Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4.29 Kb.

бет1/20
Дата17.06.2017
өлшемі4.29 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Қ.И. Сәтбаев атындағы  
Қазақ ұлттық техникалық университеті 
А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
ӨНДІРІСТЕГІ МҰНАЙ, ГАЗ,  
СУДЫ ДАЙЫНДАУ  ЖӘНЕ  ТАСЫМАЛДАУ 
Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрлігі оқу құралы ретінде ұсынған 
Алматы
,  2013 ж. 

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 

ЖОК 621.6 (075.8) 
ББК 33.16Я73 
И 88 
И 88 А.А.Исмаилов,  Г.Ж.Смаилова, Т.Н. Жарқынбеков. Өндірістегі 
 мұнай, газ, суды дайындау  және тасымалдау: Оқу құралы. 
– Алматы: ҚазҰТУ, 2013. 278 б.
 Сурет –103. Кесте –32. Библиографиялық тізім –27 атау. 
 ISBN   978-601-228-535-2 
Оқу құралында – өндірістегі мұнай, газ және судың негізгі 
құрамы  келтірілген.  Мұнай,  газ  және  судың  өнеркәсіптік 
дайындау  процестерінің  негізгі  мәліметтері,  құбырлар  жұмыс 
істеу  процесінде  өнеркәсіптік  тасымалдау  және  сақтаудың 
теориялық  негіздері  келтірілген.  Гидравликалық  есептеулердің 
негізгі принциптері келтірілген. 
“Мұнай  газ  ісі”    дипломды  мамандарын  дайындау  бағыты 
бойынша оқытылатын жоғары оқу орындарының студенттері 
үшін. 
 ЖОК 621.6 (075.8) 
ББК 33.16Я73 
Пікір жазғандар: 
Д.Ж. Абдели – техн.ғыл.докторы, 
профессор, ҚБТУ; 
С.К.Муратова – техн.ғыл.кандидаты, 
профессор, КҚУ; 
К.С.Нурбекова – техн. ғыл. кандидаты, 
доцент. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
2013 жылғы  жоспары бойынша басылды. 
ISBN 978-601-228-535-2 
 © Исмаилов А.А. 
 Жарқынбеков Т.Н. 
  
  Смаилова Г.Ж.  
 © ҚазҰТУ, 2013.   
 

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 

КІРІСПЕ 
Ұңғымадан  шығатын өнім бірфазалы жүйе, мұнай және газ 
болып  табылмайды.  Ұңғымадан  мұнаймен  бірге  қабат  суы, 
ілеспе  (мұнайлы)  газ,  механикалық  қоспалардың,  таужыныс-
тарының  және  қатайған  цементтің    қатты  бөлшектері  келіп 
түседі. 
Мұнай  және  газ  кен  орындарының    ұңғыма  өнімдері 
көпфазалы көпқұрамды жүйелерді ұсынады. 
Келесі ұғымдарды енгіземіз. 
Қабат мұнайы – екіфазалы газсұйықтықты жүйе. 
Мұнай шикізаты – құрамында мұнай, ерітілген  газ, қабат 
суы және механикалық қоспалары бар үшфазалы жүйе. 
Өткізетін  таза  мұнай  –  жұмыс  істейтін  нормативтік  және 
техникалық  документтердің  талаптарына  сәйкес  тұтынушыға 
жеткізуге арналған бірфазалы мұнай жүйесі. 
Жұмыс  істейтін  МЕСТ  Р  51858  –  2002  бойынша  мұнай 
үшінші  ең  нашар  сапа  тобына  сәйкес  келетін,  егер  құрамында 
1%-дан төмен су және 900 мг/л төмен хлорлы тұздар болса, онда 
ол сапалы (тауарлы) болып табылады. 
Осы  екеуінен  басқа  да  көрсеткіштер  бар.  Сондықтан 
мұнайды  магистральды  құбырға  жіберуден  бұрын  оны  келесі 
процестерге негізделген арнайы өңдеуден өткізу керек. 
1. Еркін 
немесе 
ерітілген 
күйдегі 
яғни 
сепарация
процесінде  болған  мұнайдың  құрамындағы  жеңіл  көмірсутекті 
газдарды жою. 
2. Мұнайдан  суды  бөліп  алу  –  мұнайды  сусыздандыру
процесі. 
3. Мұнайдан  құрамында  еріген  тұздарды  шығару  –
тұзсыздандыру процесі. 
Мұнайды 
дайындау 
процесінде 
жекеленген 
немесе 
өндірілген табиғи газ оған негізделген талаптарға сай болу үшін 

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 

магистральды  құбырға  жіберуден  бұрын    оны  процестерге 
негізделген арнайы өңдеуден өткізу қажет. 
1. Газдан  механикалық    қоспаларды,  тамшылы  суды  және
конденсатты  бөліп алу – сепарация процестері. 
2. Газ  құрамындағы  су  буларын  жою.  Бұл  процесс  газды
құрғату  және  бір  уақытта  гидрат  түзілуді  сақтап  қалу  процесі 
деп аталады, өйткені газды құрғату кезінде  гидраттардың түзілу 
процесі төмендейді. 
3. Газдан  ауыр  көмірсутектерді  шығару  –  абсорбциялық
шығару. 
Өндірістік  орналастыру  күрделі  қаржыландыруды  талап 
етеді,  оның    түбегейлі  еншісі  мұнай  және  газды  тасымалдау 
және 
жинақтау 
жүйелерінің 
жасақтарына 
жұмсалады. 
Сондықтан мұнай мен газдың кең ауқымды дайындығы күрделі 
қаржыландыруды  және  тасымалдау  шығынын  төмендету  үшін 
сонымен  қатар  кен  орнына  орнығу  мерзімін  қысқарту  үшін 
сәйкесінше жаңа кен орындарының жұмысын енгізуді  үдеулету 
үшін аса маңызы зор. 
Қазақстанда  мұнай  өндірудің  перспективалық  көлемі 
негізінде 
әлемдік 
мұнай 
бағасының 
деңгейімен, 
салық 
шарттарымен  және  кен  орнын  өңдеу  мен  барлауда  ғылыми  – 
техникалық  жетістіктерімен  сонымен  қатар,  барланған  шикізат 
базасының сапасымен анықталады.  
Табиғи  газ  елдің  жаңармаған  ресурстарына  жатады. 
Экономиканың дамуын анықтайтын маңызды шара негізінде  ол 
шикізаттың ең бағалы түрлерінің бірі.  
Отынның  тапшылығы    және  елдің  экономикасының 
дамуында  табиғи  газ  рөлінің  артуы  кезінде    табиғи  газдың 
жойылу  түрлерінің  төмендеуімен    және  технологиялық 
қажеттіліктерге газ шығындарының  қысқаруымен  байланысты 
өзекті мәселелер болып табылады. 
Көбінесе 
газдың 
жойылулары 
(90% 
дейін) 
газ 
тасымалдаушы жүйелерде болады. 
Магистральды 
тасымалдауға 
өндірілген 
көмірсутекті 
шикізатты дайындау кезінде заманауи кәсіпорындарында нақты 
күштердің: 
гравитация, 
инерция 
және 
т.б. 
жұмыстары 
нәтижесінде  сұйық  және  газ  фазаларына  қабат  қоспасын  бөлу 

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 

(сепарация)  принципін  қолдануға  негізделген  технологиялық 
процестерді кең ауқымда қолдануды алға қойды. 
Мұнай 
жүйелерінің 
күйлері 
мен 
қасиеттері 
түрлі 
параметрлердің: 
қысым, 
температура, 
меншікті 
көлем, 
фазалардың 
компонентті 
құрамдарының 
әсерлерімен 
анықталады. 
Барлық тізбек бойынша  көмірсутек жүйелерінің қозғалысы 
кезінде    “қабат  –  ұңғыма  –  дайындау  мен  жинау  жүйелері  – 
магистральды құбыр” үздіксіз температура мен қысым өзгеріп 
отырады. Нәтижесінде жүйелердің фазалық күйлері, фазалардың 
компонентті  құрамы  сонымен  қатар  бақыланатын  физика  – 
химиялық құрамдары өзгеріп отырады. 
Өндіріс ішіндегі  құбыр тасымалдау және ұңғыма өнімдерін 
сақтау  (мұнай    және  газдың)  бойынша    қазіргі  заман  инженері 
көпқұрамдас көпфазалы жүйе ретінде мұнай, газ, судың физика 
– химиялық  қасиеттері  мен  құрамдарын,  негізгі  принциптерін
ұңғыма  өнімдерін  дайындау  және  тасымалдау  процестерінің 
заңдылықтарын білу қажет. 
Бұл білімдері мұнай мен газды дайындау, тасымалдау және 
сақтаудың қазіргі технологиясын дұрыс бағалауға  және  оларды 
жетілдіруге  мүмкіндік  береді.  «Ұңғы  өнімдерін  жинау  және 
дайындау» пәнін игеру кезінде алынған кешенді білімде ұңғыма 
өнімін  дайындау,  тасымалдау  және  оны  сақтау  жүйелерін 
мүлтіксіз жобалаудың жаңа жолдары негізделеді. 

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА, ТМД
МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДЕ МҰНАЙ 
ӨНДІРУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ  
ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 
Қазақстан 
Республикасының 
мұнай 
өнеркәсібі 
– 
экономиканың жетекші саласы болып табылады. 
Қазақстан  Республикасы  қазіргі  таңда  дүниежүзіндегі  ірі 
мұнай  өндіруші  елдердің  қатарында  есептеледі.  Қазақстан 
дәлелденген  қоры  және  мұнай  өндіру  көлемі  бойынша  ТМД 
елдерінің  арасында  екінші,  ал  газ  бен  конденсаттың  қоры 
бойынша – төртінші орын алады.  
Еліміздің  территориясында  214-тен  астам  мұнай  және  газ 
кен орындары бар. 
Өнеркәсіптік  категориядағы  мұнай  қоры  Қазақстанның 
алты  әкімшілік  облысында  шоғырланған.  Еліміздің  батыс 
аймағының  төрт  облысында  алынатын  мұнай  қорының  90%-ы 
шоғырланған.  Атап  айтсақ  осы  аймақта:  Теңіз,  Қарашығанақ, 
Өзен, Жаңажол, Кенбай сияқты  және мұнай-газ қоры 100 млн. 
тоннадан асатын ірі кен орындары шоғырланған. 
Табиғи  газдың  негізгі  қоры  екі  облыста  шоғырланған: 
Батыс  Қазақстандағы  (Қарашығанақ)  және  Ақтөбедегі  (Жаңа 
жол).  Мұнай  кен  орындарындағы  ілеспе  мұнай  газының 
потенциялы зор.  
Қазақстан  Республикасындағы  шикізаттардың  дәлелденген 
мол қорымен қатар болжамды ресурстар көлемі де баршылық. 
Республикамыздағы  мұнайдың  құрлықтағы  болжамды 
алынатын  қоры  7,8  млрд.  тонна  және  оның  2/3  бөлігі  Батыс 
Қазақстанда  шоғырланған,  ал  табиғи  газдың  болжамды  қоры 
7,1 трил.м
3
 болып табылады.   
Каспий  теңізінің    Қазақстандық    секторындағы    мұнай  газ 
қоры  да  мол.  Каспий  теңізінің  солтүстік-шығыс  бөлігіндегі 
Шығыс  Қашаған  құрылымына  бұрғыланған  барлау  ұңғылары 
нәтижесінде  мұнай  мен  газдың  өнеркәсіптік  мол  қоры 
дәлелденген. 
Қазіргі кезде Каспий маңы ойпатында, Солтүстік  Үстіртте, 
Маңғышлақ  пен  Оңтүстік  Торғай  ойпатында  орналасқан  60-қа 

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 

жуық  кен  орны  игерілуде.  Қазақстан  Республикасында  мұнай 
және  конденсатты  өндіру  көлемі  2011  жылы  80,06  млн. 
тоннадан  асты,  ал  газ  өндіру  көлемі  39,5  млрд.  м
3
  құрады 
(1.1-кесте). 
Мұнай  өнеркәсібінің  қарқынды  дамуына  байланысты  ұңғы 
өнімін  кәсіпшілікте  жинау,  тасымалдау  және  дайындау  жүйесін 
жетілдіру мәселесіне көп көңіл аудару қажет 1.1–1.3-суреттерде 
Қазақстандағы  ірі  кен  орындарының  ұңғы  өнімдерін  жинау, 
дайындау және тасымалдау жүйелерінің сұлбасы келтірілген. 
Мұнай-газ өндіру кәсіпорындары мұнай өндіруді;  мұнайды 
жинау, дайындау және тасымалдауды;  мұнай газын жинау және 
дайындауды; 
қабат 
қысымын 
ұстап 
тұру 
жүйесінде 
пайдаланылатын  тұщы  және  қабат  суларын  қабатқа  айдау  үшін 
дайындауды қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы міндеттерді 
атқаратын құрылымдардың күрделі кешені болып табылады.  
1.1-кесте 
Заттай көріністегі өнеркәсіптік өнімдердің өндірісі 
Қаңтар 
Нақты 
көлемінің 
индексі, %-
бен 
2011 
жыл 
2010 
жыл 
Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру 
Мұнай, газ конденсатын қоса, 
мың тонна 
7 072,4 
6 603,9 
107,1 
соның ішінде: 
шикі мұнай, мың тонна 
5 892,8 
5 585,2 
105,5 
газ конденсаты, мың тонна 
1 179,6 
1 018,7 
115,8 
Табиғи газ, млн. текше метр 
3 565,7 
3 195,6 
111,6 
соның ішінде: 
газ тәрізді күйдегі табиғи газ, 
млн. текше метр 
1 774,1 
1 560,0 
113,7 
одан: 
тауарлық газ, 
млн.текше метр 
902,4 
893,2 
101,0 

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 

1.1-кестенің жалғасы 
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 
Мұнай отыны (мазут) және 
газойльдер (дизельдік отын); 
мұнай дистиляттары, мың 
тонна 
1 030,4 
1 112,2 
92,6 
соның ішінде: 
мотор отыны (бензин, соның 
ішінде авиациялық), мың тонна 
233,7 
284,4 
82,2 
керосин, мың тонна 
36,7 
45,0 
81,6 
газойльдер (дизельдік отын), 
мың тонна 
365,9 
354,6 
103,2 
отындық мазут, мың тонна 
310,1 
336,1 
92,3 
Көмірсутекті сұйытылған 
газдар, мың тонна 
35,5 
39,9 
89,0 
Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің  ақпараты 
бойынша (16.02.2011). 
1.1-сурет. Теңіз кен орнындағы ұңғы өнімін жинау, 
дайындау және тасымалдау жүйесі 

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 

1.2-сурет. Қарашығанақ кен орнындағы ұңғы өнімін жинау, 
дайындау және тасымалдау жүйесі 
1.3-сурет. Өзен кен орнындағы ұңғы өнімін жинау, 
дайындау және тасымалдау жүйесі 

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
10 
Мұнай  кен  орындарының  тұрғызу  жобасын  жасауда  және 
мұнай  мен  газ  кен  орындарын  игеру  кезінде  жер  қойнауы  мен 
қоршаған 
ортаны 
қорғауға, 
топырақтың, 
судың 
және 
атмосфералық  ауаның  ластануынан  сақтауға  үлкен  көңіл 
бөлінеді. 
Мұнай ұңғымаларының өнімдерін кәсіпшілікте жинау және 
дайындау жағдайында өтіп жатқан құбылыстардың, үрдістердің 
және  туындайтын  мәселелердің  сан  алуандығы  сонша  оны  бір 
кітап  көлемінде  ашып  көрсетіп,  тереңірек  үңілуге  толық 
мүмкіндік  бермейді.  Мұнай  кен  орындарын  игерудің  қазіргі 
таңдағы дүниежүзілік тәжірибесі әртүрлі жағдайларда мұнайды, 
ілеспе газды және суды  тиімді жинау және сапалы дайындауды 
қамтамасыз  ететін  әртүрлі  техникалық  және  технологиялық 
шешімдерді, 
тәсілдер 
мен 
жабдықтарды 
қолданумен 
сипатталады.  Технологиялық  үрдістерде  өнімділігі  жоғары, 
толығымен  немесе  бір  бөлігі  ғана  автоматтандырылған, 
саңылаусызданған 
блокты 
аппараттар 
мен 
жабдықтар 
қолданылады. 
Химиялық 
реагенттердің 
кең 
спектрі 
қолданылады.  

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
11 
2. ДАЙЫНДАУ, ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫНА   ӘСЕР  ЕТЕТІН  ҰҢҒЫМА 
ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ 
Мұнай  –  коллоидтік  химия  ұстанымдарынан  алып 
қарағанда  ол  жеке-дара  химиялық  қосылыс  емес,  керісінше 
молекулярлық  ерітінді  немесе  дисперсиялық  жүйенің  сырттан 
әсер етуші қасиеттеріне тәуелді көп компонентті қоспа. Сыртқы 
жағдайлардың  әсерінен  мұнай  компоненттерінің  дисперстік 
фазаның  ядросы,  сольваттық  қабат  және  дисперсиялық  орта 
аралығында бөлінісі пайда болады. 
Мұнай  құрамына  кіретін  көптеген  заттар  –  көміртек  пен 
сутек  атомдарының  комбинациялары.  Мұнай  құрамында  83
0
/


87
 
% көміртек және 11-14 % сутек. 
Шикі  мұнай  100  түрлі  көмірсутектердің  қоспасы  болып 
келеді, оның құрамына 5-тен 60-қа дейін көміртек атомы кіреді. 
Мұнайдың  көмірсутектер,  молекулалары  тіке  және  тарамдалған 
шынжыр  тәріздес  болып  келеді,  сондай-ақ  циклді  қайталайды. 
Мұнай  мен  газ  көбінесе  метандық,  нафтен  және  аз  мөлшердегі 
ароматтық  қатарлардан  тұратын  көмірсутектердің  қоспасы 
болып келеді.  
Табиғи  қазбалар  жүйесіне  сәйкес  мұнай  –  сұйық  көмір-
сутекті қазба, құрамында 40%-дан аспайтын жоғары молекуляр-
лық шайырлы асфальтен заты бар. 
Егер  бұл  зат  көбейіп  кетсе  қазба  асфальт  немесе  битум 
класстарына 
жатқызылады. 
Бұл 
заттың 
ерекшелігі 
молекулярлық  массалары  ассоциацияға  бейім,  полидисперстік, 
полярлық және парамагнетизм. 
Ұңғыма өнімін дайындаудың технологиялық ерекшеліктері 
физика-химиялық  қасиеттерінің  жинақтары  және  құрамдарымен 
анықталады: 
Мұнайлардың  –  тығыздығы  (ρ),  тұтқырлығы  (μ),  парафин 
құрамы  (П),  шайырлар  (См),  асфальтендер  (Асф),  қайнау 
температурасының бастауы (Т
қ.б.
); 
Сулардың  –  минерализациясы  (М),  типі  (Т
в
), 
сутек  көр-
сеткіші (pH); 

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
12 
Шикізат  мұнайының  –  газға  қанықтылығы  (Г),  сулануы 
(W), күгірттілігі (S), механикалық қоспалардың құрамы. 
Мұнайды  тасымалдау  мен  сақтаудың  технологиялық 
ерекшеліктері  оның  физика-химиялық  құрамдарына:  тығыздық 
(ρ),  динамикалық  және  кинематикалық  тұтқырлық,  аққыштық 
(φ),  қаныққан  булардың  қысымы  (Р
н.п.
),  қату  (Т
қату
),  еру,  булану 
температуралары 

б
), 
жарқырау 
температуралары 

ж

байланысты. 
Газды 
тасымалдау 
мен 
сақтаудың 
технологиялық 
ерекшеліктері  оның  физика-химиялық  құрамдарына:  тығыздық 
(ρ),  тұтқырлық  (μ),  сығылу  (β),  судың  мөлшері  (
), 
күкіртсутектің  (
),  ауыр  көмірсутектердің  құрамдары, 
Джоуль-Томсон эффектісінің әсер етулеріне байланысты. 
2.1. Мұнайдың құрамы 
Мұнайдың  элементті,  фракционды,  топтық  және  заттекті 
құрамдары  ажыратылады.  Мұнайдың  қосылуларының  негізгі 
элементтеріне  көміртек  (83,5–87%)    және  сутек  (11,5–14%) 
жатады. 
 Күкірттің  мөлшері  0,1-ден  1-2%,  кейде  5–7%  жетуі
мүмкін, көп мұнайлардың құрамында күкірт мүлдем болмайды; 
 Азот мөлшері 0,001-ден 1, кейде 1,7 %;
 Оттегі  таза  емес  күйінде,  ал  түрлі  қоспаларда  мөлшері
0,01-ден 1% және одан да көп, бірақ 3,6%-дан аспайды. 
Мұнайдың  құрамында  сонымен  қатар  темір,  магний, 
алюминий,  мыс,  қалайы,  натрий,  кобальт,  хром,  германий, 
ванадий,  никель,  сынап,  алтын  және  т.б.  кездеседі.  Олардың 
жалпы құрамы кем дегенде 1%. 
Мұнайдың  фракциялық  құрамы  оның  құрамындағы 
белгілі 
температуралық 
интервалда 
қайнайтын 
түрлі 
фракцияларды  көрсетеді  және  олардың  байланыстарының 
қатынастарын қамтып көрсетеді. 
Фракция  –  деп  белгілі  температура  интервалында 
қайнайтын  мұнайдың  еншісі.  Мұнай  өте  кең  температура 
интервалында қайнайды (қ.б.-қ.ш.) 28-ден 520-540°С. 

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
13 
Мұнайдың фракциялық құрамы фракциялау әдісінің қайнау 
температурасы  бойынша  АРН-2  аппаратында,  айдау  немесе 
өндірістік 
қондырғыларда 
(АВТ-атмосфералық-вакуумдық 
трубчатка) анықталады. 
Фракцияның  қайнау  бастамасы  (қ.б.)  конденсациялық 
булардың  алғашқы  тамшыларының    құлау  температурасымен 
есептеледі. 
Фракцияның  қайнау  шегі  (қ.ш.)  фракцияның  булануы 
тоқтаған кездегі температураны өлшейді. 
Келесі негізгі мұнай фракцияларын бөліп қарастырады: 
- 28–180°С – кең ауқымды бензин фракциясы; 
- 140–200°С – уайт – спирит; 
- 180–320°С – кең ауқымды керосинді фракция; 
- 150–240°С – жарық түсіргіш керосин; 
- 180–280°С – реактивті отын; 
- 140–340°С – дизельді отын (қысқы); 
- 180–360°С – дизельді отын (жазғы); 
- 350–500°С – күрделі майлылық фракциясы; 
- 380–540°С – вакуумды газойль. 
Негізгі  мұнай  фракцияларын  бөлуді  схема  түрінде 
қарастыруға болады (2.1-сурет). 
2.1-cурет. Мұнайдың фракциялық құрамы 

А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова 
14 
Фракцияның  топтық  құрамы  бойынша  олардағы  көмір-
сутектердің  жеке  топтарындағы  мөлшерлік  қатынастарымен 
немесе  гетероатомдық  байланыстармен  түсіндіріледі  (бірнеше 
гомологиялық қатарлардың топтары). 
Мұнай  күрделі  органикалық  қосылыстардан  (100-ден  аса), 
соның  ішінде  көмірсутектерден    олардың  гетероатомды 
байланыстарынан тұрады. 
Көмірсутектер  –  көміртектің  және  сутектің  органикалық 
қосылыстары.  Мұнайда  көмірсутектердің  келесі  кла
сстары 
кездеседі. 
Парафинді 
көмірсутектер 
(алкандар) 
– 
қаныққан 
көмірсутектер,  жалпы  формуласы  C
n
H
2n+2
.  Олардың  мұнайдағы 
мөлшері 30–70% жетеді. 
Алкандарды бөліп қарастырады: 
 Қалыпты  құрылыста  –  н-алканы,  пентан  және  олардың
гомологтары; 
 Изоқұрылыс  –  изоалкандар:  изопентан  және  олардың
гомологтары; 
 Изопренді құрылыс – изопрендер: пристан, фитан және т.б.
Мұнайда түрлі агрегат құрамдас алкандар кездеседі: 
 С
1
 – С
4
 – еріген газ күйіндегі газ тәрізділер;
 С
5
  –  С
16
  –  мұнай  фракциясының негізгі  сұйық  массасын
құрайтын сұйықтар; 
 С
17
  –  С
42-53
  –  парафин  ретінде  белгілі  және  ауыр  мұнай
фракцияларының құрамына кіретін қатты
 заттар. 
Нафтенді  көмірсутектер  (циклоалкандар)  –  қаныққан 
циклді 
көмірсутектер. 
Оларға 
моноциклиндер 
жалпы 
формуласы  С
n
Н
2n
,  бициклиндер  C
n
H
2n-2
,  трициклиндер  C
n
H
2n-4

тетрациклиндер    C
n
H
2n-6
.  Мұнайда  нафтенді  көмірсутектердің 
көрсетуі 25-тен 75% дейін. 
Мұнайда  моноциклді  көмірсутектерден  термодинамикалық 
тұрақты  циклоалкандар:  бес  және  алты  мүшелі  нафтендер 
кездеседі.  Мұнайда  жалпы  нафтенді  көмірсутектер  оның 
молярлы массасының жоғарылауына қарай өседі. 
Ароматты  көмірсутектер  (арендер)  –  π  –  ілесетін 
жүйелермен  6  атомды  көмірсутектерден  кездесетін  циклдердің 
молекулаларында қанықпаған циклді қосылыстар.   

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
15 
Арендердің  мұнайдағы  қосылыстары  10-нан  50%  өзгеріп 
отырады.  Фракцияның  молекулалық  көлемінің  жоғарылауымен 
молекулада  циклдер  саны  ароматты  көмірсутектер  өседі. 
Циклдік бойынша арен тізімі: 
 Моноциклді:  бензол  мен  оның  гомологтары:  толуол,  о-,
м-, п – ксилол, этилбензол, проилбензол және т.б; 
 Бициклинді: нафталин және оның гомологтары;
 Трициклинді:  фенантрен,  антрацен  және  олардың
гомологтары; 
 Тетрациклинді:  пирен  және  оның  гомологтары,  т.б.
бөлінеді. 
Гибридті  көмірсутектер,  соның  ішінде  церезиндер  – 
аралас  құрылымдағы  көмірсутектер:  парафинді  –  нафтенді, 
парафинді – ароматты, нафтенді – ароматты. Бұл цикланды және 
ароматты  сақиналары  бар  ұзын  тізбекті  құрылымдардың 
фрагменттерімен  бірге  қатты  көмірсутектер.  Олар  мұнайды 
дайындау  мен  өндіру  процесінде  парафинді  шөгінділер 
құрамына кіреді. 
Мұнайда  бір  немесе  бірнеше  көмірсутек  клас
старының 
болу тәуелділігінде  ол парафинді (парафинді негіз), парафинді-
нафтенді,  нафтенді,  нафтенді-ароматты,  ароматты  –  деп 
жіктеледі. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал