Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін мемлекеттік тілде меңгеруге арналған әдістемелік ұсынымдар



жүктеу 0.52 Mb.

бет4/4
Дата10.09.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4

Қорытынды 

 

Еуразияда  орналасқан Қазақстан Республикасы қазақ ұлты мен 130-дан аса 

этностар мен этникалық топтардың өмір сүріп жатқан мекені.  

Көпэтносты, әрi көпконфессиялы Қазақстанның басты ұстанымдардың бірі 

– 

әлеуметтiк тұрақтылыққа қол жеткiзу және оны нығайту.  



Сондықтан  елдiң  табысты  дамуының  басты  шарты  –  iшкi  саяси 

тұрақтылықты,  азаматтық  татулық  пен  ұлтаралық  келiсiмдi  қамтамасыз  ету,   

әрі  қалыптасқан  этникалық  қауымдастықтардың  терең  тарихы  негізінде 

этносаралық қатынастар мәдениетiн арттыру болып табылады.  

Үйлесiмдi  этносаралық  өзара  қатынас  пен  келiсiмдi  дамыту  мемлекеттiк 

және  қоғамдық  болжамдау  мен  реттеудiң  кешендi  ұстанымы  мен  тиiмдi 

тетiктерiн  талап  етедi.  Осы  орайда  Қазақстан  демократиялық  ұстанымдарға 

негізделген  қоғам  ретінде  этностардың  елдің  экономикасы  мен  рухани 

саласында лайықты орын алуын үнемі назарда ұстайды. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  "Қазақстан-2050"  стратегиясында 

еліміздің  әлемдік  интеграцияға  кірігуі  үшін  көптілділікті  дамыту  міндеті 

қойылды.  «Тілдер  туралы»,  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  

Заңдарының,  Қазақстан  Республикасындағы  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың 

2011-


2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  негізінде  қазақ  тілді 

емес  мектептерде  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  дәрежесінде  меңгерту 

міндеттерінен туындайтын, сондай-ақ еліміздің әрбір оқушысы қазақ халқының  

тілі,  әдебиеті,  бойынша  неғұрлым  мол  сусындап,  оны  тану  және  құрметтеу  

деңгейіне  жетуіне  оңтайлы  жағдай  тудыру  қызметін  орындаудан  өріс  алатын  

қағидаттар осы өзге тілді мектептерге арналған қоғамдық-гуманитарлық  білім 

берудің құндылығын құрайды.   

Көптілділік,  мультилингвизм,  полилингвизм  –  нақтылы  коммуникативтік 

жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, 

одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидуумның) 

көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді.  

Көптілділіктің  үш  тілді  меңгеру  дәрежесі  сол  адамның  немесе  бүтіндей 

халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, 

тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты.  

Қазақстандағы  тілдік  әралуандықты  сақтау  аясында,  ең  алдымен, 

Қазақстанда  тұратын  этнос  өкілдерінің  ана  тілдерін  оқытуға  жағдай  жасау  

қарастырылған.  Оқыту  қазақ  тілді  емес  мектептерге  оқу-әдістемелік  көмек 

көрсету, сондай-ақ ана тілдерін оқыту кезінде тілді білетін тәжірибелі педагог 

мамандарды  тарту  және  халықаралық  тәжірибені,  заманауи  технологияларды 

пайдалану мәселесі жоспарлану керек. 

Сонымен  қатар,  этностардың  тілдерін  сақтау  және  мәдениеттерді  өзара 

байыту  үшін  қажетті  жағдайлармен  қамтамасыз  ету  көзделеді.  

 

32 


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

1.

 



Қазақстан Республикасының Президенті  –  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 

«Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 

атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012ж. 14.12.). – Астана, 2012. 

2.

 



Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  

2012-


2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  іс-қимыл  жоспары  /  Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 қаулысымен бекітілген. 

3.

 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 



жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  /  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 2010 ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген. 

4.

 

   



Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011  - 

2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  туралы/Қазақстан 

Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен 

бекітілген. 

5.

 

Бахтикиреева, У.М. К вопросу нового философско-методологического 



обоснования филологических исследований// Материалы пленарного заседания 

Съезда  филологов  в  Республике  Казахстан  «Основные  приоритеты  развития 

филологического образования Казахстана». – Астана, 2013. – С. 5-8 

6.

 



Якиманская, 

И.С. 


Технология 

личностно-ориентированного 

образования / И. С. Якиманская. –М.: Изд-во Просвещение, 2000. – 280 с. 

7.

 



Селевко,  Г.К.  Современные  образовательные  технологии.  –  М.: 

Народное образование, 1998. - 256 с.  

8.

 

Кульневич, С. В., Лакоценина, Т. П. Анализ современного урока. Изд. 



2-

е - Ростов н/Д: Изд-во «Учитель», 2004. - 228 с. 

9.

 

Профильное  обучение  в  системе  дополнительного  образования  детей: 



проблемы,  поиски,  пути  решения  [текст]:  Материалы  всероссийской  научно-

практической конференции. Оренбург, ИПК ГОУ ОГУ, 2006. – С. 80-85. 

10.

 

Чошанов,  М.А.  Гибкая  технология  проблемно-модульного  обучения: 



Методическое пособие. – М.: Народное образование, 1996. – С.

 

45-48.  



11.

 

Амонашвили,  Ш.  А.  Здравствуйте,  дети!:  Пособие  для  учителя/ 



Предисл. А. В. Петровского. - М.: Просвещение, 1983. - 208 с. 

      12


.  Крупник,  С.А.,  Мацкевич  В.В.  Функциональная  грамотность.- 

Москва, 2010 г. 

    13.  

Сметанникова, Н.Н. Грамотность. Единственное или множественное 

число? – Москва. 

   14


. Леонтьев, А.А. От психологии чтения к психологии обучению чтению. 

С. 5. 


    15

.  Бунеев,  Р.Н.  Понятие  функциональной  грамотности  // 

Образовательная программа «Школа 2100», Педагогика здравого смысла / Под 

ред. А.А. Леонтьева. - С. 35. 

    16. 

Перминова,  Л.М.  Минимальное  поле  функциональной  грамотности 

(из опыта С.-Петербургской школы)//Педагогика. - 1999. - №2. - С.26-29. 

                                                                                                                                                                                                                             

33 

 


Қосымша 

 

Сиқырлы саз аспабы 



 

Халық етегілері бойынша әдеби мозаика 

 

Ерте  –ертеде,  ұшы  –қиырсыз  қазақ  даласында  Кербұғы  деген  керемет 



домбырашы өмір сүріпті. Ол небір құлақ құрышын қандырар күйлер шығарып, 

оны өзі домбырада төгілдіре орындайды екен. 

Күні  бойғы  күйбең  тірліктен  кейін  ауыл  адамдары  домбырашыны  ортаға 

алып, «құлақтан кіріп бойды алар» сиқырлы күйлерін сүйсіне тыңдайды екен. 

Қос  ішектен  құйқылжи  төгілген  күйдің  құдіреттілігі  сонша  –  асыр  салған 

балалардың өзі ойынын ұмытып, сілтідей тынып құлақ түреді екен. 

                                                                            

Ақсақ  Құлан ертегісі.    

Базардан барабан сатып ап. 

Оралды Қоян да әлгі үйге. 

Түлкіні енді ол қатырмақ, 

Өстиді кектенсе әркім де. 

 

Түлкінің үйіне жетті ол, 



Қағылды гүрілдеп барабан. 

Кезекпен ойнады екі қол: 

«Бам- барам, бам – барам, бам – барам!» 

 

Отырған меймандар шошынды, 



Кенеттен тиылды күлкілер. 

Аңшы ма деп қалды осыны, 

Не істерін білмеді Түлкі – «ер». 

Әлімқұлов Н. Барабаншы қоян. Ертегі. 

Асан сегіз – тоғыз жасқа келгенде анасының арманды мұңын, зарлы жырын 

тыңдап,  жаттап  алып,  кең  далада  қой  бағып  жүріп,  күңірене  толғайтын 

болыпты. Қайғылы қалың елдің қайғы арманын, мелшиіп жатқан сар даланың 

сағым бұлдыратқан мұнарымен үндестіріпті. Ханның қайырымсыз сарайының 

маңынан таппаған мұңлы сыр, мазмұнды жырды Асан сахараның кең де келісті 

табиғат көрінісінен тапқандай болыпты.Сөйтіп жүріп ол тоғыз жасында асқан 

жыршы, айтқыш ақын, шебер сыбызғышы болған екен. 

 

Қасиманов С. Сиқырлы сыбызғы. Аңыз ертегі. 

Көзіне  жас  алқымына  өксік  тығылған  Лосан  щяньцзысын  асынып,  басы 

ауған  жаққа  жүріп  кетеді.  Жүре  –  жүре  мұнарлана  шалқыған  көк  теңіздің 

34 


 

жағасына жетеді. Бір тасқа жамбас басып, жан шақырады. Көңілі құлазып, біраз 

отырған соң, щяньцзысын қолына алып, шерін тарқатпақ болып, әсерлі мұңға 

толы  күй  шерте  бастайды.Мамырлап  «Жабайы  өрік  гүлдеді»  әуені  төгіледі, 

күмбірлеп «Иен таудың сулары» ағады.(щяньцзы – үш ішекті, сазген тектес 



шертпелі аспап)        

 

Лосан (дүнген ертегісі)   

Жігіт  гуслиын  тізесіне  қойып,  тыңқылдатып,  би  әуеніне  басқанда,  тамам 

қарақшы  жапұр  –  жұпыр  билеп  кетеді.  Тоқтайын  десе,  дәрмен  жоқ,  аяқ- 

қолдары ербеңдеп билей береді. 

Ағатай ,тоқта! Бір қап алтын берелік,- деп жалынады олар диірменшіге. 

Жігіт  күйін  тоқтатып,  қарақшылар  қап  толы  алтын  әкеп  береді.  Алтынын 

арқалаған жігіт көңілі тасып, үйіне келеді. 

                                    (



гусли – жетіген тектес, шертпелі аспап) 

 

Ғажайып гусли (украин ертегісі) 

Замандардың заманында бір күйші ғұмыр кешіпті. Бала жастан өнер қуып, 

күй қайырыпты. Өгіз жайып жүріп, қурайдан сыбызғы қиып, уілдете тартқанда, 

өгіздер күйсегенін тоқтатып, құлақтары салбырай мүлгіп, тыңдап тұрады екен. 

Ормандағы  құс  қалғып,  батпақтағы  бақа  тыншып  қалса  керек.  Кейде  қыз  – 

бозбалаға  ілесіп,  түнгі  күзетке  шығады.  Түн  тынық,  жер-  әлем  бусана 

манаурайды. Қалжың – күлкі, ойын – сауық. Керемет.Сонда бала сыбызғысын 

ерніне апарып, баяу созылтып күй бастайды.  

Қыз  біткен,  жігіт  біткен  тегіс  ұйып  қалады.  Қай  –қайсысы  болмасын, 

жүректеріне тәтті шырын құйылғандай, беймәлім бір күш қағып алып, биікке, 

шырқау  биікке,  жұлдыздары  жымыңдасқан  ашық  аспанға  әкетіп  бара 

жатқандай сезінуші еді. 



     

Құдіретті күйші (белорус ертегісі) 

Баяғыда бір бала болыпты. Әке –шешесі жоқ тұл жетім екен. Көрінгеннің 

есігінде қаңғып жүреді. 

Бір  үзім  нан  үшін  жұрттың  шошқасы  мен  сиырының  соңында  салпаңдап, 

айтқан шаруасын екі етпей орындайды. Ер жеткен соң бір ауқатты шаруаның 

сиырын  бағуға  жалданыпты.  Күздің  қара  суығы  екен,  төңірек  тұманға  бөгіп, 

ызғырық  жел  өңменнен  өтеді.  Жұрт  жылы  үйден  шығуға  әйенкенестенеді 

(жиіркенеді авт.). Ал жетім бозбала жалаң аяқ сыз басып, сиыр жаяды. Суықтан 

тіс – тісіне тимей жаурайды. Не істерін білмей, торығып, өксіп- өксіп жылайды. 

Кенет қасына бір кішкентай шал келіп: 

Әй, балам, неге жыладың? – деп сұрайды. 

Жыламағанда  не?  –  дейді  бозбала.  –  Қожайын  күн  сайын  далаға  қуады, 

жалаң аяқ, жалаң баспын, суыққа ұшып өлерше болдым. Шал жетімді аяйды, 

35 


 

әйтсе де қолынан келер қайран жоқ, өзінің аяғында жыртық шақай. Әрі – бері 

ойланып, қалтасынан сыбызғысын алып, бозбалаға ұсынады. 

Мә,  осыдан  басқа  берерім  жоқ,  -  дейді.  –  Бірақ  бұл  –  жай  сыбызғы  емес, 

сиқырлы  сыбызғы.  Мүмкін,  күндерде  бір  күн  пайдасы  тиіп  қалар.  Бұл 

сыбызғыны үрлеп жіберсең болды, естіген жұрт билеп кетеді. 

Бозбала сыбызғыны алысымен, шал ғайып болады. 



 

Сиқырлы сыбызғы (латыш ертегісі) 

Ханшаның құлантаза айыққаны жайлы хабар төрт тарапқа түгел таралады. 

Алыстағы  –  жақындағы  ханзадалар  мен  бекзадалар  сұлу  ханшаға  үйленбек 

болып, толассыз шұбырады.Алайда қыз өзін емдеген кернейші бозбаланы құлай 

сүйіп қалып еді.   

Кернейші бозбала (өзбек ертегісі)  

Гуслишы  патшаның  сөзіне  құлақ  асып,  сарайда  қалады.  Күн  сайын  күй 

тартып, көңілін аулайды. Бірақ патшаның құмары тарқап, құлақ құрышы қанар 

болмайды.  Шіркін,  күй  деп  осыны  айт!  Қайғыны  да,  мұңды  да  қолмен 

сылығандай жоқ қылады.  

(

гусли – жетіген тектесшертпелі аспап



Гуслишы патшайым (орыс ертегісі) 

Ертеде бір помещик өмір сүріпті, ол Аницзы атты бір бала бақташыны өзіне 

жалдап  алыпты.  Аницзны  жұрттың  бәрі  де,  әсіресе,  сыбызғыны  тамаша 

тартатындығы  үшін  жақсы  көретін.  Оның  сыбызғысы  кәдуілгі  қарапайым 

бамбуктан  жасалынған  болса  да,  оның  қолында  ең  нәзік  музыкалық  аспапқа 

айналатын. 

         

Бала бақташы – Аницзы (ұйғыр ертегісі) 

Скрипка үні естілісімен, сот бар, жендет бар, жиылған барша қауым бар – 

барлығы ұршықша үйіріліп, биге басады.  

Саз да , би де толастамайды. Жігіт скрипкасын безілдете толғап тұрып: 

Қалай, осындай күй үшін өлім жазасына кесуге болама? – деп сұрайды. 



Жоқ ,- дейді сот. – Бұндай өнерпазды өлтіруге болмайды. 



Жалшы мен сиқырлы скрипка (поляк ертегісі) 

 

«Әдебиет» бекеті 

1.

 



Қазақ  халқының  ұлы  ақындарын  ата  (Абай  Құнанбаев,  Жамбыл, 

М.Жұмабаев, М.Мақатаев т.б.) 

2.

 

Қазақ  халқының  ертегілерін  атаңдар  (Ер-Төстік,  Алтын  сақа



АсанқайғыТазша бала, Керқұла атты Кендебай, Жыл басы т.б.) 

3.

 



Отан,  туған  жерге  байланысты  мақал-мәтелдерді  жалғастырып 

айтыңдар: 

Отансыз ...адам – ормансыз бұлбұл 

Отан ...оттан да ыстық 

36 

 


Ел іші –.... алтын бесік 

Отан – ....елдің анасы, ел –ердің анасы 

Туған жерге...туың тік 

Туған жердей ...жер болмас, туған елдей ел болмас. 



Тапсырма 

Сендердің  алдарыңда  қазақ  ертегілерінің  аттары  және  сол  ертегілерде 

кездесетін заттардың аттары берілген. Осы заттар қай ертегіде кездеседі?  

 



қазы (Алдар көсе мен Шығайбай) 

 



домбыра (Ақсақ құлан) 

 



сақа (алтын сақа) 

 

 



«Салт –дәстүр» бекеті 

1.Қазақ елінде  ертеден  келе жатқан қандай мейрамдар бар? (Ораза   

       

айт, Рамазан айт, Наурыз ) 



2. 

Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер (қазы-қарта, жал-

жая, қымыз....) 

3. 


Қазақ қыздары ертеде қандай аяқ-киім киген? (саптама, кебіс, киіз етік) 

4.

 



Қазақ  халқының  ұлттық  киімдерін  атаңдар  (Айыр  қалпақ,  сәукеле, 

шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі, бөрік т.б.) 

5.

 

Қазақ халқының ұлттық сувенирі саналатын зат? (түйе, киіз үй....) 



Тапсырма: 

Сендердің  алдарыңда  Қазақстанда  аталып  өтетін  қадірлі  де  сыйлы 

мейрамдардың  аты  мен  оларға  байланысты  мағыналы  сөздер  (бөлек 

карточкада)  берілген.  Әрбір  мейрамның  жанына  өзіне  қатысты  мағыналы 

сөздерді қойыңдар. 

 



Ораза тұту  (Рамазан айы) 

 



Намаз оқу ( Ислам  дінінің бес тірегінің бірі)  

 



Ораза айт (жеті шелпек пісіріп, дастархан жайылу) 

 

Отан,  туған  жер  тақырыбына  арналған  қазақ  жазушыларының 

шығармаларынан үзінді 

 

 



Сол  арада  тағы  бір  есі  кіріп,  бойына  қайратын  жинаған  Бақай  батыр 

ақырғы  өсиетін  айтады.  Біз  өрбіген  арғы  атамыз  Тәңірберген  қартайған 

шағында дүниеден өтеді де, адам аспас асқар шыңға айналған екен.  

 



Сондағы  мақсаты-  еліне  қорған  болу.  Сөйтіп,  төбесіне  көз  жетпейтін 

заңғар  шың болып,  ел  шетінде  тұр.  Елі  осы  заңғарды  Хан  Тәңір  атап  кетіпті. 

Мен  де  туған  жерімнің  бір  шетінде  асу  бермес  мәңгілік  қорған  болып  қалуға 

тиіспін. 

 

Алма қыз және оның батыр ағалары       Бақай мен Матай. 



 

Ертегі. Толыбаев Қ. Сырлы Арал. 

37 

 


Қазақ  –  Алтай  мен  Атырау  арасын  жайлаған  еркін  ел  еді.  Айналдырған 

қырық – елу жылдың ішінде бүрісті де қалды. Кешегі Әз Тәуке ханның «жеті 

жарғысы» да ұмытылды. Заң мен мен низам онда – мұнда көшкен Болат ханның 

ордасымен бірге құйын – дауылдай күніне сан құбылады.  

 

Сондағы темірдей тегеурін  әлі  күнге дейін тек момын мен нашардың 



ғана иығынан арылар емес. Бытыраған шұбырынды үркен ел аядай жерде айран 

– 

асыр. Ұлы жүз ойрат боданында қалса, Сыр мен қырдың арасындағы Кіші жүз 



бен  Орта  жүз  бірде  ойраттың,  бірде  қалмақтың,  бірде  орыстың,  бірде 

қызылбастың, бірде башқұрттың шабуылына ұшырауда. 

 

Сматаев С. Елім- ай. Роман трилогия Т2. 



 

(«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» 

 

оқиғасынан кейінгі қазақ халқының тағдыры 



 

туралы.) 

 

Жалғанда қазақтан асқан жомарт елді көрген де, естіген де емеспін. «Өзім 



дегенге өзегін суырып береді» деген әсірелеп айтылған сөз шығар. Ал өзі жаяу 

қалса  да  астындағы  жалғыз  атын  түсіп  беретіні  құдайдай  шындық.  «Сый 

қылсаң  сыпыра  қыл»  дейді,  қазақ.  Бұл  қазақ  біреуді  шын  сыйлағысы  келсе 

барын  базарға  салады.  Тереңде  жатқан  асылын  да,  ардақтысын  да  бетке 

шығарады. 

 



Тұрлыбайұлы Ж. Райымбек батыр. Роман. 

 



Қазақ жеріне, оның ұлы Даласына кісен түскелі қашан? Бүгін мына ұлы 

Даладан кісен сыңғырының дамылсыз жылаған аш баладай дауысы естіледі. Ол 

құлақты аздырады. Жүйкені тоздырады. Бұл кісенді жерден де, елден де алатын 

жол – кілт бар ма?! Болса ,ол Сырым Датұлы, Жоламан Тіленшіұлы, Көтібар – 

Арыстан аталарың бастаған азаттық жолы болар. 

 



(Ресей патшалығының бодандығында болған қазақ халқының тарихы 

туралы) 

 



Төреханов Т. Кісенделген дала. 

 



Деректі тарихи роман – трагедия. 

 



Біз  туған  ел,  туған  жер  деп  өлетін  елдің  баласымыз.  Бізде  екі  Отан 

болмайды. Зәушайтан тағдырдың салған шырғалаңымен тамашалаң түсіп аббар 

көшіп, шет жайлап кеткендер бұрын да біздің халқымызда болған. Бірақ солар 

арада  ғасырлар,  дәуірлер  өткен  соң  да  қайта  Отанына  көшіп  келген,  ондай 

тарих тағылымын тартқандар аз емес. Олар, көлін көксеген бұлүйректей бүгін 

кеткенімен  ертең  болмаса  бүрсүгіні  кірін  жуып,  кіндігін  кескен,  атасының 

бейіті бар жеріне, бетінде атасының кейпі бар еліне қайта оралмай қоймайды. 

Бұл жеті ата, жеті пұсты, түптұқиян ғұрпы, дәстүрі. 

 

(1930 



жылдардағы 

колхоздастыру, 

сондағы 

жіберілген                                                                              

асыра  сілтеушілік,  ашаршылық.  1937-38  жылдардағы  қуғындау,  жазалау 

жайлы жазылған роман.) 

 



Қыдырбекұлы Б. Алатау: Роман (2 кітап) 

38 


 

 

Айнабұлақ!  Мыңбұлақ!  Өмірге  тұңғыш  келгенімде  дүниеде  теңдесі  жоқ 



нәрлі  суымен  мені  шомылдырған,  мені  жуындырған  бұлақ.  Мен  алғаш  суын 

ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... 

 

Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан 



жүрек  болаттан  құралған  емес,  бірақ  біздің  жүрек  отты  жүрек.  Оның  оты 

болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегіміз – де қауіп – қатерді 

көтеріп, өлімді жеңетін бір жарақ,  -  ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды 

сүю сезімі. Бізде ер атасы- махаббат, өмір тасы- халық, ел намысы- ер қолында, 

ер намысы- ел қолында. Біз намысты елдің ұлымыз.- Жеңілмес күшіміз сонда.   

 



Момышұлы Бауыржан. 

 



Москва үшін шайқас. Роман. 

 



Мен  жастықты  қорғадым.  Мен  өзіміздің  шаттық  өмірімізді  қорғадым. 

Менің  өз  Отанымнан  сұлу,  өз  Отанымнан  ғажап  дүние  бар  ма  екен?!  Жоқ  , 

болған да емес, болмайды да. Мен қазір шығысқа қараймын. Онда менің туған 

елім, сүйікті жарым бар. Маған самал жел еседі. 

 

О, шіркін туған жер, сенен артық не бар дүниеде! 



 

Ақшолақов  Т.  Қызылгүл.  Әңгіме.  Жеңімпаздар.  Ұлы  Отан  соғысына 



қатынасқан Қазақстан жазушыларының естелік әңгімелері. 

 



Менің  ойнап  берген  музыкамның  орындалуына  таң  қалғандары 

соншалық,  қатты  ризалық  білдіріп,  көпке  дейін  қол  шапалақтап,  қайта 

шақырып, бірдеңелерді айтып айқайлап, сахнадан жібермей қойды. Олар үшін 

мұның  өзі  үлкен  жаңалық  болып  табылатынын  мен  жаңа  түсіндім.  Өйткені 

қайдағы бір жабайы азиат саналатын елдің адамы, алыс түкпірдегі  

 



Европа  музыкасын  соншалық  шабытпен,  асқан  шеберлік  танытып 

орындап бергеніне сенулерінің өзі қиын еді.Ендігі жерде өзім скрипкаға арнап 

өңдеген қазақтың халық әні «Елім - ай» ды орындадым.  

 



Тыңда, Европа, тыңда, Германия, барлығыңда тыңда, менің бәрінен артық 

көретін  елімді  тыңда,  қазақтың  халық  әні  «Елім-  айды»  тыңда!...Ақырғы 

қайырмасын  қайталап  тартарда,  залға  көз  салып  едім,  көпшіліктің  маған 

аянышпен қарап, мені түсініп, жанашырлық танытып отырғандарын сезгендей 

болдым. 

 



(

Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  неміс  әскерінің  тұтқынына  түсіп, 

кейіннен  Мұстафа  Шоқай  бастаған  Түркістан  легионында  болған 

қазақтың алғашқы кәсіпқой скрипкашысы Айткеш Толғанбаев туралы.                                 

 



Толғанбаев А. Қатал тағдыр тәлкегі  

 



Өмірлік баяндама.- Алматы : 2001.- 133б. 

 



Туған жердің қәдірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін? 

 



Туған  жердің  кәдірін  алыс  жерге  ұзатқан,  ұзатқанына  әлде  талай  жыл 

өткен қыз білмесе, кім білсін?  

39 

 


 

Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, 



көзінің  майын  тауысқан,  көшенің  шаңын  көп  жұтқан  шәкірт  білмесе,  кім 

білсін? 


 

Туған  жердің  артығын,  жазатайым  іс  етіп,  күштілерге  күш  етіп,  еріксіз 



елден  айырылған, шеттен  дәмі  бұйырған, жаттан  сыйлау  көрмеген  ер білмесе 

кім білсін?Туған жердің асылын қараңғы үйге қамалып, қара нан мен қара шай 

жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сары қымыз көзінен бір – бір ұшып есіл 

елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін? 

 

Туған  жердің  кәдірін  әлеуметтік  ісіне  басын  байлап  жегілген,  кеңседе 



қағаз  кемірген,  күйіп  –  пісіп,  көбеп  боп,  еңбегінің  жемісін  көрсем  –  ау  деп 

телмірген, тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім 

білсін?  Ыстық  қой,  шіркін,  туған  жер!  Туған  жерге  жеткенше,  қайтіп  дәтің 

шыдайды?  Кім  сағынбас  өз  қағын?  Кім  сүймесін  өз  жерін?  Сүймесе  сүймес 

зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз... 

 



Аймауытов Ж. Қартқожа романы. 

 



Мен  табиғатты  сүйемін.  Мен  шынайы  поэзияны  сүйемін.  Абай  мен 

Қасымды  қанша  оқысам  да  менің  сусыным  қанбайды.  Қайталап  оқи  бергім 

келеді,  оқи  бергім  келеді.  Мен  Құрманғазы  мен  Дәулеткерейдің  күйлерін 

тыңдағанда  өзімді  өзім  ұмытып  кетемін.  Махамбет  жырының  әр  сөзінің 

астынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарыш- құрыш сілтескен найза, қылыш үндерін 

естігендей  болам.  О,  қасиетіңнен  айналайын,  қазақ  жері.  Осының  бәрі  сенің 

топырағыңда өсіп, өнген кереметтер емес пе... 

 



Қазақы ауыл және ауылдың қара домалақ баласы жайлы. 

 



Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа. 

 



Қайран  Ата  мекен!!!!  Ата  мекенім,  сенде  менің  барым  қалды.  Нәрім 

қалды. Сенен барыңды алдым, нәріңді алдым.  

 

Ата  мекен,  мен  сені  бір  перзентің  ретінде  бар  жәнтәніммен  сүйдім, 



күйдім,  еркеледім,  еріңе  отырдым!  Сенде  кешегі  империя  әкелген  аштығым 

қалды.Ата мекен, ақ мекен, киелі мекен, ұранды мекен, қыранды мекен жатсам 

– 

тұрсамда  есімнен  бір  шықпайды!  Көде  бозды,  ақ  бидайлы,  күреңселі,  еспе 



бидайықты, көк сақал шилі, бозғанақты көлді, күрең тобылғылы, нар қамысты, 

исі  мұрныңды  жарып,  кеудеңе  гаусар  тыныс  беретін  жусаны  мен  қызыл  көк 

шағыры  жарыса  өсетін,  аққу  –қазы  қалықтаған  сенің  ұлылығыңды  көзім 

тірісінде сүйемін, құшақтаймын, аунаймын!           

 

(Толғау)  Төреханов Т. Адам әлемі. 



 

Ел тұтас дүние, сом жартасқа ұқсайды, адам үшін қадірі өте зор. Тағдыры 



жермен  байланысты.  Туған  жердің  күллі  сипат  –  сыны,  құдірет  –құны  өзін 

мекен  тұтқан  халықтың  тұрмыс  –  салты  арқылы  басқаларға  құндылығын 

танытады.  Өзі  өрбіген  елге,  туып  -  өскен  жерге  деген  адам  махаббатының, 

алаулаған сағынышының қаншалықты тасқынды екенін, асыл қасиетін шалғай 

шетте, ел ішінен амалсыз шығандап, қиырға қара үзіп кеткендер, қайта орала 

40 


 

алмай алыста жүргендер ғана айырықша анық, бұлдырсыз айқын сезінеді, қадір 

– 

құнын жетік біледі. Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде 



ел  бар.  Ел  –  ер  –  азаматтың  думанды  ортасы.  Жер  –  жарық  дүниеге  көзін 

ашқаннан тербеткен бесігі. 

 

Қазақстан жерінің тамаша табиғатын суреттейтін шығарма. 



 

Толыбаев Қ.Сырлы Арал. 

 

Ақ  бас  таулардың  айнадай  тұнық,  кіршіксіз  мөлдір  аспанмен  астасқан 



жалтыр мұзды қадау – қадау шыңдарының осы бір таңғажайып тұрпаты менің 

көкейіме,  көкірегіме  ертегідей  ұялаған.  Оның  құдіретін  құт  санап,  құрметпен 

бас  иемін!  Ұлы  таудың  адамды  тамсантқан  ұлы  қасиетіне  өмір  бойы  тағзым 

етіп келемін! Дүние жүзінде зәулім таулар көп қой. Бірақ баурайында гүлдей 

жайнаған  сәлетті  қаласы  бар,  зілзала  салатын  ішкі  түтігі  жоқ  Алатауға  не 

жетсін!.. 

 

Оңтүстік  Америкадағы  Анды  таулары  да  Африкадағы  Килиманджоро 



асқары  да,  Еуропадағы  Альпі  жоталары  да  өз  перзенттері  үшін  ыстық  –  ақ 

шығар.  Егер  біз  сол  тауларға  аз  ғана  күнге  саяхат  жасап  бара  қалсақ,  қашан 

қайта  айналып  келіп  өзіміздің  ақ  жал  Алатауымызды  көргенше  кеудеміздегі 

сағыныш жалыны жанар таудай атқылап, лапылдап жанып тұрар еді... 

 

Біз үшін дүниеде Алатаудан қасиетті, Алатаудан киелі ешбір тау жоқ ! 



 

Ол қазақ үшін қастерлі, қасиетті. 



 

Толыбаев Қ. Сырлы Арал. 

 

Қайран,  Тарбағатай!  Сен  тау  болып  жаралғалы,  құтты  қоныс  қойнауың 



мал мен жанға талай толып, талай солды ғой. Не ықылым оқиғалар өтпеді сенің 

сонау адыр- қырқа белдеріңде?! Сен екеуміз білетін сыр қанша, жыр қанша?! 

 

Қазақ даласының қара шаңырағы Қаратаудан кейін тарих көшін басынан 



көп асырған шежіре тау – сен – ақ шығарсың, Тарбағатай!  

 



Бір халықтың екі түрлі тағдырын қос бүйіріңе теңдеп алып, сол орныңда 

тапжылмай  жатыр  екенсің  –  ау,  жарықтығым.  Бақыт  пен  сордың  арасын 

осылайша  қақ  бөліп,  туған  елдің  шығыстағы  бір  қамалындай,  осы  қалпыңда 

мәңгі мызғымай тұра бер, қайран алтын босағам! 



Жұмаділов Қ. Атамекен. Роман. 

 

«Мәдени мұра» 

 

Мәдени  бағдарлама  аясында  бірқатар  гуманитарлық  ғылым  салаларының 



(археология,  тарих, фольклористика, мұрағаттану, мәдениеттану, әлеуметтану, 

өнертану т.б.) ұлттық жадыны жаңғырту, мемлекеттік тәуелсіздік жағдайында 

өмір  сүріп  жатқан  жаңа  қоғамның  жаңа  тарихи  санасын  қалыптастыру 

бағыттарындағы  іс-қимылына  жаңа  серпін  беру  және  тиісті  ғылыми-

тәжірибелік  ізденістердің  көкжиегін  кеңейтуге  жол  ашылды.  Сол  сияқты 

халықтың  тарихи  зердесінің  негізін  құрайтын  материалдық  (кесенелер,  көне 

41 

 


қала орындары, зергерлік бұйымдар, жазу-сызу үлгілері, музыкалық аспаптар, 

табиғи ескерткіштер, т.б.) және материалдық емес (сөз өнері, музыка, би, салт-

дәстүр, т.б.) жәдігерлік объектілерге “жан бітіруге” алғы шарт жасалды.       

Бағдарламаны  жүзеге  асыру  барысында  айтарлықтай  нақты  нәтижелерге 

қол жеткізілді. Олардың арасында бірнеше бұрын-соңды қол жетпеген, маңызы 

аса  зор,  тіпті,  кей  реттерде  ұлттық  мәдени  кеңістікте  ғана  емес,  әлемдік 

руханият  ауқымында  да  сенсациялық  жаңалықтар  деп  ауыз  толтырып 

айтарлықтай  нәтижелерге  қол  жеткізілді.  (Шіліктіден  табылған  “Үйсін 

ханзадасы”  алтын  адамы,  қазақ  ауыз  әдебиетінің  жүз  томдық  басылымы 

(“Бабалар  сөзі”сериясы),  Ақыртас  көне  салт-ғұрыптар  кешені,  көшпелілер 

өркениетіндегі  қалалық  мәдениеттің  өзіндік  архитектуралық  жүйесінің 

“мұсылмандық  архитектура”  (К.Байпақов)  айқындалуы,  қазақстандық  “алтын 

адамдар” мен олардың алтын бұйымдарының Жапония, Америка, Ресей, Қытай, 

Германия, Франция, Түркия, Ұлыбританияда өткізілген көрмелері, ашық аспан 

астындағы    әйгілі  “Таңбалы  тас”  қорық-мұражайының  шетел  ғалымдары  мен 

мамандарының  қатысуы  арқылы  музейлендірілуі,  осы  күнге  дейін  аңыздық 

кейіпкер  деп  келген  Қобыланды  батыр  қабірінің  басына  ескерткіш  қойылуы, 

т.б.). Республика тарихшылары мен археологтары (М.Қойгелдиев, К.Байпақов, 

Қ.Салғара, З.Самашев және басқалар) соңғы жылдары ашылған ғылыми жаңа-

лықтар  мен  табылған  тың  деректер  ел  тарихына  мүлдем  жаңа  көзқарас 

орнықтырып,  қазақ  мемлекеттілігі  хақында  осыған  дейін  қалыптастырылған 

хронологиялық көрсеткіштерді түбегейлі өзгертуді талап етеді және оған толық 

негіз бар деп санайды. 

Тарихи  бағдарлама  ел  рухының  көтеріліп,  ұлт  жадының  жаңғыруына 

септігін тигізген сарабдал құбылыстардың біріне айналғаны ақиқат.  

Соңғы  2-3  жылда  археологтар  Қазақстан  жерінде  бірнеше  ортағасырлық 

қалаларды ашты. Мәселен, Жетісудағы Қойлық, Арқадағы – Бозық қалалары Х-

ХІІІ ғасырларға жататыны анықталды. 

Сондай-ақ  археологтар  тағы  да  2  алтын  адамды  тапты.  Бірі  –  Шығыс 

Қазақстанда,  екіншісі  –  Батыс  Қазақстанда.  Сарматтар  мен  сақтардың  өкілі 

болып табылатын олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы 1-ші мыңжылдықта 

ғұмыр кешкен деп есептеледі. 

Археологиялық  экспедицияларда  да  өте  құнды  дүниелер  табылып  жатыр. 

Шығыстанушы  ғалымдар  Ресейге,  Түркияға,  Қытайға,  Моңғолияға,  Қырғыз-

станға  сапар  шегіп,  олардың  архивтерінен  қазақ  тарихы  мен  мәдениетіне 

қатысты  көптеген  жазба  ескерткіштерді  анықтап,  біразының  көшірмесін  елге 

алып  келді.  Мәселен,  Стамбулдағы  мұражайлар  мен  кітапханаларда  Шыңғыс 

хан мен баласы Жошы ханның суреттері бар Алтын Орда дәуірінің жәдігерлері 

табылды.  Моңғолияның  тарихи  мұрағатында  манжур,  моңғол  тілдерінде 

жазылған  ХVІІІ-ХІХ  ғғ.  Қазақ  хандығына  қатысты  50  құжаттың  көшірмелері 

алынды. Қытай елінде 300-ден астам шағатай, қытай тілдерінде жазылған құжат 

42 


 

табылған  және  ойрат  моңғол  тілдерінде  жазылған  көптеген  құжат  зерттелген. 

Соның  нәтижесінде,  Абылай  ханның,  Әбілмәмбет  ханның,  Әбілфайыздың, 

Сәнияз төренің, Әділ сұлтанның, т.б.Цинь империясының басшыларына жазған 

115 хаты табылды. 

«

Мәдени  мұраны»  халықтың  сананың  құрамына  енгізу,  ұрпақтың 



патриоттық  сезімін    тәрбиелеудің  құралына  айналдыру-  ендігі  мәдени  саясат 

пен білім беру жүйесінің басты бағдары. 

1.  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында    жүргізілген    экспедициялық 

зерттеулердің  нәтижесі  ежелгі  және  ортағасырлардағы  Ұлы  Жібек  жолы 

бойындағы қалалар  (Қойлық, Талғар, Қараспан, Түркістан,  Сауран, Сарайшық, 

Жанкент  т.б  )  жайлы  мәліметтерді,  және  Отырар  мен  Бозұқ  қалаларынан 

табылған  қазба  жұмыстарының  нәтижелерін  және  Ежелгі  Тараз  қаласының   

Алматы  мен  Жетісуда  сақтар  мен  үйсіндердің  орналасуына  қатысты  ғылыми 

деректерді,  тастағы  таңбалар  6  сыныптағы    Қазақстан  тарихының  мазмұнына 

енгізілді.  Сонымен  қатар  мәдениет  тақырыбына  Қазақстандағы  өнер 

ескерткіштерінің тарихын енгізу, оқушылардың өз елінің тарихын білуге деген 

қызығушылығын оятады.  

2. Щвецариядағы Берн қаласындағы тарихи музейден алынған экспонаттар 

туралы  ақпараттық  мәліметтер  бар  Бұл  деректер  арқылы    оқушылар 

қазақтардың  тарихи-  мәдени  мұралары  жайлы  ғана  емес,  сонымен  қатар  ХІХ 

ғасырдағы  Қазақстанның  саяси  тарихы  жөніндегі  білімдерін  кеңейтуге 

мүмкіндік алады. Әсіресе, щвед саяхатшысы Анри Мозердің ( 1844-1923) Орта 

мен Қазақстанға жасаған бірнеше саяхаты қазақ елінің өнер тарихына қосылған 

құнды деректердің бірі болып табылады. 

Мәдени  мұра  бағдарламасының  негізінде  жарық  көрген  Қазақстан  тарихы 

парсы  деректерінде  (5том),  «Қазақстан  тарихы  түркі  деректерінде»  (5  том), 

«Қазақстан  тарихы  моңғол  деректерінде»  (3том),  «  Қазақстан  тарихы  араб 

деректерінде»  (3том),  «  Қазақстан  тарихы  қытай  деректерінде»  серияларында 

оқушылардың  танымдық  қабілетін  арттыруға  ықпал  ететін  материалдарды   

кездестіруге болады. 

«Ежелгі  антикалық  ойшылдардың  атап  айтқанда,  Герадот,  Фукидит, 

Полибий, Страбон, Плутрах және басқаларының шығармаларының қазақ тіліне 

аударылуы Қазақстан жерінде өмір сүрген ру- тайпаларға қатысты және жер –

су аттарына байланысты деректерді кеңірек  пайдалануға мүмкіндік береді.. 

Репрессияланған  қазақ  зиялыларының  шығармалары  А.  Байтұрсынұлы,  Х. 

Досмұхамедұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов т.б. мұраларына қатысты жаңа 

ғылыми  деректер  табылуы  жас  ұрпақтың  өз  еліне  деген  сүйіспеншілігін 

арттыруға ықпал етеді. 

«

Мәдени - мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген 10 томдық «Әлемдік 



экономика классикасы» шетелдің, қазақтың қоғамы бастауында тұрған алғашқы 

алғашқы  экономист-  ғалымдарының,  классиктерінің  өмір  жолынан  мәлімет 

43 

 


бере  отырып,  ғылыми  еңбектерін  ана  тілінде  сөйлетіп,  қазақ  тіліндегі 

экономика  ғылымының  теориялық  арсеналын  кеңейту  және  байыту  болып 

табылады,  әсіресе  қазақ  жастарын  әлемдік  классиканы  өз  тілінде  оқытып, 

білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді. 

«Мәдени  мұра  бағдарламасынан»  «Экономика  классикасы»  кітаптарының 

дестесі ғалымдар мен ойшылдардың экономика жөніндегі теориялық мұрасын  

классикалық,  кейнстік,  институционалдық,  монетарлық  қағидалар  туралы 

мағұлматтар  енгізу  қажет.  Бұл  оқушылардың  экономика  туралы  білімдерін, 

кәсіптік бағытта оқытылуын тереңдетуге мүмкіндік береді. 

Жарық көрген әлемдік экономика классика дестесінде дүниежүзілік қаржы 

дағдарысына байланысты 6- томында Милтон Фридменнің Ақша саясаты: баға 

бағдарлары тарауында өте қажетті ой пікірлер айтылған. 

Әлеуметтік  нарықтық  экономика  бағыттарының  көрнекті  өкілдері  болып 

табылатын В.  Ойкеннің, Л. Эрхардтың, Я. Корнаидың және ақшаның сандық 

теориясын дамытқан М. Фридменнің өмір жолынан мағұлматтар енгізілген. 

Қазақстандағы  экономикалық  ойдың  қалыптасуы  және  дамуы  тарихын, 

халықтың  әлеуметтік  жағдайын,  экономикалық-  шаруашылық  салаларын 

зерттеген  саясаткерлер,  ғалымдар:  Асанқайғы  Сәбитұлы,  Ш.  Уәлиханаов,  А. 

Құнанбаев,  М.  Тынышбаев,  Ә.  Бөкейханов,  Т.  Рысқұлов,  М.  Шоқай,  С. 

Торайғыров,  М.  Дулатов  т.б  сынды  біртуар  қоғам  қайраткерлері  ел  басынан 

өткен  әлеуметтік-  экономикалық  мәселелерді  айқындап,  оған  деген  өз 

көзқарастарын  білдірген.  Сондай-ақ  экономикалық  ойдың  қалыптасуы  мен 

дамуына үлес қосып 20 ғасырда кәсіби дәрежеде ғылыми жұмыстар жүргізген- 

Ғ.  Шоланов,  С.  Бәйішов,  С.  Толыбеков,  және  Т.  Әшимбаев  сынды  қазақ 

қоғамының көрнекті ғалымдарының ғылыми еңбектері жарық көрген. 

Осы    бағдарламадағы  "Заң  ғылымы"  топтамасы  –  "Қазақтар  құқығының 

ежелгі дүниесі" кітаптарының дестесі белгілі билердің қазақ халқының бірлігін 

және  оның  аумағының  тұтастығын  сақтауға,  қоғамды  имандық  тұрғысынан 

үйренуге  шешендік  сөздері,  нақылдары  мен  қарасөздері  жинақталған,  онда 

адамды  сүю,  татулық  пен  әділдік  қағидалары,  сондай-ақ  қазақтар  құқығы 

қағидаларының жазбаларымен жинақтары беріледі. 

Өткен  ғасырлардағы  әйгілі  қазақ  билері  туралы  Абайдың,  Шоқанның  т.б. 

көрнекті  қайраткерлердің  құқықтық  реформалар,  заң  туралы  айтқандарын 

сабақта  келтіру  оқушылардың  пәнге  деген  ынтасын  арттырып, 

құқықтанушылық маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік ашады. Қазақтардың 

қоғамындағы  заңдылық  пен  құқық  төрелігін  орыс  ғалымдары  мен  қазақтың 

мемлекет  қайраткерлері  А.И.Левшин,  Д.Самоквасов,  С.Сейфуллин  зерттеулер 

жүргізіп сипаттама берген. 

Қазақ  құқығы  –  түркі  тілді  көшпенді  өркениеттің  мәдени  мұрасы.  Қазақ 

халқының  ұлттық  құқықтық  жүйесінің  қалыптасуы  ХV  ғ-ң  орта  шенінен 

44 

 


басталады. Қазақ құқығының нормативтік жүйесінің дамуына «Қасым ханның 

қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» көлемді ықпалын тигізді.  

Қазақтың құқық жүйесіне елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан болды.  

Сабақ  барысында  "Ұлттық  құқықтың  жүйесінің  орнығуы"  тақырыбын 

түсіндіргенде мәдениетіміздің өшпес құндылығы болып табылатын XVI-XVIII 

ғасырда  жарыққа  шыққан  "Жеті Жарғы"  құқықтық  ережесіне  кеңірек  тоқталу 

оқушының  тарихи  танымын  арттырады.  “Жеті  Жарғының”даналық  құқықтық 

рухын қазіргі күнде жаңғырту, ұлттық мәдениетті байытуға өз үлесін қосады. 

XVIII  ғ-ң  бас  кезеңінде  өмірге  келген  "Жеті  Жарғыны"  құрастыруда  үш 

жүздің биі өз үлесін қосты. 

Сабақтың  мазмұнын  ашу  барысында  "Жеті  Жарғының"  баптары 

оқушыларға таныстырылады. 

1 – 

бап, жер дауы – оны үш биіміз ақылға сыйымды, сол кездегі тіршілікке 



қолайлы қылып шешіп береді. Жер – ол кезде байлықтың көзі болды. Атадан 

балаға мұра болып қалды. Сондықтан да бұл маңызды мәселелердің бірі болды. 

Ең жақсы, шұрайлы жерлер ықпалды рулар иелігінде болған.  

2  – 


бап,  ұрпақ тәрбиесі – мұнда  негізінен үлкенге құрмет, кішіге ізет, әке 

мен  бала,  ене  мен  келін  арасындағы  сыйластық  туралы  сөз  болады. 

Шаңырақтағы  мейірім,  шапағат,  имандылық  уағыздалады.  "Жиғаның  болмаса 

да, иманың болсын". 

3  – 

бап,  ұрлықты  тыю,  әлеуметтік  адалдыққа,  еңбек  етуге  үндеу,  соған 



тәрбиелеу. "Ұрлық түбі – қорлық", дейді халқымыз. Ұрлық үшін аса қатал жаза 

берілді.  

4 – 

бап, ел ішіндегі дау-жанжалды әділдікпен шешу. "Тура биде туған жоқ, 



туғанды биде иман жоқ", деген нақыл сөз дәл осы кезеңде өмірге келсе керек. 

Халықтың негізгі мақсаты-татулықта өмір сүру. 

5  – 

бап,  отанды  қорғау,  жаумен  қасық  қаны  қалғанша  шайқасу,  сардар 



сайлау, ауызбірлікті болу. 

6  – 


бап,  құн  дауы  –  қанға  қан,  жанға  жан  қағидасы  емес,  істі  бітіммен 

келісіммен шешу, айыппұл төлету қарастырылған. Құнның көлемі сасловиелік 

сипатта болды. Мысалы: ер адамға 1000 қой болса, әйел адамға 500 қой құны 

төленді.  

7 – 

бап, жесір дауы – сол кездерге тән дала трагедиясы болатын. 



Үш  биіміздің  қазақтың  қанына  сіңген  бұл  дауды  да  асқындырмай,  айып 

төлеу, келісу, татуласу арқылы шешкен. Әйел зорлау, кісі өлтіру өлім жазасына 

кесілген. 

«Жеті  Жарғыда»  қанды  кек,  барымта,  қылмыскерге  пара  беру,  елден  қуу, 

әменгерлік,  қалың  мал,  көп  әйел  алушылық,  жылу,  асар,  аманат,  тамырлық 

сақталды.  

«Жеті Жарғыда» жазалау шаралары екі санатқа бөлінді: 

1.

 



өлім жазасы, елден қуу. 

45 


 

2.

 

«құн», «айып» төлеу.  



Сабақты түсіндірудің келесі кезеңінде қазіргі өмірмен байланыстыру үшін  

оқушыларға  "Жеті  Жарғының"  баптары  мен    Қазақстан  Республикасы 

Конституциялық  баптарын  салыстыра  отырып,  олардың  ортақ  және  ерекше 

белгілерін  талдау  ұсынылады.  Оқушылар  кіші  топтарға  бөлінеді,  оларға 

төмендегі  Қазақстан  Республикасы  Конституциялық  баптары,  Қазақстан 

Республикасының 

Қылмыстық 

кодексінің 

баптары, 

Қазақстан 

Республикасының «Неке және отбасы» туралы заңының баптары  таратылады: 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

46 


 

Мазмұны 

 

Кіріспе  ....................................................................................................................   3 

Пәнді екі тілде  меңгерудің  тәжірибесінен ......................................................   5 



Пәнді екі тілде  меңгерудің  дидактикалық тұрғысы ......................................  13   

Пәнді екі тілде   оқытудың ұсынымдары .......................................................... 16                                             



3.1 

Пән бойынша оқушылардың  функциональды сауаттылықтарын  дамыту 

жұмыстарының мазмұны, әдісі және нысандары ..............................................   19                                                                                          

3.2 


Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың функционалды           

сауаттылықтарын дамыту жұмыстарының мазмұны, әдісі және нысандары ... 23                                                                                            

Қорытынды .............................................................................................................. 32 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .........................................................................  33 

Қосымша .................................................................................................................. 34 

 

   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

47 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін  мемлекеттік тілде 

меңгеруге арналған әдістемелік ұсынымдар 

 

Әдістемелік  ұсынымдар 



 

 

Басуға 22.11.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 

1/

16

. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 



Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 3,0. 

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 

010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 4, «Алтын-Орда» БО, 15-қабат. 

 

 



48 

 

Document Outline

  • Сиқырлы саз аспабы
  •  Сматаев С. Елім- ай. Роман трилогия Т2.


1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал