ӨҢірдің дамуы- еңбек етуге тікелей қатысты алты Алаштың Анасы атанған Сыр өңіріне дүйсенбі



жүктеу 385.14 Kb.

бет1/4
Дата13.09.2017
өлшемі385.14 Kb.
  1   2   3   4

e-mail:

Sharaynа-seykhun@mail.ru

Шарайна


Сейхун

облыстық апталық газет



№43 (107)

23 Қазан

2015 жыл

60-қадам. СҮТ  ЖӘНЕ  СҮТ  ӨНІМДЕРІ

ӨНДІРІСІН  ДАМЫТУ  ҮШІН  СТРАТЕГИЯЛЫҚ

ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Негізгі міндет: үш жыл мер-

зімде  ТМД  елдері  нарығына  шығарылатын

өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз

ету.  Жұмыс  селода  кооперативтік  өндірісті  дамыту

арқылы  жаңазеландиялық  Fronterra  және  даниялық

Arla үлгісімен ұйымдастырылды.



61-қадам. ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ

ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ.

Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген

өнімдерді экспорттау.



62-қадам.  Экономиканың  шикізаттық  емес

салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компа-

нияларын қолдауға бағытталған «ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР»

БЕЛСЕНДІЛІГІН 

ЖҮЗЕГЕ 

АСЫРУ. 


Бизнес-

көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін бі-

ліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.

ҰЛТ ЖОСПАРЫ

Ө С Е Р   Е Л Д І Ң   Ө Р І С І   К Е Ң

Н.НАЗАРБАЕВ:

ЕЛДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ АРТУЫ,

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫ- ЕҢБЕК ЕТУГЕ

ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСТЫ

Алты Алаштың Анасы атанған Сыр өңіріне дүйсенбі

күні 

жұмыс 

сапарымен 

келген 

Қазақстан

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі

күн  өлкенің  даму  барысымен  танысып,  жамағатпен

жақын пікірлесті.

Мемлекет  басшысы  әуелі  Қызылордада  ашылған  жаңа

шағын  ауданға  ат  басын  бұрып,  Арай-2  кешенінде  бой

көтерген көп пәтерлі үй иелерімен жүздесті.  Былтырдан 

бастап мұнда «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы 

аясында жалпы алаңы 33,5 мың шаршы мет рді құрайтын 

несиелік 10 тұрғын жайдың құрылысы қарқын алған. Соңғы

жылдары Қызылорда қаласында құрылыс көлемі сегіз есеге

артқан. Мәселен, былтыр шаһарда 364 пәтер салынса, биыл

оның саны екі жарым мыңға жуықтады. 

Мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаудың есебі-

нен өңір әлеуметтік салаға қаржы бөлуден көш бастап тұр.

Биыл аймақта 19 мектеп, 4 балабақша тұрғызылған. Ағымдағы

жылдың  тоғыз  айында    Қызылорда  облысының  өнеркәсіп

кәсіпорындары  450,6  млрд.теңгенің  өнімін  шығарған.    Бұл

ретте өңдеу өнеркәсібінің көші түзеліп, ілкімді істер ілгері 

басуда. Индустрияландыру карт асы аясында биыл құны 

2,6 млрд. теңгені құрайтын  алты жоба жүзеге асып, 280 жаңа

жұмыс орны ашылмақ.  Жыл басынан бері шамамен тоғыз

мың адам жұмыспен қамтылған.          

Елбасы сонымен қатар Қызылордадағы «Жан Арай жем»

зауытының  тыныс  тіршілігімен  де  танысты.  Кәсіпорын

тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіріп, 150 тонна күріш салы-

сын өңдейді. 250-дей жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен

қамтып отыр.  Кәсіпорында зертхана, ұн тартатын диірмен мен

макарон шығаратын өндіріс бар. Зауыт қалдықсыз техноло-

гияны терең меңгерген. Қалдық өңделіп, одан жем алынады. 

Мемлекет басшысы Сыр өңіріне келген сапарының екінші

күнінде «Көксу» қосалқы шаруашылығында болды.  Аумағы

-18,7  гектар  болатын  бұл  қосалқы  шаруашылық  белгілі

кәсіпкер  Рая  Үдербаеваның  басшылығымен  2000  жылы

құрылды.  Қылқан  жапырақты  ағаштарды  Сыр  табиғатына

икемделмеген ағаш түрлерін өсіру үшін  тәжірибелік аймақ

есебінде құрылған шаруашылық облысымыздың шөлейт 

жерлерін  көгалдандыру  және  аймағымыздың  экологиялық

жағдайын  жақсартуға  үлес  қосуда.  Онда  150  мыңға  жуық

қылқанды, мәуелі, жапырақты және декоративті ағаш түрлері

мен бұта өседі.

Мемлекет басшысы елдің әл-ауқатының артуы, өңірдің

гүлденуі  тікелей  еңбекпен  байланысты  екенін  айтты.  Осы

орайда, тұзды жерде орман өсіріп жатқан азаматтардың еңбегі

елеулі екенін де атап өтті.

Жұмыс сапары барысында Елбасы Сыр өңірінде атқарылып

жатқан басқа да серпінді жобалармен, игілікті жұмыстармен

жақын танысты. Соның бірі -облыс аумағынан өтіп жатқан

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ магистралі. Осы құбырдың

бойымен биыл аудан орталықтарына да көгілдір отын келіп

жетті. Облыста 2017 жылға дейін б а р л ы қ   ау ы л д а р ғ а   г а з 

жеткізу жоспарланып, нақты жұмыстар атқарылуда. Мемлекет

басшысының  аймақтарға  шетелдік  инвесторларды  көптеп

тарту барысындағы тапсырмасы тиянақты жүзеге асырылып

келеді. Мысалы, Еуропалық қайта құру және даму банкі 

облысымызда  9  жобаны  қолға  алып,  оған  100  миллиард

теңгенің көлемінде инвестиция салуға келісімін берді. Оған

қоса  Азия  даму  банкімен  де  келісімдер  жасалып  жатыр.

Қаржы институты Сырдария өзенінің сол жағалауынан 

салынатын қала бөлігінің инфрақұрылымына 172 миллиард

теңге қаражат салуға дайын. 

-Облыста газ тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Инфрақұрылым жасақталған. Осындай мүмкіндіктерді пайда-

лана отырып, шағын және орта бизнесті дамыту керек,-деді

аймақтағы ауқымды істерге оң бағасын берген Нұрсұлтан Әбішұлы.

Облыс  әкімі  Қырымбек  Көшербаев  Елбасына  бір  ғана

«Батыс Еуропа-Батыс Қыт ай» автодәлізінің бойында

33 нысанның салынып жатқанын, жалпы облыста шетелдік

инвесторлардың есебінен 300 миллиард теңге көлемінде 

инвестиция тартылғанын жеткізді.

Елбасы  облысымызға  жасаған  жұмыс  сапарының

қорытындысы жөнінде БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Мемлекет қабылдаған бағдарламалардың жергілікті жерде өз

дәрежесінде  атқарылып  жатқанын,  осы  орайдағы  облыс

әкімінің үлкен үлесін айрықша атап өтті.



«Шарайна- Сейхун» ақпарат

Жағымды ойдан тағдыр туады: 

Жағымды ойға беріл, ой сөзге айналады. 

Үнемі жақсы сөздер айт, 

жақсы сөз игі іске ұласады. 

Әрдайым игі істер жасай бер, 

ол әдетке айналады. 

Игілікті әдеттен құндылық туады. 

Ал, өз құндылығың - тағдырың!

"Ниет оң болс

ын!"

Махатма Ганди

Ұлттық спорт түрлерінен республикалық

фестивальдің  бағдарламасы  бойынша

теңге ілу мен қыз қуу сайыстары аяқталды.

Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына

және Қазақстан халқы А с с а м б л еясының 

20  жылдығына  арналған  Ұлттық  спорт

түрлерінен  4-ші  республикалық  фестивальдің

бағдарламасы бойынша теңге ілу мен қыз қуу

ойындарының нәтижелері белгілі болды. 

Теңге ілуден 20 ұпаймен Ақтөбе облысының

командасы  бірінші  орынды  жеңіп  алды.

Екінші  орында  18  ұпаймен  Қызылорда

облысы, ал үшінші орын 16 ұпаймен Батыс

Қазақстан 

облысының 

командасына

бұйырды. Қыз қуудан Қостанай облысы озық

шықса,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  күміс

жүлдені, Атырау және Жамбыл облыстары

қола жүлдені еншіледі



Қ

А

ЗА

Қ

 А

Т

Т

Ы

Ң

 Ү

С

Т

ІН

Д

Е

 Ө

С

ІП

,

А

Т

Т

Ы

Ң

 Ү

С

Т

ІН

Д

Е

 Т

Ү

Л

Е

Й

Д

І


2

Шарайна


Сейхун

Доллар -әлемді ашса алақанында, жұмса

жұдырығында  ұстап  келе  жатқан  валюта.

Барлық ел мен жерді осы «көк қағаз» жаулап

алған. Осы ақша бүкіл АҚШ экономикасын

асырап отыр. Барлық қаржылық операция-

лар  Нью-Йорк  арқылы  жүргізіледі.  Біздің

елдің  де  сол  валютаға  басы  байлаулы.

Айталық, қазақтың мұнайы долларға саты-

лады.  Экономикамыздың  40  пайызы

долларға тәуелді екендігі де осыдан болса

керек.    Зерттеулер  бойынша  банкт е г і

с а л ы м ш ылардың 45 пайызы қаражатын

долларда ұстайды екен. Пәтер сатылса да,

көлік  сатылса  да  айырбас    доллармен

жүргізіледі.  Әсіресе, әлемдік экономиканың

дамуы  әлсіреп,  мұнай  бағасының  қырық

құбылғаны  долларға  тәуелділікті  тіптен

ұлғайтып,  Қазақстан  үшін  бас  қатыратын

жағдай туындады.

Доллар д ы ң   ү с т е м д і г і н е   қ а р с ы 

тиімді шаралар енгізу көптеген елдер үшін

өте өзекті мәселе болып отырған жайы бар.

Қысқасы, долларға қарсылық елімізде ғана

емес,  әлем  елдерінің  бірқатарында  бой

көрсетіп 

келеді. 

Мәселен, 

Франция

Қытаймен  арадағы  сауда  операцияларын



доллардан  тыс,  яғни,  евромен  не  болмаса

юаньмен 


айырысуға 

ниетті 


екенін

мәлімдеген. 

Сарапшылардың 

пікіріне


сүйенсек, 1973 жылы өрбіген араб-израиль

соғысы  барысында  АҚШ  қысым  көрсету

арқылы араб елдерін мұнайды тек долларға

ғана  сатуға  көндірген  екен.  Міне,  сол

уақыттан бері мұнайдың баррелі тек доллар-

мен есе п т е л е д і .   А л   Ф р а н ц и я   Қ а р ж ы 

министрлігі  мұнай  үшін  евромен  немесе

басқа  да  валютамен  есеп  айырысуға

ешкімнің де кедергі емес екенін алға тарту-

мен әлек. Шындығында, дәл осы долларға

қарсылық саясаты Иранда, Венесуэлада, 

Аргентинада, Бразилияда жиі көрініс береді.

Сонымен  бірге,  доллардың  жетегінде

жүруден шаршаған Ресей де «көк қағаздан»

бірден  бас  тарта  алмағанымен  юаньге

көңілді көбірек бөле бастады.  Сол қатарға

Қазақстан да еніп отыр.  Ел экономикасын

долларсыздандыруға орай алып көршімізбен

арада  қытай  юанымен  және  қазақстандық

теңгемен е с епте су белең алып келеді. 

KASE-нің  пікірінше,  аталған  факторлар

сауда барысында юань мен теңге валюталық

жұбының  белсенділігі  артуына  әкеледі.

Олардың мәліметтеріне сүйенсек, юаньмен

саудаласу  ашылғалы  бері  бір  жыл  өткен.

О с ы   к е з е ң д е   б і р л е с к е н   к ө л е м і

1,39 млрд.теңгені құрайтын 265 келісім 

жасалыпты.  Әлбетте,  еліміздегі  ауқымды

операциялар  доллармен  жүзеге  асады.  Әр

мемлекет ұлттық қаржысын күшейте 

отырып, өз валютасымен халықаралық есеп

айырысу тәжірибесі әлемде бар. Батыстың

көрсеткен  қырынан  кейін,  Ресей  де  дол-

ларды 


шетке 

ысырып, 


өз 

рублін


халықаралық айналымға ендіруге ұмтылуда.

Бұл Қазақстанға ешқандай қауіп емес. Екі ел

қай ақшада есеп айырысамын десе де өзі бі-

леді. Тек келісіп алса болды. Тіпті бұл бізге

пайдалы да. Неге десеңіз,  доллар үстемігінен

аз да болса құтыла бастаймыз.

- Ресейдің ұстанымын өте қолдаймын. Кез

келген ел өз ұлттық валютасымен жұмыс 

істеуі керек. Өзің өндірген өнімді неге төл

теңгеңмен пұлдамасқа. Неге үшінші елдің валю-

тасымен  немесе  доллармен  бағамдамақпыз.

Бұл  қауіпсіздігімізге  де  сын.  Әлдеқандай

жағдай болады. Мәселен, Ресейге Батыс ел-

дері санкция жариялап еді, сонда ғана олар

бұған  дейін  көзді  жұмып,  үлкен  қателікке

бой ұрдырғанын білді. Енді ғана жанталаса

халықаралық төлем картасын жасауды қолға

алды.  Бүкіл  сауда  -саттықты  рубльмен

жүзеге асырмақ. Дұрыс қадам. Ресейдің бұл

әрекеті бізге зиян тигізеді деп ойламаймын.

Өнімнің  бағасын  екі  жақ  бірлесе  отырып,

белгілеп, қай валютамен есептесетінін ке-

ліссе болды. Қорқатын ештеңе жоқ. Бірақ,

бізге де қаржы саласында  қауіпсіздігімізді

қамтамасыз  ететін  қадамдар  қажет,-

д е й д і   е л і м і з г е т анымал қаржыгер

Бейсенбек Зиябеков. 

Бұл  халықаралық  саудаға  қатысты

түйткілдер. Ал ел ішінде ше?  Бізде ішкі дол-

лар қысымы көп. Ішкі сауда теңгемен жүреді

десе де, қос валюталық жүйе жұмыс істеуде.

Көп нәрсе, соның ішінде ірі келісімдер дол-

лармен  жасалады.  Бұл  дұрыс  емес.  Бұған

қандай  қарсы  амал  бар.  Ұлттық  Банк

төрағасы  Қайрат  Келімбетовтің  «Жылжы-

майтын мүлік пен көлікті сатып алу кезінде

қолма-қол  есеп 

айырысудан 

бас

т артуға  тиіспіз.  Яғни,  қаржы  белгілі  бір



шоттар  арқылы  өтуі  тиіс.  Осылайша,  біз

салық 


мекемесімен 

бірлесе 


барлық

төлемдерді бақылап отыра аламыз. Біз қысқа

мерзім  ішінде  аталған  мәселе  бойынша

тәртіп  орнатамыз»,  -деген  мәлімдемесі

жақсылықтан үміттендіреді. «Біздің миымызда

теңгемен  есеп  айырысу  деген  ұғым,  тіпті

жоқ. Қит етсе, долларға қарай ұмтыламыз.

Өзге  елдің  валютасы  арқылы  біз  сол

мемлекеттің экономикасына жұмыс істеп

отырмыз. Ұлттық валютамыз бола тұра, неге

біз  басқа  елдің  валютасы  арқылы  төлем

жасап, шет мемлекеттің әлеуетін арттыруға

жұмыс  істейміз?»,-дейді  мамандар.  Шы-

нында да, доллардан бірте-бірте бас тарту -

ішкі нарықты нығайтады. Қазынаға түсімді

молайтады.  Тіпті  қосымша  жұмыс  орнын

ашуға түрткі болады.

Ел Президенті Үкімет алдына  маңызды

міндет қойды. Ол міндет -экономиканы 

долларсыздандыру. Жалпы, долларсыздан-

дыру деген не? Қарапайым тілмен айтсақ,

экономиканы  доллардан  тазалап,  ұлттық

валютаға  басымдық  беру.  Осы  тұста,

«эко н о м и к а н ы ң   д о л л а р с ы з д а н у ы

қазақстандықтарға 

не 


береді?»-деген

сұрақтың туындайтыны анық. Ең алдымен,

еліміздегі  қарапайым  халықтың  өмір  сүру

деңгейін жоғарылату үшін өте тиімді.  

Сондай-ақ,  Қазақст ан  шикізатпен

қамтамасыз  етуші  ел  болғандықтан  өз

байлығын  экспортқа  шығарып,  қауырт

пайдаға кенелуге болады. Тағы бір жағынан

көлеңкелі бизнестің жолын кесіп, мемлекет-

тік  кіріс  көлемін  арттыруға  және  оны

қадағалауға  мүмкіндік  туады.  Расында

көптеген отандасымыз өзіміз өндірген 

тауарды екі рет сатып алып жатқанымызды

біле бермейді. Мысалы, тұрғын үй немесе

көлік  сатып  алғыңыз  келсе,  алдымен

қолыңыздағы теңгеге доллар сатып аласыз,

содан кейін ғана доллармен үй немесе көлік

сатып алуға кірісесіз. Үңіліп көрсеңіз, тұрақты

мүлік алу үшін доллар екі рет сатылымға

түсіп  отыр.  Ал  шетелдіктер елімізден

шикізат сатып алу үшін мінд е т ті түрде 

доллармен есеп айырысады. Ендеше, тағы да 

саудаланып  отырған  отандық  өнім  емес,

Америка валютасы  болып отыр. Шетелдер-

мен туризм, инвест и ция, кәсіпкерлік, зат

алмасу,  тағы  басқа  да  салалардағы  алыс-

беріс, барыс-келіс осындай тәсілмен жүріп

келеді.


Сонымен Мемлекет басшысы долларсыз-

дандыру туралы тапсырма берді. Соған 

ба й л а н ы сты  елімізде  экономиканы

долларсыздандырудың  2015-2016  жылдарға

арналған арнайы шаралары қабылданды. Бұдан

былай тауар, қызмет көрсету бағаларын 

доллармен көрсетуге тыйым салынады. Ал

банк  с екторында  Ұлттық  валюта  мен

салынған депозиттерге кепілдендіру көлемі

5 млн.теңгеден 10 млн.теңгеге дейін арттыру

қарастырылған. Алайда, шет ел ақшасымен

ашылған  депозиттердің  жылдық  сыйақы

мөлшерлемесі үш пайызға дейін азаймақ. Ал

мамандар бірлесіп әзірлеген экономикалық

жоспар үш бағыттан тұрады. 

«Бірінші  бағыт  -макроэкономикалық

тұрақтылықты 

қамт амасыз 

ету.

Яғни, экономиканы әртараптандыру шара-

лары  арқылы  жүзеге  асады.  Екінші

бағыт-қолма-қол  ақша  операцияларын

азайтып, көлеңкелі айналымды төмендету.

Үшінші  бағыт  -төл  теңгенің  шетелдік

валютаға қарағанда басымдығын көтеру.

Бұл  үшін  ең  алдымен  тауарлардың,

жұмыстардың 

және 

көрсетіл етін

қ ы з м е т т е р д і ң   б а ғ а с ын шетелдік 

валют ада  көрсетуге  тыйым салына-

тын болады». 

Жалпы долларсыздандыру шаралары өз

деңгейінде орындалып отырғанның өзінде

белгілі бір нәтижелерге жету үшін кемінде

5-10  жыл  керек  екен.  Амал  қанша,  «мың

шақырымдық 

жолдың 

өзі 

алғашқы

қадамдардан басталады» дегендей, бір 

орнымызда тұрып қалмай, алға баса беруі-

міз керек. Өйткені, біз үшін ел экономика-

сына доллардың ықпалын әлсірету -әрдайым

өзекті күйінде қала бермек.   Жалпы әлемде

ірі дамушы елд ер арасында тұтыну

рыногы, ақша үстемдігі үшін аяусыз майдан

жүріп  жатыр.  Бұл  майданда  тұтынушы

көп тұтынатын тауары мол экономикасы

бар  елдің  ақшасы  да  үстем  болып,  сол  ел

жеңіске жетері анық.  Ол ай  болса, бұл

тұрғыда баршамыз ойлануға тиіспіз.  

Ы.ТӘЖІҰЛЫ

Жуырда Жаңақорған ауданындағы қайта жаңғыртудан

өткен «Әбдіғаппар-Төлегатай -Хорасан ата» автомобиль

жолы салтанатты түрде қайта пайдалануға берілді. 

Салтанатты        шараға  Қызылорда  облысының  әкімі

Қырымбек Көшербаев пен Ақтөбе облысының әкімі, 

жерле сіміз Бердібек Сапарбаев және «СК-Фармация»

ЖШС Басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев қатысты. 

Қасиет ті бабалар Төлегетай мен Хорасан Ата кесенесіне

аудан орталығына қатынайтын аталмыш 15 шақырымдық жолға

облыс бюджетінен 99,4 млн қаржы бөлініп, қысқа мерзімде

атқарылып  шықты.  Бұл  аймақ  басшысының  жергілікті

тұрғындар өтінішін ескеруімен бірге, зиярат етушілердің

жол машақатын сезінбеуіне жасалынған қамқорлығы. Бұл

үшін ауыл ақсақалдары аймақ басшысына алғыстарын 

білдіріп, тоқсан жастың  төріндегі М.Сапарбаев батасын

берді.    Осы  шара  аясында  келген  қонақтарға  аудан  әкімі

Р.Рүстемовтың  бастамасымен  түсірілген  т а н ы м а л

режиссер, жерле сіміз Қалила Омаровтың «Туған жерге

тағзым» атты деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Мұнан

кейін  «Хорасан  ата»  кешенінде  күзгі  ағаш  отырғызу

жұмысы бастау алды.  



«Шарайна-Сейхун» ақпарат,

Жаңақорған ауданы 



ЕЛГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

"ӘБДІҒАППАР- ТӨЛЕГАТАЙ - ХОРАСАН АТА» 

АВТОМОБИЛЬ ТАСЖОЛЫ

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТТІ 

«КӨК ҚАҒАЗДАН» ПҰЛЫМЫЗ, 

АҚШАНЫҢ ТҮГЕЛ ҚҰЛЫМЫЗ

20 қазан күні  Шиелі аудандық әкімдігі мәжіліс

залында Алтын күз мерек е с і н і ң   қ о р ытындысына

байланысты жиын өтті.

Жиынды аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, жүргізіп

отырды. Аудан басшысы биылғы күздің берекелі болып,

Алаш  ардақтыларына  арна лған  мерекеге

жалғасқандығын айтты. Үлкен ұйымшылдықты қажет

ететін той аудан халқының ынтымағы мен еңбекке деген

сүйіспеншілігін 

аңғартты. 

Келген 


қонақтар

ризашылығын білдіріп, бұл шараның жоғарғы деңгейде

өткендігіне  жақсы  баға  берді.  Бұл  жалпы  халықтың

еңбегі. Қашан да жақсы жағынан көрінетін Шиелі өңірі

сол биігінен төм е н д е м е у і   т и і с .   Б ұ л   б і з д ің 

парызымыз,- деді Қайратбек Әубәкірұлы.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші мерекенің

абыройлы, мәнді де сәнді өтуіне ауданымыздың бірнеше

азамат - а з а м а т ш а л а р ы   қ а р ж ы л а й көмекте сіп, 

белсене атсалысты. Аудан басшысы осы шараға белсене

қатысқан  мекеме  басшылары,  ауыл  әкімдері,

кәсіпкерлер мен ардагер ағаларға алғысын білдіріп,

М ұ с т а ф а   Ш о қ а й   м е н Нар т а й   Б е к е ж а н о в тың 

125 жылдығына арналған төсбелгісі, алғыс хаттармен

мар а п а т т а д ы .   Ж ә н е   д е     а р н а й ы   ш ы ғ а р ы л ғ ан 

кітаптар табысталды.



“Шарайна-Сейхун”  ақпарат

БІРЛІКПЕН ӨТКЕН 

МЕРЕКЕ

3

Көкжиек

Шарайна


Сейхун

АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ

Қазіргі  нарық  заманында,  әлемдегі

жаһандық дағдарыс ушығып тұрғанда,

қай кәсіп болмасын, оның пайдалығына

мән  бермесе  болмайды.  Бабаларымыз

бір-бірімен  амандасқанда «Мал жаның

аман  ба?»  деп  сұрасады  екен.  Ондағы

мақсаты, мал аман болса, жан да аман

болады дегені.     Өйткені, мал адамды

асыраушы бірден-бір табыс көзі болған.

Ол  заманда  қазіргідей  завод,  фабрика

жоқ,  кәсіпорындар  да  жоқ,  кен  орын-

дары 

ашылмаған, 



соның 

өзінде


мыңғыртып мал өсіріп, семіртіп, атақты

Қоянды,  Қарқара,  Қара  өткел,  Жетісу

жәрмеңкелеріне отар-отар қой, үйір-үйір

жылқы,  келе-келе  түйе  айдап  апарып

сатып,  керек-жарағын  алатын  болған,

қойдың  қиының    жылуы  сексеуілден

кем емес. Қазіргі кезде атыраулық мал-

шылар  күні бүгінге дейін қыстың күні

қойдың  қиын  жағатынын  өз  көзіммен

көрдім. 


Демек,  мал  шаруашылығы  бүгінге

дейін,  әсіресе  ауылдық  жерлерде

халықтың негізгі күн-көріс көзі, табыс

көзі екендігі рас және ақиқат.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

үкімет алдына қойған  міндеттердің

бірі мал басын көбейтіп,

о н ы ң


сапалылығын

арттырып, ет экспортын 

молайту туралы міндеттеме белгілеген 

болатын. Бұл бағытта елімізде  атқарылып

жатқан істер баршылық. 

Басқасын былай қойғанда қамырдың,

палаудың  үстіне  ет  турап  қояды  ғой,

астына қоймайды. Қанша қадірлі болса

да қамыр, күріш еттің астында тұрады.

Ал қазекеңнің  ең негізгі, қадірлі тағамы

ет екені бесенеден белгілі. Ия, сондықтан да

бабаларымыздың  негізгі  ата  кәсібі-мал

шаруашылығын  өркендету  бүгінгі

күннің  талабы.  Ауданда  төрт  түлікті

өсіру,    мал  басын  көбейту  ең  өзекті

мәселе. Өйткені, егін шаруашылығы мен

қатар мал шаруашылығы да көзін тапса 

табысты  сала болары сөзсіз. Ауданымыздың

халқы еңбекқор, же р і м і з   б а й т а қ, 

су-көлдеріміз де жеткілікті.Ал, көршілес

Сырдария  ауданы  биыл  18000  гектар

күріш  еккен  екен.  Жаңақорған  ауда-

нында қой-ешкі 220 мың. Мұның бәрін

неге айтып отырмын, ия, салыстыру үшін.

Былайша айтқанда енді көршілерге қарап бой

түзеп, бәсекелестікке қабілеттілікті 

арттыру үшін.

Мал  шаруашылығы-қазақтың ата кәсібі,

мал өсірудің әдісін жете меңгерген, көктеу,

жайлау, күздеу, қыстау әдістерін ұтымды

пайдаланып, жайылымды таптаурынға

ұшыратпай, келесі жылға шығатын шөптің

ұрығын  сақтап,  қазіргі  тілмен  айтқанда

табиғи  экологиясын  сақтап,  жайылымдарды

эрозияға ұшыратпағандықтан малдың  жем-

шөптік базасын табиғи түр де сақтаған.

Ия, мал өсіру де  оңай шаруа емес,

оған да білімді, білікті мамандар, жылқышы,

бақташы, шопандардың да іске деген жауап-

кершілігі, табандылығы,  малдың жағдайын

білетіндігі қажет.  Ілгері жылдары жеке-

шелендіру жүріп  жатқан кезде бұрында

Ленин  атындағы  колхозды  ұзақ  жыл

басқарып, кейіннен аудандық еңбекшілер 

депутаттары атқару комитетінің председа-

телі  болған,  зейнетке  шыққан  соң

аудандық  ардагерлер  кеңесінің    төрағасы

болған  Әзімхан  Ысмайылов  ағамыздың

ауданның бір жиналысында айтқан сөзі

бар еді: «Әй, жігіттер, қойды ысырапсыз

жұмс ай бермейік, еш негізсіз соя

бермейік,  малдың  басын  сақтайық»

деген  еді.  Әнекей,  сол  кісінің  көрегендігі.

Қазақта «болар елдің баласы қозысын

қой  қылады,  болмас  елдің  баласы

қозысын сойып той  қылады» демекші

Әзімхан  ағаның  халыққа  ескертуі  әлі

күнге құлағымнан кетпейді. Мал басын

көбейту үшін не керек? Біріншіден -мал

азығына керекті құнарлы жоңышқа  

егісін көбейту, жемдік дақылдарды егу,

ек і н ш і д е н - м а л   ж а й ы л ы м ы н ы ң

шығымдылығын арттыру үшін көктемде

су мол кезде шабындық, жайылымдарға

су  жіберуді  қолға  алу  керек.  Оған  су

шаруашылығы мамандарын жұмылдырып

шешуге болады, өйткені біздің  ауданда

су шар у а шылығының мамандары

сауатты,  білгір,  су-жер  жағдайын,  су

көздерін жетелеудің сырын жаңалық емес,

тек қана аудан басшыларынан оларға қолдау

керек. Үшінші-жайылымдардағы құдық,

скважиналарды  есепке  алып,  оларды

жөндеп, суат қойып, мал суаруға дайын-

дау қажет.

Төртіншіден-мал бағатын адамдарға

шынайы қамқорлық керек. Сонда ғана

еңбек өнімділігі артады, еңбегі жемісті

болады.  Бұл  жұмыстар  тек  қана

ұжымдар  құру  арқылы,  бірігу  арқылы

іске асатыны даусыз. Әрине, мұның бәрі

оңай  жұмыс  емес,  арнайы  көп  салалы

бағдарлама, жасап барып іске 

асатын  дүние. 

Ғалым Әлкей Марғұлан ағамыз

айтқан екен: «Білеміз, білген соң айта-

мыз». Сондай-ақ, азды көпті көргеніміз

бар, ұзақ жыл мал шаруашылығында іс-

теген соң шамалы білгеніміз бар, сосын

айтып  отырмыз.  Әрине,  бұның  бәрін

кәсіби мамандарсыз шешу қиын. Қазір

де әсіресе қой шаруашылығын жақсы 

білетін, жер-су, жайылымдардың жағдайын

білетін  мамандар  әлі  де  бар.  Атап  айтсақ,

талай  жыл  қой  совхозының  директоры

болған Үпілмәлік Мыр з а х м е т о в,

Тәжіков  Каналбек,  ферма  меңгерушілері

Ерғали  Ишанқұлов, Шәки  Баекеев,

бақташы Баянбай Жаукеев, атақты шопан-

дар Әлжан Мадиев, Әлхан Қонарбаевтардың

ақыл кеңесін алса артық болмас еді.

Бабаларымыз  айтып кеткен: «Қазақ

әсіресе алауыздықтан әлсіреген, күшейсе 

бірліктен күшейген» деп. Сондай-ақ әлі де

болса   майда шаруашылықтарды біріктіріп

жіберіп, барлығының басын қо сып 

«тілекке тілек, білекке білек қо сар», 

шаруаны білетін жігіттер жоқ емес, бар.

Соларды ауыл ақсақалдарымен кеңесіп,

басшы қылып, тізе қосып жұмыс жасаса

деген  ой  ғой  біздікі.  Өйткені,  көп

өндірсең  көп  қалады,  аз  өндірсең    аз

қалады деген  бар.    Әрине,  мұның  да

қиыншылықтары жетерлік, атап айтсақ: 

бензин, солярка, тұқым, тыңайтқыштардың

қымбат  екендігі  белгілі,  техника  да

баяғыдай дүрілдеп тұрған жоқ. Десек те

қосшы, басшысы болып, аудан басшысы

болып  бұл  мәселені  де  шешуге  болар.

Өйткені,  үкімет  ауылға  қамқорлық  жасап

жатыр ғой.  Ең бастысы, шаруашылықтар

бірігіп, бірауыз болуы керек, сонда ғана

қалталы, 

азаматтар, 

инвесторлар

көмекке 


келеді. 

Үкімет 


беретін

жеңілдіктің  жолын іздестіріп, берілетін

көмектің  жолын табу керек. 

Адамның бақытты болуының шарты-

еңбек екенін  қазіргі  жастарға  түсіндіру

керек-ақ.  Ол үшін бұрынғы дихан-егінші-

лерді, механизаторларды ұйымдастырып,

солардың  ақыл-кеңесін,  тәжірибесін

пайдаланып,  жастарды  қызықтырып,

кездесу өткізіп, баулуға болады. Қазіргі

қариялар, бұрынғы еңбек  майталман-

дары әлі де бар, олардың әлі де болса

елге, қоғамға берері мол екені шындық.

Сонда олар да «әлі де біз керек екенбіз»

деп жастарды ынталандыруға, еңбекке

баулуға септігі тиер деп ойлаймын.

Қазіргі  кезде  ірі  қара  малының

өнімінің  нашар екені белгілі. Оған себеп,

біріншіден әлі де болса  жем-шөптің  аздығы,

сапасыздығы, мал бойына жұғымдылығының

аздығы,  екіншіден-мал  тұқымының

нашарлығы. Оны да жоюға болады. Кезінде

аудан басшысы болған  С.Шауқамановтың

тұсында барлық  елдімекендерде сиырды

қолдан  ұрықтандыру пункттері жұмыс

жасаған болатын-ды. Сапалы,  өнімділігі

жоғары ұрықтармен ұрықтандыру  өте

жоғары  деңгейде  жүргізілді.  Олардан

алынған  төлдер    айрықша  күтіліп,

зоотехникалық есеп жүргізілген болатын.

Тіпті  облыс  бойынша  ұрықтандырушы

мамандардың    жарысы  өткізіліп,  озаттар

марапатталатын  еді.  Осының  өзі  мал

тұқымын  асылдандыру жолындағы игі

шаралар еді.

Қазіргі газеттерде  жазып жүр, шет елдер-

ден мал әкелмейміз деп, өте дұрыс. Мал

тұқымын асылдандырудың төте жолы-

сиырды қолдан  ұрықтандыру. Өйткені,

қолдан  ұрықтандырылған  аналықтан

алынған  төл  жергілікті    жерге  бейім

болып, келешекте тез жерсініп, бойын

үйретеді.  Әлі  де  болса  аналық

м а л д ы

ұрықтандыратын маман-

дар  бар,  жеткілікті.  Тек  оларға

қолдау  көрсетіп,  облыстық  деңгейде

мәселе көтеріп, елдімекендерде қолдан

ұрықтандыру  пунктерін ашса жеткілікті.

Әрине, ең бастысы қолдан ұрықтандырушы

мамандардың  айлығын  шешіп  берсе

болды.


Ал бірінші туған қашарларға жем-шөп

атала бергендіктен орденді  озат сауыншы-

мыз  Рая Бердешова  өзіне бекітілген  тоғыз

қашардан  күніне  7 литр сүт сауғанын

бәрі біледі. 

Осының  өзі  жем-шөпті    өңдеп,

ұқсатып берсең мал да өз өнімін береді.

Жем-шөпті өңдеп, құсатып, қоспа жем-

нен атала жасау Төңкеріс колхозының 

механиктері Әшірбеков Шеймағанбет, 

Мәжит Тәркешов, цех меңгерушісі 

Төлебай Жақсылықов  мал  мамандарының

біліктілігінің, 

жұмысқа 


деген

жауапкершілігінің  арқасында атқарылған

жұмыстар еді. Әрине, талап болса, 

бірлік  болса,  біліктілік,  тәртіп  болса

бәрін де  істеуге болады. 

Тағы да айтайын дегенім, мысалы,

малға  беретін  жемді  булап,  қайнатып

берсеңіз, ол жем  мал денесіне ет болып

жабысады,  өйткені  құрғақтай    берген

жеміңіз  малдың  қарнына  бара  бөгеді,

сосын барып қайтадан күйсейді, сол екі

ортада  жемнің  біразы  бөгу,  күйіс

қайтару энергиясымен жоғалады. Ғылыми

тілмен айтсақ  берген жеміңіздің  19%-ы

мал  бойына  жұқпайды,  сонда    100  кг

жемнен 19 кг жем далаға кетеді деген

сөз. Бұл шығын ба, әрине шығын. Жем -

шөпті малға ұқсатып беру деген осыдан

шығады.

Дүние жүзін шарлаған экономикалық



дағдарыста,  біздің  елдің  нарық  зама-

нында жаһандану үрдісінде есеппен, 

біліктілікпен,  озат  технологиялармен

қаруланып жұмыс істемесек  жұтылып

кетуіміз  оңай.  «Алтын  күміс-тас  екен,

арпа-бидай  ас  екен»  дегендей,  қанша

қымбат  болғанмен бензин, солярка іше

алмайсыз, ол тамақ бола алмайды, ула-

нып  өлеміз,  темірді  жей  алмаймыз,

қақаламыз, жұта алмай. Сондықтан да

қазіргі  заманда  дүние жүзінде азық-түлік

барған  сайын  қымбаттап  жатқанда,  жері

шырайлы,  сулы,  нулы  жерде  отырып,

адал еңбек етіп, өз өнімімізді молынан алып,

артылғанын шетке салып, әрекет жасауға

толық негіз бар. Ауыл шаруашылығы өнімін,

мал  өнімін  ұқсатып,  жаңа  кәсіпорындар

ашуға да болатыны сөзсіз. Бізге дәл қазір 

тойхана емес, ойхана керек! Ол үшін қарап

тұрмай, қарап отырмай еңбек ету керек. 



Ойланайық!


  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал