Өнер əлемінде қасиетті Көкше жерінде дүниеге келген тарихи



жүктеу 38.91 Kb.

Дата06.04.2017
өлшемі38.91 Kb.

7

5 ақпан

 2015 жыл

 ӨНЕР ƏЛЕМІНДЕ 

Қасиетті  Көкше  жерінде  дүниеге  келген  тарихи 

тұлғаның бірі – Наурызбай Таласұлы. Оқымысты, ғұлама 

болғандықтан, ол жұртшылықтың шексіз құрметіне бөленіп,  

Науан Хазірет аталып кеткен. Науан Хазірет – рухы биік, 

жан-жақты білімдар, ағартушы, халқының қамын ойлап, 

болашағын болжаған, мұсылмандықтың шапағатын жаюға 

бүкіл өмірін арнаған қайраткер, Баратай ауылының тума-

сы.  Шыққан  тегі  Қарауыл  руының  Есенбай-Шұңғырша 

тармағынан.  Ұрпағынан  ұлық  болған  ұлы  атасы  Ақан 

жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берген атақты батыр. 

Ел басқарған, қайысқан қалың қолға жетекшілік еткен өжет 

бабаның  атымен аталған Зеренді ауданындағы Ақан ауылы 

бар. Оның іргетасында Ақан көлі, Ақан батыр есімімен атала-

ды. Аталған елді мекендерде ізгіліктің нұрын сепкен жанның 

ұрпағы  өсіп-өнген.  Ал,  осы  ауылда  кіндік  қаны  тамған 

айтыскер ақын Құдайберлі Мырзабектің  «Науан Хазірет» 

пьесасын жазуы заңды, əрі қасиетті бабасын ұлықтауы деп 

түсінген абзал. Қойылым Мəуліт айында өз көрерменіне 

жол тартты. Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ 

музыкалық-драма театрының ұжымы режиссер Мұратбек 

Оспановтың қоюымен сахнаға алып шықты. Пьесаның ав-

торы Құдайберлі Мырзабек бізбен əңгімесінде: «Кеңес зама-

нында қара күйе жағылған бабамыз бүгін ақталған қалпында 

өз  халқымен  қауышады.  Діннің  діңгегі  –  Науан  Хазірет 

Көкше жерінде ілім-білімнің нəрін сепкен. Халқының тілі 

мен дінін, ұлттық сана-сезімін, руханилығын сақтап қалу 

үшін отаршылық саясатпен ымырасыз күресе білген тари-

хи тұлға. Біздің басты мақсатымыз – ата-бабамыздың сара 

жолы бар екенін бүгінгі теріс ағымдағылардың есіне салу. 

Жастарды дұрыс  жолға бағыттау», – дейді. 

Бұқар медресесінен терең білім алған Науан Хазіреттің 

осы жолға  20 жылын сарп еткені белгілі. Көкшетауда мешіт, 

медресе  салдырып,  аянбай  еңбектеніп,  қазақ  халқының 

тілі  мен  дінін  жойып  жіберуді  мақсат  тұтқан  Ресей 

отаршыларының пиғылына қарсылық білдіруі спектакльдің 

өн бойында өріліп отырды. Бір ғана мысал: басқа бағыттағы 

1000 діни кітапты «харам» деп Қылшақты  өзеніне ағызып 

жіберуі,  ояздың  алдына  барып,  қазақ  балаларының 

мойнындағы кресті өз қолымен алдыруы, елдегі жағдайды 

баян  етіп,  хəкім  Абайға  хат  жазуы  –  Науан  Хазіреттің 

қайсарлықпен тəуекелге бара білуі. Қазақ балаларына дін 

сабағын ғана емес, математика, жаратылыстану, əдебиет, 

орыс тілі, тіпті əн-күй дəрістерінің оқылғаны – білімдар, 

ағартушының  үлкен  еңбегі.  Бас  кейіпкердің  образын 

сомдаудағы жауапкершілікті актер Төлеубек Көңбай жақсы 

сезінген.  Салмақты  да  салиқалы,  аузы  дуалы  қарияның 

ел  алдындағы  беделі  мен  қадір-қасиетіне  жете  үңілгені 

көрермен тарапынан қошеметпен бағаланды.  

Атақ-даңқы қыр елінен асып, кең-байтақ қазақ жеріне 

жайылған Науан Хазірет тұтқындалып, итжеккенге айдалды. 

Жоғары жаққа хаттар ағылып, қолдар қойылып, қаражат 

жиналуы – бəрі-бəрі қайраткерге деген халқының ыстық 

ықыласы  еді.  Осы  жолда  Жылкелді  қарттың  (Құмарбек 

Қалқатаев)  40  жігітке  бір  үйір  жылқыны  алдына  салып, 

қаржы жиып, Науан Хазіретке ас-суын жеткізуінің өзі бір 

бөлек əңгіме. Осы жолда Бабаназар, Жанбатыр қажылардың, 

Байтас молланың жанашырлық танытып, елді ұйыстыра 

білуі – елдіктің белгісі. Науан Хазіреттің бажасы болған 

Ақан сері де (рөлін сомдаған Зүлкəпіл Батихан)  қиындықта 

жанынан  табылып,  қолдай  білді.    Қойылымдағы  ояз 

Троицкийдің  (Жарас  Қалдаров),  поручиктің  (Фархадбек 

Қанафин), тұтқын Петрдің (Самат Шəймерденов) рөльдерін 

сомдаған актерлердің шеберлігіне көрермен қошеметі де 

ерекше болды. Хазіретті аяқтан шалып, отаршылардың сөзін 

сөйлейтін сатқын Əбілхакам молланың (Қайрат Мырзабола-

тов) сұмпайылығын да талантты актер айнытпай сала білді. 

«Науан  Хазірет»  қойылымын  тамашалауға  келгендердің 

басым бөлігі Баратай, Ақан ауылының тумалары. Залға лық 

толған халықтың көңілі тоқ. Бабасының есімі ұлықталып 

жатқанына риза болған ұрпағы қойылым соңында сахна 

төріне көтеріліп, өз разылығын жеткізді. Қоюшы режиссер 

Мұратбек Оспановқа, пьесаның авторы Құдайберлі Мырза-

бекке, Науан Хазіреттің рөлін сомдаған Төлеубек Көңбайға, 

Жылкелді қарттың рөлінде ойнаған Құмарбек Қалқатаевқа 

жəне  барлық  актерлерге  ақшалай  сый-сыяпат  жасалды. 

Жергілікті  ғалым  Қадыржан  Əбуевтің  зерттеу  еңбегі 

қайта басылып, көрерменге тегін таратылды.  Осылайша 

Көкше жеріне Ислам дінінің нəрін сепкен Науан Хазірет өз 

жерлестерімен жаңғырған қалыпта қайта қауышты. 

Гəкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ. 

Ақын  Құдайберлі  Мырзабек-

тің  «Науан  Хазірет»  пьесасы-

н ы ң   п р е м ь е р а с ы   Ш а х м е т

Құсайынов  атындағы    қазақ

музыкалық-драма  театрының

с ахнасында  т абыспен  өтіп, 

көрермен  көңілінен  шықты.

Ислам дінінің нәрін сепкен



Премьера! 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы 

бойынша Ақмола облысындағы мешіттердің 139 дін қызметкері аттестациялық сынақтан өтті. Нəтижесінде бір адам 

ғана үздік деген баға алса, 21 дін қызметкері арнайы құрылған сараптама комиссиясының сауалдарына «төрттік» бағаға, 

69-ы қанағаттанарлық бағаға жауап берді. Он бес адам аттестациялық сынақтан өте алмады. Осыған орай мешіттердің 

сегіз қызметшісі атқарып жүрген міндетінен босатылды. Денсаулығына байланысты сынаққа қатыспаған 25 адам аттес-

тациядан кейін өтеді. Бір мешітте ұзақ уақыт қызмет атқарғандар келешекте басқа діни орталықтарға ауыстырылады. 

Дін қызметкерлері аттестациялық сынақтан өтті

  «Достар»  мəдениет  сарайының 

көпфункционалды залында қалалық 

ақпараттық  кітапхана  жүйесінің 

жыл  қорытындысына  арналған 

жиын өтіп, онда «Ең үздік қалалық 

кітапхана» анықталды. Əділ қазылар 

алқасы  зағип  жəне  нашар  көретін 

азаматтарға  арналған  арнаулы 

қалалық  кітапханасын  «Жылдың 

ең  үздік  кітапханасы»  мəртебесіне 

лайық деп тапты. Іс-шара «Көкше» 

мəдениет  үйінің    шығармашылық 

ұжымы  мен  Ақмола  облыстық  ба-

лалар  шығармашылығы  үйінің 

жас  таланттары  дайындаған  кон-

церттік  бағдарламамен  жалғасты. 



                     Іңкəр ƏЗІМЖАНОВА,

    қалалық ақпараттық кітапхана  

                             жүйесінің əдіскері. 

«Науан  Хазірет»  пьесасын 

қоюшы – есімі  республикамыз-

ға  танымал  өнер  қайраткері 

Мұратбек  Оспанов,  басты 

рөлдерде ойнаған актерлер: На-

уан Хазірет – Төлеубек Көңбай, 

Жылкелді  қарт  –  Құмарбек 

Қалқатаев, Ақан сері – Зүлкəпіл 

Батихан, Мəмбетəлі – Бағлан 

Иманғазинов,  ояз  Троицкий 

–  Жарас  Қалдаров,  поручик  – 

Фархадбек Қанафин, Əбілхакам 

молла – Қайрат Мырзаболатов. 

Инемен өрнек 

салған шебер

Көкшетау  қаласының  құрметті  аза-

маты,  инемен  өрнек  салған  қолөнер 

шебері, білім беру ісінің үздігі, төрт бірдей 

өлеңдер  жинағының  авторы  Шəмшия 

Ғабдулқызы  Айтжанова  1  ақпанда

86 жасқа толды. Көкшетау қаласы əкімдігі 

мен қалалық мəслихаттың атынан жаны

жайсаң,  пейілі  кең,  жастардың  сүйікті 

тəлімгері,  ардақты  апайымызды  осы

қуанышымен шын жүректен құттықтап,

деніне саулық,отбасына шаттық  тілейміз.      

Ашық сабақ барысында «Жақсылықтар 

еліне» сапар шекпес бұрын балғындарды 

бірнеше  аялдамалар  күтіп  тұрды. 

Алғашқы аялдамада «Жақсы адам болу 

үшін не істеу керек?» деген сауалға əр 

бала өз ойын жеткізуге тырысты. Келесіде 

балаларға  өлең  үзінділері  үлестіріліп, 

олар  өз  түсінгендерін  айтып  берді. 

Бұдан соң «Аю мен тышқан» ертегісіне 

талдау  жасалып,  мақал-мəтел  жарысы 

ұйымдастырылды.  Балаларға  əртүрлі 

суреттер таратылып, олар сол бойынша 

əңгіме құрастырды. Осылайша, барлық 

тапсырмаларды  мұқият  орындаған 

бүлдіршіндер «Жақсылық еліне» жетіп, 

əн-тақпақтарын айтып, шаттыққа бөленді. 

Əсіресе,  олардың  сиқырлы  қораптағы 

кішкентай жүрекшелерді ата-аналарына 

сыйлаған риясыз көңілдері баршамызға 

ерекше  қуаныш  сыйлады.  Əшекейлі 

безендірілген  залда,  сəнді  киінген 

топтағы  балалар  өте  көңілді  көрінді. 

Өткізілген  сабақ  балалардың  көңіл-

күйлерін көтеріп қана қоймай, қуанышты 

сəттерін ұзартты. Бүлдiршiндерге тəлiмдi 

тəрбие  берiп,  өмiрге  көзқарастарын 

қалыптастыруда  ұстаздар  қауымына 

жауапкершiлiк  жүктеледi.  Осы  ретте, 

бала бойындағы ерекшелікті дəл басып, 

оны дамытуда зор еңбек сіңіріп жүрген 

тəрбиеші  Қарлығаш  Шайсұлтановаға 

айтар алғысымыз шексіз. 



    №4 «Еркемай» балабақшасындағы        

    «Жұлдыздар» тобының ата-аналары.

Балғындар 

қуанышы

Сәби күлкісі

  №4  «Еркемай»  балабақшасы-

ның  «Жұлдыздар»  тобында

«Жақсылықтар  еліне  саяхат»

тақырыбында  ашық  сабақ  өтті.

Оның  мақсаты  –  балаларды 

қайырымдылыққа,  үлкенге, 

кішіге  қамқор  болуға  тəрбиелеу.

Жылдың ең 



үздік кітапханасы




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал