Өмірбаяны және әдеби мұрасы туралы ой-тұжырымдар дәрістер



жүктеу 1.01 Mb.

бет1/11
Дата09.01.2017
өлшемі1.01 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

С.Н. Сүтжанов

МӘШҺҮРТАНУ КУРСЫ

Дәрістер жинағы

Павлодар


2006

1


ББК 83.3 Я 73

С 90


Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының

Ғылыми Кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:

Б.Әбдіғазиұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

Н.Қ. Жүсіпов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Сүтжанов С.Н.

С 90 Мәшһүртану курсы. Дәрістер жинағы. – Павлодар: ПМПИ, 2006. – 

92 б.


ISBN 9965–802–07–6

Бұл   оқу   құралында   қазақ   әдебиетінің   көрнекті   өкілі   ақын, 

философ,   тарихшы   әрі   халық   ауыз   әдебиеті   мен   фольклор 

үлгілерін жинаушы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық 

өмірбаяны   және   әдеби   мұрасы   туралы   ой-тұжырымдар   дәрістер 

жинағы ретінде берілген.

Кітап жалпы әдебиет сүйер қауымға, орта және жоғарғы оқу 

орындарының   шәкірттері   мен   студенттеріне,   магистранттарға 

және мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал болып табылады.

ББК 83.3 Я 73

( )

06

05



00

4603020000



С

ISBN 9965–802–07–6

© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2006.

© Сүтжанов С.Н., 2006.

2


АЛҒЫ СӨЗ

Қайсыбір   қоғам   не   әдебиет   қайраткерінің   қызметі   мен 

шығармашылығы   оның   өзіне   дейінгілерге   қарағанда 

қаншалықты   жаңалық   әкелгендігінде   қарай   бағалануға   тиіс. 

Шынында, осы талап бар кезеңнің қайраткерлеріне қатысты. 

Әсіресе,   аумалы-төкпелі   заманда   өмір   сүріп,   не   бір 

қиындықтарды   бастан   кешкен   халық   ұлдарының   іс-әрекеті 

мен ой-пікірлерін осы тұрғыдан саралауымыз керек.

ХІХ   ғасырдың   аяғы   мен   ХХ   ғасырдың   басы   қазақ 

халқының рухани-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған ерекше 

бір кезең екені белгілі. Сондықтан да сол кезеңнің әрбір қалам 

иесінің, мейлі ол ұсақ не ірі болсын, шығармашылығын нақты 

әрі   жан-жақты   зерттеу   бүгінгі   таңда   толғақты   да   маңызды. 

Өйтпейінше   сол   дәуірдің   шын   суретін   көзге   елестету   еш 

мүмкін емес.

Сол   кезеңде,   яғни   Қазан   төңкерісіне   дейінгі   әдеби 

процесте   М.Ж. Көпеевтің   де   атқарған   рөлі   айрықша.   Ол   – 

қазақтың   сөз   өнеріне   өшпес   із   қалдырған   көрнекті 

тұлғаларымыздың   бірі.   Әдебиетіміздің   тарихын   зерттеуші 

сыншы-ғалымдарымыздың   көпшілігі   оны   Октябрь   кезеңінің 

белді де белгілі өкілдерінің бір деп таныды. Ақын, ағартушы, 

тарихшы   және   халық   ауыз   әдебиетінің   үлгілерін   жинаушы 

ретінде  ол туралы М.О. Әуезов, Ә.Х. Марғұлан, М. Ғабдуллин, 

Б. Кенжебаев,   Қ. Бейсенбиев,   Ә. Қоңыратбаев,   И. Жарылға-

пов, Ы. Дүйсенбаев, М. Бөжеев, Д. Әбілов және т.б. қазақтың 

белгілі   ғалымдар   мен   сыншылар   өз   ой-пайымдарын   білдіріп 

отырған.

М.Ж. Көпеев   туралы   уақыттың   талғам-талабына   орай   әр 

кезде әр түрлі пікірдің болғаны да рас. Алайда, оның кестелі 

өлеңдері   мен   келісті   ойларын,   әсіресе,  халық   ауыз   әдебиетін 

жинаудағы жойдасыз еңбегін ешкім де жоққа шығарған емес.

М.Ж. Көпеев   шығармашылығын   жан-жақты   әрі   терең 

зерттей келіп, оның екі ғасыр аралығындағы қазақ қоғамының 

саяси-әлеуметтік   «халық-ахуалы»   мен   тұрмыс-тіршілігін 

бедерлеудегі   болсын,   бәрінің   де   қыр-сырын   ашып,   әділ   де 

нақты бағасын беру қажет.

Әрқилы   тарихи-әлеуметтік,   саяси-қоғамдық   өзгерістерге 

толы   кезеңде   дүниеге   келген   М.Ж. Көпеев   (1858–1931)   қазақ 

жазба   әдебиетінің   қалыптасуына,   көркемдік   көкжиегінің 

кеңеюіне   елеулі   үлес   қосқан,   ағартушылық-демократтық 

бағытты   берік   ұстанған   ақын   әрі   тарихшы   ретінде   белгілі. 

Оның   кітаптары   мен   мерзімді   баспасөз   беттерінде   басылған 

3


мақалаларында   екі   ғасыр   аралығындағы   қазақ   қоғамының 

саяси-әлеуметтік   жағдайын   шынайы   суреттеген,   замана 

тынысын   дөп   басып,   айта   білген   қаламгер.   Мәшһүр   Жүсіп, 

сонымен   қатар,   қазақ   ауыз   әдебиеті   мұралары   мен   тарихи 

мағлұматтарды, этнографиялық деректерді әрі жинаушы, әрі 

зерттеуші   фольклорист,   этнограф-тарихшы   ретінде   де   төл 

әдебиетіміздің тарихында ерекше орын алады.

Мәшһүр   Жүсіп   туындылары   1959   жылдан   бері   мектеп, 

ЖОО оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіліп, шығарма-

шылығын   зерттеуге   ден   қойылды.   Сөйтіп   «Мәшһүртану» 

ілімінің   негізі   қаланды.   Бүгінгі   күні   ақын,   тарихшы   әрі 

фольклоршының   әдеби   мұрасы   жан-жақты,   терең   зерделену 

үстінде. Осының бәрі «Мәшһүртану» курсы бойынша қысқаша 

болса   да,   дәрістер   жинағын   құрастыруға   тірек   болды.   Оқу 

құралы   ретінде   ұсынылып   отырған   бұл   еңбекті   ЖОО-дағы 

арнаулы курста пайдалануға толық болады.

4


ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ

1-дәріс тақырыбы:

МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҒҰМЫРНАМАСЫ

Мақсаты:   Екі   ғасыр   аралығындағы   көрнекті   әдебиет 

өкілінің   ғұмырымен   таныстырып,   шығармаларының   туу 

тарихы мен басылып шығуы туралы деректер беру.

Міндеттері:

– қаламгер өміріне қатысты тың мағлұматтарды түсіндіріп 

жеткізу;


– ақынның   Қазан   төңкерісіне   дейін   жарық   көрген 

кітаптарының шығу тарихынан мәліметтер беру;

– жазбагердің Кеңес өкіметі тұсындағы өмірінен деректер 

көрсету.


Жоспар:

1. М.Ж. Көпейұлы – Баянауыл өңірінің тумасы

2. 1907 ж. Қазан қаласында басылған кітаптары туралы

3. Мәшһүр Жүсіптің ғұмырының соңғы кезеңі

Дәріс мазмұны:

1. М.Ж. Көпейұлы – Баянауыл өңірінің тумасы

Мәшһүр   Жүсіп   1858   жылы   Баянауылдағы   Қызылтауда, 

Найзатас деген жерде Сүйіндік руынан шыққан, Көпей атты 

шаруаның   семьясында   дүниеге   келеді.   Мәшһүрдің   ата   тегі 

туралы Сүйіндік Көпеев «Мәшһүр Жүсіп өмірі» атты еңбегінде 

ақынның   көзі   тірісінде   айтып   кеткен   әрі   қағазға   түсірген 

дерек   көздерін   көрсетеді:   «Мәшһүр-Жүсіп   тірісінде   өзінің 

топырақ бұйырар жерін (қазіргі «Жаңа жол» совхозы, бұрынғы 

Еламан елі) белгілей отырып, әрі қарай былайша сыр шертеді:

– Әкем Көпей (Көпжасар) 73 жасында, барыс жылы дүние 

салып,   Баян   қалашығындағы   «Көп   жатақ»   атты   ауылдың 

зиратына жерленген еді. Момын, жас кезінде керуен басшысы 

болған. Кейін сопы атанып, бар арманы мені оқыту болды. Сол 

себепті әулиелі Қызылтауды тастап, Баян қалашығына көшіп 

келген, – деп отырады екен.

5


Бұл   жерде   айта   кетер   бір   жай,   –   Мәшһүр   көзі   тірісінде 

әкесінің   басына   барып   тұрған,   бірақ   көзге   түсерліктей   белгі 

қоя   алмаған.   Сол   себепті   де   қазір   ол   кісінің   жатқан   жері 

белгісіз.   Кезінде   білген   адамдар   болған,   бірақ   бәрі   де   ол 

дүниелік болып кетті.

Көпжасардың әкесі Сермағамбет 70 жасында Қызылтауда 

дүниеден өтіп, сол жерде жерленген екен. Одан арғы бабасы 

Ақжігіт 49 жасында қайтыс болыпты.

Көкшетауда   Шүрікті   Қарағай   деп   аталатын   аймақта 

«Қыздың   Қарасуы»   деген   жер   бар.   Міне,   Ақжігіт   сол   жерге 

жерленген. Ал,  ол жер – ат-қонысы болды ма, ол жағы бізге 

беймәлім. Мәшһүр:

– Ақжігіт   бабамыз   сауықшыл,   бірбеткей,   ер   адам   болып-

ты, – деп айтады екен. Сондықтан да Көкшені жерсінуінің де 

бір сыры болса керек. Оның арғы атасы – Бесім.

Мәшһүр Бесімге көп тоқталады. «Қартайып, дүние салған 

адам.   Мекені   Ұлытауда   болған,   онда   «Бесімнің   бес   саласы» 

атанған жер бар.



– 

 

 

 

,

Күліктің ең үлкені Тілеуімбет



 

 

 

.

Қайратты қайсар екен қайтпаған бет

 

 

 

 

 

-

,

Бір өзінен он алты ұл туып өсіп



 

 

 

.

Соғысып көп қалмақпен болыпты мерт

 

 

 

 

 

 

,

Он алты ұлдың бәрін де қалмақ алған

 

 

 

 

.

Мен өтірік айтпаймын сөзді жалған



 

 

 

,

Бесім Қойтан екеуі тірі қалып



 

 

 

, – 

Мінеки біз солардан нәсіл қалған

деп, Мәшһүр өз ата-тегін осылайша баяндайды» [1,18 б.]

«Алып анадан туады» ... дейді. Тегінде Көпей бабамыз да 

тегін адам болмаса керек. Алтай Қуандық елінде бір аухатты 

адамның керуен басы болып, ұзақ жыл еңбек еткен екен. «Ер 

туған жеріне» демекші сол байдан ұлықсат алып, Қызылтауға 

қайта оралады. Еңбегіне, адалдығына риза болған бай өз туған 

қызын   қалыңдық   етіп   жанына   қосып   жібереді.   Дүние-малға 

еш қызықпаған Көпей бабамыз байдың бермек болған айғыр-

үйірлі   жылқысын,   тағы   басқадай   мал-мүлкін   алмай   аз   ғана 

ішіп-жемдікпен жолға шыққан екен. Иә, ендігі айтарымыз сол 

бабамызға бір көрнекті белгі қойылса деген тілек бар. Өйткені, 

сол   көп   зират   ішінде   «Көпей   зираты»   деген   басына   тас 

жазылып қойған тағы бір «жалған зират» тұр. Ол білместікпен 

қате   қойылған.   Сондықтан,   ескілікті   мұраны   бұрмаламай, 

әруақ басына жалған белгі қойып қорламасақ дегіміз келеді.

6


«Енді бір ауыз сөз Көпей бабамыздан туған, қайтыс болған 

жылы туралы Мәшһүрдің:



«

 

 

 

 

,

Әкімбек он алтымда алып кетті

 

 

 

Жалғызы Қабылбекке ұстаз етті», –

деп келетін өлең жолдары бар. Міне, Мәшһүрдің туған жылы 

1858 жыл. Ол әкесі «елулерге аяқ басқан кезінде туыппын» деп 

отырады екен. Сонда Көпей 1808–10 жылдары туған болар еді 

де,   ал   дүние   салған   жылы   Мәшһүрдің   жиырмаларға   аяқ 

басқан   1878–80   жылға   келеді.   Өйткені,   Мәшһүр   тағы   да 

«Тілеуімбеттен   бергі   аталарымыздың   жетпістен   асып   дүние 

салғаны Көпей әкеміз ғана деп айтады екен» [2,24 б.]

Мәшһүр Жүсіп жасында ауыл молдасынан дәріс алып, хат 

таниды.   1870   жылдары   Хамеретдин   хазіреттің   медресесін 

бітіріп, мұсылманша орта білім алып шығады. Ауыз әдебиеті 

нұсқаларымен   ерте   танысып,   халықтық   жыр-дастандарды 

жаттап өседі. Өзінің алғырлығын,  сөз өнеріне  бейімділігін  ол 

ерте-ақ   танытады.   Ақындық   жолға   бой   ұруы,   түсуі   –   15 

жасында басталғанын ақын былай баяндайды:

«

 

 

 

 

-

,

Айрылдым дәл он бесте ақыл естен

 

 

 

 

...»

Жабысып бір дауасыз ауыры төстен

1875   жылдан   бастап   біраз   уақыт   ауылда   бала   оқытып, 

қаражат жинайды. Білімін толықтыру мақсатымен 1886 жылы 

Бұхараға   келіп,   діни   жоғары   оқу   орнында   оқиды.   Сосын 

оқуын Ташкентте жалғастырады. Осы жылдары Орта азияны 

аралап, Самарқан, Ташкент, Түркістан, Бұқара т.б.қалаларда 

болды.   Ол   осы   жылдары   түрколог-академик   В.В.Радловпен 

танысып,   ауыз   әдебиеті   нұсқаларын  жинап   бастыру   ісімен 

айналысты.

Көпеев   шығармашылығын   зерттеушілердің   бірі   –   ғалым 

С.Дәуітов   бұл   жөнінде   мынындай   ақпар   береді:  «Мәшһүр 

Жүсіп   Бұхара,   Ташкент,   Түркістанға   үш   рет   сапар   шегеді. 

Бірінші рет 1887 жылы, яғни 29 жасында барады. Бұл жолы 

Бұхарада   оқып,   білімін   көтереді.   Арабша,   парсыша   шыққан 

кітаптарды қадағалап зерттейді. Ол осы сапары жөнінде:

 

 

 

 

,

Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап

 

 

 

.

Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап





 – 

 

Самарқанд Бұхар Ташкент бәрін кезген

 

 

 

 

 

, –

Жасында бір кем отыз тәңірім айдап

7


десе, екінші рет барғаны турасында:

 

 

 

 

,

Жалғанда жалғыз кезген басым еді

 

 

 

 

 

.

Бір асыл қолға түспес тасым еді

 

 

 

 

.

Зыбарат шығыс бапқа бұл барғаным

 



 

 

 

, – [3, 8  .]

Жылым қой отыз жеті жасым еді

б

деп анықтама береді.

М.Көпеевтің өзі айтуынша ол 1895 жылы араға сегіз жыл 

уақыт   салып   қайта   барыпты.   Ақынның   бұл   екі   сапары   да 

оның білімін көтеру мақсатынан туғандығы көрінеді.

Мәшһүр   Жүсіп   қазақтың   байтақ   даласының   көп   жерін 

аралайды;   серілік   құрады;   көптеген   ақындармен   айтысқа 

түседі. Көкшетау ақындары шақырып, сонда барып, Ақанмен 

кездеседі.   Бұл   туралы   ақын   өзінің   күнделік   дәптеріне   былай 

деп   жазады:  «Көкшенің   жер-суымен   танысып,   Ақан   серіні 

көру   өзімнің   тілегім,   ойым   еді.   Ақан   сері   жігіт   көркі,   сөздің 

бұлбұлы еді».

Өткен   ғасырдың   80–90   жылдарында   Мәшһүр   Жүсіп 

Омбыда   шығатын   «Дала   уалаяты»   газетінің   белсенді 

авторларының   бірі   болады.   Ақын   ел   тұрмысын   танытарлық 

хат-хабарлармен   қатар   жұрт   аузынан   өзі   жазып   алған,   өзі 

жинап-терген   әңгіме,   өлеңдерді   газет   редакциясына   үнемі 

жіберіп тұрады [4].

М.Жүсіп   тоқсаныншы   жылдарды   Сырдария   жаққа 

Түркістан, Ташкент қалаларына бірнеше рет барып қайтады. 

Шығыс   елдерінің   мәдени-әдеби   мұраларымен   тереңдей 

танысады.   Сол   заманда   ғалым-ғұлама   атанып   жүрген 

адамдардың   сөзін   тыңдайды.   Сырдария   бойының   ақын-

жырауларымен танысады (Майлықожа т.б.).

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көпеев С.Ш. Мәшһүр Жүсіп өмірі (аңыз бен ақиқат). – Павло-

дар, 2000. – 132 б.

2. Сонда, 15 б.

3. Дәуітов С. Алғы сөз // М.Ж.Көпеев. Таңдамалы. І-том. – А., 

1990. – 271 б.

4. Жүсіпов   Н.Қ.   Мәшһүр-Жүсіп   және   фольклор.   –   Павлодар, 

1999. – 93 б.

8


2. 1907 жылы Қазан қаласында басылған 

кітаптары туралы

1905   жыл   оқиғаларына   құлақ   тігіп,   сол   тұстағы   қазақ 

ақын-жазушыларынан бұл оқиға жайында үн қатқан, «отклик» 

жасаған М.Жүсіп болды. Ақынның 1907 жылы Қазанда жарық 

көрген үш кітабы – «Хал-ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан 

көрген   бір   тамашамыз»,   «Сары-Арқа»   ...   –   бәрі   де   1905   жыл 

оқиғаларының   тікелей   әсерімен   жазылған.   Үш   кітапта   да 

ақынның   көптеген   күрделі   әлеуметтік   мәселелерді   теріс 

түсінгендігі   байқалады,   бірақ,   әділіне   келсек,   ақынның 

Россиядағы   саяси   жағдайларымен   жақсы   таныс   екендігі, 

сондай-ақ   патша   өкіметінің   отарлау   саясатына   деген 

наразылығы,   азаттықты   аңсаушылығы   кітаптарында   ашық 

айтылған.   Сондықтан   да   М.Жүсіптің   кітаптарын   басып 

шығарған   Қазандағы   Хұсайыновтар   баспасынан   көп   адам 

сотқа тартылады,  баспа иесіне 12 мың сом айып салынады. 

М.Жүсіп

 

кітаптарының



 

таратылмаған

 

даналары 



кәнфескеленіп, ақынның өзін жауапқа тарту жөнінде нұсқау 

берілді.   Мұны   білген   ақын   ел   аралап,   ел   ішіне   сіңіп   кетіп, 

жергілікті   әкімдердің   көзіне   түспей,   бір   талай   уақыт   бойы 

тасалап жүреді.

Бұл туралы ғалым  С.Дәуітов  былай  дейді: «Ақынның  осы 

кітаптарын   қадағалап   оқыған   адам   оның   сол   кездегі 

Россияның саяси хал-жағдайымен белгілі бір дәрежеде таныс 

екеніне көзі жетеді. Оның бұл өлеңдерінде 1905 жылғы халық 

көтерілісінің де әсері бар екені көрініп тұр. Бұл шығармаларда 

қожа-молдалардың   жағымсыз   іс-әрекетін   сынайтын   жерлері 

де аз емес. Осы кітаптардың ішінде патшаның отаршылдық 

саясатына қарсы айтылған пікір де кездеседі. Мәшһүр Жүсіп 

Россиямен қосылудың прогрессивті жақтарымен бірге, қиын-

дығы да аз болған жоқ деп айтыпты. Егер біз осы үш жинақта 

жырланған дүниелерді түйіп айтар болсақ, халқымыздың сол 

кездегі   тұрмыс-тірлігін,   іс-әрекетін,   психологиясын   біршама 

суреттеп беруімен де құнды дер едік». [1, 9 б.]

Айта кететін бір жайт, аталмыш автордың «Хал-ахуал» мен 

«Тіршілікте   көп   жасағандықтан   көрген   бір   тамашамыз» 

кітаптарына   енген   шығармаларының   бәрі   дерлік   мазмұндас, 

яғни   бір   кітаптың   екі   басылымы   іспеттес.   Тек   ақынның 

«Ғибрат-нама» өлеңі екінші басылымға енбеген, тек «Хал-ахуал» 

кітабына   да   ғана   бар.   Бұл   пікірді   М.Ж.Көпеевтің   шығарма-

ларын зерттеуші ғалымдар да растайды.

9


Атап   өтуге   тұрарлық   бір   нәрсе   –   патша   цензурасы 

Көпеевтің   кітаптарын   бастырған   Хұсайыновтар   баспахана-

сына   айып   салып,   өкімет   орындары   Мәшһүр   Жүсіпті   саяси 

қудалауға алады. Бұған Қазақстан баспасөз жөніндегі комитет 

архивінің құжаттары толық дәлел.

«Юсуф   Куфяевтың   «Қазақтың   осы   күнгі   әңгімесі» 

(«Настоящее   желание   казахов»),   «Хал-ахуал»   («Житье-бытье») 

кітаптары   конфескеленді   ...»   (Архив   Казахского   комитета   по 

печати, фонд 420, опись І, дело №12).

Ал, «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» 

атты   Жүсіп   Көпеевтің   кітапшасын   қылмыс   заңының   129-

статьясының  6-бабына   сай   қылмысты   шығарма  деп  табады. 

Комитет   бұл   кітапқа   арест   салды.   Авторын   жоғарыдағы 

қылмысты   заң   статьясына   сәйкес   сотқа   тартуға   ұйғарады. 

(Архив Казахского комитета по печати, фонд 420, опись І, 12 

листы   55-56)   Комитет   председателі   және   секретары   қол 

қойған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияға 



түгелдей   қосылуы   –   қазақ   қоғамының   саяси,   шаруашылық, 

мәдени дамуында әр ел алуан сипаттағы өзгерістер ала келді. 

Бұл   Россия   империясындағы   крепостниктік   правоның 

жойылып, бірқатар буржуазиялық реформалардың қабылдана 

бастаған   кезі   еді.   Россияда   капитализм   кең   қанат   жая 

бастады.


Соған сәйкес Қазақстанда да капитализмнің нышандары 

пайда болды. Россиядағы капиталистік өнеркәсіптің дамуына 

қажетті   өнім   өткізетін   мол   әрі   арзан   шикізат   көзі   ретінде 

Қазақстан   зор   роль   атқарды.   Отарланған   жаңа   өлкені   тез 

арада игеріп, патша әкімшілігіне оны басыбайлы бағындыру 

үшін патша өкіметі қазақ даласын бірыңғай басқару жүйесін 

енгізуді қолға алды. Отарлау екі түрлі әдіспен жүргізілді, бірі – 

басқарудың   жаңа   жүйесін   енгізу   болса,   екіншісі   – 

қазақтардың арасында христиан дінін тарату еді. Бұл жөнінде 

белгілі ғалым М. Мырзахметов былай дейді: «Екінші Александр 

патшаның 1865 жылғы 5 июльдегі арнаулы раскриптінде екі 

нәрсеге   айрықша   назар   аударылды.   Оның   бірі   –   қазақтың 

бәрін бірыңғай билеп-төстеудің жаңаша жүйесін жасап, яғни 

«жаңа   низам»   деп   аталатын   ережені   1867   жылдан   бастап 

өмірге   нақты   түрде   енгізу   мақсаты   көзделеді.   Екіншіден, 

қазақтардың   келешекте   православия   дініне   өндірудің   бар 

мүмкіншіліктерін   қарастыру   арқылы   көздеген   орыстандыру 

саясатының түпкі мақсатына меңзейді» [2].

10


Россияда   крепостниктік   правоның   жойылуы   елдегі 

аграрлық мәселені шешкен жоқ. Үкімет шаруалардың назарын 

революциялық   қозғалыстан   алыстату   мақсатында   бірқатар 

шаралар қолданды. Солардың бірі – қоныс аудару саясаты еді.

ХІХ   ғасырдың   60   жылдарының   ортасында   Қазақстанға 

Орталық   Россиядан   шаруаларды   жаппай   қоныс   аударта 

бастады.   Патша   өкіметі   осыған   байланысты   арнайы   «Заң 

ережелерін»   бекітіп,   көшпелі   қазақтардың   бұрыннан 

қоныстанып келе жатқан жерлерін мемлекет меншігіндегі жер 

деп   таныды.   Қоныс   аударушы   орыс   шаруаларына   қазақтың 

кең   байтақ   даласының   ең   шұрайлы   жерлерін   кесіп   берілді. 

Және ол заң жүзінде бекітіліп, жер келімсектердің толық жеке 

меншігіне   өтті.   Сөйтіп,   патша   өкіметі   қазақ   даласында 

орыстандыру   саясатын   жүргізе   бастады.   Ғасыр   аяғында 

қоныс аударушылардың саны күрт өсіп, үдей түсті.

Жер   мәселесіне   байланысты   таптық   қайшылықтар 

шиеленісе   түсті.   Жайылымдық   жерлері   тарыла   бастаған 

қазақтың   бай-болыстары   кедейлердің   егін   егіп,   жаз 

жайлайтын   жерлерін   тартып   алды.   Осыған   байланысты 

шаруалар   наразылық   білдіріп,   өкімет   орындарына   шағым 

жасап отырды. Оның үстіне ауыл еңбекшілері патша өкіметі 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал