Өмір қауіпсіздігі негіздері



жүктеу 0.72 Mb.

бет4/8
Дата30.04.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

2. 

Респираторлардың 

газқағарлардан 

айырмашылығы 

құрылысының 

қарапайымдылығымен,  салмағының  аздылығымен  және    аз  уақытқа  қорғай 

алатындығымен  сипатталады.  Р-2  респираторы  ересек  адамдарға  арналған,  ол 

синтетикалық  материалдардан  (пенопласт  секілді)  жасалған.  Салмағы  60  гр.  12  сағатқа 

дейін  қорғай  алады.  Р-2д  модификацияланған  респираторы  балаларға  арналған,  өлшемі 

кіші, үздіксіз 4 сағатқа қорғай алады.  

Тыныс  алу  органдарын  қорғаудың  қарапайым  құралдары  радиоактивті  шаңдардан, 

бактериальды  аэрозольдерден  қорғану  үшін  пайдаланады.  Ең  қарапайым  құрал  –  мақта-

дәкелі  таңғыш.  Оны  100х50  см  марлі  бөлігінен  жасайды.  Дәкені  үстел  үстіне  жайып 

ортаңғы бөлігіне мөлшері  30х20 см, қалыңдығы 1-2  см болатын мақтаны тегістеп салып 

орайды.  Балаларға  арналған  мақта-дәкелі  таңғыш  үшін  80х40  см  болатын  дәке  бөлігі 

алынады, ал мақтаның мөлшері 20х15 см етіп алады.  

Шаңға  қарсы  маталы  маскалар  (ПТМ  -  1)  көзді,  тыныс  алу  органдарын  мақта-

дәкелі  таңғыштарға  қарағанда  жақсы  қорғайды.  Маскалардың  7  өлшемі  бар.  Маска 

мөлшері беттің биіктігіне байланысты.  

3.  Теріні  қорғайтын  құралдар.  Радиоактивті  және  химиялық  зақымдану 

аймақтарында улы заттардан тек қана тыныс алу органдарын ғана емес, сондай-ақ барлық 

денені де қорғау қажет. Бұл үшін радиоактивті күшті әсер ететін заттардың, бактериальды 

құралдардың  тері  жамылғысына,  киім  мен  аяқ  киімге  түсуінен  қорғайтын  арнайы 

қорғаныш  киімдері  бар.  Оларды  арнайы  және  қолда  бар  құралдар  деп  жіктейді.  Өз 

кезегінде  арнайы  құралдар  оқшаулаушы  (ауа  өткізбейтін)  және  сүзгіш  (ауа  өткізетіндер) 

болып  бөлінеді.  Оқшаулаушы  арнайы  киімдерді  улы  заттардың  тамшысын  да,  буын  да 

өткізбейтін  материалдардан  жасайды.  Сүзгілі  құралдарды  арнайы  химиялық  заттар 

сіңірілген  мақталы-қағазды  матадан  жасайды.  Олар  жұқа  қабат  болып  матаның  жіптерін 

қаптайды,  ал  олардың  арасындағы  кеңістік  бос  қалады.  Нәтижесінде  материалдың  ауа 

өткізгіштігі  негізінен  сақталып  қалады,  ал  улы  және  зиянды  заттардың  булары 

материалдан өтер кезде ұсталып қалады. Бір жағынан нейтрализация жүрсе, бір жағынан 

сіңірілу (жұтылу) жүреді.  

Теріні  қорғайтын  қарапайым  құралдар.  Тұрмыстық  киімдерден  адамдардың  терісін 

қорғау  үшін  хлорвинилді  пленкалы  матамен  жабылған  плащтар  да  пайдаға  асады. 

Сонымен  қатар  драптан  тігілген  пальто,  дубленкалар,  былғары  пальтолар  секілді  қысқы 

киімдер де қорғаныштық қызмет атқара алады. Мысалы, драптан тігілген пальтолар басқа 

киімдермен  бірігіп,  сұйық  тамшылы  зиянды  заттардан  және  күшті  әсер  ететін  улы 

заттардан  қыста  1  сағатқа  дейін,  жазда  –  20  минутқа  дейін,  ал  дубленка  мен  былғары 


пальто 2 сағатқа дейін қорғай алады. Сондай-ақ спорттық костюмдер, былғарыдан тігілген 

күртелер мен шалбарлар да қорғауға қабілетті.  

Аяқты  қорғау  үшін  өндірістік  және  тұрмыстық  мақсаттағы  резеңке  етіктер  мен 

галоштар  қолданған  дұрыс.  Резиналы  бұйымдар  3-6  сағатқа  дейін  улы  және  зиянды 

заттардың тамшыларын өткізбей қорғауға қабілетті. Қол терілерін қорғау үшін резиналы 

немесе былғарыдан тігілген перчаткалар киген тиімді.  

 

 

Дәріс №7 



Тақырыбы: Жәндіктер, жануарлар және өсімдіктер уымен уланған кездегі алғашқы 

көмек 


 

1.

 

Уланудың  жіктелуі  және  интоксикация  белгілері.  Улану  –  қандай  да 

болмасын  бір жолмен түскен химиялық заттың ағзаға зиян келтіруі. Егер  у ағзаға ішек-

қарын  жүйесі  арқылы  енсе  –  бұл  перальды  улану;  тыныс  алу  жолдары  арқылы  енсе  – 

ингаляциялық улану; тері асты бұлшықеті ішілік, тамырішілік енсе – инъекциялық улану; 

тері  арқылы  енсе  –  перкутанды  улану  т.б.  деп  аталады.  Улану  кездейсоқ  (тұрмыстық, 

азық-түліктік,  медициналық,кәсіптік),  әдейі  қасақана  (өзіне-өзі  у  салу)  және  улы 

жануарлар шағуынан болады.  

Тұрмыстық улану күнделікті өмірде жиі кездеседі (жанған газбен улану, т.б.). Азық-

түліктен  улану  тұрып  қалған  тағам  түрлерін,  балықты,  етті,  улы  саңырауқұлақтарды, 

бұзылған  консервілерді  пайдаланғанда  болуы  мүмкін.  Медициналық  улану  –  дәрілік 

заттардың әсерінен, дәрілік заттарды шамадан тыс көп пайдаланғанда, сырқаттың дәрілік 

заттарға  аса  сезімтал  бола  тұра  өздігінен  ем  алған  кездерінде  орын  алады.  Кәсіптік 

уланулар  ағзаға  әртүрлі  шикізаттың,  өндірістегі  аралық  және  соңғы  өнімдер  мен 

қалдықтардың  әсер  етуі,  бекітілген  қауіпсіздік  ережелерінің  бұзылуы  кездерінде  орын 

алады.  

Удың әсері қанға түскенде, одан әрі тыныс алу кезінде күшті болады. Тері астынан енген, 

теріге тиген удың әсері баяу болады. Салмағы аз адамдардың улануы тез әрі күшті жүреді. 

Улану деңгейі сондай-ақ организмнің жағдайына, оның уға сезімталдығына байланысты.  

Улану кезінде алғашқы көмек көрсету принциптері: 

 



Ағзадан уды шығару; 

 



Уды залалсыздандыру; 

 



Организмнің негізгі функцияларын қалыптастыру

 



Симптомдық көмек көрсету. 

Уды  денеден  екі  жолмен  шығаруға  болады:  механикалық  және  химиялық. 

Механикалық  тәсіл  ішек-қарын  жүйесін  0,5л  марганцовканың  әлсіз  ерітіндісімен  шаюға, 

екі  саусақты  ауыз  қуысына  салып  құсық  шақыруға  (тілдің  түбін  басу  арқылы),  ішекті 

клизма  қою  арқылы  тазартуға  негізделген.  Уды  химиялық  залалсыздандыруды  уды 

шығаруда механикалық әдісті қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданады. Адамға 

егер  қышқылмен  уланса  сода  ерітіндісін  ішкізеді,  ал  сілтімен  уланса  асханалық 

қышқылдардың  (сірке,  лимон)  ерітінділерін,  кейде  қышқыл  сүтті  де  ішкізуге  болады. 

Перальды  улану  кезінде  белсендендірілген  көмір,  ақ  саз  полифитат  секілді  сорбенттер 

пайдаланылады. Сорбенттер уды байланыстырп, қанға таралуына жол бермейді.  

Перкутанды  улануда  теріні  ағын  сумен  жуады  (егер  күкірт  қышқылымен  уланса 

жумайды, май жағып қояды), уды залалсыздандырып, дереу ауруханаға жеткізеді.  

Ингаляциялық  улану  кезінде  зардап  шегушіні  желді  ауаға  шығарып,  реанимациялық 

көмек көрсетеді, «Жедел жәрдем» шақырады. 



Интоксикация  (улану)  белгілері.  Уланудың  жалпы  және  жергілікті  белгілерін 

жіктеуге  болады.  Уланудың  жергілікті  белгілері  удың  ағзаға  ену  жолдарына  тәуелді 

болып келеді. Перальды улану кезінде ішек-қарын жүйесінің бұзылуы, құсу, жүрек айну, 


іштің қабынуы, іштегі, асқазандағы ауру, шөлдеу байқалады. Ингаляциялық улану кезінде 

ауа жетпеу, қысылу байқалады. Перкутанды улану кезінде ауырту, қызару байқалады.  

Уланудың жалпы белгілері кезінде температураның төмендеуі болады. Бас ауырып, 

бас  айналады,  құсқысы  келіп,  жүрегі  айниды.  Біраз  уақыттан  соң  (әсіресе  улы 

саңырауқұлақтардан  улану  кезінде)  естен  тану,  сандырақтау  басталады.  Сөзі  түсініксіз 

келеді. Адам әлсіреп, тәбеті нашарлайды. Өсімдік уларымен перальды улану кезінде дене 

температурасы қалыпты нормадан төмен болады, жүрек-тамыр жүйесінің және тыныс алу 

жүйесінің қызметі бұзылады.  



2.

 

Улы  жәндіктер  шаққанда    тек  аллергиясы  бар  адамдарға  ғана  қауіпті.  Улы 

жәндіктер шаққандағы белгі тез байқалмайды, теріде әзер байқалатын қызару немесе жара 

болады. Алайда біраз уақыттан соң (15-20 минут) шаққан жерде ісіну, қызару, ауырсыну 

белгілері, сулану байқалып, дене температурасы көтерілуі мүмкін. Бас ауыру да болады.  

Ара мен сонаның шағуынан улану белгілері: 

 

Беттің, кейде бүкіл дененің қатты ісуі; 



 

Қылғыну; 



 

Естен тану; 



 

Құсу. 



Алғашқы көмек: 

 



Дереу жедел жәрдем шақырту; 

 



Ол келгенше үлкен саусақпен қыса отырып, жәндіктер қалдықтарын теріден 

шығару; 


 

Одан соң жараға салқын компресс басу немесе антигистаминдік мазь жағу; 



 

Адамды  шалқасынан  жатқызу,  оның  аяғы  басының  деңгейінен  жоғары 



болғаны жөн (олардың астына жастық, оралған пальто салуға болады); 

 



Тыныс  алуын  жеңілдету  (белбеуін,  байлауларын  ағыту)  және  зардап 

шегушінің бетін аздап жанға қарату (құсқан кезде); 

 

Зардап шегушінің үстін қымтап жабу; 



 

Оған су ішкізбеу, тамақ жегізбеу, темекі тартқызбау; 



 

Есінен танған немесе құсу белгілері байқалған кезде етпетінен жатқызу.  



Жылан  шаққан  кезде  дереу  алғашқы  көмек  көрсетілмесе  немесе  дұрыс  көрсетілмесе  у 

организмге  тез  таралуы  мүмкін.  Улану  белгілері:  шаққан  жер  тез  іседі.  Ісіну  аяқ-қолдан 

бүкіл  денегетаралып  кетуі  мүмкін.  Алғашқы  20-40  минутта  зардап  шегушінің  терісі 

бозарады,  басы  айналады,  жүрегі  айниды,  құсуы  да  мүмкін,  тамыр  соғысы  жиілейді, 

артериальды қысымы төмендеп, кезең-кезеңмен есінен танады.  

Құтырған  жануарлар  тістеген  кездегі    алғашқы  көмек.  Құтыру  ауруына  қарсы 

вакцинаны алғаш 1885 ж.  француз ғалымы Луи Пастер ойлап тапқан. Тәжірибе жүзінде 

жануарларға жасап, кейін адамдарға қолданды. Итке қабылған адамның тістелген жеріне 

йод жағып, таза дәкемен байлайды. Содан кейін ол адамды жедел емханаға жеткізу керек. 



Саңырауқұлақтармен уланған кездегі алғашқы көмек. Улы саңырауқұлақтардың 

түрлері.  Улы  саңырауқұлақтардың  уы  адамның  ішек-қарын  жолында  бұзылмайды  және 

қорытылуы  да  тұрақты.  Улануған  кездегі  жалпы  белгілері.  Мұндай  уланған  кезде 

мүмкіндігінше асқазанды жуып (бірнеше рет 0,5-1 л шамасында жылы су ішкізіп, тіл түбін 

саусақпен  басу  арқылы    құсқызу.)  жәрдем  береді.  Асқазанды  жуғаннан  кейін  30-40 

таблетка активтелген көмір беріп, дереу ауруханаға жеткізу керек. 



Өсімдіктермен  уланған    кездегі  алғашқы  көмек  Улы  өсімдіктердің  түрлерімен 

танысу.  Жалпы  улану  белгілері:  ауыз  кеберсіп,  жұтыну  бұзылады,  жақыннан  көріп,  көз 

бұлдырайды, жарықтан қорқып, жүрек соғуы жиелейді, демігіп бас ауырады. Әдетте тері 

қызарады. Көздің қарашығы үлкейеді. Жүріс бұзылып, жүйке тозуы және елес қосылады. 

Зақымданушының  сөзі  байланыссыз,  ойы  келтеленеді.  Алғашқы  көмек.  Асқазанды 

марганцовканың  әлсіз  ерітіндісімен  жуу,  30-40  таблетка  активтелген  көмір  ішкізіледі. 

Дереу жедел жәрдем шақыру. 

 


 

 

 

 

 

Дәріс №8 

Тақырыбы: Медициналық білім негіздері 

 

1. Төтенше жағдайларға тән аурулар категориялары 



2. Медициналық аптечка 

 

Кез-келген төтенше жағдайлар кезінде қолда медициналық аптечка болғаны абзал. 



Ондай төтенше жағдайлардың бес категориясын бөліп ажыратуға болады: 

1.

 



Жарақаттану.  Бұған  сынулар,  шығып  кетулер,  созылулар,  күйік  шалу,  жырып  алу 

және т.б. жатады.  

2.

 

Климат,  апат  аймағының  географиялық  жағдайларымен  байланысты  туындайтын 



аурулар. Бұл жылу және күн тию, теңіз ауруы, үсік шалу, суынып кету т.б. жатады. 

3.

 



Өсімдік  және  жануар  тектес  улармен  улану,  жылан,  сарышаяндар    шағу,  улы 

саңырауқұлақтармен улану, паразиттік-жұқпалы аурулардың туындауы және т.б. 

4.

 

«Өткір»  ауруларының  кенеттен  пайда  болуы  немесе  созылмалы  аурулардың  күрт 



асқынып кетуі; 

5.

 



Әртүрлі  жүйке-психикалық  бұзылулар.  Олар  адамдар  тап  болған  әртүрлі 

экстремальды жағдайлардапайда болады.  

Осындай  жағдайларды  ескере  отырып,  аптечкаларға  (қобдишаларға)  дәрілік 

препараттардың екі тобы салынады: 

І-  топ  –  жазатайым  жағдай,  жарақаттар  алу  кездерінде  дәрігерге  дейінгі  көмек 

көрсетуге арналған препараттар. 

ІІ  –  топ  –  өткір  және  созылмалы  аурулардың  асқынуы  кездеріндеқолданылатын 

препараттар. 

Сонымен  препараттардың  бірінші  тобы  әмбебап  (универсальды)  қобдишаны 

құраса, екінші тобы жеке қобдишаны құрайды. 

Әмбебап қобдишаны келесі мақсаттарға қолданады: 

1.

 



Ұсақ  жараларды,  күйіктерді  өңдеу  үшін,  Жарақат  орнын  өңдеу  жасау  үшін 

антисептикалық  препараттар  (йод,  зеленка,  спирт,  лейкопластырь,  марганцовка) 

қолданылады. 

2.

 



Іріңді жараларды тазалау мен өңдеу үшін оттегі беретін препараттар (сутегі асқын 

тотығы, марганцовка, фурацилин,  

3.

 

Ауырсынуды  басатын  препараттар:  анальгин,  парацетомол,  цитрамон,  баралгаин, 



т.б.  Бұл  препараттар  үш  бағытта  қолданылады:  ауырсынуды  басу,  қызуды  түсіру, 

қабынуға қарсы. 

4.

 

Уланулар 



кезінде 

белсендірілген 

көмір, 

асқазанды 



шаюға 

арналған 

марганцовканың ашық-қызыл ерітіндісі. 

5.

 



Орталық жүйке жүйесін қоздыратын препарат – мүсәтір (нашатыр) спирті. 

Жеке аптечка ішінде болады: 

1.

 

Жүрек  препараттары:  валидол,  Морозов  тамшылары,  валериана,валокордин  және 



т.б. 

2.

 



Қысымды төмендететін препараттар: дибазол, адельфан, папаверин және т.б. 

3.

 



Ішкі  мүшелердің  бұлшықеттері  түйілген  кезде  қолданылатын  нош-па,  эуфилин, 

халлагол және т.б, 

4.

 

Гастрит  және  жаралық  аурулар  кезінде  қолданылатын  препараттар:  алмагель, 



белалгин, викалин, беластезинжәне т.б. 

5.

 

Жеңіл  тұмау  немесе  мұрын  бітелу  (насморк)  кездерінде  қолданылатын    назол, 



нафтизин, галозолин, санарин және т.б. 

6.

 



Жөтел кездерінде қолданылатын бронхолитин, бромгексин, пектусин және т.б.  

2.  Жеке  қорғаныстың  медициналық  құралдарына  жеке  аптечка  (АИ-2),  жеке 

химиялық пакет (ИПП-8, ИПП-9, ИПП-10) және жеке таңғыш пакет.  

Жеке  аптечка  (АИ-2)  ішіндегі  дәрі-дәрмектер  улы  заттарға,  бактерияға  қарсы  қолдану 

үшін  адамдарға  таратылып  беріледі.  Пластмассалық  қорапшада  медициналық  құралдар 

жиынтығы  болады.  Қорапшаның  өлшемі  90х100х20  мм,  салмағы  –  130  г.  Қалтада  алып 

жүруге ыңғайлы. Медициналық препараттар ұяшықтарға орналастырылған. 

№1 ұяшықта шприц тюбикте ауруға қарсы құралдар (прмедол) болады. Оны сүйек 

сынғанда,  үлкен  жарақаттарда  және  күйік  кездерінде  сан  немесе  қолдың  жұмсақ 

ұлпаларына инъекция жолымен енгізуүшін қолданылады.  

№2  ұяшықта  фосфорорганикалық  улы  заттармен  уланудың  алдын  алатын 

препараттар – антидоттар (тарен) болады. Әрқайсысы 0,3 г болатын алты таблетка қызыл 

дөңгелек пеналда болады. Улану қаупі кезінде антидот ішіп, артына газқағар киеді. Улану 

белгілері  күшейген  кезде  тағы  бір  таблетка  қабылдауға  болады.  Келесі  қабылдау  5-6 

сағаттан кейін ғана болуы тиіс. 

№3  ұяшықта  №2-ші  бактериалды  құралдарға  қарсы  таблеткалар  болады 

(сульфадиметоксин).  0,2  г  болатын  15  таблетка  үлкен  дөңгелек  пеналда  болады. 

Радиациялық зақымдаудан соң ішек-қарын жүйесі бұзылған кезде қабылдайды. Алғашқы 

тәулікте  7    таблеткасын  бірден,  екінші  және  үшінші  тәуліктерде  4  таблеткадан 

қабылдайды.  

№4  ұяшықта  №1-ші  радиоқорғаныштық  құралдар  –  цистамин  болады.  0,2  г 

болатын  оның  12  таблеткасы  ек  қызғылт  түсті  сегіз  бұрышты  пеналда  сақталады. 

Таблеткаларды  радиоактивті  ластанудан  шамамен  30-60  минут  бұрын  бірден  алтауын 

қабылдайды. Екінші қайтара қабылдау 4-5 сағаттан кейін ғана рұқсат етіледі.  

№5 ұяшықта №1-ші бактериальды зақымдануға қарсы әсері күшті құралдар болады 

(хлортетрациклин гидрохлориді). Оның 10 таблеткасы төртқырлы екі пеналда орналасады. 

Бактериальды құралдармен ластану қаупі туындаған кезде, жарақаттар мен күйік шалған 

кездерде бірінші пеналдағы 5 таблетканы бірден, артынан 6 сағаттан соң екінші пеналдағы 

5 таблетканы да бірден қабылдайды.  

№6 ұяшықта №2-ші радиоқорғаныштық құралдар болады (йодты калий). Оның 10 

таблеткасы  ақ  түсті  төрт  қырлы  пеналда  орналасады.  Радиациялық  апаттан  соң  1 

таблеткадан  күн  сайын  10  күн  бойы  қабылдау  керек.  Ол  қалқанша  безде  радиоактивті 

йодтың жинақталуының алдын алады. 

№7    ұяшықта  құстыруға  қарсы  құралдар  (  этаперазин)  болады.  Салмағы  0,004  г 

болатын оның 5 таблеткасын көкшіл дөңгелек пеналда орналасады. Басқа соққы тигенде, 

ми  қозғалғанда,  сәуленің  алғашқы  әсерін  алғанда  құстырмау  үшін  қолданылады.  Жүрек 

айну кезінде бір таблеткадан 3-4 сағат сайын қабылдау қажет.  

 

Дәріс №9 

Тақырыбы: Өмір және өлім белгілері. Реанимация  әдістері. 

 

1.Кома,  коллапс,  талма  кезіндегі  алғашқы  көмек.    Талып  қалу  (талықсу)  –  адам 



миының   қансыздануынан естен кенеттен уақытша айырылуы. Бұны көбінесе психикалық 

жарақат  деп  аталады.  Бұл  қанның  аздығынан,  ыстық  жерде  көп  отырудан,  ашығудан 

болады. Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатты басын денесінен төменірек етіп 

жатқызған жөн. Бұл бас миына қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар 

киімдерін  шешу  қажет.  Тыныс  алуды  қоздыру  үшін  сырқатқа  мүсәтір  спиртін  иіскетеді, 

оның  бетіне  суық  су  себелейді.  Әдетте  осы  құралдар  сырқатты  талықсу  күйінен  шығару 

үшін пайдаланылады. Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың 

соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофейн кордиамин енгізеді.          



Коллапс – құлаған бұл талықсуға қарағанда ауыр болып келеді. Ол өмір үшін қауіпті, 

қан  қысымының  өмірлік  маңызды  органдарындағы  қан  айналымының  нашарлауынан 

болады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті бозарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс 

уланған  және  ауырған  (сүзек,  өкпе  ауруы,  қауіпті  панкриотит  және  тағамнан  шыққан 

аурулар)  кезде  пайда  болады.  Дене  қызуы  34-35  градус  шамасында  болғанда 

артериалдывқ  қысымы  сынап  бағансымен  50-80  мм  байқалады.  Егер  де  тез  арада  шара 

қолданбаса  адам  қаза  болады.  Коллапс  кезіндегі  алғашқы  көмек.  Талықсыған  кезде  қан 

айналымын  жақсартатын,  әсіресе  қанның  басқа  келуі  үшін  шаралар  қолданылады. 

Сондықтан  сырқатты  басын  сәл  түсіріп,  етпетінен  жатқызады.  Белбеуін  босатып, 

көйлектің  жағасының  түймесі  ағытылып,  таза  ауа  ағынымен  қамтамасыз  етеді,  мүсәтір 

спиртін  қолданады.  Тамыр  соғысын  арттыру  үшін  теріге  1%  -  1мл  мезатон,  25%  –  2  мл 

кордиамин,  5%  –  1  мл  эфидрин,  0,1-1  мл  адреналин,  10%  –  1  мл  кофеин  енгізеді. 

Тамырлары  қатты  тарылған  сырқаттардан  шұғыл  көмек  көрсеткеннен  кейін  кешіктірмей 

ауруханаға апарады.  

2.Естен тану (шок) ұғымы. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек.  Естен тану  

-  орталық  жүйке  жүйесінің  қызметінің  күрт  нашарлауының  нәтижесінде    дамып,  қан 

айналым, зат алмасу және басқа  тіршілік үшін маңызды қызметінің бұзылуына әкелетін 

ауыр  жағдай.  Әсіресе    сүйек  зақымданғандағы  жұмсақ  ұлпалардың      көптеп  

жаншылуынан,  күюден,  қан  көп  кеткендегі  дененің  суынуынан,  қорыққаннан  болады. 

Жарақатты  естен  танудың  екі  кезеңнен  болады.  1.  Бастапқы  кезең.  Өте  қысқа  мерзімде 

өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айқайлайды. Бұл жағдайда 

сырқаттың  бет  әлпеті  өзгереді,  ерін  көгереді,  тамыр  соғысы  жиілейді.  Бұл  кезең  жедел 

екінші кезеңге өтеді. 2.  Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреуі басталады

көмек  сұрайды,  есі  толық  болса  да  ол  төңірегіндегілерге  селқос,  оның  денесі  суық,  беті 

ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді. Есінен 

айырылған  адамдар  алғашқы  дәрігерлік  көмекті  қажет  етеді.  Зардап  шегушініауыратын 

жерлері  бөгде  затқа  тимейтіндей  етіп  жатқызады.  Оларға  мүмкіндік  болса,ауыртпайтын 

дәрі-дәрмектер:  промедол,  морфин,  аналгин  5%–  2  мл  ерітінді,  олар  болмаған  жағдайда 

0,5  г  аналгин,  0,1  г  кофеин,  кордиамин  егеді,  үстіне  жылы  киім  жабады.  Егер  зардап 

шегушінің  ішінде  жарақат  жоқ  болса,  оған  ыстық  шай  ішкізеді.  Апаратын  жерге  аса 

сақтықпен, басқа жерлерін  ауыртып алмай, ыңғайлы көлікпен жеткізеді.   

3.Биологиялық  және  клиникалық  өлім  түсінігі.  Реанимация  –  өмірлік  маңызды 

органдардың,  соның  ішінде  жүрек  пен  өкпенің  жұмысын  қолдан  қалпына  келтіру  және 

ұстап тұру. Негізінен адамда екі түрлі өлім болады: биологиялық және клиникалық.  

Биологиялық өлім бірнеше белгілермен сипатталады:   

 



Көз қарашығының кебуі; 

 



Көз  жанарында  үшбұрышты  формада  сары-қошқыл  дақтар  пайда 

болады.мұндай дақтарды Лариес дақтары деп атайды.Олар жүрек тоқтағаннан 

кейін 15-20 минуттан кейін пайда болады.  

 



Мысық  көз  белгісінің  пайдаболуы,  жүрек  тоқтағаннан  соң  30-40  минуттан 

кейін пайда болады. 

 

Жүрек  тоқтағаннан  кейін  1,5-2  сағаттан  соң  қан  айналымның  тоқтауынан 



дененің  төмен  орналасқан  бөліктерінде  қанның  жиналып  қалу  есебінен 

мәйіттік дақтар (қара-көк түсті) пайда болады. 

 

2-4 сағаттан соң қаңқа бұлшық еттерінің тығыздалуы мен қысқаруы жүреді. 



 

Шірігендей иіс пайда болады. 



Адам  өмірі  мен  өлімнің  шекарасы  термикалық  күй  деп  аталады.    Оның  өзі  үш 

сатыдан тұрады: агония алды, агония және клиникалық өлім. Агония алды күй бозарумен, 

тыныс  алудың  жиілігімен  сипатталады.  Тамыр  соғысы  әлсіз,  жиі,  артериялық  қысымы 

түсіпкетеді,кейде  мүлдем  жоғалады.  Агония  –  есінен  танады,  пульсіәлсіз,  қысым 

анықталмайды,  тыныс  алуы  жиі.  Адам  ауаны  жұтады,  бірақ  оны  шығара  алмайды. 

Клиникалық өлім жүрек тоқтағаннан соң бірден басталады. Ондай жағдайда қан айналым 



мен тыныс алуды жасанды түрде тез қалпына келтіру қажет. Клиникалық өлімнің бірнеше 

белгілері бар: 

 

Есінен танады; 



 

Ұйқыжәне сан артерияларында пульстің болмауы; 



 

Тыныс алудың жоғалуы, 



 

Қарашықтың үлкеюі және жарыққа тітіркенуінің жоқтығы; 



 

Тері түсібозарады; 



 

Қан айналым тоқтайды. 



Клиникалық өлімнің ұзақтығы 4-6 минут, төменгі температурада 30-40 минут.   



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал