Өмірбаяны мен шығармашылығы туралы келелі ой



жүктеу 12.19 Kb.

Дата06.06.2017
өлшемі12.19 Kb.

ТАРЛАНДАРҒА ЕСКЕРТКІШ 

ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ 

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегендей, 

мұсылман халқының ұлы мерекелерінің бірі 

«Құрбан айт» қарсаңында Қарағанды облыстық 

Мәдениет департаменті және С.Сейфуллин атын-

дағы облыстық қазақ драма театрының ұйымдас-

тыруымен ұзақ жылдар қазақ өнеріне қомақты 

үлес қосқан, өнер саңлақтары, театрдың алғаш 

іргетасын қалаушылары - ҚР еңбек сіңірген әртісі 

Зейнел Көшкінбаев пен Торша Жабаевқа бұрын-

дары тұрған үйлеріне ескерткіш тақта орнатыл-

ды. 

Алдымен Н.Әбдіров көшесіндегі 48 үйге бет 



алдық. Бұл үйде марқұм Торша Жабаев тұрған 

болатын. Азулы актер, белгілі өнер саңлағы ес-

тен кетпес талай-талай тамаша образдар сомдап, 

ел есінде өшпестей болып мәңгі сақталып қалды. 

Атап айтқанда Қоңқай, Сәт, Христолюбов. Маман 

сынды образдар ащы тері әбден алынып, асқан 

шеберлікпен безбенделген толымды дүниелер. 

Салтанатты жиынды театрдың директоры ҚР 

еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың ла-

уреаты К.Жұмабеков жүргізіп, Т.Жабаевтың 

өмірбаяны мен шығармашылығы туралы келелі ой 

қозғады. Бұдан кейінгі сөз облыстық Мәдениет 

департаментінің директоры Р.Омарбековаға 

беріліп, ол кісі театрдың ақсақалдарын естен шы-

ғармай мұндай игі-шараның ұйымдастырылуын 

және құрбан айт, Тәуелсіздік мерекесімен орай-

ластырылып отырғанын тілге тиек етті. 

Салтанатты жиын осымен аяқталып, естелік 

тақтаны ашу құрметіне облыстық Мәдениет депар-

таментінің директоры Р.Омарбекова, таяуда ғана 

«Құрмет» орденін омырауына қадаған Н.Жан-

сүгірова мен баласы Н.Жабаевтар ие болды. 

Ақжайма орамал сыпырылғаннан кейін те-

атр ұжымы мен туған-туыстары гүл шоқта-

рын қойды. 

Бұдан кейін Бейбітшілік гүлзарының бо-

йындағы №32 үйге бет түзедік. Өйткені, бұл 

үйде ақтаңгер актер, театрда һәм режис-

сер, әрі актер ҚР еңбек сіңірген әртісі Зей-

нел Көшкімбаев тұрған болатын. Әдеттегідей 

салтанатты жиынды облыстық Мәдениет 

департаментінің директоры Р.Омарбекова 

ашып, бұдан кейінгі сөз театрдың бүгінгі ақса-

қалы ҚР еңбек сіңірген әртісі Е.Жүніспековке 

тиді. 

- Мен Зекеңнің өнеріне бала кезімнен 



қанықпын. Ол кісінің ойнаған Көтібар, Панфи-

лов, Бекежан, Есен, т.б. образдары теңдессіз 

бейнелер. Ағамызды поез басып кетіп, қай-

ғылы қазаға ұшырады. Жатқан жері жәннат-

та, топырағы торқа болсын,-деп Ерағаң көзіне 

жас алды. 

Ескерткіш тақтаны ашу кезегі облыстық 

Мәдениет департаментінің директоры 

Р.Омарбековаға, театр әртістері ҚР Мәде-

ниет қызметкерлері Ш.Нукина мен Қарашаш 

Көшкімбаевтарға тиді. 

С.ӘЙНЕКБАЙҰЛЫ. 

Суретті түсірген Ж.ИМАНӘЛІҰЛЫ. 



Орталық Қазақстан. - 2007. - 20 желтоқсан (№199/203). - 1 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал