Өмірбаяны да, өнері де күрделі ойшыл ақын, ұлтымыздың ар-ұжданының қастерлі қорғанын



жүктеу 47.72 Kb.

Дата09.06.2017
өлшемі47.72 Kb.
түріӨмірбаяны

 

 

05.02.2014 

 

 

 



 

Шәкәрімтануға серпінді ізденіс 

 

Ақеділ ТОЙШАНҰЛЫ, 

 филология ғылымдарының кандидаты. 

 

Өмірбаяны  да,  өнері  де  күрделі  ойшыл  ақын, 



ұлтымыздың 

ар-ұжданының 

қастерлі 

қорғанын 

сөзімен  соғып,  қасиетті  ізімен  қорып  кеткен  абыз 

Шәкәрім 

Құдайбердіұлы 

туралы 

жарияланған 

еңбектердің  саны  мен  сапасы  артып  келе  жатқаны 

қуантады.  Расын  айтқанда  осы  еңбектердің  көбін 

әдебиеттанушылар,  философтар,  тілшілер  қауымы 

атқарғаны  анық.  Ал  қолымызға  келіп  түскен  сиясы 

кеппеген  еңбектің  авторы  кәсіби  тарихшы,  белгілі 

этнолог  маман  болуымен  ерекшеленіп  тұр. «Шәкәрім» 

атты  ғылыми  -танымдық  бұл  зерттеу  «Ұлы  дала 

тұлғалары» сериясы бойынша жарық көріпті. Еңбектің 

авторы  – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор 

Ерлан  Сыдықов.  Көлемі  жиырма  жеті  баспа  табақ  зерттеу алты бөлімнен, отыз бір 

тараушадан,  аңдату  мен  соңғы  сөзден,  Шәкәрімнің  өмірі  мен  шығармашылығының 

негізгі кезеңдерін қамтитын анықтамалықтан құралған. 

Ғалым  Е.Сыдықов  даланың  даңғайыр  тұлғасы,  тұңғиық  ой  тербелісі  сахараның 

сағымындай  мұнарлы  Шәкәрім  феноменін  тарихшының  кӛзімен  ашуға  жол  салады. 

Зерттеудің  әдіс-тәсілі  де,  жүйе-жүлгесі  де,  құрылымы  мен  мағыналық  бірлігі  де  осыған 

саяды.  Еңбекті  бір  сӛзбен  «Шәкәрім:  тарихшының  кӛзімен»  деп  атауға  да  болатын  секілді. 

Әрбір  тарау  мен  тараушаны  жеке  оқысаң  да,  тұтас  еңбекті  түгел  парақтасаң  да,  ақиқатқа 

қырағылықпен  іздеу  салынады,  ол  үшін  бұлтартпас  деректер  мен  қыруар  фактілер  алға 

тартылып,  осы  ізденістердің  нәтижесінде  Шәкәрімнің  тау-тұлғасы  бүгінгі  оқырман 

қауымға  кәдімгі  сырлас  замандасындай  сыр  ашып  жақындай  түседі.  Яғни  автор  Шәкәрім 

тұлғасын  адам-табиғат-қоғам  үштігінің  бірлігі  тұрғысынан  зерделеп,  ар  ілімін  іздеген 

азапты  абыздың  жан  әлемінің  күрделі  болмысы  мен  астарын  оқырманға  айқара  ашып 

береді.  Зерттеу  нысанына  байланысты  кәсіби  тарихшы  кішкентай  күмәнға  жол  бермегені, 

зәредей  бұлдырлыққа  орын  қалдырмағаны  автордың  тақырыпқа  деген  адалдығы  мен 

құрметін,  біліктілігін  танытқандай.  Кітапта  Шәкәрім  тұлғасы  арқылы  замана  шындығы 



талқыға  түсіп,  күрделі  кезеңдегі  қазақ  қоғамының  кескін-келбеті  кеңінен  кӛрініс  тауып, 

тақырып  аясына  қатысты  түйткілді  де  басы  ашық  мәселе  қалмағандығы  тарихшының бай 

дерек  қорына  жүгінуінен  деуге  болады.  Автор  архивтік  деректерге,  ақынды  кӛрген, білген 

куәгерлерден  жеткен  ауызша  мәліметтерге  қатар  сүйеніп  Шәкәрім  дәуірінің  ішкі 

заңдылығы мен қайшылығын ақынның қалыптасу динамикасымен қабыстырып, тартымды 

тілмен шынайы баян етеді. 

Шәкәрім  құбылысының  құдіретін  ашу  үшін  ол  ӛскен  табиғатқа  мән  беріліп,  ұлы 

дала,  қасиетті  Шыңғыстау,  ұзын  аққан  Ертіс,  қажылық  сапарда  тамаша  қылған  орыс 

орманы,  Мәскеу,  Киев,  Стамбұл,  Мекке  шаһары,  қажының  ақиқат  ілімін  іздеп  оңаша  ой 

толғаған,  Жаратушыға  ғибадат  еткен  мекен-тұрағы  ілгерідегі  Кеңқоныс,  кейінгі  Саят  қора 

хронотоптарының  мән-маңызы  ашылып,  Шәкәрім  философиясы  замана-уақытпен  ғана 

емес,  мекен-кеңістіктермен  үндес  ӛріліп  тұрған  тұтас  ілім  екенін  кӛрсетіп  береді.  Автор 

оқырманға  белгілі  деректерді  бергеннің  ӛзінде  Құнанбай  әулетінің  осынау  оқиғаларға 

деген  қарым-қатынас  деңгейін  ашу  арқылы  Шәкәрім  дүниетанымына  ең  алдымен  отбасы 

ӛнегесі  (Құнанбай  тәлімі,  Абай  мектебі),  ауқымдырақ  айтқанда  дала  философиясы 

түпнегіз  болғанын  айпарадай  ашып  береді.  Зерттеудің  тұғыр-тұрғыларынан  түркілік негіз, 

Шыңғыстауға  аты  жайылған  Шыңғыс  хан,  Майқы  би  сұлбасы  мұнарлана  кӛрініп,  бергі 

Кеңгірбай,  әсіресе,  рубасы,  дала  шонжары  Құнанбай  мырзаның  ғазиз  бейнесі  Шәкәрім 

кӛзқарасын  қалыптаған бірінші  ұстаз, дана ата деңгейінде әділетті  әспеттеледі. 

Шәкәрім  мен  табиғат.  Бұл  ақынның  әлемін  қалыптастырған  күрделі  категория 

екендігін  Е.Сыдықов  зерттеуінде  ұдайы  еске  салып  отырады.  Ғалым  Шыңғыстау,  Орда, 

Қарауыл,  Доғалаң  туралы  аңыздарды  Шәкәрімнің  немере ағасы Халиолланың 1892 жылы 

жариялаған  нұсқасымен  баяндау  арқылы  да  Шәкәрім  танымымен  етене  жымдастырады, 

«Дала  мен  қала  әуені»  деген  тараушада  ұлы  ақынның  алғаш  Семейге  барған  сапары 1875 

жылы  екендігін  нақтылап,  ұшы-қиыры  жоқ  дала  тұрғынының  алғашқы  қаланы кӛргендегі 

таңданысын,  Ертістен  паром  арқылы  ӛткендегі  таңырқанысын  ақын  жан  дүниесіне 

сілкініс  тудырған  ӛзгеше  ӛткелектер  деп  байыптайды.  Тақуалыққа  бет  бұрып  ар  іліміне 

жол  ашқанда  1912  жылдан  пана  болған  мекені  Кеңқонысты  большевиктер  1924  жылы 

тартып  алғаны  да  дәлелденеді.  Осылайша,  талант  пен  табиғаттың,  тұлға  мен  қоғамның 

үнқатысуын  (диалог)  дәйекті  де  тұжырымды  мәліметтермен  ӛру  арқылы  ақынның  таным 

эволюциясына нанымды талдау жасай алады. 

Тарихшыға  тән  нақтылық,  жүйелілік  кітаптың  ӛнбойынан  табылып,  жарқ  еткен 

жаңалықтарымен,  немесе  бізге  белгілі  деректерді  логикалық  қисындармен  топшылап, 

басқа  қырынан  сараптауымен  оқырман  санасына  тың  леп  тудыра  алады.  Мысалы,  Абай 

данышпанның  Ӛскемен  ӛңіріне  сапарда  болғандығы  туралы  оқырман  осы  кітаптан 

хабардар  болады.  «Михаэлис  Ӛскеменге  кӛшкеннен  кейін  де  олар  хат  жазысып  тұрды. 

1893  жылы  Абай  Ӛскеменге  бірнеше  күнге  оған  қонаққа  барды,  бұл  Семей  уезінен 

ешқашан  шықпаған  ақын  үшін  тосын  жайт»  деп  жазады  автор  Абай  аяқ  басқан  кеңістікті 

ұлғайтып (84-б). 


Шәкәрім  дүниетанымына  темірқазық  болған  діндар  Құнанбай  мырзаның  образы 

дана  ата  бейнесінде  сомдалып,  Абайдың  әкесінің  кісілік  келбеті  ашыла  түскені  сіресіп 

қалған  қасаң  түсініктердің  сеңін  бұзғандай.  Автор  Құнанбай  бейнесін  ашып  кӛрсеткенде 

оның  «Абай  жолы»  романында  жағымсыз  сомдалған  кертартпа  бейнесінің  әдеби 

шарттылық  екенін,  оған  сол  кезеңдегі  қызыл  идеологияның  салқыны  тигенін  де  ескертіп, 

сонымен  қатар,  эпопеяда  Шұбар  деген  атпен  Шәкәрімнің  де  бұрмаланған  тұлғасы 

суреттелгенін  парасат биігінен  пайымдайды. 

Жалпы,  Е.Сыдықов  қазақ  қоғамындағы  байлар  мен  рубасылар  кім  болған  деген 

сұраққа  кӛшпелі  ӛркениеттің  ішкі  заңдылығын  білетін  маман  ретінде  әлеуметтанулық 

талдау  жасап  былайша  жауап  береді:  «Қазақ  байларының  қаскӛйлігі  туралы  әдеби 

түсініктер  әлі  де  болса  бар.  Бұқара  халықтың  мұндай  пиғылдан  ада  екендігі  күмәнсіз. 

Қысылғанда  бір-біріне  қол  ұшын  беретін,  халықтың  ӛзара  кӛмек  кӛрсететін  әдет-ғұрпы 

ғасырлар  бойы  құрметтеліп  келеді.  Ауқатты  рубасылар  қашанда  рудың  қамын  ойлады 

және  мұқтаждық  кӛрген  адамға  бірінші  болып  қол  ұшын  созуға  ұмтылды.  Шындығына 

келгенде, олар ӛз игілігі  үшін  емес, ӛз руының гүлденуі  үшін  байитын» (71-72-б). 

Зерттеушінің  бұл  тұжырымды  кӛзқарасы  осы  кітапта  келтірілген  Шәкәрімнің  «Ӛзге 

жұрт  қазақ  жайын  қанша  білемін  десе  де,  анық  жете  білмейді»  деген  пікірін  толықтап 

тұрғандай,  әмбесінде  отан  тарихын  жаңа  методология  тұрғысынан  зерделеуге  белгілі 

дәрежеде кӛмек  болатындай бағыт танытады. 

Е.Сыдықов  Шәкәрім  даналығының  түптамыры  кемеңгер  Құнанбайдың  тәлімі  мен 

тәрбиесінде  екендігін  дәйектілікпен  ашып  кӛрсетіп,  жалпы  қазақ  жұртының  әулеттің 

алтын  тірегі  болған  әкеге  деген  құрметі  мен  ізетін,  сыйластығы  мен  сыпайылығын  би 

Құнанбай  тұлғасына  топтап,  айшықты  дәріптейді.  Ӛрімдей  Шәкәрімнің  ӛмірге  қалыптаса 

бастаған  балғын  кезеңі  туралы  «Бұрынғы  ата-бабаларымен  қатар  қазіргі  тірі  руба-

сыларының,  ең  алдымен  Құнанбайдың  даналығын  бойына  сіңірді, атасынан қазақтардың 

сӛз  ӛнеріне  деген  құштарлығын,  сӛздің  алуан  қырлы  мағыналарынан  бағдар  тауып, 

мәңгіліктің  тілінде  сӛйлеуге  деген  құмарлықты  үйренді»  деп  қазақ  халық  педагогикасында 

атаның үлес салмағының айрықша екендігін  ғаділетпен  паш етеді. 

Он  тӛрт  жасар  бала  Шәкәрімнің есею үдерісіне әйелге тән кесте тігіп, сырмақ сырып 

қана  қоймай  ерлерше  пышақ,  тебен-ине  соға  алатын  анасы  Тӛлебикенің  бойындағы 

ұсталық  қасиеті  де  зор  әсер  еткеніне  назар  аударылады.  Бала  Шәкәрімнің  ата-бабадан 

қалған  аңыз-мифті  ӛмірмен  ұштастыра  алатын  жасампаз  тұлға  болып  қалыптаса 

бастағандығын  жасӛспірім  психологиясына  тән  тӛмендегі  детальмен  сабақтастықта 

нанымды  аша  алады.  Оқиға  былай  болған  екен:  анасынан  ұсталықты  игерген  Шәкәрім 

бірде  бүркітін  арқарға  салып  тұяғын  сындырып  алады.  Оның  есіне  «Абылайхан  жауды 

бүркіттің  темір  тырнағындай  шеңгелдейді»  деген  аңыз  түсе  кетеді  де,  ұста  бала  жезден 

тұяқ  соғып,  оны  қыранның  шеңгеліне  қондырып,  кейіннен  бұл  құс  Жезтұяқ  деген  атпен 

даңқы шығады  (31 -б). 

«Жезтұяқ  туралы  тосын  жаңалықты  естіген  жұрт  кӛруге  келіп  жатты.  Малшылар 

құсты  айналсоқтап  қарап,  қолдан  жасалған  тырнаққа  бас  шайқай  таңғалатын  еді,  жез 



тырнағы  бар  жыртқыш  құстың  ертегідегі  бейнесін  шындыққа  айналдырған  аңшының 

шеберлігіне  таңданбаған адам аз»  деп жазады ғалым. 

Автор  Шәкәрімнің  ӛмір  ӛткелектеріндегі  түйінді  кезеңдерін  зерделегенде  бұлтартпас 

деректермен  ӛрнектеп,  оқиға  желісін  шынайылықпен  ӛрбіткені  оқырманның  ұлы 

ойшылдың  ғұмырбаянына  деген  құмарлығын  арттырып,  зердесіне  нәр  құя  түседі. 

Мысалы,  Шәкәрімге  алғаш  орыс  тілін  үйрету  үшін  Абай  ақын  Нұрпейіс  деген  адамды 

жалдағаны,  Шәкәрім  Семейге  барғанда  түсінбесе  де  орыс  тілді  екі  кітапты алғаны, мұның 

бірі  астық  ӛсірудің  анықтамалығы,  екіншісі  апостолдардың  апокрифтік  ӛмірбаяны 

болғандығы,  қаладан  сатып  алған  скрипкасының  құны  алты  рубль  (2  қойдың  бағасы) 

болғандығы  секілді  кӛптеген  шыншыл  мәліметтер  ақынның  ӛмір  шежіресіне  айғақтық 

сипат дарытады. 

Шәкәрімнің  екі  мәрте  болыстыққа  сайланғаны,  1887  жылдан  бастап  12  жыл  би 

болғаны,  1907  жылы  Әлихан  Бӛкейханның  ықпалымен  Мемлекеттік  Думаға  депутат 

ретінде  ұсынылып,  одан  бас  тартқаны,  Ә.Бӛкейхан,  М.Дулатовтың  ақыл-кеңесімен  әлеу-

меттік-саяси,  сот  жүйесі,  шаруашылық,  әкімшіліктерді  жергілікті  басқаруға  маңызы  аса 

зор  аймақтық  земствоға  оқыған  азаматтармен  бірге  Шәкәрімнің  де  қатысып,  сайлауда 

жеңіп  мүше  болуы,  Алашорданың  ресми  биі  болуы  секілді  мәліметтер  жиыны  Шәкәрімді 

сӛз  зергері,  ақын  немесе  дін  жолындағы  тақуа  ғана  емес  қоғамның  күретамыры  болған 

заң-ережелерді  қадағалаған,  сұрыптап  жетілдірген,  әділет  үшін  үкім  кескен  заңгер 

болғандығын айқындай түседі. 

Шәкәрімнің  заңгерлік  қыры  талданған  тұстарда  ұлы  ақынның  даланың  дана  би-

шешені  Құнанбай  мырзаның  нағыз  мұрагері  екендігі  менмұндалап  кӛрініс  табады.  Про-

фессор  Е.Сыдықов  Шәкәрімнің  даланы  билеуге  арналған  заң-жарғыларды  жетілдіруге 

бағыт  берген  мақаласы  Шоқанның  сот  реформасы  туралы  ой-пікірлерімен  үндес екендігін 

салыстыра  келіп  «Шоқан  да,  Шәкәрім  де  мазмұны  бойынша  сот  ісінің  дәстүрлі  жүйесін 

сақтау  керек  екендігін  айтады» деп түйін жасайды. 

Филологиялық, 

философиялық 

бағыттағы 

зерттеулердегідей 

Шәкәрімнің 

поэтикалық  әлемі,  тақуалық  жолы,  ақиқатты  іздеп  арпалысқан  ішкі  жан  дүниесінің 

сырына  үңіліп  қана  қоймай,  тарихшы  маман  Е.Сыдықов  керісінше,  ұлы  ақынның 

қоғамдық-саяси  істерге  табандылықпен  араласқан  ер-азамат,  елді уысында ұстаған болыс, 

қабырғалы  би,  ата  жолына  мирасқор  қажы,  Алашорда  үкіметіне  мүше  болған  қайраткер 

қырын  құнды  деректермен  сомдайды.  Сол  себептен  де  бұл  кітап  Шәкәрімнің 

шығармашылық  құпиясы  мен  поэтикалық  қуатының  тарихи  себеп-салдарын  ашуға серпін 

беретін ізденіс  аймағы кең зерттеу  болды деуге  толық негіз  бар. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал