Ономастикалық хабаршы №1 (33) 2017



жүктеу 0.64 Mb.

бет1/7
Дата07.09.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ОНОМАСТИКАЛЫҚ

ХАБАРШЫ

№ 1 (33)

2017

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы 

Республикалық ономастика комиссиясының бюллетені

ОНОМАСТИКАЛЫҚ

ХАБАРШЫ

№1 (33)

Құрылтайшы:

Қазақстан Республикасы  Мәдениет 

және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және  қоғамдық-

саяси жұмыс комитеті

ҚР Ақпарат министрлігінде 

тіркеліп, тіркеу туралы 

2004  жылғы 11 тамызда 

 №5336 – Ж куәлігі берілген.

Редакциялық алқаның 

төрағасы:

А. Мұхамедиұлы 



Редакциялық алқа құрамы:

А. Баталов

Қ. Асылов 

Ғ. Мелдешов 

Ж. Ерғалиев 

А. Смағұлов

Х. Әбжанов 

Н. Уәли 


А. Жартыбаев

С. Иманбердиева 

Д. Қыдырәлі 

С. Әбдірахманов 

Т. Жақсылықов

Т. Қышқашбаев

М. Серікбайұлы

Н. Жүсіп 

С. Негимов

Бас редактор

Қ. Әбіл


Бас редактордың орынбасары

Г. Құбашева



3

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Зиба Құламанова

Тараз қаласы М.Х.Дулати атындағы Тараз 

мемлекеттік университетінің доценті,

филология ғылымдарының кандидаты

ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ - ТУҒАН ӨЛКЕ, 

АТАМЕКЕН, ОНОМАСТИКА

Мемлекеттік тілге деген қамқорлықты Елбасының ана тіліміз туралы әр жыл-

дары айтылып, қанатты сөзге айналған төмендегідей тұжырымдарынан да көруге 

болады: «Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас», «Ана 

тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», «Қиын кезеңдерде 

ұлтты қожыртпаудың қуатты қаруы болған қазақ тілі бүгінгі азат өмірімізде де 

ұлтты тұтастандырудың тегеурінді тетігі болуға тиіс», «Қазақ пен қазақ қазақша 

сөйлессін», «Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады», т.б.

Республикамыздың  ел  бірлігі  доктринасында  мемлекеттік  тіл  ұлттық  және 

рухани  бірліктің  басты  факторы,  шешуші  басымдығы  ретінде  айқындалған. 

Оны  меңгеру  әрбір  азаматтың  міндеті  мен  парызы  болып  табылуымен  қатар, 

жеке  бәсекеге  қабілеттілігі  мен  қоғамдық  өмірге  атсалысудағы  белсенділігін 

айқындайды.  Елімізде  қазақтар  санының  айтарлықтай  басымдыққа  ие  болуы, 

басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген оң бетбұрысы, Үкіметтің жүйелі 

тілдік саясаты – Президент көрсетіп отырған міндеттерді белгіленген мерзімде 

орындаудың шешуші факторлары болып табылады.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік тұғырынан көрінген тұста халқымыздың 

асыл қазыналарына жаңа жол ашылды. Осы жолда бұрын белгісіз, зерттелмей 

келген мұраларымыз қайта жарық көріп, халыққа орала бастады. 

Қ.Жұбанов:  «Тіл  –  адамзат  тарихының  қоймасы  тәрізді.  Жердің  тарихын 

білем дегендерге белгілі бір тәртіппен бірінің үстіне бірі орналасқан қатарлар 

арқылы  із  қалдырып,  жердің  геологиялық  дамуының  кезеңдерін  көрсететін 

жер қабаттары тәрізді тілдің де әрбір кезеңі даму тәртібіне сай тілде қаланып, 

қалыптасып  сақталады»,  –  деген  болатын  [1,170-б].  Проф.  Ж.Манкеева: 

«Тіл  халықтың  материалдық  қана  емес,  рухани  байлығының  көрсеткіші, 

тіл – халықтың рухы. Ия, бір заттың  атауы – ұлттық сана мен ұлттық талғам 

сабақтастығының  нәтижесінде  пайда  болып  қалыптасатын  туындының  тілдік 

бейнесі. Демек, тілдік атау белгілі бір затты ғана білдіріп қоймай, ұлттың өзіне 

тән дүниетанымдық ерекшелігіне сай туындаған тұрмыстық бұйымды атайды» 

[2, 28-б] деп жазады.

Ономастика, негізінен, – тіл білімінің кез келген жалқы есімін зерттейтін ілім.  

Кез келген тілдің лексикалық қорының негізгі қабатын жалқы есімдер құрайды. 



Рухани жаңғыру

4

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Нақты бір тарихи кезеңде бір территорияда орналасқан тілдік қауымдастықтың 

атаулар жиынтығын ономастикалық кеңістік деп атайды. 

Әдетте,  ономастикалық  кеңістікті  кез  келген  халықтың,  қауымдастықтың 

тілдік  құралдармен  белгіленетін  ақиқат  және  қиял  нысаналалардың  атаула-

ры  мен  есімдері,  яғни  онимдік  бірліктері  құрайды.  Ол  атаулар  моделіне  сай, 

қоршаған  ортаны    сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дүниетаным,  ұлттың  ой-

өрісі негізінде бөліктеу ерекшелігіне сәйкес жасалады. Қазақстанның ономаст, 

маман ғалымдары онимдік бірліктерді сегменттерге, топтарға бөлгенде, Батыс 

Еуропа және орыс ғалымдары жүйелеулеріне сүйенген. Осы орайда, көпшілікке 

ұғынықты  болу  үшін  қазақ  ономастикасының  басты  тармақтары  мен  топта-

рын әлемдік ономастика, одан бергі орыс ғалымы Н.Подольскаяның қолданған 

жүйесі негізінде көрсетуге болады. Ономастикалық кеңістік атаулары грек және 

латын тілінің негізінде интернационалдық терминдік элементтерден жасалған. 

Атап айтсақ, 1.Жер беті кеңістігі атаулары. 2.Жанды және жансыз болмыс атау-

ларына байланысты жер беті кеңістігі атаулары. 3.Адамның тіршілік аясындағы 

атаулар. 4.Ғарыш кеңістігі атаулары.

Ономастика  қазақ тілі лексикасының ажырамас бөлігі болғандықтан, ол ерек-

ше лексикалық жүйе ретінде қаралып,  оны зерттегенде жалпы тіл бөліміне тән 

методология мен әдістемені қолданып жүрміз. 

Ономастикалық зерттеудің мынадай негізгі бағыттары бар: тізімдегі ономас-

тикалық жүйелердің дамуы мен қолданыс аясын зерттейтін теориялық онома-

стика,  материалдарды  сипаттамалы  ономастика  атаулардың  шығу,  пайда  бо лу 

жолын, олардың бір атаудан екінші атауға ауысуын, атаулардың белгілі бір та-

ри хи  дәуірлерге  тәндігін  зерттейтін  тарихи  ономастика,  ономастикалық  мате-

риалдардың  күнделікті  тұрмыста  қолданылуы  жайлы  ұсыныс,  нұсқау  беретін 

қолданбалы ономастика, көркем әдебиет шығармаларындағы атауларды зерттеу-

мен шұғылданатын поэтикалық ономастика [3,35-б].

Ономастика  мәселесінің  ұлттық  сана  қалыптастырудағы  қарқынды  дамуы 

–  оның  саралануына  және  дамуына  себепші  факторлардың  бірі.  Ономастика 

салаларының бірнеше түрлерінің бар екендігін айта отырып, олардың ғылыми 

тұрғыдан зерттелу деңгейінің бірдей еместігін анық байқауға болады. Сондықтан 

қазақ  тіл  білімінің  маңызды  міндеттерінің  бірі  –  қазақ  ономастикасын  және 

оның жаңа бағыттарын кешенді түрде зерттеу болып табылады. Негізінде, бұл 

бағыттардың белгілі бір мақсаты, міндеті мен жол-жөні, әдістері болады.

Дәлірек айтсақ, қазіргі ономастика кешенді ғылым болып табылады: ол әртүрлі 

филологиялық,  гуманитарлық,  жаратылыстану,  әдебиеттану  ғылымдарының 

әдістері  мен  мүдделерін  қамтиды,  оның  дамуына  филолог-лингвистер,  фоль-

клоршылар, тіл тарихын зерттеушілер, әлеуметтанушылар, философ-логиктер, 

тарихшылар,  қоғамтанушылар,  географтар,  мифологтар,  астрономдар,  архео-



Рухани жаңғыру

5

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

логтар, мәдениеттанушылар, т.б. қатысады. Дегенмен ол ең алдымен тіл біліміне 

қатысты. Көпшілік мұны тек ономастика жеке ғылым статусын алғаннан кейін 

ғана XX ғасырда мойындады. Оның бергі жағында еліміз тәуелсіздік алғаннан 

кейін ономастика ғылымы қайта түлеп жаңғырды.

Шығыстың  кемеңгер  ойшылы  Конфуций  осыдан  екі  мың  жыл  бұрын 

Қытай  билеушілерінің  біріне  мемлекеттегі  істерді  оң  жолға  қоюды  атауларды 

дұрыстаудан бастау керектігі туралы: «Егер атаулар дұрыс болмаса, сөздердің 

негізі болмайды. Сөздердің негізі болмаған жағдайда, іс те жүрмейді және халық 

та не істерін білмейді», – деген екен. Жер-су атауларының феномені неде жатыр 

десек,  олар  –  тіліміздегі  ең  көне  сөздер  ретінде  аса  ерте,  есте  жоқ  замандар-

дан күні бүгінге дейін жеткен ұлтымыздың ұлы рухани мұрасы. Өзінің айрықша 

тілдік  табиғаты,  тұрақтылығымен  бізге  беймәлім  арғы  ата-бабаларымыздың 

тілінде өрнектелген ежелгі атаулардың қазіргі тілдік айналымында болып, қоғам 

қажетін өтеуінің өзі феномендік факт екендігі даусыз.

Бүгінгі күні ономастика ғылымының өзекті мәселелері қандай деген сауалға 

келсек, ономастика ғылымы – қоғамның ажырамас бөлігі. Өйткені адам дүниеге 

шыр етіп келгеннен бастап, оның есімі, оның туған жері, ата-анасы, тәрбиеленген 

балабақшасы, білім алған мектебі, оқыған кітаптары, тұрған көшесі, т.т. барлығы 

да онимдер арқылы анықталып отырады.

Ономастиканың  антропонимика,  топонимика,  этнонимимка,  зоонимимка, 

космонимика, гидронимика, оронимика, урбаноним, идеоним, дромоним, комо-

ним, астионим, ойконим, т.б. салалары бар. Антропонимдерге байланысты кісі 

есімдерінің аталу семантикасы, олардың орфографиялық нормаларына сәйкес 

жазылуындағы кездесетін қателіктер мен кемшіліктер жетерлік. Мәселен, жеке 

куәлік. 


Енді көше атаулары – урбанонимдер, жарнамалар, көрнекі ақпараттар туралы 

сөз етсек, өз алдына шешілмей жатқан мәселелері. Көше атауларына байланыс-

ты  қажетті  құжаттар  мен  негіздемелер,  тіпті  кейбір  көше  атауларының  нақты 

кімнің есіміне байланысты аталғандығы, атау берілген көшеге тек қана тегі жа-

зылып, кісінің есімінің кім екендігі белгісіз жағдайлар жиі кездеседі. 

Көрнекі ақпарат құралдарының тілді насихаттауға байланысты, Елбасы Жол-

дауы және Елбасының сөздері, халық даналығы мен әлеуметтік тақырыптарда 

жазылған билборд, арка, қалқан, бренмауэр, т.б. Заң талаптарының бұзылуына 

қатысты  өрескел  кемшіліктер  кездеспейді.  Тек  кейбір  көрнекілік  мазмұны 

түсініксіз. Дүкен, ломбард, ресторан, сұлулық салоны, қонақ үй және т.б. меке-

ме, нысандар жарнамаларында стилистикалық, грамматикалық, орфографиялық 

қателер өріп жүр және Заң талаптарына сай келмейді. 

Мәселен,  Тіл  туралы  заңның  талаптарына  сай  емес,  өшіп  қалған,  дұрыс 

аударылмаған  сөздер,  жарнамалар  жиі  кездеседі.  Көліктерде,  сыртқы  арнаулы 



Рухани жаңғыру

6

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

құралдарда, түрлі нысандарда сауда-саттық орындары үйлерінің, т.б. маңдайша 

жазулары  жиі  жолығады.  Заң  талабына  сай  емес.  Тек  орыс  тілінде  жазылған 

жарнамалар «Мир воздушных шаров», «Мясной мир». «Мир Дверей линолеума», 



«Безконтактная мойка. Химчистка ковров» және т.б. қаптап кездеседі.

Жарнама мазмұны, беретін ұғымы түсініксіз, сондай-ақ тілдік норма бұзылған, 

дұрыс  аударылмаған.  Мысалы,  –  «Құрбыңнан  қарызалдың  ба?  Тығылудың 

қажеті жоқ. (Ташкент көшесі). «Ерлер әлемі», «Жарық әлемі», «Есіктер әлемі», 

«Балалар әлемі», т.б. көрнекі ақпараттарда «әлемі» орынды, орынсыз қаптап 

кеткен.  Жамбыл  даңғылының  бойында:  «Қонақ  Гельберт  үйі»,  «Жайлы  дәм 

қытырлақ  болғанға  дейін  қуырылған».  Ниетқалиев  көшесінде  «Іс  шаралар,әр 

турлі, бір қатар». Ташкент көшесінде «Назар аударыңыз бейнебекіту». Қазыбек 

би көшесінде «Әйелдер, сөмкелер, аяқ қиімдер» т.б. соны көрсетеді.

Айта  берсек  сыртқы  көрнекі  ақпараттың  (жарнама,  маңдайша,  сыртқы 

безендіру құралдары, т.б.), соның ішінде, мемлекеттік тілде, орыс тілі, шет 



тілі,  адам  есімдері,  ұлт,  ру  атаулары,  кейбір  қысқартылып  аталған  атау-

лар, топонимикалық,  т.б. атауларға қатысты көптеген кемшіліктер мен қателер 

кездеседі. 

Шет  тілінде  атауы  қойылған  дүкендерге  оралсақ,  жазуы  көзге  жалтырап 

көрінгенімен,  мән-мағынасы  жөнінде  көпшілігі  хабарсыз.  Мәселен,  Қазыбек 

би  көшесінде  орналасқан  «Роко-коко»  дүкенін  алайық.  Бұл  дүкеннің  атын 

италияндық  бренд  атымен  қойған  екен.  Мағынасынан  дүкен  иелері  да  хабар-

сыз. Тек бренд екенін алға тартады. Ал «Bonita» дүкенінің атауы испан тілінен 

аударғанда «сұлу» деген мағынаны білдіреді. Бұл екі қатар орналасқан дүкендер 

шет  тілінде  қойылған  атаулардың  мағынасын  әрқайсысы  біле  бермейді.  Осы 

дүкендерге қарама-қарсы орналасқан, қазіргі таңда қыз балалардың жиі баратын 

киім дүкені «Banna Вanna». Banna деген фамилия бар-ды. Banna ислан тілінде - 

тыйым, ирланд тілінде  топ деген мағынаны білдіреді. 

Абай  даңғылында  орналасқан  танымал  «Extra»  дүкені  Түркияда  өндірілген 

тауарларды сатылымға шығарады. Ал бұл дүкеннің өзі сол фирманың филиалы 

болып табылады.  «Extra» сөзі қосымша деген ұғымды білдіреді. «Weber» атауы 

болса ағылшын тілінен аударғанда web мата деген ұғымды білдірсе, ал -er сын 

есімнің жұрнағы. 

Әйтеке би көшесіндегі «Bolero» дүкенінің атауы болса, аты айтып тұрғандай 

болеро деген ұғымды білдіреді. Бұл дүкендер өзге тілде жазылып, жұрт наза-

рын  тудырғанымен,  атауына  қанып  жатқандар  шамалы.  «Moda  Mix»  атауы 

аралас  сән,  «Nouvelle»  жаңалық  ұғымын  білдіреді. 



Mimioriki  –  Қазақстанда 

өндірілетін барлық жастағыларға арналған Textiline компаниясының  бренді. Бұл 

– отбасылық бизнес. Mimoriki-ирланд тілінде Рикиге естелік ұғымын білдіреді.

Абай даңғылыда орналасқан Маранта – алақанын жайып, құдайға жалбары-

нып тұрғанға ұқсайтын жапырақты өсімдіктің аты. «Мон» атауы менің, «Fashion 

Рухани жаңғыру


7

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Italy» - италияндық сән, «Joy Style» – қуанышты стиль, «Imperial» – императорлық, 

«Ted Lapidus» - иіссу, «Second Hand» - базар ұғымдарын білдіреді. «Sofi» - швед 

тілінде  қыздың  есімі.  Оны  София  деп  те  атайды.  «Move  up»  -  жоғары  болса, 

«Ralf Ringer» - өз ісінің шеберлері және жол ашық, «Рaradise Rose» - жұмақ рау-

шаны мағынасын білдіріп тұр. Норвег тілінен аударғанда «Hele» барлығы болып 

табылады. «Reebok» компаниясының орналасқан жері Бостон Кэнтонде (Мас-

сачусетс штаты). Қазіргі уақытта «Adidas» компаниясының құттықтау сыйлығы 

болып саналады. 

Сондай-ақ көпке мәлім «Zara city» мен «Kari» дүкен атауларына тоқталсақ. Бұл 

қыз баланың есімдері. «Kari» дүкені қаланың біршене көшелерінде орналасқан. 

Олар  –  Айтиев  көшесі,  9-мөлтек  аудан  және  12-мөлтек  аудан.  Ал  «Zara  city» 

Абай  даңғылындағы  атауын  өзгертпек  болғанымен,  Пушкин  көшесінен  жаңа 

дүкені  ашылған.  («Шарм»,  «Banna  Вanna»,    IRC  (Internet  Relay  Chat),  «Red 

Hat»,  «Bonita»,  «BOSFOR»  кафесі,  «TERAZZA»  мейрамхана,  вar  «Alligator», 

«OLIMPIC» кафесі, «Halal burger», «Yakamoz» кафесі, кафе «N-Joy», мейрамха-

на «Ras», «Sakartvelo» кафесі, «EMBAWOOD» жиһаз салоны, «ARMADA» gold, 

дүкен «Crocus» магазин, дүкен «LEON» кафесі «Silk way», тұрмыстық техни-

касы «GRAND» сауда орталығы, «Euro Style» жиһаз дүкені, «Ankara»  дүкені, 

«Prima market» (дүкен), «Ninel» сұлулық салоны, «Сән-Prize» сұлулық салоны, 

«Мария GOLD» салон, «PLAZA» cұлулық салоны, «ARKADIA» жылжымайтын 

мүлік агенттігі, спортивный клуб «Muscle GYM», JOY STYLE т.б.). Жамбыл об-

лысы Тілдерді дамыту басқармасы осы мәселелерді үнемі назарда ұстап, қала 

жастармен, еріктілермен біріге отырып бірнеше рет іс-шаралар өткізді. 

Бұл қателер – даңғылдар мен көшелерде орналастырылған көрнекі ақпараттар 

мен  жарнама  мәтіндерінің  (Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық 

актілеріне  ономастика  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  

енгізу туралы 21 қаңтар, 2013 ж. 



№ 72-V ҚРЗ (ҚР-ның Ономастика туралы 

Заңы)  [4],  Қазақстан  Республикасының  Тіл  туралы  және  «Жарнама  туралы» 

заңдары  талаптарына  сәйкестігін  және  сауаттылығының  сақталмау  салдарын, 

Елiмiз Тәуелciздiк aлғaннaн кейiн жеp-cу aтaулapынa тapихи мaңызы бap көне 

aтaулapын жaңғыpту, қaйтa aт қою қaжеттiлiгi туындaды. Еліміз егемендікке ие 

болып, тәуелсіздік туын тігуі және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы 

Қазақстан жер-су атаулар жүйесінің де ұлттық сипатқа қайта орала бастауына 

түрткі болды. Ұлттық сананың жаңғыруы қазақ халқының мәдени, әлеуметтік 

өмірінің барлық салаларында көрініс тауып, ұлттық құндылықтарды жаңғырту 

арқылы рухани болмысымызды жандандырды.

Президент  Н.Назарбаев  былай  дейді:  «Қазақтар  –  ұлы  өркениеттердің 

мұрагерлері  тарихтың  сан-сапалық  құз-қияларынан  өзінің  ұлттық  «Мен» 

дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды. Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай 

білген  жоқ,  сонымен  бірге  еселеп  жаңғырта  да  білді»  [5,  23-б].    Тіпті  саясат 

Рухани жаңғыру


8

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

салдарынан  кеше  тыйым  салынып  келген  жер-су,  көше,  нысан    атауларының 

өзі қайта жаңғырып, отаршылдық атаулар жойылып, оның орнына жаңа  және 

халықтық атаулар қойылып жатыр. Осыған орай, соның ішінде жер-су аттарын 

зерттеу – бүгінгі қоғамымыздың алдына қойған мақсаттарының бірі болды.

Поляк ғалымы В.Ташицкий кезінде алдын ала болжағандай: «Лингвистиканың 

келешекте дамуы, оның аумағының кеңеюі, көбіне ономастикалық зерттеулерге 

тікелей байланысты», - десе, А.А.Реформатский: «Ономастиканы тек тілші ғана 

зерттеп қоймай, тарихшы, географтар да зерттеп, шұғылдану керек. Географтар 

географиялық комментарий жасаса, лингвистер тілдік тұрғыда түсіндіріп тал-

дайды, тарихшылар интерпретация жасап, тарихқа қолданады», – дегенді айтқан.

Жамбыл облысында бойынша «Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін күшпенен 

тарих  шаңының  астында  қалған,  ұмыт  болып  кете  жаздаған  ойконимикалық 

атауларды  қалпына  келтіру  үрдісі  басталды.  Дегенмен  біраз  атаулардың  әлі 

сол  күйінде  қалуы  империялық  психологияның,  оның  өкілдерінің  санасында 

(диаспо рада) әлі де болса ескі сарынның қалғанын көрсетеді. Мысалы, Гроди-

ково, Пионер, Юбилейное, Пригородное, Гранитогорск және т.б. [6, 10-б]. Осы 

тәріздес отаршылдық, тоталитарлық топонимдер республикамызда қаншама?!... 

Ал елімізге сырттан келген туристерге, қонақтарға ұсынылатын қазақ тіліндегі 

карталар, жол көрсеткіш нұсқаулықтар жоқтың қасы. 

Карта  (нем.  Karte;  түп  нұсқа;  грек.  Chartes  –  жазуға  пайдаланылатын  папи-

рус  парағы)  –  жер  бетінің  (географиялық  карта),  жұлдыздың,  аспанның  неме-

се олардың жеке бөліктерінің кішірейтіліп, арнаулы деректер толық көрсетіліп, 

жазықтық бетінде кескінделуі. Бағы заманнан бері қарай карта  арқылы жердің 

бетінің өрнектерін, мемлекеттердің шегараларын, ойпат-қырларын, тұрмыс құруға 

қажетті өзен-суларын, т.б. бірден бағамдап, мағлұмат алуға болады [6,767-б].

Қазақ  жер-су  атауларын  жасауға  қатысатын  халқымыздың  рухани,  мәдени 

дүниетанымдық  жүйесі  мен  материалдық  тұрмыс-тіршілігіне  байланысты 

ұғымдар кешенінің ортақ, бірегей екендігі тәуелсіздігімізді алғаннан соң  ғана  

айқындала бастады. 

Қазақ  елі  жердің  қадірін  өте  ертеден-ақ  біліп,  бір  ата-бабасының  зираты 

жатқандығы үшін де оны ерекше қастер тұтқан. «Туған жердің бір уыс топырағы 

бұйырса екен!» – деп тілейтін халқымыз сонау бір қиын-қыстау замандарда ата-

қоныс жерден айырыларда  қабырғасы қайысып, жалғызынан айырылғандай күй 

кешкен. Кенесары қонысынан ауарда Досқожа ақынның:

Артымда қалып барасың,

Бастары самал тауларым!

Арасы биік бауларым,

Кетемін деген есте жоқ,

Кетірді дұшпан – жауларым!

Сарқырап аққан тастақтан,

Рухани жаңғыру


9

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Сабадағы сары қымыздай,

Сарқырап аққан бұлағым

Аман бол, қайран шырағым!... – деп, қасіретті шерін тарқатады.

Бұл жерде ақын кіндік қаны тамған, өркен жайған жайлы қонысынан айыры-

луымен қатар туған жердің тарихынан да біржола қол үзбек. Себебі кез-келген  

мекеннің  атауы,  таулар  мен  құз-шыңдары,  бұлақтың  өзіне  тән  атауы  болады. 

Жалпы қазақ халқы өзінің даласындай жайдары да жалпақ тілмен елді мекенге 

ат қойып, айдар тағуға шебер халық болғандықтан, оған байыппен қарап үлкен 

мән берген. Халық тарапынан қойылған әрбір жер атауы – сол жердің тарихи 

куәлігі, паспорты. Бұл атаулар жүйесі – жерімізде әр заманда мекен еткен тайпа-

лар мен ұлыстардың, түптеп келгенде, өз еліміздің ғасырлар бойы жасаған ой-

санасының, ортақ мәдени, рухани төл туындысы. Әрбір елді мекен атаулардың 

өзіндік  тарихы,  олардың  астарында  белгілі  мән-мағына,  арман-тілек  жатады. 

Сол себептен де отарлаушы ел тарихи атауларды санадан өшіруге талпынғаны 

да сондықтан, біріншіден, тарих байланысын үзіп, екіншіден, жерді жеке меншік 

мүлікті өз атына аударып алғандай өз тіліне аудару деп түсінеміз.

Қорыта айтсақ, ономастикалық атаулар елiмiздiң тыныc-тipшiлiгiне қaжеттi 

бaғыт-бaғдap  беpетiн  тaңбaлық  қызметiнен  бacқa  үлкен  қоғaмдық-caяcи 

мaңызғa  ие.  Оның  ұлттық,  тaнымдық  cипaттapы  aлдыңғы  қaтapғa  шыққaн. 

Cебебi, oнимдеp aдaмзaт қоғaмымен пaйдa болып, оның өмip cүpуiмен қоғaмғa 

қызмет  етедi,  iлгеpi  дaмып,  қоғaмдaғы  өзгеpicтеpден  тыc  қaлмaйды.  Бүгiнгi 

Қaзaқcтaн қоғaмы өзгеpicтеpiнiң бacты бaғыты – мемлекеттiк тiл caяcaты болca, 

қaзaқ ономacтикacы сол тілдің оның құpaмдac бөлiгi болып тaбылaды.  Қaзipгi 

тaңдa  ономacтикa  ғылымы  pеcпубликaлық  ұлттық  тiл  caяcaтының  жетекшi 

бaғыттapының бipi pетiнде қолдaнылып отыp.

Осы  кезеңде  ұлттық  ономастиканың  көкжиегі  кеңейе  түсіп,  еліміздің 

ғалымдары  мен ономаст мамандары әлемдік ономастика жетістіктерін ескеріп 

және  жаңа  зерттеу  әдіс-тәсілдерін  қолдана  отырып,  тәуелсіздігіміздің  ширек 

ғасырында іргелі де кешенді теориялық мәселелерді шешуге қол жеткізді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997. 272-б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.  –  Алматы, 1999.

3.  Подольская  Н.В.  Словарь  русской  ономастической  терминологии.  –Мо-

сква: «Наука», 1988. 189 с.

4. «Егемен Қазақстан» газеті. 21 қаңтар, 2013 ж. ҚР 21 қаңтар, 2013 ж. №72-V 

ҚРЗ ҚР-ның Ономастикалық Заңы. 

5. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: «Атамұра», 1999.

6. Құламанова З.А. Жамбыл облысының топопнимикалық анықтамалығы. – 

Алматы: «Арыс» баспасы, 2014. 808-б.



Рухани жаңғыру

10

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

ОНОМАСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚЫСҚАША СӨЗДІГІ

А

АББРЕВИАТУРАЛЫҚ  АТАУ  –  сөз  тіркестерін  қысқарту  арқылы  жасалған 

жалқы есім түрі.

1. Акроним сияқты инициал түрі – сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің бас 

әріптерінен тұратын атау Мыс.: ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, АҚШ 

– Америка құрама штаттары, БҰҰ – Біріккен ұлттар ұйымы, ШЫҰ – Шанхай 

ынтымақтастық ұйымы.

1.  Күрделі  қысқарған  түрі  –  а)  аппелятивті  не  онимдік  тіркестің,  не  жеке 

есімдердің бастапқы бөліктерін тіркеу арқылы жасалған жалқы есім. Мыс.: Мар-

лен – Маркс, Ленин. ә) бастапқы буын және әріптерден құралған кәсіпорын ата-

уы. Мыс.: ҚазҰУ – Қазақ ұлттық университеті, ҚарМУ –Қарағанды мемлекеттік 

университеті, ТарМПИ – Тараз мемлекеттік педогикалық институты.

АББРЕВИАТУРАЛЫҚ ТЕК қара: тек-аббревиатура.

АББОРИГЕНДІ ЕСІМ қара: абборигенді жалқы есім.

АВТОЭТНОНИМ қара: этноним.

АГИОГРАФИЯЛЫҚ ЕСІМ қара: агиографиялық кісі есімі.

АГИОНИМ – қасиетті әулиенің есімі; ел ішінде «әулие» ұғымына ие болып‚ 

таралған есімдер, мыс., Арыстанбаб, Қарғабаб, Домалақ ана.

АГИОТОПОНИМ қара: топоним.

АГОРОНИМ урбанонимнің бір түрі (қара)‚ қала алаңының немесе базарының 

атауы. Мыс.: Кенжехан, Болашақ, Сәлем, Ескі алаң, Барлық т.б.

АГРООНИМ – топонимнің түрі (қара), жер телімі‚ егістік, егінжайдың атауы. 

Мыс.: Қызыл егістік, Көкжайлау.

АКРОНИМ қара: аббревиатуралық есім.

АЛЛОНИМ – кез келген объект атауының варианты; әртүрлі тілдік жағдайда 

жалқы  есімнің  немесе  оның  құрылымындағы  бір  элементінің  (фонеманың, 

морфеманың, лексеманың) өзгеруі; аллонимдердің бірнеше түрлері болады: рес-

ми және бейресми (Байтұрсын – Тұрсын, Бектемір – Бек, Нұрбүбі – Бүбіш), әдеби 

және диалектті (Ғалия – Қалия), әдеби және аймақтық, стильдік, транскрипциялық 

(Джамбыл – Жамбыл, Wіllіam – Вильям, Уильям), хронологиялық (қала атаула-

ры: Алматы – Заилийское –Верный – Алма-Ата – Алматы; Қараоткель – Ақмола 

– Акмолинск – Целиноград – Ақмола – Астана).

АЛЛОЭТНОНИМ қара: этноним.

АНАТОМИЯЛЫҚ  ЛЕКСИКА  [халық  географиялық  терминологиясында] 

–  адамның‚  жануардың  дене  мүшелерін  білдіретін  метафоралы  географиялық 

терминдердің негізін құрап‚ топонимдер құрамына енетін сөздер. Мыс.: жал – 

Ақжал‚ мұрын – Құсмұрын, емшек – Қыземшек т.б.


11

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

АНДРОНИМ антропонимнің түрі (қара:); күйеуінің есімі, тегі немесе лақап 

аты бойынша әйелін атау.

АНЕМОНИМ – оним түрі. Табиғи зілзала атауы, соның ішінде жел‚ дауыл‚ 

циклон‚ тайфун атаулары. Мыс.: «Фитоу» тайфуны, «Болавен» тайфуны, Алиса 

дауылы т.б.

АНОНИМ 1. Өз есімін жасырған шығарма немесе хат авторы. 2. Авторы

көрсетілмеген шығарма.

АНТЕЦЕДЕНТ  –  көне  философтар,  әсіресе,  Кант  мектебінің  логиктері 

тілінде, олардың тұжырым, пікір және дәлелдерінде антецедент белгілі түрде

баяндауышқа  қатысты  логикалық  бастауышы  дегенді,  басқаша  айтқанда, 

салдардың себебін білдіреді. Шартты түрде айтатын болсақ, «Егер А, онда В»

айтылым «А» антецедент дегенді білдіреді; айтылым «В» консеквент (лат.

соnsequens – «салдар», «тұжырым») дегенді білдіреді. Мысалы, шартты ай-

тылымда  «Егер  қазір  түн  болса,  онда  қараңғы»:  антецедент  –  «қазір  түн»,  ал 

консеквент – «қараңғы».

АНТОНИМДІК ЕСІМ қара: бинарлы оппозиция.

АНТОНОМАСИЯ – лексикалық мағынаның екі түрінің – негізгі және мәтін 

ішіндегі, нысанды-логикалық және аталымдық мағынаның бір уақытта іске асуы-

на негізделген жеке стильдік тәсіл.

АНТРОПОЗООНИМ қара: зооним.

АНТРОПОМОРФТЕУ – жануар, зат, құбылыстарға т.б. кісі есімін телу. Қара: 

антропоморфтік атау.

АНТРОПОМОРФТІК АТАУ – жануар, зат, құбылысқа т.б. телінген жеке есі-

міне айналған кісі есімі. Мыс.: «Алиса» дауылы, «Әйгерім» дүкені, «Вася» мысық.

АНТРОПОНИМ – онимнің ірі разряды; адамның аты (Балжан, Бауыржан, Шоқан), 

лақап аты (Жаңғалақ, Тапал)‚ әкесінің аты (Орынбасарқызы, Омарханұлы), жасы-

рын аты (А.П. – А.С.Пушкин, Ч.Б.С. – А.П.Чехов), бүркеншік аты (С.Сейфуллин 

–  Жұмақан,  Денев  Катрин  —  шын  фамилиясы  Дорлеак)  т.  б.  Антропонимнің 

бірнеше түрі бар: диалекті антропоним – антропонимнің диалекті формасы және 

диалектік лексика (негізінен лақап ат) сөздерден жасалған антропоним; инди-

видуалды  антропоним  –  жеке  бір  адамның  есімі,  мысалы‚  Әйгерім‚  Нұрлан‚ 

Саят т. б.; әдеби антропоним – әдеби тіл нормаларына сәйкес келетін антропо-

ним формасы, мысалы‚ Бақтияр‚ Сәкен‚ Ләйлә т. б.; поэтикалық антропоним – 

атау қызметінен басқа стилистикалық қызметін атқаратын көркем шығармадағы 

антропоним‚  әлеуметтік  және  идеологиялық  бағыты  болуы  мүмкін‚  негізінен 

шығарма  кейіпкерінің  мінезін‚  бейнесін  көрсету  қызметін  атқарады,  мысалы‚ 

Тоғжан‚ Ұлпан‚ Ботағөз, Қарабай, Мәжнүн, Бекежан т.б. Е с к е р т п е: п. а. ой-

дан шығарылған атаулар категориясына жатуы мүмкін‚ бірақ жазушылар өмірде 

болған тұлғалардың есімдерін немесе ойдан шығарылған, бірге өмірде болған 



12

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

тұлға есімдерін біріктіріп қолдануы мүмкін; п. а. терминінің орнына көбінесе 

«көркем  шығарма  антропонимі»‚  «белгілі  бір  шығармадағы  жалқы  есімдер» 

сияқты анықтаушы сөз тіркестері‚ «әдеби антропоним» термині қолданылады; 

ареалды антропоним – өмірде‚ тұрмыста‚ болмыста бар антропоним; топоантро-

поним – кез келген топонимнен  жасалған антропоним. Мыс.: Жамбыл‚ Тарази‚ 

Баласағұни‚ Қашғари‚ әл- Фараби т. б.

АНТРОПОНИМДЕНУ – апеллятив немесе онимнің басқа түрінің антропо-

нимге ауысуы және осы разряд түрінде қалыптасып, дамуы. Мыс.: тапал – Тапал 

лақап аты – Тапалов тегі; «Йүгінек» елдімекен – Йүкінеки тегі;

«Зухра» жұлдызы – Зухра кісі есімі.

АНТРОПОНИМДІК – антропонимге қатысты сын есім.

АНТРОПОНИМДІК  АФФИКС  (ЖҰРНАҚ)  –  кісі  есімін  жасаушы  аффикс. 

Сөздің  антропоним‚  атаудың  антропоним  екендігін  көрсететін  антропоним 

құрамындағы жұрнақ. Мыс.: Ізбасаро-вич‚ Мақсұт-овна‚ Сапин-а т. б.

АНТРОПОНИМДІК  МОДЕЛЬ  (ҮЛГІ)  –  антропонимнің  сұлбасы,  антропо-

ним элементтерін нақты заңды құрастыру; морфологиялық құрылым түрі‚ уәж 

ерекшелігі. Мыс.: Домалақ ана‚ Оқшы ата‚ Ғайып баба т. б.

АНТРОПОНИМДІК НЕГІЗ – формантсыз антропонимнің бөлігі.

АНТРОПОНИМДІК ЖҮЙЕ – белгілі бір мезтілдің, белгілі бір халықтың ан-

тропонимдер жиынтығы.

АНТРОПОНИМДІК  САУАЛНАМА  –  қала‚  ауыл  немесе  мұрағаттан  антро-

понимдік материалдарды ауызша немесе жазбаша жинауға арналған сұрақнама.

АНТРОПОНИМДІК ЛЕКСЕМА (АНТРОПОЛЕКСЕМА) – антропоним рөлін 

атқаратын  тілдің  құрылымды  элементі  ретіндегі  сөз;  екі  немесе  үш  құрамды 

атаулардағы осы атау моделін құрайтын әр сөзі. Мыс.: Абай‚ Құнанбаев‚ Ыбы-

рай‚ Алтынсарин т. б.

АНТРОПОНИМДІК ФОРМУЛА – белгілі бір дәуірдегі ұлт‚ шығу тегі‚ наным-

сенімі бар адамды ресми түрде атаудағы антропоним мен номендердің нақты бір 

реті. Мыс.: Тәуке хан‚ Ақсақ Темір‚ Қазыбек би‚ Наурызбай батыр т. б.

АНТРОПОНИМДІК АРЕАЛ – белгілі бір антропонимдік элементтің таралу 

аймағы.


АНТРОПОНИМДІК  АТЛАС  –  антропонимиканың  жалпы  немесе  жеке 

құбылыстарының белгілі бір территорияда таралуын көрсететін карта‚ атлас.

АНТРОПОНИМДІК  ТЕРМИН  –  антропонимдердің  әртүрлі  категорияла-

ры мен олардың элементтерін‚ антропонимдік үрдіс‚ құбылыс‚ зерттеу түрін‚ 

ономастиканың бөлімін‚ зерттеу материалын‚ зерттеушіні атау үшін қоланылатын 

антропонимика термині, мыс.‚ антропонимика‚ антропонимия‚ антропонимист‚ 

кісі аты‚ ру аты‚ фамилия‚ лақап ат т. б.

АНТРОПОНИМДІК ФОРМАНТ (антропоформант‚ антропоним форманты) – 

антропонимнің аффикстік элементі‚ соның ішінде антропонимдік жұрнақ.


13

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

АНТРОПОНИМИКА  (қара:  антропоним)  –  ономастиканың  кісі  есімдерін 

зерттейтін саласы.

АНТРОПОНИМИКОН  –  1.  Кісі  есімдеріне,  тегіне,  лақап  атына,  ескі  діни 

кісі  есімдеріне  арнайы  жеке  жасалған  антропонимдер  сөздігі  немесе    тізімі.                           

2. Белгілі бір мерзімге қатысты нақты халықтың немесе социумның кісі есімдер 

репертуары.

АНТРОПОНИМИСТ (қара: антропоним) – антропонимдерді зерттеуші.

АНТРОПОНИМИЯ  (қара:  антропоним)  –  антропонимдердің  жиынтығы. 

Мыс.: Қазақ антропонимиясы.

АНТРОПОТОПОНИМ – қара: топоним.

АПЕЛЛЯТИВ  –  жалпы  есім.  Мыс.:  жіңішке  –  бұлақ  Жіңішке,  тәтті  –  есім 

Тәтті, кафе Тәтті.

АПЕЛЛЯТИВТЕНУ – қара. бейонимдену.

АППОЗИТИВТІ  АТАУ  –  қосымша  не  сөз  арқылы  жасалынған  бір  бірімен 

байланыспаған компоненттердің тіркес-атауы.

АППРОКСИМАЦИЯ – сандық қатынаста ұқсастық тілдік мағынаны білдіру 

үшін ғана емес, сонымен бірге болмыстың кез келген элементі немесе үзігін (зат, 

нысан, олардың белгілері, қатынасы, бізді қоршаған орта мен бейақиқат әлем) 

ұқсастырып атау.

АРЕАЛ  –  жалқы  есімнің  таралу  аймағы,  мысалы‚  топонимиялық  ареал‚ 

антропонимиялық ареал т. б.

АРЕАЛДЫ ОНОМАСТИКА қара: ареалды әдіс (ономастикалық).

АРЕАЛДЫ ӘДІС қара: ареалды әдіс (ономастикалық).

АРЕНОНИМ – шөлді жерлердің ең кіші объектілерінің атауы. Мыс.: Еспеқұм‚ 

Төбеқұм.


АРТИОНИМ  –  идеоним  түрі;  бейнелеу  өнер  (сурет  салу  өнері,  графи-

ка,  пластика)  шығармасының  жалқы  есімі  (атауы).  Мыс.:  Әбілхан  Қастеевтің 

шығармалары: Медеуде‚ Тау көрінісі‚ Жайлауда‚ Гүлденген алма ағашы‚ Биік 

таудағы мұз айдыны‚ Мектепте‚ Қарындасымның портреті, Үй жанында‚ Күзгі 

табиғат.

АРХЕОНИМ  –  қосымша  археологиялық  ақпарат  беретін  топоним.  Мыс.: 

Отырар, Фараб – ежелгі қалалар.

АССИМИЛДЕНГЕН  АТАУ  –  берілген  тілде  фонетикалық  жүйесіне  және 

онимдік модельдеріне сай қабылданған шетел тілінен енген жалқы есім. Мыс.: 

Мәскеу, Бейжің, Жапон т.б.

АСТИОНИМ – ойконимнің бір түрі‚ қала атаулары. Мыс.: Тараз, Қарағанды, 

Атырау, Семей, Алматы, Астана.

АСТИОНИМИЯ – астионимдер (қара) жиынтығы.

АСТРОНИМ – оним түрі, жеке аспан денелерінің атауы‚ яғни жұлдыз‚ плане-

та‚ комета‚ астероид атаулары. Мыс.: Шолпан, Қызыл жұлдыз.


14

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

АСТРОНИМИКА  (қара:  астроним)  –  астронимдерді  зерттейтін  ономастика 

саласы.

АСТРОНИМДІК – астронимикаға (қара) қатысты сын есім.



АСТРОНИМИЯ (қара: астроним) – астронимдер жиынтығы.

АСТРОТОПОНИМ – қара: планетоним.

АТ ТЕРГЕУ (дәстүр) – халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары 

көп. Соның бірі – ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, 

қайынсіңлісінің  атын  атамай,  өзіне  лайықты  ат  қойып  «мырза  қайнаға»,  «бай 

атам», «би атам», «жалқы бала», «тентегім», «еркем», әйел болса «шебер ше-

шей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім» деп атайды. Жеңгелер 

жа ғы небір күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы: тапалды «сұңғағым», жайбасар-

ды «жүйрігім» дейді. Мұның бәрі шын мәнінде сыйластық пен құрметтің ерек-

ше белгісі болып табылады. Ер адамдар да ақсақалдар мен өзінен үлкендерді 

«ата», «әке», Ереке, Аха, Жәке, Сәке деп құрметтеген. Бұл да осы ғұрыптың бір 

түрі. Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргендік, 

кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі.

АУГМЕНТАТИВТІ АТАУ қара: кісі есімі (аугментативті).




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал