Өлең дер мен әдеби-сын мақалалар, сұхбаттар, көркем очерктер




бет14/23
Дата14.09.2017
өлшемі19 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

– Жүрсін аға, «Қазақстан» ұлттық телерадиосының бас 
директорлығы қызметінде санаулы ай ғана отырдыңыз. Оның 
өзіндік себептерін белгілі бір басылымға берген жауабыңыздан 
оқырмандар қанық. Өкініштісі, сіздің жоспарлап, дайындыққа 
кіріскен біраз жобаларыңыз жүзеге аспай қалды... 
– Менің бүкіл саналы өмірім 1971 жылдан бері Қазақстан 
телерадиосының шаңырағының астында өтіп келеді. Бірде 
босағасына шығып қалам, бірде төріне көтерілем. Радио ны 
көркейтем деп қатты қажырмен кірісіп едім, көкейін ақша 
тескен қулар жұмыс істетпеді. Бірақ өзіме сенген адам дарды 
далада қалдыру – дағдымда жоқ.Ең бастысы қызмет емес, 
Абайдан қалған Қалам аман болсын!
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан 
Қызжібек БӘКІР.

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
212
ҰЛЫТАУ, ҰЛАРДЫ ЕМЕС,  
ҰЛЫҢДЫ ОЙЛА
Қ
азақта қасиетті жер көп. Олардың атауы құлаққа 
сіңіп, көңілге орнығып қалғаны сондай – бармасаң 
да барғандай, көрмесең де көргендей ғажайып күй 
кешесің. Солардың бірі – Ұлытау. Кешегі ханы қарашасымен 
табысқан, биі тәмам жұртымен тоғысқан мәйекті мекен. 
Ұлытаудың тарихы таңға таусылмас, жылға жеткізбес, ғасырға 
қол ұсындырмас. Елдің ел, жердің жер болып қалуы таразы 
басына түскен алмағайып заманда Үш жүздің басын үркінші 
жауға қарсы біріктірер бәтуәлі сөз, баталы байламның кіндігі 
кесілген киелі қоныс бұл.
Біздің бүгінгі әңгімеміз сол Ұлытаудан түлеп ұшқан ұл 
– ақын Жүрсін Ерманов, оның жырлары жайында. Ол орта 
мектептен соң-ақ арман қала – Алматыға аттанды. Артта ақ 
жаулықты анасы мен ұлылығы ұлысқа жеткен Ұлытау қалып 
бара жатты. Көңіл толқып, жүрек елжі реді. Артына қарай-
қарай беймәлім сапарға аттанып бара жатқан бала ақынның 
көңі ліне: 
V бөлім.
ӘРІПТЕСТЕР ЛЕБІЗІ

213
Ұлытауым, ұлығым, ұлтым ме нің,
Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін. 
Ұларыңды ойлама,
Ұлыңды ойла
Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім, – 
деп басталатын жыр шумақтары елес берген. Етек-жеңін 
жинап, іргелі өлең еткені – кейін.
Жігіттің жақсы болмағы – алды  мен өзінен, сонсоң туған 
топырағы мен жүрген ортасының шарапатынан. Алланың 
рақы 
мы 
мен Жүрсін осы екеуінің де мейрім-шафхатын тел 
емген жігіт. Қазақы қасиеттің құнарына жары ған Ұлытау өз 
алдына, балаң жігіттің Алматыда топ еткен ортасы да ойлы 
жасқа өріс бола алар өнеге өлкесі болып шықты. Өлең деп 
аласұрған өршіл жүрек өзінің орны өзге емес, осы Алматыда 
екенін бағамдаған. Бұл бір қазақ өлеңіндегі ғажайып жылдар 
еді. Тұс-тұстан аңыздай шапқан жас тұлпарлар – Жұмекен мен 
Қадыр, Тұманбай мен Мұқағали бастаған әлеуетті ақындар 
дәстүрлі қазақ поэзиясын түр мен мазмұн жағынан түкті кілем 
түгіндей түр ленте бастаған. 
Сәтін салғанда жас Жүрсін өлең дегі өз бағытын тез айқын-
да ды. Оған себеп – біреулер өзінен өлең іздесе, бұл өлеңнен 
өзін іздеу ге кірісті. Өлеңдегі өзін, өзінің «менін» жер басып 
жүрген басқа да көптеген «мендермен» кіріктір 
ген 
де ғана 
оқырманға ұғынықты ақын бола алатынына кәміл сенді. Ол 
үшін ақынмын деп асқақтамай, жарық дүниенің барша азабы 
мен тозағын тартып жүрген жұмыр басты пенде атаулының 
қатарында қалуың керек екен. Солардың күлкісімен күлкің 
қабысып, олар дың қайғы сымен қайғың табысуы керек екен. 
Оқырман мен ақын ара 
сын 
дағы шынайы тазалықтың осы 
саты сына көтерілгенде ғана өлең дегі «меннің» «гөй-гөйі» бас-
қа лардың да «гөй-гөйіне» ұласпақ. Жүрсін ақынның феномені 
– осы гәпті әу басынан ұғынуында.
Қуанбаймын бұл күні,
Қосылды деп жасқа жас.
Мәңгіліктің мылтығы,
Мені бейғам тастамас.
Азайғандай аптығым,
Басылғандай ыстығым.

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
214
Шөлге айналып шаттығым,
Көңіліме түсті мұң.
… Қасіреттің көгенін,
Қайратым жоқ елемес.
Күліп тұрмын дегенім,
Жылағаннан кем емес.
Уыты бар көңілде, 
Жазылмайтын жараның.
Неге келдім өмірге,
Неге кетіп барамын.
…Ұзап бара жатқандай,
Келешектің кемесі.
Удың дәмін татқандай,
Уылжимын.
О, несі?!
«Дүние жалған», – 
деп тер мелейтін өмір мен өлім фило софиясын өз «менінің» 
кебімен осын ша дәл, осынша айқын, осын ша мұңлы суреттеу 
сол фило 
софияның қор 
ғасындай ауыр сал 
мағын мамықтай 
нәзік жүре гі мен сезіне алатын ақынның қолы нан ғана келсе 
керек. Бұл бір ауыз сөзімізді өлеңнің іші (мазмұн) дейік. Ал, 
сырты (түр) қандай? Ақын ойын ора 
 
лым 
ды және суытпай 
жедел жет кізу үшін өлшемі қысқа тармақты әдейі таңдап алған. 
Себебі, осы ой ды он бір буынға салса жыр  дың сезімге тиер 
серпінділігі ке міп, етер әсері тармақтың өзіндей ұзақ сонар 
болып кетер еді.
Хас ақынның жыры қашанда ха лықпен ортақ. Ақын ауы-
лында Құлжанбай құмы деген жер бар екен. Сол құм бер тін 
келе азып-тозып, кеудесі басылып, жайылып кетіпті. 
Көзін дейсің  бұрынғының,
Сұрар енді сырыңды кім?
Жым-жылас боп жыйылыпсың
Мен де өзгердім
Жырындымын.
Жүрегім бар жырым-жырым.
Дәл осы шумақ кіндік қаным тамған менің Қарасуыма да 
қарата айтылғандай. Құлжанбай құмы секілді оның да азып-

215
тозып кеткені қашан?! Елі көшкен, еңсесі түскен ауыл өзгер-
генде қауым өзгермей ме? Бір кездегі жақсысы жы рын ды ға, 
жақсы ісі сырындыға айналған. Тозған төбенің тозағын ойлаған 
ақын жүрегі жырым-жырым бол ғанда, сіздікі де қайбір бүтін 
дейсіз. Егер «Құлжанбай құмынан» мен секілді басқалар да өз 
ауылын көріп жатса, ақын үшін бұдан асқан дәлдік, көрегендік 
бар ма?! Осынау тауды кесіп, көкті тесіп жатқан темір ғасыр 
заманында аспан асты, жер үстіндегі тұнығы шайқалған барша 
жара ты лыстың қам-қарекетіне алаң болмас пенде баласы кем 
де кем шығар. Жұрт бір ойласа, ол екі ойлайтын Ақын жүрегінің 
дүр сіліне құлақ түріп көрейік.
Бұландының жоқ бұланы,
Құландының жоқ құланы.
Бүркіттінің биігінде,
Қалқымайды көк қыраны.
Бұғылының бұғысы жоқ,
Тағылының тағысы жоқ.
Теңіздердің тереңі жоқ,
Өзендердің ағысы жоқ.
Сәуір нөсер төкпегелі,
Таңсық қырдың көктегені.
Құлындардың желісі жоқ,
Қозылардың жоқ көгені.
Атымыздың тұрманы жоқ,
Айтымыздың құрбаны жоқ.
Бәтуә жоқ ісімізде,
Сөзіміздің тұрлауы жоқ.
Бәрі жоқ боп жатқан ұдай,
Берекесіз шақта бұлай.
Иманы жоқ адамдарға
Иланудан сақта, құдай!
Түсінік-түсіндірмеге зәру емес осы өлеңнің астарынан 
не аңғар 
дыңыз, ағайын. Барша қазақ болып жоқтау айтса 
көп болмайтын әлгі жоғалтулар туралы өлеңнің түп-түйінін 
ақынның иман 
сыз 
дық 
қа әкеліп тіреуі қалай?! Әлде бас-
қа бір тоқтам таппағаны ма? Бар лай қарап, бағдарлай сара-
ласақ, олай емес екен. Бірақ бар пәле нің басы дәл осы иман-
сыздықта жатқан жоқ па?! Имансызды, жалпы, адам деуге бола 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
216
ма өзі? Болмаса, имансыздық көбей ген сайын Абай айтқан 
«толық адам» да азая бермес пе? Құлан, бұлан жайына қалып, 
жоғалтудың көкесі сонда болмас па?! Ойға мырза, сезімге 
шүлен жыр осындай болса керек-ті.
Жүрсін – философ ақын. Оның ақындық болмысын бедер-
леп тұратын – ойға келгенде соны лық, пікірге келгенде тап -
қыр   лық, қисынға келгенде мер гендік, өлең архитектурасына 
фигураларды (теңеу, эпитет, метафора, градация, т.б.) қолда-
нудағы шеберлік, әуезділікті арттырудағы (аллитерация, ассо-
нанс) сезім 
тал 
дық – сол философтығынан тамыр тартып 
жатыр. Ақындықтың да түрі көп қой. Әйтсе де, ойшыл болғанға 
не жетсін.
Жүрсіннің ешкіммен енші бөліс пес, дара қолтаңбасын ай-
қын дайтын ендігі бір өлеңі – оның «Құстың көлеңкесі» атты 
кіта бына енген – «Қасым Аман жо ловтың үйін қирату»
Дегені қайда басылды құйын,
Ақылым жетпей, ашиды миым.
Виноградов көшесіндегі,
Қиратып жатыр
Қасымның үйін.
Шақыр да шұқыр шаққанда әйнегін,
Ажалдың сездім ақпандай лебін.
Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды,
Кеудемді бұзып жатқандай менің.
Жырды қорғаудың кешікті ережесі,
Қирады, сынды есік-терезесі.
Сәби жырлардың бесігі еді,
Бар еді сонша бесікте несі?
Жүйрігім еді жыр көшіндегі,
Бауырын жазып бір көсілмеді.
Қиратып жатыр Қасымның үйін,
Біздің үй соның іргесінде еді.
Айналасы алты-ақ ауыздан тұра  тын қасіретнама. Көтерген 
мәселесі осынша өзекті, құрған өрмегі осынша өрнекті, айтар 
пікірі осынша салмақты, беру тәсілі осынша сіңімді осындай 
отыз өлеңнің өзі бір ақынның маңдайына олқы дәулет болмас 
еді-ау деген ойға қаласың.
Жүрсін Ерман – тосын ойдың, қиғаш контрастың, қида-
ласқан пікір дің ақыны. Оның өлең дері нің тақырыбы да, сол 

217
тақырыпты алып шығар кілті де – өмірдің қара пайым деталь-
дарынан тұра ды. Әрине, жыртылып, айырылар жай деталь-
дар емес, жырдың жү гін артуға жарайтын – бірі жа ныңды 
жадыратар, бірі жүйкеңді жұлқа тартар қарапайым пенде 
баласының басынан өтіп жатқан өмір өрнектері. Ол өрнек – 
ұста лықпен келер өрнек. Тақырып таби ғатын, соған сай тіл 
құралын таңдап түйсінумен келетін ісі қиын жұмыс. Осыны жіті 
сезінген ақын «Абайға мұң шағу» атты шоғыр өлеңінде Абай 
заманынан бері титтей де өзгермеген қазақты ақын атаның өз 
лексикасымен «айыптайды»;
…Қайдан болсын жыр өзге,
Қазағың сол баяғы.
Біреуі – қырт, бірі – езбе,
Сөзінің жоқ баяны.
…Таусылады амалың,
Ойлап сор мен азабын.
Өзгергенмен заманың,
Өзгерген жоқ қазағың.
Жалпақ орманның қасиетін зерттеу үшін оның қажетті бір 
ағашын кесетіні сияқты, жайқын көлдің дәмін білу үшін бір 
тамшысын таңдайға басатыны сияқты, торсық тола қымыздың 
қызуын сезіну үшін жалғыз ғана шарасын сіміретіні сияқты, 
Тұманбай мен Қадырдың қандай ақын екенін білу үшін олардың 
отыз томын қопармай-ақ ортасынан бір томын суырып алуға 
болатыны сияқты мен де Жүрсін Ерманның шығарма шы лығы 
туралы пікірімді оның бұрын-соңды шыққан жинақ та ры ның 
бәрін ақтарыстырмай-ақ сұрыпталған бірнеше кітабы ар қылы 
білдіруге бейіл болдым. Үшбу пікірімді түюге іші шелді үш 
кітабы еш олқылық еткен жоқ.
Мәселе көлемде емес, өлеңде екен. Қасымның жалғыз 
томы бар, қандай қанағат. Ілиястың жалқы томы бар, қандай 
қанағат! Абайдың «жарты» томы бар, қандай қанағат!!! Егер 
Абай атаның қарасөздері мен аудармаларын әрі қарай қоя 
тұрып, «таза өлеңін» түптесек, тоғыз баспа табақтан аспас 
еді. Бірақ содан кемдік көрдіңіз бе?! Қазған сайын ырысы ие 
бермейтін кеніш. Жүзген сайын жиегі жеткізбейтін телегей. 
Өлеңімен жиырма том шығарған замандасым бар. Шығар-
сын, көп демеймін. Жал ғыз том жазған қаламдасым бар. Аз 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
218
демеймін. Өйткені, жілігі майлы, жарағы сайлы. Әйткен мен, 
қазан үлкен болған сайын көже сұйық болатынын ескер ген жөн. 
Таңсық үшін емес, тағылым үшін айта кетейін. Осы жолы өзім-
ше бір эксперимент жасадым. «Құстың көлеңкесінің» қолым 
тиген кез келген жерін кездейсоқ ашып сол бетте тұрған өлеңді 
оқыдым. Осыны кемінде он-он бес мәрте қайталадым. Сонда 
барлық жағдайда да қанжығаға қызыл түлкі байладым десем, 
сізге өтірік, маған шын. Осы жұмысты дайындау барысында да 
осы тәсілді қолдандым. Қалып тасқан дағды бойынша тұздығы 
күшті ой орамдарын іздеп ой мен қырға шапқылағаным жоқ. 
Әрине, «жақсы өлеңді асырайтын» (Қасым) өлең Жүрсінде де 
бар болар. Бірақ кемел қолдан шыққан орта өлеңнің өзінен 
келелі кеңес табуға болатынына көзіміз жеткен пақырмыз.
Міне, «антқа» берік әдетпен кітаптың тағы бір жерін ашып 
қалдым. «Қыстаудағы көктем» екен:
Марғаусып кәрі төбет те,
Шуақпен жүрек жалғайды.
Шаңыраққа жайған көп етке,
Көзінің қырын салмайды.
Иә, алып-жұлып бара жатқан не бар дерсіз. Солай-ақ 
дейік. Бірақ алыста қалған сонау бір ауылдағы қыстағың ның 
көрінісі, сол бұйығы қыстауда өмір кешкен балапан кезіңнің 
бейнесі келмей ме көз алдыңа. Басынан аттап өтсең де мыңқ 
етпей, алдына ақ түйенің қарнын жарсаң да ашқарақтық 
танытпай көзін ашып-жұмып қалғып жататын қара төбетің нің 
елесі тұрған жоқ па мұнда? Әлде іргесін көң мен сабан көмген 
шарбақтың түбіне құйылған көктемнің алғашқы алтын шуағын 
да ұмытқаның ба?
Әр ақын өзінше бір құпиялы әлем десек, Жүрсіннің құпия-
сы неде деген сұрақ бой көтермек. Біз оның құпиясы жай көзге 
елеусіз көрінер құбылыстан елеулі ой түйіп, оны оқыр манға 
әсерлі түрде жеткізе алуында дер едік. Мәселен, темекінің 
тұқылын тас тайтын күлсалғыш сөз етуге тұрар нәрсе ме? Ал 
Чехов содан да әңгіме жасай аламын деген ғой.
Қарасөздің хас шебері Жүсіпбек Аймауытов Чеховтан 
да асып түскен. Өйткені, Антон Павловичте тым болмаса 
қолға ұстар күлсалғыш болса, Жүсекең көзбен көріп, қол мен 
ұстауға болмайтын елестен (!) «Елес» атты әңгіме жазғаны 
белгілі. Газет тапсырмасы бойынша аса шұғыл жазылға нына 

219
қарамастан, онысы алтын қасықтай жинақы, жұмыр дүние 
болып шыққан. Чехов атап көрсеткен «қысқа лық тың» шартын 
Жүрсін де жақ сы ұғынған сияқты. Оның етек-жеңі жинақы 
һәм ойлы өлеңдері шұбалаңқылыққа әсте жол бер мейді. Ал 
техникасының тастай беріктігі ақындық стихиясының мықты 
екенін көрсетеді. Өлеңде «ойдың сыйымдылы ғы» деген ұғым 
бар. Бұл – шу мақ қа орналасқан ойдың салмағын, қоюлығын 
айқындауға байланыс 
ты шыққан термин. Жүрсін Ерманов 
табиғатынан ойшыл ақын болғандықтан оның жырлары осы 
термин талабына сай келіп отырады. Бұдан ақын өлеңде рінің 
«ыдысы» кең екенін әрі ол шығымы мол ойға шүпілдеп толып 
тұратынын аңғарамыз.
Жүрсін – нақтылықтың ақыны. Оның туындылары 
ның 
бойы да, ойы да жаныңа жақын келіп, жанарыңа анық көрі-
ніп тұрады. Ол біреулер секілді бұлтпен араласып, бұл дырап 
жүретін аспан ның ақыны емес, табанын төс кейге тіреп тұрған 
Жердің ақыны. Бейнелей айтсақ, табаны топы 
рақтан қуат 
алатын Антей сияқты. Мен хал-қадерімше Жүрсін ақын  ның 
өлеңдерін өзім қандай қызы ғушылықпен қабылдасам, өзге -
лер  де  сондай  қызығу шы лық пен  қа был дайтындай  етіп  түсін -
ді руге тырысқан-ақ едім. Шықпаған се кілді. Қысқа қайырым-
ның қауы зына батыр бабаның мол пішілген ұрпағы сый маған 
секілді. Көңілде мен жеткізе алмағанды оқырман өзі тауып 
алар деген үміт қалды.
Жүрсін Ерманнның 2010 жылы жарық көрген «Ырғай» атты 
кітабында атақты Қасым ақынның монологы іспетті «Жыр – 
аманат» аты өлең бар екен. Сол монологта Қасым ақын рухы:
Зираттың зыр қаққанмен іргесінде ел,
Жан бар ма мені өзімен біргесің дер?
Талайлар әлі мені күндесім дер.
Ақынның хақын жеген ел оңбайды.
Тірілер, өлеңімнің жүлдесін бер, – 
деп тебіреніпті.
Иә, ұлы ақын Қасым да, оның ізін басқан інілері де аламан 
бәйгеде жүлделі болып жатса, қазақ өлеңінің өркені өсіп, 
абыройы асқақтады деген сол емес пе?!
Абзал БӨКЕН
ақын, халықаралық Алаш 
сыйлығының лауреаты.

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
220
ҚАЛАМНЫҢ СЫРЫН ҚАЛАМ БІЛЕДІ
А
қындық болмыс – анау-мынау кәлләні місе тұт-
пайтын үлкен тақырып, үлкен дулыға. Дулығаны 
– батырдың батыры, оқымыстының оқымыстысы 
кисе ғана жараспақ. Мен Абай, Мағжан, Қасым, Жұмекен, 
Мұқағали сынды алыптардың ақындық болмысына толғайын 
деп, қол жетпес биікке құлшынып отырған жоқпын, қанша 
құлшынып, құлдық етсем де, ондай құдыреттердің қат-қабат 
тереңде жатқан қазынасын сусап отырған қалың оқырман ға 
жеткізіп бере алмаған болар едім.
Десек те, жоғардағы ұлылардың шәкіртінің шәкірті, өнер 
жолында бірге ойланып, біте қайнасып келе жатқан, амалы 
бөлек болғанымен заманы бір, атағы таудай болса да, қатары 
бір, көзге ыстық, көңілге жақын көрінетін ақын Жүрсін 
Ерманның ақындық болмысына бойламаққа талпынсам, 
былайғы жұртшылық мені олқысына қоймас деген ой маған 
үлкен жауапкершілік арқалатып отыр. Бүгінде алпыстың 
асқарына шығып, жыр тұлпарын қажымай, талмай қамшылап 
келе жатқан, ел таныған еңселі азаматтың биігін алу оңай 
еместігін, оның шығармашылығымен бетпе-бет келгенде ғана 
сезіндім. Аумалы-төкпелі мына заманда «Қартайдық, қайғы 
ойладық» деп еңіреп жүрген осы дәуірдің ақынын әзірше көре 
қойған жоқпын. Онында өз себеп-салдары бар. Біздің буын 
кешеден – бүгінге Тәуелсіздіктің арқасында үздікпей жетті. 
Тәуелсіздік – бізді рухани құлдық-сұмдықтан, булықтырған 
бұғаудан, құлыпты кісеннен құтқарып қалды. Басымызға 
бостандық, қаламға еркіндік берді. Соның арқасында 
жоғымызды түгендеп, барымызға байыппен қарайтын күйге 
жеттік. Мұқағали ақынның «Ақыңды – ақын қолдамаса 
болмайды» деген ғажайып жыр жолдары естеріңізде болар, 
бұл аяулы азаматтың өзінен соңғы ақылды, саналы ұрпаққа 
қалдырған өсиеті еді. Осы өсиетті бұлжытпай орындап келе 
жатқан таланттар аз болса да бар, соның біреуі, біреуі ғана 

221
емес, бірегейі біздің Жүрсін. Тегеуріні темірдей қатал империя-
ның азабы мен мазағына ұшырай, қорлық-зомбылығына шы-
дай алмай құсалықпен көз жұмған, қазақтың айбарлы ақыны 
Қасым Аманжоловқа арналған әріптесіміздің «Ақын ның үйі 
немесе Қасым Аманжоловтың үйін қирату» атты өлеңі Тәуел-
сіздіктің жемісі десек болғандай. Осы өлеңді оқығанда шы-
найы шамырқанған шабыттан туып, қаламмен кіндігі кесіліп, 
ақынның ыстық алақанымен бесікке салып тербеп өсірген 
ұлдай көркем туындының маңдайынан сүйіп, рахат күй кеше-
сің, болмысы бөлек дүниеге әрі таңқаласың, әрі санаң оянып, 
іште жатқан шер-шеменнің зілдей ауыртпалығынан босанып, 
тынысың кеңіп, өзіңді бір сәт жеңіл сезінесің.
Осы өлеңде – қатал заманға қаймықпай шабуылға өткен 
жауынгер қаламгердің қапысыз алынған кегі бар.
Осы өлеңде – көк туын желбіреткен арқалы ақынның ме-
рейі үстем жеңісі бар.
Осы өлеңде – поэзия дегдарына деген бауырмалдық, жан-
ашырлық, махаббат бар.
Осы өлеңде – біріміз емес, бәріміз бармыз, бәріміздің көз 
жасымыз бар, өзекті өртеген өкінішіміз бар.
Осы өлеңде – көз арбайтын көркем сұлулық бар, алабөтен 
іздену бар. Алабөтен іздену бар болғасын, ақын қаламы өш-
пейтін өміршең жыр сыйлады. Орайы келіп тұрғанда айтпасақ, 
бізге – сын, іздену – тек Жүрсін сынды шынайы ақындардың 
ғана қолынан келеді.
Өзін де, өзгені де алдап жүрген, жасандылыққа бой ал дыр-
ған, жалтақ жарымжан, өзгенің құдай берген баянды бақы-
тын қызғанатын, ішіне пышақ айналмайтын қызғаншақ 
ақынсымақтан мұндай дүние тумайды, мықтағанда олардан із 
емес, сыз қалады, сыз табанынан өткенімен, жүрекке жетпейді, 
уақыт сынынан өтпейді, ыстық-суыққа шыдай алмай, бордай 
үгіліп, тозаңға айналып, кеңістікке сіңіп ұшты-күйлі жоға лып 
тынады. Бәрін айт та бірін айт. Қасымға арналған өлеңді бөліп-
жармай, тұтас зерделеп оқу – бір ғанибет, біріміз емес бәріміз 
оқылық:
Дегені қайда – басылды құйын? 
Ақылым жетпей, ашиды миым: 
Виноградов көшесіндегі 
Қиратып жатыр Қасымның үйін.

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
222
Қайтейін, кембақ астана сені – 
Тиетіндей-ақ басқаға себі
Қиратып жатыр Қасымның үйін, 
Қиналып тапқан баспанасы еді...
Шақыр да шұқыр шаққанда әйнегін 
Ажалдың сездім ақпандай лебін. 
Біртіндеп сөгіп қабырғаларымды 
Кеудемді бұзып жатқандай менің!
Жырды қорғаудың кешікті ережесі, 
Қирады, сынды есік-терезесі. 
Сәби жырлардың бесігі еді, 
Бар екен сонша бесікте несі?
Шашылды жерге – шамдары сыңғыр, 
Тағы да үйсіз қалды арысың бір. 
Қиратып жатыр Қасымның үйін, 
Қатыгез жандар, қолдарың сыңғыр!
Жүйрігім еді, жыр көшіндегі, 
Бауырын жазып бір көсілмеді. 
Қиратып жатыр Қасымның үйін, 
...Біздің үй соның іргесінде еді!
Ерманның туындыларын оқып отырғанда, түріктің ғұлама 
ғалымы Фетхуллаһ Гүленнің төмендегідей философиялық ой-
толғамы тіл ұшыма оралды: – «Өлең – ақиқат пен махаббаты 
арқалаған жүрек пен сезімнің тілі; ғашықтық, құштарлық, 
тентек қиял, мұң-қайғы мен қуаныштардың үні; тіршілік пен 
тіршіліктің арғы жағын сезу, түйсіну және мұндай ақиқаттарды 
таразылап отырудың ашық немесе жабық, тікелей немесе 
жанама түрде шыққан сөйлемшесі. Өлеңге ақиқаттың көзімен 
қарағанымызда, оған – көңілдің құбылыстарға өзінше 
әсерленуі; сезімнің өзінше түсінік беруі; өзінің хақ қызметіне 
қарамастан, әлгі сезу, түйсіктену және таразылап отыру үрдісі 
кейде әрқалай, әртүрлі оқиғалардың ағысына сәйкес, ал кей-
кейде қиял мен елестердің жетегіне еріп, дыбыс тандыруы деп 
те айта аламыз». Бұл түйінге аларым да жоқ, қосарым да жоқ, 
оған тек сенемін.

223
Адамды жұмсағаннан гөрі, қолындағы қаламды жұмсау – 
қиынның-қиыны. Өзегіңді жарып шыққан балаңды жұмсау 
оңай. Бала ұялғаннан тіліңді алар болар: Ал, қалам ондай 
көңілшек емес. Өзің білмейтін күңгірт тақырыпқа қалам бара 
бермейді, тек жаныңа жақын, жүрегіңе ұялаған, санаңа салмақ 
түсірген айтулы тақырыпқа ғана барады. Мен қаламдасым 
Жүрсіннің шығармаларын көз жазбай оқып келе жатқаныма 
табаны күректей жиырма жыл болды. Сондықтан болар, 
оның «Құстың көлеңкесі» атты жыр жинағы қолыма тигенде 
әлгі тілалшақ калам аттай желіп кетпесі бар ма? Өйткені, 
қаламның сырын қалам біледі, бірін-бірі жазбай таниды, 
қапысыз мұңдасып, сырласады, кейде мұңайып, кейде рахатқа 
батады. Солайы-солай екен. Жүрсін – қаламдастарына адал 
азамат. Адалдық – кез келген пендеге жұғысты бола бермейтін 
таптырмас асыл қасиеттердің бірі. Нағыз талантты ақын өзінен 
бұрынғы, әсіресе, қатар жүрген қаламдастарының жақсы 
туындыларын оқығанда, көзі шырадай жанып, балаша қуанып, 
данаша пайымдап, өз бағасын бермек. Мен Жүрсін жүргізген 
мүшәйраларға екі рет қатысқан пендемін. Соңғы аламан 
бәйгеге қосқан бір жүйрігім өзім ойлаған межеге жетпей қалды. 
Ренжідім, «ішкі күйікті басамын» деп қызара бөртіп жүріп көзге 
түсіп қалғаным бар. Көп ұзамай, Жүрсіннің бір мақаласы жарық 
көрді. Осында «Мен Жәркеннің обалына қалғандай болдым
оның «Күрек» атты өлеңі шынымен өз бағасын ала алмай 
қалғанына қатты өкіндім», – деп жазыпты. Мұндай ағынан 
жарылған, адал сөзді дәл Жүрсіннің аузынан шыққанына 
дән риза болдым. Өзіне телефон шалып ризашылығымды 
білдірдім. Күні кеше болған осы жәйді ақынның мынадай 
 
бір өлеңі есіме салды:
Қимайтын жанды қапа еттім,
Жақындарымды жат еттім.
Ортасында ылғи қаламын
Ербеңдеп жанған екі оттың.
Мойындап өмір өкімін, 
Берік болмақка бекідім. 
...Сетінеп кете беремін, 
Біреу емеспін. 
Екімін. 

Жүрсін Ерман   А л ы с т а н  ж ә н е  ж а қ ы н н а н 
224
Немесе
Арбаса нәпсі-ыбылыс,
Алаңдай берем ұлып іш.
Көңілге неге сыймайсың
Көзіме сыйған құбылыс?! 
Тамаша жыр, әрі қарай осы сарынмен жалғаса береді. Адам 
баласының ішкі жан-дүниесін ашудың осындай тәсілі әлем 
әдебиетінде де, қазақ әдебиетінде де бар. Классик, жазушы 
Мұхтар Мағауиннің «Жармағын», Төлен Әбдіковтің «Парасат 
майданын» оқысаңыз, есіңізге түседі... Бірдің екіге жарылуы – 
Жүрсіннің жоғарыдағы өлеңінде айқын көрініс тапқан. Көзсіз 
еліктеуден аулақ, өзгенің өзегінен өткен шындықты өзінше 
қорытып, өзінше бағамдау – осындай-ақ болар.
«Құстың көлеңкесінде»
Көзім шырақтай, 
Сөзім сынаптай.
Қажай бергенді,
Қаламын ұнатпай, – 
деген тағы бір шыншыл, шұрайлы шумақ бар. Бұнда Адамзат 
қоғамындағы дертке айналып бара жатқан жағымсыз 
құбылыстарды ақын осылайша жеріне жеткізіп сынайды, 
сынағанда да қалам ұшымен, қанын шығармай бауыздайды. 
Жанын шығармай арбайды. Осы күнде ел басқарып жүрген 
даңғой, надан кейбір әкім-қарылар қоластындағы адал 
еңбегімен бала-шағасын асырап, елге елеулі еңбек еткен 
адал жандарды көзіне ілмейді, жақсылығын көргісі келмейді. 
Жұмыс бабында болмай қоймайтын кемшіліктерін көргенде 
көкірегінен итеріп, Жүрсін ақын айтқандай, «қажай» береді, 
ақыры оны орға жығып, жұмыстан аластап, қиянат жасайды.
Ж.Ерман қай тақырыпқа бармасын, жалаңаш бармайды, 
аймен-күннің аманында айқайлап бақан ала жүгірмейді, кері-
сінше сабырлықпен, байсалды байыппен, иландырар иман-
дылықпен, көркем тәсілмен – образымен барады.
Жүрсін – ізденгіш, тапқыр ақын. Не жазса да нандырып, 
қан дырып жазады. Мысалы:

225
...Мынау менің ардақты Абайым ба? 
Шытырлатып Абайды санайын ба? 
Сенің құның небәрі жиырма теңге, 
Менің құным көк тиын ағайынға!.. 
(Абайға мұң шағу) өлеңінен үзінді
Тағайын деп тұрғам жоқ 
Жоқты кінә. 
Бұл не дәстүр? 
Заманның тоқтығы ма? 
...Қуанасың 
Қазақтар қағып алар 
Қарағайдай мүйізің жоқтығына!.. 
(Мүйіз кесу) өлеңінен үзінді
Еліңнің қамын ойлай жүр –
Қырандай көкке ұштың ба? 
Көлеңкесі жерде болады 
Аспанда жүрген құстың да!.. 
(Тұрмағамбеттен тәржіма) өлеңінен үзінді.
...Сонымен «Құстың көлеңкесі» ақынның өз парасат 
қалауынша талғап, қармап алған таңдаулы жетпіс өлеңнен 
тұрады. Осы жетпіс өлең Жүрсіннің ақындық болмысын 
паш еткен құнды дүние. Жетпіс өлең айдын көлге тұс-тұстан 
құйылып жатқан жетпіс мөлдір бұлақтай, маған әдемі әсер 
қалдырды.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал