың  есімімен  4  көше  қайта  аталса,  Советская,  Пионерская,  Лени-

на,  Пролетарская,  Совхозная  сынды  мән-мағынасы  ескірген  көше  атаулары 

Тәуелсіздік, Бейбітшілік, Береке, Атамекен, Достық, Бірлік, Болашақ, Жастар, 

Ынтымақ, Жеңіс, Нұрлы жол, Астана тағысын тағы осыған ұқсас егемендігімізді 

дәріптейтін  тәрбиелік  мәні  зор  атаулармен  алмастырылып,  Ақсу  қаласына 

қарасты Парамоновка ауылы Береке атауымен, Ақтоғай ауданына қарасты Ива-

новка ауылы Жалаулы атауымен қайта аталды.

Қазіргі уақытта өңірімізде 



идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын 

атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі ата-

улармен өзгерту туралы Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігінің 2017 

жылғы  28  ақпанда  берген    №  17-388-5  тапсырмасына  сәйкес  жүйелі  түрде 

жұмыстар атқарылуда. Осы тапсырманы негізге ала отырып, ағымдағы жылдың 26 

сәуірінде өткен 

«Көне түркі жазба жәдігерліктері – қазақ жазба мәдениетінің 

бастауы»  атты  аймақтық  ғылыми-практикалық  конференцияға  онома-

стика  мәселесіне  қатысты  жеке  секция  ұйымдастырылып,  оған  арнайы 

Назарбаев университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты 

Ағабекова Жазира Ағабекқызы шақыртылып,  «Түркітану және ономастикалық 

кеңістік» атты тақырыпта баяндамасы жасалды. 



Ойт

оғыс

69

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Аталған тапсырма негізінде қазіргі уақытта облысымызға қарасты қала, ау-

дандардан  32  көше  мен  4  ауылдың  атауын  өзгертуге  байланысты  құжаттар 

қабылданып, ағымдағы жылдың 30 мамырында өткен облыстық ономастика ко-

миссиясында қаралып, оң қорытындыға ие болды. Қайта аталынуға ұсынылған 

бұл  ауылдар  мен  құрамдас  бөліктер  атауларының  барлығы  да  идеологиялық 

тұрғыда  ескірген  Советов,  Жилплощадка,  Энтузиастов,  Южная,  30  лет  Цели-

ны, Ленин, Советская, 70 лет Октября, Целинная, Октябрьская тәрізді атаулар 

Сарыарқа, Бәйтерек, Баянауыл, Кенші, Мерей, Желтоқсан, Атамекен, Азаттық, 

Отан сияқты жастарға тәрбиелік мағынасы зор атаулармен алмастырылатын бо-

лады. Ономастика комиссиясының бұл отырысы 2017 жылдың алғашқы отыры-

сы болып есептелсе, жыл соңына дейін тағы да бірнеше отырыс өткізіп, 100-ден 

аса көшенің  атауын өзгертуді, сондай-ақ Лебяжі ауданының атауын Аққулы, Ка-

чир ауданының атауын Тереңкөл деп өзгертуді жоспарлап отырмыз. Осылардың 

ішінде Качир ауданының атауын Тереңкөл деп өзгерту мәселесі осыған дейін 

2009  жылы  Республикалық  ономастика  комиссиясына  да  ұсынылған  болған 

болатын.  Алайда  жарияланған  мораторийдің  салдарынан  құжаттар  кейін 

қайтарылғандықтан, Қазақстан Республика Президенті Әкімшілігінің тапсырма-

сы негізінде аудан атауын өзгерту мәселесі жаңа заңнамалық талаптарға сәйкес 

қайта әзірлену жоспарланып отыр.

Қорыта айтқанда жоғарыда айтылған тапсырмалар негізінде Павлодар облы-

сында соңғы 2 жыл ішінде 180 көшенің атауы, 2 елді мекен атауы өзгертіліп,         

4 білім беру мекемесіне ұлы тұлғалардың есімі берілді. 

Осы  жұмыстардың  барлығы  да  Тіл  басқармасының  ішінен  арнайы  онома-

стика  жұмыстары  бөлімі  ашылғандығының  арқасында  іске  асырылды  деуге 

болады. Себебі 2016 жылға дейін Басқармада ономастика мәселесіне қатысты 

жұмыстармен  тек  бір  маман  ғана  айналса,  қазіргі  уақытта  арнайы  бөлім 

жұмыс істеуде. Сондықтан осы бөлімнің ашылуына себепкер болған Қазақстан 

Республикасының  Мәдениет  және  спорт  министрлігі  Тілдерді  дамыту  және 

қоғамдық  саяси жұмыс комитетіне ризашылығымыз мол.

Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын 

болады.


Мазмұны

Рухани жаңғыру

З. Құламанова. Ұлттық сананың жаңғыруы - туған өлке, атамекен

ономастика...................................................................................................................3



Ономастикалық терминдердің қысқаша сөздігі...............................................10

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы..................................................25

Ойтоғыс

М.МырзахметұлыЖаңа дүниетаным және онамастика мәселесі....................45

Х.Әбжанов. Қазақстанның киелі жерлері және ономастика................................50

Б. Әбдуәлиұлы. Тарихи атауларды жаңа заманға сай қайта 

тағайындаудың топонимиялық шарттары...............................................................53



А. Бердалин. Ақмола облысындағы ономастикалық ахуал.................................59

К.Оспанов. Есіл өңіріндегі ономастика мәселелері..............................................63

Б. Қайыр.  Павлодар өңіріндегі жаңарған атаулар................................................67

 

 



 

 

 



 

                    



РЕДАКЦИЯ ЕСКЕРТПЕСІ

Авторлардың стилі,

орфографиялық  хақы сақталады.

Ш. Шаяхметов атындағы

тілдерді дамытудың республикалық

үйлестіру-әдістемелік орталығында

теріліп, беттеді.

Дизайнын жасап, компьютерлік нұсқасын дайындаған

С. Баубекова

Редактор С. Жұмағұлов

Корректор М. Шіменбаева

Редакцияның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы

010000, Астана қаласы,

Сауран көшесі, 7 А,

Тел.: 8 (7172) 40-83-97

Tilortalyk@mail.ru

Теруге берілген күні 18.05.2017 ж.

Басуға қол қойылған күні 19.06.2017 ж.

Пішімі 70х100

 

1/16



. Шартты баспа табағы 5,7

Таралымы 1000 дана.

Тапсырыс №

Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы

"Полиграфкомбинат" ЖШС-нде басылды.

050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41.




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал