Өлең дер мен әдеби-сын мақалалар, сұхбаттар, көркем очерктер




бет9/23
Дата14.09.2017
өлшемі19 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

– Мәскеудегі айтысқа көңіліңіз толды ма?
– Кейбір осы айтады-ау деген ақындар айтатынын айта 
алған жоқ. Бірақ, Балғымбектің, Аманжол мен Карима-
ның, Нұрланның айтысы біз күткен деңгейден де асып кетті. 
Айтыс дегеннің өзі қауіпті нәрсе. Сөз сахнада суырып са-
лынып айтылатыннан кейін, кейде ақынның аузынан не 
шығып кететінін білмейсің. Біздің айтыс ақындары елде қо-
ғамдық пікір туғызуға қабілетті. Екі елдің арасын ашатын емес, 
қосатын, Ресей мен Қазақстанның арасына көпір болатын 
көркем сөздерді естідік құлағымызбен. 
– Осы жолы екі үлкен оқиға болды ғой. Бірі айтыстың Ресейд е 
өткені болса, екіншісі біздің заманымыздың жаңа Біржаны мен 
Сарасының табылып, айтысқа шыққаны... 
– Біржан Сөктай мен Сара Тоқтамысованың айтысы дәл 
мен күткен жерден шықты десем көңілдеріне қараған 
дық 
болар еді. Бірақ, бұлар жат сахнада бірінші рет кездесіп отыр. 
Көрмеген ел, Мәскеуге тұңғыш табан тіреген деген сияқты. 
Біржан сәл осалдау шыққанын өзі де мойындады ғой. Ашығын 
айтсам осы! 
– Қазақ қыздарының ішінде айтыс өнерінің ілкі басы, ХІХ 
ғасырда өмір сүрген, өнер үшін құрбан болған Ұлбике апамыздың 
азапты тағдыры белгілі. Қыздардың жолы өнерде әлі солай 
бұралаң ба?

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
160
– Құдай талантты аямай берген ақын қыздардың тағ дырға 
өкпелеуге қақысы жоқ. Ұлбике ұлы тұлға еді ғой, «ноқтаға басы 
қайдан сыйсын»!..
Айнұр мен Алтынкүл Парламент Мәжілісі сайлауының 
додасына қатысып, өнердегі азды-көпті жинаған танымалдылығын 
басқаша түсініп, саясат ауылына адасып барып жүрген жоқ па? 
Айтыстың өзі – ресми билікке оппозицияда болуы таби-
ғатынан туындайтын өнер, ендеше, айтыскер –көмейіне 
құм құйылғанша ел сөзін сөйлейтін тұрақты өкіл. Қолына 
өлеңнің өлшеусіз билігі берілген мандат иесі. Сондықтан 
ақын қыздардың Мәжіліске өтпей қалуында тұрған пәлендей 
өкініш жоқ. Әрине, біздің өкілдеріміздің сайланбалы орган-
дарға өткені теріс емес еді. Кезінде Әсия Беркенова Жоғарғы 
Кеңестің мүшесі болған. Қазір Әбілқайыр – аудандық мәс ли-
хат хатшысы болып жүр. Бірақ халықтық басқару тармағында 
болу үшін кәсіби дайындық, білік-пайым керек. Ел ішіндегі 
азды-көпті танымалдылық аздық етеді. Саясат ауылына ада сып 
барып жүргендер айтыскерлерден басқа салаларда да аз емес
– Елдестірмек – елшіден ғой Жүрсін аға, осы айтысты Ресей-
ге алып баруда Қырымбек Көшербаевтың қыруар еңбегін айтпай 
кету қиянат шығар?
– Егер біздің бастамаға ол кісі қырын қарағанда біздің 
басқа әрекеттерімізден түк шықпаған, айтыс Мәскеуде өтпеген 
болар еді. Қырымбек Елеуұлы осы айтысты Мәскеуде өткізу 
үшін мэрдің де, мэрияның да рұқсатын алып берді. Ай тысқа 
Елшіден бастап, елшіліктің қатардағы қызметкерлеріне дейін 
еңбек сіңіргенін көрдіңіздер. Ол кісі реті келсе бұл айтысты 
Мәскеуде жыл сайын ұйымдастырып тұруға, осы айтысты 
кітап етіп шығаруға да үлкен ықылас білдіріп отыр.
– Қазақтар көп шоғырланған өзге шет елдерде осындай ай-
тыс өткізсем деген басқа жобаларыңыз бар ма? Тағы қай жердегі 
қазақтарды артында іздейтін елі бар екенін көрсетіп, серпілткіңіз 
келеді?
– Мұндай жобалар бар. Түркияда, Стамбұлда қазақтар 
мекендейтін екі аудан бар. Сол қазақтарға біз айтыстың 
жұрнағын апарғанда да мәз болып қалған. Өз атамекен деріне 
қарап олар кісінеп отырғанда бұл игі іс болар еді. Бол маса 
Қытайдағы, Монғолиядағы қазақ диаспорасы бізді шақы рып 
отырғандарына көп заман болды. Міне, Мәскеудегі мақсат 
сәтті аяқталды. Енді, Алла бұйыртып, амандық болса ат аяғы 
жететін жерлерге біздің айтыс та жетер...

161
– Елде тағы да жаңа айтыс ақындарын табуға бағытталған 
жоспарларыңыз бар ма?
– Бүгінде айтыс ақындарының шығуы оңайлады. Халық 
айтыстың аяқ алысын күнде теледидардан тамашалап отыр-
ғаннан кейін, әр аймақ өз елдерінде шығып келе жатқан дарын-
дарды әкеліп, таныстырып, табыстырып жүр. Енді алдағы 
қараша айының соңынан бастап былтырғы жекпе-жекті қайта 
жалғастыра бастаймыз. Оның бер жағында республика 
лық 
деңгейдегі, жүлде тағайындалған айтыстарымыз бар. Әсіресе, 
бұрын айтыс ақындары аз шыққан аймақтардан ақындар 
тапсақ деп отырмыз. 
– Айтыс деп жарғақ құлағыңыз жастыққа тимей жүрсе де 
кейде баспасөз беттерінде, болмаса теледидарда өзіңіз туралы 
әділетсіз пікірлер естіліп қалады. Сондай жағдайларда еңбегіңіз 
еш кетіп жүргендей көрінбей ме? Қалай ақталасыз, «ит үреді, 
керуен көшеді» деп қоя саласыз ба?
– Маған қаратып айтылған пікірлерге байланысты менің 
газеттерде, болмаса басқа жерде біреумен айтысып, ақты-
ғымды дәлелдеп жатқанымды әлі ешкім көрген жоқ. Үйге 
келіп өзім қасірет шегемін. Олардың айтып жатқанында да 
дән бар ма деп сарапқа саламын, ойланамын, ізденемін. Бірақ, 
қанша қиянат жасалып жатса да жауап бермеуге тырысамын. 
Өйткені, менің істеген жұмысым халықтың көз алдында, айна-
дағыдай көрініп жатыр. Маған осыдан он жыл бұрын Мұза фар 
Әлімбаев: «Қарағым, енді сен жұмыс істемесең де айтыс тың 
тарихына ендің» деп айтып еді. Өздері түк бітірмей, шөп басын 
сындырмай отырып, ұлттың рухын көтеріп, басын бірікті ретін 
уақытта, елдің мүддесіін жоқтайтын заманда, жұмыс істеп 
жүрген жандардың ісінен кемшілік іздеп, бәрін кері кетіргісі 
келіп жүрген міншілдерді аяймын. Бірақ, олардың бәрімен 
айтыса беретін менің уақытым да жоқ, қолым да тимейді.
– Талай айтыс ақындарының тағдырына үлкен ықпалы-
ңызды тигізгеніңізді неге жоққа шығарайық. Таланттар бар да, 
олардың танылуы қиын. Кейде кішкентай даңқты көтере алмай, 
өзіңіз өсірген ақындар көңіліңізді қалдырып, жүрегіңізге қаяу  
салмай ма?
– Не айтайын дегеніңді түсініп отырмын. Олар – ақындар. 
Оған бола түңілудің қажеті жоқ. Өсіп келе жатқан бала лар ды 
кейде сөзбен, кейде көзбен, қабақпен де, ұрсып та тәрбие-
лейсің. Бірақ оған мән берудің қажеті жоқ. Әркім өз тағды рына 
өзі ие...

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
162
– Сіз журналистсіз ғой. Айтыс деп жүргенде өзіңіздің жеке 
шығармашылығыңыз айдалада қалған жоқ па?
– Шынымды айтайын. Кітабым шықпағалы 15 жыл болды. 
Қазір енді екі томдық кітабымды дайындап отырмын. Бір 
томы жарық көрмеген өлеңдерім, бір томы әдеби сын мақа-
лалар. Барынша, шығармашылығымды ақсатпауға тырысып 
келемін. Бірақ, қазір мен осы жұмысты тастап кетсем тағы 
аяқсыз қалады. Егер айтысқа қолымды сілтеп кетіп қалсам 
мені сынаушылар, мінеушілер, мін тағушылар, менің аяғынан 
тұрғызған айтысымның пайдасын көруге ұмтылушылар 
ешкім де ештеңе істемейді. Сондықтан мен осы өнерге ба-
сымды тіккен, ғұмырымның жартысын қиған адаммын. Осы 
айтыстың басы-қасында жалғыз өзім ғана емес бүкіл отбасым 
ша 
былып жүреді. Әйелім, ұлым, келінім, қыздарым, күйеу 
ба лам, немереме дейін жүреді. Ең болмағанда сахнада шәй 
тасып жүрген де менің бауырларым. Қызым Қызғалдақ та ай-
тысты теледидарға түсіріп жүрген режиссер. Менің архивім дегі 
материалдар бойынша қазіргі айтыстың екі томдығы шықты. 
Ең таңдаулы айтыстар бойынша он алты бейне таспа шықты. 
Қысқасы, отбасымызбен осы өнерге бейімделіп алдық. Ендігі 
міндет – Мәскеудегі айтысты республикаға тарайтын арнаның 
бірі арқылы жұртқа көрсету.
– «Хабардан» неге көңіліңіз қалды?
 – Неге? Мен айтысты «Хабардан» бергім келмей оты рған 
жоқ. «Хабардың» басында отырған Дариға Назарбаева «Асар» 
партиясының адамы да басты демеушіміз Амангелді Ермегияев 
«Отан» партиясын басқарып отыр. Екеуінің арасындағы саяси 
оқиғалар айтысқа салқынын тигізбесін деймін. Әйтпесе, 
айтысқа біздің министрлік де үлкен қамқорлық жасап отыр. 
Министр Есетжан Қосубаев та айтысты Мәскеуге апаруға, 
Мәскеуден теледидар алуға кәдімгідей қол ұшын берген. 
Қалайда, бұл айтысты халыққа кең тарайтын арна арқылы 
беруді көксеп отырмыз. Әйтпесе, айтыс даяр өнім, бәрібір 
далада қалмайды.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан: Айнаш ЕСАЛИ, 
«Егемен Қазақстан» 
МӘСКЕУ-АЛМАТЫ жүрдек пойызы.

163
«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен 
жобасы «Айтөбел» хабарының жазбаша нұсқасы. 
Авторы: Едiл Анықбай
 
Жүрсін ЕРМАН, 
ақын, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты: 
АЙТЫСТЫ 2013 ЖЫЛДАН БАСТАП ЮНЕСКО 
ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ ДЕГЕНДІ ЕСТІП, 
ҚУАНЫП ОТЫРМЫЗ
– Жүрсін аға, ел Тәуелсіздігін еш нәрсемен теңестіре алмай-
тынымыз белгілі ғой. Сіздің көзіңізбен Тәуелсіз 20 жылға қарап 
көрсек...
– Тәуелсіздіктің 20 жылын бастан кешіріп жатырмыз. 
Жан-жағымызға қараймыз, қазақ қоғамында болып жатқан 
құбылыстарға, оқи 
ға 
ларға осы қоғамның мүшесі, азаматы 
ретінде анда-санда ой-көзіңмен шолсаң, қазақтың олжасы 
– неше ғасырлық тарихы бар халықтың бұрын маңдайына 
бітпеген ең бақытты кезеңінің қадіріне жетіп отырған жоқ-
пыз деп ойлаймын. Неге десеңіз, мен ел-жерді көп аралай мын, 
биылдың өзінде Қазақстанның төрт бұрышына түгел барып 
қайттым. Халықпен кездесемін, оқиғалардың ортасында 
жүретін сияқтымын. Ойланып отырсам, Тәуелсіз 20 жыл – 
Қазақ мемлекетінің ең қызық дәурені бастан өтіп жатыр. Арғы 
тарихымызды шолмай-ақ, осы күнге жету үшін кеше қаншама 
Алаш азамат та рының басы кетті. Бұл уақыт – Тәуелсіздігіміз 
еншімізге тиіп, ұлт болып ұйысып, оң-солымыз ды түгендеп 
жатқан жылдарымыз. Қызық деп отырған себебім – осы. 
Мәселен, қанша айғайлап шулағанмен, қазақ тілі даму үстіндегі 
кезеңді бастан кешіріп жатыр. Біз жоқ-жітігімізді түген 
деп 
жатырмыз. Рухани еңсемізді тіктеп, жан-жағымызға қарап, 
ел екенімізді сезініп, ұлттығымызды ұғып, өндірісте, саясатта, 
рухани өмірімізде, қай салада болсын «неміз жетіспей жатыр, 
қайтсек, жаһанданудың жұмырына жұтылып кетпейміз?» 
деп елдің ойланатын, бас көтеретін азаматтары, зиялы қауы-
мы бәрін түгендеп жатқан кезімізде Тәуелсіздіктің қаді 
рін 
білмегендіктен, көптеген келелі мәселелерді айқай-сүреңге 
ұластырып, байбаламға барып жатқан жайымыз бар. Осы менің 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
164
қарнымды ашырады. Қалай десек те, әлемдегі 200 мемле кет 
болса, соның ішінде жер көлемі жағынан 9-орындағы алып 
мемлекетпіз. Бұл өзінен-өзі бола қалған жоқ. Ата-бабамыздың 
осы жолда ажал жастығына бас қойғанын білеміз. Сөйте тұра, 
Тәуелсіздікті құрметтеу, төбеге көтеру бізде әлі аяқасты. Мұстафа 
Кемал Ататүрік: «Түрік болғаныңа қуан, түрік болғаныңа мақ-
тан!» – десе, біз ұлттық идеямызды іздегенімізге қанша жыл 
болды? Әлі таба алмай жатырмыз. Қай ұранның төңіре гінде 
басымызды біріктіріп, қай идеяның төңірегінде ұлт болып 
ұйысуды әлі шеше алмай келеміз. Бірінші орынға қай мәселені 
қоюды білмей жатырмыз. Осының кесірі өсіп келе жатқан жас 
ұрпаққа тиіп жатыр деп ойлаймын. Неге біз өз тарихымызды 
түгендеп болған жоқпыз? Ақтаңдақ беттеріміз бастан асып 
жатыр. Алысқа бармай-ақ кешегі Абылай хан заманынан бері 
қарай алып қарасаң, шындықты айтып болған жоқпыз. Ал 
шындықты айту өзімізді-өзіміз тану үшін, бойымызды биіктету 
үшін керек-ақ еді. Менің жеке пікірім, тарихымызды түгендей 
алмай жатқан себебіміз: біздің тарихымызды кешегі кеңес 
дәуірінің оқулықтарын жазған тарихшы лар түзіп жатыр. Кемел, 
еркін, әлемдік мас штабта ойлай алатын тарихшыларымыз әлі 
қа лыптасып болған жоқ. Бұрынғы методология да ойлайтын 
тарихшылар орыстың ыңғайында жазылған тарихты қайтадан 
көшіріп, әр жерін түзеп, қазақтың тарихын жасағысы келеді, 
бірақ бұл толыққанды, еркін, арғы-бергіні шолған тарих емес. 
Тілге келейік... Неше түрлі басқосулар, митингілер өткізіп біраз 
азамат тарымыз жүгіріп жүр. Мен солардың бірен-саранына 
қатыстым. Шын мәнісінде, ешкімнің тілге жаны ашып жатқан 
жоқ. Тілді сылтау етіп, тілді ұранға айналдырып, өзінің жеке 
басының ұпайын түгендеуді түпкі мақсат еткен азамат тарды 
көресің. Халыққа жақсы көрінсем екен, қайраткер болып 
танылсам екен деген есептен тілдің ұпайы түгенделмейді. Қазір 
ең бір өткір мәселеміз тіл болып тұр ғой. Қазақтың тілінің көші 
өрге жүрмесін деген басқа ұлттың өкілін көрмейсің. Өзімізге 
өзіміз мәселе туғызып, шаруамызды қиындатып жатырмыз. 
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту қажет болса, ол – биліктің 
әртүрлі деңгейінде отырған жергілікті әкім-қарадан бастап, 
министрлік, парламентке дейінгі азаматтардың қолындағы 
шаруа. Бірақ өзімізден-өзіміз көлеңкемізден қорқамыз: 
«Ойбай, анау не деп қояды, мынау не ойлап қалады?» деп секем 
аламыз. Бірақ бізге «деп» жатқан ешкім жоқ.

165
Кешегі ғасырдың басында Ахметтен, Әли 
ханнан бастап 
Алаштың ғажап азаматтары, қайраткерлері болды. Солардың 
барлығы қуғын-сүргінге, репрессияға ұшырап, өмірден өтіп 
кетті. Одан қалған қазақтың қаймақтары, игі жақсылары-
мыз соғыс кезінде шығынға ұшырады. Одан кейін де қудалау-
лар болды. Жалпы, тегімізді бүлдіріп алған халықпыз. Оны 
біз өз еркімізбен істеген жоқпыз, уақыт, заман солай болды. 
Қазіргі біздің байларымыз шын мәнісіндегі дәулеттілер емес. 
Бұрынғы байлары мыз арғы тегінен келген, сұрыпталып, ірік-
теліп шыққан игі жақсылар еді. Ал қазіргі күнгі аспаннан 
түскен байлықты иеленгендер, кешегі жекешелендіруде сыбай-
ластықпен, таныс-тамырмен, жемқорлықпен байып алған-
дар ар жағында, тегінде жоқ болғандықтан, халыққа жаны 
ашымайды, ұлттың қамын ойламайды. Міне, осыдан біраз 
келеңсіз жайттарға ұрынып отырмыз. 
– Ұлтты ойлайтындай азаматтарды сол белгілі бір тетіктерге 
әкелудің, сіздіңше, қандай жолдары бар?
– Ұрпақ алмасу керек. Кешегі кеңес кезеңінің көзін 
көргендердің бәрі өмірден кетуі керек. Бұл – тарихи заңдылық. 
Қазір өсіп келе жатқан жаңа қауым бар. «Мен қазақпын!» деп 
қуанатын жас буын өсіп келе жатыр. «Балалар мен әкелер дің 
проблемасы» деген Толстойдың да, Абайдың да кезінде болған. 
Яғни «жаңа ұрпақ нашар» деген ой. Бірақ олай емес. Ұрпақ 
алмасу үдерісін қазіргі тұста бастан кешіріп жатырмыз. Жаңа 
айтқандай, «аспаннан түскен олжаға» ие болған байлар, жалпы, 
қоғамның негізін құрайтын, қоғамның бағытын айқындай тын 
дәулеттілер дейтін болсақ, билік пен байлық сондай барды 
бағаламайтын, ұлт үшін не істеу керек екенін білмейтін, тек 
қара басы ның қамын ойлайтындардың қолында тұрған кезде 
бізде жөні түзу қоғам қалыптаспайды. Ол үшін уақыт керек. 
Біраз уақыт өте келе Қазақ станның жаңа қазақтары келеді. 
Бүкіл әлемнің тәжірибесіне қарасақ, қоғамның өмір сүруі 
үшін оппозиция қажет. Мемлекет билігінің дұрыс қадам жасап 
отыруы на ықпал ететін, қателігін сынға алып отыратын осы 
оппозиция болуы керек. Біздің оппозиция мыздың ешбірінің 
туында қазақ ұлтының мүддесі жазылмаған. Ешқайсысының 
жарғы сында қазақ ұлтының түп буынын түзеу көздел меген. 
Әйтеуір, билікпен жағаласу, ұпай жинау, сайлаудан өтіп кету. 
Ал қазақ ұлты дүниежүзілік масштабта кемелденген үлкен 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
166
ұлт болсын, соның жарқын мақсаты жолында бы лай жаса-
йық, ұлттың мүддесін, ұлттың тілін, ді нін, ділін қор ғайық, 
руханиятын өсірейік дей тін оппо зиция жоқ.
– Жаңа бір сөзіңізде «қазір біз ұлттық идеяны, идеологияны 
іздеу үстінде жүрген, әлі таба алмай жүрген халықпыз» деп 
қалдыңыз. Сіздің ойыңызша, ұлттық идеология қандай болуы 
керек?
– Ұлттық идея мен ұлттық идеологияның қандай бола-
тынын білетін болсам, мен қазір осында отырмас едім. Осы 
ұлтқа жаны ашитын азаматтардың басы бірігіп, көтеретін 
ұранды табу мәселесі ғой. Бірнеше идея ұсынылды. Оның 
ешқайсысы жалпы ұлттың мүддесін білдіре алмай жатыр. Идея 
сөз жүзінде қалай аталғанымен, қазақ дейтін ұлттың мәңгі жа-
сауы на, оның еңсесінің биік, рухының жоғары болуына қыз мет 
ететіндей идея болуы керек қой!
– Сол идеяны соңғы кезде біз де айтып жүрміз: «мәңгі ел болу, 
мәңгі Тәуелсіз қазақ мемлекетін құру». Ал осыны идея деп алуға 
бола ма?
– Біз қай ұранды туымызға жазып алсақ та, қазақтың 
мәңгілік мүдделеріне қызмет ететін идеяларды табуымыз керек. 
Мүмкін, ол бірне ше идеяның қосындысы шығар?! Ең қы  зығы, 
осыны іздеу үдерісі жүріп жатыр. Әсіресе жаңа өсіп келе жатқан 
жас қауымның санасы еркін, ойы азат, білімдері жоғары. Біз 
әлемдік көшке ілесетін болсақ, алдыңғы қатарлы ел 
дер 
дің 
құпиясын да білуіміз керек, білімін де, ілімін де мең геруі міз 
керек. Солайша жаңа қазақтың білім сапасы жоғары қауымы 
қалыптасуы ке 
рек. «Болашақ» бағдарламасымен неше мың 
адам бүгінге дейін шетелде білім алды, ішінде бірен-саран ғана 
«шіріген жұмыртқалар» бар шығар, ал көбісі – еркін дүниені 
көрген жандар. Кешегі кеңес дәуірінде шетелге шығу шектеулі 
болды. Мен 1986-жылы шетелге бірінші рет шықтым. Сонда 
шетелдің әуежайындағы таза лық ты, тәртіпті көріп, шалқам-
нан түсе жазда ғанмын. Дамыған технологияның жетістік терін 
көріп, «Біз сонда қай қоғамда өмір сүріп жатырмыз жә не несіне 
өмір сүріп жатырмыз?!» –деп ішім оттай күйген кездер бол-
ды. Ал қазір әлемдік өркениеттің барлық жетістіктері Қазақ-
станда бар. Ғаламторлық жүйе де, халыққа қызмет көрсету 
жүйесі де, кәсіпті дамыту жолдары да – бәрі бар. Біз кемелдену 
үстіндеміз. Қазақ мемлекетінің болашағы жарқын екендігіне 
ешкім күмәнданбауы керек.

167
– Жеке басты ойлау, қалтаның қамына көшу, ақша бәрін 
шешеді деген түсінік жайлап бара жатқан сияқты...
– Бұл – жабайы капитализмнің алғашқы белгілері. Бұрын 
кеңестік құрылымның аясында болдық та, жеке бастың 
қамын ойлау, жеке дәулетті күйттеу мәселесі бізде болған 
жоқ еді. Аяқастынан келген еркіндік, экономикалық-нарық-
тық қатынастар бізді теңізге лақтырып жіберді де, басымызға 
қонған еркіндіктен есімізден танып қалдық. Әлі есімізді жия 
алмай жатырмыз.
– Қазақстаннан алғаш қажылыққа сапар шеккенде, сіз 
алдыңғы лекпен барған азаматтардың бірісіз. Бүгінгі күні – діннің 
мәселесі өте ушығып тұрған кезең. Осы тұрғыдан келгенде, дін 
туралы не айтарыңыз бар?
– Бұл – ең жанды ауыртатын мәселе. Біз атам заманнан 
бері дәстүрлі мұсылмандық дінді ұстанған, дінді фана-
тизмге айналдырмай, тұрмысымызға бейімдеп, қажетті дең-
гейде иманымызды түгендеп жүрген халық едік. Қазір сан 
тарау, айырық жолдың үстінде отырмыз. Кешегі дінге, діни 
тыйымдарға қатысты қабыл данған заңның тууында да осын-
дай түрткі бар. Бірақ біздің осал тұсымыз сол – діннің дұрыс 
бағытын насихаттайтын уағызшылардың жоқ ты ғы. Қазақстан 
Діни басқармасының уағыз 
шыларынан бастап, осы іспен 
ресми айналысу керек. Биыл мен Қадір түнін қарсы алу үшін 
Алматыдағы бір мешітке немеремді ертіп ба рып, екі-үш сағат 
уақытымды өткіздім. Мінбеге шығып сөйлеген мүфтият-
тың адамдарының халыққа айтып отырған сөздерін естісеңіз, 
қарныңыз ашады. Өзі мұсылман дінінде төрт мәзһаб бар. Со-
ның ішінен қазақтардың енші сіне тигені Әбу Ханифа мәзһабы 
– Алла таға ла ның ақ жолымен жүруге үйрететін жол. Пай-
ғам бар жер-жерге мұсылманшылықты таратуға сахабала  рын 
жібергенде «Дінді зорламаңдар. Барған елдеріңнің халқы  ның 
тұрмысына бейімдеңдер» деген хадисі бар. Соған орай, біз-
дің ата-бабаларымыз ұстанған дін қазақтың көшпелі тұр мы-
сына, психологиясына, тарихына байланысты қалыптасқан. 
Ал бүгін неше түрлі секталар пайда болды. Санын айтса, шо-
ши сың. Қазақстанда басқа елдерде сыймаған сектант тар, діни 
ағымдардың барлығы емін-еркін көсіліп жүр. Олар халықтың 
санасын әбден улап болды. Дұрыс жол сілтейтін адам жоқ. 
Діннің шын ғұламалары дұрыстап насихат жүргізсе болар 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
168
еді. Жастардың дінге деген ықыласы жоғары, бірақ соларды 
дұрыс жолға салатын шариғат айтушылар жоқ. Сопылық деген 
немене, салафиттер кім, уахабиттердің ерекшелігі неде екенін 
анықтап айтып, ортақ пәтуаға келтіріп, дұрыс уағыз жүргізіп 
отырса, халық солай қарай бет түзер еді. Мен алғашқы лар-
дың қатарында кіші қажылыққа барып келгенмін. Дайындық-
сыз бардық. Дегенмен қасиетті жерге аяғың тиісімен-ақ, Алла 
тағала 
ның алдына келіп қалғандай сезімді бастан кешіре-
сің. Содан ойлана бастайсың: «Діннің орны неде? Діннің 
маған беретіні не? Менің дінге беретінім не? Діннің маған 
ке регі бар ма, жоқ па? Қайтсем, тиянақ табам?» Бүкіл әлем-
дегі ақылды бастардың бәрі тура жолды іздейді. Мүмкін, осы 
сөзім кейбіреудің көңіліне тиер, десе де Қазақстанның Діни 
басқармасы осы дұрыс жолды уағыздау міндетін атқара алмай 
отыр. Мәселен, мені ғаламтор бетінде салафит тердің тізімі нің 
қатарына қосып қойыпты. Мен салафиттердің қатарында болу 
үшін олардың не ойлап, не қоятындарынан хабардар болуым 
керек. Ата-бабамыз ұстанған діннен не айыр машылығы бар 
екенін білуім керек қой. Оны біліп жатқан ешкім жоқ.
– Бірақ тізімде жүрсіз?..
– Тізімде жүрміз. Шамасы, біздің атымыз керек болған ғой. 
Бұл – әншейін қолдан қор қынышты нәрсе жасау. Құбыжық 
жасау.
– Өз сөзіңізде айтып өткендей, соңғы кезде есімі елге белгілі 
тұлғаларды осындай тізімдерге қосып қоюдағы негізгі мүдде мен 
мақсат қандай?
– Өз тарапымнан айтар болсам, қатысы жоқ адамдар-
ды да қосу арқылы қолдан қорқы ныш жасау. Мұның бәрі – 
біздің қоғамдағы ала-құлалықтың нәтижесі, сара жолға түсе 
алмағандығымыздың көрінісі. Қазір ақиқатты іздеу үстіндеміз. 
Л.Толстой «Ақиқат іздегендер 
дің бәрінің табан тірейтін 
жері – мұсылман діні» деп айтып кеткен. Осы жолдан әрбір 
адам өтіп, мұсылман дініне табанын тіреуі керек. Сол табан 
тіреу жолындағы ізденістеріміз – қазір ұлтаралық жағ дайда. 
Сара жолды ешкім нұсқап отырған жоқ. Мүфтияттың жұмыс 
істейтін жері – осы мәселе. Діннің ақиқаты қайда? Оны қалай 
ұстауға болады? Оны қалай қызметіңмен, тұрмысыңмен 
байланыстыруға болады? Қайткенде дұрыс жолды тауып алуға 
болады?

169
Мен өзім қазір ақиқатты іздеу үстіндемін. Менің ата-
бабамның ұстанған жолы бізге қан арқылы, ген арқылы 
берілген. Соны ұстайын десең, қазір әртүрлі «қисық» уағыз 
айтушылар сенің сеніміңе селкеу түсіреді. Қай жаққа қарай 
қадам басарын білмей, сандалыс үстінде күн кешіп жатқан 
адамдар көп.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал