Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін мемлекеттік тілде меңгеруге арналған әдістемелік ұсынымдар



жүктеу 0.52 Mb.

бет3/4
Дата10.09.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4

 

3.2 

Қазақ  тілі  пәні  бойынша  оқушылардың  функционалды 

сауаттылықтарын  дамыту  жұмыстарының  мазмұны,  әдісі  және 

нысандары 

 

2012 жылдың 27 қаңтарда мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік–

экономикалық  модернизация-Қазақстан  дамуының  басты  векторы»  Қазақстан 

халқына  Жолдауында  оқушылардың  функциональдық    сауаттылығын  дамыту 

бойынша  іс-әрекет  етуде  бесжылдық  Ұлттық  жоспарды    қабылдауда  нақты 

міндеттер қойған. 

Аталған міндеттер Қазақстан халқының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің 

қатарына  ену  процесінде  көкейтесті.  Еліміз  үшін  бұл  стратегиялық    маңызды 

міндеттерді  шешу  жағдайында  тұлғаның  басты  функциональдық  сапасы 

ынтасы,  шығармашылықпен  ойлауға  қабілетті  және  стандартты  емес  шешім 

табу, кәсіби жолды таңдау білігі, өмір бойы оқу дайындығы болып  табылады. 

Барлық берілген функциональдық дағдылар мектеп жағдайында қалыптасады. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі   оқушылардың 

функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2015 жылдарға арналған 

ұлттық іс-қимылдардың жоспарын жасап отыр. Білім беруді дамытудағы жаңа 

бағыттардың бірі болып табылатын бұл жоспар оқушылардың салауаттылығын 

дамыту жөніндегі жүйелік қызметті қамтамасыз етуге негізделген. 

Ұлттық  жоспар  Қазақстан  Республикасындағы  білім  сапасын  жетілдіру 

үшін  негізгі  бағдар  ретінде  оқушылардың  функциональдық  сауаттылығын 

дамыту  бойынша  іс-әрекет  мақсаттылығын,  тұтастығын  және  жүйелілігін 

қамтамасыз  етуге  арналған.Осыған  байланысты,  білім  беру  ұйымдарында 

оқыту оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамытуға  бағдарланған.  

Егерде  пәндік  талаптарды    жекелеген  оқу  пәндері  құралдарымен  жүзеге 

асырсақ, онда білім берудің тұлғалық және пәнаралық нәтижелерінің талаптары 

23 

 


мектептің  негізгі  білім  беру  бағдарламасына  енетін  барлық  мектеп  пәндері, 

курстар,  модулдер,  біріккен  және  келісілген  өзара  іс-әрекеті    жетістікпен 

орындалу  қажет.  «Функционалдық  сауаттылық»  ұғымы  алғаш  рет  өткен 

ғасырдың  60-шы  жылдары  ЮНЕСКО  құжаттарында  пайда  болды  және 

кейіннен  зерттеушілердің  қолдануына  енді.  Функциялық  сауаттылық,  кеңінен 

алғанда,  білім  берудің  (бірінші  кезекте  жалпы  білім  беруді)  көп  жоспарлы 

адамзат  қызметімен  байланысын  біріктіретін  тұлғаның  әлеуметтік  бағдарлану 

тәсілі  ретінде  түсіндіріледі.  Қазіргі  тез  өзгермелі  әлемде  функционалдық 

сауаттылық  адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық 

қызметтерге  белсенді  қатысуына,  сондай-ақ  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал 

ететін базалық факторлардың біріне айналуда. 

РІSА  зерттеулері  бойынша  көш  басында  тұрған  елдердің  (Австралия, 

Финляндия,  Жапония,  Жаңа  Зеландия,  Италия,  Оңтүстік  Корея  және  т.б.)  

нәтижесі  көрсеткендей,  оқушылардың  функциялық  сауаттылығын  дамытуға 

мынадай факторлар әсер етеді: 

1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); 

2

) оқыту нысандары мен әдістері; 



3)  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  диагностикалау  мен  бағалау 

жүйесі;  

4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 

5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу 

жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); 

6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы 

білім беру ортасының болуы; 

7)  ата-аналардың  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіндегі  белсенді 

рөлі. 

Осындай    сипатта,  функциональдық  сауаттылық  сөзінің  қатаң  мағынасы-



бұл  күнделікті  өмірде  оқу  және  жазу  білігін  қолдану  («мәтінмен  жұмыс 

әлеуметтік  тәжірибесі»).  Басқаша  сөзбен,  бұл  адамның  сауаттылық  деңгейі,  

тұрмыста баспа сөзін  қолданумен  оның қызметін анықтау.  

А.А.  Леонтьев  өз  жұмыстарының  бірінде  функциональдық  сауаттылыққа  

өте  орынды және терең  анықтама берді: «Егер  формальды сауаттылық - бұл  

оқу техникасы дағдысы мен білігін  игеру болса, функциональдық сауаттылық 

– 

бұл  адамның қабілетін  шынайы мәтінен ақпаратты бөліп алып оны түсіну, 



жинақтау, өзгерту үшін еркін қолдану-». 

Р.Н.  Бунеевтің  пікірінше,  оқытудың      түпкі  нәтижесі    болу  керек  

«функциональды  сауатты  тұлғаны  өсіру»-  тұлға,  «өмір  бойы  тұрақты  алған 

барлық    білімін,  адам  қызметінің  түрлі  салаларында,  қарым-қатынас  пен 

әлеуметтік қатынаста, өмірдегі міндеттердің кең өрісін  шешу үшін  білігі мен 

дағдысын  қолдануға  қабілетті»,  онымен  қоса  өздігінен  шешім  қабылдауға 

қабілетті,  өзі  және  өзінің  жақындары  үшін  жауапкершілік  алып,    кез-келген 

социумға  жеңіл  бейімделіп,  қоғамдық  құндылықтар  мен  басқаларға  сәйкес 

ықпал етеді. 

24 


 

Осындай    тұжырымдау  кезінде,  функциональдық  сауаттылық    тек  қана 

түйінді құзыреттіліктердің синониміне айналып қана қоймай, «кезекті жарқын 

болашақтың құрлысшысы кодексі» екенін байқамауға болмайды.  

«Функционалдық сауаттылық» бағдары білім беру процесінде  оқушыларда   

күнделікті  тәжірибелік  жағдаяттарда  қарапайым    іс-әрекетті  орындау  білігін 

қалыптастыруға қайта бағытталады (несиені  төлеу кезінде пайызын есептеу, өз 

өмірбаянын  жазу,  ағылшын  тобында  келіссөздер  жүргізу,  өзі  үшін  және  өз 

отбасы үшін салауатты өмір салтын  ұйымдастыру, сол немесе басқа да саяси 

оқиғаларды т.б. дұрыс бағалау), яғни  мектептегі білім беру мақсатының қара 

дүрсіндігі мен   тек қана зияткер  дамыған тұлғаның қалыптасуына  бөгет болу. 

Төменде  ұсынылған  қазақстандық  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  тетіктері  жоғарыда  аталған  факторлар  есебінен 

анықталды.Еліміздің  білім  беру  жүйесінде  қазақ  тілін  оқытудың  сапалық 

деңгейін  арттыру  мақсатында  тілдерді  меңгеру  деңгейлері  басшылыққа 

алынған.  Әлемдік  білім  кеңістігінде  орныққан  «Шетел  тілдерін  деңгейлеп 

меңгертудің  еуропалық  жүйесінде»  белгіленген  тілді  игерудің  деңгейлері 

айқындалған.Соған сәйкес Қазақстан Республикасы халқының контингенті мен 

оқыту  өзге  тілдерде  жүргізілетін  мектептерде  тілдерді  оқыту  мен  үйретудің  

өзіндік  ерекшелігі  ескеріліп,  тілдерді  деңгейлік  меңгерудің  еуропалық  жүйесі  

негізге  алынған.  Жалпы  білім  беретін  мектептің  1-11  сыныптары  бойынша 

еуропалық  жүйеге  сәйкестендірілген  тілдік  деңгейлер  сараланады,  білім 

берудің  барлық деңгейлердегі  тіл игеру игерімдері айқындалды және базалық  

білім  мазмұны  тілдік  деңгейлер  бойынша  түзіледі.  Әр  сыныптағы    оқу 

материалдары  тілдік  бөлім,  қатысымдық  –сөйлесімдік  бөлім  және 

мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша  нақтыланып ұсынылады. 

Оқу пәнінің міндеттері: 

-

 

 



оқушылардың  қазақ тіліндегі  функционалдық  сауаттылығын дамыту; 

-

 



 

оқушылардың  білімін    тілдік,  лингвомәдениеттанымдық,  этномәдени  

және  әлеуметтік  тұрғыдан    кеңейтіп,  қазақ  тілін  игертудің    коммуникативтік  

бағытын жүзеге асыру; 

-

 

оқушының  өз  ойын,  пікірін,  көзқарасын  еркін,  дұрыс,  нақты  (ауызша 



және жазбаша)  жеткізе білу дағдыларын жетілдіру; 

-

 



 

мәдени-әлеуметтік, 

қоғамдық-саяси 

тақырыптардағы 

оқу 

материалдарымен 



жұмыс 

аясында 


оқушылардың 

қатысымдық  

құзыреттіліктерін  қалыптастыру. 

Оқу материалындағы  тақырыптар  бірізділікті  сақтай отырып, бірте-бірте 

күрделенеді. Қазақ тілінің  функционалдық-грамматикалық минимумдары осы 

лексикалық  тақырыптарды меңгерудің  нәтиже көрсеткіші ретінде ұсынылады. 

Білім    мазмұны    мен  оқыту  әдіс-тәсілдерінің    тиімділігі    түпкі  нәтижемен 

өлшенеді, яғни мақсатты түрде  түпкі нәтижеге қол жеткізу  жүзеге асуы тиіс. 

Ол  үшін    шәкірттердің  білім,  білік,  дағды,  іскерлік  деңгейлерін  бақылап, 

тиімділігін  арттыруға    қойылатын    талаптарды  жаңалау  қазір    басты  мәселе  

болып  табылады.    Осы  орайда  оқытудың    ізгілік,  тұлғалық,  өзіндік, 

демократиялық    негізде    болуы    оқушыны    субьект  ретінде  қарап,  оның 

25 

 


шығармашылық  ойлау  қабілеті  мен  жеке  тұлғалық    белсенділігін    жетілдіре  

түсетін жаңа тәсілдердің, технологиялардың  тиімді қолданылуы білім берудің  

түпкі  нәтижесі  сапалы болуына ықпал етеді. 

«Тіл және әдебиет» білім беру саласының пәндерді оқыту мақсаты 

– 

қазақ,  орыс  және  шетел  тілдері  бойынша  әлеуметтік  мәдени 



құзыреттіліктерді қалыптастыру; 

– 

қазақ және орыс тілдерінің әдебиет нормаларын және  сөйлеу этикетінің  



ережелерін ескере отырып, ауызша және жазбаша сөйлеуді дамыту; 

– 

көпмәдениетті  қоғамда  ұлттық  мәдениеттің  ерекшеліктерін  ескере 



oтырып,  этника  аралық  қарым-қатынас  жағдайында  сөздік  қарым-қатынасты 

жетістікпен жүзеге асыру білігін қалыптастыру; 

– 

әдебиеттің  адамгершілік  және  гуманистік  құндылықтарын  ой  елегінен 



өткізу арқылы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру; 

– 

ұлттық сананы қалыптастыру және түрлі әдеби байланыстар арқылы түрлі 



халықтардың мәдениетіне толеранттық қарым-қатынасты көрсету; 

– 

эстетикалық талғамын, оқу қызығушылығын дамыту, білім алушылардың 



бейнелік ойлауы арқылы өз мәтінін құрастыру;  

– 

oқушылардың кәсіби өзіндік анықтауы мен бағдарлануын  қалыптастыру;  



– 

білім, білік және дағдылар жүйесін, сoнымен қатар oдан әрі oқушылардың 

қажетті мамандықтарды игеру қабілетін қалыптастыру.  

Білім  алушылардың  лингвистикалық  дүниетанымын  кеңейту,  барлық 

деңгейде  қазақ/орыс  тілдерін  шығармашылықпен  игеру  және  кәсіби  бғдарын 

ескере  отырып  тілдік  қызметтің    коммуникативтік  білімін  жетілдіру  (  қазақ/ 

орыс  тілі  мен  әдебиетінің    болашақ  мұғалімдері,  журналистер,  психологтар, 

аудармашылар, мәдениеттанушылар, редакторлар, жазушылар т.б.).  

Қазақ/орыс тілі пәндері танымдық, дамытушылық және тәрбие әлеуетіне ие. 

Оны  оқыту  білім  алушылардың  адамгершілік дүниетанымын,    рухани  әлемін, 

жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарын,  ғылыми  дүниетанымын 

қалыптастыруға, қызығушылығын арттыруына ықпал етеді.  

Бұл  курстың  ерекшелігі  –  тіл  қызметінің  негізгі  түрлерін  жетілдіруге  

бағытталған.  Мақсаты: 

білім  алушылардың  тіл,  сөз,  сапалы  сөйлеу,  қазіргі  орыс  тілінің  негізгі 



нормалары туралы білімін тереңдету; 

–  


көркем  әдебиет  және  публицистикалық  шығармаларда  жүзеге  асатын 

тілдік құбылыстарды қарастыру; 

– 

тілдік және әдебиет үлгілерін талдау; 



– 

тілдің  мәдени  деңгейін  көтеру,  дұрыс  жазылу  туралы  білімді  бекіту, 

орфографиялық білімді дамыту;  

-

 



сөздік дағдылар мен басқа анықтамалық әдебиеттерді қолдану. 

Oқушылар  тек  қана  әдеби  дұрыс  сөйлеу  нормаларын  меңгеріп  қана 

қоймайды, қарым-қатынастың түрлі міндеттері мен шарттарына сәйкес сөйлем 

құрастыра  алады,  функционалдық  стиль  нормаларын  игеруге  байланысты   

сөйлеу  мәдениетінің  жоғары  деңгейіне  жетеді.Қазақ/орыс  тілінің  бейіндік 

оқыту бағытындағы теориялық-практикалық бағытын басшылыққа ала отырып 

26 

 


оқу  материалының  сипаты  мен  мұғалімнің  алдында    тұрған  оқыту  әдістері 

анықталған.  Oқытудағы  тұлғалық-дамытушы  көзқарастар  түрлі  деңгейдегі 

тапсырмаларды  қолдану  арқылы  жүзеге  асады.  Қазақ/oрыс  тілдері  бейіндік 

пәндерінің  басты  мақсаты  –  коммуникативтік  көзқарастарды  жүзеге  асырып 

қана қоймай, оқушыларды лингвистикалық  сөзді қолдануға үйрету [11]. Білім 

алушылардың  ой  тұжырымдары  негізінде  түрлі  жанрдағы  публицистикалық 

шығармалардың  мәнін  ашу,  олардың  «заңдарын»  жасау,  шығармаларды  үлгі 

ретінде оқу арқылы олардың сөйлеу біліктерін қалыптастыру мүмкіндігі туады 

(атақты жазушылардың, публицистердің мәтіндерінен үзінділер) [12].  

Лексика  мен  мәтіндерді  тақырыптық  іріктеу  негізінде  Адам,  Отан, 

құндылықтары  туралы  білім  қалыптастыру  қажет.  Қазақ,  oрыс,  шет  тілдерін 

oқытуда  Адам,  Oтан,  Әлем  блоктарын  сыныптан  сыныпқа  қамтуда  бірыңғай 

тақырыптық  минимум  құрастыруға  бoлады.  Oсындай  пәнаралық  және 

аксилогиялық  тәсіл  білім  алушылардың  сөзін  дамытуға,  сонымен  қатар  әлем 

туралы және ондағы өз орнын анықтау туралы ұғымын қалыптастыруға ықпал 

етеді.  Сабақтарда  мәтіндерді  іштен  оқу,  дауыстап  оқу,  ауызша  шығарма, 

ауызша  мазмұндама,  сұхбат  құру,  аудио,  филологиялық  талдау  өткізуге, 

сонымен  қатар,  практикалық  стилистика  мен  риторика  элементтерін  енгізіп, 

жоғары  сыныптағылардың  эстетикалық  талғамын  тәрбиелеуге  бағытталып, 

тілді  сақтау  қарым-қатынасын  қалыптастыру,  көпшілік  алдында  сөйлеу 

шеберлігін, нәтижелі сөз айтуды дамытуға болады.  

Жетекші  принцип  –  мәтінді  орталықтандыру  принципі  болып  табылып,  

бейіндік-бағдарланған  оқытуды    жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беріп,  стилистика 

бойынша сабақтастық жұмысын жүргізеді. 

Мәтінді  оқуда    бақылау,  лингвистикалық  эксперимент,  мәтін-үлгімен 

жұмыс әдісін қолдану тиімді болып табылады. Практикалық жұмыста кешенді, 

сoның  ішінде  мәтінді  стилистикалық  талдау,  тілдік  фактілерді  салыстыру, 

мәтінді  жүйелеу  тиімді  [9].  Сыныптық-сабақ  жүйесі  жағдайында  мәтін,  бір 

жағынан  қарағанда  түрлі  проблемаларды  талқылауға  ықпал  етіп,  екінші 

жағынан өз ойын сөзбен жеткізу үшін қажетті фактілер мен тілдік материалды 

ұсыну  керек  (мағынасы  бар  ақпарат,  тілдік  құралдардың  құрылымын 

жинақтау). Сoндықтан да мәтінге келесі талаптар қойылады: 

– 

мәтін  «мәтіндік»  (сыртқы  байланыс,  ішкі  тұжырымдау  және  т.б.) 



талаптарға сәйкес болу керек; 

– 

мәтін  мектеп  түлегінің  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  мәтін  мазмұны 



коммуникативті,  оқу  және  өмірлік  тәжірибе  аясынан  шықпау  керек  –  мәтін 

емтихан материалдары мақсаттарының бірін жүзеге асыруға ықпал ету керек: 

сөйлеу  қызметінің  –  түсініп  оқудың  маңызды  түрлерін  меңгеруді  тексеруі 

керек. Сoндықтан да oл автoрдың кoммуникативтік oйы тұрғысында және оны 

жүзеге асыруда қарапайым болмау керек. Мәтін: 

27 


 

 

мәтінің  мазмұны  мәтінде  көрсетілген  сол  немесе  басқа  мәселелерді  



түлекке түсіндірмей–ақ шешуге мүмкіндік береді; 

 



мәтін этикалық, адамгершілік және басқа да әлеуметтік немесе тұлғалық 

маңызы бар проблемаларға қатысты және мәтін бойынша емтихан тапсырушы 

өз пікірін айтуға ынтасы болатындай материал болу керек; 

мәтін  мазмұны  діни,  ұлттық  және  басқа  да  белгілер  бойынша  емтихан 



тапсырушыға тең болу керек; 

негізгі ой мәтінде көрсетілу керек; 



 

мәтін  кез-келген  стильге  және  сөздің  функционалдық-мағыналық 



типтеріне жату керек; 

 



мәтін авторының, басқа да функционалдық стильдің үлгісі болу керек;  

 



мәтін  ақпараттық  элементтер:  терминдер,  өз  атаулары,  фактологиялық 

және сандық мәліметтер жүктемесімен болмау керек; 

 

Мәтін көлемі – 300-400  сөз. 



 

Сабақта  мұғалім  оқылған  тақырыптың  практикалық  проблемалар  мен 



негізгі ұғымдарын түсіндіріп, өзіндік жұмысқа нұсқау береді.  

 



Oқылған  материалды  бекіту  мақсатындағы  практикалық,  сөз-

коммуникативтік  дағдыларды  қалыптастыру  білім  алушылардың  бақылауын 

жүзеге асырады.  

 



Білім  алушылар  практикалық  сабақтарда  мәтінді  құру  заңдарымен 

танысады,  түсінік  айту  нормаларын  игереді,  мазмұнның  сапасы  мен  оның 

негізгі бөлімдерімен жұмыс істейді. Сабақ барысында әр түрлі жұмыс түрлері 

ұсынылады, күнделікті және кәсіби қарым-қатынас сөйлеу жағдаяттарында өзін 

көрсетуге мүмкіндік береді. 

 



Бұл жағдаяттар білім алушылардан ұсынылатын жағдайға еніп,  алдында 

тұрған мақсатты сезіну және сөйлеу тәртібі мен оны жүзеге асыруға бағынуды 

талап етеді. 

 



Өз  білімін  көтеру  мен  жетілдіруге  ұмытылу  мақсатында  білім 

алушылардың  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  керек:  ақпаратты  іздеу, 

оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  құралдарындағы  ағымдағы  және  қосымша 

материалды іздеу, баяндама дайындау, топтық сабақтарда сөйлеу, практикалық 

тапсырмаларды орындау.  

 



Сoнымен  қатар,  мұғалімге  ағымдағы  oқу  материалдарындағы  күрделі 

мәселелерді түсіндіріп, нұсқау беріп, кеңес өткізеді. 

 

Білім  алушылар  пәнді  oқу  процесінде  баяндамалар  оқиды  және  эссе 



жазады. 

 



 

Баяндама  –  таңдаған  проблема  бoйынша  білім  алушылардың  өзіндік 

жұмысы,  oқылған  мәселелер  бoйынша  (сoның  ішінде  қoсымша)  терең  және 

жан-жақты  таныстырады.  Баяндама  20-25  минут,  баяндаманың  соңында 

қoрытынды жасайды, аудитoриядағы сұрақтарға жауап береді. 

 



 

Хабарлама  жекелеген  сұрақтарға  қатысты,  сонымен  қатар  оқуға 

берілген  қосымша  әдебиеттер  мен  сұрақтарды  жеткілікті  түрде  кеңінен 

таныстырады. 

28 

 


 

Хабарлама  10-15  минутқа  созылады,  сөз  соңында  баяндамашы  



аудиторияда туындаған сұрақтарға жауап береді. 

 



Тілді,  сонымен  қатар  қоғамдық-гуманитарлық  пәндерді  оқуда  оқу  мен 

бақылау формасы ретінде эссе жазуды қолдануға болады. 

Эссе  –  курсқа  сәйкес  мәтіннің  мазмұнын  сапалы  игеруге  және  күрделі 

интеллектуалдық-коммуникативтік,  жазбаша  пікір  айтуға  байланысты 

біліктерді  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді,  кез-келген  өзекті  мәселелер 

бойынша өз ойын сабақтастықпен айтады, аргументтер мен қарсы аргументтер 

өткізеді; қорытынды жасайды және олардың мысалдарын бекітеді. 

Эссе–  талқылау  элементтерімен  жазбаша  пікір  білдіріп,  келесідей 

элементтерді қосады:   

1

.  Кіріспе  (тақырыпты  құрастыру,  оның  өзектілігін  анықтау,    әр  түрлі 



пікірлерді  ашу,  қарастырылатын  тақырыптарды  негіздеу,  негізгі  ойды  жүзеге 

асыру). 


2.  Негізгі  бөлім  (автор  ұсынған  тұжырымдар  мен  аргументтер,  екі  және 

одан да көп аргументтер құрастыру; дәлел, деректер мен авторлық ұстанымдар, 

қарсы  аргументтерді  талдау  және  қарама-қайшы  тұжырымдардың  әлсіз 

жақтарын көрсету). 

3. Қорытынды (негізгі ой тұжырымдарды қайталау, негізгі тұжырымдарды  

қорғауда  аргументтерді  түйіндеу,  берілген  дәлелдемелердің  пайдалы  жақтары 

туралы қорытынды жасау). 

Эссені жазуға бірыңғай талаптар қойылу керек.  

1.

 

 



Көлем шегі: 200-250 сөз ( қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ 

тілінде,    орыс  тілінде  оқытатын  мектептер  үшін  орыс  тілінде); 150-180  сөз 

(оқыту  тілі  қазақ  тілінде  емес  мектептер  үшін  қазақ  тілінде,  оқыту  тілі  орыс 

тіліндегі емес мектептер үшін орыс тілінде); 120-130 сөз ( шет тілінде).  

2.

 

 



Эссенің  логикалық  құрылымына  ой  айтудың  сәйкес  келуі.  Эссе 

құрылымы негізгі 3 бөліктен құралады:        

Кіріспе – проблемалар мен оның өзектілігін анықтаудан тұрады. 

Негізі бөлім –  (тезис (+) + аргумент; тезис (–) + аргумент). 

3.

 

Қорытынды  барлық  тұжырымдарды  шолудан  құралады.  Кіріспе 



тақырыпты  таңдауда  негіздемеден,  тақырып  және  ұсыныстар  туралы  жалпы 

түсініктен  және  оның  проблемалық  сипатын  көрсетіп,  оның  өзектілігіне 

анықтама  береді,  афоризмдерді  ашудан,  тақырыпты/проблемаларды  қайта 

өзгерту, оны кіріспеде қайталамаудан құралады. 

4.

 

Жазбаша  айтуды жоспарлауда  әрбір абзацтың түйінді ойын анықтау. 



Мәтінді абзацтарға бөлу мәтіннің логикалық және мазмұндық құрылымын 

көрсетеді (абзацтың алғашқы сөйлемінде негізгі ойды көрсетіп және оны одан 

әрі дамытып, мысалдармен/немесе аргументтермен бекітеді және т.б.) Абзацтар 

саны пікірлер (идеялар) санымен анықталады. Кіріспе және қорытынды көлемі 

бойынша бірдей болу керек. 

Негізгі  бөлім  көлемі  бойынша  бірдей  абзацтан  тұрады,  негізгі  бөлімнің  

көлемі кіріспе мен қорытындының  жалпы көлемінен кем болмау керек.  

29 


 

Негізгі бөлімде «ия», «қарсы» деген пікірлер ашылады (онымен келісесіз бе, 

келіспейсіз  бе?)  немесе  жеке  пікірі,  оны  түсіндіру  және  дәлелдеу,  басқа 

пікірлерді түсіндіру мүмкін (2 және одан да көп аргументтер).  

Көзқарас дәлелі тарихтан, қазіргі немесе өз өмірінен келтірілген мысалдар 

арқылы бекітіледі. 

Дәлелдеу кезінде ұғымдық аппаратты (тақырып бойынша терминологиялық 

базаларды), әдеби тілді қолдану тиімді. 

Өз көзқарасынды білдіруде фразаларды, лексикаларды және грамматикалық 

синонимдерді қайталап қолданудан бас тарту керек.  

5.

 



Қoрытындыда тақырыптар мен аргументтердің прoблемалық  сипатына 

автордың  көзқарасына    шолу  беріледі.  Қорытындылар  нұсқаулардан, 

бағалаудан,  ұсыныстардан құралады. 

6.

 



 

Мәтінің  логикалық    байланыстарына  сөйлемнің  ішіне,  сонымен  қатар 

сөйлем  арасына  (біріншіден,  екіншіден,  осындай  сипатта,  ғалымдардың, 

философтардың және т.б. пікірлері бойынша) ерекше назар аудару керек. 

Өлшем 1 – сөздің мағыналылығы (коммуникативтік міндеттерді шешу; 

мәтін  көлемін  сақтау):  мәтіннің  берілген  коммуникативтік  міндеттерге 

сәйкестігі  (проблема  көрсетілген  алғысөзді  белгілеу,  проблеманы  шешуде  өз 

көзқарасын  ұсыну  (ұстанымдар,  қатынастар);  проблемаларды  байланыстарда, 

негіздемелерді  және  эссе  сауалына  жауап  мәнмәтінінде  ғылыми  түсініктерді 

әдепті  қолдану  арқылы  ашу;  әлеуметтік-экономикалық  шынайылыққа  немесе 

жеке басының тәжірибесіне сүйене отыра, өз көзқарасын дәлелдеу; басқа ойды 

ұсыну  және  өз  келісімін  /  қарсылығын  түсіндіру  және  дәлелдеу, 

қорытындыланған тұжырым жазу. 

Өлшем  2  –  сөздің  қисындылығы  (мәтін  ұйымдастыру):  мәтінді 

ұйымдастырудың жалпы қабылданған ережелерге сәйкестігі  (абзацтарға дұрыс 

бөлінуі,  баяндаудың қисындылығы, логикалық байланыс құралдарын сауатты 

пайдалануы). 

Өлшем 3 – сөздің тілдік рәсімділігі (лексиканың қойылған коммуникативтік 

міндеттерге  сәйкестігі,  сөздік  қордың  байлығы  және  әртүрлілігі  (синонимия, 

қайталаудың  болмауы),  автордың  сөз  үйлесімділік  ережелерін  сақтауы,  сөзді 

нақты  мәнмәтінде  қолдануы,  айту  мақсатына  сәйкес  грамматикалық 

құралдарды  қолданудың  орындылығы,  грамматикалық  құралдардың 

(грамматикалық үйлесімдердің) әр түрлілігі мен дұрыс қолданылуы.  

Өлшем 


4–

стилистикалық, 

орфографиялық 

және 


пунктуациялық 

сауаттылық. 

Бес баллдық жүйе бойынша ең жоғары балл төмендегіше бөлінген: өлшем 1 

«Сөздің мағыналылығы» – 3 балл; өлшем 2 «Сөздің қисындылығы»  –  1 балл, 

өлшем  3  «Сөздің  тілдік  рәсімділігі»  –  1  балл,  Өлшем  4  –  «Стилистикалық, 

орфографиялық  және  пунктуациялық  сауаттылық»  –  1  балл.  Өлшем  

1 айқындаушы болып табылады [13].  

Егер  түлек  проблеманы  ашпаса  және  эксперт  берілген  өлшем  бойынша 

 

0  балл  қойған  жағдайда,  жауабы  одан  әрі  тексерілмейді.  Қалған  өлшемдер 



30 

 


бойынша  ашық  жауаптың  тексеру  хаттамасына  0  балл  қойылады.  Бағалауда 

сараланған және дараланған тәсілдерді қолдану қажет. 

Мұнан бөлек, әрбір бейіндік пән сияқты қазақ / орыс тілінің өзіне тән кәсіби 

табыс  технологияларының,  өмірлік  маңызды  бағдарлардың  аспектілері  бар 

(еңбек  ортасымен  танысу,  кәсіби  маңызды  тұлғалық  қасиеттерді  дамыту; 

оқушылардың  жобалық  қызметі;  олардың  пікірталастарға,  сөз  сайыстарына 

және  бейіндік  саладағы  өз  ісінің  шеберлерімен  болған  кездесулерге  қатысуы; 

оқу ортасын, БАҚ-қа сыни көзқарас қалыптастыру; үйірме, студия, практикум, 

тренинг  және  т.б.  таңдау).  Оқушылар  үшін  әсіресе,  мектеп  өмірінің  шеңберін 

кеңейтуіне, одан шығуына мүмкіндік беретін, өзіне қандай да бір мамандықты 

«өлшеу» сияқты стандартты емес жұмыс түрлері ерекше қызық. 

 

(Мысалы,  тілші:  Сіздерді  «Орыс  тілі  және  орыс  мәдениетін  оқыту 



саласында  оқушылардың  құқығын  қорғау  проблемалары»  ғылыми- 

практикалық конференцияға шақырамын). 

Сoнымен,  oқушылар  жұмысының  түрлері  мен  тәсілдері  ретінде  конспект 

жасау,  мәтіннің  кешенді  және  аспектілі  талдау,  ұжымдық  және  топтық 

жұмысты  ұйымдастыру,  рөлдік  және  іскерлік  ойындарына,  пікірталастар  мен 

«дөңгелек үстелдерге» қатысу, ақпарат іздестірудің түрлі жолдарын пайдалану 

(

энциклопедиялық  және  арнайы  сөздіктер,  кітапханалық  және  электрондық 



каталогтар,  Интернет  және  т.б.),  рефераттар  жазу,  тұсаукесер  және  семинар 

түріндегі  сабақтарда,  мектеп  кoнференциясында,  жарыстарда    хабарламалар 

және баяндамалар жасау және т.б. айтуға болады.   

Мұғалім  қызметінің  әдістері  тақырыптар  бойынша  теориялық  және 

практикалық  материал  дайындауға,  практикалық  сабақтарды  ұйымдастыруға, 

оқушылардың  өзіндік  оқу  және  ғылыми-зерттеу  жұмысына  жетекшілік 

жүргізуге  бағытталған,  яғни  оқытушы  білім  алушылардың  дербес 

ерекшеліктерін  және  қызығушылықтарын  ескеретін  түсіндірме,  сол  сияқты 

эвристикалық  әдістерді  таңдайды.  Практикада  белсенді  түрде  жобалар  әдісі 

қолданылады,  ондағы  есеп  беру  формасы  қабырға  газеті,  альбом,  плакаттар, 

тұсаукесер, буклет, энциклопедия, сөздік және т.б. түрінде болады [44].    

Әдебиетке бейіндеп оқыту басты екі бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін: 

1)

 

классикалық  және  қазіргі  қазақ/орыс  әдебиеті  бойынша  білімін 



тереңдету; қазіргі өнердегі постмодернистік ағымдарды қазақ/орыс әдебиетінің 

дәстүрлі даму бағыттары аясында және салыстырмалы талдауы; оқушылардың 

ой-өрісін кеңейту; гуманитарлық білімге қызығушылықтарын арттыру; 

2) қазақ/ орыс фольклоры – оның тарихы, тұрмыстық заманауи түрлерімен 

қатар  жанр  типологиясы  туралы  біртұтас  түсінік  қалыптастыру,  фольклорлық 

мәтіндердің  салыстырмалы  талдау,  кәсіби  қызметке  шығармашылық  көзқарас 

қалыптастыру;  өздігімен  білім  алу  қажеттілігін  ынталандыру;  фольклорист-

жинаушының  негізгі  қасиеттерін  қалыптастыру;  білім  алушыларды  зерттеу 

қызметіне  дайындау.  Мұнан  басқа,  білім  алушылар  классикалық  фольклор  – 

халық  тарихының  ажырамас бөлігі  екенін  білуі  тиіс, фольклор көркем  талдау 

үшін тамаша материал береді. 

 

31 



 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал