Өлең дер мен әдеби-сын мақалалар, сұхбаттар, көркем очерктер




бет8/23
Дата14.09.2017
өлшемі19 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

ҚҰЛМАМБЕТТІҢ ҚҰЛЫНЫ
А
й, Жанарбек інім-ай!
Оразалы туралы он бет қағазды уақытылы 
жазып бере қоймадың деп мені жазғырып жүрген 
шығарсың-ау. Досың туралы естелікті қағазға түсіріп бер 
деп сен мені қанша уақыт қолқаласаң, мен сонша уақыт өз- 
өзімнен қасірет шегіп, іштей азапқа түсіп жүрген жоқпын ба? 
Неге деймісің? Өзіңнің балаңмен жасты рухани інілерің туралы 
естелік жазамын деп кім ойлады дейсің. Және оның не қызығы 
бар дейсің. Өзіңнен бір көйлек болса да бұрын тоздырып, аз 
болса да, көп болса да тәлім-тағылым берген ағаларыңмен 
бірге өткізген келте күндердің елес-сәулесін еске алудың жөні 
бір бөлек. Сені бір бел-белес санап, соңыңа ерген, қолыңа 
су құйған жеткіншек інілердің қысқа ғұмыры туралы сөз 
қозғаудың еш ләззаты болмайтынын сен ұғынбай-ақ қой.
Амал қанша!
Айтыс та майдан сияқты.
Мылтықсыз майдан.
Мерген уақыттың қарауылына іліккен айтыс сарбаздары 
саптан шығып қалып жатыр.
Ең әуелі «Илигай-лап» келіп, бір-ақ күнде бәрімізді тәнті 
еткен Жандарбек Бегімбетов кісі қолынан қаза тапты. Атаңа 
нәлет қай қаныпезердің өлімге қиып жібергенін білген кісі жоқ.
Сосын Көкшетау мен Астананың арасындағы қара жолда 
Ерік Асқаровтың арбасы қирады. Сексенінші жылдардың 
ортасында Алаш баласын ақиқатқа ұйытқан ақберен ақын сол 
еді.
Одан соң Әзімбек Жанқұлиевтың туы жығылды. Ауған 
соғысынан аман келген жауынгер ақынның жүрегі жаңа ғасыр 
басындағы ауыртпалықтарға шыдас бермеді.
Енді келіп... Жиырма тоғызға жетер-жетпес жасында 
ортекедей ойнақтаған Оразалы опат болды. Айтысты майдан 
емес деп кім айтты?

149
1990 жылы Ташкенттегі айтыстың үстінде кемел ақын 
Көпбай Омаровтың жүрегі тоқтап қалған.
1998 жылы шындық деп шырылдаған Шымболат Ділде-
баевтың да жүрегі жарылып кеткен.
Айтыс деген – майдан. Қаңғыған оқ жыршыл жүректі 
жаңылыспай табады. Шонжыдан қайтып келе жатып, жол 
үстіндегі апатта мерт болған Оразалы Досбосыновтың жаманат 
хабарын маған сенбі күні бозала таңда Дәулеткерей Кәпұлы 
жеткізді. Астанадан телефон шалып тұрған ақын бауырымның 
дауысында үрей де, таңырқау да, түңілу де бар еді.
– Оразалы ініңіз сіз тұратын Тұздыбастау ауылының шет 
жағын мекендейтінін айтып еді. Анық көшесін білмедім. 
Табарсыз, – деді.
Алматының іргесінде тұрғанмен, Талғар ауданына қарай-
тын біздің Тұздыбастау ауылында кемінде он бес мың халық 
бар. Алматыдан тұрақ таппаған Қанапия Дәрібаев, Темірше 
Сарыбаев, Айтақын Әбдіқалов секілді біраз ақын да сол он бес 
мыңның санатында. Шалдардың күпісіндей далиып жатқан 
Тұздыбастаудың қай бұрышынан Оразалының қара қосын 
табарсың? Нарынқолдан кәсіп іздеп келгендер төменгі жақта 
қоныс салып жатыр дегенді құлағым шалуы бар еді, солай 
қарай жүре бердім. Ауыл жайбарақат. Әркім өз тіршілігімен 
әуре. Алаштың ардақ тұтқан бір боздағы өмірден өтпегендей. 
Мерт болмағандай. Сұрай-сұрай, Ораздың бір кәрі апасының 
үйін тауып алдым. Қария кір жуып отыр екен:
– Иә, Оразжан опат болды деп хабарлап кеткен. Мына бір 
жиналып қалған кірді шығара салайын деп... Үйінің қайсы 
екенін да анық айта алмаймын-ау мен сорлы... – Ораз ойран 
болып жатқанда шаруасын күйттеп үйінде отырған кейуананы 
жек көріп кеттім. Қолқасы суырылғанша дауыс салып, өлімге 
құрмет көрсетіп, үзілген өмірге жоқтау айтатын қайран біздің 
шешелердің орны енді тола қоймас-ау... Оразалының үйін өз 
бетімізбен тауып алдық. Қам кірпіштен – салынып жатқаны да, 
құлатылып жатқаны да түсініксіз қазақы жайдақ үй. Қоршауы 
да жоқ, аңғал-саңғал. Аңыраған ана. Жер шұқыған бауырлар.
Ақылды әйелім берді:
– Қаладағы ұлымыздың үйіне барайық. Ақша тауып берсін. 
Оразалыны жөнелтуіміз керек қой...
Ұлымыз ойдан шықты. Зыр қағып жүгіріп, бір сағаттың 
шамасында әжептәуір ақша тауып әкелді. Оны Ораздың 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
150
шешесінің алақанына салған соң, ақынды қоятын жер іздеуге 
шықтым. Күн демалыс. Басшылар жоқ. Тұздыбастау мешітінің 
молдасын ертіп алып, зиратқа апарсам, қайдағы бір жықпыл-
жырамен таудың терең қуысына кіргізіп, бір төбенің астын 
нұсқап:
– Бұйырған жер осы, — дейді.
– Зиратты ел жақ шетіне, анау қара жолдың бойын дағы 
ашық алаңға неге қоймаймыз?
– Рұқсат жоқ...
Әрі-бері тәжікелесіп, көнбеген соң, ауылға қайта барып, 
имамның үйін тауып алдым. Бір-бірімен келісіп қойғандай:
– Рұқсат жоқ! – дейді.
Тірі Оразалыға орталықтан үй салуға рұқсат жоқ. Өлген 
Оразалыға қара жолдың бойында ел төбесін көріп жатуға да 
рұқсат жоқ! Ертең «Ой-бауырымдап» аяулы ақынның достары 
келмей ме? Ел жиналмай ма? Мына таудың қиядағы қуысына 
кім тауып келеді?
Әкімнің бе, оның орынбасарының ба, әйтеуір билігі бар 
біреудің есігін қаққаным есімде:
– Қара жолдың бойынан қабір қаздырмасаң, Ораз бауы-
рымды оң жақта он күн ұстасам да, осы қуысқа қойғызбай мын! 
– деймін қаным басыма шапшып. – Сіз өзі Оразалыны кім 
деп тұрсыз?! Оразалы жүз жылда бір-ақ туар Алаштың арқалы 
ақыны емес пе!
Сөз ұғатын кісі екен. Қара жолдың бойынан, менің 
Тоқтасын досым мен Серік інімнің қасынан жер кесіп берді. О, 
тоба, мына аруана фәни дүниеде аяулы ақыныңды жерлейтін 
орын тапқаның да қуандырады екен. Қуаныштың осындай да 
түрі болады екен!
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Ораза-
лин ді қонақта отырған жерінен тауып алдым. Оразалы ның 
ағасы Оразалин де азамат-ақ екен. Екеуіміз тізе қосқан соң, 
жерлеу-жөнелту шаралары реттеле бастады. Ойға-қырға шап-
қылап жүріп, көздің жасындай жыр жолдары тілге орала береді.
... Сенің үйің үйлердің шеткісі еді, 
Түнгі мейман шеткі үйге кеп түседі. 
Домбыраңды әлдилеп жүргеніңде 
Домбыраңның үзіліп кетті шегі.

151
... Сөзден соғам деп жүріп зор мұнара, 
Сорың қайнап қалды-ау, 
Сорлы бала!
Талантты өзі жаратып тәңіріміз, 
Сол таланттың алдына тор құра ма...
Оразалымен алғашқы жолығысуларым есімде жоқ. 
Домбырасын өңгеріп келіп, өзге де жас айтыскерлермен бірге 
сынақтан өтуге талпынды ма екен, әлде, оқушы дәптеріне 
қылқаламмен тізілген алғашқы өлеңдерін оқып шығуға 
берді ме екен? Әйтеуір, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік 
университетінің үшінші курсында оқып жүргенінде, студенттік 
шығармашылық кешін өткізетін болып, соған қатысуға 
шақырды. Өзім де сол қарашаңырақтың түлегі едім. Ұстазымыз 
Нығмет Ғабдуллин менің де алғашқы өлеңдерімді дәл осындай 
үйірмеде оқытып, бір топтамамды «Қазак әдебиетінің» бетіне 
жариялаған. Қолымнан жетектеп жүріп, «Жас керуен» деген 
кітапқа кіргізген.
... Сол ҚазПИ-дің өзімнен айнымаған қара баласы өлең 
кешіне шакырып, қиылып тұрса, қалай бармаймын?
Киіктің асығындай ғана қағілез қара бала. Күрек тістерінің 
арасындағы саңылаулар көзге бірден шалынады екен. Біресе 
өлең оқыды, біресе айтыстарын тыңдатты. Қай дүниесіне ден 
қойсаң да, ауыл баласына тән бір аңғалдық пен тазалық ішіңді 
жылытады. Ұяты бетіне шығып тұрған жастың қалыптасып 
болмаған қолтаңбасында бір ғажайып құпия бар секілді. 
Шапанының шалғайы желбіреген ауыл шалдары өрімдей 
өлеңдердің әр тұсынан көлең ете қалатындай. «Көзден таса 
қылмайтын бала екенсің» деген тұжырымды көкейіме түйіп 
қайттым.
Көп ұзамай Оразалы топқа қосылды. Бір қызығы, Рес-
публика сарайында өткен жас перілердің жыр сайысында ол 
ә де геннен-ақ сүрініп кетті. Айтыстың көзге көріне бермейтін 
көп-көп ұйымдастыру шараларымен миқата болып жүріп, 
Оразалының қалай қапы кеткенін мен аңғармай қалып-
пын. Үйге келген соң, айтыстың аудиотаспаға түскен нұс-
қасын қайта тыңдап көрсем, «жеңіліп» қалған Оразалының 
сөз орамдарының арасында небір жарқылдаған маржан-
дар, гауһарлар, алтындар жүр. «Сынапты сыпырындыдан 
жинағандай» депті бір жерінде. Мен де сыпырындыдан сынап 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
152
жинағандай, Ораздың ең көркем жолдарын қағазға түсіріп 
алып, ертеңіне қазылар алқасымен «айтысуға» бардым. 
Мынандай ғажайып сөздерді айтқан ақын қалай жеңілді деп 
дауласа кеттім. Дәлелдедім. Түсіндірдім. Обалы қане, қазылар 
алқасындағы ағалар сөзге тоқтады. Оразалы сахнаға қайта 
шықты. Жарқылдатты. Нөсерлетті. Төкті. Сөйтіп, бір кеште 
бес ақынмен айтысқан Оразалының есімі лезде қазақ еліне 
мәлім болды. Мұхтар Құл-Мұхаммед шығын мөлшерін қайта 
қарап, Оразалыға үш мың АҚШ долларына татитын арнайы 
жүлде тапсырды. Осыдан кейін алты жыл бойы Ораздың бақ 
жұлдызы айтыс өнерінің аспанында жарқырап тұрды.
Оразалы бір айтысында «Құлмамбеттен қалған құлын-
мын» деді. Оның осы сөзі айтыс жанашырларының құлағына 
майдай жақты. Жетісу өңірінде Құлмамбеттен қалған бір 
құлын 
ның зәрулігі өтіп-ақ тұрған кезі еді. Ұлы айтыскер 
Сүйінбай айтыстың туын желбіреткен өлкеде Жамбылдың ізі 
суып, Үмбетәлінің, Саяділдің, Қуаттың, Әбдіғанидың шаңы 
басылып, арындаған арқалы жырдың арнасы ортайғандай 
болып жүр ген. Әсімқан мен Әлімқұл шау тартты. Бәріміздің 
өңе ші мізді создырған Есенқұл Тәушен апасымен бір тәжікелес-
кеннен кейін атын ауыстырып мініп, жазба поэзияның жай-
лауына шығып кетті. Ермек Жұматаев құр текіректен аса 
алмады. Оның жеткен биігі «Ермек өлең айтпайды Абай үшін, 
Абай өлең жазбаса Ермек үшін» деген бәдік болды. Ақын жоқ. 
Қасқа құлынның құлағы көрінбей, басқа құлынның шұрқы-
рағаны естілмей, нәумездеу болып жүрген бір тұс болатын. 
Дәл осы кезде Құлмамбеттің құлыны құнан шығып, бір шаңды 
бір шаңға қоса бастады. Таудан құлаған тас бұлақтың жанға 
жайлы сылдырының ар жағынан Көдек ақынның құдіретті 
сарыны да естілетін. Оразалының құлағына қай періште 
сыбырлайтынын кім білсін, адам баласы естімеген қайдағы 
бір оқыс та тапқыр теңеулер оның төкпе шумақтарының 
жалын күдірейтті, жонын биіктетті. Ақтамберді мен Шалкиіз, 
Жанақ пен Шөже Оразалы кейпінде сахнаға шықты. Өлең 
будақ-будақ төгілді. Дауыс та ашылды. Ән де түрленді. Жан 
ба ласын шыдатпайтын жаңа бір ақын көз алдымызда күннен-
күнге өсіп келе жатты. Құрдастары оны «қырғыз ақын-
дарының киллері» деп атап жүрді. Шынында да, бауырлас 
қырғыз ақындарымен сөз сайысына түскенде, Оразалы мүлдем 
шығандап, шырқау биікке шығып кететін. Сүйінбай бабасына 

153
бас терісі мен қас керісі ұқсамаса да, жырдың жас перісі дәл 
сол бабасынша арқаланып, өлеңнің қара дауылын қаптаған 
селдей қаулатқанда, қарсыластың тілін байлап тастаушы еді. 
Нағыз намыстың перзенті еді. «Сыбырлағанды құдай естімей 
ме?» дегендей, кейбір әріптестері алдағы айтыстарда айтар 
өлеңдерін қағазға түсіріп, қойын-қонышына тығып жүргенде, 
Ораз бауырымыз сәл жымиған сүйкімді күлкісімен нұрлана 
түсіп, суырып салып өлең айтудың небір таңдай қақтырар 
үлгілерін жарқылдатушы еді. Шұбыртпалы ұйқаспен жыр төгу 
керек пе, абстракты поэзияны түрленту қажет пе – осының 
бәрі Оразалының жаңа гүл ашқан талантының оңтайына 
келе беретін иірім-қайырымдар еді. Осы қасиеттерін ол өзі де 
білетін, өзгелер де үнсіз мойындайтын. Бір ғажабы, сол бұлақ 
өзінің жаңа көздерін жыл санап ашып келе жатыр еді...
Жезқазғанда «Ауылым – алтын бесігім» деген айтыс өтіп, 
соған қатысушылар арнайы бөлінген жұмсақ автобуспен 
Астанадағы айтысқа оралып келе жаттық. Біреу ән салып, біреу 
өлең оқып, біреу әзіл айтып, ұзын жолды өнер думанымен 
қысқартып, дуылдатып отыр едік. Артқы жақтан кем пірдің 
шаң-шұң дауысы шықты. Оған шалдың шарылдаған бай ба ла-
мы қосылды. Сиыр мөңіреп, бала жылап, автобустың іші лезде 
азан-қазан болды. Осының бәрі бір Оразалының өнері екен. 
Баяғы Қаллекидің өзі секілді. Ақын бауырымның осы өне ріне 
қуанғаным соншалық, ертеңіне Астанадағы «Конгресс-Холл» 
сарайында өткен айтыстың арасында Оразалыны қоярда-
қоймай қолқалап, сахнаға әртіс етіп шығарып жібердім.
Ол осындай кесек дарын еді-ау!
Басқа ақындар қай жерде, қанша айтыс өтсе де, бәріне 
қатысқысы келіп, өңмеңдеп, қайта-қайта қолқалап жүреді. 
Оразалыны үлкен айтыстардың алдында кісі жіберіп ізде-
тіп, әзер дегенде тауып, додаға қосушы едік. 2004 жылдың 
24 қазанында Мәскеуде өткен айтулы айтысқа да ол осылай 
аттанып еді. Отбасындағы кикілжіңдерден қажып жүр-
ген Оразалы бұл сапарға көңілсіз шықты. Демеушілік жаса-
ған А. Ермегияевтың, Ө. Сәрсеновтың, А. Атамқұловтың, 
 
Н. Сабильяновтың арқасында арнайы вагонмен, барлық сән-
салтанатымен Мәскеуді бетке алған бұл думанды топ 
тың 
ажары қандай ашық болса, Оразалының өңі сондай сы нық 
болды. Ырду-дырдуға қосылмады. Сыраға да қол соз 
бады. 
Алматымен сөйлесіп отырып, қолындағы ұялы телефонын 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
154
терезеден сыртқа лақтырып жібергені де оның көңіл-күйінің 
қандай райда болғанын аңғартса керек... Салы суға кет к ен 
Оразалыны менің отбасымның мүшелері қайтар жолда бөлек 
күтімге алды. Ыстық-суықтың бәрін алдына тосып, бәйек 
болды. Делегацияның тәртіп бұзған біраз мүшесіне:
– Оразалының басып кеткен ізіне татымайсыңдар! – деп 
кейігенімді олар әлі ұмытпаған болуы керек.
Балғынбекке, Сараға, Рүстемге, Ринатқа қанша қатты 
айтсам, сонша жылы сөзді Оразалыға арнауыма не себеп 
болғанын әлі ұғынбаймын. Күні өтіп бара жатқан есіл бауырдың 
бұл өмірде естіген соңғы қолпаштары сол екен-ау. Қазақстан 
шекарасына кірген соң, шырайланып, біраз жыр төкті.
Ән салды. Әзіл-қалжыңның тиегі ағытылды. Экспромт 
өлеңдер айттық.
Алдағы ажалдың хабарын аузыма Құдай салды ма:
– Оразалы,
Қаңғыған оқтан болар бөрі ажалы,
Сені де қинар ма екен көр азабы, – демесім бар ма?
– Ұйқасыңыз тастай екен, – деп күлді де қойды. Оразалы-
ның өмірден өтуіне бір аптаға жетер-жетпес мерзім қалған екен 
ғой сонда.
Мәскеуден келген күннің ертесіне Дәулеткерей Кәпұлы 
екеуі екі кештің арасында үйге соғып кетті.
Айтыскер ақындардың бәріне бақылау жасауды «қоғамдық 
негізде» атқаратын біздің пыркарол Оразды құшақтап сүйген 
болып, иісін тексеріп жатқанын ақын қайнысы сезе қойды:
– Ой, тәте, мен мәшине жүргізіп келдім. Мына көлікті 
жақында алып едім. Енді үйреніп жүрмін, – деп шыр-пыры 
шы ғып, бұл аса қиын өткелектен жақсы құтылды. Бәріміз де 
қуанып қалдық.
Ертеңіне кешке Жазушылар одағының бильярд клу бында 
жолығысты. Дәулеткерей мен Аманжол секілді бұл да қолы 
қатты ойыншы болатын. Байқамасаң, лезде ойпаң-тойпа-
ңыңды шығарады. Шар қуалаудың қызығына берілген Ұлық-
бек екеуіміздің бітіспейтін бәсекемізді бір сәтке бөліп:
– Шонжы жаққа жүріп барамын. Қоштасып кетейін деп 
едім, – деді.
– Жекпе-жекке дайындала жүр. Уәде орнында болсын, 
– деп пойыз үстіндегі екеуіміздің келісімімізді есіне салдым. 
Бұрын-сонды болмаған бір қызық айтыс жасауды жоспар лап 
келіп едік.

155
– Өтірік өлең айтысын өткізсеңізші. Мынау қоғамды, 
мынау қым-қуыт өмірді келемеждеуге содан қолайлы жанр 
жоқ. Ринат екеуіміздің оң жамбасымызға келіп-ақ тұр. Жекпе-
жек айтысамыз, – деп, мені еліктіріп қойған.
Өтірік өлеңді қалай айтатынын көрсетіп, өзінің әмбебап 
дарынының жаңа бір қырын жарқ еткізген. Қазақ жұртына 
тосын бір қуаныш сыйлайтынымызды күн ілгері сезіп, сол 
айтыстың бүге-шігесін күндіз-түні ойластырып жүр едім-ау. 
Сол жолы қолымызды алып қоштасқан Оразалы ажал сапа-
рына аттанып бара жатқанын Жаратқаннан басқа кім білген?..
Тартып туса тегінен сұңқарға асыл, 
Тура келген ажалдан бұлтармас ұл. 
Шаң қаптырып кетті ме қапияда 
Тақымыңнан бұлт етіп тұлпар ғасыр?
... Амандықпен, Адаммен араз ғасыр 
Айтпайтынын біліп ек Оразға сыр. 
Өзіме-өзім дұға оқып отырғандай 
Көздің жасы тамады қағазға сұр...
Өксігімізді баса алмай біз қалдық. Аңырап анасы, жаутаң дап 
қос құлыны қалды. Шашылып шаруасы қалды. Ешкімге қатты 
қайырып сөз айтып көрмеген, досқа деген назын, жарға деген 
наласын ішінде булықтырған, сыртқа сыр бермеген сабаз іні 
сол сапарға жүрерде шешесіне де барып қош айтысып, мәшине 
енді орнынан қозғала бергенде, екі көзі боталап тұр еді дейді 
көргендер. Әркім әр саққа жүгіртіп айтады. Ақынның соңынан 
сөз боратуды салт еткен қалпымызды қайдан бұза қояйық.
Айырықша естілген әуелде үні, 
Алты алашқа танымал Әуенді іні.
Қош бол енді Тәуелсіз қағанаттың, 
Тауқыметке туғаннан тәуелді ұлы!
... Тұрмысқа, отбасына, жоқ пен барға ТӘУЕЛСІЗДІГІН 
ажалымен жеңіп алған талантты ақын, айтыс әлемінің ақиығы 
Оразалы Досбосынов біздің Тұздыбастау ауылынан шығатын 
қара жолдың бойында дамылдап жатыр.
Содан бері де жыл жылжып кетіпті-ау... Аруана-фәни 
дүние...

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
156
IV бөлім. 
СҰХБАТТАР
Жүрсін ЕРМАНОВ: 
«СОҢҒЫ 7 ЖЫЛДА АЙТЫС АҚЫНДАРЫ 
50-ДЕН АСТАМ МАШИНА МІНІПТІ»
Бұл кісінің айтыстың айналасында жүргеніне биыл 20 жылдан асып 
барады. Осы өнерді ежелден туыс, ежелден көрші Ресей секілді елдің 
астанасына апарып, аламан жырдың додасын өткізген, бүгін осы өнер­
дің ыстығына күйіп, суығына әбден тоңған Жүрсін ЕРМАНОВТЫ сәті 
әбден келіп тұрғанда жолай сұхбатқа шақырып, сауалдар қойған едік:
– Жүрсін аға, тұңғыш өткізген айтысыңыз есіңізде ме? 
– Алғашқы айтысты мен Жезқазғанда облыстық телеви-
зия 
сында жүргенде теледидардан ұйымдастыра бастадым. 
Облыс тағы айтыс – облыстағы айтыс. Кейін Алматыға ауысып 
кел геннен кейін, 1984 жылдың қаңтарынан бастап айтысты 
тұрақты қолға алып, наурызда Шымкент пен Алматы облысы 
арасындағы айтысты өткіздік. Сосын ақындарды іздеп Торғай, 
Көкшетау, Жезқазған, сонау Батыс Қазақстан облысына дейін 
бардым. Ол кез ақындардың көп кезі емес, жоқ кезі. Қолдан 
ақындар жасауға тура келді, тексін жазып беріп деген сияқты. 
Бірақ, біз бірден қағазға қарап айтысу болмасын деген талап 

157
қойдық. Жақында ғана бір газеттен оқыдым 1979 жылдың 
қаңтарында «Қазақ әдебиетінде» Әбдуәли Қарағұлов жазба 
айтысты дамытуымыз керек деп жазыпты, сахнада ақындардың 
қағаз ұстап отырғаны күлкілі. Ал біз қағазға қарап айтысудың 
көзін жойын, бірыңғай жұрттың көз алдында суырып 
салмалық айтысқа қол жеткіздік. Осыдан кейін Шымкентте, 
Қарағандыда, Қызылордада, Жамбылда, Қостанайда осы 
айтыспен айналысатын адамдар пайда бола бастады. Сөйтіп 
біздер М.Әуезов талдап кеткен айтыстың түрлерін жаңғыртуға 
тырыстық. Қайым айтысты, Жұмбақ айтысты, Өтірік өлең 
айтыстарын көп қолдандық. Келе-келе айтыстың бұл түрлерін 
бас тарттық. Неге? Әу бастан біздің алға қойған мақсатымыз 
суырып салмалық өнерді жаңғырту болатын. Ол кез қазақтың 
ежелден суырып салып айтысатын ақындарының ізі сұйыла 
бастаған тұсы еді. 
– Бұрын-соңды ұйымдастырылған айтыстардың ішінде ақын-
дардың аса жарқырап көрінген тұсы қайсы? 
–Айтыстың әбден қалыптасуына көп уақыт кетті. Бірақ 
одан тапқан пайдамыз – осы теледидардың алдында ойнап 
жү ріп өскен балалар кейін айтыстың ғажайып биігіне көтеріл-
ді. Мен өзім ең жақсы көретін айтысым – 1998 жылы өткен 
«Абылай – айбарымыз, Елбасы – ертеңіміз» деген айтыс. Осы 
айтыста ақындардың жаңа буыны барлық қырынан танылды. 
Суырып салмалықтың алуан үлгілерін көрсетті. Одан басқа 
«супер -дода» деген айтыс өткізілді. «Сегіз серінің айтысы» деп 
«Жас алаш» қайта-қайта жазды да. Осыдан кейін жастар қау лап 
шықты. Өздерінің замандастарының аяқ алысын, қазақ тілі нің 
мәйегін көрді.
– Өзіңіз айтыстың басы-қасында жүрген жылдар ішінде 
суырып салмалық өнерде ерекше дарынымен есте қалған, қайта-
ланбайтын ақындар қайсы?
– Дәурендер деген сөзді мен көп қолданамын. Айтысқа ал-
ғаш көтеріліп жүрген Әселхан мен Әсияның дәурені болды. 
Соны көріп қыздар шықты. Одан кейін Әзімбектің дәурені де-
ген бір дәурен болды. Ауғаныстандағы соғысқа қатысып кел-
ген, әдемі әуені бар. Әзімбекке де еліктеп көп ақындар шықты. 
Одан кейін Мұхамеджанның дәурені басталды. Бұл ай тысқа 
көркем ойдың, образдың жазба поэзияның элемент 
терін 
алып келді. Содан кейін Аманжолдың кезеңі басталды. Ол да 
бірың ғай суырып салмалықты көрсетті. Қазір де дәурені жүріп 
тұрғандар бар. 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
158
– Ал қазіргі жастардың ішінде қайсысын бөле-жарып айтар 
едіңіз?
– Тайы жоқ, теңдесі жоқ ақын – Дәулеткерей Кәпұлы. Ол 
Монғолиядан келген оралман, қалың қазақтың ішінде өскен. 
Қазақ тілінің неше түрлі иірім-қайырымдарын жақсы біледі. 
Тіпті осы Қазақстандағы қазақтар білмейтін көне сөздерді 
қолданады. Және біз күнделікті қолданатын сөздерді ойната 
біледі. Ринатты қай жағынан алып қарасаңыз да төрт құбы ласы 
тең ақын. Кезінде жыраулардың, ақындардың көп шыққан 
жері Батыс Қазақстан еді. Бірақ, соңғы жылдары сиреп кетті. 
Қазір бірақ осы аймақтардан да жас ақындар шыға бастады. 
Мысалы – Нұрлан Мұсаев. Өзінен бұрынғы ақын 
дардың 
дәстүрін терең меңгерген, үлкен бір аймақтың сөзін сөйлеп 
жүрген өте бір дарынды ақын. Рүстем де Мұхамеджанның ізін 
басып келе жатыр, көркем айта біледі.
– Мәскеуде бір сөзіңізде «Айтыс секілді қымбат өнер қайда 
бар?!» деп айттыңыз да, соңғы жылдары айтыс ақындары 50-дің 
үстінде машина мінді дегенде Мәскеу қазақтары таң қалып, бас 
шайқағанын байқадыңыз ба?
– Әуелі айтысты бастағанда ақындар біздің телесту д ия  ның 
суретшісі Ерсайын Хасанов қолдан салып, көбейткен мақ-
тау қағазы үшін де айтысты. 1987 жылы бірінші рет ақын дар-
ға халықаралық айтыста ақбоз ат мінгізе бастадық. 1992 жылы 
мен телевидениеден кеттім де, 1997 жылға дейін ай тыс үзіліп 
қалды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап міне осы күнге 
дейін нақты саны есімде жоқ, шамамен ақындар 50-дің үс тінде 
автокөлік мініпті.
– Мәскеуге айтысты апару енді оның тарихында қайта лана 
ма, жоқ па кім білсін?! Осындай айтулы оқиғаға қол жеткізу 
қаншалықты қиын болды, түпкі мақсат не еді? 
– Айтайын. Бұл маған маза бермеген көптен бергі ар-
ма ным еді. Айтысты қырғызда бар, ана елде, мына елде бар 
дейміз. Олардікі балаң күйінде қалып қойған. Ешқайсысы 
қазақтай айтыса алмайды. Менің түпкі мақсатым – қазақтың 
айтыс дейін ғажайып өнерін кешегі Кеңестің қызыл импе-
риясы қалай тұншықтырып келгенін көрсету үшін Мәскеу-
дің төрінде өткізгім келді. Тәуелсіздікті пайдаланып, айтыс-
ты олардың ортасына апаруды ойлап жүр едім. Оның үстіне 
Мәскеуде тұратын біздің қандастарымыз да жеткілікті. Ресми 
түрде Мәскеуде 10 мың қазақ тұрады дейді, бейресми одан да 
көп. Менің ойым әуелде не Кремльдің Съездер Сарайында, 

159
болмаса Колонна залында, тым болмағанда Ресейдің Орта-
лық Концерт залында өткізу еді. Оған біздің шамамыз жететін 
еді. Бірақ, онда тұрған қазақтар көптен Ресейде тұрған, ана 
тілінен тамырын үзген адамдар ғой. Мен осы айтысқа орай 
Мәскеуге алдын-ала екі рет келіп, осындағы жігіттер 
мен 
ойласып, Елшінің қабылдауында болдым. Олар ондай үлкен 
залдарға кісі жинауға тәуекел ете алмады. Сонымен, шағын 
да болса салтанатты Павел Слободкиннің Орталық концерт 
залын таңдадық. Концерт залды, барлық техникалар мен 
түсіру камераларын да жалға алдық. Барып-қайтқан дардың 
қонақ үйі, жол пұлы бәрі өз мойнымызда. Ақындарға жүлде 
беру керек дегендей. Міне, осы арада қомақты қаржы 
мен 
қол ұшын берген Амангелді Ермегияев, Нұртай Сабилья нов, 
Өмірзақ Сәрсенов деген үш азаматты айта кету керек. Ай тысты 
ұйымдастырудың қиындығы –меценаттарға айтысты өткі зудің 
қажеттігіне көздерін жеткізу. Әйтпесе, қалтасында қаржысы 
бар азаматтардың айтысқа жоламай жүргендері жетеді. 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал