Оқырмандар қолына өлкетанушы



жүктеу 0.63 Mb.

бет1/6
Дата04.02.2017
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4   5   6

C

M

Y



K

Индек

с 75579

Ақторғын қаңтар



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Оқырмандар    қолына  өлкетанушы 



Қуаныш  Ормановтың    «Ел  мен 

жер  және  тұлғалар  тарихы»  атты 

кітабы  тиді.  Осы  кітаптың  алғашқы 

беттерін  парақтағанда-ақ    басқаны 

былай  қойғанда,  қостанайлық 

оқырман  «Қостанай-Торғай өлкесінде  

метеориттің  түсуінен  пайда  болған 

көлдің  бар  екені,  қайыңның  еш  жер-

де  жоқ  «табантал»  деген  түрінің, 

биіктігі  35-40  метрге,  діңі  1,5  метрге 

жететін балқарағайдың өсетіні, көшпелі 

құмдар,  Торғай 

д а л а с ы н д а ғ ы 

к о с м о с т а н  

түсірілген  су-

реттер    секілді   

табиғат тамаша-

лары  мен  тыл-

сымдарын  қалай 

білмегенмін?» 

деп    таңқалары 

а н ы қ .   К і т а п 

ө л к е н і ң 

т а б и ғ а т ы м ен 

шектелмейді.  

Біздің дәуірімізге 

дейінгі және жаңа 

дәуірден  бүгінге 

дейінгі  тарих-

та  осы  өңірдің 

мол  үлесі  бар 

екені  жөнінде  

нақты  дерек-

термен қызықты 

ә ң г і м е ле й д і . 

Әлемге  әйгілі 

а р ғ ы - б е р г і  

т а р и х ш ы 

ғалымдардың  

е ң б е к т е р і н е 

сүйене  отырып, 

Торғай даласы мен  Тобыл өңірінің  Нұқ 

пайғамбардың    Иафес  деген  ұлынан 

тарайтын  ұрпақтарының  мекеніне 

айналғанын жазады.  

Ағылшын  зерттеушісі Мэри Бойстың  

жазғандарына  сеніммен  қарайтын 

автор:  «Тәңіршілдік  дінінің  ізін  баса, 

сол діннің  негіздеріне сүйене отырып, 

өзіндік талап-тілегі қалыптасқан,  айты-

лар ой мен іс бір жүйеге келтірілген дін 

–Зороастризм діні, яғни Күнге табыну-

шылар дінінің пайда болған жері де Ұлы 

дала» дейді.  Лисаков қаласы түбінен 

табылған  археологиялық    қорымнан 

қазылып  алынған  түбінде  діни  белгісі 

бар  құмыралар,  Денисов  ауданын-

да    әлі  қазылмай  жатқан,  ресейлік 

ғалымдардың  айтуынша,  көлемі 

Арқайымнан  да    үлкен    қала  соның 

айғағы десек болады.  Қостанай қаласы 

түбінен табылған «Тобыл ойшылы» ата-

лып еткен тас мүсін әлі  құпиясын аша 

қойған жоқ. Кітап оқырманын  осындай 

қызықты танымдық деректермен жете-

леп отырады. 

Автор  Қостанай-Торғай  өңірінен 

шығып, елге тұтқа болған тұлғалар мен 

бүгінгі ұрпақ есімдерін естісе де терең 

білмейтін, тіпті аты-жөні осы кезге дейін 

ескерусіз  қалған  туған  жер  түлектері  

туралы да баяндайды. Мұның барлығы 

да  жас  ұрпақ  үшін 

танымдылығымен 

құнды екені белгілі.  

С о н д ы қ т а н   а в -

т о р   о қ ы р м а н ғ а 

а р н а у   с ө з і н д е 

е ң б е к   м а қ с а т -

м і н д е т т е р і н е 

тоқтала  келіп:  «... 

орыс  пен  қазақ 

тарихшыларының, 

тіпті  көп  жағдайда  

к ө з г е   т ү с е 

қоймайтын,  неге 

екені  белгісіз,  әлі 

күнге дейін ғылыми 

қолданысқа  ене 

қоймаған  жазбала-

рын  аша    түсудің 

н ә т и ж е с і н д е 

өскелең  ұрпаққа  

өзінің  туып  өскен 

елі  мен  жері  жай-

ында,  бұл  өлкеден 

қ а н а т   қ а ғ ы п 

ұшқан  тұлғалар, 

ел  мақтанышына 

айналған  жандар 

жайында мол дерек 

беру» дейді. 

Жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне 

үлес  болып  қосылатын  бұл  еңбектің 

дүниеге келуіне Қостанай мемлекеттік 

педагогикалық  институтының  рек-

торы  Қуат  Баймырзаевтың  тікелей 

бастамасымен    құрылған  білім 

ордасындағы  ғылыми  орталықтың 

ықпалы зор болғанын айту ләзім. Ин-

ститутта  соңғы  жылдары  «өлкетану 

курсы»  факультеттердің  барлығында 

элективтік  пән  ретінде    жүргізіледі. 

Курс  сапалы  болуы  үшін  орталық 

көптеген  іс-шараларды  қолға  алған. 

Өлкетанушы  Қуаныш  Ормановтың 

оқулық ретінде ұсынылып отырған «Ел 

мен жер және тұлғалар тарихы» кітабы 

соның жемісінің бірі. 

 

 



 

 

 



 

Әмина ЖУАСПАЕВА

Өлкетануға арналған оқулық

РЕДАКЦИЯНЫҢ 

МЕКЕН-ЖАЙЫ:

11000, Қостанай қаласы, 

А.Байтұрсынов көшесі, 

47-үй, 220 бөлме. 

Медиа – студия.  

“Жас өркен - Қостанай” 

журналының редакциясы.

Байланыс телефондары: 

қалааралық  

8-7142-51-11-67, 

Факс 51-11-95

Ұялы 8(701) 1509443

Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді

кері қайтармайды.

Журналдың қажетті 

сандарын редакциядан сатып 

алуға болады. 

Бағасы келісімді. 

«Жас өркен-Қостанай» 

журналына демеушілік 

көрсетем деушілерге мына 

есеп-шотымызды ұсынамыз: 

РМҚК «А.Байтұрсынов 

атындағы Қостанай 

мемлекеттік университет»

ИИК KZ838560000000079688

РНН 391700052352,

БИН 990240005319

БИК KCJBKZKX

РНН банка 391700078345

БИН банка:980841000472

 Кбе 16

Журнал редакцияның 



компьютерлік орталығында 

теріліп, беттеліп 

«Қостанайполиграфия» ЖШС 

баспаханасында басылды. 

110007, Қостанай қаласы, 

С.Мәуленов көшесі, 16.

Басуға  13.02.15 ж. 

қол қойылды. 

Көлемі 32 бет, 

Офсеттік басылым.

Тапсырыс № 640

Таралымы 1000 дана.

Баспахана түпнұсқасы нашар 

суреттердің сапасына жауап 

бермейді. 

Жаңа кітап

C

M



Y

K

Туған жер тұлғалары



Орал Мұхамеджанов

Қ о с т а н а й д ы ң   қ ұ н а р л ы 

топырағынан  түлеп  ұшып, 

х а л қ ы н ы ң   м а қ т а н ы ш ы н а 

айналған  азаматтың  бірі  Орал 

М ұ х а м ед ж а н о в   б ол ат ы н . 

Ол  1948  жылы  11  қарашада 

Қостанай  қаласында  туған. 

Орта  білім  алғаннан  кейін, 

Новосібірдегі    кооперативтік 

сауда  институтын  бухгалтер-

экономист мамандығы бойынша 

тәмамдаған.  Алматы  жоғарғы 

партия  мектебін  бітірген,  поли-

толог. Кеңес Одағы кезінде Орал 

Байғонысұлы  шаруашылық және 

партия қызметтерінде болды. Ол 

Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылда-

рынан  бастап,  Президент  ап-

паратында  жауапты  қызметтер 

атқарды.  2004  жылы  Парла-

мент Мәжілісінің депутаттығына 

сайланды,  сол  кезден  бастап 

Қазақстан  парламентаризмінің 

қалыптасуы мен дамуына еңбек 

сіңірді.  Орал  Мұхамеджанов  

үшінші,  төртінші  және  бесінші 

шақырылымдағы  Парламент 

Мәжілісінің депутаты, екі мәрте Мәжіліс Төрағасы қызметін атқарды. Оның өз сөзімен айтсақ, 

«Қазақстан  Парламенті  әлемдік  парламентаризм  қағидаттарына  сәйкес  жұмыс  істейтін,  заң 

шығару  тәжірибесі  толысқан  мемлекеттік  саяси  құрылымның  маңызды  бөлігіне  айналды». 

Белгілі  мемлекет  қайраткерінің  айтқан  ойлары,  сөйлеген  сөздері  Парламент  мұрағатында 

мәңгілік сақталып қалады. 

 Орал Байғонысұлы көзінің тірісінде: «Парасаттылық та тектіліктен келеді» деген екен. Бұл 

сөз оның өзінің өмірі секілді. Оның арғы атасы ақын Өтеулі, атасы Мұхамеджан әншілігімен 

қазақ даласына белгілі болған жандар. Өз әкесі Байғоныс Қостанай облыстық филармония-

сында әнші болған. Текті атаның баласы да өнерден құралақан емес және  зиялы адам еді. 

Орал Мұхамеджанов 2013 жылы 15 қазанда қайтыс болғаннан кейін ол туралы «Адам, тұлға, 

азамат» атты естеліктер кітабы жарық көрді. Онда елінің сүйікті ұлына айналған оның тұлғасы 

жан-жақты ашылады. 

 

 

(Орал Мұхамеджанов туралы  материалды журналдың 22-23 беттерінен оқисыздар).


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Елбасы еңбек туралы

  

Т ә уе л с і з д і к 



алу  бар,  оны 

сақтап қалу бар. 

Т ә уе л с і з д і к т і 

а л у д а н 

т ә уе л с і з д і к т і 

с а қ т а п 

қ а л у   қ и ы н. 

Т ә уе л с і з д і к т і 

сақтап  қалатын 

е л д і ң   м ы қ т ы 

э к о н о м и к а -

с ы ,   м ы қ т ы 

қорғанысы,  са-

уатты  азаматтары  болуы  керек.  Мықты  экономи-

ка  еңбексіз  қалай  болады?  Елдің  бәрі  еңбектеніп, 

әрқайсысы өзі үшін, табыс табу үшін, отбасын асырау 

үшін, демалыс үшін еңбек етеді де, алдымен өзіне, со-

сын мемлекетке пайдасын тигізеді. Еңбекпен зауыттар, 

фабрикалар салынады, ғылым дамиды, кітаптар жазы-

лады. Сондықтан тәуелсіздік пен еңбек екеуі сабақтас. 

Еңбек адамның өзін өсіреді. Еңбек адамның өзіне-өзін 

сенімді етеді. Еңбек адамға табыс береді, еңбек адамға 

дәреже береді, еңбек адамға лауазым береді. Арманы-

на жеткізеді. Еңбексіз адам арманына жете алмайды. 

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық Аздырар адам бала-

сын» деген Абайдың сөзі естеріңізде болса, еңбек пенен 

тәуелсіздік екеуі бірге жүреді. Сондықтан мен жастарға 

ең  маңыздысы  осы  екенін  айтып  келемін.  Адамның 

қандай  мамандықты  таңдағаны  маңызды  емес,  оны 

кемелдікке  жеткізуге,  өз  ісінің  шеберіне,  кәсіпқойына 

айналуға тиіс. Сонда оны жұрт сыйлайтын, бағалайтын 

болады. Өмірден ол өз орнын табады. 



(Нұрсұлтан Назарбаевтың  еліміздегі жетекші 

телеарналар журналистеріне берген сұхбатынан)

МЕНШІК ИЕСІ: 

Ахмет Байтұрсынов

атындағы  

Қостанай мемлекеттік 

университеті   

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

Кенжеғали САҒАДИЕВ (төраға)

Төлен ӘБДІКОВ

Хұсайын УӘЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Асқар НӘМЕТОВ (төраға)

Амангелді ШӨРЕНТАЕВ

Медиа-студия меңгерушісі

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА

шығарушы редактор

Роза КӨБЖАНОВА

менеджер-дизайнер

Журнал ҚР Мәдениет

ақпарат және  

қоғамдық келісім

министрлігінде  

2002 жылы 

18 қарашада тіркеліп,

3386-Ж куәлігі берілген.  

Екі айда бір шығады.

Редакцияға келіп түскен 

хаттар әдеби өңделеді

қысқартылады, 

ойы сақталып түзетіледі. 

Көлемі үш компьютерлік 

беттен асқан материалдар 

қабылданбайды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ, ҒЫЛЫМИ - ТАНЫМДЫҚ, ƏДЕБИ-КӨРКЕМ ЖУРНАЛ 

Журнал 2003 жылғы 28 қаңтардан шыға бастады

1(74) қаңтар-ақпан, 2015 жыл  

C

M



Y

K

Еңбекпен бағындырған биіктік



34

Құттықтаймыз!

Биыл  Қостанай  мемлекеттік 

университетінің  Ветеринария 

және  мал  шаруашылығы  техно-

логиясы  факультетінің  құрметті 

доценті, биология ғылымдарының 

кандидаты Күләй Оразғалиқызы 

Сулейменова  мерейлі  жасқа  то-

лып  отыр. 

Ол  1955  жылы  Ресей  өнірінің 

Қорған  облысынды  дүниеге 

келген.    Троицк  қаласындағы 

В е т е р и н а р л ы қ   и н с т и т у т -

ты  тамамдаған.  2000  жылы 

Урал  ветеринарлық  медицина 

академиясының  аспирантура-

сын бітіріп, 06.02.05 – биология, 

физиология  және  биотехноло-

гия  мамаңдық  шифр  бойынша 

кандидаттық  диссертацияны, 

биология  ғылымдарының  докто-

ры, профессор А.И. Кузнецовтың  

ғылыми жетекшілігімен қорғаған.

Күләй  Оразғалиқызы  өмірден 

тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға. 

Көп  жылдан  бері  ветеринария 

саласында  тынымсыз  еңбек 

етіп,  осы  жолда  көп  белес-

биіктерден  өткен  жігерлі  жан. 

Көптеген  ғылыми  еңбектердің 

авторы. Бойыңдағы еңбекке адал, 

мақсатқа  берік    қасиеттерінің 

арқасында  бүгінде  оқымысты 

ғалым,  ұстаз  атанып  отыр. 

Әріптестері оны ақылман басшы, 

іскер  ұйымдастырушы,  жарқын 

бастамалардың  қолдаушысы 

ретінде ерекше бағалап, құрмет 

тұтады. Ғылымның жолы қандай ауыр екенін 

Күлекеңнен сұра дер едік. Ол ғылымдағы биігін 

еңбекпен бағындырған ғалым. 

Күләй  Оразғалиқызы!  Мерейлі  сәтте  ақ 

ниетпен  Сізге  мықты  денсаулық,  қажымас 

күш-қайрат, ортаймас  несібе-дәулет тілейміз. 

Еңбекте  толағай  табыстарға,  биік  шыңдарға 

жете  беріңіз,  абырой-беделіңіз  бен  табыс-

тартуларыңыз  арта  берсін.  Төңірегіңізге  

шашқан  адамгершілік  нұрыңыз  ортаймасын. 

Қашан да қадірлісіз. Өзіңізге зор денсаулық, 

амандық тілейміз. Әрдайым отбасыңыз аман, 

жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!



Ізгі  ниетпен:  Ветеринария  және  мал 

шаруашылығы технологиясы факультетінің 

Ветеринарлық медицина кафедрасындағы 

әріптестеріңіз.

C

M

Y



K

C

M



Y

K

Бақытқа бағыттаған жолдау



Дүниежүзілік  экономикалық  кеңістіктегі 

бәселестік  кез-келген  елдің    әлеуметтік-

экономикалық  өркендеуіне  ықпал  етіп 

отыр.    Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

«Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол» 

Жолдауында  айтылған  инфрақұрылымға 

байланысты    мәселелердің  өзектілігі 

де  осыған  байланысты.  Дүниежүзіндегі 

мемлекеттерді шарпыған  экономикалық-

қаржылық  дағдарыс мемлекеттердің ішкі 

қуатына  сынақ  болары  сөзсіз  және  оған 

дайындығы  мықты  ел  ғана  төтеп  береді.  

Дағдарыс  бір  мемлекетті  тұралатса, 

екіншілерінен  «сырғып»  өте  шығуы  да 

ықтимал. Сондықтан Президент Нұрсұлтан  

Назарбаев  Қазақстан  халқына  Жолда-

уында:  «Экономиканы  дамытуда  жаңа 

сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, 

бізге  іскерлік  белсенділік  және  жұмыспен 

қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастама-

лар қажет. Жаңа Экономикалық Саясаттың 

Тұғыры  мен  бүгін  жариялағалы  отырған 

Инфрақұрылымдық дамудың жоспары бо-

лады» деп ерекше атап көрсетті.  

Ауыл    шаруашылығының    құрылымын 

реформалау  үдерісінің  барысында 

маңызды  өзгерістер  болды.  Ауылдағы 

шаруалардың  маңдай  терімен  өндірілген 

өнімді өңдеумен айналысатын ет комбинат-

тары, сүт комбинаттары, элеваторлар, қант 

заводтары  секілді  бұрынғы  мемлекеттік 

меншіктегі  кәсіпорындар  қайта  құрылды. 

Бұрынғы  алпауыт  кәсіпорындардың  ор-

нына  шағын  өндірушілер  желісі  көбейді. 

Соңғы  уақытта  ауылшаруашылық 

өнімдерін  ұқсататын  кәсіпорындардың 

саны  5  мыңнан  асып  жығылады. 

Ауыл  шаруашылығын  техникалық 

құралдармен,  қосалқы  бөлшектермен, 

минералдық  тыңайтқыштармен    және 

өсімдік  зиянкестеріне  қолданатын  дәрі-

дәрмектермен қамтамасыз ететін де жеке 

меншік  кәсіпорындар  қамтамасыз  етеді 

және жөндеу қызметтерін көрсетеді.  

Ауыл  шаруашылығының  бәсекеге 

қабілетті  салаларын  дамыту  және 

ауылшаруашылық  өнімдерінің  басымдық 

сипатқа ие түрлерін өндіруді ырғақты жолға 

қою  мақсатында    Үкімет  бағдарламалар 

бекітті. Ол арқылы аграрлық саланы жаңа 

деңгейге  көтерген  агротехнологиялар 

келді, ішкі нарықтағы импорттық өнімдерді 

азайтуға,  экспорттық  әлеуетті  күшейтуге 

бағыттаған  маркетингтік    стратегия  жа-

салды.    Алайда,  ауыл  шаруашылығына 

жүргізілген  реформаның  алғашқы 

жылдарындағы қиыншылықтар  аграрлық 

саланың нарық жағдайында қалыптасуына, 

оның өндірістік инфрақұрылымының  даму-

ына салқынын тигізбей қоймады. Жылдар 

бойы қалыптасып қалған өңіраралық және  

салааралық шаруашылық байланыстардың  

бұзылуы  ауыл шаруашылығын күйзелісті 

дағдарысқа  ұшыратқаны  белгілі.  Ал-

дын  ала  дайындықсыз,  ойластырылмай, 

ауыл  шаруашылығының  аумақтық  және 

салалық ерекшеліктері ескерілмей жүзеге 

асырылған  жекешелендіру  үдерісі  осы 

саладағы өнімділікті құлдыратты. 

Ауыл  шаруашылығының  дамуына 

көлденең тұрған көлеңкелі жағдайлардың 

барлығы да осы агроөнеркәсіптік кешеннің 

ерекшеліктерін  ескермеуден  орын  алды. 

Мемлекеттік реттеу мен араласуды барын-

ша  азайтып,  нарыққа  басымдық  берілді. 

Жекеменшікті  және  фермерлікті  дамыту 

ауыл  шаруашылығын,  агроөнеркәсіптік 

кешенді  қайта  құрудың,    елімізді  азық-

түлікпен  қамтамасыз  ету  проблемасын 

шешудің   тетігі етіп алынды. Реформаның 

нәтижесі  көрсеткендей,  сол  кезде 

нарықты  тым  асыра  бағалағанымыз 

және  агроөнеркәсіптік  кешенді  дамыту-

да  мемлекеттің  рөлін  тым  төмендетіп 

жібергеніміз де байқалды. Мұнымен қатар  

«фермер  елді  асырайды»  деген  ойдың 

теориялық  та,  экономикалық    жағынан 

да  нақтыланған  дәлелі  болған  жоқ. 

Уақытында көптеген отандық экономистер 

бұл ұстанымды құптамағанымен, олардың 

дәлелдері ескерілмеді.  

Кез-келген  мемлекетте  экономика-

ны  реформалау  барысында    алдымен 

инфрақұрылымды  дамытуға басым бағыт 

беріледі.    Өндірістік  инфрақұрылымды 

құрудың  түрлі  кезеңдерінің  өндірістік  

үдерістің  дамуына    да  түрлі  әсері  бола-

тыны белгілі. Өндіріс қалай дамыса оның 

инфрақұрылымы  да  соған  сәйкес  ілгері 

басуы тиіс. Олар бір-біріне баламалы сипат 



И н ф р а қ ұ р ы л ы м   —

  д а м у д ы ң   к е п і л і

Сансызбай 

ЖИЕНТАЕВ, 

А.Байтұрсынов 

атындағы Қостанай 

мемлекеттік 

университетінің 

профессо-

ры, экономика 

ғылымдарының 

докторы

4

C



M

Y

K



Т

еріні таза әрі нәзік, бетті шырайлы қалпында 

сақтауға, әжімді болдырмауға деген талпыныс 

–  табиғи    тілек.  Бұл  көбінесе  организмнің  жалпы 

жағдайына,  асқазан  мен  ішектердің  бірқалыпты 

қызметіне  байланысты  болады,  сол  сияқты 

бетті таза әйнек пен айнаға 

тигізгенде дақ қалса, май-

лы болғаны. Тамақтанудың 

атқаратын  рөлі  ерекше. 

Тамақтанғанда алкогольді, 

семіз  ет  тағамдарына, 

татымдық нәрселерге және 

түрлі қоздырғыштарға (мы-

салы,  кофеге)  тым  әуес 

болмаған  жөн.  Тамақтың 

құрамында дәрумендер көп 

болуы шарт. 

Ж

ы л д ы ң   қ а й 



м е з г і л і н д е   б о л -

сын  бет  терісі  ерекше 

күтімді  қажет  етеді.  Бет 

терісін  күтуде  алдымен 

бет  теріңіздің  қай  түріне 

жататынын майлы немесе  

құрғақ екенін анықтап алу 

қажет,  алайда  көп  адам-

дар  анықтамай  жатып, 

кремді қалай болса солай 

жаға  береді.  Ол  үшін  ең 

алдымен  бетті  жуғаннан 

екі-үш сағат өткеннен кейін 

жұмсақ қағаз салфеткамен 

немесе папирос қағазымен сүртіп тексеріп көруге 

болады.  Бет  терісі  түріне  қарай  құрғақ,  майлы, 

біріктірілген  (комбинированный)  және  қалыпты 

болуы мүмкін. Оны анықтау үшін бетті тазартқыш 

құралдардың көмегімен тазалап, 3 сағаттан кейін 

қағаз майлықтың бірін маңдайға, тағы бірін бетке 

15  секунд  қойып  көруге  болады.  Майлықтарды 

салыстыру барысында екі майлықта да май дағы 

байқалса,  онда  терінің  түрі  қалыпты  болып  са-

налады. Майлықтың кез келгенінде май дақтары 

әзер  байқалса,  онда  тері  құрғақ  екенін  көруге 

болады. Ал екі майлыққа да май көп мөлшерде 

сіңген болса, ол майлы тері болып табылады. Егер 

қағаз майлықтың біріндегі май дағы,  екіншісінен 

көбірек болса, тері түрі біріктірілген  болып табы-

лады. Құрғақ теріге майлы теріге қарағанда әжім 

әжептәуір байқалады. Ал майлы теріде әжім аса 

байқалмаса да, безеу, бөртпе сияқты нәрселер 

әуес. Ал кейбір адамдардың бет терісі құрғақ та 

майлы  келеді,  сондықтан  мұндай  адамдардың 

бет терісі көпке дейін тегіс, ешбір бүдірсіз болып, 

әжім түспейді. Бұған сеніп, бет күтуге мүлде көңіл 

бөлмеу дұрыс емес. Керісінше жас ұлғайған сайын 

бет күтуді қолға алған артық емес. Өйткені есейген 

сайын тері құрғақтана бастайды.

Е

гер  өзіңіз  жақсы  өмір  сүруге  ұмтылсаңыз, 



мейілінше  көңілді  жүрсеңіз,  оның  барлығы 

сіздің  бет  әлпетіңізден-

ақ  байқалады.    Күнделікті 

таңертең  тұра  сала  айнаға 

қарап, өзіңіздің әдемі екеніңізге 

көз  жеткізіңіз.  Өзіңізді  ретке 

келтіріңіз.  Теріңізді  күннен, 

желден, суықтан  қорғауыңыз 

керек. Ол үшін арнайы косме-

тика өнімдерін қолдануға жөн 

келеді.  Өз  басым,  боянбай 

үйден  ешқашан  шықпаймын. 

Оған  арнаулы  10-15  минут 

уақытымды  бөлемін.  Қысқы 

аязда желден құрғай бастаған 

а д а м н ы ң   б е т   т е р і с і не 

көктемде    көмек  қажет-ақ. 

Ал көктемде, барлығымыз да 

әдемі  көрінгіміз  келетіні  рас. 

Оған  көмекке  қажет  табиғи 

заттар  әрқайсымыздың 

үйімізден  табылады.  Үй 

жағдайындағы күтімнің де бет 

терісіне өзіндік пайдасы бар. 

Табиғи  өнімдерден  әртүрлі 

маскалар қолдану бет терісін 

тазалауға,  нәрлендіруге 

ж ә не   ы л ғ а л д а н д ы р у ғ а 

көмектеседі.  Тек  теріңіздің  қай  типке  жататы-

нын  білсеңіз  болғаны.  Оған  қоса,  кабинеттерде, 

үйлерімізде  ауаны  құрғатып,    жылу  пештерін, 

кондиционерлерді  қосымша  пайдаланамыз, 

тіпті  әр  қайсымыз    тәулігініне  бірнеше  сағат 

компьютердің  алдында  отырамыз.  Оның  да  бет 

терісінің  құрғауына,  ескіруіне  тигізер  зияны  мол.  

Ондай  жағдайда,  тері  ылғалдылығын  жоғалта 

бастайды.  Сондықтан,жұмыс  арасында  сүт  неме-

се  көк  шай  ішіп  тұруға,  түскі  үзілісте  серуендеуге 

дағдыланыңыз.  Шаң  көп  болатын  жағдайларда 

істейтін адамдардың жұмыстан кейін бетін губкамен 

немес жұмсақ шүберекпен мұқият жуып, сұйық крем 

қолданған  жөн.

Ә

демілікті ұзақ сақтау үшін ескертерлік жайт, 



күннің  көзінде  ұзақ  болмау.  «Әдемілік 

әлемді құтқарады» дейді. Әлемді құтқаруға сіз де 

атсалысыңыз.

Әйгерім БАЙҚАСОВА

ҚМУ ГӘФ журналистика 

мамандығының 3 курс студенті

Бетті әжім торламасын десеңіз..

33

Дәрігер кеңесі



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Т



аңның  атқанынан бастап Торғай даласының щаңы 

бұрқырап, қыс болса бораны бұрқап халықты қатал 

ауа-райымен  әуреге  салады.  Әрбір  бұрқыраған 

Торғай  топырағы  көне  тарихтан  сыр  шертетіндей. 

Тарихтың  қайнар  көзі,  қаншама  ақын-жырауладың, 

батырлардың кіндік қаны тамған жер өзінше ерек, өзінше 

киелі. Торғайдың әр ойпаты, әр жазығы кішкентай жердегі 

тастарының өзі ерекше бір әуендетіп, мұң басып тұрған 

спетті. Осындай киелі дала секілді жан-жарасын, зарын, 

мұңын    әуендетіп  тұрғандай  бір  жан  бар.  Әлі  бесіктен 

белі  шықпаған  11  жастағы  тентек, 

шала жетім бала Самат. Жетімдіктің 

дәмін ерте тартқандықтанба, әлде 

қамқорлықтың,  жанашырлықтың 

болмағандығынан  ба  Самат  өзі 

біреудің ала жібін аттайтын, өтірікті 

суша сапыратын, арамдау пиғылды 

бала. Самат менің танысым, Жан-

сая апайдың баласы. Бірақ, анасы 

«өз күнімді өзім көремін» деп, Са-

матты  нағашы  апасының  қолына 

тастап  кетті.  5  айлығынан  бастап 

сол үйде өсті. 

Бойы  өсіп,  сана  сезімі  жетілген 

соң  жетімдіктің  зардабын  шегіп, 

қиналған қамқорсыз жанға айналды. 

Қанша  жерден  нағашысы  болса 

да, Кенжегүл апасы сиғызбай, түртпектеп маза бермей, 

жанын қиналысқа салды. Менің өз көзіммен көріп жүрген 

күндегі көрінісім ол Саматтың таяқ жеп, ышқына айқайлап, 

жылаған бейнесі. Ол кейде біздің үйге келеді, екуміз біраз 

сырласамыз. Маған қаншама ішіндегі мұңын, ашу ыза-

сын айтқысы келгенімен ішінде ұстап, жасырып қалады. 

Жан дүниесінің қиналғанын мен айтпса да көзінен көріп 

тұрамын. Иә шынымен де солай. 

Самат  үшін  дүниедегі  ең  ауыр  нәрсе  ол  апасының 

өзіне қиындық көрсетуі. Кейде оның көзі көгеріп жүреді. 

Өзінен сұрасаң ештеңе білдіргісі келмей, әрқашан өтірік 

күлімсіреп  «есікке  соғып  алғанмын»  дейді.  Апасында 

аюанға теңеуге болмас, бірақ аюандық жасап жатқанына 

не дейсің. Таңның атқанынан бастап, кештің батқанына 

дейін  бала  Саматтың  көретіні  қорлық,  ұрып-соғу.  Тек 

ұрып соқса ештеңе етпейді ғой, оны пышақпен қорқытып, 

мойнына тығып қансыратады. Саматты тек ол үйде түнеп, 

отын жағады демесеңіз ол тірі өлік. Ешқандай орны жоқ, 

бейбақ бейшара жан. Кейде оны қатты аяп отырып жы-

лапта алам, оның орнына өзімді қойып та көрем. Егер 

Саматтың  орнында  мен  болсам  әлдеқашан  қорлыққа 

шыдамай, өзіме қол жұмсар едім. Ал ол мықты, шыдамды 

жан. Өзі сабақты беске оқиды. Орыс тілін жетік біледі. 

Орысша  сөйлегенде,  орысың  қайсы,  Саматың  қайсы 

ажырата алмайсың. 

Мен  бір  күні  көлік  жуып  жатқанмын,  қасыма  Самат 

келді. Көлікке отырды, әуен қосты, қызығып біраз жүрді. 

Сосын менде оның көңілін көтерейін деп «көлікті жүргізіп 

көресіңбе?» дедім. Ол ойланбастан «иә көлікті тізгіндеп 

көрейін»  деп  жауп  қатты.  «Онда  мен  көлікті  жуып 

болғанша күте тұр» деп отырғызып қойдым. Көлікті жуып 

болдым да, Саматты отырғызып жолға шығып, «ал отыр 

рөлге» дедім . Самат «уф біссіміллә» деп қозғалтқышты 

іске  қосып,  көлікті  мөңкіте  жөнелді.  Бұрын  ол  көлік 

тізгіндеп  көрмегендіктен  менің  мазам  кетіп,  қорқып 

отырдым.  Біз  қатты  жылдамдықпен  келе  жаттық.  Сол 

сәтте алдымыздан кішкентай бала шыға келді. Саматқа 

айқай салып «тежегішті бас» дедім. Ол сасқанынан оң 

жаққа бұрып , баланы жанай соғып, жолдан шығып ба-

рып тотадық. Екеумізде зәре жоқ, дір-дір етіп отырмыз. 

«Қайыршыға жел қарсы» демекші екумізге бұл бір үлкен 

қиындық болды. Көліктен түсіп, артымызға қарайық де-

сем, бала ендігі бақилық болып 

кеткен шығар деп зәреміз зәр 

түбіне  кетті.  Содан  тәуекелге 

бел буып, түсіп барып қарасақ, 

бала  сап-cау  тек  саусағы 

қайырылып  қалыпты.  Екеуміз 

қуаныштан  жылап  жібердік. 

«Бір  жерің  ауырып  тұрма?» 

деп  сұрасақ,  ол  үндемейді. 

Қайта-қайта  сұрадық,  ол  жа-

уап  қатпады.  Сөйтсек  бала 

қатты  қорыққаннан  тілін  ішіне 

жұтып қойып, тұншығып жатыр 

екен. Қуанышымыз су сепкен-

дей басылды. Кішкентай бала 

тұншығып  ажал  мен  өмірдің 

ортасында тұр. Маңайда көмек 

көрсететін ешкім жоқ. Сөйтіп баланың көзі аларып, аяғы 

дірілдей бастады. Біз сасқалақтап не істерімізді білмей 

дал  болдық.  Содан  теледидардан  көрген  бір  әдісті 

жасауға  бел  будым.  Саматқа  «тез  пышақ  және  трубка 

тәріздес  бір  нәрсе  алып  кел»  деп,  айқай  салдым.  Ол 

жүгіріп барып көліктен пышақ және бір кір-кір шланга алып 

келді.  Мен  дірілдеп  тұрып  кішкентай  5  жасар  баланың 

тамағын теспекші болып пышақ тақадым. Тәуекелге бел 

буып  баланың  тамағын  пырс  еткізіп  тестім  де,  әлгі  кір 

шланганы үстіме шала-пыла сүртіп, әлгі тескен тамағына 

тықтым да басын жоғары көтердім. Бала көзін ашты, де-

мала бастады. Тездетіп көлікке салып алып ауруханаға 

апардық,  бала  аман  қалды.  Иә  ол  қуантарлық  жағдай. 

Бірақ әлгі кішкентай бала мәңгі кеміс болып қалды. Оның 

тамағында кетпейтін тыртық және дауысы өзгеріп кетті. 

Баланың ата-анасы мейірімді, кешірімді жандар екен бізді 

кешіріп, баласының қасынан кетпей, ауруханада қалды. 

Сөйтіп ойынымыздан от шығып, біреудің обалына қалдық. 

Енді  кішкентай  қыз  жақсарды,  ал  үйге  қай  бетімізбен 

барамыз, не дейміз?

«Далада  қонбайтын  шығармыз»  деп  амал  жоқ  үйге 

бардық. Менің ата-анам бұны естіп уайымдап, маған қатты 

ұрысты. Ал Саматты Кенжегүл апасы ұрып соғып, буын-

дырып байлап тастапты. Оны буындырып байлаған күйі 

жертөлеге қамапты. Содан апасының ашуы басылғасын 

Саматты барып қараса, ол қатты буындырып байлағаннан 

өліп кетіпті. Мен осындай қателігімнен досымнан бір сәтте 

айырылып  қалдым.  Саматты  апасынан  көрген  қорлық-

зомбылықтарынан осылайша ажал құтқарды.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал