Ономастикалық хабаршы №1 (33) 2017



жүктеу 0.64 Mb.

бет6/7
Дата07.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Ақсу  1)  өзен  атауы  (өзеннің  сипатына  байланысты 

қойылған атау); 2) Ақсу өзені басталатын таудағы асу атауы; 3) сол маңдағы ауыл 

атауы. 

Қаратал 1) тау атауы (сонда өсетін ағашқа байланысты қойылған); 2) та-

удан ағатын өзен атауы; 3) сол маңдағы ауыл атауы [6, 140-141 б., 202 б.]. Бір 

атаудың бірнеше нысанға берілуі дала жағдайымен және алып даладағы белгілі 

бір  аймақты  тұрастай  білдірумен,  яғни  танумен,  бағыт  түзеумен  байланысты 

қалыптасқан. Қазақ ономастикасындағы бұл ерекшеліктің тағы бір сыры белгілі бір 

Ойт

оғыс


56

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

жалпы есімдердің жалқы есімдерге ауысқанда таңбаға айналатындығында. Олар 

алғашқы мағынасынан алшақтап, таңбалық мәні басымдыққа ие болады. Бастапқы 

мағынасына тәуелсіз кез келген нысанға таңба түрінде теліну өзі атап тұрған зат-

пен  үйлесім  табуына,  яғни  атаудың  тілде  тез  нормалануына  мүмкіндік  тудыра-

ды. Жер-су атаулары тек өзара ғана емес, кісі есімідерімен де алмасып отырады. 

Аягөз, Балқаш, Еділ, Жайық т.б. секілді лексикалық жолмен және Ақсубай (түб. 

Ақсу), Аралбай (түб. Арал), Сырбай (түб. Сыр) т.б. түбірге антропонимжасамдық 



бай  компонентінің  жалғануы  арқылы  жасалған  кісі  есімдері  қазақ  тілінде  жиі 

кездеседі. Керісінше кісі есімдерімен аталатын Аманбөктер (Аманның бөктері), 

Сейтәлі, Сұлтан, Смағұл т.б. секілді ойконимдер де аз емес. 

Шаруашылық қамымен жыл мезгіліне қарай дала мен аспан дүниесін үнемі 

назарында ұстайтын халық, ондағы құбылыстар мен табиғат сырларына қаныға 

отырып, әрқайсысының өзіне лайық атаулар берген. Осындай уәждер арқылы 

пайда  болған  топонимдердің  өзі  телінген  нысанмен  ғана  шектеліп  қалмай, 

айналасындағы  өзге  нысандарға  да  ауысуы  келе-келе  дәстүрлі  құбылысқа 

айналған. Тіпті топоним ретінде танылған көптеген бірліктер белгілі бір аудан-

дарда  ғана  емес,  Қазақстанның  барлық  аймағына  таралған.  Мысалы,  Ақжар, 

Ақсу, Ақсуат, Алакөл, Аралтөбе, Ақтөбе, Көктерек, Қарасу, Мұзбел т.б. көптеген 

титік үлгілер ел аумағының төрт тарапында да кездеседі. Атау беру – ұлттық 

таным әлемінің өз алдына дербес саласы. Ғасырлар бойғы тәжірибенің негізінде 

оның өзіндік дәстүрі орнықты, бұл дәстүрдің белгілері Астана годонимдерінің 

де даму үдерісіне өзіндік ықпал етті.  

Астана годонимдерінің құрамы алауан түрлі:



Кісі  есімдерінен  жасалған  годонимдер  көне  заманнан  бүгінге  дейін  қазақ 

қоғамының дамуына, сыртқы жаулардан қорғауға, тарихи-мәдени гүлденуіне т.б. 

секілді мемлекет ретінде қалыптасуы мен орнығуына үлес қосқан қайраткерлер 

есімдерінен тұрады: Күлтегін, Қорқыт ата, Бекет ата, Жәнібек-Керей, Абылай-

хан,  Кенесары,  Абай,  Шәкәрім  т.б.  (ер  есімдері).  Қарашаш  ана,  Домалақ  ана, 

Жұбан ана, Ұмай ана, Ұлбике ана, Баян сұлу, Ақжүніс, Қыз Жібек, Айман-Шол-

пан, Ұлпан, Мәриям Жагорқызы, т.б. (әйел есімдері).

Топонимдерден  жасалған  годонимдерді  бірнеше  топтқа  бөлуге  болады. 

Астионимдерден жасалған годонимдер: Ақмешіт, Бесбалық, Орынбор, Сауран, 

Сарайшық, Сығанақ, Түркістан т.б. Қазақстан аумағындағы тарихи қалалар ата-

улары. Комонимдерден жасалған годонимедер: Алтынемел, Алмалық, Баршын, 

Белқарағай, Жайлаукөл, Жаңатұрмыс, Жосалы, Кеген, Киікті т.б. Оронимдерден 



жасалған годонимдер: Асқартау, Арғанаты, Баянтау, Бектау, Бозбиік, Керегетас, 

Қалба, Қаратау, Сұлутөбе, Ұлытау т.б. Жайлау атауларынан жасалған годоним-



дер: Ақжайлау, Белжайлау, Саржайлау, Ойжайлау, Сусамыр, Сұлутөр т.б. Гидро-

нимдерден  жасалған  годонимдер:  өзен  атаулары  –  Ақсу,  Аспара,  Еділ,  Ертіс, 

Ойт

оғыс

57

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Есіл, Жайық, Кеңгір, Құланөтпес, Сырдария т.б.; бұлақ атаулары – Көкбастау, 

Кербұлақ, Қайнар, Сарбұлақ, Ақбастау т.б.; көл атаулары – Жарқайың, Балқаш, 

Бесшалқар, Зайсан, Марқакөл, Шалқар т.б.  



Этнонимдерден жасалған годонимдер: Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс т.б. 

Фитонимдерден жасалған годонимдер: Аққайың, Қызылқайың, Майқайың, 

Жиделі, Қайыңды, Қамысты, Миялы, Мойылды, Шиелі т.б.



Тарихи  ескерткіштер  атауынан  жасалған  годонимдер:  Ақсу-Аюлы, 

Арқайым, Әулиеата, Арыстан бап, Беғазы-Дәндібай, Берел т.б. 



Ұлттық  ойын  атауларынан  жасалған  годонимдер:  Ақсүйек,  Алтыбақан, 

Көкпар т.б.



Өнер туындыларының атауынан жасалған годонимдер: күй атаулары – Бал-

бырауын, Кербез қыз, Майда қоңыр, Серпер, Телқоңыр, Әсемқоңыр, Әлқисса 

т.б.; ән аттары – Елім-ай, Ақбаян, Майдақоңыр, Назқоңыр, Ашудария т.б.; поэма 

атауы – Үшқиян, Қалқаман-Мамыр, Ләйлі-Мәжнүн т.б.; эпостық жырлар атауы 

– Алпамыс, Қобланды, Ер Тарғын; би атауы – Қамажай, Қаражорға т.б. 

Ұлттық дәстүр атауларынан жасалған годонимдер: Бастаңғы, Бәсіре, Шашу т.б. 

Зоонимдерден жасалған годонимдер: Құндызды (тышқан тұқымы), Құлынды 

(топоним), Тайбурыл, Құлагер (жылқы атауы), Желмая (камелоним), Шортанды 

(балық түрі) т.б. 

Космонимдерден жасалған гонимдерден: Құс жолы, Темірқазық т.б. 

Мифонимдерден жасалған годонимдер: Зеңгі баба, Қамбар ата, Ойсыл қара, 

Секесек ата, Шопан ата т.б. 

Жалпы  лингвистикалық  сатысына  қарай  Астана  годонимдері  дамудың 

үшінші кезеңінде тұр: бірінші – жалпы есімдік кезең, екінші – жалпы есімдердің 

жалқы есімдерге айналу кезеңі, үшінші – жалқы есімдердің годонимдерге өту 

кезеңі. Сонымен қатар жалпы есімдердің бірден годонимдерге айналған түрлері 

де  кездеседі,  демек  трансонимизация  мен  топонимизация  құбылыстары  қатар 

көрінеді.  Мысалы,  дауылпаз,  жетіген,  қобыз,  шертер,  перне  (домбыраның  бір 

бөлшегі) т.б. өнер аспаптарының атаулары жалпы есімдерден лексикалық тәсіл 

арқылы жалқы есімге ауысқан, осы секілді фитонимдерден жасалған ақселеу, 

бәйшешек, сарыгүл т.б., зоонимдерден жасалған ақсұңқар, бозторғай, бұлбұл, 

қарлығаш (құс атаулары), тұлпар, сәйгүлік (жылқыға қатысты атаулар) т.б. то-



понимизация тәсілінің нәтижесі, яғни жалпы есімдердің жалқы есімге ауысуы. 

Даму  сатыларынан  өту  топонимдердің  типтік  үлгілерінің  қалыптасып,  нор-

малануына  мүмкіндік  тудырады.  Лингвистикалық  тұрғыдан  –  фонетикалық, 

лек сика-семантикалық  және  грамматикалық  болмысының  орнығуы,  экстра-

лингвистикалық тұрғыдан – ұлт әлемінің Астана годонимдерінің біртұтас мазмұ-

нына тоғысуы болып табылады. 

Ілгеріде келтірілген мысалдарда қазақ халқының тарихы, мәдениеті, тұрмысы, 

Ойт

оғыс


58

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

жалпы  алғанда  ұлттың  руханияты  бейнеленген.  Әр  годонимнің  мағынасы 

арқылы берілетін ақпараттардың арқалаған жүгі қомақты. Мысалы, «Елім-ай» 

әннің аты ғана емес, естіген жанға қазақ тарихындағы өте ауыр кезеңді елесетеді. 

Ал «Керей-Жәнібек» – ел билеген хандар, олардың өзгелерден ерекшелігі Қазақ 

мемлекетінің алғаш іргесін қалаған және ұлттық тарихтың бастауында тұрған 

тұлғалар. Осы секілді фитонимдер арқылы халықтың өсімдіктану әлемі, зооним-

дер арқылы қай жануарларға жақындығы, оларға деген көзқарасы, танымы т.б. 

бейнеленеді. Алуан түрлі тақырыптардағы осы секілді ақпараттардың барлығы 

қазақтың  руханият  әлемінен  хабар  береді,  демек  Астана  ономастикасының 

жаңаруы арқылы халықтың ұзақ жылдар бойын көз жазып қалған құндылықтары 

қалпына келді, атау беру дәстүрі жаңа заманға лайық қайта түледі. 

Жергілікті  ұлт  өкілдеріне  бөтен  болса  да,  ғасырлар  бойы  орнығып  қалған 

ұғым-түсініктер мен көзқарастар бар, сонымен қатар Астана халқының ұлттық 

құрамы алуан түрлі, сондықтан годонимдердің даму бағыттары туралы қоғамдық 

көзқарастар да аса маңызды. Тәуелсіз мемлекеттің ширек ғасырдан аса өміріндегі 

тілдік саясатының бағыты мен бағдары, атау берудің байырғы дәстүрлі жүйесін 

қайта  жаңғырту  мен  қазіргі  көзқарастарды  үйлестірудегі  орнын  айқындау  ел 

болашағы үшін аса маңызды мәселе. 



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Қоңыратбаева  Ж.М.  Годонимдер  тарихи-мәдени  дереккөз  ретінде  //                      

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Хабаршысы. Гуманитарлық ғылымдар серия-

сы. 2015, Астана, Вестник ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, № 5 (108). – Б. 71-77.

2.  Подольская  Н.В.  Словарь  русской  ономастической  терминологии.  –  Мо-

сква: «Наука», 1978. – 191 с.

3. Астана ономастикасы. – Астана: «Астана полиграфия», 2012. – 248 бет.

4.  Бияров  Б.  Қазақ  топонимдерінің  типтік  үлгілері.  Астана:  Ш.Шаяхметов 

атындағы тілдерді дамытудың Республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 

2013. – 432 бет. 

5. Сидорова В.В. Трансонимизация прецедентных имен из произведений Дж. 

Р.Р.Толкина в современной американской лингвокультуре // Альманах современ-

ной науки и образования, № 2 (21) 2009, часть 1.

6. Жеріңнің аты – Еліңнің хаты. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: 

«Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 808 б.

7.  Яковенко  М.В.Трансонимизация  как  ономастическая  универсалия  //. 

Ономастичні науки. — 2009. — № 1(3). — С. 6-8. — Бібліогр.: 9 назв. — рос.

8. Гурская Ю. А. Явление трансонимизации в древней онимии балтийских и 

славянских языков // Известия Российского государственного педагогического 

университета им. АИ Герцена. №151. 2012 г. 73-81 с.



59

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Арман Бердалин,

Ақмола облысы Тілдерді дамыту 

басқармасының басшысы

 

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ОНОМАСТИКАЛЫҚ АХУАЛ

Екі  ғасырға  жуық  орыс  патшасының,  одан  кейін  жетпіс  жылдай  Кеңес 

Одағының құрамында болған кезде қазақтың жер-су, елді мекен атаулары түгелге 

жуық өзгертіліп, нақтырақ айтқанда, орыстанып кеткендігі белгілі.

  Әсіресе,  тың  аймағы  саналатын  еліміздің  солтүстік  өңірлерінің  атаулары 

жаппай орыстанып, ежелгі ұлттық бастауымыздан ажырап қалғандай күй кеш-

кен едік. Бірақ, бақытымыз бар екен, тәуелсіздік таңы атып, соның арқасында 

жоғалтып  ала  жаздаған  ұлттық  құндылықтарымызды  ақырындап  қайтара 

бастадық.  Соның  бірі  –  жер-су,  елдімекен  атауларының  қайта  қазақылануы. 

Бұл бағытта Ақмола облысында қыруар шаруалар атқарылды және атқарылып 

жатыр. Оның басында облыстық ономастика комиссиясы тұр. Облыстағы жер-

су, елді мекен атауларының қалпына келтірілуі, осы жұмыста кездесіп отырған 

қиындықтар, болашақта атқарамыз деп ойға алған жоспарларымыз туралы ай-

тып өтейін.

Қазақстан  Республикасы  Президенті  Әкімшілігі  Басшысының  келісімімен 

2016 жылғы 20 шілдеде ономастика мәселесіне қойылған тоқтам бір мәртелік 

амалмен алынғанынан баршаңыз хабардарсыздар.

Былтыр 300-ге жуық атауды жаңартып, еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына тар-

ту жасадық. Әсіресе, 20% ғана қазағы бар Сандықтау ауданы 100 көшесін ұлттық 

танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерткенін айрықша атап өткім келеді.

Нақтырақ айтар болсам, 2016 жылы облыстық ономастика комиссияларының 

(21  қазан,    5  желтоқсан)  отырыстарында  272  көше  және  1  ауылды  қайта  атау 

туралы  мәселе  қаралып,  оң  шешімін  тапты.  Аудан  және  аудандық  маңызы  бар 

қалалар  мен  елді  мекендердің  көшелерін  қайта  атау  туралы  шешімдер  Әділет 

департаментінде тіркеліп, заңды күшіне енді. Сондай-ақ облыстық маңызы бар 

Көкшетау және Степногорск қалаларының 7 көшесі мен 1 даңғылы қайта аталды.

2016 жылы Атбасар ауданындағы Новоалександровка селолық округі - Бастау 

ауылдық округі, Новоалександровка селосының атауы - Бастау ауылы, Целино-

град ауданындағы Воздвиженка селолық округі - Нұресіл ауылдық округі, Воз-

движенка селосының атауы - Нұресіл ауылы болып қайта аталды.

Ақмола облысының орталығында Ақан сері, Біржан сал атындағы мәдениет 

және музыка колледждері бар. Халық композиторы, әйгілі «Гәкку» әнімен та-

нымал Үкілі Ыбырай мен атақты балуан, өнерпаз спортшы Балуан Шолақтың 

есімі аталмай жүр еді. Халықтың көптен күткен тілегі қабыл болып, 2017 жылғы                 

13  мамырда  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  №261  қаулысы  қабылданды. 

Аталмыш  құжатта  Ақмола  облыстық  филармониясына-

Үкілі  Ыбырайдың

Ойт

оғыс


60

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Ұлт тық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне-



Балуан Шолақтың, Көкшетау қаласының №18 орта мектебіне-халық жазушысы 

Сәкен Жүнісовтің, №3Ақкөл орта мектебіне-белгілі қоғам қайраткері, дарынды 

журналист 



Жайық Бектұровтың, Еңбекшілдер ауданы Сәуле орта мектебіне-

қазақ  педагогика  ғылымының  профессоры,  ғалым 



Шәрәпи  Әлжановтың

Қорғалжын ауданындағы Дружба орта мектебіне-белгілі қоғам қайраткері, Ұлы 

Отан  соғысының  ардагері 

Ақтан  Төлеубаевтың,  Ерейментау  ауданындағы 

Малтабар орта мектебіне-туған ауылына алғаш мектеп салып, ұстаздық еткен 



Перуаш Кәрімовтің есімі берілгендігі туралы жазылған.

Жуырда  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жанындағы  Республикалық 

ономастика  комиссиясының  қарауына  Көкшетау  қаласының  42  көшесін  қайта 

атау туралы құжаттар жолданды.

Сондай-ақ  Еңбекшілдер  ауданын–Біржан  сал  ауданына,  Ерейментау  қала-

сының  №  2  орта  мектеп-лицейіне  -  Насыр  Смағұловтың,  №3  Аршалы  орта 

мектебіне –Жұмабек Тәшеневтің есімін беру туралы ҚР Үкіметі қаулыларының 

жобасы пысықталуда.

Қай нәрсені де бүлдіру оңай, бірақ, қалпына келтіру қиын. «Ақтабан шұбы-

рынды, Алқакөл сұлама» атанған тарихымыздың қиын-қыстау кездерінде қазақ-

тың  сол  замандағы  ел  қамын  ойлайтын  көшбасшылары  екі  құрлыққа  бірдей 

қанатын жайған іргелес алып мемлекет – орыс патшасымен одақ құруды ойлаған 

екен.  Бірақ,  әуелі  одақ  болып  басталған  бұл  қадамның  соңы  мойынға  түскен 

отаршылдық  қамыты  болып  жалғасып,  Кенесары,  Наурызбай  сияқты  атпал 

азаматтарымыздың қолдарына қару алып, азаттық үшін айқасуымен, күші ба-

сым жаудан жеңіліп, мерт болуымен, ақыр соңында ата-баба жерінен ығысып, 

құйқалы өңірлеріміздің орыс қолына өтуімен аяқталған болатын. Бірақ, Кенеса-

ры-Наурызбайдан басталған ұлт-азат-тық күресі кеңес заманына дейін де, одан 

кейін де тоқтаған емес. Қазан төңкерісі кезінде Алашорда төңірегіне топтасқан 

ұлтымыздың  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  елжанды  азаматтарымен  жалғасқан 

тәуелсіз ел болуға ұмтылу идеясы Кеңес Одағы құрамында жүрген жылдарда да 

ұмытылған жоқ. 

1991 жылғы желтоқсанда келген тәуелсіздік сол ұзақ жылдар бойы жүргізілген 

күрестің заңды нәтижесі десе болады. Кеңес өкіметі орыс патшасы сияқты ашық 

отаршылдық билік жүргізбесе де, жымысқы шовинистік саясат арқылы қазақтың 

тілі  мен  ұлттық  салт-дәстүрлерін,  жер-су,  елді  мекен  атауларын  түгелдей  жою 

бағытында мақсатты жұмыстар атқарып келді. Көкшетауды «Кокчетав», Бурабай-

ды «Боровое» деп атап, жазған кезді басымыздан өткердік. Енді аз уақыт болғанда, 

елді мекендеріміз бен жер-су атаулары түгелдей өзгеріп кетуге шақ қалып еді.  

Ақмола облысының бұрынғы Гусарка, Дорофеевка, Елизаветинка, Ильинка, 

Рождественка  деп  жалғасатын  орыс  атауларының  орнына  Кенесары,  Наурыз-

бай, Олжабай, Қабанбай, Аңғал батыр, Қарауыл Қанай би сияқты халқымыздың 

біртуар ардақты ұлдарының есімдері орын алды. Одан қалды, Домбыралы, Ақсу, 

Ойт

оғыс


61

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Бозайғыр деп ежелден қазақ қойып жүрген атаулар қалпына келтірілді. Облысы-

мызда бұл бағытта атқарылған жұмыстар ауқымды. 

Комиссия құрамында облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызмет-

керлер,  ғалымдар,  облысқа  белгілі,  ел-жұрт  танитын  адамдар  бар.  Олар  өзде-

ріне  жүктелген  міндеттің  ауырлығын  және  жауапкершілігін  жақсы  сезінеді. 

Сон дықтан болар, тізе қосып бірлесе жұмыс істейміз және заң мен ғылыми негіз-

дерге сүйене отырып, ең алдымен жергілікті халықтың пікірін ескеріп шешім 

шығаруға күш саламыз. Осыған орай, біз шығарған шешімдер тұрғындар тара-

пынан үнемі қолдау тауып, түсіністікпен қабылданып жатады.

Осы  уақыт  ішінде  комиссия  елді  мекендер  мен  жер-су  атауларын  қалпына 

келтіру бағытында көптеген шаруаларды тындырды. 

Мәселен, Зеренді ауданындағы Лосевка деген ауылға сол өңірде өмір кешкен 

Бөгенбай би атауын беру барысында көптеген кедергілерге ұшырадық. Ұсыныс 

өту  үшін  басым  дауыс  алуымыз  керек.  Осыған  байланысты  халық  арасында 

түсінік жұмыстарын жүргізіп, қазақтың белгілі тұлғаларының бірі, осы өңірде 

өмір кешкен Бөгенбай би атауының лайықты екендігіне жұртшылықтың көзін 

жеткіздік. 

Пухальский селосына батыр Мәлік Ғабдуллин атамыздың есімін берген кезде 

де сондай насихат жұмыстарын жан-жақты жүргізуге тура келді. Міне, осын-

дай түсіндірме жұмыстарын үйлесімді жүргізуден болар, біздің ұсыныстарымыз 

үнемі тұрғылықты халық тарапынан қолдау тауып отырды және тұрғындар ара-

сынан біздің азаматтық құқығымыз шектелді деген өкпе-реніш айтылған емес. 

Елді мекен немесе жер-су атауын өзгертерде қатаң заң шеңберінде жұмыс істеп, 

ең алдымен, ғылыми негіздерге сүйенеміз. Осыған орай, ғылыми мекемелермен 

байланысып, мұрағаттарды ақтаруға тура келетін жайлар болады. Яғни, комис-

сия жұмысы үлкен жауапкершілік пен ізденісті қажет ететін ауыр шаруа. 

«Жеріңнің аты – бабаңның хаты» деген сөз бар. Ол хат өшсе, сол жердің тарихы 

да бірге өшеді деген сөз. Сондықтан, бұл ұлттық ең көкейкесті мәселелердің бірі. 

Көп шаруа тындырдық деп қол қусыратын заман емес қазір. «Ауру батпан-

дап кіріп, мысқалдап шығады» деген сөз бар, қазақта. Ең бастысы, біз тәуелсіз, 

әлем  мойындаған,  жарқын  болашаққа  ұмтылған  мемлекет  болдық  және  де 

Нұрсұлтан Назарбаев сияқты елінің қазіргісі мен болашағын ойлаған, диаспо-

ра саналатын жүздеген ұлт пен ұлысқа ортақ Отан болған Қазақстанның басты 

байлығы–татулығы мен бірлігі екендігін жұртшылықтың санасына сіңіріп келе 

жатқан,  ұзақ  жылдарға  арналған  нақты  жоспары  мен  мақсатын  айқындаған 

көшбасшымыз бар. Жер-су атауларын қалпына келтіру жұмыстары барысында 

Елбасының салиқалы саясатына сызат түсірмеуге тырысамыз. Ономастикалық 

атауларды қалпына келтіру жұмыстары өз ырғағымен алдағы уақытта да, яғни, 

толық аяқталғанша жүргізіле береді. 

Андреевка,  Еленевка,  Мариновка,  Калиновка,  Ивановка  сияқты  атаулар  әлі 

де облысымыздың аумағында жетіп артылады. Бір кезде ол атаулар жергілікті 



Ойт

оғыс

62

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

халықтың пікірімен, көзқарасымен еш келіспестен қойыла салынған. Ал, қазір 

ол  жердің  ежелгі  атауын  қалпына  келтіру  үшін  жергілікті  тұрғындардың  ара-

сында түсінік жұмыстарын жүргізуге және олардың қолдауын табуға, сондай-ақ, 

мұрағаттар мен басқа да тарихи деректерді ақтарып, бұрынғы атауын табуға, одан 

кейін мәслихатқа ұсынып, олардың бекітуімен әділет органдарына   жолдауға – 

міне, осындай көптеген жұмыстарды атқаруға тура келеді. 

2016 жылдың аяғында облыстық тілдерді дамыту басқармасының маманда-

ры Омбы қаласының мұрағатына барып, көптеген ескі карталардың көшірмесін 

сатып  алып  келді.  Аталмыш  картадағы  мәліметтер  алдағы  жұмысымызға  оң 

септігін тигізеді деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағ-

дар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа алып, Елбасының онома-

стика мәселесіне сәйкес берген тапсырмасын орындау, сондай-ақ «Туған жер» 

бағдарламасын жүзеге асыру  мақсатында Ақмола облысы әкімінің қолдауымен 

облыстық  тілдерді  дамыту  басқармасы  «Қазақстан-Көкшетау»  телеарнасымен 

бірлесіп облыс аумағындағы елді мекендердің тарихи атауларын қайтару үшін 

іздестіру-зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  «Атаулар  сыры»  сериясымен  дерек-

ті фильм түсіруді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта аудан әкімдеріне тапсырма 

беріліп, жергілікті жерлерде аталмыш мәселеге қатысты жұмыс топтары құ рыл-

ды. Жұмыс топтарына көнекөз қариялар, өлкетанушылар, ұстаздар мен та рих-

шылар  тартылуда.  Бұл  игі  бастамамыз  облысымыздағы  ономастикалық  мәсе-

лелердің оңтайлы шешілуіне оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

Биылғы  ономастикалық  жұмыстарымыз  Елбасының  берген  тапсырмасына 

сәй кес жүргізілетін болады, яғни идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын 

атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау-

лармен өзгертетін боламыз. Ал кісі есімдерімен атау мәселесіне мейлінше шек-

теу қойылатын болады.

Қазіргі уақытта облыс аумағындағы елді мекендер мен көшелерді қайта атау 

мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

2017  жылғы  30  маусым  күні  облыстық  ономастика  комиссиясының  кезекті 

отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда облыс бойынша 200-ге жуық көше 

қайта аталып, 10-шақты елді мекенге тарихи атаулары қайтарылмақшы. 

Жер атын, елді мекен, көше атауларын өзгерту ең алдымен елдікке, халқы-

мыздың болашағына, келешек ұрпаққа керек. Бұл – сана тәрбиесінің бір саласы, 

өзекті  саласы,  аса  маңызды  буыны.  Сондықтан  да,  жер-су,  елді  мекен  атауын 

қазақыландыру  –  мемлекеттік  маңызы  бар  көкейкесті  мәселе.  Бұл  бағыттағы 

жұмысты  тоқтатпақ  түгілі,  ешқашан  босаңсытуға  болмайды.  Біз  жер-суымыз 

бен елді мекендеріміз толықтай қазақыланған елде өмір сүргенде ғана өзіміздің 

тәуелсіз елдің азаматы екенімізді толыққанды сезіне алмақпыз.



Ойт

оғыс

63

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Кемел Оспанов,

Солтүстік Қазақстан  облысы

 Тілдерді дамыту басқармасының басшысы

ЕСІЛ ӨҢІРІНДЕГІ ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Үстіміздегі  жылдың  12  сәуірінде  «Егемен 

Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған 

«Болашаққа бағдар: руха-

ни  жаңғыру»  атты  мақаласында  жаһандық  заманда  ұлттық  құндылықтарды 

сақтап, оны одан әрі сабақтастыратын ұрпақ тәрбиелеу бағытында екі қағиданы 

ұстануды меңзейді. Оның біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, 

ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі 

болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. 

Кеңестік дәуірдің ықпалынан арылудың бір жолы -  тоталитарлық сипаттағы 

және мән-мағынасыз қойылған, моральдік тұрғыда ескірген елді мекен, жер-су 

атауларын жою болып табылады. 

Әлдебіреудің сұрауымен немесе ұйғарымымен атала салмаған, халық тара-

пынан қойылған жер-су атаулары – сол жердің табиғи құжаты болып табылады.  

Қазақстанның солтүстік аймағының географиялық жағдайы мен мекендеген 

халықтың ұлттық құрамына байланысты бұл өңірде жер-су аттарының орынсыз 

өзгеріске түсуінің тарихы әріден басталатыны белгілі. 

Ресей отаршылдығымен бетпе-бет келген өңірдегі қазақтардың тілі мен діліне, 

ұлттық салт-санасына нұсқан келтіре отырып, жергілікті халықты маргиналдық 

санадағы тобырға айналдыру екі жарым ғасыр бойы империялық саясат негізінде 

жүйелі түрде жүргізілді. 

Социалистік жүйені ту еткен кеңес үкіметі тоталитарлық топонимді жүзеге 

асырды.  Осы  арқылы  халықтың  тарихтық  жадының  бір  саласы  ретінде 

қалыптасқан тұрақты тарихи ұлттық ұғымына айналған елді мекен, жер атаула-

рын зорлықпен өзгертіп, одан қол үздірді. 

Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде жиналған мәліметке қарағанда «Солтүстік 

Қазақстан  облысы  елді  мекендердің  тізімін»  құрастырушы  мамандар  барлық 

атаулардың    «60  пайызы  қазіргі  талап  етіп  отырған  үкімет  саясатына  сай 

келмейді» деп есептейді. Жалпы жүргізілген мониторинг бойынша бүгінгі таңда 

Солтүстік Қазақстанда моральдік ескірген округ саны – 




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал