Өлең дер мен әдеби-сын мақалалар, сұхбаттар, көркем очерктер




бет23/23
Дата14.09.2017
өлшемі19 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Балтабай БАТТАЛҒАЗИН.
АЙТЫСТЫҢ АТАСЫ
Сен өмірге келгенде Қобыландым,
Шырқалғаны шындық қой қоңыр әннің.
Кім біліпті қазақты тербетерін,
Қосындағы қыпшақтың қоңыраулы үн.
Көрермені лақтырған соңынан гүл,
Таптың ба екен өнердің жолынан нұр.
Атқа шапсаң Ақбала анаңыз да
Дастарханын жаятын молынан бір.
Өңі әжімді, әйтсе де, жаны балғын,
Дәм татпады анаңның қолынан кім.
Ақ сүтінен Жұмақтың иісі аңқығанг
Сағындың ба жұпарын омыраудың?
Ұлытауда жаралған Қобыландым,
Ұлы өнерін ұлтыңның қолыңа алдың.
«Айтыс» атты айбарлы қағанаттың
Абсалютті Қағаны болып алдың.
Тасалардан тас атып тобыр әр күн,
Көрсетеді қоғамда жоғын Ардың.
Айтысың да абайсыз билік деген
Түсіп қалды астына «саңыраудың».
Оқ атса да артынан оғыланның,
Туар Айы оңынан, солынан Күн.

367
Үміт қылып үркітіп жіберем деп, 
Сор да қалмас соңынан бағы бардың.
Орта жастан асқанда танып әркім,
Ортасында қалдың-ау кәрі даудың
Сен түгілі Мұхаммед пайғамбардың,
Тікен төгіп тастайтын жолына әркім.
P.S.
Бар кезіңде несіне жабығармын,
Жоқ болсаң да түбі бір жолығармын.
Бағаңызды білгенмен бүкіл қазақ,
Қадіріңе жетпейді-ау қалың Арғын...
Балғынбек ИМАШЕВ.
ЖҮРСІН ЕРМАН – 60 ЖАС
Арнау 
Алпыстың асқарына келген ақын
Ғаламдық жыр жақұтын терген ақын
Ұлтының айшықты өнері сөнбесін деп
Ғұмырын айтыс үшін берген ақын.
Ауылдан Астанаға барған ақын
Басына бақ береке жанған ақын
Сезініп нұр дидарын бір Аллаһтың
Ауылына Ақ Мешітті салған ақын.
Еліне шарапаты тиген ақын
Отына, ыстығына күйген ақын
Есінен еш шығармай Ата жұртын –
Елжіреп елін шексіз сүйген ақын.
Нәсібін пейілімен тапқан ақын
Шамшырақ жырдың отын жаққан ақын
Алпысың асқаралы құтты болсын
Масайрап, масаттанып мақтан ақын. 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
368
ЖҮРСІН ІНІМЕ
(ақынмен кездесу кешінде)
Жауқазын жырың, ізетті інім – Жүрсінім,
Сырласа кетсең, дария Сырдай сыршылым.
Жырласа кетсең, Жезқазған таңдай жыршылым,
Балапан бауырым, қияға қанат қаққанда,
Гүл сияқты едің жаңадан жарған бүршігін. 
Сол бір кез менің көз алдымдағы сурет,
Сол суреттей-ақ алаулап әркез жүрші інім.
Айтыстың аштың құпия жатқан тылсымын.
Қаламым қолда, қағазым алда қапысыз,
Баяғы қалпым, мен әлі сол бір тілшімін. 
Ұстаздан озған шәкірттей ұштың қияға,
Сен болсаң асқар ақынсың бүгін – бұл шыным.
Патшасы сөздің – әруақты өлең бақ берді,
Аумасын сенің ақындық аттан ершігің.
Жалыңнан құшып, саурыңнан сипап қостым мен,
Құлагерім болып, бәйгеден озып келші інім.
Алматы емес, Айда да болса, қай жақта,
Аман сау ғана, денің сау ғана жүрші інім. 
Батыр да болма, ақын да болма аяулым,
Көз алдымда көлбеңдеп жүрші, Жүрсінім.
Қыраным десе, қырдағы қазақ Жүрсінді,
Ол менің інім, соңыма ерген қыршыным.
Өңімде жүрсең өмірім болып, бауырым,
Түсіме менің тұлпарым болып кірші інім. 
Көбейсін ЕҢСЕБАЕВ.

369
БІР СУРЕТ
Тірліктің алды – ақиқат, арты – жалған,
Болар деп кім ойлаған халқына арман.
Қасында Тұмағамның отырғанда,
Суретке екеуіңді тартып алғам.
Аға аман болсын деген тілекте едік,
Мынау сол тау тұлғадан бір естелік.
Соңында ботадай боп боздап қалған,
Жүрсеке, ініңізді жүр ескеріп.
Ортайып қалды бірден тола бағым,
Тілеймін енді жүрер жол аманын.
Мәз болып қуанушы ем еркелеген,
Қасынан көріп сені сол ағаның.
Ағартқан жыр жолында қара шашын,
Ағаммен әр кімің-ақ санасатын.
Дізесі бүкіл елдің дірілдейтін,
Әзілің сенің ғана жарасатын.
Көрсетіп көңіліңнің қырындысын,
Арнадың жүрекжарды жырыңды шын.
Мінгізіп ақ тұлпарды әйгілеп ең,
Ағаны әспеттеудің бір үлгісін.
Тұмаға – бүгін менің сағым құсым,
Жамылды ол ақыреттің жамылғысын.
Сен маған көрсетіп ең, Жүрсін аға,
Іні боп еркелеудің тағы үлгісін.
Аты өліп, қалғандаймын ерім белде,
Төккен бір түрі ғой бұл шерін кеуде.
Ағам жоқ алдымдағы кеше жүрген,
Қараймын жаутаң-жаутаң көрінгенге.
Жан аға, жүрегімнің жарасын ұқ,
Денемді қариды кеп қара суық.

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
370
Кешегі думан қайда, карта қайда,
Отырмын үйге сыймай аласұрып. 
Мына күн бұлттанбай тұрса дұрыс,
Жасайсың елің үшін шырқап ірі іс.
Қосады сізбен бізді бір арнада,
Ағама деген ыстық бір сағыныш.
Басында бағы барда пенде семіз,
Ежелден мұң мен қайғы жерлес, егіз.
Ойласақ Тұмағаны сіз екеуміз,
Сағыныш деген белден кездесеміз.
Аға аман болсын деген тілекте едік,
Бұл сурет Тұмағаңнан бір естелік.
Соңында ботадай боп боздап қалған,
Жүрсеке, ініңізді жүр ескеріп.
Ауыт МҰҚИБЕК. 
ЖҮРСІН ЕРМАНҒА
Ұнамайды уәде құрғақ маған,
Жан емеспін көрінсе жырды аттаған...
Махамбетке ұқсайды , – деуші едің ғой
«... сақалым да, ... жүрісім бұлғақтаған».
Ойлаушы едім болар деп барсам тұрақ,
Жүрді бізді жырыңнан ар қамшылап.
Лебізіңнен байқадым қайсар аға,
Қалғандайсың қалжырап, шаршаңқырап.
Ағаларды алдыңда бел көресің,
Махамбетке ұқсайтын келді елесің.
Кімді аға тұтамыз сүйенетін,
Босап қалса алдағы сенген есім.
Келген шағың емес пе кемеліңе,
Жеміс берер дарақсың сен еліңе.

371
Асылдар тек қалмай ма асыл болып,
Сенбесімді білмеймін, сенеріме.
Бір жіп кетсе арқаудан мың жіп кетер,
Ауыр болса жүгіңді жылжып көтер.
Босама, аға, қайта сен ширыға түс,
Сен босасаң біздейлер жүнжіп кетер.
Әбдібек ӘБДІМАНАПҰЛЫ.
ЖҮРСІН КЕЛДІ ШИЕЛІГЕ
Бисмиллаһир ирахманир рахим
Жүрсін келді ауылға Жүрсін келді,
Бірге жүріп жазайық құрысын белді.
Сері дәурен қашанғы серік болар,
Сүйретерміз ертең-ақ құр сүлдерді.
Жүрсін келді ауылға сері келді,
Серіге еріп періште, пері келді.
Әлмырзалар қайда жүр әніменен,
Тербеп жүрген Шиелі, Телікөлді.
Жүрсін келді ауылға айтыс келді,
Шығарамыз кімдерді айтысқа енді.
Нартайлардың қайда жүр ізбасары
Асқақтатып тастайтын айтыста елді.
Жүрсін келді Шиеліге салдық құрып,
Деп жүрмеңдер: «Кешірек қалдық біліп».
Алтыбақан, ақ сүйек шақырады,
Жасырынар ішінде барлық қылық...
Жүрсін келді ағайын, өлең келді,
Ағытылсын өлеңдер көгендеулі.
Серіге еріп сергісін сері көңіл,
Серілікпен ұмытып желеулерді...
Бақтыбай АЙНАБЕКОВ.

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
372
ЖҮРСІН ЕРМАНҒА
Анаңды көрдім сұраған сені Жаббардан,
Жарыңды көрдім жайып сап жанын ақтарған.
Сонау жылдары Сәтбаевтағы жас Жүрсін,
Жалаң төсінде жамырап қанша жатты арман?!
Анаңды білем жалғызға медет тілеген,
Жарыңды білем жайыңды ойлап жүдеген.
Әпкеңді білем, білемін Сақыпжамалды,
Жапырақ жайып, жайқалып өскен бір емен!
«Жүр, – дедің, – Темке, мен туған сонау елді көр!»
Еліңде, ой-хой, жігіттер қанша жөн білер?!
Аңқылдап шықты алдыңнан абзал достарың:
Шымболат, Мұхтар, Орынбек, Амангелділер!
 
О, неткен мейірім, о, неткен ғажап өнеге?!
Көтерудей-ақ көтерді-ау бізді төбеге!
Бағланның еті...
Арда емген ала тай сойды,
Шалқарда жүзген шалқыдық ұқсап кемеге!
Картаны айтпан...
Қозғама қойдым о жағын,
Сол күндерді аңсап әлі де мойным созамын.
Сен туған жерден аттанған едім сонда мен,
Алтынға балап топырғыңның тозаңын!
Жеріне ері лайық туса – мерейлі!
Көбісі – көбік...
Бүлкілдеткенмен көмейді.
Жарыста талай жарқылдап озып бәйге алдың,
Алқаға түссең, аруақтарың жебейді.
Жидебай жақтан жырыңа жар боп жатса абай,
Алпыстағы ағаң иеді басын ақ самай.
Тарта бер, Жүкем, тоқсан мен жүзді бетке алып,
Жалғанды жалғыз билеп-төстеген патшадай!
Темірше САРЫБАЙҰЛЫ.

373
СІЗ БАҚЫТТЫ ЖАНСЫЗ
(Жүрсін аға – 60 жаста)
Аға, сіз бақытты жансыз,
Атадан асқақ туған.
Анадан адал сүт еміп,
Ұлытау – белін буған.
Пенде боп осал емессіз
Бас еркі азат, азамат.
Ерлерден қалған елессіз,
Кеткенде «кеңес» тазалап.
Биіксіз, биік – ар кеуде
Басыңыз бастың орнында.
Азамат – ерлер бар деуге
Мойынға басты қор қылма.
Алшаңдай басып жүре бер,
Жүрісі жаман күйінсін.
Соққанда шабыт түрегел,
Жыр оқып жұртың сүйінсін.
Мақаммен мықты сөз деген,
Үніңіз бөлек өзгеден.
Еліктейтіндер де аз емес,
Көремін көкірек, көзбенен.
Болмай-ақ қойсын тағыңыз,
Жетеді баста бағыңыз.
Тілекшің болған қазаққа
Тік қарап тұрып жағыңыз.
Сүйген жар, ұл-қыз – мәртебең,
Ақынсың жазған мәрт өлең.
Шаршасаң жанға жайлауың – 
Достарың шыққан әр төбең...

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
374
Айтыстың болдың әкесі,
Аңыздан маңыз жасаған.
Көрсоқырлардың көкесі,
Тығылып көрер тасадан.
«Жүрсіннің жүйріктері» боп,
Қаншама тұлпар танылды?
Іштері күйген тұз жалап,
Ауадай жұтты шаңыңды.
Мейірін елдің қандырып,
Жанарын шоқтай жандырып.
Жүріңіз көздің алдында,
Ер Жүрсін, аға, мәңгілік!..
Қымбат ӘБІЛДӘҚЫЗЫ.
АЙТЫС ТУРАЛЫ
Жүрсiн Ермановтың мерейтойына мәзiр
Айтыс деген үлкен өнер, тек қазаққа тќнтi екен,
Ақындардың елдiң мұңын жырлайтыны салты екен. 
Жүректiсi ел алдында ханға да қарсы мiн айтқан,
Сол себептен ақындардың қорғаушысы халқы екен. 
Ақын келсе бүкiл ауыл бар шаруасын тастаған,
Жабырқаған халқын ылғи жақсылыққа бастаған. 
Ақындары күндiз-түнi ел алдында жыр төгiп,
Ақын айтса бүкiл халық соңына ерiп қостаған. 
Таң атқанша ұйықтамай-ақ тыңдайтынбыз бiздер де,
Жақсылыққа жетелейтiн ақын айтқан сөздер де.
Ол кездерде баламыз ғой, жетiлмеген санамыз,
Кейiн бiлдiк, мұндай дќстүр жоқ екен ғой өзге елде.
Бұл өнердiң оты өшiп, қалды ұзақ тұтанбай,
Жүрдiк бiраз өшкен отты жағуға да бата алмай.

375
Ұлтжанды азаматтар қозғау салды бұл iске, 
Айтыс деген өнерiмiз қалды ғой деп аталмай.
Соның бiрi – менiң досым, Жүрсiн батыр, Ерманов,
Өшiп қалған сол айтысты қайта жақты қолға алып.
Таразыға салса егер халқына ол бергенiн,
Басқалардан басып тұрар Жүрсiн жағы, болды анық. 
Осы өнерге салды Жүрсiн қажыры мен қайратын,
Айтыс деген сөзбен бiрге шегелеп-ақ қойды атын. 
Қаншама жыл жүйке, күшiн сарып қылды айтысқа,
Өз өлеңiн жазуға да уақыт таппай ойлы ақын. 
60-қа да келдi досым, 60 асу асқаны,
Жүрсiн жайлы жылы сөздер жазып жатыр достары,
Бұл күндерi ақын-достың тұр жұлдызы жарқырап,
Бұл күндерi айтыстың да ашылып тұр аспаны.
Туғанбай ЖАНЫСБАЕВ.

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
376
Б
ірде Жүрсін Ерман мен жары Бақытжамал екеуі 
Астанаға келгенде досы, ақын Несіпбек Айтұлы 
үйіне қонаққа шақырады. Алыстан ат терлетіп 
қонақ тарға арнайы қонақасы беріледі. Бір-бірін көптен көрме-
ген екі құрдас дастархан басында әдемі әзілдесіп отырады. Бір 
кезде Несіпбек жақында немересі үйленетінін айтып, Жүкеңе 
«Мен енді Алла бұйырса шөбере сүйіп ата емес – баба болам, 
сен далада қалдың» деп қалжыңдайды. Жүкең болса «Сен баба 
болсаң боларсың, ал сонда кемпірің кім болады?» деп сұ рай-
ды. Несағаң «Кемпірім кейуана болады» депті. Жүрсін қу лана 
күліп алып, «Е, онда кейуананың күйеуі баба емес, диуана 
болады ғой» деген екен. Досының тапқырлығына риза болған 
Несағаң бастаған дастарқан басындағылар ду күліпті.
VІІ бөлім. 
ЖҮРСІННІҢ 
ҚАЛЖЫҢДАРЫ

377
* * *
Тағы бірде Жүрсін Ерман жолаушылап келе жатып 
жанындағы адамдармен бір ауылдағы үйге құдайы қонақ 
болыпты. Көгілдір экраннан көріп жүрген адамды көзбен 
көргенде есі шығып кеткен үй иесі сасқалақтап «Жүке, қош 
келдіңіздер, сіздерге ет асайық па әлде қуырдақ қуырып 
жіберсін бе?» деп жүгіріп жүр дейді. Сонда саспайтын Жүкең 
«Үйлеріңізде қазандарыңыз біреу-ақ па еді?» деген екен.
* * *
Алматы қаласындағы бір думанды тойдың үстінде жетісу-
лық әнші Нұржан Жанпейісов қазақтың халық әні «Жиырма 
жеті қызды» шырқайды. Тойға келген қонақтардың орта сында 
отырған Жүрсін Ерман үзіліс кезінде кездесіп қалған ән шіге 
«Нұржан, жаңағы орындаған халық әні бұрында «Он алты қыз» 
сияқты еді ғой. Қалған он бірі қайдан келген? Оралмандар ма?» 
деп жұртты ду күлдіріпті.
* * *
Алматыға айтысқа келгенде ақшасы таусылған ақындардың 
біразы Жүрсін Ерманнан қарызға ақша алып жүреді екен. 
Алған ақшаларын кейде қайтарады, кейде ұмыттырып қайтар-
майды дегендей. Сондай бір айтыстың кезінде Жүрсінге ерке-
леп жүрген екі інілері қарызға ақша алса керек. Айтыс тың 
соңында Жүкең әлгі екі ақынды сахнаға мақтап отырып ша-
қырып, қолдарына «арнайы сыйлық» деп бір-бір конверттен 
ұстатады. Айтыстан жүлде алдық деп марқайған ақындар сахна 
сыртына шығып конвертті ашса ішінде ақша емес, бүктеулі 
ақ қағаз жүр дейді. Сөйтсе Жүрсін бір суретшіге екі саусақтың 
арасына бас бармақты шығарған суретті салдырып конвертке 
салып қойған екен. Қарызды қайтарып алудың әдісін ойлап 
тапқан Жүкең екі інісіне дайындаған «арнайы сыйлығын» ел 
алдында тапсырып, конверттің ішінен өзінің қарызға берген 
ақшасын алып қалған екен.

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
378
* * *
Бірде Қарт Каспийдің жағасындағы Ақтау қаласында 
дүбірлеген айтыс өтеді. Айтысты ұйымдастырушылардың 
ішінде намаз оқитын діндар азаматтар да бар екен. Сол 
ұйым 
дастырушылардың бірі адамдармен қоштасқан кезде 
«Иншалла, жұмақта жолығайық» деген сөзді әдет қылса керек. 
Айтыстың соңында әлгі намазхан жігіт келген қонақтар мен 
қоштасып тұрып әдеттегі сөзін қайталай береді. Содан мезі 
болған Жүрсін: «Сен елдің бәрін жұмаққа шақырып алып, біз 
барғанда өзің болмай қалып жүрме!» депті.
* * *
Ақын Рафаэль Ниязбеков бір отырыста Жүрсінді мақ-
тауын жеткізейін деп: «Жүрсін деген арыстан кеуделі, жол-
барыс жүректі азаматымыз ғой» деп бастай жөнеліпті. Оң тай лы 
сәтті қалт жібермейтін, қазақы қалжыңға жүйрік Жүкең: «Оу, 
Рафеке, мақтаймын деп менің кеудемді зоопаркке айнал ды рып 
жібердіңіз ғой» деген екен.
* * *
Жүрсін Ерман «Қазақ радиосында» Бас директор болып 
жүрген кезінде қарамағында істейтін пародияшы Олжас 
Сыдықбеков бір асығыс жағдайлармен жұмыстан сұра 
нуға 
барады. Түскі үзіліске шығып бара жатқан бастығымен қара ма-
қарсы кезігіп қалған Олжас: «Жүрсін аға, сізде бір ша руам бар 
еді» дейді қипақтап. Жүкең: «Түстен кейін кел» дейді. Жаңағы 
жағдайдан кешігіп қалам ба деп қауіптенген Олжас: «Түстен 
кейін ешқайда кетіп қалмайсыз ба?» деп тақым дайды. Жүкең 
болса «Ей, енді саған ант-су ішейін бе?» деп бұры лып кете 
береді. Біршама уақыттан соң төменгі қабатқа түскен Олжас 
бір шаруаларымен бөгеліп тұрған бастығына тағы қарама-
қарсы кезігеді. Сонда Жүкең: «Олжас, сен бағана ма ған түстен 
кейін орныңызда отыратын болыңыз дедің бе, не деп едің?» деп 
қулана күліпті. 

379
* * *
Меценат Өмірзақ Сәрсеновтің ауылы Бақанаста өтетін 
бір айтысқа бара жатқан бір топ зиялы қауым жол ортада 
көліктерін тоқтатып, табиғат аясында тыныстап тұрады. Белгілі 
әнші Бекболат Тілеухан қасындағы Жүрсін Ерман, Өмірзақ 
Сәрсенов, Мақпал Жүнісова, Олжас Сыдықбеков т.б. бір 
қауым адамдардың ортасында өзінің Шерхан Мұртаза, Ақселеу 
Сейдімбек сияқты белгілі адамдарға қалай үйреткенін әң гіме-
леп айтып тұрады. Әңгіме қыза келе Бекболат насыбай ату  дың 
мәдениетін көрсетпек болып қалтасынан шақшасын із дейді. 
Сөйтсе ол анадай жерде тұрған көліктің ішіндегі костюм нің 
қалтасында қалып қойған екен. Қасында тұрғандардан шақ-
ша сұраса, олар да көлікте қалдырғандарын айтады. Шақша-
сын алдырмақшы болған Бекең өзі отырған көліктің шопы-
ры ның атын есіне түсіре алмай «Асхат, Мақсат, Қанат, Самат» 
деп бірнеше адамның атын атап шақыра бастайды. Бір жерге 
жиналып алып өздері қауқылдасып отырған шопырла 
 
рдың 
ешқайсысы оған селт ете қоймайды. Бір кезде Жүрсін өзінің 
ерекше қоңыр даусымен гүж етіп: «Әй, шопыр бала, сенің 
атың кім еді?» дегенде ғана назар аударған жүргізуші жігіт: 
«атым Ербол» дейді сасқан кейіпте. Сонда Жүкең Бекболатқа 
бұрылып: «Жаңағы сен айтқан аттардың мынаның ішінде бір 
әрпі де жоқ қой» депті.
* * *
Жүрсін Ерман Қазақ радиосын басқарып жүрген кезде 
жақында ғана тұрмысқа шығатын хатшы қыз «ауырдым» деп 
сыл тау айтып жұмысқа бірде келіп, бірде келмей жүріпті. Хат-
шы қыздың сылтауынан мезі болған Жүкең: «Егер күйеуге 
тиген денсаулығыңа жақпаса ажырасып кет» деген екен.
* * *
Парламент Мәжілісі тарағаннан кейін бір үйде қонақта 
отырған бұрынғы депутат Бекболат Тілеухан: «Жұмысы 
жоқтық, тамағы тоқтық, Аздырар адам баласын» деп Абай 
дәл айтқан. Сол замандағы Абай атамыздың сөзі қазіргі біздің 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
380
жұмыссыз жүрген жастарымызға айтылған сияқты» деп өз 
пікірін ортаға салып отырады. Сонда қонақтардың ара сында 
тыңдап отырған Жүрсін: «Бекболат, сен осы қазір жұмыссыз 
жүр емессің бе?» депті түк білмегендей.
* * *
Бір күні Қазақ радиосындағы Бас директор Жүрсін Ерман-
ның кабинетінің алдында отыратын хатшы қыз қа 
зіргі 
жастардың сән үлгісі бойынша екі құлағына үлкендігі өзінің 
басының жартысындай дөңгелек сырға тағып келіпті. Соны 
байқаған Жүкең: «Сен өзі құлағыңа люстра тағып алғансың 
ба?» деген екен.
* * *
Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Бала би 
ауылына ат басын бұрған Жүрсін Ерманның қасында құр-
дасы Жұмабай Шаштайұлы да бар екен. Үй иелері анау-мынау 
шаруасымен сыртқа шығып кеткен кезде Жұмабай: 
– Бұл қыпшақтар – ежелден жауынгер халық. Осы үй де 
қыпшақтардікі емес пе. Қорықпай орталарыңда отырғаным-
ның өзі ерлік емес пе? – деп қалжыңдапты. Сонда Жүрсін:
– Ей, шапырашты Шаштай! Осы үйде менен басқа қып-
шақты қайдан көріп отырсың? Қорыққанға қос көрінеді деген 
осы екен ғой! – депті.
Ел аузынан жинаған
Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗИН.

381
МАЗМҰНЫ
І бөлім. ӨЛЕҢДЕР
ҚАЛАСАҢ ҚАБЫЛ АЛАРСЫҢ .................................................................. 3
ӨСКЕМЕН ................................................................................................... 4
ҰЛЫТАУДЫҢ ҚЫМЫЗЫ........................................................................... 6
ІЗДЕУ САЛУ ................................................................................................. 8
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫНА ТАЛАСУ ....................................................... 9
ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫ ............................................................................... 13
ДАРХАНҒА  ................................................................................................ 15
АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ ................................................................................. 16
ӨЗІМШІЛ ӨЛЕҢ........................................................................................ 17
АҚЫННЫҢ ҮЙІ НЕМЕСЕ
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ ҮЙІН ҚИРАТУ ........................................ 18
ДИЛЕММА ................................................................................................. 19
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ҚАБІРІНІҢ БАСЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ЖЫРЛАР .... 20
ЕРТЕГІ ........................................................................................................ 23
ТЕРІСАҚҚАН ............................................................................................ 25
ТҮНГІ ТАКСИ ........................................................................................... 26
ЫРҒАЙ ЖЫРЫ .......................................................................................... 28
НӘПСІ ДЕГЕН КЕСЕЛДІҢ ...................................................................... 29
ЕКІ СУРЕТ ................................................................................................. 30
КҮЗГІ ЖЫР ................................................................................................ 31
ЕРТЕРЕКТЕУ ЕРЖЕТІППІН ................................................................... 32
ТҰРМАҒАМБЕТТЕН ТӘРЖІМА ............................................................. 33
ӘЙЕЛГЕ ОДА  ............................................................................................ 34
БАҚ ПЕН СОР............................................................................................ 36
ТАЛҒАР ТАУЛАРЫ.................................................................................... 40
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТӘУЕЛДІЛІК .............................................................. 41
БАС (Мұхтарға) .......................................................................................... 43
ҚАРАҒАНДЫ ............................................................................................. 44
МҰСТАФА ШОҚАЙ .................................................................................. 46
АБАЙҒА ӨКПЕЛЕУ .................................................................................. 48
ҚАЗАҚ БАЛАСЫН ҚАЙРАУ .................................................................... 49
АҚЫННЫҢ ЖАРЫ ................................................................................... 51
БАУЫРЖАН ЖАҚЫП ............................................................................... 55
САЙЛАУ БАЙБОСЫН .............................................................................. 56
ҚАСЫМ ӨЗІ ТУРАЛЫ .............................................................................. 57
ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ ................................................................. 60

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
382
ІІ бөлім. КӨРКЕМ ОЧЕРКТЕР
БАҚАНАСҚА БАРАСЫҢ БА... ................................................................. 70
БІЗ АУЫЛҒА БАРҒАНДА.......................................................................... 77
ҚАҢҚЫЛДАП ҚАЗДАР ҰШҚАН КҮН .................................................... 85
БАРАЙЫН ДЕСЕМ, ЖЕР ШАЛҒАЙ ....................................................... 90
ІІІ бөлім. ЕСТЕЛІК-ЭССЕЛЕР
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ......................................................................... 97
САҒАТ ӘШІМБАЕВ .................................................................................110
ОРАЛХАН БӨКЕЙ ЖӘНЕ ОПАСЫЗ ЖАЛҒАН ....................................118
ҚАҒАЗДАЙ АППАҚ АҚСЕЛЕУ АҒА ......................................................128
Даладай дарханым, теңіздей тереңім ...............................................130
Ақселеуді аттандыру .........................................................................135
ЗАҢҒАР .....................................................................................................136
ҚҰЛМАМБЕТТІҢ ҚҰЛЫНЫ ..................................................................148
IV бөлім. СҰХБАТТАР
«СОҢҒЫ 7 жылда АЙТЫС АҚЫНДАРЫ  ...............................................156
50-ден АСТАМ МАШИНА МІНІПТІ» ....................................................156
АЙТЫСТЫ 2013 жылдан БАСТАП ЮНЕСКО 
ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ ДЕГЕНДІ ЕСТІП, ҚУАНЫП ОТЫРМЫЗ ......163
«АЙТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА
 АЛУЫ ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ...» ..............................................175
БӘРIНЕН ДЕ ҚАРА БАСЫНЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ҚАУIПТI ........183
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» ДЕГЕН ҰЛТТЫҚ РУХТЫ СIҢIРМЕСЕК, 
ӘРI-СӘРI КҮЙ КЕШКЕНIМIЗ КЕШКЕН ............................................187
«БIР ӨЛЕҢ – БIР ӘЛЕМ» ЖЫР МҮШӘЙРАСЫН
КӨРУГЕ ҚАЛАМГЕРЛЕРIМIЗ КЕЛГЕН ЖОҚ ......................................190
КЕЗIНДЕ АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢДЕРIН БАСТЫРУҒА 
МҮМКIНДIГI БОЛҒАН ЖОҚ .................................................................192
ӨЗ ӨНЕРІМІЗДІ ӨЗІМІЗ ТҰНШЫҚТЫРДЫҚ .....................................194
ЕНДІ АЙТЫСТЫҢ МАҢЫНАН ЖҮРМЕСПІН ....................................200
«АБАЙДАН ҚАЛҒАН ҚАЛАМ АМАН БОЛСЫН!» ................................206
V бөлім. ӘРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗІ
А.Бөкен. ҰЛЫТАУ, ҰЛАРДЫ ЕМЕС, ҰЛЫҢДЫ ОЙЛА .........................212
Ж.Бөдешұлы. ҚАЛАМНЫҢ СЫРЫН ҚАЛАМ БІЛЕДІ ...........................220
Р.Ниязбек. ҚАРАӨЛЕҢНІҢ ҚАРАГЕРІ...................................................226
С.Жәмкенұлы. АЛАШТА АТ ОЗДЫРҒАН МӘШҺҮР ЖҮРСІН ..............234
Б.Мырзабеков. ЖҰРТЫНА ЖАҚЫН ЖҮРСІН АҚЫН ...........................245
Б.Жақып. АЙСБЕРГ (Ақын Жүрсін Ерман шығармашылығы хақында) .....250

383
К.Әмiр-Бек. ЖҮРСIН, СЕН КIМСIҢ? .....................................................261
С.Ақсұңқар. «О, ТӘҢIРIМ! ҚУАТ БЕРШI ҚАЛАМҒА...»........................272
ҰЛЫТАУДЫҢ ҰЛАР АҚЫНЫ ................................................................281
Қ.Ергөбек. ЖОЛАЙЫРЫҚТА НЕМЕСЕ ЖАРЫЛМАҒАН 
                    ЖАНАРТАУ! .............................................................................289
Б.Жағыпарұлы. ӘКЕДЕЙ ҚАМҚОР, АҒАДАЙ ЖАНАШЫР... ..............302
Б.Халиолла. ҚЫПШАҚТЫҢ ҚАЙҚЫ ҚЫЛЫШЫ НЕМЕСЕ
                       ЖҮРСІН ЕРМАН ЖАЙЛЫ АЗ СӨЗ .....................................306
ҰЛЫТАУҒА ІНІ ТАУ ................................................................................310
Ұ.Есдәулет. ЕСІМІ ЕЛГЕ ЕЛЕУЛІ ............................................................310
Ф.оңғарсынова. «ҚАЛҒЫП КЕТПЕ, ҚАЗАҚЫ ҚАНАҒАТЫМ» .............317
С.Қирабаев. ЖҮРСІННІҢ ЖЕЗКИІК ЖЫРЛАРЫ ..................................322
С.Иманасов. ЖҮРСІН ӨТКЕН ЖОЛ ........................................................334
Н.Омашұлы. ЖҰРТ КҮТЕТІН ЖҮРСІН ...................................................343
А.Есенжол. ТЕКТІ ТАЛАНТ......................................................................347
VІ бөлім. ЖЫР ШАШУ
Ғ.Жайлыбай. ҰЛЫТАУҒА БАРДЫҢ БА?... ..............................................351
Т.Молдағалиев. ІНІМ ЖҮРСІНГЕ ............................................................353
                              ЖҮРСІНГЕ .......................................................................354
Р.Ниязбек. ЖЕРДЕ – ДИМАШ ЖАСАЙДЫ, КӨКТЕ – ҚҰДАЙ ...........356
С.Иманасов. ЖҮРСІН ТУРАЛЫ СӨЗ .......................................................357
Ө.Сәрсенов. ЖҮРСІНГЕ! ............................................................................359
К.Құныпияұлы. ЖЫР ЖАЛАУЫ ................................................................360
Н.Айтұлы. ДЫБЫСЫҢДЫ ЕСТИМІН....................................................361
С.Асқар. ЖҮКЕҢЕ! ....................................................................................363
А.Асылбек. ЖҮРСІНГЕ! .............................................................................364
Б.Батталғазин. ЖҮРСІНГЕ  ....................................................................364
Б.Имашев. АЙТЫСТЫҢ АТАСЫ .............................................................366
ЖҮРСІН ЕРМАН – 60 ЖАС   ...................................................................367
К. Еңсебаев.ЖҮРСІН ІНІМЕ (ақынмен кездесу кешінде) ..........................368
А.Мұқибек. БІР СУРЕТ ..............................................................................369
Ә.Әбдіманапұлы. ЖҮРСІН ЕРМАНҒА ......................................................370
Б.Айнабеков. ЖҮРСІН КЕЛДІ ШИЕЛІГЕ................................................371
Т.Сарыбайұлы. ЖҮРСІН ЕРМАНҒА .........................................................372
Қ.Әбілдәқызы. СІЗ БАҚЫТТЫ ЖАНСЫЗ ................................................373
Т.Жанысбаев. АЙТЫС ТУРАЛЫ...............................................................374
VІІ бөлім. 
ЖҮРСІННІҢ ҚАЛЖЫҢДАРЫ ................................................................376

Бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы
Құрастырған Оңалбай Садықов
Көркемдеушi редакторы Кенжеғазы Айтжұманұлы
Суретшi  Нұрмұхамбет Наурызбаев 
Корректоры Салтанат Әшімова
Басуға 02.09.2013 ж. қол қойылды. Қалыбы 84х108
1
/
32

Басылымы офсеттiк. Қарiп түрi «DS Times». 
Шартты баспа табағы 20,16 б.т. Таралымы 2000+600 дана. Тапсырыс №
«Ан Арыс» ЖШС, 050000, Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 105. 
Тел.: +7 (727) 272-51-84, 261-60-67, факс: +7 (727) 261-62-13.
ЖШС РПБК «Дәуір», 050009, Алматы қ-сы, Гагарин даңғылы, 93а, 
      Телефон: +7 (727) 394 39 22, +7(727) 394 39 34, +7(727) 394 39 42
E-mail: rpik-dauir81@mail.ru, rpik-dauir2@mail.ru
Өлең дер мен әдеби-сын мақалалар, 
сұхбаттар, көркем очерктер


1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал