Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін мемлекеттік тілде меңгеруге арналған әдістемелік ұсынымдар



жүктеу 0.52 Mb.

бет1/4
Дата10.09.2017
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін  

мемлекеттік тілде меңгеруге арналған әдістемелік ұсынымдар 

 

Әдістемелік  ұсынымдар 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 


2013 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 20 қарашадағы № 5 хаттама). 

 

 

Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін  мемлекеттік 



тілде  меңгеруге  арналған  әдістемелік  ұсынымдар.  Әдістемелік    ұсынымдар.  – 

Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 48 б. 

 

 

Әдістемелік  нұсқауда  оқыту  қазақ  тілді  емес  мектептерде  «Қазақстан 



тарихы» пәнін мемлекеттік тілде меңгеруге арналған ұсынымдар  талданған. 

Бұл  әдістемелік  құрал  жoғары  oқу  oрындарының  ғылыми  қызметкерлері 

мен  oқытушыларына,  мұғалімдерді  қайта  даярлау  және  біліктілігін  арттыру 

институттарының  мамандарына,  мектеп  директорының  oқу-ісі  жөніндегі 

oрынбасарлары мен мұғалімдерге арналады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                                                   

 

 

 



 

 

 



 

 

  



 

 

 

 

 

 

 

© 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық 

                                                      

білім академиясы, 2013 

 


Кіріспе 

 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  "Қазақстан-2050"  стратегиясында 



еліміздің  әлемдік  интеграцияға  кірігуі  үшін  көптілділікті  дамыту  міндеті 

қойылды.  «Тілдер  туралы»,  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңдарының,  Қазақстан  Республикасындағы  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың 

2011-


2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  негізінде  қазақ  тілді 

емес  мектептерде  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  дәрежесінде  меңгерту 

міндеттерінен туындайтын, сондай-ақ еліміздің әрбір оқушысы қазақ халқының 

тілі,  әдебиеті,  бойынша  мұраларды  тану  және  құрметтеу  деңгейіне  жетуіне 

оңтайлы жағдай тудыруға басымдық беріліп отыр.  

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазақстандық мектептерде білім беру 7 

тілде  жүзеге  асады:  қазақ,  орыс,  өзбек,  ұйғыр,  тәжік,  неміс  және  ағылшын 

тілдері.  

Қазақ тілінде білім беретін орташа оқу орындарының саны 15 мектепке өсті 

(0,4%).  Оған  қоса  өзбек  тілінде  білім  беретін  -58  мектеп,  ұйғыр  тілінде  –  14, 

ағылшын  тілінде  –  8  және  тәжік  тілінде  –  2  мектеп  бар.  Сондай-ақ  2163 

мектепте білім беру екі немесе одан да көп тілдерде жүргізіледі.  

Мектеп  оқушыларының  63%-дан  астамы  қазақ  тілінде  оқиды,  30  мыңнан 

астам өзге ұлт өкілдері қазақ сыныптарында оқиды.  

1990-

91 жылдары оқушылардың 32,35 пайызы қазақ тілінде оқыды. 



Орыс тілінде оқығандар 65 пайыздан асатын. Өзге тілдерде оқитындар – 2 

пайыз ғана еді.  

2010-

11 жылдардағы оқу жылында оқушылардың 62 пайызы қазақ тілінде, 



33  пайызы  –  орыс  тілінде  білім  алған.  Елімізде  3817  –  қазақ  мектебі,  1648  – 

орыс  мектебі,  61  –  өзбек  мектебі,  14  –  ұйғыр  мектебі,  2  –  тәжік  мектебі,  6  – 

ағылшын тілінде оқытатын мектеп, бір түрік және бір украин мектебі бар.  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8-

қарашасындағы № 500 бұйрығымен бекітілген жаңа оқу жоспарында қазақ тілді 

емес мектептердегі қазақ тілінің апталық оқу жүктемелері азайтылып, қазақ тілі 

пәнінің  сағаты  бастауыш  сыныптарда  133  сағатқа  немесе  28%-ға,  жоғары 

сыныптарда 340 сағатқа немесе 40%-ға қысқартылған.  

Орыс  тілді  мектептерде  Қазақстан  тарихы,  география,  өлкетану  пәндерін 

қазақ  тілінде  оқытуды  енгізу  қажет  деген  ұсыныс  оқыту  тілі  қазақ  тілді  емес 

мектептер үшін маңызды мәселе болып табылады.  

Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін  мемлекеттік 

тілде  меңгеру  өзге  ұлт  балаларының  халқымыздың  мәдениеті  мен  тарихына 

қызығушылығын  арттырып,  әлеуметтік-экономикалық  фактілер  мен 

құбылыстарды  қазақ  тілінде  танып  білуге,  талдап-қорыту  қабілеттерін 

дамытуға  мүмкіндік  береді.  Барлық  деңгейде  оқу  процесінде  көп  тілді  білім 

беру заманауи білім берудің айрықша белгісі болып табылады. 

 



Осыған сәйкес мультилингвалдық білім беруге деген әлеуметтік қажеттілік 

туындайды.Мәдениетаралық  ынтымақтастықтың  дамуына  ықпал  етеді.  Бұл 

әдістемелік  нұсқауда  оқыту  қазақ  тілді  емес  мектептерде «Қазақстан  тарихы» 

пәнін мемлекеттік тілде меңгеру мәселелері қарастырлады.  

  

 

  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Пәнді екі тілде меңгерудің тәжірибесінен 

 

Көп  тілділіктің  негізгі  басымдығы  ана  тіліне  беріледі,  қазақ  тілін 

мемлекеттік  тіл  ретінде  меңгеру,  орыс  тілі  ғылыми-техникалық  ақпарат  көзі 

болып  табылса,  шет  тілі  адамдардың  өзін  -  өзі  әлемдік  қоғамдастыққа 

сәйкестендіру қабілеттерін дамыту үшін қажет.  

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  "Қазақстан-2050"  стратегиясында 

еліміздің  әлемдік  интеграцияға  кірігуі  үшін  көптілділікті  дамыту  міндеті 

қойылды.  «Тілдер  туралы»,  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңдарының,  Қазақстан  Республикасындағы  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың 

2011-


2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  негізінде  қазақ  тілді 

емес  мектептерде  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  дәрежесінде  меңгерту 

міндеттерінен туындайтын, сондай-ақ еліміздің әрбір оқушысы қазақ халқының 

тілі,  әдебиеті,  бойынша  неғұрлым  мол  сусындап,  оны  тану  және  құрметтеу 

деңгейіне  жетуіне  оңтайлы  жағдай  тудыру  қызметін  орындаудан  өріс  алатын 

қағидаттар осы өзге тілді мектептерге арналған қоғамдық-гуманитарлық білім 

берудің құндылығын құрайды. [1] 

Пәнді  екі  тілде  меңгеру  тәжірибесін  зерделей келе  оқыту  қазақ  тілді  емес 

мектептерде Отандық тәжірибенің ерекшеліктерін қарастырамыз.   

«Мирас» мектебі 

1999  жылы  «Н.Назарбаев  Білім  Қоры»  Қоғамдық  Қорының  бастамасымен 

Алматы қаласында Халықаралық «Мирас» мектебі ашылды.  

Халықаралық  «Мирас»  мектебі  -  Қазақстан  Республикасындағы 

Халықаралық  Бакалавриат  бағдарламасының  философиясы  мен  оқыту 

қадамдарын ұлттық білім беру стандарттарының мазмұндық компоненттерімен 

кіріктіру  арқылы  жаңа  педагогикалық  технологиялар  және  оқыту  әдістемесін 

енгізетін мектептің инновациялық үлгісі болып табылады.  

Қазіргі  кезде  «Мирас»  мектебі  –  3  жастан  18  жасқа  дейінгі  студенттерді 

қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінде  оқытатын  үздіксіз  білім  беру  кешені. 

Халықаралық «Мирас» мектебі құрылымы 3 сатыдан тұрады:  

1  саты  –  бастауыш  мектеп:  балабақша  (3-5  жас),  мектепалды  (5-6  жас),              

1-

5  сыныптар  (6-11жас):  оқу  ағылшын  /қазақ  тілдерінде  -  оқу  ағылшын/орыс 



тілдерінде. 

саты – негізгі мектеп 6-10 сыныптар (11-16 жас) оқу ағылшын және орыс 



тілдерінде,оқу қазақ тілінде жүргізілетін 6-9 сыныптар. 

3 саты – жоғары мектеп: Қазақстандық 11 сынып оқу орыс тілінде жүретін 

бағдарламалар, 11-12 оқу ағылшын тілінде жүретін Халықаралық Бакалавриат 

Дипломдық Бағдарлама сыныптары (16-18 жас).  

«Мирас»  мектебі  Халықаралық  Бакалавриаттың  барлық  үш  бағдарламасы 

бойынша : 

бастауыш  мектеп  бағдарламасы  (IB  PYP  –  Primary PrimaryYears 



Programme); 

орта мектеп бағдарламасы (IB MYP Middle Years Programme), 



 


Дипломдық Бағдарлама (IB DP – Diploma Programme), бұл бағдарламаны 

табысты  аяқтау  әлемдегі  жетекші  университеттерге  түсу  емтиханынсыз 

қабылдануға құқық береді. 

«Мирас» мектебі- Халықаралық Бакалавриаттың барлық үш бағдарламасы 

бойынша  әлемдегі  112  мектептің  бірі  және  Орта  Азия  аймағындағы 

Халықаралық  Бакалавриаттың  Дипломдық  бағдарламасы  (DP  IB)  жөніндегі 

білім беру мекемесі болып табылады. 

«Мирас»  мектебін беделді  халықаралық  білім  беру  ұйымдары мойындады 

және бұл мектеп келесі ұйымдармен аккредиттелген: 

Халықаралық  мектептер  Кеңесі  (CIS  –  Council of International Schools) 



маусым, 2005 ж.); 

Жаңа Англия мектептері мен колледждері Қауымдастығы (NEASC –New 



England Association of Schools and Colleges (

маусым, 2005 ж.). 

1999 

ж. бастап «Мирас» мектебі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 



министрлігінің эксперименталдық алаңы болып табылады. 

2002  ж.  Мирас  мектебі  Кембридж  Университетінің  негізгі  мектепті 

аяқтағаны  туралы  халықаралық  сертификатты  алуға  IGCSE  емтихандарын 

қабылдаудың  (Британдық  сертификат)  Халықаралық  емтихан  орталығы 

ретіндегі аккредитациясын алды. 

«Мирас» мектебінің мүшелігі: 

ЮНЕСКО халықаралық мектептері Қауымдастығының мүшесі (2001 ж.); 



-

ТМД  елдері  Халықаралық  Бакалавриат  мектептері  Қауымдастығы 

(АШМБ) (2006 ж.) 

Мектепте жеке тұлғаның адамгершілік сапасын дамытуға, белсенді өмірлік 

позицияны  қалыптастыруға  бағытталған  тәрбие  беру  тұжырымдамасы 

әзірленген.  Студенттердің  өзара  мәдени  түсіністігіне  мектепте  көптілді  орта 

құру,  тіл  саясатын  жүзеге  асыру,  Студенттер  кеңесінің  тиімді  жұмыстарын 

ұйымдастыру, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, БҰҰ халықаралық ұйымдармен байланыс 

орнату  арқылы  қол  жеткізіледі.  Халықаралық  «Мирас»  мектебі  өзінің  рухы, 

мазмұны және әлемнің 18 елі өкілдерінен құралған студенттер мен мұғалімдер 

құрамы жағынан интернационалды болып табылады.  

Халықаралық «Мирас» мектебінде қазақстандық және шетел мамандарынан 

тұратын  тәжірибелі  ұстаздар  еңбек  етеді.Мектептің  64  түлегі  Халықаралық 

Бакалавриат Дипломдық бағдарламасын аяқтағаны туралы дипломды иеленген. 

Мектеп  сыныптары  заманауи  техникалық  оқу  құралдарымен  жабдықталған, 

физика, биология, химия пәндерінің зертханалары, Интернетке қол жеткізетін 

компьютерлік  кабинеттер,  хореография,  драма,  музыка  және  бейнелеу  өнері 

сабақтарына арналған сыныптар бар. 

Халықаралық  «Мирас»  мектебінде  -  «Біздің  бірлігіміз–біздің  көп  қырлы 

болуымызда. 

Қазіргі  кезде  «Мирас»  мектебі  –  3  жастан  18  жасқа  дейінгі  студенттерді 

қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінде  оқытатын  үздіксіз  білім  беру  кешені. 

Халықаралық  «Мирас»  мектебінде  қазақстандық  және  шетел  мамандарынан 

тұратын тәжірибелі ұстаздар командасы еңбек етуде, олар - өз пәндері бойынша 

 


теориялық білімді ғана меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар әрбір студенттің 

зияткерлік және шығармашылық тегеурінін дамыта алатын шебер мамандар. 



Қазақ-түрік  лицейі  «Нұр  ОРДА»  2007  жылы  ашылды.  Онда  1200  оқушы 

оқиды. 



«Нұр  ОРДА»  Халықаралық  мектебінің  құрылтайшысы  «KATEV» 

болып  табылады.  Оқыту  тілі  қазақ,  орыс,  ағылшын,  түрік  тілінде  жүргізіледі.  

Қазақ-түрік лицейінің мақсаты білімді, бәсекеге қабілетті, бірнеше тілді білетін, 

өз  Отанын  сүйетін,  оның  мәдениеті  мен  тарихын  сыйлайтын  тұлға  

тәрбиелеу.Оқу  процесі  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  және  халықаралық  

стандарт талаптарына сай ұйымдастырылады. Заманауи талаптарға сай әлемдік 

білім  беру  стандарттарына  сәйкес  көп  тілді  білім  беру  принципі 

енгізілген.Мектепті аяқтаған түлектер кез-келген жоо түсе алады, шетелде оқи 

алады  (тілдерді  жақсы  білу);  халықаралық  олимпиадаларға  қатысу  тәжірибесі 

бар,  бәсекеге  қабілетті.  Сабақтың  ұзақтығы  -  40  минут,  оқу  аптасы  -5  күн, 

суббота күндері қосымша сабақтар өткізіледі, мектеп үйірмелері жұмыс істейді. 

Мектепте сынып журналдары, қосымша  сабақ журналдары және электрондық 

журналдар  қолданылады.  Мектеп  1-11  сыныптарға  балалар  қабылдайды. 

Ағылшын  тілі  1-6  сыныптарда  күніне  4  сағаттан  оқылады.3  сыныптан  бастап 

информатиканы, 5-9 сыныптарда түрік тілін оқытады. 

7  сыныптан  бастап  ағылшын  және  түрік  тілдері  тереңдетіп  оқытылады. 

Кабинеттер мультимедиялық, интерактивті тақталармен жарақтандырылған. 

1-

6  сынып  оқушылары  зертханалар  мен  компьютер  сыныптарында  жұмыс 



жасайды.1-6  сынып  оқушылары  Susan House, Katharine Scott, PauI House 

Стамбул «SeIt pubIshing» баспаларынан шыққан оқулықтармен жұмыс істейді. 

7-

11  сыныптарда  математика,  информатика,  физика,  биология,  химия 



пәндері  бойынша  «KATEV»  халықаралық  қоғамдық  қоры  ұсынған  оқу 

бағдарламалары мен оқулықтармен оқиды.  

7  сыныптарда  жаратылыстану-ғылыми  циклындағы  пәндер  ағылшын 

тілінде тереңдетіліп оқытылады.  

2012-201

3 оқу жылында мектептерде «Лайт Хаус Скул» жобасы «АPPLE» 

атақты  компаниямен  бірігіп  жүзеге  асқан.  Осы  жобаға  сәйкес  Ipad 

оқушылардың жаңа материалдарды игереді және көру қабілетін дамытады. 

Мектепте  барлығы  38  сынып-комплектісі:  1-4  сыныптар-17  сынып 

кешенінен,  5-9  сыныптар  -16  сынып-кешенінен,  10-11  сыныптар  -  5  сынып  –

кешенінен  құралған.  2011-2012  оқу  жылында  оқушылар  саны  68  оқушыға 

өскен.  Оқушылар  бос  уақытында  футбол,  баскетбол,  волейбол,  тоғызқұмалақ, 

таэквондо, би, қолданбалы өнер, домбыра, өлкетану секциясына қатысады.  

Екі  тілді  меңгерудің  шетел  тәжірибесіне  тоқталатын  болсақ  өзіндік 

ерекшеліктерден тұрады.  

Көптілділік,  мультилингвизм,  полилингвизм  –  нақтылы  коммуникативтік 

жағдайдың  ықпалымен  белгілі  бір  әлеуметтік  ортада,  мемлекетте  бірден  үш, 

одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидуумның) 

көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді.  

 



Көптілділіктің  үш  тілді  меңгеру  дәрежесі  сол  адамның  немесе  бүтіндей 

халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, 

тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты.  

Ұлттық  құрамы  бірыңғай,  бір  ғана  этнос  мекендейтін  мемлекетте 

Көптілділік  сирек.  Онда  жеке  адамның  ғана  Көптілділікгі  ұшырасады 

(Жапонияда, Кореяда, Германияда, Исландияда) [2]. 

Көптілділік  –  АҚШ,  Ресей  Федерациясы,  Үндістан,  Нигерия  сияқты 

жүздеген  ұлт  пен  ұлыс  мекендейтін  мемлекеттерге  тән  құбылыс.  Көптілділік: 

жаппай  Көптілділік,  ішінара  Көптілділік  болып  бөлінеді.  Жаулап  алу, 

халықтардың  қоныс  аударуы,  көрші  елдермен  тығыз  қарым-қатынас  секілді 

тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай Көптілділігі қалыптасқан. 

Сондықтан  да  Көптілділік  көп  ұлтты  географиялық  кеңістікте  кең  тараған. 

Мәселен, жаппай Көптілділік Кавказдағы армян, аджар, осетин, құрд, грек, т.б. 

халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі.  

Қазіргі  уақытқа  дейін  Европа  Кеңесі,  мемлекеттің  ішкі  ісіне  араласпау 

принципін  сақтай  отырып,  католиндік  тіл  үлгісіне  араласпау  саясатын 

ұстануда.Брюссель еуропалық мектеп практикасы, халықаралық заңнамамен тіл 

философиясына  жүктеу әдісіне келіспейтіндігі туралы пікірін білдірді. 

Қазіргі европалық мектеп практикасында екі немесе үш тілділік саясатына 

жүктеу  әдісі  қолданылмайды.Мемлекеттік  тілді  ұлтаралық  қарым-қатынас 

құралы ретінде қолданады.Оқыту екі үлгіде жүзеге асырлады. 

Мажоритарлық-екі  мектеп  желісін  құрайды,  ата-  аналар  өз  балаларын  қай 

тілде оқытқысы келетінін өздері таңдайды.  

Финляндияда,  бір  мектеп  желісі  фин  тілінде  оқытылады,  екіншісі  –швед 

тілінде  оқылады.  Уэльсте  екі  желі  бар  (валлийс  –ағылшын  тілі),  Словакия 

(словацк  –  венгер  тілі),  Ирландия  (ирланд  -  ағылшын  тілі)  және  Бельгияда, 

Испанияда тілге байланысты дау-жанжалдар болып тұрады. 

Онда үш желі, Фландрияда фламанд тілі, француз тілі- Валлонияда,  неміс 

тілі  оңтүстікте  орналасқан.  Брюссель  фламанд  және  француз  ресми  екі  тілде 

оқытады. Европада екі немесе үш тілде оқыту кең таралмаған.  

Көбінесе Люксембургте үш тілде сөйлеу қолданылады.Барлық мектептерде 

оқыту: люксембург, неміс және француз үш тілде жүргізіледі [2,5].  

Голландияның  солтүстік  бөлігінде  орналасқан  Фрисландияда  голланд 

тілімен  қатар  фриз  тілі  мемлекеттік  тіл  болып  есептеледі.  Бұл  облыстарда 

көптеген мектептер екі тілде оқиды.Кейбір сыныпқа байланысты пәндер фриз 

тілінде,  басқалары  голланд  тілінде  оқиды.  Бұл  мектеп  практикасы  европалық 

және халықаралық заңдарда бекітілген.  

Бұл  мәселе  бойынша  халықаралық  деңгейде  заңдар  қабылданған,  ана  тілі  

тәрбие  берудің  маңызды  факторы  және  оқушыларға  қажеттілік  болып 

табылады.  Халықаралық  деңгейде  ана  тілінде  оқыту  балалар  мен 

жасөспірімдердің құқы ретінде бекітілген.  

1953  жылы  ЮНЕСКО  «Білім  беру  процесінде  тілдерді  ұлтаралық  қарым-

қатынас  құралы  ретінде  қолдану»  тақырыбында  құжат  әзірлеген.  ЮНЕСКО  - 

ның келесі құжаттары осы мақсатта жазылған. 

 


ЮНЕСКО  оқу  бағдарламасының  барлық  мектеп курсы  емес,  едәуір  бөлігі 

ана тілінде оқылу керек екендігін жобалайды. European Charter for Regional or 

Minority Languages: application of the Charter in Spain (2008 

жылдың желтоқсаны  

және  2012  жылдың  қазаны)  екі  баяндамада  Католонияға  қатысты  мәселелер 

талданады. Бұл баяндамаларда католин тілінде білім берілетіндігі туралы және 

осы тілде сөйлейтіндер үшін мақтаныш екендігі туралы айтылған 

Қазіргі білім беру жүйесі барлық оқушыларға екі тілде оқытуды жобалайды. 

Яғни Европа Кеңесі Каталония үшін Еуропада бар екі үлгіні  ұсынады. 

Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас. 

Мұндағы  славян  тектес  халықтардың  дені  –  негізінен  бір  тілде  ғана 

сөйлейтіндер, қазақтардың көпшілігі екі тілде сөйлейді.  

Ал  ұйғыр,  өзбек,  дүнген,  құрд,  түрік,  әзербайжан,  тәжік,  татар,  т.б.  ұлт 

өкілдері арасында көптілділік кең тараған. Неміс, корей, шешен ұлттарында да 

Көптілділік  едәуір  жиі  ұшырасады.  Кейінгі  кезде  шет  тілін  үйренуге  ден 

қойыла бастағандықтан, қазақтар арасында да Көптілділік көбейіп келеді. 

1970 жылдардан  бастап Германияда   билингвалды оқыту кең таралған. 

1963  жылы  22  қаңтарда    ФРГ  мен  Франция  арасындағы  ынтымақтастық 

туралы келісімнен басталды.Батыс Германияның кейбір мектептерінде сабақтар 

неміс және француз тілінде өткізілді. 

Қазіргі уақытта Германияда 600- ге жуық екі тілде мектеп бар, оның 150–ге 

жуығы бастауыш мектеп, оқу төрт жылға созылады. Германияда билингвалды 

оқытудың  біріңғай  тұжырымдамасы  жоқ.Кельн  неміс-испан    бастауыш  

мектебінде  бір  сабақтан  испан  тілі  оқылады.  Табиғаттану  мен  бейнелеу 

сабақтарында  екі  мұғалім  біреуі  неміс  тілінде,  екіншісі  испан  тілінде  сабақ 

береді.  Кейбір  сабақтар  екі  тілде  өтеді.Аралас  отбасылар  мен  эмигранттар 

отбасының балалары сабақтан кейін қосымша сабақтарға қалмайды. Сондықтан 

да көптеген ата-аналар өз балаларын осындай мектептерде оқытады.  



Канада  

Канада  тарихында  көптеген  эмигранттардың  келу  тарихы  жазылған.   

Эмигранттардың көбісі ағылшын тілін жетік меңгермегендіктен ағылшын тілін 

үйренуге ерекше назар аударды. Сондықтан да ағылшын тілінен сабақ беретін 

білікті  мамандар  жеткілікті.  Ағылшын  тілі  шетел  тілі  ретінде  оқылады. 

Канадада  білім  беру  жүйесінің  құрылымы:  бастауыш  (1-6  сыныптар),  жалпы 

орта  білім  (7-9  сыныптар),  толық  орта  білім  (10-12  сыныптар)  құралады. 

Оқушылардың 90%-ы толық орта білімді жас ерекшеліктеріне сәйкес меңгереді. 

Алғашқы  кәсіби  білім  беру  орта  мектептің  жоғары  сатысындағы  

11-


12  сыныптарында  жүзеге  асырылады.  Мектепте  білім  беру  ағылшын  және 

француз тілдерінде тегін жүргізіледі. Он жылдық оқу міндетті, кейін оқушылар 

өз  білімдерін  11-12  (13)  сыныптарда  жалғастыра  алады  немесе  колледжге 

барып  оқуға  құқығы  бар.  Әр  провинциялық  білім  беру  жүйесі  өзінің  дінін, 

тарихы  мен  мәдениетін  оқыта  алады.  Жоғары  орта  мектеп  бағдарламасы  3-4 

жылға (10-12 және кейде 13-ші сыныпқа) арналған. 

Канаданың  тілді  оқытуға  арналған  арнайы  курстары  стандартты  (жалпы 

ағылшын,  бизнес  -  ағылшын,  кәсіби  бағдарламалар)  бағдарламалар  ұсынады. 

 


Барлық  мектептерде  «Ағылшын  тілі  академиялық  мақсаттар  үшін»  (ЕАР) 

курстары  шетелдегі  абитурентерге  бағдарланған.  Әрбір  қоғамдық  колледж 

және  университетерде  өздерінің  ESL  бағдарламалары  бар.  Канаданың  жеке 

тілді  оқытатын  мектептеріне  қабылдау  кез-келген  уақытта  және  кез-келген 

деңгейде  жүзеге  асады.  Канадада  француз  тілін,  ағылшын  тілін  шетел  тілі  

ретінде  оқыту  үшін  (French  as  a  Second  Language,  FSL)  орталықтары  Квебек 

провинцияларына жинақталған.  

Қырым 

Қырымда  130  -ға  жуық  түрлі  ұлттар  тұратындықтан  көп  тілді  білім  беру 

өзекті болып табылады. Қырым үш тілде оқытуды жоспарлап, саяси деңгейде 

үш  тілде  оқыту  жоспары  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Қырым  мектебінде  барлық 

пәндер  үш  тілде:  орыс,  украин,  қырымтатар  тілінде  оқытылуда.Мемлекеттік 

тілде  аз  ұлттардың  білім  алуына  мүмкіндіктер  берілген.Мультилингвальдық 

білім  беру    үлгісінің  «Қырым  мектебі»  атауына  ие болуы  білім  беру  сапасын 

көтеруге  және  Қырымдағы  этникааралық  қарым-қатынастардың  үйлесімді 

дамуы  мен  білім    сапасының  көтерілуіне  ықпал  етеді.Орыс,  украин  және 

қырымтатар  тілдерінің  тең  дәрежеде  қолданылуы  тілді  меңгеру  деңгейін 

көтереді,  сонымен  қатар  аймақтағы  көп  мәдениетті  тәрбиенің  міндеттерін 

шешеді. Қырым Жоғары Кеңесі төрағасының орынбасары 

Григорий Иоффенің 

айтуынша   

Украйнаның  жалпы  европалық  кеңістікке  кіріктірілу  саясаты  мен 

барлық  деңгейдегі  халықаралық  байланыс  білім  беру  мекемелерінің  алдында 

бір тілді ғана емес екі тілді оқуға мүмкіндік  береді.  

Барлық  деңгейде  оқу  процесін  компьютерлендіруге  сәйкес  көп  тілді  білім 

беру  заманауи  білім  берудің  айрықша  белгісі  болып  табылады.  

Мультилингвалдық  білім  беруге  деген  әлеуметтік  қажеттілік  туындайды. 

Мәдениетаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.Көп тілді білім беру  

«Қырым  мектебі»  жобасы  білім  беру  сапасына  ықпал  етіп  ғана  қоймайды, 

этникааралық  қарым-қатынастардың  үйлесімді  дамуы  мен    бір-біріне  деген 

толеранты  қарым-қатынасқа тәрбиелеуге ықпал етеді.  

Мультилингвалдық  білім  беру-  бұл  екі  және  одан  да  көп  тілде  биология, 

математика,  тарих  және  басқа  да  пәндерді  оқыту,  мектепте  және  оның 

шеңберінде  тіл  дамыту  ортасын  жасау  болып  табылады.Бұл  білім  берудің  

сапасын көтереді,  болашақта шетелде білім алуға мүмкіндік береді.Қырым үш 

тілде  оқытуды  саяси  деңгейде  жоспарлауды  енгізуде.  Қырым  мектептерінде 

барлық  пәндер  үш  тілде:  орыс,  украйн  және  қырымтатар  тілінде  оқытылатын 

болады.  Қырымда  мультилингвалдық  білім  беру  бойынша  әлемнің  12  елінен  

әдіскерлер, педагогтар, саясаткерлер қатысқан халықаралық конференция өтті. 

«Қырым  саяси  сұхбаты»  саяси  жобасы  аясында  Финляндияның  сыртқы  істер  

Министрлігінің қолдауымен білім беру мекемелері  үшін көп тілді оқыту үлгісі 

жүзеге асырлуда. «Қырым мектебі» атауын алған мультилингвалдық  білім беру 

үлгісі авторларының пікірінше білім сапасына әсер етеді. 



Армения Республикасы  

Армения  Республикасындағы  тарихи  жағдайға  байланысты  орыс  тілі  

белгілі  дәрежеде  меңгерілген.  Арменияда  орыс  тілін  оқыту  қажеттігі  Европа 

10 


 

Кеңесі  материалдарында:  «Орыс  тілін  тек  ғана  Ресейде  ғана  емес,  көрші 

елдерде  оқытуды,  барлық  Европа  Кеңесіне  мүше  –  мемлекеттер  қайта  өрлету 

керек» –деп атап өтілген.  

2008 жылы Европа кеңесі шетел тілін оқыту бойынша комиссия  шешімінде 

Арменияның қоғамдық өмірінде орыс тілі ерекше мәртебеге ие екендігін атап 

өтті.Сол  себептен  жоғары  мектептің  оқу  бағдарламасында    сағаттың 

жетіспеушілігіне  қарамастан орыс әдебиеті белгілі орын алды.   

Тілді  оқытудың  негізгі  принциптері  Еуропа  Кеңесі  құжаттарында  

көрсетілді,  ондағы  қарым-қатынас  және  мәдениетаралық  өзара  іс-әрекеттің   

тілдерді оқыту басты бағыт болып табылады.Арменияның жоғары мектебі үшін 

орыс  тілі  жаңа  оқулықтарында  мәтін  мен  қарым-қатынасқа  маңызды  бағдар 

берілген [3,5]  



Саха (Якутия) Республикасындағы қос тілділік 

Қос тілділік қоғамдық құбылыс болып табылады, өмірлік қажеттіліктерден 

туындаған әр түрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынас жасау нәтижесі.  

Қос  тілділік  және  көп  тілділік  проблемалары  заманауи  әлеуметтікмәдени 

кеңістікте тұрақты оқыту нысаны  болып табылады.     

Әлемдік  қауымдастық  жаһандану  жағдайында  халықтардың  ана  тілінің 

тағдыры  жалпы  әлемдегі  саяси  және  экономикалық  одақтардың  құрылуымен 

байланысты.  Ресей  аймағындағы  қос  тілділік  көптеген  факторларға  

лингвистикалық, экстралингвистикалық сипатқа ие, өзінің ерекшеліктері, даму 

деңгейі, тарихи алғышарттармен байланысты.  

Саха Республикасында (Якутия)  қос тілділік үш ғасырлық  тарихы бар.     

Қоныс - аударушы шаруалар, жергілікті халықтармен қарым-қатынас жасай 

отырып  тілдердің  өзара  іс-әрекеті  басталды.  Якут  тілі  эвендер,  эвенкілер, 

юкагирлер  үшін  ұлтаралық  қарым-қатынас  тілі  қызметін  орындады.  Якутия 

өлкесінде  қос  тілділік  кең  тарай  бастады:  шіркеу-приход,  уездік,  жеке 

мектептер т.б. Онда сабақ орыс тілінде жүргізіліп, орыс тілі мен әдебиеті жеке 

пәндер ретінде оқытылды.Алдыңғы қатарлы жас якут зиялылары өздерінің ана 

тілімен  қатар  орыс  тілінде  жақсы  меңгерді.  Бұның  барлығы  одан  әрі  қос 

тілділіктің дамуына ықпал етті.Кеңес дәуірінде қос тілділікті қалыптастыру тез 

қарқынмен  дамыды.Қазіргі  республикадағы  этнотілдік  жағдаят  белсенді 

урбандалу процесімен қалыптасқан.  

Көп  ұлтты  якут  социумында  этнотілдік  процестердің  маңызы  1992  жылы  

қабылданған  «Саха  Республикасында  (Якутия)  тілдер  туралы»  заңда  атап 

өтілді.  Бұл  құжатта  полиэтникалық  қоғамның  екі  жақты  тілге  бірігу   

проблемасы  ескерілді.Республикадағы  тілді  дамыту  заңнамасының  жүзеге 

асыру  ерекшеліктері  демографиялық  және  әлеуметтік  лингвистикалық 

жоспарға сәйкес жүзеге асырлады. 

Қазіргі  уақытқа  дейін  якут  тілінің  коммуникативттік  саласы  шектеулі 

болды: ол негізінен мектепке дейінгі тәрбие беру саласында, толық емес орта 

білім  беруде,  отбасылық  қарым-қатынаста,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында 

қолданылды. Осы уақытқа дейін якут тілінің әлеуметтік функцияларын кеңейту 

процесі бақылануда. 

11 

 


Жалпы  білім  беретін  мектептер  мен  мектепке  дейінгі  білім  беру 

мекемелерінде якут тілі негізгі тіл болып табылады. Республиканың 70% астам  

мектептері – ана тілінде оқытатын мектептер, орыс тілі мемлекеттік тіл ретінде 

оқылады.Бұл мектептерде үш түрлі деңгей  жүзеге асырлуда: 

-

 

ана  тілінде  оқытатын  мектептер  (орыс  тілінде  емес)  1  және  11 



сыныптарда жүргізіледі; 

-

 



 

ана  тілінде  оқытатын  мектептер  (орыс  тілінде  емес)  бастауыш 

сыныптарда 5-7 сыныптар орыс тілінде оқытылады, ана тілі мен әдебиеті пән 

ретінде сақталады; 

-

 

оқыту  орыс  тілінде  жүргізіледі,  ана  тілі  мен  әдебиеті  1  және  11 



сыныптарда пән ретінде сақталады.  

Якут  Республикасының  Солтүстігінде  тұратын  халық  саны  аз  тұрғындар 

білім беру жүйесінде ерекше орын алады.  

Халық  саны  аз  халықтар  (21  мың.  адам    немесе  республиканың  6,2  %  

тұрғыны) 20 ауданда тұрады. 

Олардың  дәстүрлі  шаруашылығы  бұғы,  аңшылық,  балық  шаруашылығы 

болып  табылады.  Солтүстікте  тұратын  эвенкі,  юкагир,  чукотка  және  долган 

халықтарының  тілдері  Якут  Республикасында  ресми  тілдер  мәртебесіне  ие 

болды,  шағын аймақта орналасқан мектептерде оқу осы тілдерде жүргізіледі.   

Білім берудің ұлттық жүйесі республикадағы этнотіл мәселелерінің сапалы 

жағына ықпал етеді. 

Олардың  сипаты  мен  тенденцияларына  әсер  ететін  факторлар:  ұлттық-

демографиялық  (ұлттық  құрамы,  орналасуы,  әлеуметтік  саралану,  

халықтардың  білім  беру  деңгейі),  лингвистикалық  (тілдің    функционалдық 

жайы және құрылымы және т.б ), материалдық (оқытушылық кадрлармен, оқу 

және  әдістемелік  құралдармен,  сөздіктермен  және  т.б.  қамтамасыз  ету),  

адамдық  фактор  (тілдердің  құндылық  бағдарлары,  олардың  тіл  бойынша  

құзыреттілігі,  екінші тілді оқытуға деген дайындық т.б.) [4,5]. 



Австралиядағы орыс мектептері  

Орыс тілі мәртебісі БҰҰ бектіліп, жұмыс тілі болып саналды.  Австралияда 

2012  жылғы  санақ  мәліметі  бойынша  22  миллион    тұрғындарының    335  мың 

тұрғыны орыс тілін өз ана тілі деп есептейді. 



Орыс  тілді  диаспора  өзінің  әлеуметтік  және  ұлттық  құрамы  бойынша  әр 

түрлі. Әр түрлілік КСРО, РФ, ТМД  және Қытай  елдерінен келген эмигрантттар 

есебінен толыққан.  

Бұл факторлар «Австралиядағы орыс мектептері» жобасын жүзеге асыруда 

ескерілген.  Онда  бұрынғы  КСРО  республикаларында  тұратын  ұлттардың  

тілдерін  оқыту  қарастырылған.  Бұл  Австралиядағы  орыс  тілінің  тек  ғана  бір 

ғана ана тілі емес (әлемде қолданылатын демократиялық, сыни тұрғыдан ойлау 

белгісін көрсетеді) бірнеше тілдердің маңызын көрсетеді.  

Австралияда  қосымша  орыс  тілінде  білім  беретін  орталықтар 

ашылған.Мигранттар  өз  мәртебесін  көтеру  үшін  бірқатар  қоғамдық  білім 

беретін ұйымдар ашқан. 

12 


 

Австралияда  біріңғай  орыс  тілінде  оқытатын  мектептер  жоқ.  1960-65 

жылдары  Австралияда 10- ға жуық  «орыс мектебі» ашылған. 

1990 жылдарға дейін олардың саны көбеймеген. Ең үлкен  Австралиядағы 

«орыс мектебі» Мельбурндағы «Пушкин лицейі». Бұнда 150-160  оқушы оқиды. 




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал