Оларды шешу жолдары



жүктеу 2.86 Kb.

бет1/9
Дата04.04.2017
өлшемі2.86 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

1
Қазақстан Республикасы 
Білім жəне ғылым министрлігі
Балалар құқығын қорғау комитеті
Сандж
зерттеу орталығы
БАЛАЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ 
ҚАУІПСІЗДІГІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖƏНЕ 
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.
Талдамалы есеп
Педагогтарға, психологтарға, ата-аналарға 
жəне барлық қызығушылық білдірген 
тараптарға арналған оқу құралы
Астана – 2010

2

3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .............................................................................................................. 5
1 тарау.  Ақпараттың технологиялардың дамуы жəне 
 
қолжетімділігі ................................................................................ 6 
 1.1. 
Интернет əлемдік тұрғыдан ................................................. 6
 1.2. 
Қазақстандағы Интернеттің дамуы ..................................... 7
 1.3. 
Сұрау нəтижесі бойынша компьютерлер мен 
 
 
Интернетке қол жетімділік ................................................ 11
 1.4. 
Бейне жəне Аудио өнімнің дамуы жəне 
 
 
қол жетімділігі .................................................................... 13
 1.5. 
Ұялы байланыстың дамуы жəне қол жетімділігі ............. 14
2-тарау.  Ақпараттық ортадағы балалардың қауіпсіздігін   
 
 
қамтамасыз ету бойынша заңнамаға шолу жасау ..................... 16
 2.1. 
Халықаралық құжаттар ...................................................... 16
 2.2. 
Ақпарат саласындағы Қазақстан Республикасының   
 
 
заңнамалық құжаттарыи .................................................... 22
 
 
Пікір білдіру, сөз жəне ақпарат еркіндігінің  
 
 
 
конституциялық кепілдіктері ............................................. 22
 
 
Қоғамдық имандылықты қорғау ........................................ 24
 
 
Интернеттегі бұқаралық ақпараттың еркіндігі ................ 26
3-тарау.  Бала үшін зиянды ақпараттың таралуы ..................................... 29
 3.1. 
 
Ақпараттық орта .................................................................. 29
 3.2. 
Балалардың өміріндегі ТД, Интернеттің жəне 
 
 
басқа да аудио-бейне өнімнің алатын орыны ................... 37
 
 
Балалар ТД қандай хабарларды қарағанды ұнатады? ..... 39
 
 
Сүйікті кейіпкерлер адамгершілік құндылықтардың  
 
 
көрінісі ретінде .................................................................... 41
 
 
Танымал хабарлар ............................................................... 43
 
 
Танымал компьютерлік ойындар ....................................... 43
 
 
Танымал интернет-сайттар ................................................. 44
 
 
Əдебиет оқу ......................................................................... 45
 
 
Артық көрушілігі жəне жасы ............................................. 45
4-тарау.  Балалардың зиянды ақпараттан қорғалғандығы ....................... 47
 4.1. 
 
Балалардың БАҚ қолдану тəжірибесі ................................ 47
 4.2. 
 
Медиабілім бойынша жүргізілетін жұмыс ....................... 51
5-тарау.   Ақпараттық технологиялардың балалардың дамуына 
 
əсер етуі ......................................................................................... 60

4
 5.1. 
Оң ба əлде теріс пе? ............................................................ 60
 5.2. 
Теледидардың жəне Интернеттің əсер етуі ...................... 63
 5.3. 
Ақпараттық технологиялардың теріс əсер етуі ................ 69
  
5.3.1. 
БАҚ-та зорлық-зомбылықты насихаттау ............... 70
  
5.3.2. 
БАҚ-ғы эротика элементтері ................................... 71
  
5.3.3. 
Дене пішіні бойынша таптаурындарды 
 
 
 
күштеп міндеттеу ..................................................... 72
  
5.3.4. 
Денсаулыққа əсерін тигізуі ..................................... 73
  
5.3.5. 
Оқуға əсерін тигізуі .................................................. 73
  
5.3.6. 
Жарнаманың əсері .................................................... 74
  
5.3.7. 
Балалар арасындағы суицид .................................... 76
  
5.3.8. 
Жалпы қолайсыз психологиялық жағдай .............. 77
 5.4. 
Жастардың қосалқы мəдениеті .......................................... 79
6-тарау.  Ата-аналардың мүмкіндіктері жəне олардың 
 
балалардың істеріне іс жүзінде қатысуы  .................................. 83
7-тарау.   Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету  
 
 
жөніндегі ұсыныстар ................................................................... 90
 7.1. 
Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
 
 
жөніндегі халықаралық тəжірибенің талдауына 
 
 
негізделген ұсыныстар ....................................................... 90
  
7.1.1. 
Жағымсыз ақпараттың əсерінен балалардың 
 
 
 
құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік 
 
 
 
реттеу ........................................................................ 90
  
7.1.2. 
Ақпараттық ортада балалардың қауіпсіздігін 
 
 
 
қамтамасыз ету кезіндегі қоғамдық шаралардың 
 
 
 
сипаттамалары ......................................................... 96
  
7.1.3. 
Медиалық білім беру ............................................. 103
 7.2. 
Балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының 
 
 
мамандарына арналған ұсыныстар .................................. 104
 7.3. 
БАҚ арналған балаларды қорғау үшін жасалған 
 
 
ұсыныстар .......................................................................... 105
 7.4. 
Мектеп мамандарынан түрлі мемлекеттік органдарға 
 
 
арналған ұсыныстар .......................................................... 105
8-тарау.   Қорытындылар ........................................................................... 107
1 қосымша. Зерттеу жүргізудің əдістемесі ................................................ 112
2-қосымша. Терминологиялық сөздік ....................................................... 114
3-қосымша. Кестелер ................................................................................... 116
Қолданылған əдебиеттер ............................................................................. 122
Жобаны орындағандар ................................................................................ 124

5
Кіріспе
Бүгінгі  таңда  əлемнің  көптеген  ғалымдары  ақпараттық 
зор лықтың балалар аудиториясына тигізетін жағымсыз əсері 
туралы ойлануда. Мектеп БАҚ, Интернет, аудио, бейне өнім-
дер  тарапынан  өзіне  «параллель»  бəсекелес  тарапты  қабыл-
дауға дайын еместігін танытты, сондықтан да көбінесе олар-
дың  мектепке  қарағанда  басымдылығы  байқалып  қалады. 
Ата-аналар ақпараттық сауаттылық жағынан өзінің кішкентай 
баласынан  да  білімі  төмен  екендігін  байқатты  жəне  де  өз 
үйінде отырып, баласының компьютерде бейне қарап немесе 
музыка тыңдап, қандай қауіп-қатерге төнуі мүмкін екендігін 
білмейді. 
Осы зерттеудің мақсаты Қазақстандағы балалардың Интер-
нетті,  əр  түрлі  бейне/аудио  тасымалдағыштарды  жəне  басқа 
да ақпараттық технологияларды қолдануы бойынша ахуалды 
зерделеу,  олардың  баланың  психофизиологиялық  дамуына 
келтіретін  жағымсыз  əсерін  айқындау,  осы  əсерге  көмегін 
тигізетін  немесе  кедергі  келтіретін  факторларды  анықтау 
жəне  жағдайды  жақсарту  үшін  практикалық  ұсыныстарды 
əзірлеу болып табылады. Əрине, бұл проблеманы шешу мем-
лекет тарапынан да, əрқайсымыздың тарапынан да нақты жəне 
кешендік де жүйелік іс-əрекетті талап етеді. Сондықтан да осы 
жұмыста  балалардың  дамуына  зиянды  ақпараттан  олардың 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  барлық  мүмкін  боларлық 
жолдарды жинауға талпыныс болды. 
Осы басылым ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің Балалар 
құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның əр түрлі үкіметтік 
емес  ұйымдарымен  бірлесе  шығаратын  оқу  құралдары 
сериясының жалғасы болып табылады. 
Оқу құралы ресми статистикалық мəліметтерді, жүргізілген 
социологиялық зерттеу мəліметтерін, тереңдік статистикалық 
талдауды  қамтитын  социологтар  мен  педагогтар  тобының 
орындаған ғылыми-талдау жұмысының негізінде əзірленді. 

6
1 тарау. Ақпараттың технологиялардың дамуы 
жəне қол жетімділігі 
1.1. Интернет əлемдік тұрғыдан
Интернет  алғаш  рет 1969 жылы  Калифорния  Универси-
тетінің,  Стэндфорд  Университетінің,  Лос-Анджелестегі 
Универ ситеттің,  Университета  штата  Юта  жəне  Санта-
Барбарадағы  Калифорния  Университетінің  ғалымдарымен 
АҚШ  Қорғаныс  Министрлігінің  тапсырмасы  бойынша 
əзірленген болатын. АҚШ Қорғаныс Министрлігінің осындай 
шешім  қабылдауына  басқа  мемлекеттер  тарапынан  əскери 
қауіп төндіруі мүмкін болуы түрткі болды. Осындай жағдай 
туындаған жағдайды, Интернет сенімді ақпарат алмасу жүйесі 
болып  табылар  еді.  Бастапқыда,  жоба  ауқымында,  Интернет 
жоғарыда аталған төрт университетті ғана қамтыған болатын. 
Бірақ 1972 жылы АҚШ Қорғаныс Министрлігі 50 университет 
пен басқа зерттеу ұйымдарына Интернетке қол жетімдік берді. 
Біртіндеп интернет кеңістік кеңейіп келе берді де, сол кезде 
қолданыста  жүрген  əр  түрлі  желілерді  бір  ғаламдық  желіге 
біріктірді. 1997 жылы Интернетте 10 миллионнан астам пайда-
ланушылар болды, себебі ол ақпарат алмасудың аса қолайлы 
құралы болып табылады. Бүгінгі күні Интернеттің құрамында 
көптеген  корпоративтік,  ғылыми,  үкіметтік  жəне  үйдегі 
компьютерлік  желілер  бар.  Ал  көптеген  елдерде  Интернетті 
қолдану мүмкіндігі азаматтық құқықтардың ажырамас бөлігі 
болып  табылады,  мысалы 1 суретті  финн  интернет  пайдала-
нушысы Финляндияның коммуникативтік компанияларының 
көмегімен азаматтардың Интернет алу құқығын енгізуге орай 
ұсынған болатын. 

7
1-сурет. “Интернетке кеңінен қол жетімділік – Финлян-
диядағы заңды құқық” 
Дерек көзі: www.globalthoughtz.com
1.2. Қазақстандағы Интернеттің дамуы
Internet World Stats мəліметтері  бойынша, 2010 жылы 
Қазақстан  Республикасының  барлық  тұрғындарының  үштен 
бір  бөлігі  интернет  пайдаланушылары  болып  табылады. 
Олардың  саны  жыл  сайын  артып  келеді,  соңғы 10 жылдың 
ішінде 2000 жылғы 70 мың  адамнан 2010 жылғы  5млн. 300 
мың адамға дейін 76 есе артты. Егер 2008-2009 жылдары пай-
даланушылар саны 890 мыңға артса, 2009-2010 жылдары – 
2 млн. 140 мың адамға артты, ол дегеніміз соңғы жыл ішінде 
серпінді арту байқалды. 
ҚР  Статистика  жөніндегі  агенттігінің  мəліметтері  бой-
ынша,  Қазақстандағы  пайдаланушылардың  көбі  қарапайым 
пайдаланушы  дағдыларына  ғана  ие.  Интернетті  мектепке 
дейінгі балаларды қоспағанда, еліміздің тұрғындарының 3.1% 
қолдана  алмайды, 18.4% «компьютерлік  өнерді»  енді  ғана 
бастап үйреніп келеді, ал 11.6% азаматтар «тəжірибелі пайда-
ланушы» санатына жатады. 

8
1-диаграмма. Қазақстанда 2000 жылдан бастап 2010 жыл-
ға дейін Интернет пайдаланушылар санының өсуі. 
70000
400000
1247000
2300000
3160000
5300000
0
1000000
2000000
3000000
4000000
5000000
6000000
2000
2005
2007
2008
2009
2010
Дерек көзі: www.internetworldstats.com
2-диаграмма.  Қазақстандағы  компьютерлік  сауат ты-
лық
1
, 2009
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі 
агенттігі
1
“Компьютерлік  сауаттылық”  компьютерді  жəне  интернетті  пайдала-
ну, сонымен қатар əр түрле деңгейлерге – бастауыштан тəжірибелі пайда-
ланушыға дейін бөліну болып табылады. 

9
Статистикалық  мəліметтер  бойынша,  Интернетті  қолдана 
алмайтын  адамдардың  ең  үлкен  пайызы  Атырау  облысында 
тіркелді – 7.2%. Бастауыш пайдаланушылардың ең көр саны 
Маңғыстау  облысында  тіркелді – 38.3%, қарапайым  пайда-
ланушылар – Астана  қаласында (87.4%), ал  тəжірибелі 
пайдаланушыларға  келетін  болсақ,  олардың  ең  көбі  Алматы 
қаласында байқалады (16.3%). 
1-кесте. 2009 жылдағы тұрғындар арасындағы компью-
терлік сауаттылық деңгейі, %
Облысы
Дағды-
лары жоқ
Бастауыш 
пайдала-
нушы
Қарапайым 
пайдалану-
шы
Тəжірибелі 
пайдалану-
шы
Ақмола облысы
4,1
20,5
64,3
11,2
Ақтөбе облысы
2,5
16,2
75,6
5,7
Алматы облысы
4,9
16,7
66,5
11,8
Атырау облысы
7,2
23,9
54,6
14,2
БҚО
1,9
23,6
60
14,5
Жамбыл облысы
1,3
25
61,9
11,8
Қарағанды
2,9
13,8
71,7
11,6
Қостанай облысы
2,4
13,5
70,9
13,1
Қызылорда облысы
-
20,2
64
15,8
Маңғыстау облысы
3,8
38,3
43,1
14,8
ОҚО
6,9
15,6
70
7,6
Павлодар облысы
-
15,5
73,3
11,3
СҚО
2,1
30,3
60,9
6,7
ШҚО
-
21,3
66
12,7
Астана қаласы
3,2
2,6
87,4
6,9
Алматы қаласы
4
14
65,7
16,3
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі 
агенттігі
Бүкіл  Қазақстан  бойынша  адамдар  көбінесе  Интернетті 
басқа  пайдаланушылармен  қарым-қатынас  жасау  үшін  қол-
данады.  Тек  қана  Атырау  облысында (92.8%), Батыс  Қазақ -
стан (86.3%) жəне Жамбыл (81.3%) облыстарында адамдардың 

10
көпшілігі  Интернетті  қандай  да  бір  мəлімет  не  ақпарат  алу 
үшін, немесе көрсетілетін қызметтерді іздеу үшін қолданады 
(2 кесте). 
2-кесте. Қазақстанның тұрғындары арасындағы Интер-
нетті қолдану мақсаты, 2009
Аумағы
Іс-əрекет түрлері (%)
Байла-
ныс
Ақпарат 
жəне 
көрсе-
тілетін 
қызмет 
іздеу
Тауар-
лар мен 
көрсетілетін 
қызметтерді 
сату жəне 
сатып алу
Қоғамдық 
ұйымдар-
мен бай-
ланыс
Сабақ, 
білім алу, 
білік-
тілікті 
жоғар-
лату
Ақмола облысы
81.8
62
3.4
8.5
12.7
Ақтөбе облысы
90.4
89
0.2
2.6
2.9
Алматы облысы
86.8
83.3
4.9
17.8
15.1
Атырау облысы
90.1
92.8
23
33
43.5
БҚО
76
86.3
0.9
7.6
23.1
Жамбыл облысы
68.3
81.3
1.3
6.8
19.7
Қарағанды облысы
90.3
80.7
2.8
21.8
21.4
Қостанай облысы
89.3
83.5
2
11.3
16.7
Қызылорда облысы 93.5
70.9
8.7
23.6
34.9
Маңғыстау облысы 92.6
69.6
3.6
27.5
39.4
ОҚО
91.9
80
2.8
26.7
36.2
Павлодар облысы
73.9
89.1
3
16.7
23.2
СҚО
91.6
87.8
2.4
15
23.4
ШҚО
99.8
71.4
4.2
16.2
14.9
Астана қаласы
100
75.7
1.2
23.2
27
Алматы қаласы
96.8
95.3
10.1
38.2
30
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі 
агенттігі
Көбінесе  Интернетке  қол  жетімділік  аналогтық  модем 
(51.8%) жəне DSL (31.6%) арқылы болады. 12.5% тұрғындар 
Интер нетті  ұялы  телефондардың  көмегімен  қолданады,  ал 
қалған тұрғындар не спутниктік байланысты, не кең жолақты 
байланысты ұнатады. 

11
 1.3. Сұрау  нəтижесі  бойынша  компьютерлер  мен  Ин-
тернетке қол жетімділік
Сандж  зерттеулерінің  нəтижесі  бойынша  жауап  алынған 
балалардың жартысынан астамы (59.2%) дербес компьютердің 
иелері болып табылады. Атап айтқанда қалалық балалардың 
68%-да компьютер бар, ал ауылдағы ондай балалардың саны 
едəуір аз – 42%. 
Орташа  есеппен 10-18 жас  арасындағы 68% балалар 
Интер нетті əр түрлі жиілікпен қолданады. Ауылға қарағанда 
қалада Интернет қолданушылар біраз артық болып табылады 
(76%:55%  тиісінше).  Елді  мекен  облыс  орталығынан  неғұр-
лым  алыс  орналасқан  болса,  соғұрлым  баланың  Интернетке 
қол жетімділігі шектеулі болады. Осылайша, егер облыс орта-
лығында Ғалымдық торға балалардың 80% қолы жетімді болса, 
шеткері ауылдағы ондай балалардың үлесі 2,5 есе аз (31%).
3-диаграмма.  Елді  мекендердің  əр  түрлі  типтерінде 
тұра тын балалардың Интернетке қол жетімділігі, үлесі, %
80%
69%
69%
52%
31%
обл.орталығы
орташа/шағын
қала
аудан орталығы
ауыл
шеткері ауыл
Балалардың  кіші  топтарында  Интернетті  қолданушылар 
үлесі  жоғары  топтарға  қарағанда  едəуір  төмен  жəне  орташа 
есеппен 24% құрайды (6-9 жастағы балалар). 
10-18 жастағы балалар арасында 38% Интернет үйлерінде 
қосылған, 16% – компьютерлік клубтар мен интернет-кафеде, 
14% – достарында,  таныстарында,  туыстарында  жəне  мек-
тепте  Интернетке  қол  жетімді  болады.  Тек  қана 1% балалар 
ғана  Интернетті  кітапханада  пайдаланады.  Қалалық  балалар 

12
арасында Интернетті ең көп қолданатын жері өздерінің үйлері 
(47%) жəне интернет-кафелер (21%) болса, ауылдық балалар 
үшін  үй  мен  мектеп  бірдей  дəрежеде  болып  табылады (22% 
жəне 21% тиісінше).  Қалалық  балалардың  ішінде  тек  қана 
10%  Интернетті  мектепте  пайдаланады.  Кіші  топтың  бала-
лары  үшін  Интернетті  ең  көп  пайдаланатын  жері  олардың 
үйлері болып табылады (82%). 
Қыздар  ұлдарға  қарағанда  Интернет  клубтарында/кафе-
лерде (12%:20% тиісінше) сирек пайдаланады, бірақ кітапхана 
қызметін жиірек пайдаланады (2%:0,4% тиісінше). 
Балалар облыс орталығынан неғұрлым алыс тұратын болса, 
соғұрлым олардың үйлерінде жəне Интернет клубтарда/кафе-
лерде Интернетке қол жетімділік азырақ болатыны байқалды, 
жəне де соғұрлым олар үшін мектеп пен кітапхананың маңызы 
жоғарырақ болып табылады.
4 -диаграмма. Елді мекендердің əр түрлі типтеріндегі 
балалар үшін Интернетке қол жетімді орындар, %
-5%
5%
15%
25%
35%
45%
55%
Обл. орталығы
орташа/шағын қала
аудан орталығы
ауыл
шеткері ауыл
Кітапханада
Мектепте
достарында/туыстарында/таныстарында
Компьютерлік клубта
Үйде

13
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, облыс орталығында 
тұратын  балалардың  жартысынан  астамы  Интернетті  үйле-
рінде  пайдаланады (55%), орташа  жəне  шағын  қалаларда 
Интернетке қол жетімділік бойынша бірінші орынды үй (40%), 
екінші  орынды  достары/таныстары/туыстары (20%), мектеп 
(14%)  жəне  компьютерлік  клубтар (15%) алады.  Ауылдық 
аудан  орталықтарында  Интернетке  бірдей  қол  жетімділік 
үйде (28%) жəне  мектепте (28%) байқалады,  одан  кейін 
достар/туыстар (14%) жəне  компьютерлік  клубтар/интернет-
кафелер (12%) секілді  қол  жетімділік  орындары  тұрады. 
Облыс  орталығынан  салыстырмалы  алыс  орналаспаған (100 
км шамасында) орташа жəне шағын ауылдарда жауап алынған 
балалардың 26% үйлерінде  Интернет  бар, 13% Интернетті 
мектепте пайдаланады, 11% – достары мен таныстарында, 5% 
– компьютерлік клубтар мен 3,2% – кітапханаларда пайдала-
нады.  Шеткері  ауылда  Интернетке  қол  жетімді  ең  маңызды 
орын мектеп болып табылады (13%). Шеткері ауылда тұратын 
10%  балалардың  үйлерінде  Интернет  бар; 7% достары  мен 
таныстарына барады; 3% бала компьютерлік клубтарға барып, 
Интернетті қолданады. Бір де бір бала кітапханада Интернет 
бар деп жауап берген жоқ. 
1.4. Бейне жəне Аудио өнімнің дамуы жəне қол жетімділігі
Бейне  жəне  аудио  өнім – бұл  бірнеше  жазбадан  тұратын, 
əр түрлі тасымалдаушылардың көмегімен өңделуге, тасымал-
дауға жəне сақталуға жататын материал, мысалы, бейне кас-
сета, бейнедиск, аудиодиск, аудио немесе бейне ойнатқыш. 
Сұралған қазақстандық балалар арасында осындай ақпарат 
түрі кеңінен таралған. Мысалы, 55% респондент балалар өзінің 
дербес DVD-плеер
2
  бар  екендігін  айтты,  ал  тек  қана 34.3% 

DVD-плеер – бейне  материалдарды DVD дисктерде  көрсету 
үшін қолданылатын құрал 

14
баланың бейне плеерлері немесе бейне магнитофондары бар. 
Бұл  қазіргі  уақытта  барлық  бейне  немесе  аудиоматериалдар 
негізінен CD жəне DVD дисктерде шығарылатынына байла-
нысты. 23% сұралған  балалар  бейнефильмдерде  не  дисктер-
ден көреді, не оларды Интернеттен көшіріп алады. 
1.5. Ұялы байланыстың дамуы жəне қол жетімділігі 
Ұялы  телефондар  ұялы  желінің  жабыны  аймағында  бай-
ланысты  жүзеге  асыру  үшін  əзірленген.  Ұялы  телефонды 
құрастыру туралы алғашқы ұсынысты Bell Laboratories зерт-
теу  зертханасы  енгізген  болатын,  ол  өз  тарапынан AT&T 
компаниясының  иелігінде  болатын.  Бастапқыда  ұялы 
аппараттардың салмағы 3 кг болатын, уақыт өте келе олардың 
салмағы 1 кг-ға  дейін  төмендеді.  Ең  бірінші  осындай  аппа-
рат Motorola компаниясының көмегімен жарық көрді. Бүгінгі 
күші ұялы байланыс байланыстың барлық түрлерінің ішінде 
аса кең тараған байланыс болып табылады, сондықтан да ұялы 
телефон заманауи адамның ажырамас бөлігі десе де болады. 
Уақыт  өткен  сайын  ұялы  телефондар  қоршаған  адамдар-
мен  байланыс  жасау  құралы  ғана  емес,  Интернетке,  фото-
суретке  түсіруге.  Бейне  материалдарды  көруге  жəне  аудио 
материалдарды тыңдауға қол жеткізетін қондырғы – басқаша 
айтқанда шағын компьютер болып табылатын болды. Осын-
дай телефондар смартфондар деп аталады (ағылшын тілінен 
аударғанда – ақылды  телефон).  Бұл  телефондарды  көбінесе 
қалталы  дербес  компьютермен  салыстырады,  себебі  олар 
электрондық  поштаны  қарау  жəне  онымен  жұмыс  істеу, 
мəтіндік  құжаттарды  жəне  электрондық  кестелерді  қарау, 
олармен жұмыс істеу секілді əр түрлі функцияларды атқарады. 
Қазақстанда  ұялы  телефондар  мен  байланыстар  нарығы 
кеңес  үкіметінен  кейінгі  кезеңде  қарқынды  дами  бастады 
да,  көптеген  шетелдік  жеткізушілерді  жергілікті  нарыққа 
тартты. 1992 жылдан бастап тұрғындар арасындағы аса үлкен 

15
əлеуеттің бар екендігін түсіне келе, Motorola, Lucent, Siemens, 
Alcatel, Nokia, Daewoo жəне Nortel Networks секілді компания-
лар коммуникациялық қызметтер көрсету саласында белсенді 
жұмыс жүргізе бастады. 
Қазіргі  уақытта  ұялы  байланыс  пен  ұялы  телефондар 
қазақстандық  балалар  арасында  өте  кең  тараған.  Сандж 
зерттеулерінің мəліметтері бойынша 10 астан 18 жасқа дейінгі 
сұралған  балалар  арасында 73.3% ұялы  телефондардың  иесі 
болып  табылады  жəне  өз  телефондары  арқылы  байланыс 
жүргізеді. 
Ұялы телефондар ақпарат алу үшін кеңінен қолданылатын 
атрибуттар болып табылады. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал