Өлеңім! Жүрек, жаным саған ортақ Доскей ақынның туғанына 150 жыл



жүктеу 68.73 Kb.

Дата23.01.2017
өлшемі68.73 Kb.

«Өлеңім! Жүрек, жаным саған ортақ» 

Доскей ақынның туғанына - 150 жыл 

Халық ақыны, үлкен дарын иесі Дос-

кей Әлімбаев жайлы ең алғаш рет Қағаз-

екең марқұмнан естідім. Бұл — сексенінші 

жылдардың соңы еді. Әңгіме болып отыр-

ған кезеңде Ульянов (қазіргі Бұқар жы-

рау) аудандық газетінде қызмет атқара-

тынмын. Сол кездері зейнеткерлікке шық-

қан Қағазекең (белгілі журналист Қағаз-

бек Сәденов) бүкіл аудандық газеттер ба-

сылатын «Полиграфия» өндірістік бір-

лестігінде аудармашы болып жүрген-ді. 

Жиі хабарласып, жүздесіп тұрамыз. Сон-

дай кездесулердің бірінде ақсақал 

әріптесім. — Ермек шырағым, Ботақараға 

ауысып келгеніңе де бірер жыл болды 

емес пе? Бұл жердің тарихынан не білесің? 

Осы өңірден Доскей Әлімбаев, Ілияс Ман-

кин, Көшен Елеуов деген ірі айтыс ақын-

дары шыққан. Солар жайлы неге жазбай-

сыңдар? Оларды сендер іздемесеңдер, 

кім іздейді, кім жоқтайды? - деген сау-

алдар тастады. 

Шынында да бұл менің зер салмаған, 

сондықтан да білмейтін тақырыбым еді. 

Қатты ұялып қалдым. Аталған ақындар 

жайлы әдебиеттерді қарастыруға, қарттар 

мен ел ішіндегі әңгімеге жетік адамдар-

дан тың деректер сұрастыруға уәде 

бердім Қағазекеңе. 

Уәде — Алланың аты. Соны орындау 

үшін біраз кітаптар парақтауға тура келді. 

Әйткенмен, Доскей ақын туралы тасқа 

түскен дерек мардымсыз екен. Ертеде 

шыққан кітаптардың бәрі тозған, жырты-

лған, жоғалған. 40-50 жыл бұрынғы 

мерзімдік басылымды тек мемлекеттік 

кітапханалардан ғана табуға болады. 

Ақын туралы барынша толығырақ мәлімет 

беретін «Қарағанды. Қарағанды облысы» 

атты энциклопедияның дерегі Қағаз-

екеңнің әңгімесінен де жұпыны екен. 

Сөйтіп жүргенде, 1989 жылдың қыс мау-

сымының соңында сол Ульянов ауданы-

на қарасты «Победа» шаруашылығының 

орталығына жол түсті. Бұл - Доскей ақын 

ғұмырының соңғы жылдары өткен мекен. 

Жыраудың мүрдесі де осы ауылдың жа-

нындағы қорымда. 

Ол кезде аталған елді мекенде орна-

ласқан үш ірі кәсіпорынды да өзге ұлттың 

өкілдері билейтін-ді. Тек селолық 

Кеңестің төрағасы ғана қазақ - Армия Са-

балақов дейтін азамат болатын. 

— Соғыстан кейінгі уақытта селолық 

Кеңестің өңірінде үш колхоз болыпты: Ча-

паев атындағы, «Трудовик», Доскей атын-

дағы. Елуінші жылдардың басында осы 

үшеуі біріктіріліп, ірілендіріліп «Победа» 

атанған екен. Доскей атауының жойылғ-

аны сол кез. Шаруашылықтың орталығы 

Қызылқұдық ауылы мен Доскей атындағы 

колхоздың орнына салынды. Ол кезде 

«Зеленная балка» деген атау  ж о қ еді. Бұл 

осы жерге кейінірек пайда болған есім. 

Тіпті кім шығарып жүргенін де білмеймін. 

Қазақ сөзін қүлағы тосырқайтын үлкен ұлт 

өкілдерінің бірі болар сірә. Ал селолық 

Кеңес Ақжар деп аталады. Қазіргі кезде 

ауылдың Қызылқұдық аты ұмытылуға ай-

налды, анда-санда Доскей атын ауызға 

аламыз. Оның өзінде мына өзектің шы-

ғью жақ қабағындағы ауыл туралы әңгіме 

болғанда ғана. Ал Доскей туралы толы-

ғырақ мәлімет алмақ болсаңыз, осы жер-

де оның туысқан ұрпағы тұрады, соған жо-

лығыңыз, - деді ол ақынға қатысты қой-

ған сауалдарымызға орай айтқан 

әңгімесінде. 

Ауыл ағасы Армия телефон шалып 

ақынның туысы Мәпішкен Әупейісованы 

кеңсесіне шақырды. Үйі таяу маңда бол-

са керек, апай жылдам келді. Ұзақ жыл 

ұстаз болған, ұрпақ тәрбиесімен самайы 

ағарған ана бұл күнде зейнеткерлікке 

шыққан екен. Әйткенмен жүріс-тұрысы 

ширақ, тілі майда болғанымен, шешен, 

әңгімешіл адам көрінеді, бірден шешіліп 

сөйлеп кетті: 

- Шынында да Доскей ақынның ең 

жақынымын - деді Мәпішкен апай, — 

Доскейдің әкесі Әлімбай мен менің ба-

бам Бейсембай бірге туады. Бейсенбай-

дан — менің әкем Әупейіс, Әлімбайдан — 

Доскей, Доскейде бала болмады. Өзі көп 

жыл, мен есімді білген уақыттан бастап 

Қарағандыда тұрды, кейінде, әбден қар-

тайған шағында ғана осы жерге келді. 

1946 жылдың 12 қазанында қайтыс бол-

ды. 


Доскей ақынның Мәпішкен апай айт-

қан өмірбаяны газеттің көзі қарақты оқыр-

мандарына жақсы таныс болуға тиіс. 

Өйткені, кейінгі оншақты жылдың мұғда-

рында үлкен дарын иесінің ғұмырына, 

ақындық ерекшелігіне қатысты еңбектер 

мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып 

келеді. Жыр алыбының (бұл арада 

қателесіп тұрған жоқпыз, Доскей өзінің 

ақындық қуаты, көркем сөзден келісті 

кесте тоқуы жағынан Жамбылдан бір елі 

де кем түспейді) өз шығармалары да 

бірнеше мәрте қайталанып басылды. Де-

генмен, бүгінгі оқырманға азын-аулақ 

мәлімет бере кетейік: Доскей 1850 жыл-

дың 23 шілдесінде (О.Құдышев марқұм-

ның мәліметі бойынша) Сораң деген 

(қазіргі Саран қаласы тұрған жер) өңірде 

дүниеге келіпті. Бес жасында әкесі 

Әлімбай қайтыс болып, екі жылдан кейін 

шешесі Үндеместі Тінәлі елінің болысы 

Айдапкел деген жуан өз молдасына алып 

береді. Жеті жасар Доскей әкесінің не-

мере туысы Барғананың қолында қалып, 

анасы емшектегі баласымен бірге ұзаты-

лып көте барады. 

Әкеден өлі, шешеден тірі айырылған, 

жетімдіктің зардабын тартқан Доскейдің 

қайғысы мен мұңын, арманы мен қиялын 

бөліскен серігі бойына біткен дарыны, ел 

ішіндегі өнерпаздарға әуестенуі болса 

керек. Қалың Қуандықтың ішінде 

әншілігімен аты шыққан Жауғаш деген 

жігітке серік болады. Әліне қарамай қара 

суға да қаймақ бітеді дегендей, 

жетімдіктің тақсіретін тартып жүрсе де 

өзінше серілік құрып, жақсылармен жана-

сады. Сондай бір жиын-тойдың үстінде 

«сандалтып Орта жүзді әнмен қырған» 

Біржан салмен кездесіп, аузы дуалы 

ағаның назарына ілігеді. 

— Доскей атамыз Шорманның Мұса-

сына берілген асқа барып, айтысқа қаты-

сқан екен. Ақан серінің қолын ұстап, үкілі 

Ыбыраймен сөз қағыстырған. Сол жолы 

атышулы Ажар ақынды сүріндіріпті. Ата-

мыздың атағы елге таралуына осы айтыс 

себеп болса керек, - дейді Мәпішкен 

апай. Сегіз қырлы, бір сырлы Доскейдің 

өлеңдері, әндері, айтыстары Арқа 

жұртшылығына кеңінен мәшһүр болғаны 

күмәнсіз. Әйткенмен оның көпшілігі, 

әсіресе Кеңес төңкерісіне дейінгі шығар-

маларының басым бөлігі сақталмаған. 

Оның ғұмырының соңғы ширек ғасырын-

дағы туындылары түгелдей дерлік қағаз 

бетіне түсіп, бізге жетіп отыр. Ол негізінен 

мерзімді баспасөз бетінде жарық көрген 

өлең-жырлары мен 1941 жылы басылған 

«Толғау» атты тұңғыш жинағы. Доскей 

Шашубай, Нартай, Нүрпейіс, Жамбыл, 

Естай, Тайжан, Төлеу, Саяділ, Сапарға-

ли, Қайып, Маясар, Ілияс, Қуат, Кенен, 

Жолдыкей тәрізді жыр сүлейлерімен 

қатар өмір сүрген, олардың талайымен 

айтысқа түскен майталман. Бәйгеге ав-

томашина, теледидар мен кілем тікпейтін, 

доллар шашылмайтын жыр додасына 

түсіп, шынайы өнердің өрісін кеңейткен 

өрелі ақын. Доскей: 

«Ақынның шықты шарлап ашы айғайы, 

Жүректің түкпірінен шерді айдады. 

Сан жылдар ойда жүрген кек алқынып, 

Айтылды халық мұңы қай-қайдағы» — 

деп өзі айтқандай қашан да қалың елінің 

қасынан табылып, халықтың мұңы мен 

мұқтажын, билік басындағыларға арналғ-

ан өтініші мен тілегін өз өлеңдеріне арқау 

етуден танбаған тарлан. 

Өз уақытының перзенті болғандықтан 

және халықты бақытқа жеткізген Кеңес 

өкіметі деп сенгендіктен Доскей де ба-

сқа талант иелері сияқты Қазан 

төңкерісінің жеңісіне, социалистік құры-

лыстың көсемдері Ленин мен Сталинге 

шабытты жыр жолдарын арнады. Соған 

орай өз кезінде сый-құрметтен де кенде 

болмады. «Құрмет белгісі» орденімен ма-

рапатталған тұңғыш қазақстандық болуы, 

1939 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Пре-

зидиумының Жарлығымен «Қаэақ КСР-

ына еңбегі сіңген өнер қайраткері» 

мәртебесін иеленуі сөзіміздің дәлелі. 1940 

жылдың мамырында Доскейдің 90 жасқа 

толуын және шығармашылық еңбегінің 75 

жылдығын бүкіл республика жұртшылығы 

мерекеледі. 

Бұрынғы Киров атындағы (қазіргі 

Сәттар Ерубаев атындағы) көше елуінші 

жылдардың басына дейін Доскей 

есімімен аталғанын көнекөз қарағанды-

лықтар жақсы біледі. Тіпті сол көшенің 

басынан арнайы үй салынып, қарт ақын 

біраз жыл ғұмырын сол құжырада өткізген 

болатын. Бертінірек, ол үй бұзылар кез-

де «Орталық Қазақстан» газеті мәселе 

көтеріп, әуелде Доскей, көйінірек Мақсұт 

Бәйсейітов сияқты дүлдүл ақындарға 

қоныс болған мекенді мұражайға айнал-

дыру қажет деген ұсыныс айтқаны 

көпшіліктің есінде шығар. Әйткенмен 

кезінде ол пікірді еститін құлақ, назарға 

алатын ақыл болған жоқ. 

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ дра-

ма театры, өнердің Қарағандыдағы қара 

шаңырағы да сонау қырқыншы жылдары 

Доскей есімін иеленгенін біреу білер, біреу 

білмес. Баба жыраудың атындағы колхоз-

дың тағдыры туралы жоғарыда айтылды. 

Ғасырға жуық жыр мен ән төккен қарт 

жүрек соғуын тоқтатқан 1946 жылдың 

күзінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесі 

театрға Доскей есімін берумен қатар Ке-

ңес жазушылары одағы мен Қазақ КСР 

Ғылым академиясына ақын шығармалары-

ның толық жинағын шығаруды, Кеңес жа-

зушылар одағы мен Қарағанды облыстық 

атқару комитетіне Доскей қабірінің басы-

на өскерткіш орнатуды міндеттеген бола-

тын. Сондай-ақ жоғарыдағы шешім бой-

ынша қарт жыраудың жесірі Үміт әжеге 5 

мың сом көлемінде бір мезгілдік жәрдем 

көрсетіліп, 300 сом көлемінде айлық зей-

нетақы тағайындаған екен. 

Ал арада 5-6 жыл өтпей жатып, жоға-

рыдағы шешімнің аяқсыз қалуының, тіпті 

аяқсыз қалып емес-ау, халық ақынының 

қадірлі есімін жойып жіберу үшін науқан 

жүргізілуінің себебін қалай түсінеміз. Бір 

кезде Доскеймен деңгейлес Жамбылдың 

атына бұл уақыттары кір жуыған жоқ-ты. 

Тіпті оны айтасыз, Жәкең «XX ғасыр 

Гомері» деген атақты иеленіп, даңқы ұлы 

Абайдың өзіне шаң қаптыратындай еді-

ау. Жамбыл атын иеленген көшесіз қала-

ны, Жамбыл ауданы жоқ облысты, Жам-

был колхозы жоқ ауданды сирек 

кездестіретінсіз. Сонда дейміз-ау, Қазан 

төңкерісінің жеңістерін, оның көсем-

дерінің «көрегендіктерін», «халықтар до-

стығы мен кеңестік патриотизмді» шабыт-

тана жырлаған Доскей есімін сонша 

қуғын-сүргінге ұшырататындай, қартыңды 

қабірінде тиыш жатқызбайтындай ол сон-

ша не жазыпты? Доскей ақынның шығар-

машылығын зер сала қарасақ, жоғары-

дағы сауалдың жауабын табамыз. Отар-

шылдыққа жаны қас екен қартыңның. 

Орыс отаршыларына қарсы жүргізілген 

ұлт-азаттық күрестің көсемі Кенесары мен 

оның батыр інісі Наурызбайдың ерлігін 

жырлапты ол бүкіл ғұмыр бойы. Сондық-

тан да елуінші жылдардың басында «қазақ 

ұлтшылдығы» туралы кезекті шу кө-

терілгеңде «феодализм мен хандық құры-

лымды аңсаған» сұлтандар жайлы дастан-

ның авторы «сырттай жер аударылыпты». 

Оның есесіне киіз туырлықты қазақты аузы 

түкті кәпірге құл етпеймін деп түн ұйқы-

сын төрт бөлген Кенесары мен Наурызбай-

ды жат жұрттықтарға байлап берген Сы-

патай сияқты батырсымақ сатқынды жы-

рға қосқан Жәкем «Ғасыр Гомері» атан-

ды. Әбден сыннан. өткен, бөлшекте де 

билей бер саясатының жемісі бұл. 

— Доскейдің соңында қалған үш 

белгісі бар еді, — дейді Мәпішкен апай. — 

Фотоальбом, домбыра және портреті. 

Альбомды Қазақстан Ғылым Академи-

ясының Қаскенбай Жұмағұлов деген 

қызметкері сұрап алып, академияның 

қорына өткізіпті. Кейінірек Мәпішкен апай 

іздеп барып көрген екен, альбомның 

ішінде Доскейдің Жамбылмен, Күләшпен 

және Әбділдә Тәжібаевпен бірге түскен 

суреттері жоқ болып шығады. 

Доскейдің шанағы сопақша, әдемі 

домбырасының тағдыры да бұлыңғыр. 

— Оны педагогика институтының 

оқытушысы, ұмытпасам аты — Күләш, 

фамилиясы - Қүдабаева деген адам мұра-

жайға тапсырамын деп әкетіп еді. Мұра-

жай бұрынғы орнында тұрғанда Дос-

кейдің домбырасы бар болатын. Жаңа 

орынға көшкеннен кейін іздеп барып 

едім,  ж о қ екен. Мұражай қызмет-

керлерінің № 1645 мұрағат деп көр-

сеткендері кәдімгі фабрикада жасалған 

домбыра. Қазір қолымда бары  Д о с -

кейдің портреті ғана. Биіктігі 1,5, ені 1 

метрлік бұл суретті Қамаш Шамов марқұм 

жазып еді. Қос Ғабеңнің көзі тірісінде 

апарып көрсетіп, мемлекеттік мұражайға 

өткізем бе деп едім, реті келмеді. Қазір 

ешкімге бергім келмейді, үйде, көз ал-

дымда тұрсын. Кейін соңымда қалған 

балалар не істейтінін өздері біледі, - де-

ген еді ақынның мұрагері. 

Қарт ана Алматыға қайта-қайта барғ-

ыштай жүріп Доскейдің «Кенші жыры» 

атты өлеңдер жинағын шығартуға себепші 

болыпты. Бұл жөнінде ғалым Серік 

Негімов пен кезінде жыраудың әдеби хат-

шысы болған ақын Бүркіт Ысқақов көп 

көмек жасағанын ілтипатпен еске алып 

отырды. 


Сол жолы, 1989 жылдың ақпанындағы 

жолсапар кезінде бүкіл Ақжар селолық 

Кеңесінде Доскей есімін қастерлеп, 

ұмытпай отырған жалғыз осы Мәпішкен 

апай ғана екен деген ойдың болғаны рас. 

Дегенмен, содан бастап ақынның 140 

жылдық мерейтойын өткізуге қызу дай-

ындық жасалды. Аудандық газеттің ре-

дакциясы мен мәдениет бөлімі тарапы-

нан болған ұсынысқа Ульянов ауданының 

сол кездегі бірінші басшысы В.Елизаров 

қолдау көрсетті. Дереу арнаулы комис-

сия құрылып, селолық Кеңес өңіріндегі 

кәсіпорындар мен шаруашылықтың 

күшімен 1990 жылдың қазан айында 

дүбірлі мерейтой өткізілді. Оған облыс-

тық «Орталық Қазақстан» газетінің бас 

редакторы Н.Оразбеков, Ульянов аудан-

д ы қ мәдениет бөлімінің меңгерушісі 

С.Шибаева, аудандық Кеңестің жауапты 

қызметкері М.Қарасартов, кәсіпорын 

жетекшілері Н.К.Котов, В.В.Лим, 

Д.В.Рейслер тәрізді азаматтар белсене 

атсалысты. 

Сөйтіп, ұлттық рухта өткен мереке 

үлкен ұлттың ықпалында жүрген жергілікті 

халықтың санасында саңылау ашылуға 

себепші болды. Бұрын Доскейдің кім 

екенін білмейтін жастар, әсіресе, мектеп 

оқушылары ғасыр жасаған жыраудың 

мұрасымен танысу мүмкіндігіне қол 

жеткізді. Өздері білім алатын мектепке 

отызыншы жылдары халықты нәубетке 

ұшыратқан Елтай Ерназаровтан гөрі ақын 

Доскей Әлімбаевтың есімі лайық екенін 

түсінгендей болды. Әттең, жергілікті ат-

қарушы өкіметтің қырсыздығынан, он-

дағы шенеуніктердің жалтақтығы мен қор-

қақтығы салдарынан осыдан оншақты 

жыл бұрын көтерілген бастама әлі 

шешімін таппай келеді. Тіпті, сол мереке 

күндері, 1990 жылдың қоңыр күзінде, 

Ақжар селолық Кеңесіне Доскей атын 

беру жайлы да ұйғарым жасалған бола-

тын. Ол әңгіме де сиырқұйымшақтанып 

барып үзілді. Әйтеуір селодағы орталық 

көшеге ақын есімі берілді, соған да шүкір. 

Қазір Ақжар селолық округінің 

тұрғындары Доскей Әлімбаевтың 150 

жылдық мерейтойын өткізуге қызу қам 

жасауда. Ешкімнің түртпегінсіз, нұсқау-

ынсыз. Сонысы қуанышты. Мереке 

әзірлігінің қызу ортасында тағы да 

Мәпішкен апай жүр. Бір жақсысы бұл 

жолы жалғыз емес, Доскей жырынан нәр 

алған, ақын рухына бас иетін азаматтар 

бар жанында. Сондықтан да дарабоз да-

рынның бір жарым ғасырлық тойында 

бұрын атқарылмай жүрген талай жұмыс-

тың басы қайырылады, Доскей есімін 

келер ұрпаққа жеткізу үшін келісті шара-

лар жасалады деп сенгіміз келеді. 

Өйткені ұлттың азаттығын ту етіп көтер-

ген қаһармандарды дәріптеп, халықтық 

патриотизмді жан-жүрегімен жырлап 

өткен жампоздың, «Жүрегім», «Қос бас-

қан», «Жалтарма», «Қалқаға», «Ел бірлігі» 

тәрізді сәулелі өлең жолдарын, «Кенеса-

ры», «Тоқа батыр», «Иман-Мағзам», 

«Қажымұқан» сияқты дастандар қалдыр-

ған шалқар ақынның рухы алдындағы па-

рызымыз сонда ғана өтелмек. 



Ермек БАЛТАШҰЛЫ. 

Қызылқұдық селосы, 



БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы. 

Орталық Қазақстан.-2000.-22 шілде 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал