Өмір қауіпсіздігі негіздері



жүктеу 0.72 Mb.

бет3/8
Дата30.04.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Су  басуы  –  өзен,  көл немесе  теңіз  суының  деңгейінің  көтеріліп,  жердің  белгілі  бір 

бөлігініңсу  астында  қалуы.  Ол  елді  мекендердің  су  астына  қалуына,  адам  мен  малдың 

өлім-жітіміне алып келеді. Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, 

қардың,  мұздықтардың  үздіксіз  еруі  жатады.  Сырғымалар,  бөгеттерден,  тоғандардың 

кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті болады.  

Табиғи  өрттер.  Қазақстан  Республикасында  табиғи  өрттердің  негізгі  түрлері 

ландшафтты өрттер – орман, орманды дала және дала өрттері болып бөлінеді. Ормандағы 

өртті  сөндірудің  негізгі  жолы  суды  пайдалану,  ал  ол  мүмкін  болмаған  жағдайда  өртті 

қолда  бар  құралдармен  сөндіруге  күш  салады.  Мысалы,  отты  топырақпен  көму,  оттың 

шоғын бұтамен жанып кеткен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, киізді пайдалану т.с.с. 

Ормандағы  өрттердің  80  пайызы  халықтың  еңбек  немесе  демалыс  орындарында  өрт 

қауіпсіздігі  шараларын  бұзуынан,  сондай-ақ  орманда  ақаулы  техниканы  пайдалану 

нәтижесінде болады. Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. 

    

 

Дәріс №3 



Тақырыбы: Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар және онда 

көмек көрсетуді ұйымдастыру 



 

1.

 



Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар 

2.

 



Өте улы заттартаралатын апаттардыңтүрлері 

3.

 



Әсері күшті улы заттар 

 

1.  Техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  деп  адамдардың  өз  қолдарымен 

жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады. Оның түрлері: 

 



Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда, т.с.с.) 

 



Көлік жүйесіндегі апаттар. 

 



Түрлі  жарылыстар  мен  өрттер  (өндіріс  орындарында,  мұнай,  газ 

құбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с.) 

Себептері:  Ғылыми-техникалық  прогрестің  тез  дамуынан,  өндіріс,  құрылыс,  тау-

кен  байлығын  өндіру,  жаңа  химиялық  заттарды  өндіріске  енгізу  сияқты  іс-әрекеттер 

жүргізіліп  жатыр.  Мұндай  қарқынды  даму  экономикаға  әсер  еткенімен,  экологиялық 

апатқаәкеліп соғу қаупі де туындап отырады. А Апаттың  тағы  бір  себептері  –  улы,  тез 

тұтанғыш,  жарылғыш  заттарды  сақтау,  тасымалдау  ережелердің  сақталу-сақталмауы, 

оларменжұмыс істеудегі қателіктергежол берілуі жатады.  

Апаттың тағы бір өте қауіптілігі – күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай 

өрттен  шыққан  қалың  түтіндегі  улы  заттар  ауаға  көтеріледі  де  жерге  жайылып  қонады. 

Әсіресе полиэтилен, полистирол сияқты материалдардың жануы адам, жан-жануар, құстар 

және т.б. өміріне өте қауіпті.  



2.  Химиялық  объектілерде  болған  апаттар  аса  қатерлі  апаттардың    қатарына 

жатады.  Себебі  ондай  апаттар  адамдарды,  жан-жануарлард,  өсімдік  әлемін  жаппай 

жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.  

Улы затпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар: 

 

Аз уақыт ішінде жаппай улауға болады



 

Ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады; 



 

Аэрозоль, бу түріндеқорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді; 



 

Әртүрлі жағдайда, әртүрлі орындардаұзақ сақталуы мүмкін. 



Улы заттармен зақымданудың жолдары: 

 



Уланған ауамен демалғанда; 

 



Улы тамшылардың теріге не көзге тиюі; 

 



Уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда. 

Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак. Хлор ауадан 

екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады. Оның қайнау температурасы -

34,6С, яғни хлор қыс мезгілінде де газ түрінде қала береді. Суда жақсы ериді, Өндірістің 

түрлі  салаларында  кеңінен  қолданылады.  Ауыз  сулар  мен  ағын  суларды  тазарту, 

зиянсыздандыруға  қолданылады.  Адамдардың  тыныс  алу  жолдарын  зақымдайды  және 

өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі. Алғашқы көмек: 

противогаз  кигізу  керек,  ол  аймақтан  адамды  тез  арада  таза  ауаға  шығарып, 

оттегімендемалдырған  жөн.  Тыныс  алу  жолдары  зақымданғанда  нашатыр  спиртін 

иіскеткен дұрыс. Көзін, мұрнын, аузын 2 пайыздық сода ерітіндісімен жуған дұрыс.  

Аммиак – нашатыр тәрізді өткір иісі бар түссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың 

ауамен араласқан түрі (1:3 мөлшерде) қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс алу 

мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары концентрациясы адамның нерв 

жүйесіне қатты әсер етеді. Аммиактың ауаға таралғандығы туралы хабар болғанда өзіңіз 

тұратын  үйіңіздің  не  жұмыс  бөлмеңіздің  есік-терезесін,  саңылауларды  ылғал  матамен, 

мақтамен  тығыздап  жабу  керек,  газ,  электр  жүйелерін  тез  ажырату  қажет.  Өндірісте 

арнайы  противогаздарды  пайдаланады,  мақтадан  жасалған  ауыз  жапқыш  100  минутқа 

дейін  көптеген  улы  заттардан  өміріңізді  сақтайды.  Егер  болмаған  жағдайда  дәкені, 

мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден 

тез  алып  шығып,  оған  сірке  қышқылының  ерітіндісін  немесе  судың  жылы  буын  иіскету 

керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді немесе сабынды сумен 

жақсылап жуады.   



3.  Әсері  күшті  улы  заттар  (ӘКУЗ)  –  шаруашылық  мақсатта  қолданылатын  зат, 

оларды қалай болса солай сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі 

мүмкін.  ӘКУЗ  –  жабық  ыдыста  қысыммен  сақталады,  ыдыс  қирағаннан  кейін  қысым 

атмосфера қысымына дейін төмендейді. ӘКУЗ қайнайды және атмосфераға газ немесе бу 

түрінде  бөлінеді.  Олар  үлкен  қашықтыққа  таралады.  Сондықтан  химиялық  қауіпті 

объектіге жақын тұратын халық онда қандай ӘКУЗ-дың пайдаланатындығын білуге тиіс. 

ӘКУЗ төгілге кезде көрсетілетін немесе істелінетін іс-әрекеттер: 

Хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу қажет: а) егер 

сіз  төменгі  қабаттағы  пәтерде  болсаңыз  жоғарғы  қабатқа  көтеріліңіз;  б)  егер  сіз  көшеде 

(далада) болсаңыз, биіктеу жерге шығыңыз. 

Аммиак  төгілген  кезде  (ол  ауадан  жеңіл)  тез  буланып  жоғары  көтеріледі,  яғни 

төмен  жерлерді  таңдау  қажет  (жертөле).  Химиялық  зақымдау  туралы  дабылды  естіген 

бойда жеке қорғаныс құралдарын тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты жабыңыз; 

-

 



Есік пен терезені жақсылап қымтаңыз;  

-

 



Ондағы  саңылауды  шүберекпен,  жапсырғышпен,  пленкамен  немесе  ылғал 

қағазбен жабыңыз.  

Егер  дабыл  сіз  көшеде  келе  жатқан  кезде  берілсе,  ықтимал  зақымдану  аумағынан 

шығып,  желге  қарай  жүріңіз.  Тыныс  органдарын  қорғау  үшін  тыныс  органдары 

аммиактан,  метилхлоридтен,  винилхлоридтен  және  басқа  улы  заттардан  30-100  минут 

бойы  қорғайтын  противогаздар  кию  керек.  Егер  противогаздар  жоқ  болса,  тыныс 

органдарын  қорғау  үшін  ауыз  суының  2%  (хлор  төгілген  кезде)  және  лимон  немесе  бор 

қышқылыныңы  5%  (аммиак  төгілген  кезде)  ерітіндісімен  шайылған  кез  келген  матаны 

пайдаланыңыз.  

 

Дәріс №4 



Тақырыбы: Ядролық қарудың жарылыс ошақтары 

 

Ядролық қару  - өзінің талқандау күші  бойынша ең күшті  қару түрінің бірі,  жаппай 

қыру  қаруларының  қатарына  кіреді.  Оның  құрамына  әртүрлі  ядролық  қару-жарақтар 

(ракеталар мен торпедалардың бөліктері, авиациялық бомбалар, артиллериялық снарядтар 

және  ядролық  қуатты  құрылғылармен  жасақталған  миналар),  басқару  құралдар  мен 

оларды  нақты  мақсат  етілген  жерге  жеткізетін  құралдар  (тасымалдаушылар)  кіреді. 

Сипатына қарай жарылыстар әуе, су үсті, жер үсті, су асты және жер асты болуы мүмкін. 

Ядролық  жарылыс  қас-қағым  сәтте  адамдарды,  ашық  тұрған  техникаларды,  құрылғылар 

мен әртүрлі материалды құралдарды талқандап, істен  шығарады. Жарылыс болған  жерді 

центр,  ал  оның  жер  (су)  бетіндегі  проекциясын  –  эпицентр  деп  атайды.  Ауада  болатын 

жарылыстар жер бетіне жанаспайтын бұлт қабатын түзеді. Қару-жарақтың қуатына қарай 

ол  бірнеше  жүздеген  метрден  бірнеше  километрге  дейінгі  биіктікте  болуы  мүмкін.  Жер 

немесе  су  үсті  жарылыстары  жер  (су)  беткі  бөлігінде,  оның  бұлттары  жер  (су)  бетіне 

жанасатындай  биіктікте  болады.    Зақымдаушы  радиусы  ауа  жарылыстарына  қарағанда 

шамамен  20  пайызға  кем  болады.  Жер  (су)  үсті  жарылыстарының  негізгі  ерекшелігі 

жарылыс  болған  жергілікті  жерді  радиоактивті  заттармен  қатты  зақымдайды.  Жер  (су) 

асты  жарылыстары  деп  жер  (су)  астында  болған  жарылыстарды  атайды.  Жер  асты 

жарылыстарының  негізгі  талқандаушы  факторы  топырақ  қабаттарынданемесе  суда 

таралатын  –  қысым  толқындары.  Ядролық  қарудың  негізгі  талқандаушы  факторлары: 

соққы  толқын,  жарықты  сәуле  бөлу,  өткіш  радиация,  төңіректің  радиактивті 

элементтермен ластануы, электро-магниттік импульс. 

Соққы  толқын  ауаның  бірден  қысылысынан  пайда  болады  және  дыбыс 

жылдамдығынан  жоғары  жылдамдықпен  тарайды.  Соққы  толқынының  пайда  болуы  көзі 

жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Адамдар соққы толқынынан 

тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынп, сақтанады. Соққы 

толқын  өзінің  жойқын  күшіне  байланысты  жолындағының  бәрін  қиратын  талқандайды. 

Оның күші эпицентрден қашықтаған сайын әлсірей береді.  

Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның 

құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Бұлардың ішіндегі 

қауіптісі инфрақызыл сәулелер. Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер 

етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.  

Өткір радиация – гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың 

нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге 

түсіп,  айналаны,  суды,  ауаны  радиоактивті  заттармен  ластайды.  Радиоактивті  заттар 

адамдарға  екі  жолмен  әсер  етеді:  гамма-сәуленің  бетта  бөлшектермен  бөлініп  адамның 

ашық жеріне терісіне қонады, екіншіден олар адамның ішіне өтіп кетеді. Осыдан адамдар 

әртүрлі  сәуле  ауруына  шалдығады.  Егер  теріге  радиоактивті  заттар  көп  қонса,  адамдар 

радиоактивті  күйік  алуы  мүмкін.  Ішке  түскен  радиоактивті  заттар  қан  арқылы  адам 

бойына толық тарайды. Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды. 

Электрлік  магниттік  импульс  жарылыстан  кейін  және  магниттік  алаңның  пайда 

болуына  әсер  етеді.  Мұндай  алаңның  көлемі  бірнеше  мыңдаған  шаршы  шақырым  аумақ 

болуы  мүмкін,  ол  жарылыстың  қуатына  тікелей  байланысты.    Электрлік  магниттік 

импульс  үлкен  антенналы  өте  сезімтал  электрондық  элементтерді  күйдіріп  жібереді, 

приборларды,  конденсаторларды,  вакуумды  қондырғыларды  және  т.с.с.  істен  шығарады. 

Бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттары, электронды есеп машиналары жарамсыз 

болып қалады.  



Химиялық  зақымдану  ошағы  және  химиялық  улы  заттардың  ағзаға  әсері. 

Химиялық  қару  –  жалпылай  улау  заттарын  қолданатын  әскери  қару.  Улау  заттары 

адамдарды,  жан-жануарларды,  өсімдіктерді,  егіндерді,  су  қоймаларды  қатты 

зақымдайды.Улау  заттарын  адамға  әсері  бойынша  6  топқа  бөледі.    1.  нервтік  –  салдық 

әсері (зарин, зоман) 


 

 

 

 

 

 

2. тері жарасы әсері (иприт, люизит) 

 

 

 



 

 

 



3. тұншықтыру әсері (фосген, фифосген) 

 

 



 

 

 



 

4. тітіркендіру әсері (хлорпикрин,  

 

 

 



 

 

 



    хлорацетофен) 

 

 



 

 

 



 

5. жалпы улау әсері (синильдік  қышқыл) 

   

 

 



 

 

6. психикаға  әсері (ВZ)  



Бактериологиялық  қару  (биологиялық)  –  бұл  арнайы  биологиялық  құралдармен 

жабдықталған  қару  түрі.  Бұл  қару  түрі  тіршілік  иелерін,  ауыл  шаруашылық  жануарлары 

мен  ауыл  шаруашылық  дақылдарының  егістерін  жаппай  зақымдауға  арналған.  Оның 

талқандаушы  күші  адамдардың,  жануарлардың  және  ауыл  шаруашылық  дақылдарының 

ауру қоздырғыштары – ауру тудырғыш микробтарды пайдалануға негізделген.  

Ауру  тудырғыш  микробтар  –  бұл  әртүрлі  жұқпалы  аурулар  туғызатын  ұсақ  тірі 

ағзалардың  үлкен  тобы.  Ауру  тудырғыш  микробтар  биологиялық  ерекшеліктеріне  қарай 

бактерияларға, вирустарға, риккетсияларға және саңырауқұлақтарға жіктеледі.  

Бактериальды  құралдар  оба,  холера,  сібір  жарасы,  туляремия,  бруцеллез  және  т.б. 

әртүрлі  қауіпті  ауруларды  тудырады.  Бактериялар  –  бұлар  өсімдік  текті  бір  клеткалы 

микроағзалар,  олар  жоғары  температура,  күн  сәулесіне,  дезинфекциялаушы  заттардың 

әсеріне барынша тұрақты келеді. Бактериялар класына адамдағы бірқатар аса қауіпті ауру 

қоздырғыштар  жатады  (оба,  холера,  сібір  жарасы).  Вирустар  –  тек  тірі  клеткаларда  ғана 

тіршілік  етуге  және  көбеюге  қабілетті  микроағзалар  тобы  (клеткаішілік  паразиттер). 

Оларға  ультракүлгін  сәулелер,  60  градустан  жоғары  температура  ғана  әсер  етеді. 

Риккетсиялар  –  бактериялар  мен  вирустар  аралығындағы  микроағзалар  тобы.  Олар 

кептіруге,  мұздатуға  тұрақты,  алайда  жоғары  температураға  және  дезинфекциялаушы 

заттарға  сезімтал  келеді.  Саңырауқұлақтар  –  бұлар  бір  және  көп  клеткалы  өсімдік  текті 

микроағзалар.  Олардың  мұздатуға,  кептіруге,  күн  сәулелерінің  әсеріне  тұрақтылығы 

жоғары келеді. Бластомикоз, гистоплазмоз секілді қатерлі ауруларды туғызады.  

Биологиялық  құралдар  адамдарды,  жануарларды,  өсімдіктерді  зақымдайтын 

жұқпалы  аурулардың  көзі  болып  табылады.  Адам  мен  жануарларға  ортақ  ауруларды 



антропозооноз деп атайды. Эпидемия – бұл үлкен территорияларда қысқа уақыт ішінде 

адамдардың  жаппай  жұқпалы  ауруға  шалдығуы.  Егер  ауру  жануарларға  қатысты  болса, 

бұл құбылыс – эпизоотия, өсімдіктерге – эпифитоция деп аталады. Егер жұқпалы ауру 

түгел материкке таралса – пандемия деп аталады.  

 

 

Дәріс №5 



Тақырыбы: Ұжымдық қорғаныс құралдары 

 

1.

 



Панахана, оның құрылысы 

2.

 



Жылдам тұрғызылатын панаханалар 

 

1. Панаханалар жан-жақты қымталған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола 

алатын арнайы салынған баспана. Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың 

өзінде  ұхақ  уақыт  бола  алады,  олардың  қаіпсіздігі  бірнеше  тәулік  бойы  қамтамасыз 

етіледі. Панахананың кіретін және шығатын жерлері болуы керек. 

 

Панахана  сыйымдылығы  отыруға  және  жатуға  арналған  орындардың  санымен 



анықталады. Шағын панахана дегеніміз – 300 адамға дейін, орташасы – 300-600 адамдық, 

үлкені 600-ден астам адамдық. 

 

Бейбіт уақытта панахана олардыңқорғаныс ерекшеліктерін бұзбай, өндірістік және 



шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін.  

 

Панахана  мына  негізгі  талаптарды  ескере  отырып  тұрғызылуға  тиіс:  адамдарды 



үздіксіз қабылдап, шығарып салуды қамтамасыз ету мүмкіндігі; панахананың су жайылып 

кету қаупі бар жерлерге салынбауы; су беру және қысымдық канализация желісінен алыс 



болуы;  панахана  арқылы  транзиттік-инженерлік  коммуникацияның  өткізілмеуі,  апаттық 

шыға  берістер  құлаған  жағдайда  негізгі  ғимараттағыдай  деңгейде  қорғалған  кірер  және 

шығар жолдардың болуы т.с.с. 

 

Панаханада  негізі  жәнеқосалқы  бөлмелер  жасау  көзделеді.  Негізгі  бөлмелерге 



басқару және санитарлық бөлмелер жатады. Қосымша желдетілген бөлмелер, санитарлық 

тораптар,  қорғалатын  дизель  электростанциялары,  тамбур  шлюздер,  қорғалған  кіретін 

және  шығатын  есіктер.  Панахананың  ішкі  бөлімдері  бір  жасырынушы  үшін  1,5м3  кем 

болмауға  тиіс.  Жасырынуға  арналған  бөлме  бірнеше  бөлікке  бөлінуге  тиіс,  адамдарды 

орналастыру  үшін  бір  және  екі  ярусты  орындықтар  немесе  панаханада  жалпы  орынның 

20, ал үш ярусты орналасқан кезде 30 құрауға тиіс. 

 

Басқару  жүйесіне  арналған  бөлме  қосымша  электр  көзі  бар  бөлмеге  орналасады. 



Жұмыс істейтін алаң нормасы 2м2 болып белгіленген. 

 

Санитарлық  бекет  (медпункт)  сырқаттарды  анықтву  және  оқшаулау  мақсатында 



адамдардың  денсаулығын  тұрақты  бақылайды.  Ғимараттың  санитарлық  ахуалын,  азық-

түлікпен  ауыз  суының  сақталуымен  таратылуына  санитарлық  қадағалау  жасайды.  Ол 

ұжымдық  дәрі-дәрмектер  қобдишасымен  жабдықталады.  Звенода  қорғаныс  ғимаратына 

қызмет  көрсететін  фельдшер  болған  жағдайда  қосымша  фельдшерлік,  дәрігерлік 

қобдишамен жабдықталады. 

 

Есіктердің  саны  панахананың  сыйымдылығына  байланысты,  алайда  екеуден 



аспауға  тиіс.сыйымдылығы  300  адамға  дейінгі  панаханада  біркіретін  есік  ұстауға  рұқсат 

етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде апаттық шығатын есік ретінде қызмет етуі қажет. 

Кіретін  есік  жасырынатындардың  негізгі  тобының  қозғалысын  ескере  отырып, 

панахананың қарсы жағына орнатылады.  

 

Панаханаға өтетін барлық кірер есіктер ол жер арқылы радиоактивтік және улағыш 



заттардың,  биологиялық  құралдар  және  өрт  кезінде  жанатын  өнімдердің  түсуінен 

қорғайтын тамбурлармен жабдықталуға тиіс.  Тамбурдың сыртқы қабырғасына қорғағыш 

қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады.  

 

Барлық  панаханалар  кіре  беріс  пен  сыртқыесіктегі  көрнекті  жерге  орналасқан 



белгілермен  таңбаланады,  ал  панаханаға  қарай  қозғавлыс  бағыты  нұсқағышпен 

көрсетіледі. 

 

Панаханаларда  адамдар  үшін  қажетті  жағдайда  қамтамасыз  ететін  санитарлық 



техникалық  қондырғыларды  (желдеткіш,  жылыту,  сумен  жабдықтау,  канализация), 

сондай-ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады.  

 

Панахана  желдеткіші  әдеттегідей  екі  режим  бойынша  қамтамасыз  етіледі:  таза 



желдеткіш  (1режим)  және  сүзгілік  желдеткіш  (2режим).  Таза  желдеткіш  режимі  кезінде 

панаханаға  берілетін  сыртқы  ауа  радиоактивті  шаңнан,  ал  сүзгілік  желдеткіш  режимі 

кезінде улы заттар мен биологиялық құралдардан тазартылады.  

 

Жаппай  өрт  болатын  зиянды  заттармен  қатты  ластануы  ықтимал  жерлердегі 



панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастырылады (3 режим). 

 

Жылу  орталығынан  панахананы  жылыту  қарастырылады  (ғимараттың  жылыту 



жүйесі).  Панаханада  сумен  жабдықтау  мен  канализация  қалалық  және  объектілік 

жерлерде  жүргізіледі.  Панахана  ауыз  су  қоры  әрбір  адам  үшін  тәулігіне  3  литр  есеппен 

жасалады.  

2.  Жылдам  тұрғызылатын  панаханалар  (ЖТП)  дер  кезінде  салынған 

панаханалардың  жеткілікті  саны  жоқ  жағдайда  соғыс  барысында  немесе  шабуыл  қауіпі 

кезінде  қалалар  мен  өндіріс  объектілерінде  салынады.  Олар  қысқа  мерзімді  темір  бетон 

жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың 

сыйымдылығы – 50-200кісілік болады. 

ЖТП типті салынған панахана жасырынатындарға арналған бөлмелермен, сүзгілік 

желдету  қондырғылары,  санитарлық  тораптар  үшін  арнайы  орындары  бар,  апаттық  су 

қорымен,  кіретін  және  апаттық  шығатын  есіктермен  қамсыздандырылуы  тиіс. 



Сыйымдылығы шағын  панаханада санитарлық тораптар мен қалдықтарға арналған ыдыс 

тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс. 

ЖТП  желдеткіші  екі  режим  бойынша:  таза  желдеткіш  және  сүзгіш  желдеткіш 

режимімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әртүрлі желдеткіштер пайдаланылады. 

Қазіргі  қалаларда  панахана  ретінде  ыңғайластыруға  болатын  сан  алуан  жер  асты 

ғимараттары  бар:  метро,  көлік  немесе  жүргіншілер  өткелдер,  жерасты  көлік  тұрақтары, 

кафе, кинотеатрлар, ғимараттар арасындағы жалғағыш тоннельдер. 

Тау-кен  өнеркәсібі  дамыған  аудандарда  адамадарды  қорғау  үшін  тау  ұңғымалары 

пайдаланылады,  мұндай  жер  асты  тұрақтары  адамдарды  радиоактивті  сәулелену  мен 

ядролық жарылыстан кейін түскен жауын-шашыннан сенімді қорғай алады. 

Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы 

онда  адамдардың  ұзақ  болу  үшін  жеткілікті  шекте  ұсталатын,  ал  ыңғайластырылған 

ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды. Бұл ұңғымаларды жабу үшін 

ағаш  есік  қойылады.  Брезенттен  немесе  тығыз  материалдан  жасалынған  перде  ілінеді, 

сумен  жабдықтаудың,  канализация  мен  жарықтың  қарапайым  жүйелері  жасалынады. 

Санитарлық  тораптар  желдетілетін  ұңғымаларда  орнатылуы  мүмкін.  Ұңғымаларда 

адамдар оытартын және жататын орындықтар мен нарлар орнатылады. 

 

 



Дәріс №6 

Тақырыбы: Жеке қорғаныс құралдары 

 

1.  Газқағарлар, оның жіктелуі, құрылысы. 

2. Респираторлар, мақталы-дәкелі таңғыштар. 

3. Теріні қорғайтын құралдар. 

 

1. Жеке қорғаныс құралдарын  үш түрге бөледі: 

1.

 



тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдар 

2.

 



теріні қорғайтын құралдар. 

3.

 



медициналық құралдар. 

Тыныс  алу  мүшелерін  қорғайтын  құралдар  (газқағарлар)  тек  қана  улы  заттармен 

жұмыс  жасайтын  әскерилерге  ғана  емес,  сондай-ақ  күшті  әсер  ететін  улы  заттарды 

дайындайтын  немесе  қолданатын  өндіріс  орындарында  пайдаланылады.  Құтқарушылар, 

уланған және қатты түтінді ғимараттарда жұмыс жасайтын өрт сөндірушілер газқағарлар 

киіп жұмыс жасайды. Өзінің қорғаушы әрекетіне қарай газқағарлар сүзуші және айырушы 

болып  жіктеледі.  Сүзгілі  газқағарларда  тыныс  алатын  ауа  улы,  күшті  әсер  ететін 

заттардан,  радиоактивті  шаңдардан,  бактериальды  аэрозольдерден  тазартылады. 

Айырушы  газқағарларда  тыныстау  газқағар  ішінде  болатын  оттегінің  қоры  есебінен 

жүзеге асады. Мұндай типті  газқағарлар сүзгілі  газқағарларды қолдану мүмкін болмаған 

кездерде  (ауадағы  оттегі  жеткіліксіз  болғанда,  улы  және  басқа  да  зиянды  заттардың 

концентрациясы белгісіз болған жағдайда) пайдаланылады.  

ГП-7  азаматтық  газқағары  -  соңғы  үлгідегі  модельдердің  бірі.  Нақты  жағдайда  ол 

нервтік-параличтік  әсері  бар  улы  заттардан  (зарин,  зоман,  т.б.),  жалпы  улау  әсері  бар 

заттардан (хлорциан, синиль қышқылы), радиоактивті заттардан (радионуклидтер, йодты 

метил  және  т.б.)  6  сағатқа  дейін  сенімді  қорғайды.  Теріге  әсер  ететін  улы  заттардың 

тамшыларынан (иприт) -40 

0

С   40 



0

С дейінгі температурада 2 сағатқа дейін сақтайды.  

ГП-7В  газқағары ГП-7 газқағарынан ерекшелігі оның беткі бөлігінде су қабылдауға 

арналған  құрылғысы  бар.  Маска  арқылы  резеңке  түтік  өтеді.  Оның  бір  ұшын  аузына 

салып, екінші жағынан суы бар ыдысқа салып, газқағарды шешпестен су ішуге болады.  

ГП-7ВМ  газқағары  ГП-7В  газқағарынан  ерекшеліге  сол,  оның  маскасында  иілген 

әйнектен  тұратын  көзілдірікті  түйіндері  бар.  Оның  көмегімен  оптикалық  құралдармен 

жұмыс істеуге болады.  



Балалар  газқағарлары:  ДП-6М  (жас  жарымнан  жоғары  жастағы  балалар  үшін)  ДП-

6М типті  жеңіл  сүзгілі-жұтқыш қорапшадан және МД-1 төрт размерлі (1,2,3,4) маскадан 

тұрады.  Ересек  балаларға  арналған  ДП-6  газқағары  үлкен  размерлі  сүзгілі-жұтқыш 

қорапшадан, ал беттік бөлігі тек   5-ші размерлі МД-1 маскасынан тұрады. ПДФ-7 – кіші 

және  ересек  жастағы  балаларға  арналған  газқағары  да  ересектерге  арналған    ГП-5 

газқағары  секілді  сүзгілі-жұтқыш  қорапшадан,  ал  беттік  бөлігі  барлық  5  размерлі  МД-1 

маскасынан тұрады. ПДФ-Д газқағары 1,5-7 жасқа дейінгі балаларға арналған.  

ГП-4У  сүзгіш  газқағары  газқағарлық  қорапшадан  және  беттік  бөліктен  тұрады. 

Газқағарды  сөмкеде  алып  жүреді.  Қорапшада  зиянды  ластанған  ауа  тазартылады.    ГП-5 

газқағары  қорапшадан  және  беттік  бөліктен  тұрады.  Комплект  құрамына  көзілдірік 

әйнектерін терлеуден сақтайтын терлетпейтін пленкалы қорапша кіреді.  

ИП-4,  ИП-46  айырушы  газқағарлары  немесе  оттекті  айырушы  газқағарлары  тыныс 

алу органдарын толықтай сыртқы ауадан оқшаулап тастайды. Тыныс алу оттекті баллонан 

келетін  оттек  есебінен  жүзеге  асады.  Мұндай  газқағарлар  улы  заттар  концентрациясы 

жоғары  болғанда,  қоршаған  ортадағы  ауа  мөлшері  жеткіліксіз  болғанда,  көміртек 

оксидінің концентрациясы жоғары кезде және аммиак болған кезде қолданылады.  КИП-5, 

КИП-7, КИП-8 газқағарлары сығылған оттегімен, ал ИП-4, ИП-46 газқағарлары химиялық 

байланысқан оттегімен жұмыс істейді.  




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал