Ономастикалық хабаршы №1 (33) 2017



жүктеу 0.64 Mb.

бет5/7
Дата07.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Ойт

оғыс

47

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Калинин  колхозы,  Жданов  колхозы,  Қызыл  жұлдыз  колхозы  ақыры  кеп  Жуа-

лы совхозы Мишурин  атындағы совхозы деп 8 рет алмасса, тәуелсіздік зама-

ны орнасымен 1997 жылы Майтөбе ауылы деп тарихи атымен аталып қалды. 

Сонда 1867 жылға Майлыкент болысындағы №13-ші ауыл 1997 жылға дейінгі 

аралықта  яғни  130  жыл  ішінде  6  ұрпақ  алмасып  үлгергенде,  бүгінгі  Майтөбе 

ауылындағы жастар өз ауылының не себепті 8 рет өзгеріп алмасу себептерінің 

тарихын  біле  бермейді.  Әрине,  мұндай  жылдам  алмасу  Қазақстандағы  ма-

кротапонимдер  мен  микротапонимдердің  бәрінде  болып  өтті.  Қоғамдағы  бұл 

іспеттес саяси әлеуметтік болмыстан туындап жатқан халықтық, отаршылдық, 

тотолитарлық елді мекен жер атауларындағы алмасулар тарихы – біздің қасіретті 

тағдырымыздың  онамастикалық санадағы өзгерістер  мен саяси қысымдардың 

көрінісі  десек  жөн  болар.  Жоғарыда  баяндалған  онамастика  саласындағы 

жойқын өзгерістер тарихына назар аударуға міндеттіміз:

1)  Туған  ел,  туған  жердегі  елді  мекен  жер  атаулары  ғасырлар  бойы  қазақ 

халқының ұстанып келген ұлттық дәстүрлерді аяусыз жауша тиген отаршылдық, 

тоталитарлық тапонимдер жойып жіберіп, халықтық жадымыз мен санамызды 

сыртқа  қағып  ұмыттыруы  -  Ресей  империясының  шоқындырып  орыстандыру 

саясатынан туындап жатқан қасіретті құбылыс болып табылады.

2)  Енді  материалистік,  атеистік  дүниетаным  өзгеріп  оның  орнына  квантты 

физиктері дәлелдеп ғылыми тұрғыдан орнықтырған әлемді Ұлы сана билейді 

деген мүлде жаңа дүниетаным орнықты. Осы себепті идеалық негізі төңкеріліп 

жаппай  дағдарысқа  ұшыраған  гуманитарлық  ғылым  салалары  тәрісзді 

онамастикалық ғылымның салалары да дағдарысқа ұшырады. Енді бұл ғылым 

саласы  саясатпен  тікелей  байланысты  болғандықтан,  оны  жаңа  дүниетаным 

тұрғысынан  қарап,  осы  таным  талабына  сай  іс-әрекетке  кірісу  міндеті  алға 

қойылып отыр:

а)  Ескі  таным  негізінен  туындаған  отаршылдық  тапонимдерден  түгелдей 

арылу  талабы  алға  қойылғандықтан,  таяу  жылдар  ішінде  елді  мекен  жер 

атауларындағы отаршылдық тапонимнің іздері тарихтан өшуі керек. 

ә) Жаңа дүниетаным барлық салада орнығуы себепті кеңестік билік тұсында 

елді  мекен  жер  атауларына  жаппай  қойылған  қайраткерлер  мен  партия  совет 

қызметкерлерінің  аты,  тіпті  тираждап  қойылуы  себепті  олардан  арылып  таза-

лану әрекеті қолға алынып нақтылы іс-қимылға кірісудің қарқыны күшеймек. 

Бірақ  бұл  процес  халық  санасының  самарқаулануы  себепті  қарсылық  ұзаққа 

созылуы  мүмкін.  Өйткені  тотолитарлық  тапонимдерден  арылу  іс-әрекеті  ұзақ 

мерзімге созылмақ.

б)  Бірақ  бұл  дүниетанымдағы  басты  кемшілік  –  дүниенің  көрінген  сыры 

мен  көрінбеген  сырын  үйлестіре  алып  зерттеудің  орнына,  бұл  аса  күрделі 

құбылыстың бір жағына, яғни дүниенің көрінген сырын танып білуге шешуші 



Ойт

оғыс

48

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

мән берілді де, дүниенің көрінбеген сырына жатырқай қарауды испан ғалымдары 

бастады. Мысалы, атақты испан ғалымы Рена Декарт: «Арнайы құрылғылармен 

өлшеуге  болатын  нәрселерді  ғана  зерттейік,  ғылым  деп  осыны  ғана  айтайық, 

ал  сана  (дүниенің  көрінбеген  сыры  М.М.)  деген  көзге  көрінбейді,  прибор-

мен  өлшенбейді.  Бар  екенін  білеміз.  Бірақ  көзге  көрінбейтін  нәрсені  зерттеп 

қайтеміз», - деп, рухани әлемді (жанды) зерттеп, танып, сырын ашудан бас тарт-

ты. Бұл сыңаржақ әрекет Еуропа халықтарының дүниетанымын материалистік, 

атеистік таныммен қалыптасуына алып келді. Еуропа халықтары бес ғасыр бойы 

таза материалистік, жауынгер атеистік танымнаң шеңберінен шыға алмай, осы 

дүниенің тұтқынында қалды. Мұның нәтижесі бүгінде бүкіл еуропалықтар мен 

Ресей империясын қоса есептегенде ондағы халықтардың мінез-құлқы бұзылып, 

бүгінгі  бейшаралық  қалыпқа  түсті,  рухани  танымдағы  теріс  ұғымның  тар 

шеңберінен шыға алмай адасуда....  Алдағы күндерде кеңес билігі ендірген бөтен 

дүниетанымнан туындап онамастикаға енген жат дәстүр енді ұлттық дәстүрге 

ауысуы заңдылық. Мысалы макротапонимдерге жеке кісі аттарын қоюдан бас 

тарту талабын жүзеге асыруды қолға алу басты міндетімізге айналмақ.

в) Осы таным тұрғысынан келіп жеке азаматтардың аты жөні әлемде тек сла-

вян халқында дәстүр ретінде үш аталымнан келетін. Мысалы Александр Серге-

евич Пушкин деп жазылуы сияқты құбылыс, Мұхтар Омарханұлы, Бауыржан 

Момышұлы,  Рабиға  Сыздыққызы,  Қажымұқан  келіні  деп  жазылатын  ұлттық 

дәстүрді қалыптастыру жөн. Микротапонимдердегі көше, мектеп, ауыл т.б ата-

лымдары да ұлттық дәстүр тұрғысынан қойылғаны жөн. Мысалы Абай даңғылы, 

Мәншік көшесі, Мәлік мектебі деген сипатта аталмағы жөн. 

Бүгінде  қазақ  антропонидері  өзінің  ұлттық  табиғи  болмысын  бұзып  алғаны 

айтылып  та,  жазылып  та  жүр.  Бұл  құбылыс  қазақ  жерін  жеті  рет  жаулаған 

басқыншылық  заманындағы  жеті  қабатында  орны  анық  байқалып  тұрады.  Ол 

қабаттар: 1) Қытайлық, 2)Парсылық қабат, 3) гректік қабат, 4) арабтық қабат, 5)

моңғолдық қабат, 6) қалмақтық қабат, 7) орыстық қабат. Осы қабаттардың ішінде 

ең залалды қауіпті қабат арабтар мен орыстардың отаршылдық саясатында жатыр.

Арабтар ислам дінін тарату мақсатында басқыншылық жасағанда отаршылдық 

айла тәсілдердің не бір жаңа тәсілдерін қолданысқа түсірген әрекеті орта ғасыр 

ғалымы  ад-Наршахидің  «Бұхара  тарихы»  кітабында  жан  жақты  жазылып 

әшкереленді. Солардың жұқсыз бар айла тәсілі «Жабайылардлы жабайылардың 

қолымен  қыру»  тәсілі.  Бұл  айла  тәсілді  орыс  пен  қытай  мемлекеті  қазақ  пен 

ноғай халқының ұлан байтақ даласын жаулап алуға күші жетпей тұрған кезде, 

1723 жылы ресей қытай қалмақ үшеуі тіл табысып, қазақ, ноғайды жер бетінен 

жойып  ұлы  даласын  бөлісіп  алуға  іштей  бірігіп,  бір  байламға  келгенде,  «Жа-

байыларды жабайылардың қолымен қырып жою» тәсілін тарихымыздан білеміз. 

Ресей,  қытай  империясы  қалмақ  пен  қазақты  бір  біріне  айдап  салып,  қырғын 



Ойт

оғыс

ХАБАРШЫ

Ономастикалық

соғыста  екі  халықты  бір  біріне  қырғызды.  Осы  соғыста  қазақтардың  үштен 

екісі  қырылса,  ал  қалмақ  тұтас  жойылып,  мемілекетінен  айырылды.  Осы  екі 

қырылған халықтан босаған жерді екі империя келісе отырып бөліп алды. Әрең 

тірі қалған қазақ Ресей мен қытайдың бодандық хамытын киіп, 260 жылда (1731 

– 1991) әрең дегенде тәуелсіздікке қолы жетті. Осы жағдайға байланысты қазақ 

антропонимдері айтарлықтай өзгеріске ұшырап жұтай түсті. Оларды бұрынғы 

дәстүрлі ұлттық антропонимдерге айналдыру үшін аудандық ЗАГС орындары 

мен бірлікте бір жүйеге түсіру арқылы бұрыңғы табиғи болмысымызға келтіре 

аламыз.


50

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Ханкелді Әбжанов,

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және 

этнология институтының директоры

ҰҒА академигі

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА 

«Киелі» сөзінің мән-мағынасы өте күрделі. Халқымыз осы ұғыммен зорлық-

зомбылыққа, әділетсіздікке қарсылығын, адамның, табиғаттың, қоғамның ара-

сындағы  жарасымдылық  пен  үйлесімділікті  сақтауға  құштарлығын  білдірген. 

Жүгірген аңның, ұшқан құстың, жер мен судың, ерекше қасиетке ие адамның киесі 

ұрады деуімен қоғамдық-саяси, рухани, экологиялық, әлеуметтік тұрақтылықты, 

ынтымақ  пен  ықпалдастықты  бәрінен  жоғары  қоя  алған.  Батыс  тарихнама-

сында әлі күнге дейін өмір сүріп келе жатқан қате тұжырымды – көшпелілер 

өркениеттен тыс қалған, олар соғысқұмар, отырықшыларға тыныштық бермеген 

тәрізді пайымдарды жоққа шығара алғанын да білуіміз керек. 

«Киеліден» туындайтын қазақ әлемінің гуманистік және жасампаз әлеуетін өзімізге 

де, өзгеге де түсіндірудің маңызы зор. Бодандықтағы үш ғасырға жуық уақыт ішінде 

киелі жерлеріміз аз бүлдірілген жоқ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа 

бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Біз жат идеологиялардың әсері тура-

лы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен 

мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің 

ұлттық  құндылықтарымыз  арқылы  ғана  төтеп  бере  аламыз.  Қазақстанның 

қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез 

келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз 

әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы», деген ой-түйіндер, біріншіден, 

ұлттық  кодымыздың  тынысын  кеңейтуді  көздейді,  екіншіден,  ономастикалық 

міндеттерімізді тиянақтап тұр, үшіншіден, ең бастысы – қазақ қазақ қалпында 

ғана жаһандық бәсекеге төтеп бере алатынын еш бүкпесіз жайып салды. Тура-

сын айтқанда, тәуелсіздіктің ғұмырын ұзартып, «Мәңгілік Елге» айналу, үшінші 

жаңғыру үшін бізге қазақ болып қалғаннан басқа жол жоқ. 

Танымдық  тұрғыдан  киелі  жерлерге  нені  жатқызуға  болады?  Біздің  ой-

ымызша,  олар  төрт  топтан  тұрады:  біріншісі  –  ислам  діні  келгенге  дейінгі 

арғықазақтардың салт-дәстүрі мен ритуалдары орындалатын жерлер. Мәселен, 

Наурыз  мейрамы  қарсаңында  Маңғыстаудағы  Оқпантауда  алау  жағу  дәстүрі. 

Екіншісі – ислам дініне байланысты қасиетті саналатын нысандар. Бұл орайда 

ежелден белгілілері мен кейбір пысықайлардың өз пайдасы үшін аяқ астынан 

ойлап тапқан нысандарды шатастырмау керек. Үшіншісі – ұлы тарихи оқиғалар 

мен тұлғаларға қатысты киелі жерлер. Айталық, 2012 жылы Астанада, биылғы 

Ойт

оғыс


51

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

31 мамырда Алматыда ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылды. Қазірдің 

өзінде олар жас пен кәрінің тәу ететін құндылығына айналуда. Төртіншісі – тыл-

сым сырлары ғылыми талданбаған, бірақ адамға, оның денсаулығына пайдалы 

немесе зиянды әсері күдік-күмән тудырмайтын жерлер. 

Бұлардың киелі аталатын себебі – адамдарды руына, тайпасына қарай ала-

ламай,  өзіне  тартып  тұратыны,  оларға  жақсылық  сыйлайтыны,  алдағы  күнге 

сенімін арттыратыны.  

Қазақстанда  киелі  жерлер,  нысандар  баршылық.  Алдымен  осылардың 

мем лекеттік  тізімін  жасау  керек.  Келесі  міндет  –  мәртебесін  –  халықаралық, 

республикалық, жергілікті – анықтау. Ең маңыздысы – әрқайсына қатысты бай-

тақ  зерттеу  жүргізіп,  аңыз,  хикаяларын,  деректерін  жинау.  Арнайы  ғылыми-

зерттеу институтын ашса, артықтық етпес еді. Қасиетті рухани құндылықтарды 

ұлықтаудың соңғы нүктесі арнайы заң қабылдаумен қойылатынынан үміттіміз.  

Киелі  жерлер  «ақтаңдақтардан»  ада  емес.  Соларды  жою  –  ұлттық  тарихты 

қалың көпшілікке жеткізудің пәрменді тетігі. Әзірге Қызылорда облысындағы 

Бегім ана мұнарасын, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсүмбені, Қостанай 

облысындағы Мұғалім көлін рухани құндылық ретінде әркім біле бермейді. 

Тарих – ұлттық құбылыс. Оның ақиқатын, тылсым сырын ашу үшін бірінші 

кезекте халықтың, биліктің, тұлғаның, яғни тарихты түзушілердің барша өмірі 

мен қаракеті неден күш алатынын, қайда табан тіреп тұрғанын анықтау қажет. 

Империялық  биікке  көтерілген  испан,  ағылшын,  орыс,  француз  қауымы  үшін 

материалдық  өндіріс,  табыс,  соғыс  маңызды  болса,  отар  немесе  аграрлық 

қауымға тарих дөңгелегін айналдыруға басқа өлшем бар. Ұлы дала елінің тари-

хын көктей шола отырып, оның мазмұны мен ерекшеліктерін анықтаған, тарихи 

оқиғаға, үдеріске, тіпті тұлғаға тұғыр, базис болған нағыз түпжаратушыдай үш 

байлықтан  ажырамау  керек  екеніне  иландық.  Бірінші  тұғырлы  байлық  –  жер, 

екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет. Осылардың қайсын алсақ та, ономастикамен 

ажырағысыз байланысы бар. 

Ұлы  даладағылардың  антропологиясы,  шаруашылығы,  өмір  салты,  алыс-

жақын елдермен қарым-қатынасы, ономастикасы жерге байлаулы табиғи-геогра-

фиялық факторлармен анықталды. 

Арғықазақтарды  біріктірген,  тұтастырған,  ел  болуға  жетелеген  құдірет  – 

тіл.  Бізді  қыпшақ,  моңғол,  ноғай  атандырмаған,  Қазақ  елі,  қазақ  атандырған, 

Сарыарқаны  –  Сарыарқа,  Түркістанды  –  Түркістан  атандырған  өндіріс  тәсілі 

емес, билеушінің жарлығы да емес, ол – тіл. 

Тарихқа  тұғыр  болған  жер  мен  тіл  тарихты  түзбейді.  Олар  –  тарихтың 

куәгерлері. Осы куәгерлерді археология, терминология, ономастика, түркология, 

салыстырмалы  саясаттану,  этнология,  антропология  ғылымдары  тұрғысынан 

зерттеумен,  сөйлетумен,  түсінумен,  сәйкестік  пен  бірегейлігімізді  танумен 



Ойт

оғыс

52

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

бұрынғы мен бүгінгінің сабақтастығын ұғынамыз. Тарихқа тазғзым дегеніміз – 

ол ең алдымен жерге және тілге тағзым деген сөз. 

Өкінішке  орай,  еліміздің  жер-су  атауларында  әрісі  –  отарлық,  берісі  – 

тоталитарлық  дәуірлердің  ізі  сайрап  жатыр.  Тұтас  елді  мекендер  «Алексеев-

ка»,  «Николаевка»,  «Покровка»,  «Октябрь»,  «Осакаровка»  атауынан  арылған 

жоқ.  Бұлардың  басым  бөлігі  –  коммунистік  идеологияның  мұрасы.  Демек, 

Елбасымыздың мақаласындағы: «Тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындал-

майтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мы-

салдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фашизм 

және либерализм біздің көз алдымызда күйреді», деген қағиданы басшылыққа 

алумен коммунистік елестен бұржолата қол үзгеніміз жөн. Кезінде Кремльдің 

бас қиялшысы орыс тіліне тезірек көшу коммунизмді тезірек орнатудың шар-

ты екенін қоғамдық санаға тықпалаған екен. Империялық ұлт мүддесіне адал 

басшы  басқаша  сөйлеуі  мүмкін  де  емес.  Енді  қазақтың  мүддесі  сөйлейтін 

уақыт туды. Тәуелсіздігімізді әлем мойындаған шақта ономастикадағы ұлттық, 

мемлекеттік мүддемізді басымдықпен алға шығарып, киелі жерлерімізді әліппеде 

ұлықтаудан Заң күшімен қорғауға дейін қисынды жүйелей алсақ, ешкім қазақты 

ұлтшылдықпен айыптай алмайтынына кәміл сенемін.  

Киелі  нысандардың  біршамасы  елді  мекендерден  жырақ  жатыр.  Ертең 

соларға апаратын жол, жол бойына әлеуметтік инфрақұрылым түсері сөзсіз. Са-

лынатын жол мен инфрақұрылымға жоба шағынан дұрыс ономастикалық атау 

беруді қадағаламасақ, мысалы, Нысанбай жыраудың басына, Ақтау бекінісіне, 

Астанадағы пантеонға апаратын жол немесе нысан «Новый Абай», «Семь бо-

чек», «Синема Сити» аталып шыға келуі бек мүмкін. 

Киелі нысандардың мекен-жайы, яғни адресі көп мәселеден хабар береді. Ойы-

мыз түсінікті болу үшін бір ғана мысал келтірейік. Алматыда «Ғылым ордасы» 

бар. Ол – кешегі ғылым академиясының бас ғимараты. Мұнда кезінде Қ. Сәтбаев, 

М. Әуезов, Ә. Марғұлан, А. Жұбанов, т.б. тұлғалар еңбек еткен. Сөз жоқ, киелі, 

қасиетті  мекен.  Бірақ  ол  Шевченко  көшесінің  бойында  тұр.  Есесіне  Марғұлан 

көшесі қаланың шет жағына ығысып кеткен. Керісінше болуы керек еді. 

Қысқасы,  киелі  нысанды  қоршаған  ономастика  да  ұлттық-тарихи  реңкпен 

ерекшеленгені абзал. 

Киелі  жерлер  атауларын  ономастикамызда  әрі  тарихымызбен  ажырағысыз 

байланыста орнықтыру арқылы қазақстандық патриотизмнің іргетасы – жерге, 

тілге, мемлекетке құрметімізді нығайтамыз. Бұл қазақ жеріне көзін тігіп жүрген 

басқаларға да сабақ болғанына қоса, ұлттық тіліміздің мәртебесін, мемлекетшіл 

санамыздың деңгейін арттырары сөзсіз. 

   

Ойт

оғыс


53

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Бекжан Әбдуәлиұлы,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің профессоры

қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы

ТАРИХИ АТАУЛАРДЫ ЖАҢА ЗАМАНҒА САЙ ҚАЙТА 

ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТОПОНИМИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Астанадағы көше  атауларының  өзгелерге  ұқсамайтын  басты ерекшелігі қа-

ланың тарихымен тығыз байланысты. Тарихи, саяси себептермен қаланың өзі де 

Ақмола → Целиноград → Ақмола → Астана болып бірнеше рет өзгерді, соның 

ішінде Ақмоладан Астанаға өткенде мүлде жаңаша сипат алды. Қазақ халқының 

басынан  өткен,  бодан  болу  және  тәуелсіздік  алу  секілді  қилы  кезеңдерді 

бейнелейтін бұл атаулардың берілуінде түрлі себептер бар. Екі ғасырдан астам 

Ресейдің  қол  астына  қараған  Қазақстан  ономастикасының  мазмұны  сол  кез-

дердегі экономикалық, саяси, мәдени ахуалды және әуелі патшалық Ресейдің, 

кейіннен  осыған  ұқсас  кеңестік  идеологияны  бейнелейтін  [1].  Бұл  жағдайды 

әсіресе  солтүстік  өңірлерге  ораналасқан  қалалар,  соның  ішінде  Астана  годо-

нимдері  де  басынан  кешірді.  Астана  годонимдерінің  өткен  тарихында  атау 

беру принциптерінің байырғы жүйесі қатты әлсіреп, кейіннен қайта жаңғырған 

кездері болды.

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Елорданың  Ақмолаға 

(қазіргі  Астана)  көшіп  келуімен  қала  годонимдері  түгелге  жуық  жаңарды. 

Бұрынғы тәуелді жылдарда халықтың қалауынан тыс үстем саяси көзқарастардың 

ықпалымен берілген, жергілікті ұлттың тұрмысы мен мәдениетіне қатысы аз го-

донимдер қазақ халқының төл құндылықтарының атауларымен ауыстырылды. 

Бұл өзгерістер «осылай ету керек» деген идеямен ғана жүзеге асқан жоқ, қала 

құрылымында болған үлкен жаңалықтардың өзі де осы жағдайдың туындауына 

негіз қалады. Есіл өзені екіге бөліп тұрған оң жағалау мен сол жағалаудың өзіндік 

тарихы  бар.  Оң  жағалау  бұрынғы  ескі  қала  тұрған  жер  болатын,  астананың 

келуімен  мұндағы  ескі  үйлер  бұзылып,  орнынан  тың  үлгідегі  құрылыстар 

жүргізілді.  Ескі  тар  көшелер  кеңейтіліп,  басқа  көшелермен  қиылыстарында 

өзгерістер  орын  алды.  Ал  сол  жағалау  қазіргі  тұрғындар  тілінде  «жаңа  қала» 

деп те аталады. Ол тың жерден салынғандықтан, ондағы көшелердің барлығы, 

әуелгіде уақытша нөмірленіп, кейіннен тұрақты атаулар иеленді.

Годонимдер  қаладағы  сызық  бойы  нысандардың,  соның  ішінде  проспект 

(даңғыл), улица (көше), линия (жол), переулок (қысқа көше), проезд (орам), буль-

вар (желек жол), набережной (жағалау) атаулары [2, 52]. Ал Астана қаласында 

олардың тасжолдар (шоссе), даңғылдар, көше атаулары, желек жолдар (буль-

Ойт

оғыс


54

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

вар), қысқа көшелер (переулок), орамдар секілді түрлері бар. Тас жолдар қала 

ішінен  басталып,  сыртқы  аудандарға  қарай  созылып  жатады.  Мысалы,  Алаш 

тасжолы Шара Жиенқұлова көшесінен басталып, қала ішінде Ақжол, Жолымбет 

көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 14717,3 м. [3, 200]. Өзгелері де осылай, 

қаладан шыққанша бірнеше көшені кесіп өтеді. Астанадан шығатын тасжолдар 

көп емес, төртеу: Алаш тасжолы, Қарағанды тасжолы, Қарқаралы тасжолы, 

Қорғалжын тас жолы. «Алаш тасжолы» метафралық атау болса, қалған үшеуі 

өздері баратын елдімекеннің атымен аталып, бағытын білдіреді.

Годонимдер  көше  сызықтарының  бойымен  барша  ауданды  қамти  отырып, 

қаланың  негізгі  құрылымының  көрінісін  де  сипаттайды.  Қаланың  тілдік  кел беті 

ретінде санағанда оның осы ауқымдылығы негізге алынады. Годонимдер ақпараттық 

қызметімен  де  маңызды.  Оны  мынандай  екі  бағытта  қарауға  болады:  1.  Ба ғыт-

ты, белгілі бір нысанның қайда орналасқанын, яғни мекенжайды көрсетеді. По-

шта қызметінен бастап, жеке адамдардың қатынасына дейінгі аралықтағы барлық 

байланыстарды реттеуге қолайлылық тудырады. Әлеуметтік қызметі – Астананың 

тілдік бейнесінмен қатар тілдік өмірінің де бір тарауы. 2. Қаланың рухани келбетінің 

мазмұны туралы ақпараттар береді. Ал рухани келбеті қаланың ғана емес, жалпы 

ұлттың тілдік мәдениетімен тікелей сабақтас. Ғасырлар бойы қалыптасқан атау беру 

мәдениетінің айғағы болып табылатын Мұзтау көшесі, Моншақты көшесі, Құсжолы 

көшесі,  Күреңбел  көшесі  т.б.  көркем  атаулар  ХХІ  ғасырда  өзінің  дәстүрлі  жолы-

мен қала ономастикасының құрамынан орын алып отыр. Годонимдер жүйесіндегі 

рухани-мәдени мазмұн атау беру мәдениетімен қатар, қала құрылымының қисыны 

мен  үйлесімділігінен  де  көрініс  береді.  Қатар  жатқан  сызықтық  нысандарға 

атаулардың  бір-бірімен  үйлесімділікте  берілуі  қарым-қатынастағы  реттілік,  есте 

сақтауға қолайлылықпен қатар қала көркін де ерекшелеп тұрады.

Ономастикалық атаулардың өзіне тән төл материалының болмауына байла-

нысты белгілі бір нысанды атау үшін тілде бар сөздерді пайдаланады, сондықтан 

олардың қалыптасуында тілдік факторлармен қатар, тілден тыс факторлардың 

да орны үлкен. Әр атаудың өзіне тән шығу уәждері бар, оның атқаратын қызметі 

мен  туынды  мағынасы  тікелей  осы  шығу  уәждерінің  негізінде  орнығады, 

екінші  сөзбен  айтсақ  экстралингвистикалық  факторлар  мен  шығу  уәждері 

өзара байланысты құбылыстар. Мысалы, халықтың тәуелсіз мемлекет құру ту-

ралы  ғасырлар  бойғы  арман-тілегі  Астана  годонимдерінің  мазмұнынан  айқын 

көрініс  берді.  Сондықтан,  осы  жолда  күрескен  хандар  мен  батырлардың,  би-

шешендердің, қоғам және мәдениет қайраткерлерінің есімдері, сонымен қатар 

өткен тарихындағы мәдени, экономикалық, дүниетанымдық ұғымдарының атау-

лары т.б. көше атауларының құрамынан орын алды, годонимдерге айналды.

Экстралингвистикалық  факторлар  жүйесі  тілдегі  трансонимизация  құбы-

лы сымен  де  байланысты.  Бұл  терминге  тіл  білімінде  көп  зерттеушілер 



Ойт

оғыс

55

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

В.В.Подольскаяның пікірімен келісе отырып, онимдердің бір разрядтан екіншісіне 

ауысуы екенін растайды [2; 5; 7; 8]. Астана годонимдерінің қалыптасуында да 

трансонимизация  құбылысының  орны  үлкен.  Сонымен  қатар  трансонимиза-

ция байырғы қазақ ономастикасына да жат емес. Енді талдаулардың жүйелілігі 

үшін әуелі қазақ халқының атау беру дәстүріне, яғни топонимизация мәселесіне 

тоқталуға тура келеді. Көшпелі ғұмыр кешкен халқымыз ұлан-ғайыр кеңістікте 

жылдың  төрт  мезгілі  бойына  айнала  көшіп  жүрді.  Осы  аумақтың  әр  жеріне 

өзіндік ерекшеліктері бойынша атау бермей тұрып кеңістікті игеру мүмкін емес 

еді.  Қоныс  жағдайы  (Салқын  бел,  Саумал  тау),  ондағы  клиаттың  ерекшелігі 

(Жылысай, Суықсай), географиялық нысандардың сипаты (Шоқпар тас, Шұбар 

тау, Шыңбұлақ), ол жерлерде өсетін өсімдіктер (Шілікті, Ырғайлы, Қарағайлы, 

Аршалы,  Жусанды)  мен  жануарлардың  түрлері  (Қоянды,  Арқарлы,  Құланды) 

т.б. географиялық нысандарды сипаттау мақсатында әуелі жалпы есім ретінде 

пайда болып, кейін жалқы есімдерге айналған. Табиғат ресурстары атауларының 

көпшілігі  келе-келе  топонимжасамдық  компоненттер  мен  қосымшаларға  ай-

налды.  Мысалы,  су  (Ақсу,  Көксу,  Қарасу,  Сарысу  т.б.),  көл  (Ақкөл,  Тереңкөл, 

Төбекөл, Танакөл т.б.), тал (Көктал, Қаратал, Бозтал т.б.), қамыс (Шиқамыс, 

Томарқамыс, Тамқамыс т.б.), өзен (Шиліөзен, Қырөзен, Қоғаөзен т.б.), бұлақ 

(Ақбұлақ,  Қарабұлақ,  Ұзынбұлақ,  Молдабұлақ  т.б.),  құм  (Аққұм,  Жалпаққұм, 

Қызылқұм т.б.) т.б. көптеген сөздер топоним жасаушы қызметімен ерекшеленді. 

Құрылымдық жүйесіндегі осы ерекшелігіне қарай қазақ тілінде топонимжасам 

сөзжасамның бөлек саласы ретінде қалыптасты [4].

Қазақ  тіліндегі  байырғы  топонимдер  түрлері  қала,  елдімекен  (ойконим), 

географиялық нысандар, орман, гидронимдер т.б. салаларға қарай бөлінеді. Бұл 

атаулардың көпшілігі негізінен бір разрядтан келесісіне ауысып жүре береді, ол 

қазақ ономастикасында заңдылық ретінде қалыптасқан құбылыс. Табиғатындағы 

бейімділік мұндай топонимдердің тілде атау ретінде нормалануына ықпал етеді. 

Мысалы, Ақсу, Көксу, Қарабұлақ, Ұзынбұлақ, Көктал, Қаратал т.б. атауларының 

шығу уәждері сол жердегі гидронимдермен және өсімдік (ағаш) түрімен байла-

нысты. Құрамындағы су, тал, бұлақ сөздері олардың топоним түрі екенін және 

гидронимдер класына жататынын білдіріп тұр. Алайда шығу уәждері бойынша 

солай болғанмен, бұл атаулар гидрониммен қатар ойконим, ороним қызметінде 

атқаруы  мүмкін.  Мысалы, 




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал