Өмірбаяны өз тұс тастарына ұқсас бол ғаныменен, өмірге құ



жүктеу 25.69 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі25.69 Kb.

Әңгіме кейіпкері-

нің өмірбаяны өз тұс-

тастарына ұқсас бол-

ғаныменен, өмірге 

құ

штар, алдына  қой-



ған мақсатын қандай 

жағдайда да жүзеге 

асыру үшін табанды-

лық таныта білетін 

қ

айсар жанның өзіне 



тән ерік-жігерін тану 

қ

иын емес. Ол 1912 



жылы  Қарағанды маңындағы Ақжар ауы-

лында дүниеге келген. Анасы Мәриям дін-

дар кісі болған екен. Оның есімінің «Алла-

яр» болуына да сол кісі тікелей  қатысты 

болса керек. Ауыл молдасынан әліпбиді 

таныған Аллаяр өзінің білімге деген  құш-

тарлығымен айналасына таныла түседі. 

Табиғатынан елгезек, әр нәрсенің сырын 

білуге құштар талапты бала, мектепте оқып 

жүрген кезінде де оқу озаттарының сапын-

дажүріп, екі тілді еркін меңгереді.Кеңес 

өкіметінің енді-енді қаз тұра бастаған кезі. 

Оның үстіне ауыл тұрмысы қашан оңып еді. 

Аллаярдың дендеп білім алуына сол жа-

дағай тұрмыс пен жадау тіршілік мұрша 

бермеді. Ол ақыры «Қарағандыкөмірқұры-

лыс» мекемесіне жұмысқа тұрды. 

Өмірде өз орнын қателеспей тапқан-

дай болған талапты жастың көкейінде бо-

лашақта жүзеге асырсам деген ізгі арман-

дар ояна бастады. Еңбек ете жүріп білімін 

де жетілдірді. Комсомол қызметін атқарып, 

тәжірибе де жинақтады. Соның нәтижесін-

деАллаяр Байланыс министрлігіне қарас-

ты Қарағанды қаласы бойынша облыстық 

«Союзпечать» мекемесінің бастығы бол-

ды.  Қызмет бабындағы алғашқы өсу ке-

зеңдері де басталған болатын. Әттең, Ұлы 

Отан соғысы деп аталатын елге келген ала-

пат қасірет ол армандарды күл-талқан етті. 

Соғыс басталған кезде ол республикалық 

«Союзпечать» директорының орынбаса-

ры  қызметіне жоғарылатылып, Алматыға 

келген болатын. Осы қызметінде жүргенде 

ол әскер  қатарына шақырылды. Бірақ, 

ревкомның ерекше бұйрығымен әскер  қа-

тарынан кері  қайтарылып,  Қарағанды об-

лыстық партия комитетінің  ұсынысымен 

облыс орталығынан шалғайда жатқан Бай-

қ

оңыр көмір кенішінің партия  ұйымының 



хатшылығына жіберілді. 

Ресейдегі іргелі көмір шахтылары не-

містердің  қолында  қалып,  қазақстандағы 

көмір өндірісі екі есе артқан болатын. Осы 

мақсатта ашылған Байқоңыр шахтасына 

да сондай талаптар қойылды. Аллаяр Тәл-

кенов осы сынақтан да сүрінбей өтті. Ол 

өзі жетекшілік ететін  ұжымда коммунис-

терді үлкен іске жұмылдыра білді. Ауыр 

жылдарда «Стахановшылар»  қозғалысын 

дамытып, соның арқасында еңбек өнім-

ділігін де екі есе арттыра алды. 1942 жыл-

дың  қазан айында көмір кенішінің дирек-

торы Долгов пен партия ұйымының хатшы-

сы А.Тәлкеновтің бас  қолбасшы И. Ста-

линнің атына: «Байқоңыр көмір  қазбасы-

ның коллективі майдан айлығы күндерін-

дегі Стахановтың еңбек вахтасын ойдағы-

дай атқаруда.  Қыркүйек айының жоспары 

мерзімінен бұрын орындалып, бас қолбас-

шының қорына жоспардан тыс 500 тонна 

көмір қосылды. 

Көміршілер жаудан азат етілген аудан-

дардағы тұрғындар үшін қаржы, ыдыс-аяқ, 

басқа да тұрмыстық мүліктер жинауға 

кірісті.  Қазірдің өзінде 20770 сом  қаржы 

жиналып, 3000 тонна көмір өндірілді», -

деген мәтінде рапорт жолдады. 

Осылайша қазақтың қайсар ұлы арнау-

лы білімі болмаса да білігінің, өз таланты-

ның олқы емес екендігін іспен дәлелдеп, 

жоғары басшылықтың назарына ілікті. 

1943 жылы Аллаяр Тәлкенов  Қарсақбай 

аудандық кеңесінің депутаты болып сай-

ланды. Сол жылы ол аудандық кеңес ат-

қ

ару комитетінің төрағасы болып бекіді. 



Бұл жас жігіттің еңбегіне берілген жоғары 

баға болатын. 

Қ

ашанда ел мүддесін өз мүддесінен 



жоғары қоя білетін адам көпшіліктің құрме-

тіне бөленіп, ел есінде мәңгі  қалады. Ал-

лаяр Тәлкеновты де елінің осындай құрмет-

теп жатуы оның кезінде ел үшін еткен 

еңбегі негіз болды. Аллаяр Жезқазған 

(Қарсақбай) аудандық атқару комитетінің 

төрағасы ретінде Үлкен Жезқазған посел-

кесіне қала мәртебесін беруге де күш сал-

ды. Кейін Жезқазғанның  қала болып  қа-

лыптасуына, дамуына өзіндік үлес  қосты. 

Өзінің саналы ғұмырының 60 жылдан 

астамын  Қарағанды және Жезқазған об-

лыстарының  қалыптасуы мен дамуына 

жұмсаған Аллаяр Тәлкеновты жез-

қ

азғандықтар әркез құрмет тұтады. 



Кешегі елуінші жылдардың басын-

да Шет аудандық атқару комите-

тінің төрағасы болып қызмет ауыс-

тырғанда Жезқазған жұртшылығы 

Аллаярды  қимастықпен шығарып 

салған да кездер болған. Сол Шет 

ауданындағы Ленин атындағы кол-

хозды басқарған жылдары оның 

есімі күллі республика жұртшы-

лығына кеңінен мәлім болып, астық 

өндірудегі зор жетістіктері үшін 

Еңбек Қызыл Ту орденімен, Бүкіло-

дақтық халық шаруашылығы жеті-

стіктері көрмесінің дипломымен ма-

рапатталғанда,  Қазақстан Компар-

тиясының IV және V съездерінің де-

легаты болып сайланғанда Жезқа-

зған жұртшылығы «біздің Аллаяр» 

деп мақтанған болатын. 

Араға оншақты жыл салып Жез-

қ

азғанға  қайта оралған Аллаяр 



Тәлкенов 1961 жылдан 1969 жылға 

дейін Жезқазған геологиялық бар-

лау экспедициясын басқарды. 

Қ

аныш Сәтбаев, Василий Штифа-



нов сынды тұлғалармен тығыз дос-

тық және әріптестік қарым-қатынас-

та болды. 

Өмірге келіп, ат жалын тартып мініп, ел 

ісіне араласқан күннен бастап, көшбасшы-

лық  қалпынан айнымай,  қай істе де,  қай 

тұста да іскерлік пен  ұйымдастыру  қабі-

летін, әділдік пен талапшылдықты, азамат-

тық пен  ұстаздықты жанына жалау етіп 

өмірден өткен артына игілікті іс пен үлгі-

өнеге  қалдырған асыл азаматтың туғаны-

на 100 жыл толып отыр. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал