Өкінішке қарай, бүгінгі жаһанданған дә уір де саясат дінді өз ырқына икемдеп, оны



жүктеу 0.61 Mb.

бет4/5
Дата13.06.2017
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3   4   5

Далалық ислам һәм Қазақ руханияты

Ислам дінінің адамзат дамуындағы жасампаздық рөлі орасан зор. Өйткені күллі 

адам баласын азып-тозудан, адами қасиетінен айырылуынан құтқарып қалған 

соңғы кәміл дін – ислам діні екені даусыз. Бұрынғы христиан, буддизм діндерінің 

киелі кітаптары, тарихи миссиялары жұмыр басты пенделер тарапынан бұрмалауға 

ұшырағаны мұқым елге мәлім. Жалпы діннің шынайы миссиясына бөгет болғысы 

келетіндер арамызда жетерлік. Бұл діннің шынайы-жалғандығын ажыратуға көп 

қиындық келтіреді. Ал адам баласына пайғамбарлар арқылы жіберілген діндерсіз 

әлемдік дамуды, саясатты, қоғамдық-мәдени өмірімізді елестету мүмкін емес. 

мемлекеттік мәртебе берді. Шыңғыс әулеті 

қарахандықтар дәуірінен басталған исламдану 

үрдісінің аяқ талуына себепкер болды деуге негіз 

бар. Әмір Темір бабамыз Қожа Ахмет Ясауиге 

кесене тұрғызып, оның қасына қазақтың хан-

сұлтандары, игі жақсылары жерленді. Батыстық 

ғалым Дж. Тримингэмнің «орта ғасырларда 

түркілер мен моңғолдар үшін мешіттен гөрі 

исламның символы ретінде Ясауи кесенесі болды» 

деген сөзі шын 

дықтан алыс болмаса керек. 

Қысқасы, түркі баласы Ислам дініне тарихи таңдау 

жасады. «Шаманизмде қалып қойған Сібірдегі 

кейбір түркі халықтарының өз потенциалына кең 

өріс ашылмай қалған жоқ па» деген ой да жоқ 

емес. Ноғайлы дәуіріндегі ақын-жыраулардың 

суннит 


тік исламның насихатшысы болғаны 

тарихтан мәлім. 



ИСЛАМ НЕГЕ САЯСИЛАНДЫ?

Исламның өзіндік спецификалық ерекшелігі, 

алғашқы кезде діни-рухани діңгек пен саяси билік 

қабыса бірікті. Мәселен, бірқатар араб елдері мен 

Иран мемлекеті тұтастай шариғатқа құрылған. Ал 

христиан, буддизм секілді өзге әлемдік діндер 

мемлекеттен ажыратылып, зайырлы қоғамға қарай 

бет бұрды. Қазір Еуропада діни-автори тарлық, 

державалық ел жоқтың қасы. 

Ислам діні кең қанат жайып, өркендеген орта 

ғасырларда Осман империясында, сефевидтік 

Иранда, Үндістандағы Ұлы Моғолдар империя-

сын да мұсылмандық өз алдына саяси күш, иде о-

логиялық діңгек ретінде қолданылды. VІІІ-ХІХ 

ғасырларда ислам дінін қайта реформалау, тазарту 

ұранымен уахаббизм идеологиясы бел ала бастады. 

Мұсылман елдері саналатын Осман им периясы 

мен уахаббизм идеологиясын хош көрген Сауд 

Арабиясы неліктен өліспей-беріспей соғысты? 

Сауд Арабиясында Рашидилер динас 

тиясымен 

текетірескен Саудилер әулеті неге ал 

пауыт 

Британиядан көмек сұрауға мәжбүр болды? Осман 



империясымен саяси себептермен, тәуелсіздік 

үшін күресті дегеннің өзінде оның қат-қабат діни 

астары менмұндалап тұрған жоқ па? Қазіргі Түркия 

Осман дәуірі кезіндегі асыл қазынаны, жәдігерлерді 

неге өгейсітіп отыр? Осындай Ислам ішіндегі 

қайшы 


лықтарды өзге ықпалды күштерге арқа 

сүйемей-ақ шешуге болмас па еді? Ғажайып 

Үндістан елінің неге Пәкістан, Бангладеш елдеріне 

бөлшектеніп, Кашмир мәселесімен басы ауырып, 

қан жұтып отырғанының түйінін кім тарқатып бере 

алады? Шииттік Иранның сунниттік исламға әу 

бастан оппозициялық ұстанымда болғанын немен 

түсіндіруге болады? Ислам атын жамылған әртүрлі 

ағымдардың «идеологиялық соғысы» әлі аяқталған 

жоқ. Теріс ағымдардың арасынан өзін пайғамбар, 

Махди деп жариялағандар да табылды. Әлі күнге 

дейін кейбір ислам елдеріндегі дарға асу, қол-аяғын 

кесу, таспен өлтіру сияқты ортағасырлық шариғат 

заңдарына неге тосқауыл қойылмай келеді? 

Пайғамбарлар мекені қасиетті Құдыс – Йеру салим 

аймағы, дін өркендеген Бағдад, талай әулиелер 

шыққан Ауғанстан жеріндегі соғыс, қан 

төгістер 

қияметке жалғаса бере ме? Айдың-күннің аманында 

жихадшыл жанкештілер қайдан шық ты? 

Ресейдегі стратегиялық қауіпсіздікке жәрдем-

шілік аймақаралық қоғамдық қорының мәліметіне 

қарағанда, олардың тізіміндегі 104 лаңкестік 

ұйымдардың барлығы дерлігі ислам атын жамылған 

топтар болып отыр. Қаптаған лаңкестік ұйымдар 

ислам дінін жамылуға неге әуес? Осындай келеңсіз 

құбылысқа тосқауыл қоя аламыз ба? Бұлардың бәрі 

пәк ислам дініне қара күйе жағуға жетерлік 

мысалдар. Қалай дегенмен, айрандай ұйыған саф 

ислам әлемін ыдыратуға батыстық агенттердің аз 

жұмыс істемегені анық. 

Құбаш МЕҢДІҒАЛИЕВ

ОЙ-ТҰЖЫРЫМ

Жаһандану заманында Тәуелсіз 

Қазақстан көптеген рухани қауіп-

қатерлермен күресу үшін тарихи 

таңдауына қайта оралуы тиіс. Бұл 

үшін ислам дінінің сансыз рухани 

потенциалын Қазақстанның 

гүлденуіне жұмсай білуіміз қажет. 

ЛЕБІЗ


Нұрғис

а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№199 (425) 



16.11.2010 жыл 

сейсенбі                 



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

5

                                        ҒИБАДАТ



 

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ТАЛҚЫ 


ОЙТҮРТКІ

Әскери бөлімдерде 

намазханалар ашу керек пе?

Құрбан айт – қазақы 

дастарқанның мерекесі

Құрбандық үшін Қостанайдың 

малы қолайлы боп тұр

Қажылыққа пара-пар қайырымдылық

Оңғар-қажы ӨМІРБЕК, 

ҚМДБ баспасөз хатшысы:

— Халқымыздың басым бөлігі – мұсыл-

ман. Қазіргі таңда жүрегінде иманы бар 

мекеме басшылары жұмыс орнынан на-

маз ханалар ашып қойған. Алайда Төтенше 

жағдайлар министрлігінің аймақтардағы 

кейбір басшылары мен әскери саланың 

жетекшілері арасында қызметкерлеріне 

намаз оқуға тыйым салып отырған 

жағдайларын естіп қалып жатырмыз. Тіпті 

Қорғаныс министрлігінің бірінші орынбаса-

ры Сәкен Жасұзақов: «Дін әскерден бөлек 

болуы тиіс», – деп мәлімдеді. Мұның бар-

лығы дінді түсінбегендіктен деп ойлаймын. 

Әйтпесе ислам діні — ең хақ дін. Намаз 

адамды жақсылық жасауға, адамгершілікке 

баулуға, имандылыққа тәрбиелейді. Әри-

не, әскери сала басшыларының арасында 

ислам дініне көзқарасы түзу адамдар жоқ 

емес, бар. Мәселен Қазақстан Республи-

касы ұланының қолбасшысы, генерал-

лейтенант Абай Тасболатов Астанадағы 

«Нұр  Астана» мешітіне жиі келеді. Жұма 

намаздардан қалмайды. Енді генералдар-

дың өзі намаз оқып жүргенде, жауынгер-

лерге намаз оқуға болмай ма? Тіпті Ресей-

дің өзі әскери саланың барлығына, мектеп 

оқулығына да христиан дінін енгізген. 

Шіркеу қызметкерлері әскери бөлімдерді 

аралап, уағыз жүргізеді. Сен мұсылмансың 

ба, католиксің бе, онда олардың жұмысы 

жоқ. Православ дінін уағыздайды. Неге біз 

ресейліктерден үлгі алмаймыз? Қазір 

Аягөздегі, Қапшағайдағы әскери бөлім-

дердің жауынгерлері жергілікті жердегі 

Бүгінгі күні Қазақстанда 11 млн 

мұсылман тұрып жатыр, бұл – республика 

халқының 70 пайыздан астамы.

Өткен жылы Араб елі қажылық үшін 

қазақстандықтарға төрт мың орын бөлген 

болатын. Алайда өткен жылғы әлемде 

доңыз тұмауының белең алуы бірқатар 

кедергі келтіріп, тек 2800 жерлесіміз 

парызын өтеп қайтты. 

Әлеуметтік жағдайы келген әрбір 

мұсылманның қажылықты өтеуі – парыз. 

Қажылық сапарға адал еңбегі, маңдай 

терімен тапқан қаржымен, шын ниетпен 

мешіттерге барып намаз оқып жүргенін 

талай көрдім. Сондықтан әскери бөлімдер-

де намазханалар ашылуға тиіс. Егер сар-

баз дар намаз оқып, имандылық жолда 

жүрсе, олар бір-біріне әлімжеттік көрсетуі 

тыйылып, сыйластық, татулық орнайтын 

еді. Біздің Конституциямызда азаматтары-

мызға дінді ұстануға құқық берілген. Де-

мек дінге шектеу жоқ. 

ШАРИҒАТТА ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ЕКІ 

ТҮРІ БЕЛГІЛЕНГЕН:

1. (әл-хәжж) – парыз немесе 

үлкен қажылық. Қажылықтың бұл 

түрi Құрбан айт уақытында, яғни 

Зүл-Хижжә айының 8, 9, 10 

жұлдызында орындалады.

2. (әл-ьумра) - ғұмра немесе 

кiшi қажылық. Ғұмра Зүл-Хижжә 

айының 8, 9, 10 – нан басқа 

уақыттарда орындала бередi.

Қазіргі таңда қажылық парызын өтеуге 

әлеуметтік жағдайы келмейтін мүсәпірлер-

дің қажылық сапарға бару шығынын көте-

ріп, қайырымдылық жасап жүрген жомарт 

жандар да жоқ емес. Алайда соң ғы уақытта 

қажылыққа бірнеше рет барғанын мақтан 

етіп, бәсекелестікке барып жүрген жан-

дардың бар екені өкінішті. Біз бірнеше рет 

баруына қарсы емеспіз. Тек мақтан үшін он 

рет қажылыққа барғанша, «қолы қысқа» 

ниеттенушіні қажылыққа жіберіп, қайы-

рым дылық жасаса, мұндай имандылықтың 

сауабы мол боларын ескерсе екен дейміз. 

Осы тұста мына бір оқиғаны оқырман 

назарына ұсынғанды жөн деп таптық. 

 

  АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ

Байлығы тасып-толған бір кәсіпкер 

қажылыққа баруға ниет етіпті. Алайда 

кәсіпкерлікпен тапқан табысының түгелдей 

адал жолмен табылғанына күмәнданған 

әлгі азамат ауылдағы иманды қариядан 

ақыл-кеңес сұрайды.

ҚАРИЯНЫҢ КЕҢЕСІ:

«Саған ертеде болған бір оқиғаны 

айтайын. Ертеде бай мен жарлы көрші 

болыпты. Жарлының бес баласы, бай-

дың жалғыз ұлы бар екен. Күндердің 

Болат САЙЛАН,

Ауған соғысының ардагері:

– Әрине, ислам діні адамды иман ды-

лыққа тәрбиелейтіні рас. Оны мойындау 

керек. Дегенмен дін әскерден бөлек болуы 

керек. Себебі әскердің өзінің жарғылары 

бар. Мұнда әскери қызметкердің міндеттері 

мен шарттары, тәртіптері нақты көрсетілген. 

Сондықтан борышын өтеуші сарбаз ең 

алдымен әскери жарғыны басшылыққа 

алуы тиіс. Өйткені Отан қорғау — бұл қа-

сиет ті азаматтық парыз. Ал сол парызды 

орындау барысында жауынгерлер ешқай-

да алаңдамай, әскери қызметтерін өтеуі 

керек. Оның үстіне, біз көп ұлтты елміз. 

Басқа ұлттың өкілдері де біздің әскерде 

борышын өтеуде. Ертеңгі күні дінаралық 

қайшылық тумасына кім кепіл? Мұсылман-

дар бес уақыт намаз оқып, ал христиандар 

шоқынып жатса, әскери қызметті кім атқа-

рады? Сарбаз әскери тапсырманы орындау 

кезінде «мен намаз оқимын» деп отыра 

ма? Онда ол қандай әскер болмақ? Сон-

дықтан бұған зерделеп, байыппен жан-

жақты ойланып барып, шешім шығарған 

жөн. Онымен қоса, қазіргі таңда елімізде 

түрлі діни ағымдар қаптап кетті. Егер біз 

әскерге дінді енгізсек, ертеңгі күні бұл са-

ла ға да діни ағымдар кіріп, ішкі қауіп-

сіздігімізге нұқсан келтірмей ме? Сондықтан 

сарбаз тек қана әскери антты орындауға 

міндетті. Әрине, әскери қызметкерлердің 

дінге деген көзқарасын жақсарту үшін 

Құрбан айт, Ораза кездерінде арнайы дас-

тарқан жайып, уағыз жүргізген дұрыс. Бі-

рақ, жалпы, күнделікті өмірде дінді әскерге 

тықпалауға болмайды. 



күнінде үйге қайтып келе жатқан жар-

лы жол бойында өліп жатқан малға 

кезігеді. Мал етін үйге алып барайын 

десе, харам, алмайын десе, үйдегі бес 

бала аш. Жаратқаннан кешірім сұ рап, 

мал етін үйіне апарады. Ет пісіп, тамақ қа 

отырған кезде балалармен ере байдың 

жалғыз ұлы да келеді. Бірақ жарлы бай 

баласына еттен дәм татырмайды. Бай 

баласы үйіне жылап барады. Ашуланған 

бай «баладан бір түйір етті қызғандың 

ба?» деп жарлы ның жер-жебіріне жете-

ді. Сонда жарлы еттің қайдан келгенін 

айтып, «менің балаларымның жейтін 

басқа тамағы жоқ, ал сіздің үйде тамақ 

жеткілікті,  сон д ықтан  сіздің  балаңыз 

харам етті жемей-ақ қойсын деген 

ниет 

пен берме 

ген едім» дейді. Бай 

ойға қалады. Ұзақ ойланып, көршінің 

балалары жеуге тамақ таппай отырғанда 

қажылыққа барғаным дұрыс болмас 

деп, жинап отырған ақшасын жарлыға 

береді. Қажы лыққа барып қайтқан өзге 

бай-манаптар байға келіп, «Қағбаны 

айна лып тәу етіп жүргеніңізді көрдік, 

бірақ барар сапарда  да, қайтарда да сізді 

байқамадық қой» дейді. Бай жасаған 

қайырымдылығының қабыл болғанын 

ұғады. Алла жасаған қайырымдылығы 

үшін қажылығын қабыл еткен екен. 

Міне, енді қажылыққа барасың ба, жоқ 

әлде, қайырымдылық жасайсың ба өзің 

біл» дейді. 

Қарияның әңгімесін тыңдаған кәсіпкер 

жігіт қажылыққа барғаннан гөрі көмекке 

зәру мүсәпірге көмектескенді абзал деп 

тауып, қажылыққа деп жинаған ақшасын 

көрші үйдегі мүгедек баланы асырап 

отырған жалғызбасты анаға беріп, қажы-

лықты қайырымдылықпен алмастырады. 



Қазіргі таңда жоғары оқу 

орындарында, базарларда, 

мекемелерде, тіпті 

түрмелерде намаз оқитын 

арнайы бөлмелер бар. Алайда 

әскери бөлімдерде 

намазханалар ашу жайында 

дін өкілдері мен әскерилер 

ортақ пікірге келе алмай отыр. 

Олардың әрқайсысының өз 

уәждері бар. Енді кімдікі 

дұрыс, кімдікі бұрыс екендігін 

ойлы оқырман өзі ажыратып 

алар деген оймен қос сала 

мамандарының пікірлерін 

оқырман назарына ұсынып 

отырмыз. 

Қасиетті Рамазан айы 

аяқталысымен мұсылман 

қауымы исламның бес 

парызының бірі – қажылықты 

атқаруға кіріседі. Бұл қасиетті 

парыз – қажылық сапардан 

республикамыздың мұсыл-

ман дары да шет қалып 

отыр  ған  жоқ.  Қазақстанның 

мұсылмандары 1993 жылдан 

бері қажылық амалын атқа-

рып келеді. Осы уақыт 

аралығында еліміздің 30 

мыңнан аса азаматы қажы-

лық парызын өтеген.

Серік ЖҰМАБАЕВ

Қалдар БЕК

Міне, «әскери бөлімдерге 

намазханалар ашу керек 

пе?» деген сауалға жауап 

берген қос маманның пікірі 

осындай. Енді мұның 

қайсысы дұрыс, қайсысы 

бұрыс екендігін анықтау — 

уақыт еншісіндегі мәселе. 

Дегенмен сіз қалай 

ойлайсыз, ойлы оқырман? 

Бұл жөнінде ой саларлық 

пікірлеріңіз бен айтар 

орамдарыңыз болса, 

газетіміздің сайты арқылы 

немесе арнайы хат жазу 

арқылы ойларыңызды 

білдірсеңіздер екен. Алдағы 

уақытта біз бұл тақырыпқа 

қайта оралып, міндетті түрде 

пікірлеріңізді ескеретінімізді 

айтқымыз келеді. 

ДЕРЕК:

Биылғы жылы қажылық сапарға 

бөлінген квота саны 4000 болса, ниет 

білдірушілер саны анағұрлым артық 

болып, біраз жерлестеріміз квотаға 

ене алмай қалды. Бару-қайту билет 

құны, қонақүй, тамақтану, автобус-

пен жүру шығындарын қоса есепте-

ген де, қажылық қаражаты 3,2-4 мың 

АҚШ доллары шамасында. Бағаның 

айырмашылығы қажылық сапардың 

ұзақтығына және қызмет саласының 

ерекшелігіне байланысты. 34 туристік 

фирма қызмет көрсетіп, қажылық 

сапардан парызын өтеушілер 2-3-

желтоқсанда елге орала бастайды.

бару керек. Десек те, бір кездері қажылық 

сапарға тек пайда табуы мақсатында 

сауда-саттық үшін барған азаматтардың 

көптеп болғаны жасырын емес. Дегенмен 

«көш жүре түзеледі» демекші, ондай 

келеңсіздіктер жойылды. 

АЛАШ-АҚПАРАТ

Қала басшылығы құрбандық малы сатылатын және 

құрбандыққа мал шалатын орынды да арнайы әзірлеп 

қойды. Бұл үшін өскемендіктер шаһар іргесіндегі Меневное 

селосының ипподромына баруына болады. Ұлық мейрамға 

арналған мерекелік іс-шаралар қаланың бас алаңы – Респу б -

ли ка алаңында таңертеңгі сағат 10-да бастау  алады. Бұл 

жерде жергі лікті әншілер жұртшылық назарына мерекелік 

концерт ұсынады, жәрмеңке, спорттық іс-шаралар өткізіледі. 

Сонымен қатар бұл күні «Бауырсақ – 2010 фестивалі» ұйым-

дастырылып, дастарқан жайылып, үлкен қазан қойылып, 

Құрбан айт қонақтарына палау, қазақы шай мен дәмді бауы р-

 сақ тегін таратылады. Осы фестиваль аясында «Ең үлкен 

бауыр сақ», «Үздік безендірілген сауда орны» байқаулары 

өткізіледі деп жоспарланып отыр.



Азамат ӘБІЛҰЛЫ, Өскемен

Құрбан шалуға ниет еткендердің дені айт мейрамы жақындағанда 

ғана мал базарына барып, сатып алатыны белгілі. Ал мал саудасымен 

айналысатындар Қостанай мен Тараздың арасын жол қылып, мал 

базарын аузы-мұрынынан сықап тастады. Базарға түскен қой мен ірі 

қараның дені сол жақтан әкелінген. Мәселен, бір қойды Қостанайдан 

15 мың теңгеге сатып алса, араға апта салып бордақылап, базарға 

сатқандағы бағасы 25-30 мың теңгенің үстіне шықты. 30 келі, тіпті одан 

көп ет беретін ірі қошқарлар 28-ден бастап 40 мың теңгеге дейін 

шарықтады. Осылайша, алыстан тасыған малын Құрбан айтта пұлдап 

пайдаға батып қалғандар бар. Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі әр 

айт сайын қайталап айтатын «Ынсап сайын береке» мұсылман қауымы-

ның ұлық мерекесінде қанағатшылықпен барлық заттың бағасын 

аспандатпау керек» деген сөзін құлағына іліп жатқан жанды табу қиын. 

Қайта осындай сауда өтімді болатын айт мейрамы қарсаңында қалтасын 

қалыңдатып қалуды ғана ойлайтындар ойына келген бағасын айтып, 

сауданың көрігін қыздырып жібереді. Бұл жолы да дәл солай. Баға 

аспандап кетті. Құрбандық шалуға ниет еткендер делдалдың да, малын 

пұлдағысы келгендердің де айтқан бағасына сатып алып жатты. Қанағат 

айдалада аңырап қалды...

        Гүлжан КӨШЕРОВА, Тараз

Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекеле-

рінің бірі – Құрбан айтты атап өтуге Өскемен 

шаһарының ерекше әзірленгені байқалады. 

Қаланың орталық мешітінде айт намазы 

оқылғаннан кейін шаһардың әр аумағында 

құрбандық шалу рәсімдері басталады. 

Мұсылман қауымның ұлық мерекесі – Құрбан айтты 

Жамбыл жұрты қызу дайындықпен қарсы алды. Әсіресе, 

базар бағамын бағамдайтындар оған бір ай бұрын 

алақанға түкіріп кіріскен-тін.

Құрбандық шалу тәртібі қандай?



Құрбандық шалғанда, әркім өз білгенін оқып, тіпті ештеңе 

білмегендер «әумин» деп бетін сипап малды бауыздай береді. Менің 

білгім келгені, құрбандық шалудың тәртібі, ережесі қандай?

 Асқар ТӨЛЕНТАЕВ, Қарағанды облысы 

Құрбандыққа шалынатын малдың 

басы құбылаға қаратылып, арнайы дұға 

оқылады. Үш рет: «Аллаһу акбар, 

Аллаһу акбар, ләиллаха, иллаллаһу, 

Аллаһу акбар, Аллаһу акбар уа лиллахил 

хамд» деп тәкбір айтылады.

Ниет былайша білдіріледі: «Я, 

раббым! Бұл пендеңнің саған қарсы 

келіп қателік жасаған кезі болса, назалы 

да наразы сөзі болса, соның бәрін кешіре 

гөр. Өзімді құрбандыққа шалар едім, 

оған сенің ықтиярың жоқ. Өзің бекіткен 

шариғатта құрбандыққа адам шалуға 

болмайтындықтан, өзімнің орныма ақ 

адал малымды шалып отырмын».

Сосын «Ей, Алла, бізден досың 

Ибра гим, сүйіктің Мұхаммедтен қабыл-

дағандай қабыл ал» деп дұға айты-

лады.


Осыдан кейін мал бауыздалынады. 

Қаны толық ағып кетпей тұрып, екі рәкат 

намаз оқылады. Бірінші рәкатта бір рет 

Фатиха, он рет Ықылас сүресі оқы-

лады.

Құрбандыққа қандай мал шалынады 



және оның етін таратуға бола ма?

Баз біреулер құрбандыққа шалынған малдың етін өзі жеуі дұрыс емес десе, енді біреуі 

таратып берген дұрыс емес, – дейді. Жалпы, құрбандыққа қандай мал шалынуы керек 

және оның етін тарату дұрыс па?

 Самат ӘБІЛДИН, Қостанай облысы

Құрбандыққа шалынатын малдың бар мүшесі 

түгел, ауру-сырқаудан аман болуы тиіс. Құр-

бандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе малы шалынады. 

Қой мен ешкіні бір кісі, сиыр мен түйені жеті кісі 

бірігіп шалуына болады.

Құрбандыққа шалған малдың етін құрбандық 

иесінің өзі жеуіне немесе тұрмысы ауыр отбасына 

беруіне болады. Абзалы бір бөлігін садақа үшін 

пақырға, екінші бөлігін туған-туысқа, үшінші 

бөлігін өз бала-шағасына қалдырғаны жөн. 

Құрбандыққа мал шалу – уәжіп. Бұл туралы 

Құранда: «Олай болса, Раббың үшін намаз оқы 

және құрбан шал» деп бұйырған. Құрбандыққа 

мал шалу жайлы сүреде «құрбандыққа шалынған 

малдың қаны пенденің біліп, білмей жасаған 

күнәларын кешіруге септігін тигізеді» делінген.

Құрбандыққа мал Құрбан айтының бірінші, 

екінші, үшінші күндері шалынады және ол Құрбан 

айт намазы оқылғаннан кейін амалға асы-

рылады.

«Алла сабырлыларды 

жақсы көреді».


№199 (425) 

16.11.2010 жыл 

сейсенбі                 



www.alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

6

?



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Бірқатар мұсылмандар тасты шайтанға 

лақтырып жатырмыз деп ойлайды, сондық-

тан шайтанға қарғыс айтып, тасты ашу-ызамен 

лақтырады. Ол дұрыс емес. Ал шын мәнінде, 

тас лақтыру Алланы зікір ету үшін атқарылады. 

Ал кейбіреулер үлкен тас, ағаш тың бұтақтарын 

лақтырады. Бұл – асы ра сіл теу. Пайғамбарымыз 

мұндай асыра сілтеуге тыйым салған. Дұрысы 

кіші гірім тас лақтыру болып табылады. Лақты-

ратын тас көлемі тыр нақ тай болса, жеткілікті. 

Тасты уыстап емес, бір-бірден, тәкбір айтып 

лақтыру керек. Ден 

сау 


лығы болмай, тас 

лақтыруға шамасы кел мей қалмаса, басқа 

біреуден тас лақтыруды өтіну дұрыс емес.

Кейбіреулер Ан-Наһр күнінде жамырат қа 

тас атпай-ақ, Минадан қайтып келіп қоштасу 

тәуәбін атқарады, сосын қайтадан Минаға 

оралып, тас атады да, қажылықты сол жерде 

аяқтайды. Бұлай ету дұрыс емес. Өйткені 

Пайғамбарымыз былай деген: «Өз қажылы-

ғың ды Әл-Бәйтте аяқтамай, ешкім де үйіне 

қайтпасын».



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал