Өмір қауіпсіздігі негіздері



жүктеу 0.72 Mb.

бет5/8
Дата30.04.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

Дәріс №10 

Тақырыбы: Жарақаттар 

 

Жарақаттар  –  бұл  адам  ұлпалары  мен  органдарының  зақымдануы,  сыртқы 

себептердің  –  аяқ-қолдың  сынуы  мен  буындардың  шығуынан,  жұмсақ  ұлпаның 

жаоалануы  мен  дененің  сыдырылуынан,  органдардың  зақымдануынан  және  көптеген 

басқа жәйттердің әсерінен ұлпалары емн органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. 

Әсер  механикалық,  техникалық,  химиялық,  спецификалық  (рентегн  сәулесі, 

радиоактивті  сәулелкр,  электр  тогы),  психикалық  (қорқыныш)  болуы  мүмкін.  Балалар 

жарақатының  көпшілігі  механикалық  әсерлерден  болады  (сіңірдің  созылуы,  буынның 

шығуы, аяқ-қолдың шығуы). 

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. 

Жабық  зақымдану  –  бұл  тері  жамылғылары  мен  кілегейлі  қабықтар  тұтастығы 

бұзылмайтын  зақымдану  түрлері.  Бұған  терінің  сыдырылуы,  сіңірдің  созылуы,  жұмсақ 

ұлпалардың  ажырауы  (бұлшық  еттің,  жүйкенің,  сіңірдің),  буын  мен  сүйектің 

зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы). 

Ашық  зақымдану  –  бұл  органдар  ұлпаларының  зақымдалуы,  артынша  тері 

жамылғылардың  кілегейлі  қабықтардың  тұтастығы  бұзылады  (жарақаттар,  сүйектің 

ашық сынуы). 

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған 

зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда 

болған  жарақат  созылмалы  жарақат  деп  аталады.  Созылмалы  жарақаттарға  көптеген 

кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының 

жалпақтығы,  машинисткалардың  тарамыс  қынабының  қабынуы,  кір  жуушылардың 

жаурауы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара).  

Уақыттың шектеулі үзігі арасында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың 

жиыны  жарақаттанушылық  деп  аталады.  Жарақаттануышылық  өндірістік  (өнеркәсіп, 

ауыл  шаруашылығы),  өндірістік  емес  (тұрмыс,  спорт,  көше,  көлік)  және  әскери  деп 

бөлінеді.  

Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа 

да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат 

алмасуының  бұзылуы).  Бұл  құбылыстар  орталық  нерв  жүйесінің  тітіркенуінен,  қанның 

кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты 

сырқырататын  және  қан  көп  кеткен  ауқымды  зақымдану  кезінде  сыртқаттың  жалпы 

жағдайы жедел және күрт нашарлайды. 

Бас  жарақаттары.  Бас  сүйегі  мен  бас  миының  зақымдануы  механикалық 

жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттары ашық 

және жабық болып бөлінеді. 

Бас  миын  зақымдаған  заттардың  сипаты  бойынша  ол  мидың  шайқалуы, 

сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді. 


Басқа  қатты  соққы  тигенде  мидың  зақымдануы  мүмкін  (мидың  шайқалуы  және 

сыдырылуы). 

Мидың шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер анық 

білінеді.  1-2  ден  20-30  минутқа  дейін  астен  айырылу  байқалып,  артынша  есі  кіріп 

жарақатқа  ұшыратқан  оқиға  мен  жағдайды  жадына  тез  түсіре  алмайды.  Сырқаттар 

бастарының  ауырғандығын,  айналғандығына  шағымданады,  құсқылары  келеді, 

әлсірейді.  Мидың  клиникалық  шайқалуы  тері  жамылғылардың  бозаруынан,  болмашы 

ентікпеден, құсуға әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен білінеді.  

Бас  сыдырылған  кезде  ес  сақталады,  алайда  оның  төңірегінде  ісік  пайда  болуы 

мүмкін. Бас қатты ауырады, жүрек айниды, кейде құстырады. 

Қатты  соққы  толқыны  әсерінен  адам  организмі  жалпы  контузияға  ұшырауы 

мүмкін.  Ауыр  жағдайда  адам  ұзақ  уақыт  бойы  есінен  айырылады,  бас  ауырады,  көру 

және есту қабылеті бұзылады. Есте сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады. 

Ауыр  дәрежедегі  мидың  сыдырылуы  сананың  өте  өрескел  бұзылуымен 

сипатталады (ұйқы басу, естен тану).  

Кеуде  мен  іштің  зақымдалуы.    Кеуде  жарақаты  ашық  және  жабық  болып 

бөлінеді.  Кеуденің  жабық  зақымдалуының  ауырлығы  кеуде  құрылымының  зақымдалу, 

өкпенің  сыдырылу  деңгейіне  байланысты  (төс,  қабырға).  Жеке  қабырғаның  сынуы 

жөтелген  және  дем  алған  кезде,  сынықтың  төңірегі  қысылған  кезде  қатты  білінетін 

шаншумен  сипатталады.  Қабырғалардың  екі  жағының  сынуы  кеуде  клеткаларының 

тыныс жолданы бұзады және оттегінің жетіспеуіне және ауыр жағдайға ұшыратады. 

Кеуде  жарақаттары  атыс  қаруынан  немесе  басқа  заттардың  салдарынан  пайда 

болады.  Кеуде  жарақатының  ауырлығы  қанның  кету  көлеміне,  тыныс  алу  мен  қан 

айналамының  бұзылу,  жүйке  рефлекторлық  сырқаттану  дәрежесіне  байланысты. 

Осының  барлығы  кеуденің  ішіне  өтіп  кеткен  жарақаттан  көрінеді.  Кеудеге  өткен 

жарақаттар  кезінде  клеткалар  ашық  пневмлоторакс  құрайды.  Ашық  пневмоторакс 

кезінде  атмосфералық  ауа  жарақат  тұсындағы  плевра  қуысына  еркін  кіреді,  бұл  ауа 

жұтқан кезінде кеуденің әлсіреуіне және ауа шығару кезінде оның шамалы жиырылуына 

алып  келеді.  Мұндай  жарақаттар  ентікпе,  жүрек  қызметінің  әлсіреуі  сияқты  қиын 

жағдайға  алып  келеді.  Жарақаттанған  адам  мазасыз  тұншығуды,  мойын 

көктамырларының  қабынғандығының,  жүректің  лүпілін,  кілегейлі  қабықтардың 

көгеруін сезінеді.  

Ашық  жарақат  кезінде  кеуде  клеткаларынан  қан  аққан  кезінде  қатты  таңғышты 

қою,  ашық  пневмотаракс  қымтағыш  таңғышты  қою,  сырқатты  басатын  және  жүрекке 

жәйлі дәрі-дәрмекті енгізу аса маңызды. 

Іштің жарақаттары сипаттары бойынша ашық және жабық болып бөлінеді. Жабық 

зақымдану  жоғарыдан  құлаған,  ішке  тиген  соққы,  жер,  инженерлік  құрылыстар  мен 

қираған  ғимараттарды  сынықтары  қысқан  кезде,  автомобтль  апаты  кезінде  пайды 

болады. 


Жеңіл зақымдану кезінде құрсақ қуысы зақымданып, тері сыдырылады, қан ағады, 

ұлпалар  күлбірейді,  құрсақ  бұлшық  еттері  тітіркенеді,  құрсақтың  тітіркену  белгілері 

байқалады.  

Ауыр  жарақаттар  кезінде  құрсақ  қуысын  ішкі  органдары:  үлпершекті  ағзалар 

(көкбауыр, бүйрек, асқазан астындағы без, бауыр) және жыныс органдары (асқазан, тоқ 

ішек, өт қабы мен қуық) зақымдалады.  

Іш жарақаты атыс қаруы мен суық қарудан болуы мүмкін. Атыс қаруынан болған 

жарақат көбінесе ішке өтіп ішкі органдарды зақымдайды.  

Құрсақ қуысының жарақаты кезінде жалпы және жергілікті белгілер алған жарақат 

сипаты мен дәрежесіне байланысты.  

Үлпершекті  органдар  жарақаты  кезінде  алғашқы  орында  ішкі  қан  ақу  құбылысы, 

жыныс  органдары  атыс  қаруынан  зақымдалған  кезде  құрсақтың  тітіркену  белгілері 

тұруға тиіс.  


Құрсақ қуысы жеңіл сыдырылған зардап шегуші дәрігердің қарамағына жіберіледі. 

Сырттай  қараған  кезде  тері  жамылғыларының  бозаруы,  суық  тер,  іштің  керуі 

байқалады. Шарбының, ішек ілгегінің түсуі жарақаттың іш жақта екендігін көрсетеді.  

Алғашқы  медициналық  көмек  жараға  тазартқыш  таңғыш  қоюдан  басталады. 

Түскен  тазарту  органдарын  түзеуге  болмайды,  оларды  тазартылатын  жастықшамен 

жабады және сақтықпен, қыспай шеңберлі таңғышқа қояды. 

Сырқатты  тыныштықта  қалдыру  қажет.  Ішке  мұз  салынған  немесе  суық  су 

құйылған  резиналы  қуық  қояды.  Сырқаттарды  тамақтандыруға,  су  беруге,  тазартқыш 

клизма қоюға, асқазанды шаюға болмайды. 

Есірткі,  антибиотик  пен  басқа  дәрі-дәрмектер  беруге  мүлдем  тыйым  салынады, 

өйткені олар аурудың клиникалық ахуалын бұзады.  

 

 



Дәріс №11 

Тақырыбы: Жаралар 

 

Жаралар  тері  жамылғысының  терідегі  кілегейлі  қабықтың  тұтастығы  бұзылып, 

ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады. 

Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді. 

Қатты  жарақаттану  кезінде  терінің  астындағы  клеткалар  ғана  емес,  сондай-ақ 

бұлшықет,  жүйке,  сіңір,  байламі  ірі  қан  тамырлары  зақымдалады.  Жарақаттағыш  зат 

дененің ішіне – кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі  мүмкін; осындай 

бойлай салынған жарақат ішкі орындарды зақымдайды. 



Жаралардың жіктелуі 

Жаралар  заттың  немесе  қарудың  түріне  байланысты  кесілген,  тілінген,  түйрелген, 

сыдырылған, тістелген, жарымдалған жне оқ тиген болып бөлінеді. 

Түйрелген жаралар түйрегіш қарулы найза, пышақ, біз, ине, шеге әсерінен болады. 

Жараның  осы  түрі  үлкен  тереңдіктегі  шағын  сыртқы  саңылаумен  сипатталады. 

Өйткені  жараның  аузы  тар,  ал  кейде  ұлпалардың  ауысу  салдарынан  (бұлшық  еттің 

қысқаруы) ол үзілгіш және ирек тәріздес болады. Бұл түйрелген жараларды қауіпті етеді, 

өйткені зақымдалу тереңдігі мен ішкі органдардың ықтимал жаралануын анықтау қиын. 

Кесілген жаралар жүзі өткір заттар арқылы болады (пышақ, ұстара, шыны және т.б.). 

Кесілген жаралардың шеті тегіс және зақымданбаған болып келеді. Қан жиі ағады.  

Тілінген  жаралар  ауыр  өткір  заттың  тиюінен  болады  (балта,  қылыш).  Сырттай 

қарағанда кесілген жараны еске түсіреді, алайда зақымдану аумағы үлкенірек, кейде тіпті 

сүйектің зақымдануына апарып соқтырады. Жараның шеті біршама ісінеді. 

Сыдырылған  жаралар  жалпақ  заттың  соққысынан  (балға,  тас  және  т.б.)  болады. 

Сыдырылған жаралардың шеті ісінеді, тегіс емес, қан қатады, тамырлардың және олардың 

тығындалуының  нәтижесінде  жара  шетінің  нәрленуі  бұзылады.  Ісінген  ұлпалар 

микробтардың көбеюіне септігін тигізеді. 

Атыс қаруынан болған жаралар атыс қаруының зақымдау салдары болып табылады. 

Қару  түріне  байланысты  оқтан  жаралану,  бытырадан  жаралану,  жарықшақтан  жаралану 

(мина,  граната,  снаряд)  болып  бөлінеді.  Атыс  қаруынан  болған  жарақат  тесік  болуы 

мүмкін.  Жаралаушы  зат  тесіп  өтеді  және  оның  кіріп-шығу  саңылауы  болады.  Кейде  зат 

денеде тұрып қалады, ал кейде жанай тиіп өте шығады. 

Атыс  қаруынан  болған  жаралар  сан  алуан  және  күрделі  болып  келеді.  Күрделі 

жаралар кезінде оқ бірқатар органдар мен қуыстарды тесіп өтеді, мысалы, құрсақ қуысы, 

көк ет, плевра қуысы. Сонымен қатар бірнеше органдарды зақымдайды. Барлық  аурулар 

сырқырау мен қанның ағуымен және үңіреюмен сипатталады. 

Жарақаттанған  кезде  міндетті  түрде  қан  кетеді,  дене  сырқырайды,  үңірейген  орын 

пайда  болады,  шектен  тыс  сырқаттану  естен  тандырады.  Қалған  жағдайлардағы  жарала 



микроогранизмдер  үшін  ашық  есік  ретінде  –  жұқпалы  ауруларды  асқындырушы  қызмет 

етеді.  


Микробпен зақымдалған жараны жұқтырмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды 

жара инфекциясы деп атайды. 

Микробтар  жараға  жарақаттаушы  заттармен,  ағаштың  қабығымен,  жердегі 

түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен ұстау арқылы енеді. 

Сіреспенің  алғашқы  белгілері  жоғары  температура  (39-41

0

С),  жара  төңірегінде 



бұлшық  еттің  еріксіз  дірілдеуі,  асқазан  төңірегінің,  іш  бұлшық  еттің  шаншуы,  жұту 

кезіндегі  қиыншылық,  беттің  ымдау  бұлшық  еттерінің  қысқаруы  және  ауызды 

аштырмайтын  шайнау  бұлшық  еттерінің  түйілуі  болып  табылады.  Біраздан  кейін  бұған 

жәй тітіркеніс кезінде пайда болатын азапты құрысу қосылады. 



Асептика және антисептика туралы түсінік 

Асептика  –  жараны  микробтардың  зақымдауынан  қорғау  әдісі.  Бұл  үшін  жарамен 

түйісетін  затта  микроб  болмауы  тиіс.  Мүлдем  микроб  жоқ  материалдар  мен  заттар 

тазартушы  деп  аталады.  Материалдар  мен  аспаптардағы,  басқа  заттардағы  таңғыштың 

микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады. 

Жараны  көп  жағдайда  іріңдетуші  микробтар  зақымдайды,  одан  кейін  жара  іріңдеп, 

ісінеді.  Микробтар  тамырларға,  сөл  арқылы  сөл  жолдарына  түсуі  мүмкін.  Бұл  жағдайда 

тері  ісініп  қызарады  және  қатты  ауырады.  Ал  егер  іріңді  инфекция  қанға  өтсе,  қан 

бұзылып сеппис дамиды.  

Антисептика  –  жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді  өлтіретін немесе 

тіршілігін  әлсірететін  антибиотиктерді  химиялық  және  биологиялық  заттарды  қолдану 

жолымен  жою.  Антисептиктер  ретінде  хлорамин  ерітіндісі,  йод  тұнбасы,  спирт,  сутегі 

қолданылады.  

Тек  ауа  жоқ  кезде  дамитын  микробтардың  жарада  көбеюі  (анаэробтар)  анаэробтық 

немесе газдық инфекция аса қауіпті.  

Жараға  топырақпен  бірге  сіреспені  тудыратын  анаэробтық  микробтардың  түрлері 

енуі мүмкін. 

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі. 

Физикалық  антисептика  жарадағы  микробтар  үшін  қолайсыз  жағдайлар  жасайды, 

атап  айтқанда  бұл  жараны  құрғатады,  жарадан  сұйық  суды  сыртқа  шығарады. 

Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәуле де өлтіреді. 

Химиялық  антисептика  микробқа  қарсы  қабілетке  ие  әртүрлі  дәрім-дәрмектерді 

қолдануға  негізделген.  Бұлар  антисептикалық  заттар  деп  аталады.  Йод  тұнбасы,  калий 

перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер Вишневский майы 

сияқты бірнеше заттардан құралуы мүмкін. 

Биологиялық  антисептиктер  жара  инфекциясын  сақтандыру  мен  емдеу  үшін 

пайдаланылатын антибиотиктер жатады. 

Антисептика  мен  асептика  әдістері  жараның  инфекциялық  зақымдануымен  күресте 

бірін-бірі толықтырады.  

Таңу материалы, жеке таңу пакеті және оны пайдалану тәртібі 

Жарақатқа  таңғыш  қанның  ағуын  тоқтату,  ауруды  басу,  қосымша  зақымданудан 

және оған микроб түсуінен ескерту үшін қойылады. Таңу материалы ретінде дәкі, ьбинт, 

салфетка, мақта, лигнин, кіші және үлкен медициналық таңғыш, жеке таңғыш пакеті мен 

орамал пайдаланылады. 

Салфеткалар  –  қиыстырылған  төрт  бұрышты  дәкі  кесінділердің  бірнеше  қабаты. 

Олар үлкен (70-68 см) және кіші (68-35 см) болуы мүмкін. 

Бинт – ені 5-20 см және ұзындығы 5-10 м дәкі кесіндісі. 

Медициналық қызметтер қоймаларында ені 10, 14, 16 метр және ұзындығы 5, 7, 10 

метр бинттер кездеседі. 

Мақта гигроскопиялық және компрессорлық болуы мүмкін.  


Гигроскопиялық  мақта  ылғалды  жақсы  сіңіреді,  жараға  қойылатын  таңғыш  үшін 

қолданылады.  Сары-қоңыр  түсті  компрессорлық  мақта  ылғалды  сіңірмейді,  сондықтан 

шина қою, таңғышпен жабу кезінде жұмсақ төсем даярлау үшін қолданылады. 

Лигнин (ағаш мақта) – мақта айырбастайтын материал болып табылады. 

Жабдықтау  қоймасында  кіші  және  үлкен  медициналық  тазартылған  таңғыштар 

сақталады.  Кіші  таңғыштар  мақта  дәкі  жастықшасының  (56-29  см)  және  бинттен 

(14смх7м)  жастықшадан  тұрады.  Үлкен  жастықша  (65х43  см),  оның  бұрыштарына  бір-

бірден бау тігілген. 

Жорық  жағдайында  далаларда  көмек  көрсету  үшін  жеке  таңғыш  пакеті  (ЖТП) 

қолданылады. 

ЖТП екі мақта дәкі жастықшасынан (32х17,5) және бинттен (10 см х 7м) тұрады. Бір 

жастықша бинттің ұшына тігілген, ал екіншісі бос жатады.  

ЖТП-дағы  мақта  дәкі  жастықшасының  ішкі  жағы  қосымша  мата  емес, 

металдандырылған  материалмен  жабылған.  Пакеттің  сыртқы  жамылғысы  резиналы 

матадан істелінген. 

Пакетті пайдалану ережесі: 

 



Резиналы жамылғының шетін тілігі бойынша ашу; 

 



Алдымен бүгілген жерден түйреуішті алып қағаз тысты ашады

 



Таңғыш  материалды  жастықшаның  ішкі  жағына,  яғни  жараға  қойылған 

жоғары бетіне қол тигізбей жазады; 

 

Егер жара тесіп өткен болсажастықшаның бірін аузына, ал екіншісін астыңғы 



саңылауға  қояды.  Бұдан  кейін  екі  жастықшаны  да  орап,  дәкінің  шетін 

түйреуішпен түйрейді.  

 

 

Дәріс №12 

Тақырыбы: Қансырау. Қан тоқтату. 

 

1. Қансыраудың түрлері.  Қан плазмадан және қан клеткаларынан тұрады. Зақымдалған 

сипатына  байланысты  қан  кетудің  бірнеше  түрі  бар:  артериялық  қан  кету  (күре  тамыр), 

веналық қан кету (көк тамыр), капиллярлық қан кету (қыл тамыр), паренхиматоздық (ішкі 

қан кету). 1. Артериялық қан – бұл жүректен шыққан қан, ол үлкен қысыммен әрі үлкен 

жылдамдықпен  жылжиды.  Бұндай  қан  кету  өте  қауіпті,  өйткені  қысқа  мерзімде  ағзадан 

көп қан кетеді. Белгілері: қан ашық қызыл түсті, жарақат алған жерден қан атқылап ағады. 

Веналық    -  бұл  баялау  жылдамдықпен    жүрекке    қарай  жылжитын  қан.  Зақымдалған 

жерден қан бірқалыпты үздіксіз ағыспен баяу шығады. Түсі қошқыл қызыл немесе шиедей 

қызыл  болады.  Қыл  тамырлар  –  бұл  өте  майда  қан  тамырлар,  мұнда  қанның  жылжу 

жылдамдығы өте баяу болады. Өздігінен бірнеше минутта қан ұйып үлгеред. 

2. Ішкі қансырау белгілері, ондағы іс-әрекет.  Паренхиматоздық – ішкі қан кету бұл да  

өте қауіпті  және оны анықтау әдетте өте қиын болады. Себебі ол кезде қан сыртқа 

шықпай ағзаның ішіне жиналады. Белгілері:  

1. Мұздай тер, адам бозарады. 

2. Қан тамырларының соғуы жиелейді. 

3. Қан қысымы төмендейді. 

4. Көз қарауытады. 

3. Қанды уақытша  тоқтату әдістері.   Қан тоқтату әдістері: уақытша және түпкілікті қан 

тоқтату әдістері. Уақытша қан тоқтату әдістері: 

а) артерияларды саусақпен басып қан тоқтату әдісі. Тамырды басатын орындарын табу. 

б) жгут салу тәртібі. 

в) аяқ-қол буындарын қатты бүгу немесе жоғары көтеру әдісі. 

г) басып тұратын таңғыш салу. 



4.  Күйдіргі  қою  тәртібі.  Қан  тоқтататын  күйдіргі  –  ені  (1,5-2  см)  жалпақ  иілмелі  резина 

кесіндісі. Күйдіргі қою тәртібі: 

 

Күйдіргі дененің кез-келген жеріне қойылады. 



 

Күйдіргі қоярдан бұрын астына жұмсақ төсем төселеді. 



 

Күйдіргіні  жазда  екі сағаттан артық, ал суық уақытта 0,5-1 сағаттан артық 



қойылмайды. 

 



Күйдіргіні қысудың жеткіліктілігін бақылау. 

 



Күйдіргі қою уақыты қағаз парағында көрсетілуге тиіс. 

 

 

Дәріс №13 

Тақырыбы:Тірек-қимыл аппараттарының жарақаты 

 

1.  Сынық түрлері. Жабық сынық белгілері:  

 



Сүйек сынған жердің сырқырауы; 

 



Аяқ-қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы. 

 



Сүйек сынған жердің қанталауы: 

 



Аяқ-қол қызметінің бұзылуы. 

Ашық сынық белгілері: 

 

Аяқ-қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы



 

Жарада сүйек  жарықшақтарының болуы; 



 

Жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс



 

Аяқ қолды қозғалтқан кездегі сырқырау. 



 

2.  Шеміршектің  созылуы,  соғып  алу,  буынның  шығуы.      Сіңірдің  созылуы  –  ауры 

затты  ебедейсіз  көтерген  әрекеттерден  туындайды.  Созылу  белгілері:  1.  буынның 

сырқырауы 

  

 



 

 

2. терінің үлбіреуі. 



 

 

 



 

3. қозғалудың қиындығы.  

Алғашқы  дәрігерлік  көмек  –  жараға  тиіспей,  оның  айналасын  сулы  мақтамен  сүртіп, 

жараға йод жағып, оны таза дәкемен таңу керек. Үлкен жараны жеке пакетіндегі дәкелі-

мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы, сіңір созылғанда зардап шегушіге 

0,25-0,5 г. Аналгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады. 



3. Сынықтар жіктелуі және оларға сипаттама. Иммобилизация түсінігі.  

Тасымалдау иммобилизациясын жүргізгенде мынадай тәртіптерді орындау қажет. 

1. Иммобильдеу үшін пайдаланылатын қалыптар берік бекітілуге және сынған жерді өте 

жақсы көрсетуге тиіс. 

2.  қалыптарды  бірден  жалаңаш  аяқ-қолға  қоюға  болмайды.  Олардың  үстіне  алдын  ала 

мақта  қойылуы тиіс. 

3.  Сынық  төңірегінде  артық  қозғалысты  болдырмай,  сынықтың  үстімен  астындағы  екі 

буынды бекем байлау керек. 

 

 

Дәріс №14 

Тақырыбы: Термикалық жарақаттар 

 

1.  Термиялық  жарақат:  күйік  және  үсік.  Термикалық  факторлардың  әсерінен 

мыс: от, ыссы металл, ыстық су, қайнаған смола, күн сәулесі, кварцтық сәуле алу  дененің 

ашық  жерлерінің  зақымдануын  термикалық  күйіктер  деп  аталады.  Күйікті  ауырлығына 

қарай төрт  дәрежеге   бөледі.  Күйіктің көлемін анықтау үшін алақан немесе  «тоғыздық» 

ережесін қоладанады. Үсу – күйіктерге  қарағанда әртүрлі  температурада  пайда болатын 


зақымдану.  Көбінесе  дененің  ашық  бөліктері  (құлақ,  мұрын,  бет  бөлігі)  және  аяқ-қол  

үседі. Зақымдануына байланысты үсудің 4 дәрежесі бар. Әр дәрежені жарақаттанушыны 

жылытып  алғаннан кейін және алғаш  көмек көрсеткеннен кейін дәл анықтауға болады. 

     2.  Күйік және үсік болған кездегі алғашқы көмек. Күйікті ең бастысы   салқындату 

қажет,  яғни  салқын  су  ағынына  ұстау  немесе  салқын  компресс  басу.  Сондай-ақ  зардап 

шегуші шөлдегіш келеді, сондықтан шай немесе бір шай қасық тұзды және ½ шай қасық 

ас содасын бір литр суға ерітіп ішкізуге де болады. Егер дене қышқылдардан күйсе, онда 

жараны ас содасының ерітіндісіне малынған бинтпен таңу керек, ал адам сілтіден күйген 

жағдайда  сіркесу  ерітіндісіне  немесе  бор  қышқылына  малынған  таңғыш  салады.  Үскен 

кезде ең бастысы ускен жерді тіпті бүкіл денені жылыту қажет. Ол үшін әртүрлі шаралар 

қолданылады.  



3.    Жылу  соққанда  және  күн  тиген  кездегі  алғашқы  көмек.    Күн  тию  –  бұл 

бастың  интенсивті  және  ұзақ  шамадан  тыс  жылынып  немесе  бүкіл  дененің  күн 

сәулелерінің  түсуі  әсер  ететін  төтенше  ауыр  хал.    Күн  тигенде  көрсетілетін  алғашқы 

жәрдем жарақаттанған адамды баяу көлеңкеге салқын жерге орналастыру қажет. Басына 

салқын    басып,  салқын  сүлгімен  сылайды.  Дәрі-дәрмек  беріледі.  Тыныс  алу  тоқтаған 

жағдайда реанимация әдістері қолданылады. 



4.    Электр  тогы  соққанда  және  найзағай  тигендегі  алғашқы  көмек  Токтың 

кернеуіне  ұрынған  адамды  ток  көзінен  тез  айыру  керек.  Ол  үшін  ажыратқыш  тұтқаны 

айырады  немесе  сабы  құрғақ  балтамен  шабады.  Электр  сымы  адамның  үстінде  жатса, 

таяқтың көмегімен алып тастау қажет. Алғашқы көмек: егер қажет болса жүрегіне жанама 

массаж жасайды,  дененің күйген жерін байлап тастау қажет. 

 

 




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал