Өмір мені өр ғыпты, Толқыныңнан күй беріп



жүктеу 50.92 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі50.92 Kb.

Жеңіс  ҚАШҚЫНОВ 

Балқашым 



Өмір мені өр ғыпты, 

Толқыныңнан күй беріп. 

Қайтпас  қайрат, ерлікті, 

Келем сенен үйреніп. 

Өйткені мен кеңестім, 

Дауылыңмен ашулы. 

Ш а ғ а л а ң м е н тең өстім, 

Білмей тайқып жасуды. 

Толқындарың жарысып, 

Көкке атылып  ұ м т ы л ғ а н . 

Ал жүрегім алысып, 

Тар кеудемде бұлқынған. 

Саған ыстық сезімді, 

Жібере алар  құртып кім? 

О, Балқашым, өзіңді 

Дәйім көруге ынтықпын. 

Балқашым - бағым 



Аралым - арым төгіліп, 

Балқашым - бағым байланса. 

Ақшаңқан тұзға көміліп, 

Қапырық шөлге айналса. 

Діңкелеп күшті алып та, 

Түз жолда  қалар  қиралаң. 

Тұйыққа жеткен халыққа, 

Еш амал таппай  қиналар. 

Қос айдын - мөлдір 

қос жанар, 

Жұлдыз ғой жанған маңдайда. 

Дақ салса көзге оспадар, 

Көр соқыр болып  қалмай ма? 

Қос шырақ Балқаш, Аралым, 

Сендерсіз  қайда барамын? 

Тапқанша дауа, амалын, 

Болсыншы аман жанарым!. 

Ыстық көл - Балқаш 



Ертеден бір көрмек едім, 

Көп аңсаған арманым. 

Ынтығып-ақ келген едім, 

Сенде мәз боп  қалғаның. 

Толқын  ұқсап жас балаға, 

Жайлап  қолын бұлғайды. 

Көк айдында ақ шағала, 

Шаттық жырын жырлайды. 

Кіріп кеттім  құшағыңа, 

Көп ойланып тұрмадым. 

Майда толқын  құшады да, 

Сыбдырлайды сырларың. 

Үні де  ұ қ с а с , түрі де  ұ қ с а с , 

Балқашымнан аумайсың. 

Халқымыздай бір туыстас, 

Жатырқамай баурайсың. 

Дауыл тұрғанда 



Дауыл жатыр көлдің суын сапырып, 

Толқын жатыр  құз төсіне атылып, 

Аласұрған айдындағы  қайықты, 

Кететіндей тұңғиыққа батырып. 

Кейде толқын сайларына түсіріп, 

Кейде көкке жібереді  ұ ш ы р ы п . 

Кейде  қайық иірімде  қалады, 

Ескекшіден кеткендей-ақ күш-ырық. 

Қара түнек көрінеді тек алдан, 

Жаға  қайда, толқын мынау кек алған. 

Шіркін адам адаспай-ақ жол тауып, 

Талай асау толқындарды жеңе алған. 

Балықшы 


г 

Тіршіліктен болдың күдер үзгендей, 

Жармасқанда толқын, дауыл сан  ұлып. 

Сен туғаннан берік болат-төзімсің, 

Қайрат, күшің айдында асау сезілсін. 

Өр теңіздің дауылпазы ақиық, 

Халқым сүйген  қаһарманы өзіңсің. 

Толқындар 



Бүгін жауын, долы дауыл деместен, 

Кездерің көп тау толқынмен егескен. 

Көксерек пен сазанды үйіп әкелген, 

Кездерінді шығармайды ел естен. 

Жүзбедің сен көк айдында  қамығып, 

Іздегенің жүрді еңбекпен табылып. 

Дауыл тұрса босанып бір шыққандай, 

Қозылардай айдын кетер жамырап. 

Құшақтап ап белден  ұстап жыққандай, 

Бір толқынды бір толқындар шалып ап. 

Тынған кезде айдын баяу айтады ән, 

Тек шағала шаңқылдайды жар салған. 

Осы сәтте толқын аздап жай табар, 

Балуандай күрестен соң шаршаған. 

Көл бетінде 



Келеміз жүзіп көлде баяу ғана,. 

Қалды алда арқан бойы таяу жаға. 

Баласын әлдилейтін бесігінде, 

Толқында мейірімді аяулы ана. 

Көл үсті кешкі нұрмен боялғандай, 

Көңілім жылы сезім ой алғандай. 

Бір сәтте дір ете  қап толқын шашты, 

Жай ғана  ұйқысынан оянғандай. 

Түнгі шалқар 



Өзді-өзі секілді бір хал сұрасқан, 

Толқындар күбірлесіп жай сырласқан. 

Жанары көрінеді осы көлдің, 

Болсада көз түрткісіз айсыз аспан. 

Сонда да бұл маңайдың таныс бәрі, 

Жағаның селт етпейді  қамыстары. 

Құлаққа естіледі тамылжып ән, 

Көрмейсің балықшыны алыстағы. 

Жұлдыздар көл түбінде сыймайды, әне, 

Шашылған секілді ғой бидай дәні. 

Ғажап бұл көл бетінің тыныштығын, 

Самал жел жас баладай шимайлайды. 

Үстімен  ұштым 

Балқаштың 

Келемін  ұшып «ТУ»-ұшақпенен аспанда, 

Жинақы ойың мұндайда, шіркін,  қашқан ба? 

Қарадым жерге бұл үсті екен Балқаштың, 

Ұқсаған бейне көк лентасына  қалқаштың. 

Бір кезде көктің  қабағы  қатты түйілді, 

Сөгілді аспан, шелектеп нөсер  құйылды. 

Қақ тілді көкті  қылышыменен жай-дағы, 

Алдына салып бұлттарды  қойдай айдады. 

Осының бәрі тізіліп алдан өткені, 

Экраннан маған көргендей әсер еткені. 

Балқаш көлге  құяды 

Тоқырауын 

Жұртшылыққа белгілі ерте кезден, 

Кең даланы  қақ тіліп ерке кезген. 

Жасыл орман, жағасы көк балауса, 

Қас арудай сыланған көркем өзен. 

Сұлулығын бойының жасырған ба, 

Шөбі шүйгін, суы бал асыл арна? 

Қыста  қалың  қар жауса, ал көктемде 

Балқаш көлге  құяды тасығанда. 

Қар аз жауса жатады бұлда сұлық, 

Көктемде ағар жүзіне нұр жасырып. 

Орта арнамен жақындап Балқаш көлге, 

Жер астымен  құяды  құмға сіңіп. 

Көлге осылай жоқ болар тақағанда, 

Басқа өзендей табылған ат оғанда. 

Тоқырайтын суы бар таң  қалмайсың, 

«Тоқырауын» деп халық атағанға. 

Малға азық  қып жайқалған мол  құрағын, 

Орта тұсын жайлаған Тоқырауын. 

Өрім талды, шалғынды жағасында, 

Сары уыздай  ұйыған отыр ауыл. 

Киелі көл 



Алатын Сарыарқадан басын  ұ д а й , 

Елімнің Тоқырауын асылындай. 

Балқашқа сағынышпен талып жетіп, 

Ежелгі табысатын ғашығындай. 

Не бопты кездескендей өліараға, 

Асыл жер туған жердей бола ала ма? 

Ақтоғай, Балқаш көлі егіз  ұ ғ ы м , 

Даралап жырламаймын бөле, жара. 

Кешегі бағдарлаймын әр ізді мен, 

Қазақтың ақ арманы тәрізді көл. 

Балқашым гүл жайнаған өзіме ыстық, 

Басқа елдің Вашингтон, Парижінен. 

Келтірген көркіменен жер бедерін, 

Ерекше бөлген оған ел де көңіл. 

Атлант, Үнді, Тынық мұхиттармен, 

Айдынды Балқашымды тең көремін. 

Алыстан «мен мұндалап» шақыратын, 

Еліме о, Балқашым, жақын атың. 

Аралап емін-еркін өн бойыңды, 

Батасын беріп кеткен Ғафу ақын. 

Жыр көзі буырқанған ашылғандай, 

Халқыма шашу болып шашылғандай. 

Мен-дағы тасқын судай ақтарылам, 

Нарманбет, Кенішбай мен Шашубайдай. 

Еліріп желікпеймін есерлердей, 

Мәңгүрттер жақсылықты өсер көрмей. 

Жидебай, 

Қараменде, Шабанбай боп, 

Сөз сөйлеймін тура би-шешендердей. 

Құрғатпай өтті кеше тақымдарын, 

Баураған ерліктері ақын жанын. 

Жалаңтөс, Сеңкібай мен Жарылғаптай, 

Жебеп жүр аруағымен батырларым. 

Әлихан, Әлімхан мен Жақыптарым, 

Әріден ойлай білді халық  қамын. 

Алаштың көсемдері арман еткен, 

Біз көрдік тәуелсіздік жарық таңын. 

Бүгінде кеңи түсті жыр аспаны, 

Нөсердей күй төгіліп,  қыр асты әні. 

Аққыз ана, Манарбек, Әшімтаймен, 

Өстік біз  Құдай санап Күләштарды. 

Төсінде ата мекен түледі ер, 

Өзіңді ардақ тұтып сүйеді ел. 

Басыңа  қонған бақыт таймасын тек, 

Балқашым —  қасиетті, киелі көл. 

Бектауата тауы 



Әулие ата атандың о басында, 

Өзіңе жаманшылық жоласын ба? 

Әулие мен  Құдайға сенбейтіндер, 

Өртеді ақ ордасын,  қорасын да. 

Әулие ата, бір түрлі шатақ атың, 

Қалай шолақ белсенді жата алатын. 

Өзгеріссіз 

қалдырса 

қаз-қалпыңда, 

Істі болып сияқты шатылатын. 

Бола ма екен еліріп есіруге, 

Көз  құны бар кімнің бұл есіміңде? 

Кеше зорлап көшіріп кей халықты, 

Тырысты ғой тарихтан өшіруге. 

Қырандай жіті  қарап жанарыңды, 

Тәкаппар шолып тұрсың дала,  қырды. 

Жандарға жөн-жосықсыз тіл тигізген, 

Түйілген ашпайсың еш  қабағыңды. 

Қасиетің ерекше жаратылған, 

Халқың саған сыйынып таң атырған. 

Бектауата, Жалаңтөс батырдайсың, 

Көрінеді алыстан дара тұлғаң. 

Нар ақын 



«Сарыарқа сайран жерім-ай, 

Салқын да самал белім-ай». 

Нарманбет жырлап өкінген, 

Еркіндік алған елім-ай. 

Қайратты,  қайсар, батыл жан, 

Шабытын  қайрап шақырған. 

Қиянат көрсе патшадан, 

Күрсініп ауыр аһ  ұрған. 

Ғибрат алған данадан, 

Абайды  ұстаз санаған. 

Шешенде әділ би болған, 

Атағы жұртқа тараған. 

Заңғарға жайған  қанатын, 

Қырандай  ұран салатын. 

Елімде ақын көп шығар, 

Нарманбет жүйрік нар ақын. 

Ойлары - жарқын таңғы аспан, 

Жырлары - алтын алдаспан. 

Болаттай шымыр тот баспай, 

Бүгінгі күнге жалғасқан. 

Бойында толы арман көп, 

Шындық шыңға алған бет. 

Нарманбет болып туды да, 

Атанып  қалды Нарманбет. 

Шашубайда арман жоқ 



Шашеке, жоқ  қой арманың, 

Есімің көкте  қалқыды. 

Балқаш көл шарлап аумағын, 

Шағала-әнің шалқыды. 

Ғаламмен үнсіз сырласып, 

Жүретін ылғи жыр тілеп. 

Жақсыға жаны шын ғашық, 

Халқың да  қалды бір түлеп. 

Қарсы алып шаттық нұр таңын, 

Жаңғыртып  қайта сөзінді. 

Шашеке,өскен  ұ р п а ғ ы ң , 

Көтерді көкке өзіңді. 

Жоқ шығар сізде арманда, 

Бақытқа бөлеп өмірді. 

Әніңе халқым салғанда, 

Құлпыртты байтақ өңірді. 

Ән болып кетті далам да, 

Күй төкті Балқаш,  қалар ма? 

Жыр сүйер халқың аманда, 

Атағың кетер ғаламға. 

Балқаштағы Бұғыбайға 

I -өлең 

Тартшы дос, домбыраңды шертіп  қана, 

Жүрегім күй тындасын, елтіп дала. 

Сазды әуен арман  қыздай еліктіріп, 

Мені де кетсінші бір  қолтыққа ала. 

Жаюлы дастарқаннан кеш  қалайық, 

Сол бойдақ кезімізді еске алайық. 

Бүгінде жар мен бала сүйсек-тағы, 

Қалыпты мінезіміз досқа лайық. 

Шертіп тарт, ауыздықтап басын бұрма, 

Тулатып, булықтырып ашындырма. 

Майда үн жас дәуреннің күйін толғап, 

Шығарсын біздерді ертіп жасыл  қырға. 

Тарта түс, салқындатып, Бұғыбайым, 

Сезімтал күйлеріңнен сыр  ұғайын. 

Оралтып жігіт шақтың отты күнін, 

Тағы да  қызуына жылынайын. 

II-өлең 


Еміреніп сүймей-ақ түйме беттен, 

Шарап ішпей ғажайып күйге жеткен. 

Бұғыбайдай жігітті тұңғыш көрдім, 

Гүлшарадан басқаны сүймей өткен. 

Көп аңсаған жеткенде арман-шыңға, 

Өз достарын Бұғыбай таңдантуда. 

Іңкәр  құсы  қолына  қонғаннан соң, 

Бәйек болып шығады алды-артына. 

Қыпша белдің соңына түстім еріп, 

Аралына арулар  ұштым көріп. 

Ал мен болсам елеңдеп бәйгі атындай, 

Сұлуларды тұрады  құшқым келіп. 

Көп арбады өзімді бұрын солар, 

Бұл әңгіме айтуға  ұзын сонар. 

Пайғамбардың жасына кеп  қалыппын, 

Ғашық бола беруде  қиын соғар. 

Сап-сап көңілім түседі сабасына, 

Көзбен атам кейбірін арасында. 

Қаздай  қалқып, сыланып өткен кезде, 

Тоят іздеп сая бір табасыңда. 

Ауыр ойды бойдағы сілкіп небір, 

Бұғыбай-ау, біздерге бүлкіл жеңіл. 

Мен де сенің  қосылдым  қатарыңа, 

Отбасына ауып тұр ынтық көңіл. 

Орталық Қазақстан. - 2005. - 24 қыркүйек. - 10 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал