Өмірбаянын айтудың қажеті шамалы. Шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың



жүктеу 33.26 Kb.

Дата31.01.2017
өлшемі33.26 Kb.
түріӨмірбаяны

Тәттімбет пен күйді бір-бірінен ажыратып қараудың 

қажеті жоқ. Екеуі - біртұтас әлем. Қазаққа оның 

өмірбаянын айтудың қажеті шамалы. Шертпе күй 

орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың 

бірі екенін айтса да жетіп жатыр. «Сарыжайлауы» мен 

«Бес төресі» - бөлек әңгіме. Оның өмірбаянын білу 

басқа да, күйлерін түйсіну мүлде бөлек. Тәттімбет 

жайлы, жалпы, Арқа күйшілік дәстүрі турасында 

күйші Жанғали Жүзбай жақсы айтқан. «Арқа күй 

өнерінің ерекшелігі мен артықшылығы неде?» 

деген сұраққа Жанғали ағамыз: «Арқа күйлерінің 

музыкалық шығарма ретіндегі маңызды ерекшелігі -

өзінше мектеп бола тұра, домбыра өнерінде дамыған 

барлық күйшілік дәстүрді жатсынбауы», - дейді. 

Сонымен қатар Арқа күйлері де ішінара мынадай 

орындаушылық мектептерге бөлінеді екен: 

Тоқырауын орындаушылық мектебі, өкілдері: 

Әшімтай Қарымсақұлы, Манарбек Ержанов, 

Аққыз Ахметова, Сатан, Мұхсин, Мағауия Хамзин, 

Жақсылық Омашев, Қайрат Айтбаев. 

Ақсу-Аюлы орындаушылық мектебі, өкілдері: 

Итаяқ, Қыздарбек, Мақаш, Сембек, Әбди, Әбікен, 

Бегімсал Орымбеков, Дәулетбек Сәдуақасов, Орал 

Исатаев, Арман Қадірбек, Нұрғаным Жексенбаева. 

Жаңаарқа орындаушылық мектебі, өкілдері: 

Сайдалы сары Тоқа, Дайрабай, Сейфолла (Сәкеннің 



әкесі), Амантай Бозмағамбетұлы, Мұхит Битенов, 

Пазыл Тұтқабеков, Мейрам Ұлмағамбетов, 

Мұхамеджан Тілеуханов, Ахат Байбосынов, 

Алпысбай Тұрсынбеков, Жанболат Әбілдинов. 

Арқа күй өнері жайлы әңгімесін жалғастырған 

Жанғали Жүзбай: «Арқа мектебінде 

орындаушылықтың үлкен екі арнасы бар, - дейді. -

Бірі қоңыр шертпе болса, екіншісі - қуатты желдірме 

күйлер. Осы жағынан қарағанда, желдірме күйлерді 

төкпеге еркін жатқызуға да болғандай. Мысалы, 

Дайрабайдың күйі Арқа мектебіне жатқанмен, 

екпіні мен ырғағы жағынан Атырау мектебінен 

алыстамайды, мұндай ерекшеліктерді Тоқаның 

«Бозайғырынан» да аңғару қиын емес». 

Күй өнерінің төкпе және шертпе болып бөлінуі әр 

өлкенің өз мінезін танытуы болып табылады. Арқа 

жұрты сабырлы, салмақты, ойшыл болып келсе, 

батыстың шапшаң, тік, жауынгер мінезді екені 

жасырын емес. Күй өнерінің екіге бөлінуі сондықтан. 

Биыл Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 200 

жыл. Атаулы мерейтойға байланысты қаламызда не 

өтпек? Қандай шаралар атқарылмақ? Осы жөнінде 

«Арқа ақшамы» газетіне сұхбат берген Қали Байжанов 

атындағы концерттік бірлестіктің бас директоры 

Талғат Нүсіпұлы былай деген еді: «Бұл атаулы 

мерекеге жоспарлап жатқан да, өтіп жатқан да шара 

өте көп. Қарашаның аяғында Түркияда Тәттімбет 

Қазанғапұлының 200 жылдығын өткіземіз бе деген 

жоспар құрып отырмыз. Сонымен қатар 10 қарашада 

Тәттімбет атындағы республикалық алтыншы 

конкурс өткізбекпіз. Оның ішінде домбыра, қобыз, 

қылқобыз аталымдары бойынша конкурс басталмақ. 

Қатысушылар еліміздің жан-жағынан жиналмақшы. 

Одан кейін 13 қараша күні үлкен қонақтарды 

шақырып отырмыз. Атап айтсам, депутаттар бар, 

консерваторияның мәдениет саласында жүрген 

ректорлары, Астана университетінің ректоры және 

шетелден келетін бірнеше сыншы бар. Оның ішінде 

Әзірбайжан халық консерваториясының ректоры, 

жібереді. 

Көптің сәлеміне құлақ асқан Тәттімбет келгенде, 

Алшынбай би елдің апшысын қуырып, би-

болыстарды ықтыра сөйлеп отырса керек. Тәттімбет 

Алшынбайдың жасын сыйлап, сөзін бөлмей 

шеткерірек отыра кетеді. 

Содан Алшынбай өз дегенін орындататын үкім 

сөзін бітіре бергенде, Тәттімбет: 

- Дат, Алшеке! Үкіміңізге қосарым бар! - дейді. 

- Айт датыңды! - деп Алшынбай ошарыла 

бұрылады. 

Сонда Тәттімбет: 

- Алшеке, жалғыз Айбике емес, жапсар жатқан 

Шаншар да, қала берді, Қарқара, Қуды ен жайлаған 

исі қаракесек сізді төбесіне көтеріп, дуалы ауыз, тура 

би деп танып, тағдырының тізгінін қолыңызға ұстатып 

отыр. Ол - ол ма, ықпалыңызды жүргізем десеңіз, 

Қарқабат анасын ұрандас еткен қалың шоғыр 

қаракесек былай тұрсын, қырық сегіз болыс майқы-

бошанға, одан асып арғынға айтқаныңыз өтеді. 

Япырау деймін! Осынша биікте отырып, неліктен 

терістіктен соғар үскірікті алдын ала болжамағансыз?! 

Қалайша жұрттан асқан құдіретіңізбен болжап, өз 

малыңыз ғана емес, төсекте басы, төскейде малы 

қосылған ағайынға қамқор бола алмадыңыз? Біле 

білсеңіз, мұндай үлкен міндет сіздей ел үлкеніне 

лайық емес пе еді?! Тас - түскен жеріне ауыр, 

әйел ерге, ер жерге қарайды, сіз білмегенді сіздің 

панаңыздағы қара халық қайдан білсін?! Боранның 

соғарын, жылқының ығарын, ыққан жылқының 

сорға түсерін болжап, біліп отырудың жолы сіздікі 

емес пе?! Менің қосарым - боранда ығып, сорға 

түскен жылқыны осы ел бөліп төлесін-ақ! Ал осынау 

қалың елдің биылғы жұтта өлген жылқысын, жұттың 

боларын болжамағаныңыз үшін сіз төлеңіз! Ол 

болмаса, үкім бұзылсын! - деген екен. 

Алшынбай өзінің белден басып, артық кетіп 

отырғанын мойындап, Тәттімбеттен тосылған екен 

дейді. 


Бұл әңгімеден Тәттімбеттің жаңа қырын 

байқаймыз. Қырық бес жасында жалғанмен қош 

айтысқан Тәттімбеттің көрері әлі алда болған екен. 

Себебі 1969 жылы Ноэль Шаяхметов қабірін қазып, 

бас сүйегін зерттеуге алып кеткеннен бері, әлі де 

қайтпаған. Куәгерлердің айтуы бойынша, ғалым 

Мәскеуге көшіп кеткен. Бұл туралы журналист Айтбай 

Сәулебектегі «Тәттімбеттің бас сүйегі қайда екен?» 

атты мақаласында жазған еді. Ноэль Шаяхметов осы 

уақытқа дейін не зерттеді екен? Әлде басқа мақсатта 

қолды қылды ма? Бәрі - жұмбақ. Тәттімбеттің 200 

жылдығында осы мәселені шешсе, одан асқан 

қандай сый болмақ?! • 

атаусыз қалып жатқан жоқ. Шет ауданынан бастап, 

күйшінің туған жері Қарқаралы баурайында да тойы 

дүркіреп өтті. Шетелде жүрген ағамыз халықаралық 

ұйымның бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлының 

қолдауымен Тәттімбеттің 200 жылдығы Стамбул 

қаласында және оның жан-жағындағы үлкен-үлкен 

қалаларда тойланады. Бұл жердегі біздің басты 

мақсат - Тәттімбеттің шетелде де үнін шығарып, 

тойын лайықты түрде өткізе отыра, шетелде де 

күйшінің атын қалдырып кету. Жалпы алғанда, 

Тәттімбетті әлемге паш етпекпіз». 

Қош. Концерт, конференция - барлығы керемет. 

Бірақ одан не пайда? Консерваторлық әдістен 

бірдеңе шықса... Бізге осы жағынан креатив 

жетіспейтіні анық. Халыққа жеткізудің жаңа үлгісі. 

Қатып қалған форматтан шығу керек емес пе?.. Ол -

енді басқа әңгіме. 

Тәттімбеттің заманына оралайық. Ол өз 

заманында күйші ғана емес, сонымен қатар бітімгер, 

шешен адам да болған. Оған бір мысал - Тәттімбет 

пен Алшынбай арасындағы әңгіме. Алшынбаймен 

әйгілі күйші-композитор Тәттімбет Қазанғапұлы 

аталас болып келген. Оның үстіне, Тәттімбеттің 

Нұрбике-Шаншар еліне болыс болып, үзеңгілес 

жүрген кезі болса керек. 

Бір жылы қыс қатты болып, ақсүйек жұттың 

нышаны белгі бере бастайды. Мал сүмесімен күн 

көріп отырған Арқа қазақтары абыржыңқы күй 

кешеді. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, қардың 

қалыңдығына, малдың өлім-жітіміне, ит-құстың 

молаюына, ұры-қарының білінуіне қоса терістіктен 

тұрған үскірік жел басылмай қояды. Мал мен жанның 

апшысын қуырған қарлы боран Алшынбайдың да 

көп жылқысын ықтырып, көрші рулардың қорық-

теппесіне алып келеді ғой. Аштық атасын таныта 

ма, Алшынбайдың ыққан жылқысы қорықтарды 

таптап, тақырлағаны былай тұрсын,ауыл-ауылдың 

үстін басып, арық-тұрыққа деп жинаған көпен-

шөмелелеріне ауыз салады. 

Алшынбайдың жылқысы екенін білсін-білмесін, 

бекерге бөтен малдың аяқ асты болып отыра ма, 

ауыл адамдары ығып келген жылқының алдын 

жасқап, бетін ауылдан бұрып жіберді. Сол бетінде 

ыққан жылқы Қарасор көлінің былқылдап жататын 

сорына тіреліп, біразы шығын болса керек. 

Мұны естіген Алшынбай «жылқыларымды әдейі 

бақастықпен сорға түсірді» деп, көрші ауылдардан 

өлген малын өндіріп алу үшін төңіректің би-

болыстарын жинап, салмақ салады. Берсе -

қолынан, бермесе - жолынан алатын, өктемдігін 

жүргізіп қалған Алшынбайға ешкім қарсы келе алмай, 



қиналған көпшілік араша сұрағандай Тәттімбетке кісі 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал