Өнердің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері


Қашан да бейнелеу өнерін педагогикалық-психологиялық



жүктеу 25.47 Kb.
бет2/2
Дата03.11.2022
өлшемі25.47 Kb.
#23246
1   2
Артепедагогика 14.06 1 тап
Қашан да бейнелеу өнерін педагогикалық-психологиялық - тұрғыда оқыту өзінің нәтижесін беріп келген. Бірінші кезекте бейнелеу өнері барлығымызға белгілі педагогика саласымен тығыз байлынысты болып келеді. Бейнелеу өнерін оқыту мәселелері педагогика ғылымында қарастырылады. Бейнелеу өнерін оқытуда да өзіндік принциптер мен категориялар бар. Оқытудың принциптері әр уақытта жемісті жетістігін берген. Бейнелеу өнерін оқытуда да өз нәтижесін берерін ғылыми тұрғыда зерттеп, зерделеп анықтау жүргізілгенде көз жеткізуге болады. Ал, психология ғылымымен байланысын алатын болсақ онда психология ғылымының адам бойындағы қасиеттермен тікелей байланысты болмақ. Біз бейнелеу өнерін оқытуда оқушылардың елестету қабілеттері арқылы суреттер салғызу, және сол суреттерін талдату арқылы олардың сөйлеу қабілеттерін де дамытуға қол жеткізуімізге болады. Ғылыми еңбектерге талдау жасағанымызда әрбір бейнелеу өнері сабақтары педагогикалық-психологиялық тұрғыда өтпейді. Демек әр уақытта бейнелеу өнерін оқытуда педагогикалық бағыт бірінші кезекте тұрса, екінші психологиялық бағыт тұрады. Педагогиканың оқыту заңдылықтарын ескере отырып және оның принциптерінің негізінде жүйелеу тиіс.
Бейнелеу өнері психология саласында тиімді қолданыс тауып жатыр. Қазiргi кездерi сурет салғызу арқылы ауыруды емдеу, психотерапиялық әдiстердiң бiр түрi ретiнде пайдаланылып келеді. Адамның мінезінде қандай психологиялық ауытқулар бар екенін анықтау үшін де, сурет салғызу арқылы зерттеу жұмыстары кейінгі кезде көптеп жүргізілуде. Бейнелеу өнерін меңгеру, әрбiр оқушының сурет салудағы біліктілігін дамытып қоймай, адамның рухани және ұлттық сана-сезімін қалыптастырады, жалпы егемен еліміздің өркендеп дамуына зор әсерін тигiзедi.
Бұл көрсетiлген педагогикалық және психологиялық негiздер адамзаттың бүкiл тарихи дамуын, мәдениетiнiң өсу деңгейiн көрсететiн бейнелеу өнерiнiң қосымша пән ретiнде емес басқа пәндер қатарында, өз дәрежесiнде жүзеге асырылуына негiз бола алады. Сондай-ақ, олардың оқушыларды бейнелеу өнерiне баулу мiндетiн өз деңгейiнде атқарылуына септiгiн тигiзерi анық. Айтылған мәселелердің бәрі біздің бейнелеу өнері бойынша жасаған оқу бағдарламаларында, оқулықтарда, оқу әдістемелік кешендерде, білім стандарт­ын­да өз көрінісін тапты және бейнелеу өнері сабақтарындағы оқу тәрбие үрдісін жетілдірудің алдын алары сөзсіз.
Қорыта келе, бейнелеу өнерін педагогикалық-психологиялық тұрғыда оқыту өзінің маңыздылығымен айқындалатындығына көз жеткіздік. Өйткені бейнелеу өнері педагогикалық критерилерсіз, категорияларсыз, заңдылықтарынсыз өтілмейді. Ал психологиялық негіздер бейнелеу өнерінде кеңінен қолданылатындығына көз жеткіздік. Демек бейнелеу өнерін педагогикалық-психологиялық тұрғында оқыту қажеттігі және оның маңыздылығы айқын көрінеді
жүктеу 25.47 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет