Ойынның аты: Құстар ұшты Ойынның шарты



жүктеу 29.17 Kb.
бет1/5
Дата14.02.2022
өлшемі29.17 Kb.
#17246
  1   2   3   4   5
Қимылды ойын

Қимылды ойын:

«Құстар ұшты»

Ойынның аты: Құстар ұшты

Ойынның шарты: Аланның бір шетінде құстар(балалар). Ал алаңнын екінші жағында скамейкалар,қабырғадағы сатылар т.б.- бұлар құстар қанатын ағаштар. Педагогтің «құстар ұшады» деген белгі бергенде қолдарын сермеп құстардың қанаттарындай ұшып жүреді.

Педагогтің «Дауыл» деген белгісін ести сала ағаштарға тығылады. Педагог «Дауыл басылады» дегенде құстар қата ұша бастайды.

Осылай ойын жалғаса береді.

Сақина салмақ

Сақина тастау-бұл көгалды жерде, залда өткізіледі.Ойыншылардың саны 20-25адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайлап отырады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек. Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады.

Шеңбердің ортасыа шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып «Сақинам кімде ?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның он жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады. Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғруы бойынша ән, би, күй, немесе басқа бір блетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады.

Тақия тастамақ

Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, жүріп біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек.

Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады.

Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.




жүктеу 29.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет