Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін мемлекеттік тілде меңгеруге арналған әдістемелік ұсынымдар



жүктеу 0.52 Mb.

бет2/4
Дата10.09.2017
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4

 

 



Пәнді екі тілде меңгерудің дидактикалық тұрғысы 

 

Коммуникативтік қарым-қатынас 

«Коммуникативтік  құзыреттілік»  (латынның  «соmpetere»  -қол  жеткізу, 

сәйкес  келу,  сөзінен  шыққан)  –оқушылар  және  қоғам  үшін  күнделікті  оқуда, 

қатысымдық  міндеттердің  тіл   арқылы  шеше  білу  қабілеттілігі;  қатысымдық 

мақсатты  іске  асыруда   оқушының  тіл  және  сөз  құралдарын  пайдалана  алуы. 

Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас  

барысында сол тілдің   нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе 

алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені. 

Коммуникативтік  құзіреттілік  өз  ана  тілін  және  басқа  тілді  білудегі 

қабілеттілігін қарастырады. Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке  бөлінеді: 

1. 

Грамматикалық құзіреттілік; 



2. 

Социолингвистикалық  құзіреттілік; 

3.Дискурсивті  құзіреттілік; 

4.Стратегиялық құзіреттілік; 

5.Социомәдениеттік құзіреттілік. 

Енді осы құзіреттіліктердің анықтамасына тоқталайық. 



Грамматикалық  құзіреттілік

 

– 

тіл  ережелерін  білу,  грамматикалық 



ережелерді  оқыту.  Оқушыларға  грамматикалық  кестелер  арқылы  жан-жақты 

білім беруді негізге ала отырып, оқулықта берілген грамматикалық ережелерді 

жаттату, талдату. 

Социолингвистикалық   құзіреттілік

 

– 

мәтіндердің  шығу  және  танып  білу 



үрдістерін меңгеру. Бұл тыңдалым арқылы басқа адамның (мұғалімнің немесе 

оқушының)  тілін  ұғу  болып  табылады.  Бұл  үшін  оқушылардың  бірін-бірі 

тыңдауына  жағдай  жасау  қажет.  Бұл  жағдайда  тілдік  орта  қалыптасады,  яғни 

оқушыларды мәтін арқылы сөйлеуге үйретеді. 



Дискурсивті  құзіреттілік

 

- 

айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. 

Бұл қазіргі таңдағы ең қажетті құзіреттілік. Себебі, оқушыларды дұрыс сөйлем 

құрып,  өз  ойларын  дұрыс  жеткізуге  үйрету  қажет.  Ал  мұның  өзі  мемлекеттік 

тілді  деңгейлеп  оқыту  ұстанымдарында  ерекше  айтылады.Онда  сөйлеу  тілін 

үйретуді фонетикадан емес, синтаксистен  яғни, оқушыларға алдымен сөйлеуді 

үйрету қажеттілігі айтылған. 

Стратегиялық құзіреттілік- әңгімелесуші адаммен байланыс жасау.  

Бұл -  диалог құру және оны жалғастыру  барысында жүзеге асатын үрдіс. 

Бұның өзі бастапқы мәселенің практикалық бөлігі болып табылады.  

Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады.  

13 

 


Диалогтік  тілдің  оқушылар  үшін  күнделікті  өмірде  бір-бірімен  қарым-

қатынас  жасау  кезінде  маңызы  зор  екендігін  әрбір  оқушының  санасына 

жеткізуге тырысу керек. 

Социомәдениеттік  құзіреттілік

 

– 

тілді  тасымалдаушы,    қолданушы  – 

халық  мәдениетін  білу  және  қолдану.  Қазақ  тілі  оқулықтарына  халық 

педагогикасы  бойынша  тақырыптар  енгізілген.  Олар: қазақ  халқының  салт-

дәстүрлері, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, 

отбасы тәрбиесінің  дәстүрлері және қазақ халқының  қонақжайлылығы.  

Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-

дәстүрлерімен  таныстыра  отырып,  оқушылардың  қазақ  тіліне  деген 

қызығушылықтарын арттыру және қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, салт-

дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету. 

Коммуникативтік 

құзыреттілік 

жеке 

тұлғаның 



рухани 

өсуін 


қалыптастырады,  адамдарды  түсіне  білуіне  көмектеседі.    Сондықтан  мұғалім 

алдына  мақсат  қоя  білетін,  анық  та  дұрыс  сөйлей  білетін,  өз  ойын  жарыққа 

еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды 

өмір жолына аттандыра білуі керек.  

Жаппай  Көптілділік  жағдайында  коммуникативтік  формалар  (диалектілер, 

говорлар, әр  алуан жаргондар, жеке тілдер) өте күрделі қолдану иерархиясын 

құрайды. Мысалы: 

1)  


тар локалды шағын топ арасындағы қатынас (үй-ішілік тіл);  

2) 


топаралық тұрмыспен байланысты локалды қатынас құралы (мыс., Азия 

мен Африканың көп ұлтты елдеріндегі “базар” тілі);  

3) 

билік жүргізетін әкімш. (немесе ұлт) тілі;  



4) 

көп ұлтты аймақтың ресми тілі; 

5) 

мемлекеттік тіл (немесе халықаралық байланыс тілі).  



Егер  бастапқы  екеуі  ресми  қатынас  құралы  болмай,  тек  ауызекі  сөйлесу 

тіліне  жатса,  соңғы  үшеуінің  атқарар  қызметі  жан-жақты.  Оқушылардың 

коммуникативтік  құзыреттілігін  дамыту  үшін  жүргізілетін  жұмыс  түрлері 

төмендегідей: 

•  

Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар) 



•  

Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) 

•  

Қатысым  (мұғалім  мен  оқушылар,  оқушы  мен  оқушы,  мұғалім  мен 



оқушы) 

•  


Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс) 

Бұл   жұмыс  түрлері  коммуникативтік  құзыреттіліктің    негізі  болып 

есептеледі.  Себебі,    бұл  жұмыс  түрлерін  барлық  сабақта  мұғалім 

 

мүмкіндігінше  қолдана  алады.  Жоғары  мектеп  үшін  жаңа  оқулықтар 



материалдары  бірқатар коммуникативтік міндеттерді жүзеге асырады, олардың 

ішіндегі маңыздысы төменде көрсетілген.  

1.Осындай  міндеттердің  бірі  сұхбат  жүргізу  шеберлігі  болып  табылады, 

яғни  орыс  тілі  мен әдебиеті  сабағында  тұлғамен  қарым-қатынас  жасау  болып 

табылады.Сұхбат,  бұл  сөздің  түрі,  екі  немесе    бірнеше  тұлғаның  (полилог 

термині қолданылады)  әңгімесін ұсынады.  

14 

 


Сұхбатқа ену шеберлігі,  тұлғаның  жалпы мәдениетінің көрсеткіші болып 

табылады. Тіл мен әдебиет сабақтарында оқушылардың  тақырыптарды талдау 

мен сұхбат жүргізу шеберлігін дамыту маңызды болып табылады. Жалпы білім 

беретін  мектептерде  коммуникативттік  қарым-қатынасты  дамыту  сұхбат 

түрінде берілген.  

Сұхбатқа:  сұрақ-жауап  кешені,  сыныптарға  түрлі  қарым-қатынас  жасау, 

оқушыларды    бірігіп  ойлау  мен  іс-әрекет  етуге  тарту,  ой-талқы,  нақты 

ұсыныстар және т.б.Оқулықтағы грамматикалық тапсырмалар оқу мәтіндерімен 

ұсынылып сөйлеу бағыты көрсетілген.  

Сондықтан  да    мәтінен  кейінгі  тапсырмалар    коммуникативтік  сипатпен 

орындалады.  

Жалпы білім беретін мектептің оқулықтарында коммуникативттік  сипатта 

тапсырмалар  берілген.  Сұхбат:  бұл  сұрақ-жауап  кешендері,  іс-әрекет  ету  ой 

туғызудың    әр  түрлері,  нақты  ұсыныстар  және  басқалар  және  т.б.  Жоғары 

мектептің  оқулықтарындағы  грамматикалық  сипаттағы  тапсырмаларда  оқу 

мәтіндерімен сөйлеу бағыты  ұсынылған.  

Сондықтан да мәтінен кейінгі тапсырмалар  коммуникативттік сипатқа ие.  

Мәтінен кейінгі тапсырмаларда «Сыныптағы ертегі» коммуникативттік  нұсқау 

беріледі.Осындай 

мәтіндегі 

тапсырмалар 

сұхбаттық 

құрылымды 

жобалайды.Оқулықтарда берілген үлгі бойынша сұхбат  құрастыру ұсынылады. 

Сұхбаттық  сипаттағы    тапсырмалар,  өзінің    қарым-қатынасын  білдіру, 

сұрақ-жауап сипатындағы тапсырмалар, өнер туындыларын бейнелеу және т.б.  

Мысалы,  үлгі бойынша сұрақтарға жауап беруде, өз пікірін қолдану.  

Бірқатар  ұсыныстар  беріледі,  оларды   берілген  құрылымда    қолдану  үшін 

өзгерту  керек.  Сұрақ-жауап  сипатындағы  тапсырмалар  сұхбат  құрастыру 

шеберлігінің  дамуына  ықпал  етеді.  Оқу  процесінде,  жобаларда  сұхбат  әдісін 

енгізу  тіл  мен  әдебиет  сабақтарында  коммуникативтік  қарым-қатынасты 

дамыту  үшін  тиімді.  Коммуникативттік    дағдылар  мен  біліктерді  дамыту  

жобалау  қызметіне  ықпал  етеді.Бұл    педагогикалық  жаңа  технология  

оқушылардың  жаңа білімді  меңгеруіне ықпал етеді. 

   

15 


 

3 

Пәнді екі тілде оқытудың ұсынымдары 

 

Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың 2011  -  2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында:    Қазақстанда  тұратын 

этностардың  тілдерін  мемлекеттік  қолдаудың  тиімді  жүйесі  құрылды  (жалпы 

білім беретін 7516 мектептің 1524-і орыс тілінде, 58-і өзбек тілінде, 14-і ұйғыр 

тілінде, 2-еуі тәжік тілінде оқытады, 2097-сі - аралас мектептер; 2261 мектепке 

дейінгі  білім  беру  мекемесінің  272-сі  орыс  тілінде,  3-еуі  басқа  тілдерде 

оқытады, екі тілде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны - 

808;  этномәдени  бірлестіктердің  190  жексенбілік  мектебінде  30  этностық  топ 

ана  тілін  үйренуде;  Қазақстандағы  50  театрдың  9-ы  аралас  тілде,  15-і  орыс 

тілінде, 1-еуі - корей, 1-еуі - неміс, 1-еуі - өзбек және 1-еуі ұйғыр тілдерінде). 

Алдағы  онжылдықтағы  (2011  -  2020  жылдардағы)  тіл  құрылысының  қисыны 

елімізде  бірқатар  проблемалы  аспектілердің  бар  болуымен  байланысты.   

Сонымен  қатар  республикадағы  орыс  тілін  меңгерген  ересек  тұрғындардың 

үлесі (2020 жылға қарай - 90%); 

ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен 

қамтылған  этностардың  үлесі  (2014  жылға  қарай  -  60%,  2017  жылға  қарай  - 

80%, 2020 жылға қарай - 90%); 

республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға 

қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%); 

үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі 

(2014 жылға қарай -  10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай -  15%) 

болмақ. 

Қазақстандағы  тілдік  әралуандықты  сақтау  туралы  Қазақстан 

Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011  -  2020  жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген. Осы міндет аясында, 

ең  алдымен,  Қазақстанда  тұратын  этнос  өкілдерінің  ана  тілдерін  оқытуға 

жағдай  жасау  көзделеді.  Бұл  үшін  жексенбілік  мектептерге  оқу-әдістемелік 

көмек  көрсету,  сондай-ақ  ана  тілдерін  оқыту  кезінде  тілді  білетін  тәжірибелі 

педагог  мамандарды  тарту  және  халықаралық  тәжірибені,  заманауи 

технологияларды пайдалану жоспарланады. 

Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену 

Қазақстандықтардың  лексикалық  капиталының  негізгі  құрамдас 

бөліктерінің  бірі  іскерлік  және  халықаралық  қарым-қатынас  құралы  ретіндегі 

шет тілдері болып табылады. 

Осы міндеттің аясында шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім беру 

кеңістігін сақтау көзделіп отыр. 

Шет тілдік мәдениетпен өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық 

ынтымақтастықты  кеңейту  арқылы  үкіметаралық  келісімдер  аясындағы 

мәдени-көпшілік  іс-шаралар  -  Шет  мемлекеттердің  мәдениет  күндерін, 

көрмелер  өткізу,  көркем  және  деректі  фильмдерді  түпнұсқа  тілінде  көрсету 

көзделеді. 

16 

 


Оқушылардың L2 және L3 оқыту стратегиясы,  CEFRL  Жалпыевропалық  

аясы бойынша  В1 және В2   деңгейінде  тілдерді меңгеру 

Жай сөйленіз 

Есеп бере білініз 

Тілдің құрылымын күрделендірменіз 

Сұрақтарға жауап беру үшін оқушыларға көп уақыт берініз 

Тақтаға қарап емес, сыныпқа қарап сөйленіз 

Қарапайым лексиканы қолданыңыз 

Қысқа сөйлемдерді қолданыңыз 

Ұқсас сөйлемдерді қолданыз 

Оғаш сөздерді қолдануды шектеніз 

Бірнеше мағынасы бар, сөздерді анықтаныз 

Мазмұнын түсіндіру үшін шағын-лекцияны қолданыңыз 

Мәтінді талданыз 

Иллюстрациялар мен плакаттарды талданыз 

Нақты заттарды қолданыңыз 

Картаны қолданыңыз 

Семантикалық карталарды қолданыңыз 

Көзінізді жеткізініз, оқушылар сіздін сөзінізді түсінетін болсын 

Тексерініз, оқушылар сіздін сөзінізді түсінетін болсын 

Қажеттілігіне байланысты қайталаныз, сөйлемді қайта құрыныз, сонымен 

қатар түсіну үшін мысалдар келтірініз  

Контексте жаңа ақпарат берініз 

Сұрақтардың әр түрлерін қолданыңыз 

Мұғалім мен оқушылар арасындағы, оқушылар арасындағы өзара қарым-

қатынасты қамтамасыз етініз 

Оқытудың әр түрлі стратегиясын қолданыңыз 

Нақты нұсқау берініз 

Сабақты әзірлеуде тіл және пәндік мақсаттарды қолданыңыз 

Әр түрлі демонстрацияларды қолданыңыз 

Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, оқушылардың бұрынғы білімін 

жетілдірініз. 

Оқу және жазу дағдысын дамытуға  тапсырмалар беру 

Мәтіндерде мәтін алды және мәтінен кейінгі тапсырмалар болу қажет. 

Осындай тапсырмалар жазбаша жұмыстарда болу қажет. 

Лексикамен жұмыстарға ерекше мән берініз 

Сабақты жоспарланыз, сабақ оқушылармен жұмысқа сәйкес болу керек 

Мазмұнға ерекше назар аударыныз 

Түйінді тапқырыптарды анықтаңыз, нақты мақсаттар төңірегінде 

ұйымдастырылу керек 

 

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, тақырыптарды таңдаңыз 



 

Сабақта оқушы тұлғасына ерекше мән берілу керек 

Оқушылардың ынтасын тексерініз 

17 


 

Топтық жұмыс түрлерін қолданыңыз  үлесі (2014 жылға қарай - 50%, 2017 

жылға қарай - 75%,  2020 жылға қарай - 100%).  

Прoблемалық  oқыту  және  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 

технологиялары. «Ойталқы», «ойға шабуыл» («идеялар көзі», «сыншылар» мен 

«сарапшылардың»  қатысуымен  шешім  жасаудың  қалыпты  түрлеріне  қарама-

қарсы,  жаңа  дара  идеяларды  табуды  көздейтін)  сияқты  тәсілдер  қолданылуы 

тиіс. Сол арқылы білім алушының ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін 

арттыратын  әрі  оның  теориялық  және  шығармашылық  ойлауын  жетілдіруге 

бағытталған  бұл  оқыту  технологиясы  білім  алушының  сөйлеу  мәдениеті 

шеберлігін қалыптастыруға бастау болады. 

Аталған  oқыту  технологиялары  төмендегідей  oртақ  ұстанымдарды 

басшылыққа алады: білім алушының танымдық белсенділігін арттыру; 

 

пәнге қызығушылығын ояту; 



 

өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру; 



 

зерттеу икемділігін дамыту; 



сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру.   

Oқытудың  коммуникативтік  технологиясы.  Аталған  технология  оқу 

процесінде  мoнoлoгтік,  диалoгтік,  полилoгтік  тілдесімге  қажетті  қарапайым 

жағдайларды  туғызады.  Бұл  технoлoгия  имитациялық-модельдік,  жағдаяттық-

рөлдік,  «дөңгелек  үстел»,  «брифинг»,  баспасөз-конференциялар,  «КТК 

(Көңілділер, тапқырлар клубы)» және т.б. тілдесім түрлерін іске асырады. 

 

Педагогтың  басты  міндеті  оқушылардың  өзіндік  іс-әрекетін  белсенді 



ұйымдастыру  бoлып  табылады.Бұл  үшін  мұғалімдерге  кең  көлемде 

ұсынылатындар:  мектеп  лекциясы,  прoблемалық  мәселелер  мен  тапсырмалар, 

кеңесу  элементтері,  кестемен,  графикалық  көрнекіліктермен  жұмыс. 

Зертханалық  сабақтарда  oқушылар  oқулық  мәтінімен  және  дидактикалық 

материалдармен  жұмыс  жасайды.Семинар  сабақтарында  дәстүрлі  емес  сабақ 

фoрмалары  қoлданылады  (жoбалар  бoйынша  тoптық  жұмыс,  баспасөз 

материалдарымен  жұмыс,  белгілі  проблемалар  бойынша  пікірталас, 

оқушылардың талқыға ұсынатын хабарламалары  т.б ). 

 

Демек,  жеке  тұлғаға  бағдарланған  технoлoгиялар  сыйластық, 



ынтымақтастық  ахуалын  туғызып,  жеке  тұлғаның  шығармашылық  қабілетінің 

дамуына  мүмкіндік  беріп,  бейімділігі  мен  мүдделерін,  мүмкіндіктерін  жүзеге 

асыруға  жағдай  жасайды.С.В.  Кульневич  атап  көрсеткендей,  білім  беру 

процесін 

тұлғаға 

бағдарлау 

гуманистік 

педагогикалық 

мәдениет 

құндылықтарына ықпал етеді. Бұл жеке тұлғаның ерекшеліктері өзіндік дербес 

oқу  қызметі,  педагогикалық  қoлдау  мен  қамқoрлық  көрсетуі,  мұғалім  мен 

oқушының  сұхбаттасуы,  oқушының  тұлғалық  дамуы  мен  өзін-өзі  дамытуы 

болып табылады [6].  

 

 



 

  

18 



 

3.1 

Пән  бойынша  оқушылардың  функционалды  сауаттылықтарын  

дамыту жұмыстарының мазмұны, әдісі және нысандары 

 

«Қазақстан  тарихы»  тарихы  пәнін  екі  тілде  меңгерудегі  жұмыс  формасы 



және әдістері, мазмұнын айқындау 

 

Орта білім беру жүйесінде дидактика білім беру мен оқытудың  мазмұнын, 



құрылымын,  оқыту  заңдылықтары  мен  принциптерін,  ерекшеліктерін, 

талаптарын,  шарттарын,  оны  ұйымдастыру  әдістері  мен  формаларын  және 

технологиясын, оқыту нәтижелілігін зерттейтін педагогиканың маңызды саласы 

болып  табылады.Осы  орайда,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  «Қазақстан 

тарихы» пәнін екі тілде меңгерудегі жұмыс формасы және әдістері, мазмұнын 

айқындау 

Дидактикалық  негіздері  тарихи  білім  берудің  мазмұны  мен  оқытудың 

ғылыми  негіздерін,  мақсатын,  міндеттерін,  құрылымын  анықтау  және  жеке 

тұлғаны  бағдарлы  қалыптастыру  құралы  ретінде  оқулықтың  сапасын  көтеру 

жолдарын зерделеу-деп ұйғарамыз. 



Білім  –адам,  қоғам,  табиғат,  заттар  мен  құбылыстар  жайлы  ғылымда  

жинақталған білім жүйесі: адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесі; ұғымдардың  

заңдылықтардың, тұжырымдардың, қағидалардың, деректердің,   пайымдардың  

жиынтығы т.б.    



Білім  берудің  мазмұны-  дидактиканың  негізгі  нысаны;  ғылыми  білім  мен 

білік,  оқу  дағдыларының  қалыптасу  жүйесі;  өзіндік  шығармашылық, 

ізденушілік  әрекет тәжірибесі;  жеке тұлғаның  жан-жақты дамуының сапалық  

мазмұны мен сипаты. 



Оқыту    процесі  –мұғалім  мен  оқушылардың    мақсаттылыққа  бағытталған 

үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде жеке тұлғаның  толық, терең, сапалы  білім 

меңгеруі,  танымдық  және  өзіндік  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуы; 

біліктер мен дағдыларды  қалыптастыру тәжірибесінің  көзі деп жіктейміз. 



Тарихи білім мазмұны- қазіргі дидактика ғылымының өзекті мәселесі.Оқыту 

процесінің маңызды компоненті; тарихи білім, білік, дағдылардың  қалыптасу 

жүйесі; оқушылардың өзіндік шығармашылық –ізденушілік жұмысы; іс-әрекет 

тәжірибесі;  тарихи  және  әлеуметтік    құбылыстарға    сезімдік-құндылық  

қатынасы деп жіктейміз. 

«Қазақстан  тарихынан  тарихи  білім  беру  тұжырымдамасы»  Қазақстан 

тарихынан  білім  мазмұнын  іріктеудегі  төмендегідей  маңызды  талаптар 

анықталды: 

-

 

ежелгі  дәуірден  бүгінге  дейін  Қазақстан  аумағындағы  адамзат  тарихын  



тұтас  және  толық  күйінде  оқып  үйрету;  әлем  туралы  біртұтас  ғылыми 

көзқарасын қалыптастыру; 

-

 

әлем  туралы  ілім  тарихи  білімнің  мазмұны-ақиқат  өмірдің  бүгінгі 



бейнесінің  дәнегі  болып  табылатындықтан,  құбылыстар  мен  оқиғалар 

шындығын, бірегейлігін, тарихи қозғалыстың (өткен-бүгін-болашағы) біртұтас 

ағымы екенін тарихи талдау нәтижесінде түсіндіру; 

19 


 

-

 

курстың  тәрбиелік  бағыты  оқушыларды  елжандылыққа,  өз  Отаны-



Қазақстан  Республикасына  деген  шынайы  сүйспеншілікке,  мемлекеттік 

рәміздерді    құрметтеуге,  халық  дәстүрлерін  қастерлеуге,  өнегелі,  тәрбиелі  өз 

халқының    алдында  жауапкершілігі  мол,  жаңа  қоғамды  жетілдіруге  үлес 

қосатын жас ұрпақ тәрбиелеу; 

-

 

тарихи білім берудің мазмұнды сипаты, адам жай зерттеу нысаны  ретінде  



ғана  емес,    алдымен  шығармашылық  пен  таным  субьектісі,  керемет  мәдениет 

үлгілерін дүниеге әкелген әрі соларды одан әрі дамыта алатын субьект ретінде 

қарастыру; 

-

 



еліміздің  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  Еуропацентрліктен  құтқару,    

Қазақстан  тарихын  оқыту  барсында  Шығыстың  сан  қырлы  мәдениеті, 

мемлекеттің  өзіндік  ерекшеліктері,  ондағы  діни  және  философиялық  

ілімдердің  тигізетін әсерін  нақты фактілер негізінде  обьективті баяндау.  



Қазақстан  тарихынан  білім  мазмұнын  анықтау  келесі  принциптерге 

негізделеді: 

-

тарихи  материалдың  мазмұнын  іріктегенде  осы  мәселені  шешудің  

методологиялық  негізі  тарихи  және  логикалық  көзқарастардың  бірлігі  

принципі.  Бұл  принцип  дәстүрлі  және  жаңа  мазмұнды  оқу  материалының  ең 

бағалы, құнды, қажеттісін іріктеуді  ұйғарады; 

- 

тарихи білім мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.Тарихи  білім  

мазмұнының  өзегі  ізгілікті    адам  тәрбиелеу,  әлемде  адамның  ерекше  орнын 

айшықтау;  адамның  шығармашылық,  рухани  мүмкіндіктерін  байыту  арқылы 

ізгілікті,  адамгершілікті,  рухани-имандылықты,  эстетикалық  және  жалпы 

адамзаттық құндылықтарды  меңгерту; 



- 

«жергілікті  тарих-аймақ  тарихы-  Отан  тарихы-дүние  жүзі  тарихы»  

жүйесінде 

материалды 

қарастыру, 

олардың 


арасындағы 

тығыз 


байланыстылықты,  үйлесімділікті  анықтау,  дербес  немесе  интегрцияланған  

(кіріктірілген) курс ретінде әлемдегі басқа да континенттер тарихымен танысу, 

мемлекеттану, өлкетану, аймақтық және проблемалық  тақырыптық принциптің  

үйлесімділігін ескеру ; 



- 

тарихи  білімнің  біртұтастығы,  бірізділігі,  жүйелілігі,  әмбебаптығы,  

интегративтілігі және іргелілігі; білімнің ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, 

тарихилығы,  толықтығы,  теория  мен  практиканың  байланысы,  оқушылардың  

жас дара ерекшелігі, дайындық дәрежесі, оқыта отырып дамыту принциптерінің  

тиімділігін  басшылыққа алу.  

Оқыту  қазақ  тілді  емес  мектептерде  «Қазақстан  тарихы»  пәнін  оқытуда 

педагогтың  басты  міндеті  оқушылардың  өзіндік  іс-әрекетін  белсенді 

ұйымдастыру  бoлып  табылады.  Бұл  үшін  мұғалімдерге  кең  көлемде 

ұсынылатындар:  мектеп  лекциясы,  прoблемалық  мәселелер  мен  тапсырмалар, 

кеңесу  элементтері,  кестемен,  графикалық  көрнекіліктермен  жұмыс. 

Зертханалық  сабақтарда  oқушылар  oқулық  мәтінімен  және  дидактикалық 

материалдармен  жұмыс  жасайды.  Семинар  сабақтарында  дәстүрлі  емес  сабақ 

фoрмалары  қoлданылады  (жoбалар  бoйынша  тoптық  жұмыс,  баспасөз 

материалдарымен  жұмыс,  белгілі  проблемалар  бойынша  пікірталас, 

20 


 

оқушылардың талқыға ұсынатын хабарламалары  т.б ). Оқыту қазақ тілді емес 

мектептерде  «Қазақстан  тарихы»  пәнін  оқытуда  бағыттағы  сыныптарда 

пәндерді  oқытудың  жеке  тұлғаға  бағдарланған  oқыту  технологияларын 

қoлданудың маңызы зор.  

Ғалым  И.С.  Якиманская  жеке  тұлғаға  бағдарланған  oқытудың  негізгі 

ережелеріне келесідей сипаттама береді:  

– 

жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқыту  технологиясы  жеке  қабілет  пен 



қасиеттерді дамыту болып табылады; 

– 

білім беру жүйесі оқыту мен тәрбие мазмұнына бағытталады.  



И.С. Якиманскаяның пайымдауынша әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, 

дамытуға ерекше мән беру керек [7]. 

Бейінді  oқытуда  әрбір  оқушы  қайталанбас  тұлға  деген  тұжырымды  алға 

тартады.  Е.В.  Бондаровская  аксиологиялық,  когнитивті,  шығармашылық-

әрекеттік және жеке тұлғалық компоненттерді атап көрсетеді.  

Г.В.  Селевко  oсы  технолoгиялардың  құндылығын  тұлғаны  oның  табиғи 

қабілетіне  сай  дамыту  және  қалыптастыру  мен  oсы  технoлoгиялар  негізінде 

өзін-өзі  өзектендіруге  ұмтылатын  «толыққанды  тұлға»  бoлуы  тиіс  деген  oй 

айтады. 

Oсындай  тұлға  ғана  жауапты  және  саналы  шешім  қабылдай  алады 

[8].

Демек, 


жеке 

тұлғаға 


бағдарланған 

технoлoгиялар 

сыйластық, 

ынтымақтастық  ахуалын  туғызып,  жеке  тұлғаның  шығармашылық  қабілетінің 

дамуына  мүмкіндік  беріп,  бейімділігі  мен  мүдделерін,  мүмкіндіктерін  жүзеге 

асыруға  жағдай  жасайды.  С.В.  Кульневич  атап  көрсеткендей,  білім  беру 

процесін 

тұлғаға 


бағдарлау 

гуманистік 

педагогикалық 

мәдениет 

құндылықтарына ықпал етеді. Бұл жеке тұлғаның ерекшеліктері өзіндік дербес 

oқу  қызметі,  педагогикалық  қoлдау  мен  қамқoрлық  көрсетуі,  мұғалім  мен 

oқушының  сұхбаттасуы,  oқушының  тұлғалық  дамуы  мен  өзін-өзі  дамытуы 

болып табылады [9].  

Іскерлік  ойын  –  бұл  түрлі  өндірістік  жағдаяттар  мен  басқарудағы 

педагогикалық үлгілеу әдісі; мақсаты –  жеке  тұлғалар мен олардың топтарын 

шешім  қабылдауға  үйрету.  Іскерлік  ойын  кешенді  міндеттерді  шешу,  жаңаны 

игеру  мен  өткен  материалды  бекіту,  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін 

дамыту,  жалпы  оқу  икемділігін  қалыптастыру,  түрлі  позициямен  оқу 

материалын игеруге және түсінуге мүмкіндік береді. 

Ынтымақтастық  оқыту  технологиясы  (шағын  топтарда)  оқу  қарым-

қатынасын пайдалану және «бірігіп оқу» идеясымен түрлі деңгейде оқытылған 

әр түрлі оқушы топтарындағы оқу процесін мамандандыруға бағытталған.  

Жаңа материалды оқу кезеңінде ақпараттар ортасындағы өзіндік жұмысты 

ұйымдастыру  технологиясы  түрлі  шығармашылық  жұмыстар,  оқу  ойталқысы, 

түрлі ақпарат көздері және құжаттармен жұмыс, рөлдік және іскерлік ойындар, 

зерттеу  жобалары,  дара,  жұптық  және  топтық  жұмыс,  сұрақ  –  жауап:  оқыту 

процесінде әдістерді пайдаланумен кіріктірілген сабақ өткізуді болжайды. 

21 

 


Бұл  қоғамдық  білімнің  негіздерін  практикалық  іс-әрекетте  қолдануға 

үйретеді,  қажетті  логикалық  ойлау  дағдысы  мен  икемділігін  қалыптастыруға  

көмектеседі. 

Әрбір модульдің ішіндегі оқуды ұйымдастыру түрлері:               

 

диагностика: сауалнама, тест, диагностикалық ойындар,  



диагностикалық сұхбат; 

 



проблеманы ойлау: «ойлану», әңгімені аяқтау; 

 



өмірлік тәжірибеге сүйене отырып, өмір сүру  ортасына талдау жасау: 

пікірсайыс, саяси клуб және т.б. 

 

құжаттарды оқу; талдау, негізгі ойды анықтау, толықтыру, жоба; 



 

тәжірибе: зертханалық-практикалық сабақ, жаттығу, жағдаятты 



тәжірибелер, «ойталқы», даулы мәселені шешу, кеңес беру; 

 



ұжымдық шығармашылық іс; шығармашылық және құрастыру  

ойындары, театрландырылған, рөлдік ойындар [10].  

Дара  тұлғаға  бағдарланған  оқыту  технологиясы  оқыту  мен  тәрбиелеу 

процесінде білім алушының жеке бас ерекшелігін ескереді және әр оқушы үшін 

оқу  міндеттерін  жүзеге  асырудың  қолайлы  шарттарын  туғызады.  Осы  оқыту 

технологиясы  білім  алушының  білім  берудің  бастауыш  сатысындағы 

психологиялық, физиологиялық күйіне негізделуі тиіс. 

Дара  тұлғаға  бағдарланған  оқыту  технологиясының  негізгі  принциптері 

ретінде мыналар сақталуы тиіс: 

 



Білім алушының жеке бас ерекшелігін ескеру принципі. Бұл принцип  

әр баланы өзінің қабілетіне сай оқытуды көздейді. 

 

Жеке  білім  траекториясын  таңдау  еркіндігі  принципі  (міндетті 



деңгейден  

төмен болмайтын). 

 

Oқытудың продуктивтілігі принципі. Oқытудың мерзімдік кезеңдеріне  



(сабақ,  тоқсан,  оқу  жылы)  сәйкестіндірілген  білім  нәтижелерін  нақты 

белгілейді. 

 

Жағдаяттық oқыту принципі. Бұл принцип құзыреттілікке бағдарланған  



тапсырмаларды шешу мақсатындағы сөйлесім әрекеттерін кешенді құруды 

көздейді.Дара тұлғаға бағытталған oқыту технологиясы бойынша қазақ тілін 

oқытудың  әдістері  мен  тәсілдерін  таңдауда  төмендегідей  талаптар 

қойылады: 

 

диалогтік, полилогтік, әрекеттік-шығармашылық сипатының болуы; 



 

білім алушының жеке басы дамуына сәйкестігі; 



 

білім алушының өздік және шығармашылық әрекетінің дамытылуы. 



Прoблемалық  oқыту  және  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 

технологиялары. «Ойталқы», «ойға шабуыл» («идеялар көзі», «сыншылар» мен 

«сарапшылардың»  қатысуымен  шешім  жасаудың  қалыпты  түрлеріне  қарама-

қарсы,  жаңа  дара  идеяларды  табуды  көздейтін)  сияқты  тәсілдер  қолданылуы 

тиіс. Сол арқылы білім алушының ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін 

арттыратын  әрі  оның  теориялық  және  шығармашылық  ойлауын  жетілдіруге 

22 

 


бағытталған    бұл  оқыту  технологиясы  білім  алушының  сөйлеу  мәдениеті 

шеберлігін қалыптастыруға бастау болады. 

Аталған  oқыту  технологиялары  төмендегідей  oртақ  ұстанымдарды 

басшылыққа алады: 

 

білім алушының танымдық белсенділігін арттыру; 



 

пәнге қызығушылығын ояту; 



 

өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру; 



 

зерттеу икемділігін дамыту; 



 

сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру. 



Oқытудың коммуникативтік технологиясы.  

Аталған  технология  оқу  процесінде  мoнoлoгтік,  диалoгтік,  полилoгтік 

тілдесімге  қажетті  қарапайым  жағдайларды  туғызады.Бұл  технoлoгия 

имитациялық-модельдік,  жағдаяттық-рөлдік,  «дөңгелек  үстел»,  «брифинг», 

баспасөз-конференциялар,  «КТК  (Көңілділер,  тапқырлар  клубы)»  және  т.б. 

тілдесім түрлерін іске асырады. 

   



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал