Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана, Келтірген дүниеге нелер дана. Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ



жүктеу 17.17 Kb.
Дата04.11.2022
өлшемі17.17 Kb.
#23305
Ана
1 (2)

Ана
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сенда ғана.
Кез-келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеген, өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Ана-үш әріп түпсіз терең мағына Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Ана-үйдің берекесі, жылуы.
Ананың балаға деген мейірім, махаббаты теңіздей терең, аспандай биік, оттай ыстық, күннің нұрындай шуақты. Ана баласы үшін бәріне де дайын, тіпті отқа да, суға да түсе алады. Оны біз Ғ.Мүсіреповтың ана жайлы шығармаларынан да көре аламыз. Оның “Ананың анасы”,”Ашынған ана”,”Ананың арашасы”,”Ер ана”,”Ақлима”атты әңгімелерінен ананың баласына, адамзатқа деген шексіз махаббаты мен асқан ерлік істері суреттеледі. Ана махаббаты, сүйіспеншілігі жер жүзін жаулап келе жатқан қаһарлы әмірші Ақсақ Темір мен Жалпақ батырға қарсы шығып, тізе бүктіртеді. Тіпті: ”Менің атым-әйел, мына қыздың анасымын! Бәрін де анадан тудыңдар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда? Кел ботам, өзіме!”-деген сөздермен жауын тұқыртып, баласын құтқарады.Бұдан ана бойындағы махаббатты ғана емес,сарқылмайтын алып күш екені күмәнсіз,
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытыпАна баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Ана-бүкіл өмірін балаға арнайды, барын-нәрін балаға береді, бірақ қайтарымына еш нәрсе сұрамайды. Ана-балаға барын беріп қайтарымына еш нәрсе сұрамайтын әлемдегі жалғыз адам. Осы орайда орыстың ұлы жазушысы М.Горькийдің «…Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі Ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деген сөзіне еріксіз иланасың. Тіпті, көк аспан да Ана жәйлі терең ойға батып, үнсіз мөлдіреп тұрғандай сезіледі.
Ал, баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ананы сыйлау – парызың. Бұл сезім балаға нәресте кезінен сіңіріледі. Ол ананың – балаға, баланың – анаға деген ықылас, құрметі. Бұл, расында, ғажайып сезім! Ана балаға өмір берсе, бала анаға түгесілмес бақыт, қуаныш сыйлаған! Сондықтан да олардың бір-біріне деген сый-құрметінде шек жоқ.

Ананы мадақтау – адамгершілікті мадақтау. «Ерлер көктен түскен жоқ, әйел – оның анасы» дегендей, жаны жайсаң, көңілі дархан, дос дегенде ішкен асын жерге қоятын ақкөңіл, кеудесін елі үшін оққа тосатын батыр ерлер ананың тәрбиесінен шыққан, соның аялы алақанының жылуын, жанарының мейірімін көріп өскен. Ел қамын ойлап, дархан даланы дүбірлетіп өткен, тарих көшін батырлығымен, мәрттігімен әрлендірген Абылайлар мен Исатайлар, Махамбеттер мен Амангелділер де анадан туды ғой. Өткір тілді, ұтқыр сөзді, найзадай жарқылдаған билер менен шешендер де ана көрегендігінің кәусар бұлағынан сусындамады ма? Домалақ ана, Мұрын ана, Қаз дауысты Қазыбектің анасы Қарқабат ана сияқты жұртты аузына қаратқан әулие-аналар да дөңгелек дүниенің баға жетпес қазынасын жасаған жоқ па?! Осыдан кейін сен де: «Қадірлейік те, құрметтейік ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдардың асылы – өмірді, адамгершілікті сыйлады!» — дейсің ішіңнен.


Дүниені қан қақсатқан ақсақ Темір де ашынған ананың алдында, оның қаһарынан қорқып, дарға асайын деп жатқан баласын босатқан екен. Өзін ақылды санаған Шыңғысханның да ақыл сұрап кеңесетіні парасатымен ел басқарған әйелдер, ру билеген көсем аналар, батыр әйелдер, он саусағынан өнер тамған күйші әйелдер болған.
Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.
жүктеу 17.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет