Ономастикалық хабаршы №1 (33) 2017



жүктеу 0.64 Mb.

бет2/7
Дата07.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Ә

ӘЙЕЛ ЕСІМІ қара: кісі есімі, әйел.



Б

БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН АТАУ – басқа тілден қолданысқа ену нәтижесінде 

қалыптасқан атау. Мыс.: Алина, Руслан, Анель т.б.

БАТИОНИМ – су асты мұхит ландшафтындағы кез келген объект атауы.

БЕЙАНТРОПОНИМДЕНУ – бейонимденудің (қара) жекелеген түрі.

Антропонимнің (қара) апеллятивке немесе басқа оним түріне өтуі. Мыс.: Иуда 

– сатқын, Гагарин – селеноним – Гагарин, Назарбаев – Назарбаев университеті, 

Сүлеймен Демирел – Сүлеймен Демирел университеті, Батист- батист, Холеген 

– хулиган т.б.

БЕЙЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ФАКТОР [ономастикада] (экстралингвистикалық 

фактор, экстралингвистикалық мәлімет) – жалқы есім қалыптасатын физикалық, 

әлеуметтік, психологиялық ақиқат болмыс пен үдерістерге қатысты тілден тыс 

фактор.

БЕЙОНИМДЕНУ – жалқы есімдердің жалпы есімдерге ауысуы. Мыс.: Лом-



бардия  (Солтүстік  Италия)  –  ломбард  (алтын  заттарды  қабылдайтын  орын), 

Қарабай – қарабайшылық.

БЕЙТОПОНИМДЕНУ (қара: топоним) – бейонимдену үрдісінің бір түрі, яғни 

жер-су атауларының жалпы есімге ауысуы.

БИБЛИОНИМ – идеоним түрі; көркем, діни, ғылыми, саяси жазба шығарма-


15

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

ларының атауы. Мыс.: Көксерек, Сұлушаш, Сәбит сүйген сұлулар, Абай жолы, 

Аласапыран.

БИНАРЛЫ ОППОЗИЦИЯ [ономастикада] – негізгі лексемалары және анто-

нимдік анықтамалары ұқсас атау арқылы белгілі бір бірімен байланысқан ны-

сандарды бір біріне қарсы қою. Мыс.: Үлкен Алматы өзені, Кіші Алматы өзені.

БИОНИМ – тірі ағза атауы, соның ішінде антропоним, зооним.

БІРЕГЕЙЛЕНДІРУШІ  ҚЫЗМЕТІ  –  атаудың  әлеуметте,  қоғамда  объектіні 

ажы рату,  яғни  белгілі  бір  әлеуметтік  тапқа  қатысын  көрсету  арқылы  қызметі. 

Мыс.:  Еламан,  Ақбала  қазақ  халқына  тән  есімдер  немесе  бірегейлендіруші  и 

жұрнағы арқылы белгілі бір тұлғаның белгілі бір елдімекен немесе ру/тайпадан 

шыққанын көрсететін болған: әл-Фараби, Жалайри т.б.



В

ВЕНУСОНИМ – астротопоним түрі; Венерадағы кез келген табиғи- физикалық 

объект атауы.

Г

ГЕЛИОНИМ – гидронимнің түрі; тұзды‚ батпақты жердің атауы.

ГЕЛИОНИМИЯ – гелионимдердің жиынтығы.

ГЕМЕРОНИМ – идеоним түрі; басылым орындарының атауы, соның ішінде 

газет,  журнал,  ақпарат  бюллетеньдердің.  Мыс.:  Ана  тілі,  Айқын,  Егемен 

Қазақстан, Зерде, Түркістан, Жас Алаш.

ГЕНЕТИВТІ  АТАУ  –  өзі  жасалған  атаудың  генетивті  формасы  сақталған 

жалқы есім. Мыс.: топонимдер: Арал өзені; урбаноним: Мақатаев көшесі.

ГЕНОНИМ  –  рудың‚  тайпаның‚  тайпалық  одақтың  атауы;  генонимдер‚ 

негізінен‚  түркі  және  моңғол  халықтарына  тән  болып  келеді.  Мыс.:  қыпшақ‚ 

алаша‚ байбақты‚ жетіру т.б.

ГЕНОНИМИЯ (қара: геноним) – генонимдердің жиынтығы.

ГЕНОТОПОНИМ  –  генонимдердің  қатысымен  жасалған  жер-су  атаулары. 

Мыс.: Күшпенкөл‚ Алашакөл‚ Есен т. б.

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ – географиялық терминдер жиынтығы.

ГЕОРАФИЯЛЫҚ  ТЕРМИН  (ГТ)  (детерминатив)  –  нақты  географиялық 

реалийді (нысанды), ұғымдарды білдіретін сөздер. Ол түрге не типке қатысты 

болуы мүмкін. Мыс.: өзен, бұғаз, батпақ, арал, теңіз, шың, шөл, қала, ауыл, көл, 

тау, т.б.

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУ – қара: топоним.

ГЕОНИМ  (геотопоним)  –  1.  Селеноним,  марсионим,  меркурионимдермен 

салыстырғанда жер бетіндегі кез келген табиғи-физикалық нысан атауы. Мыс.: 

Ертіс өзені, Іле өзені, Тынық мұхит, Алатау, Қаратау, Ұлытау, Үнді мұхиты т.б.

ГЕОНИМДІ – геонимге қатысты сын есім.



16

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

ГЕОНИМИЯ – геонимдер жиынтығы.

ГЕОТОПОНИМ қара: геоним.

ГЕОРТОНИМ – мемлекет тарапынан бекітілген‚ халық арасында сақталған 

мерекелер мен ерекше күндердің атауы. Мыс.: Жеңіс күні‚ Желтоқсан оқиғасы‚ 

Ақтабан шұбырынды т. б.; кейбір геортонимдер топонимдерден қалыптасады. 

Мыс.:  Аңырақай  шайқасы  деп  аталатын  тарихи  күн  Аңырақай  топонимінен 

қалыптасқан.

ГЕРАЛЬДИКАЛЫҚ АТАУ – онда белгіленген немесе соған қатысы бар гераль-

дикалық белгіге байланысты тағылған жалқы есім.

ГИБРИД АТАУ – екі немесе бірнеше тілдің лексикалық немесе морфологиялық 

элементтерінен құралған атау, негізінен, қос тілді атау. Мыс.: Өскемен, Семей.

ГИДРОДЕТЕРМИНАТИВ – гидронимдердің құрамында қолданылатын геог-

рафиялық термин. Мыс.: қопа‚ қамыс‚ су‚ сай‚ көл т. б.

ГИДРОНИМ  –  топонимнің  бір  түрі‚  су  объектілерінің  жеке  атауы.  Мыс.: 

Жайық‚ Талас‚ Шалқар‚ Ертіс‚ Балқаш т. б.

ГИДРОНИМДЕНУ (қара: гидроним) – жалпы есімдердің (апеллятив) номи-

нативтік  қызметінің  өзгеруіне  байланысты  гидронимдер  қатарына  ауысуы. 

Мыс.: Қазақстан территориясында Қопа‚ Өзен‚ Жыра сияқты атаулар кездеседі. 

Осы топонимдер кезінде жалпы есімдер болатын. Олар белгілі бір географиялық 

нысанның жеке атауына айналған.

ГИДРОНИМИКА (қара: гидроним) – топонимиканың су атауларын зерттейтін 

сала.

ГИДРОНИМИКОН (қара: гидроним) – белгілі бір аймақтағы су атауларының 



тізімі немесе сөздігі.

ГИДРОНИМШІ – гидронимдерді зерттеуші ғалым.

ГИДРОНИМДІК – гидронимикаға қатысты сын есім. Гидронимдік калька – 

сөзбе сөз аудару арқылы алынған гидроним. Мыс.: Қара теңіз – Черное море, 

Жерорта теңізі – Средиземное море.

ГИДРОНИМИЯ (қара: гидроним) – гидронимдердің жиынтығы.

ГИНЕКОНИМ – антропоним түрі; әйелінің есімі немесе лақап аты бойынша 

атау.


ГИППЕРТҮЗЕТІЛГЕН ФОРМА – түп-төркіні дұрыс анықталмағаннан неме-

се орфографиялық ережені дұрыс қолданбағаннан қате түзетілген жалқы есімнің 

жалған түзетіліп берілуі. Мыс.: Алма-Ата.

ГИППЕРТҮЗЕТУШІ ФОРМАНТ – гиппертүзетілген атаудың қосымшасы.

ГИППОНИМ – зооним түрі, жылқы атауы. Мыс.: Шалқұйрық, Құлагер, Тай-

бурыл.


ГЛЯЦИОНИМ – топоним түрі, мұздықтардың атауы.

ГОДОНИМ – урбанонимнің түрі; қала көшелерінің‚ даңғылдарының‚ ықша-



17

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

маудандарының атауы. Мыс.: Алматы қаласында Абай көшесі, Абылайхан даң-

ғылы, Алмагүл ықшамауданы бар.

ГОДОНИМИЯ – годонимдер жиынтығы.

ГОДОНИМДІК – годонимге қатысты сын есім формасы.

Д

ДЕМИНУТИВТІ АТАУ – деминутив жұрнағы арқылы жасалған мәтін ішіндегі 

кішірейту-еркелету мағынасы бар есім. Мыс.: Қайрош, Асантай, Бақалөк.

ДЕНОТАТ – жалқы есім тағылған кез келген нысан.

ДЕПРОПРИАТИВ  –  трансонимдену  (қара)  нәтижесінде  басқа  жалқы  есім-

дерден қалыптасқан атау. Мыс.: тау атауы Алатау – кинотеатр атауы Алатау, өзен 

атауы Кеген – ауыл атауы Кеген, кісі есімі Иманәлі – фирма атауы Иманәлі.

ДЕРИВАТТЫ АТАУ – туынды атау.

ДЕТЕРМИНАТИВ – қара: географиялық термин.

ДИАЛЕКТІЛІК АТАУ – 1. Диалектілік лексемалар мен форманттар негізінде 

қалыптасқан атау. 2. Атаудың диалектілік нұсқасы.

ДИГНИТОНИМ қара: құрметті атау.

ДИСФЕМИЗМ, какофемизм – ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданы-

латын  зат,  құбылыс  атауларын  неғұрлым  дөрекі,  тұрпайы  сөздермен  ауысты-

рып айту. Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. 

Дисфемизм кеміту, қорлау, жаратпау ұғымын тудырады. Дисфемизмдер – әдеби 

тілдің  үлгісіне  жатпайды.  Бұлар  көбінесе  көркем  шығармада  ауызекі  тілдің 

сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшарасады. Сол арқылы әр жазушы 

өзінің  қаһарманының  мінез-құлқын,  іс-әрекетін,ой-өрісін  бейнелеп,  нақтылы 

шынайы бейнесін жасайды.

ДРИМОНИМ – топонимнің түрі; орман‚ тоғай атаулары. Мыс.: Роща Баума, 

Беловежская пуща, Сосновый бор.

ДРОМОНИМ – топоним түрі; кез келген байланыс жолдары: жер үсті‚ су‚ 

жер асты‚ әуе қатынас атаулары. Мыс.: Жібек жолы, Қасқа жол.



Е

ЕКІНШІЛІК АТАУ – әртүрлі тәсілдер арқылы жалпы есімнің немесе жалқы 

есімнің екінші разрядқа ауысуы арқылы жалқы есім қызметін атқаруы; екіншілік 

атау  құралдары  (эпитеттер,  перифраздар,  синонимдер,  есімдікті  субституттар, 

аппроксимация).

ЕТІСТІКТІ АТАУ (вербалды атау, императивті атау) – етістік формасынан не-

месе есімшеден қалыптасқан кез келген жалқы есім, нақтырақ айтсақ, топоним-

сөйлем, етістікті топоним, етістікті антропоним, етістікті зооним. Мыс.: Бөген 

өзені, Есіл өзені, Сағындық, Бұзау жарған т.б.


18

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Ж

ЖАЛҚЫ ЕСІМ – бір түрге жататын басқа объектілерден аталмыш объектті 

ажырататын,  жекелейтін  сөз,  сөз  тіркесі  немесе  сөйлем;  соның  ішінде  жалқы 

есімнің әр түрлерін құрайтын антропоним, топоним, зооним, космоним, астро-

ним, анемоним, теоним, идеоним, прагматоним, фитоним, хрематоним т. б.

ЖАЛҚЫ  ЕСІМНІҢ  ХАРИЗМАТИКАЛЫҚ  ҚЫЗМЕТІ  –  жалқы  есімдердің 

табу, яғни діни-харизматикалық қызметі халықтың мәдениеті мен экономикасы-

на қатыссыз әмбебап, яғни барлық халықтарға тән. Мыс.: Итбай т.б.

ЖАЛПЫ ЕСІМ қара: апеллятив.

З

ЗООНИМ – оним түрі; жан-жануарлар мен хайуанаттар атауы. Мыс.: Ақтөс, 

Ақжол, Құттыаяқ, Күреңтөбел т.б.Антропозооним – кез келген антропонимнен 

қалыптасқан зооним. Мыс.: мысық – Васька, ит – Мухтар, сиыр - Марта т.б. То-

позооним - кез келген топонимнен қалыптасқан зооним.

Мыс.: ит – Амур, Байкал, жылқы – Казбек т.б.

ЗООНИМДІК – зоонимге қатысты сын есім формасы.

ЗООНИМИКА (қара: зооним) – ономастиканың зоонимдерді зерттейтін сала-

сы.

ЗООНИМИЯ (қара: зооним) — зоонимдердің жиынтығы.



ЗООФОРЛЫ АТАУ – жануар атауынан қалыптасқан кез келген жалқы есім, 

соның ішінде топоним, гидроним, космоним, антропоним. Мыс.: Қоянқұс ауы-

лы, Щучье көлі т.б.

И

ИДЕОНИМ – оним түрі; адам қызметінің ойлау, идеологиялық, көркем аясын-

дағы әр түрлі денотаттары бар жалқы есімдер аталмыш терминге біріктірілген, 

соның ішінде артионим, библионим, гемероним, геортоним, поэтоним т. б.

ИМПЕРАТИВТІ АТАУ қара: етістікті атау.

ИНДИГЕНДІ АТАУ – бастапқы (түп-төркін) жалқы есім.

ИНДИКАТОР қара: термин-индикатор.

ИНСУЛОНИМ – кез келген арал атауы. Мыс.: Мадагаскар, Әулие Елена ара-

лы, Диксон, т.б.

ИНФОРМАНТ  –  тілде  қалыптасқан  не  қолданылатын  атау,  сол  тілде 

сөйлейтіндердің атауға қатысы туралы мәлімет беретін табиғи тіл иесі, негізінен, 

зерттелетін аймақтың тұрғыны.

ИРРАДИАЦИЯ [топонимнің] берілген нысанның географиялық атау негізінің 

басқа, жақын жатқан нысандарға таралуы. Мыс.: Арал теңізі, Арал қаласы; Та-

лас өзені, Талас ауданы т.б.


19

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

К

КАЛЬКА қара: атау-калька.

КАНОНДЫҚ АТАУ қара: жалқы есім, канондық.

КАТОЙКОНИМ – жер атауы бойынша тұрғындарды атау. Мыс.: алматылық, 

астаналық, мәскеулік.

КВАЛИТАТИВ қара: жалқы есім, квалитативті.

КИНОНИМ – зооним түрі; ит атауы. Мыс.: Алаяқ, Саққұлақ, Бөрібасар, Ақжол.

КОММЕМОРАТИВТІ АТАУ қара: жалқы есім, мемориалды.

КОМОНИМ  –  ойконимнің  түрі;  ауылдық  елдімекен  атауы.  Мыс.:  Кеген, 

Нарынқол, Қарасу, Жекекөл.

КОМОНИМИЯ – комонимдер жиынтығы.

КОНТАМИНАЦИЯ – екі сөздің (атаудың) кірігуі нәтижесінде қалыптасқан 

жалқы есімдер. Мыс.: е.м. Қатынқырған, кісі есімі Қошкелді.

КОНЦЕПТ – адам санасының әлемді қабылдауда тек ұғыну ғана емес, эмо-

ционалды  баға  беру,  сезіну  негізінде  қалыптасқан  зат  немесе  құбылыс  тура-

лы  сығымдалған  ақпараттың  санада жүйеленген  ойды  тіл  арқылы жеткізудегі 

жеке  тұлға  мен  қоғамның  танымдық  әрекетінің  нәтижесі  ретінде  кешенді, 

энциклопедиялық ақпараттан тұратын, адам санасының ойлау кодының негізгі 

бірлігі болып табылатын дискретті менталды құрылым.

КОСМОНИМ – онимнің түрі‚ галактика мен ғарыш денелерінің‚ жұлдыздар 

мен жұлдыз шоғырының атаулары. Мыс., Жеті қарақшы, Құс жолы.

КОСМОНИМИЯ (қара: Космоним) – космонимдердің жиынтығы.

КРИПТОНИМ – жасырылған‚ шифр арқылы берілген кез келген жалқы есім. 

Мыс., М.Ә.‚ М. – М.Әуезов, Б.М. – Б. Майлин.

КТЕМАТОНИМ – қара. Хрематоним.

Л

ЛИМНОНИМ  –  гидронимнің  түрі;  көлдер  мен  тоғандардың  атауы  Мыс., 

Балқаш, Сасықкөл, Алакөл, Жалтыркөл.

ЛИТОНИМ – топоним түрі; жағалаудағы табиғи кез келген объекттің атауы, 

нақ-тырақ, шығанақ, тас, мыс., Оқжетпес, Жұмбақ тас.

М

МАКРОТОПОНИМ  –  ірі  физикалық-географиялық  объектінің  атауы,  мыс., 

Сарыарқа‚ Ақжайық‚ Нарын‚ Бетпақ дала‚ Қызылқұм т. б.

МАРСИОНИМ  –  астротопонимнің  түрі;  Қызылжұлдыздағы  кез  келген 

табиғи-физикалық объекттің атауы.

МАТРОНИМ – анасы есімінің дериваты: анасы есімінен қалыптасқан лақап 

аты‚ «әкесінің атың‚ анасының лақап атынан қалыптасқан фамилия.


20

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

МЕНСОНИМ  –  эргонимнің  (қара.)  түрі,  кез  келген  тағамхана  (азық-түлік 

дүкені‚ мейрамхана‚ кафе т. б.) атаулары, мыс., кафе Дәм мерекесі, мейрамхана 

Алтын адам, дүкен Керемет.

МЕРКУРИОНИМ – астротопоним түрі; Есекқырғандағы кез келген табиғи-

физикалық объекттің атауы.

МИКРОТОПОНИМ (шағынтопоним) – кең қауымға беймәлім географиялық 

объектілердің атаулары.

МИФОНИМ  –  мифтердегі,  эпопея,  ертегілердегі,  жырлардағы  кез  келген 

ономастикалық кеңістік аясындағы атау, мыс., Құлагер, Шалқұйрық, Қобыланды 

батыр, Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба.

Н

НЕКРОНИМ – топонимнің түрі; зират, бейіттер мен молалардың атауы, мыс., 

Кеңсай, Ваганьковское кладбище.

НОМИНАЦИЯ – атау беру үрдісі.



О

ОЙКОДОМОНИМ – ғимарат атауы. Мыс., Республика сарайы, Оқушылар са-

райы, Студенттер сарайы.

ОЙКОНИМ – топоним түрі; кез келген елді мекен (ауыл‚ село‚ кент‚ қала) 

атауы; ойконим астионим және комоним болып бөлінеді.

ОЙКОНИМИКА (қара: Ойконим) – топонимиканың ойконимдерді зерттейтін 

саласы.

ОЙКОНИМИКОН (қара: Ойконим) – ойконимдердің тізімі немесе сөздігі.



ОЙКОНИМИЯ (қара: Ойконим) – ойконимдердің жиынтығы.

ОКЕАНОНИМ – гидронимнің түрі; мұхиттар атауы. Мыс., Атлант мұхиты, 

Солтүстік Мұзды мұхит, Үнді мұхиты.

ОНИМ – қара. Жалқы есім.

ОНИМИЯ (қара: Оним) – жалқы есімдердің (онимдердің) жиынтығы.

ОНОМАСТИКА – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы.

ОНОМАСТИКАЛЫҚ  КЕҢІСТІК  –  белгілі  бір  жалқы  есімдердің  таралу 

аймағы немесе жалқы есімдердің тобы; ономастикалық кеңістік топонимия‚

антропонимия‚ зоонимия‚ теонимия сияқты топтардан тұрады.

ОНОМАСТИКАЛЫҚ ӘДІС – ономастика саласында атаулар сырын танудың 

жолы; ономастикалық әдістер бірнеше түрден тұрады: стратиграфиялық‚ құ ры-

лымдық‚ ареалды‚ туыстық‚ типологиялық‚ этимологиялық; әр атаудың қалып-

тасу жолдары мен ат берілу себептерін анықтауда осы әдістердің біреуін немесе 

бірнешеуін пайдалануға болады.

ОНОМАСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ – ономастика саласындағы 

зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы.



21

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

ОРОНИМ  –  топонимнің  түрі‚  тау‚  қырат‚  шың  атаулары.  Мыс.,  Алатау‚ 

Хантәңірі‚ Алтай‚ Орал‚ Қаратау т. б.

ОРОНИМИКА – топонимиканың оронимдерді зерттейтін саласы.

ОРОНИМИЯ – оронимдердің жиынтығы.

П

ПАТРОНИМ – әкесінің есімі немесе лақап атының дериваты: әкесінің немесе 

атасының есімі немесе лақап аты бойынша адамға лақап ат немесе фамилия беру.

ПЕЛАГОНИМ – океанонимнің түрі, кез келген теңіз немесе оның бөлігінің 

атауы. Мыс., Каспий теңізі, Арал теңізі.

ПЛАНЕТОНИМ – онимнің түрі, кез келген аспан денелеріндегі табиғи- физи-

калық объекттің жалқы есімі; нақты айтқанда‚ марсионим‚ селеноним‚ венусо-

ним т. б.

ПОЛИОНИМИЯ (көпонимді) – көп атқа ие болу‚ яғни бірнеше атауы болу.

ПОРЕЙОНИМ – кез келген көлік түрінің атауы. Мыс., Қазақстан поезі, Авро-

ра крейсері, Восток-1 ракетасы.

ПОТАМОНИМ  –  топонимнің  түрі;  өзендердің  атауы.  Мыс.,  Іле‚  Талас‚ 

Жайық‚ Шаған т. б.

ПРАГМАТОНИМ – оним түрі; адамның күнделікті қызмет аясындағы дено-

тат атаулары, соның ішінде тауароним‚ прагмоним, эргоним, фалероним, хрема-

тоним, порейоним т. б.

ПСЕВДОНИМ – бүркеншік ат (қара: Лақап ат).

Р

РЕГИОНИМ – тіл білімі, тарихи, географиялық, этнографиялық, лингвомәдени 

т. б. мәліметтер бойынша ономастикалық зерттеуге алынған белгілі бір аймақтың 

атауы. Мыс., Шығыс Қазақстан, Өр Алтай, Ертіс қойнауы, Солтүстік Қазақстан.

РЕЛИКТІ ҚОСЫМШАЛАР – топонимдердің құрамында кездесетін‚ бүгінгі 

тілімізде  дәл  сол  күйінде  қолданылмайтын  көне  тұлғалар.  Мыс.‚  Жымпиты‚ 

Аңқаты‚ Бұлдырты‚ Қалдығайты‚ Өлеңті‚ Шідерті топонимдерінің құрамында 

кездесетін -ты‚ -ті тұлғалары реликті қосымшалар болып есептеледі.

РЕЛИКТІ  ҚҰРЫЛЫМДАР  –  реликтілік  қосымшалардың  қатысымен 

қалыптасқан жер-су атаулары.



С

СЕЛЕНОНИМ – планетонимнің түрі; Айдағы кез келген табиғи объекттің атауы.

СЕЛЕНОНИМИКА (қара: Селеноним) – селенонимдерді зерттейтін ономас-

тика саласы.

СӨЗЖАСАМ (ономастикалық) – онимдердің жасалу жолдары мен тәсілдерінің 

жиынтығы.



22

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

СПЕЛЕОНИМ – ороним түрі; кез келген табиғи жер асты объектілердің атауы‚ 

соның ішінде: үңгір‚ құдық‚ жар‚ лабиринт‚ сифон‚ жер асты өзен т .б. атауы.

СПЕЛЕОНИМИЯ (қара: Спелеоним) – спелеонимдер жиынтығы.

СПИРИТОНИМ – аруақ аты. Мыс.: Ғайып баба, Оқшы ата, Райымбек ата т.б.

СТРАТИГРАФИЯ (топонимиялық) – топонимдердің қалыптасуын белгілейтін 

тарихи қабаттар.

Т

ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК  ФАКТОР  –  жалқы  есімдердің  (топонимдердің, 

антропонимдердің, зоонимдердің, эргонимдердің т. б) қалыптасуында қоғамдық-

саяси оқиғалардың‚ тарихи-әлеуметтік жағдайлардың себепші болуы.

ТЕОНИМ – кез келген пантеондағы құдай аты. Мыс., Алла, Құдай, Зевс, Гера, 

Будда, Кришна.

ТЕОНИМИЯ  (қара.  Теоним)  –  белгілі  бір  аймаққа,  халыққа,  шығармаға, 

мерзімге қатысты теонимдер жиынтығы.

ТЕРМИН-ИНДИКАТОР  –  топонимдердің  құрамында  келіп‚  олардың 

топонимдердің  қай  түріне  жататынын  анықтап  отыратын  географиялық  тер-

мин; егер топонимдер су‚ сай‚ қамыс сөздердің қатысымен жасалса‚ ондай то-

понимдер  гидронимдер  тобына‚  ал  тау‚  шоқы‚  қыр‚  асу  сөздерінің  көмегімен 

қалыптасса оронимдер тобына кіреді; термин-индикаторлардың детерминатив-

тер‚ географиялық терминдер‚ халықтық терминдер деген атаулары да бар.

ТОПОНИМ  –  онимдердің  бір  түрі;  топонимдерді‚  көбінесе‚  жер-су  атау-

лары  деп  те  атаймыз;  топонимдер  -  жер  бетіндегі  табиғи  объектілердің  және 

адамдардың табиғатты игеру үрдісі нәтижесінде қалыптасқан объектілердің ата-

улары;  топонимдер  өз  ішінен  ойконимдер‚  гидронимдер‚  оронимдер‚  урбано-

нимдер‚ некронимдер т. б. түрлерге бөлінеді.

ТОПОНИМДІК – сын есім, топонимге қатысты. 

ТОПОНИМДІК АЙМАҚ – белгілі бір жер-су атауларының таралу аймағы;

ТОПОНИМДІК  КАРТА  –  топонимдердің  немесе  олардың  кейбір  элемент-

терінің орналасу аймағын сипаттайтын географиялық атлас;

ТОПОНИМДІК ҚАТАР – құрылымы‚ топонимдік моделі бірдей жер-су атау-

ла рының тобы;

ТОПОНИМДІК ЛЕКСЕМА – топонимдер қалыптастыруға қатысатын сөздер;

ТОПОНИМДІК  ТЕРМИНОЛОГИЯ  –  топонимдерді  сипаттайтын  ғылыми 

терминдердің жиынтығы;

ТОПОНИМДІК  УӘЖ  –  жер-су  атауларының  қалыптасуына  негіз  болған 

жағдай‚ себеп.

ТОПОНИМДЕНУ  (қара:  Топоним)  –  жалпы  географиялық  терминдердің 

(детерминативтердің) ешбір қосымшасыз топонимдерге айналуы; мыс., сын есім 

жіңішке – бұлақ атауы Жіңішке, сын есім қақ – көл атауы Қақ.

ТОПОНИМИКА (қара: Топоним) – ономастиканың топонимдерді зерттейтін 



23

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

саласы;  топонимика  жер-су  атауларының  қалыптасу  себептерін‚  пайда  болу 

ерек шеліктерін‚ даму жолдарын және қолданылу жайын тексереді.

ТОПОНИМИКОН (қара: Топоним) – топонимдердің сөздігі немесе тізімі.

ТОПОНИМИСТ – топонимдерді зерттеуші.

ТОПОНИМИЯ (қара: Топоним) – топонимдердің жиынтығы.

ТРАНСАНТРОПОНИМДЕНУ – трансонимденудің бір түрі;

антропонимнің бір түрінен екінші түріне ауысуы.

ТРАНСКРИПЦИЯ – қабылдаушы тіл графемасы арқылы шет тілді атау фоне-

масын жеткізу.

ТРАНСЛИТЕРАЦИЯ  –  белгілі  бір  әліпбимен  жазылған  жекелеген  жалқы 

есімдерді екінші бір әліпбидің әріптерімен таңбалау. Мыс., қаз. Дәулет – орыс 

Даулет – ағылш. Daulet.

ТРАНСОНИМДЕНУ  –  жалқы  есімдердің;  мыс.,  антропонимдердің  (кісі 

аттарының),  ешбір  қосымшасыз  басқа  жалқы  есімдерге,  мыс.,  топонимдерге 

айналу үрдісі; трансонимдену тәсілі арқылы антропонимдерден жасалған топо-

нимдерді  антропотопонимдер,  топонимдерден  жасалған  антропонимдерді  то-

поантропонимдер, антропонимдерден жасалған космонимдерді антропокосмо-

нимдер т. б. деп атайды.

ТРАНСТОПООНИМДЕНУ  –  топонимдердің  бір  кластан  екінші  бір  класқа 

ауысып‚ жаңа объектінің атауы ретінде жұмсалуы. Мыс.‚ Шыңғырлау – 1) өзен 

атауы‚ гидроним; 2) аудан орталығы‚ ойконим; Бұлдырты – 1) өзен атауы‚ гидро-

ним; 2) кеңшар орталығы‚ ойконим т.б.

У

УӘЖДІ АТАУЛАР – ішкі уәжді формадан тұратын, уәжі анық есімдер.

УРАНОНИМЫ – кез келген рудың ұран атауы. Мыс.: Аруақ-аруақ; Абылай.

УРБАНОНИМ  (урбоним)  –  топонимнің  түрі;  қала  ішіндегі  кез  келген 

топографиялық объект атауы; соның ішінде агороним‚ годоним‚ хороним, т.б.

Ф

ФАЛЕРОНИМ – кез келген медаль‚ орден‚ ерекшелік белгілер атауы. Мыс., 

Парасат ордені, Барыс ордені, Алтын алқа медалі.

ФИТОНИМ – өсімдіктердің атаулары. Мыс., раушангүл Виктория, лилия Венера.

ФИТОНИМИЯ – фитонимдердің жиынтығы.

Х

ХАЛЫҚТЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТЕРМИН – жергілікті географиялық‚ белгілі 

бір аймақта ғана қолданылатын детерминативтер. Мыс.‚ қопа‚ самар терминдері 

Батыс Қазақстан аймағында жиі қолданылады.

ХОРОНИМ  –  топоним  түрі;  кез  келген  территория‚  облыс‚  аудан  атауы‚ 

соның  ішінде  әкімшілік‚  қалалық‚  табиғи  хоронимдер  болады.  Мыс.,  Шығыс 



24

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Қазақстан, Орта Азия, Еуразия, Алматы облысы, Қызылжар ауданы.

ХРЕМАТОНИМ  –  оним  түрі;  материалды  мәдениет  заттары  атауы‚  соның 

ішінде қару-жарақ‚ музыкалық аспап‚ зергерлік заттар т. б. атаулары.

ХРОНОНИМ – оним түрі; уақыт кесіндісі атауы.



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал