Өмірбаяны еліміздің өмірімен тығыз байланысты адамдармен болған кездесулер ұзақ есте сақталып



жүктеу 61.94 Kb.

Дата27.01.2017
өлшемі61.94 Kb.
түріӨмірбаяны

Мерей 

Рашит КАРЕНОВ 

Өмірбаяны еліміздің өмірімен тығыз байланысты 

адамдармен болған кездесулер  ұзақ есте сақталып 

қалады. Ал, егерде ол адам сенімен бірге қоян-

қолтық жұмыс істеп, отандық ғылым мен білімнің 

даңқын асырып жатса, сен үшін одан артық қандай 

ғанибет бар. Бұл - Талғатбек Әбдірахманұлы 

Әбдіразақов, Қазақстан мен шетелдерге кеңінен 

танымал ірі ғалым-экономист, қоғамдық ғылымның 

көрнекті  ұйымдастырушысы, ғылыми-педагогтік 

және кәсіби еңбеккерлердің көптеген  ұрпағын 

тәрбиелеп шығарған тәрбиеші, экономика 

ғылымдарының докторы, профессор. 

Т.Ә.Әбдіразақовтың өмірі жарқын да маңызды, 

ол өзінің барлық күш-жігерін халыққа қызмет ету-

ге арнаған  қазақ интеллигенциясының тұтастай 

бір ұрпағын қамтиды. Ол 1920 жылы 23 наурызда 

Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүни-

еге келген. Тағдыр жас өмірге ерте салқын қабақ 

танытты: ол жастайынан жетім  қалды. Оның 

үстіне, 30-40-шы жылдарғы ұрпақтың алдында көп 

жағдайда тұйыққа әкеп тірейтін, шешуі қиын са-

налуан сұрақ тұрды. Сондықтан да бала жастан 

ол өзіне тағдырдың басқа салған небір  қиынды-

ғын жеңу жолында ақылы адалдық пен ар-намы-

сты серік еткен, жүрегі туған Отан мен еңбекке 

деген махаббатқа толы, зұлымдық пен  қулық-

сұмдыққа, аярлық пен немқұрайдылыққа 



«Уақыт - оны пайдаланатындар, еңбек етіп, ой-

ланатындар, ойдың көкжиегін кеңейтіп отыра-

тындар үшін жеткілікті түрде ұзақ» 

Вольтер 

«Ғылымдағы дарындылық, - ең алдымен 

тегеуірінді шығармашылыққа деген қабілеттілік» 

Д.С.Лихачев 

төзбейтін, ортақ ізгіліктің салтанат  құруы үшін 

сеніммен күресе білетін тұлғаларды пір тұтып өсті. 

Талғатбек Әбдірахманұлы фашистік басқын-

шылар халықтың бейбіт еңбегінің тыныштығын 

бұзып тұтқиылдан баса көктеп кірген кезден -

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап 

қолына  қару  ұстап  қан майданға аттанды.  Ұлы 

Отан соғысына қатыстының барлығының ол үшін 

қасиетті екені бекер емес. Меніңше, ол 

адамгершіліктің өлшемін әлі күнге дейін соғыс пен 

оның солдаттарына деген  қарым-қатынаспен ай-

қындайтын секілді. 

Соғыстың  қатал мектебінен аман-есен өтіп кел-

геннен кейін ол  Қарағанды мұғалімдер институ-

тының тарих факультетіне оқуға түседі. Оқуды 

бітіргеннен кейін  Қарағанды облыстық партия 

комитетінде лектор, кейін үгіт және насихат 

бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1950 жылдан 

1952 жылға дейін ВКП (б) ОК жанындағы Жоға-

ры партия мектебінде оқыды. ЖПМ бітіргеннен 

соң бес жыл бойы партиялық және комсомолдық 

жауапты жұмыстарда болды: Қарағанды қалалық 

партия комитетінің хатшысы,  Қазақстан ЛКЖО 

ОК бірінші хатшысы, Гурьев  қалалық партия 

комитетінің хатшысы. 

Өзіңнің күш-қуатыңды қайда жұмсауың керек? 

Өмірлік мақсатыңды  қалай айқындауың  қажет? 

Бұл сұрақтар әрбір саналы адамның алдынан 

қашанда болмасын, оның жасына және қалай пай-

да болуына  қарамастан, әйтеуір бір шығуы заң-

дылық. 


Экономика Талғатбек Әбдірахманұлының наза-

рын қашанда өзіне баурай беретін. 

Сөйтіп, ол өмірдің солы мен оңын жеткілікті та-

нып, ақыл тоқтатқан шағында  қалған ғұмырын 

ғылымға арнауды жөн деп тапты. Осы мақсатта 

ол 1957 жылы ғылыми-ұстаздық  қызметке ауыс-



ты, міне, содан бері оның өмірі  ұдайы  қозғалыс-

тағы экономикалық оймен, саяси экономиканы 

талдап жасаумен (осы сөздің терең мағынасында), 

республикада экономикалық ғылымның жүйесін 

жасаумен мәңгілікке  қауышты. 

1957-1961 жылдарыТ.Ә.Әбдіразақов  Қоғамдық 

ғылымдар академиясында білім алады. Бұл жыл-

дар ол үшін шын мәнінде ғылым ретінде өсудің 

мектебі болды. Ол айналысқан ғылыми зерттеу 

мәселелерінің ауқымы соншалықты кең,  қызғы-

лықты әрі көкейкесті болды. Нақ осы жылдары ол 

«адам екі жағдайда ғана жетіле алады: жаңа дүние 

тудырғанда ғана және сүйгенде ғана» деген дана-

лықты әркез есінен шығарған жоқ. 

Кандидаттық диссертацияны табысты қорғаған-

нан кейін 1961-1972 жылдары  Қарағанды педаго-

гикалық институтының саяси экономика кафедра-

сын басқарды. 1972-1978 жылдары экономика 

факултьтетінің бірінші деканы болды, сол жылда-

ры республикадағы екінші жоғары оқу орны са-

налған  Қарағанды мемлекеттік университетінің 

саяси экономикалық кафедрасының меңгерушісі 

болып  қызмет атқарды. Талғатбек Әбді-

рахманұлының осынау ғылыми-педагогикалық 

кезеңі айтарлықтай табысты болды. 1977 жылы 

«Социалистік экономиканы  құрудың заңдылығы 

және оның КСРО-ның  ұлттық аймақтарында 

көрініс табуының ерекшеліктері (Қазақ КСР мы-

салында) » деген тақырыпта экономика ғылымда-

рының докторлығы диссертациясын табыспен қор-

ғап шықты. 

Ол докторлық диссертациясының негізгі қағида-

ларын 1975 жылы «Наука» баспасынан шыққан 

«КСРО-ның аймақтарындағы социалистік эконо-

миканы  құрудың заңдылықтары» атты іргелі мо-

нографиясында баяндаған болатын. Монография 

мен диссертацияны жазу кезінде автор көрнекті 

экономист-ғалымдардың монографиялары мен 

мақалаларын, статистикалық жинақтарды, шетел 

әдебиеттері мен мұрағат  қорларын кеңінен пай-

даланды. Ол атқарып шыққан осынау зерттеудің 

ғылыми жаңалығы халық шаруашылығын жос-

парлы дамыту заңын пайдаланудың аймақтық 

аспектілерін зерттеуінде; материалдық және қар-

жы ресурстарын жұмылдыру, өндірісті жоспарлы 

түрде кеңейтуді  қамтамасыз ету мақсатында рес-

публикалар арасындағы ұлттық табысты бөлу мен 

қайта бөлу механизмін ашып көрсетуінде; эконо-

миканы дамытуда халықтардың ынтымақтастығы 

мен өзара көмегінің мәні мен формаларын айқын-

дауында; материалдық өндіріс пен еңбекші бұқа-

раның тұрмыс жағдайы мен мәдени тұтынымы-

ның өсуі және қанағаттандыру арасындағы өзара 

байланысты талдауында; осынау проблемаларды 

ғылыми тұрғыда одан әрі талдаудың негізгі бағыт-

тарын саралап беруінде жатыр. Профессор 

Т.Ә.Әбдіразақовтың сонау 70-ші жылдардың 

өзінде  қазіргі күнге дейін маңызын жоғалта  қой-

маған мынадай құнды ойды білдіргенін атап өтудің 

өзі қызық, ол сонда экономиканы кен өндіру мен 

минеральдық шикізатты пайдалануға ғана бағыт-

тау дұрыс емес, күні ертең техникалық прогресс 

мұнайсыз, газсыз, көмірсіз, жерасты байлығынсыз 

өмір сүруге мүмкіндік береді деген алдамшы 

үмітпен осының бәрін  құртып жібермей, балалар 

мен немерелерге олардың одан әрі өмір сүруі үшін 

қажетті дүниені  қалдыру керек деген  ұрпақтар 

арасында жазылмаған  қоғамдық келісім-шартты 

бұзуға жол беруге болмайды деген еді. 

1978 жылы Т.Ә.Әбдіразақов  Қарағанды коопе-

ратив институтының (  қазір  Қазақтұтынуодағы-

ның  Қарағанды экономикалық университеті) рек-

торы болып тағайындалды. Тарихта бойындағы да-

рынын керемет  ұйымдастырушылық  қабілетпен 

ұштастыра білген ғалымдар көп емес. Ректор 

орындығында отырған 10 жылға жуық уақыт 

ішінде ол институтты ойшылдар мен ғалымдар-

дың нағыз алқасына, ғылыми шығармашылық пен 

зиялылардың ошағына айналдыра білді. Ол өзі 

басқарған жоғары оқу орнының жан-жақты 

көркейіп дамуына, оның  қабырғасында енді 

қалыптаса бастаған ғылыми өмірдің  қаз басуына 

көп күш-жігерін жұмсады. Кооператив институт-

тың сол кездегі басты  ұраны демократизм, ой 

еркіндігі мен өзара сын болды. Оның зор ұйымда-

стырушылық  қабілеті, ғылымға деген шынайы 

сүйіспеншілігі мен оның өкілдеріне деген терең 

құрметтеушілік сезімі  ұжымда  қолайлы психио-

логиялық климат қалыптастыруға септік жасады. 

Осы жылдары ол атақты ағылшын философы 

Френсис Бэкон айтқан «Білім мен  құдіреттілік -

бір нәрсе» деген тамаша идеяны басшылыққа алып 

отырғандай еді. Кооператив институтының оқыту-

шылары мен тәрбиеленушілері өздерінің 

естеліктерінде Т.Ә.Әбдіразақовты кеңінен ойлай-

тын ғалым, лекцияны беріліп оқитын, студенттер-

ге де, оқытушыларға да сергек  қарайтын  ұстаз 

ретінде сипаттайды. 

1987 жылдан  қазіргі күнге дейін ол Е.А.Бөкетов 

атындағы  Қарағанды мемлекеттік университеті 

экономикалық теория кафедрасының профессо-

ры. Бүгіндері Т.Ә.Әбдіразақов республикамыз бен 

ТМД елдеріне танымал  қоғам  қайраткері (1954-

1958 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің депута-

ты болып сайланды,  Қарағанды  қаласының 

құрметті азаматы), экономика ғылымдарының 

жаңа, прогрессивті бағыттарын дамытуға белсене 

қатысып келе жатқан ірі ғалым және талантты 

көсемсөзші ретінде жақсы белгілі. 

Жан-жақты білімдар атанған Т.Ә.Әбдіразақов 

сан ондаған жылдар бойы  қалыптасқан ғаламат 

еңбексүйгіштігін пайдалана отырып экономика 

ғылымдарының әртүрлі саласында зор әуестікпен 

еңбек етуде. Саяси экономия мен халық шаруа-

шылығын жоспарлау, статистика мен социология, 

экономикалық тарих пен менеджмент, нарықтық 

экономиканың негіздері мен кәсіпкерлік, т.б. -

ғалым соны жол салған, ғылыми ой  қорыту мен 

жаңалықтар жасаған, жаңа  қағидалар мен идея-

ларды алға тартқан, өзінің кесімді сөзін айтқан 

ғылым салаларының бұл бір ғана парасы. Ол 200-

ге жуық ғылыми жарияланымдардың авторы. 

Т.Ә.Әбдіразақовтың 90-жылдардың алғашқы 

жартысында басылып шыққан еңбектері арасын-



да мыналарды бөле-жара атауға болады: «Саяси 

экономияның қысқаша курсы» атты қазақ тіліндегі 

оқулық(Қарағанды,1991,бірлесіп жазылған); 

«Қазақстанның Ресейге  қосылуының экономика-

лық салдарлары» монографиясы (Қарағанды, 

1992) және «Орталықтандырылған жоспарлы эко-

номикадан нарықтық  қатынастарға көшудің 

негізгі мәселері» (Қарағанды, 1994). Аталған еңбек-

тер  қазіргі уақытқа дейін саяси экономия мен на-

рықтық экономиканың неғұрлым күрделі 

мәселелері бойынша ең таңдаулы монографиялық 

зерттеу мен оқулықтар болып табылады. 

Т.Ә.Әбдіразақовтың 90-шы жылдардың екінші 

жартысында жарияланған еңбектері арасында 

«Қоғамдық дамудың  қазіргі заманғы тұжырымда-

масы» (Қарағанды, 1996) монографиясы маңызды 

орын алады. Аталмыш кітапта автор қоғамдық да-

мудың қалыптасқан тұжырымдамасының мәні мен 

ерекшеліктерін талдаған. Онда қоғамдық дамудың 

формациялық жүйесінің тұжырымдамасы, 

өнеркәсіптік қоғамның әртүрлі теориялары  қарас-

тырылады, өзіміз өмір сүріп жатқан  қоғамның 

әлеуметтік саласына, еңбек нарығына талдау жа-

сауға да көп орын берілген. Бұл монографияда 

неоинституционализмнің іргесін  қалаушы Дж. К. 

Гэлбрейттің көзқарастар жүйесіне берген бағасы 

ерекше қызығушылық тудырады. Оның неоинсти-

туционализм тұжырымдамасы бес экономикалық 

доктрина мектебінің идеясы: Смит - Рикардоның 

экономикалық либерализм классикалық мектебінің, 

А.Маршалдың неоклассикалық мектеп-синтезінің, 

Т.Вебленннің институционализмінің, К.Маркстің 

ғылыми социалистік доктринасының және Дж. 

Кейнстің нормативті нарықтық экономика (мем-

лекет реттеп отыратын) тұжырымдамасының 

негізінде қалыптасқанын атап өте келе Гэлбрейттің 

экономикалық көзқарастар жүйесі сондықтан да 

құлашты және жаңа прогрессивтік ғылыми идея-

ларды  қабылдауға ашық екендігін айтады. 

Ғалымның іргелі еңбегінің бірі - «Кеңес 

қоғамының  құлауы: себептері мен салдарлары» 

монографиясы (Қарағанды, 1999). Кітапта кеңес 

қоғамының  құлауы, оның себептері мен салдар-

лары тарихи фактілерге жан-жақты талдау жа-

сау және әдебиеттерді молынан пайдалану 

негізінде  қарастырылады.  Қоғамның жойылуы-

ның жеке факторы терең талданып,  құлауының 

салдарлары, кеңестік тәрізді қоғамдардың сипат-

тары мен оларды реформалаудың ерекшеліктері 

зерттелген. 

Т.Әбдіразақов - экономикалық, тарихи және 

саяси білімдерді тарату саласында белсенді на-

сихатшы. Оның  қолынан кең де жан-жақты 

оқырмандар аудиториясына арналған бірқатар 

еңбектері мен мақалалары жарық көрді: «Тари-

хи-экономикалық және публистикалық мақала-

лар» (Қарағанды, 1993), «Желтоқсан оқиғалары-

ның кейбір аспектілері» («Азия Транзит», 1997, 16 

желтоқсан), «Кадрларды эконмикалық даярла-

удағы зиянды бағыттар» («Азия Транзит», 1998, 

1  қаңтар), «Үкіметтің орташа шұғыл бағдарла-

масына сырттай көзқарас» («Азия Транзит», 1998, 

15  қаңтар), «Өтпелі кезеңнің басқару проблема-

лары» («Азия Транзит», 1998, 23 сәуір), «Қ.И.С-

әтбаевтың мұрасы - халық игілігі» («Азия Тран-

зит», 1999, 8 сәуір), «Ауыл шаруашылығындағы 

дағдарыстың себептері және оны жоюдың жол-

дары» («Азия Транзит», 1999, 4 тамыз), «Әмір 

Темір» («Индустриальный Казахстан», 1995,

 25 

желтоқсан)  ж ә н е басқалары. Алда ғалым 

еңбектерінің екі томдық таңдамалы жинағы жа-

рыққа шықпақ. 

Республика үкіметі профессор Т.Ә.Әбді-

разақовтың ғылыми, педагогтік және  қоғамдық 

қызметін жоғары бағалады. Ол бірінші дәрежелі 

«Отан соғысы» және «Құрмет Белгісі» 

ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен, көптеген 

Құрмет грамоталарымен марапатталған. 

Сөз соңында Талғатбек Әбдірахманұлының 

адамдармен  қарым-қатынаста еркін де  қарапай-

ымдылық, жеңіл әзіл мен ой  ұшқырлығы 

қасиеттерін  ұштастыра білетін сүйкімді адам 

екендігін атап өткім келеді. Ол ешқашан кек сақ-

тамайды, ашық, адал және мейірімді, адамдарға 

деген сенімін, үмітін жоғалтып көрген емес. 

Жалпы, оның адамдармен қарым-қатынаста өзін 

бірқалыпта, бір арнада  ұстайтындығына таңдан-

бай, сүйсінбей тұра алмайсың. Профессорлармен 

де, студенттермен де ол бірдей деңгейде алала-

май,  құрметпен, астамсыз сөйлеседі. 

Ал, оның сыртқы кескін-келбетін айтсаңызшы! 

Күні бүгінге дейін ол денесін саптағы сардарша 

тіп-тік  ұстайды.  Қашан көрсеңіз де - үстінен 

ұқыптылық пен тазалықтың исі аңқып тұрады. 

Ал, жадысы  қандай! Өзінің 80 жасында осыдан 

40-50 жыл бұрынғы оқиғаларды  қолмен қойған-

дай айтып береді. 

Алайда, Т.Ә.Әбдіразақовтың артына  қалдыр-

ған басты мұрасы - бұл шәкірттері мен тәрбие-

ленушілерінің, теоретик  ж ә н е практик-

экономистерінің тұтас бір жасағы. Олар оның 

лекциясын тыңдаудың бақытына ие болды, 

ұстаздарының о қ улы қ тар ы мен кітаптарын 

оқып, үйренуде, онымен арадағы  қарым-қаты-

настан өздерін үнемі байытып отырады.  Қуаты 

мол ғалым көптеген адамдардың ғылым мен 

өмірдің бұралаң жолындағы  қиындықтарын 

жеңілдетуге септігін тигізді. Олардың кейбірі 

экономикалық практиканың әртүрлі саласында 

өзіндік еңбектерімен ендігі көпшілікке танылып 

үлгерген ғалымдар. 

Т.Ә.Әбдіразақов күш-қуатын бойында сақта-

ған адам. Оның өмірлік және ғылыми позиция-

сы іс пен Отанға беріле  қызмет етудің жарқын 

көрінісі. Республика мен аймақтың ғылыми 

қауымы, достары мен серіктері, жұмыстас 

әріптестері, шәкірттері мен жолын жалғастыру-

шылар Талғатбек Әбірахманұлын даңқты мерей-

тойымен шын жүректен  құттықтайды. Ғалым-

ның Отан игілігі үшін жасаған зор еңбегіне алғ-

ыс білдіреді, оған мықты денсаулық, бақыт және 

сан  қырлы еңбегіне бұдан былай да шығарма-

шылық табыс тілейді. 

ҚАРАҒАНДЫ  қаласы. 



Азия Транзит. - 2000 . - №1. - 8-10 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал