Өңір басшысы хабар барысында аймақтың тыныс-тіршілігі мен алдағы жоба-жоспарлар жайлы тарата айтты



жүктеу 370.29 Kb.

бет1/4
Дата13.09.2017
өлшемі370.29 Kb.
  1   2   3   4

4

бет

«ӘКІМ САҒАТЫ»

МӘЖІЛІС

Өңір басшысы хабар барысында аймақтың тыныс-тіршілігі 



мен алдағы жоба-жоспарлар жайлы тарата айтты.  

Осы  орайда,  аймақ  басшысы  елдің  әлеуметтік-

экономикалық әлеуетін арттыратын жобаларға да тоқталды.

–  2017  жылы  аймақ  экономикасын  әртараптандыру 

мақсатында  облыс  үшін  маңызды  индустриялық  жобаларды 

жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жалғасатын болады. Жыл 

соңына дейін «Баласауысқандық» ваннадий кен орнында кен 

байыту  комбинатының  құрылысына  15  млн.  доллар  инвести-

ция тарту жоспарлануда, – деді Қырымбек Көшербаев.

Облыста  апатты  жағдайдағы  мектептер  мәселесін  шешу 

жұмыстары  жүйелі  жүргізілуде.  Мәселен,  осыдан  төрт  жыл 

бұрын мұндай білім ошақтарының саны 37 болған. Оның ішінде 

25 мектеп 2013-2015 жылдар аралығында жаңаланды. Қалған 

12 мектептің 8-і бірер күн ішінде ашылады. Төрт білім ұясының 

құрылысы тамыз айында аяқталмақ. Ал, Жаңақорған ауданын-

да биыл алты мектептің құрылысы жүреді. Оның екеуі білім күні 

ашылатыны белгілі. Яғни, облыс әкімінің білім саласына ерек-

ше көңіл бөлуінің арқасында облыста апатты мектеп мәселесі 

түбегейлі  шешіледі.  Сонымен  қатар,  ауылдағы  мектептердің 

материалдық  базасын  нығайтып,  инновациялық  технология-

лармен  қамту  және  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыруға  баса 

мән беріліп келеді.

«Әкім сағаты» хабары барысында Сыр өңірі дамудың жо-

лына  түскенін  түсіндік.  Әсіресе,  экономиканы  ілгерілететін 

инвестиция,  құрылыс,  өңдеу  өнеркәсібі  және  т.б  бой-

ынша  республикада  алғашқы  орынға  шыққанын  білдік. 

Мәселен,  тұрғын  үйдің  құрылысы  жөнінен  Астана  қаласынан 

кейінгі  сатыға  орналасқан.  Ағымдағы  жылдың  төрт  айында 

ауылшаруашылығы саласына құйылған инвестиция көлемі 20 

есеге өскен. 

Ал,  республика  бойынша  білім  саласына  ең  көп  қаржы 

салып  отырған  Сыр  өңірі  екен.  «Балапан»  бағдарламасын 

мерзімінен бұрын 100 пайызға орындаған бірден-бір аймақтың 

бірі.  Сондай-ақ,  халықтың  95  пайызы  орталықтандырылған 

ауыз сумен қамтамасыз етілген екен.  

Облыс  әкімі  Қырымбек  Елеуұлына  қала,  аудан 

тұрғындарынан бөлек Мәскеу, Қостанай қаласында білім ала-

тын қызылордалық студенттер байланысқа шықты. Сұрақтың  

басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерге байланысты қойылды. 

Мәселен,  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  бойынша  90  сұрақ 

және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты 76 

сұрақ, білім саласы бойынша – 10, мәдениет саласы бойынша 

– 5 және денсаулық сақтау саласына байланысты – 4 сұраққа 

жауап  берді.  Ал,  жер  мәселесі  туралы  –  13,  кәсіпкерлікке 

қатысты – 8 сұрақ қойылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына 

қатысты 40 сұрақ жолданған. 

Айта  кететіні,  «Әкім  сағаты»  бағдарламасын  «Қазақстан-

Қызылорда»  телеарнасының  көрермендерінен  бөлек,  «Фейс-

бук» әлеуметтік желісіндегі тікелей трансляция арқылы 14 000 

ға жуық адам қараған.



27 МАМЫР 

СЕНБІ 

2017 ЖЫЛ 

№39 (8061)

Сыр – Анам, Қаратау – Панам!

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ



ЕЛІМЕН 

ЕТЕНЕ 

БАСШЫ

2 САҒАТ 25 МИНУТ! ОСЫ УАҚЫТ ІШІНДЕ CALL-CENTER АРҚЫЛЫ 

400-ГЕ ЖУЫҚ СҰРАҚ ТҮСІП, ОҒАН ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫРЫМБЕК 

КӨШЕРБАЕВ НАҚТЫ ӘРІ ТҰЩЫМДЫ ЖАУАП ҚАЙТАРДЫ. ОСЫ-

ЛАЙША «ҚАЗАҚСТАН-ҚЫЗЫЛОРДА» ТЕЛЕАРНАСЫНДА ӨРБІГЕН 

«ӘКІМ САҒАТЫ» ХАБАРЫ КӨРЕРМЕНДЕР АРАСЫНДА ҮЛКЕН РЕ-

ЗОНАНС ТУДЫРДЫ.

Осы  орайда,  елімізде  «Нәтижелі  жұмыспен  қамтуды  және  жаппай 

кәсіпкерлікті  дамытудың  2017-2021  жылдарға  арналған  бағдарламасы» 

жүзеге  асуда.  Аталмыш  бағдарламаның    өңірде    іске  асу  барысы  облыс 

әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен мәжіліс тақырыбына 

арқау  болды.  Алқалы  жиынға  қала  және  аудан  әкімдері  түгел  қатысты. 

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді...» демекші, бұл жолғы басқосудың 

маңыздылығы  жоғары  болды.  Өйткені,  өңір  басшысы  бәсекеге  қабілетті 

отыз  елдің  қатарына  қосылу  үшін  жаппай  кәсіпкерліктің  көкжиегін 

кеңейтуге кеңінен тоқталды.

– Қазақстанның үшінші жаңғыруына қадам басқан құнды құжатта Елба-

сы жергілікті жерде шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына жағдай 



АУДАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ

ҚАРҚЫНЫ ҚУАТТЫ

 

жасап,  халықты  тұрақты  жұмыспен  қамтуға  бағдар  берген  болатын.  Бұл 



бағытта мемлекет тарапынан толыққанды қолдау көрсетіледі. Мүмкіндігінше 

әрбір тұрғын кәсіптің тетігін тауып, ерінбей еңбек етуге әрекет жасауы тиіс. 

Әсіресе, жергілікті жерде жаппай кәсіпкерлікті дамыту күн тәртібінде, – деді 

Қырымбек Елеуұлы. 

Сондай-ақ,  аймақтың  барлық  ауылдық  округінде  жұмыс  жасайтын 

кәсіпкерлік субьектілер саны анықталып, олардың экономиканың қай сала-

сында  жұмыс  жасайтыны  нақтыланып  және  өзге  де  мәліметтер  облыстың 

ахуалдық  орталығына  енгізілгені  белгілі  болды.  Оған  қоса,  аймақ  басшы-

сы жыл басынан жүзеге аса бастаған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жап-

пай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 1 айлық қысқартылған кур-

стан өткен ауыл кәсіпкерлерінің нәтижелі жұмыстары әлі де болса көрінбей 

жатқанын  тілге  тиек  етті.  Мұнан  кейін  жаппай  кәсіпкерліктің  өңірлерде 

жүзеге асу барысы жайлы Қызылорда, Арал, Қазалы, Жалағаш, Қармақшы, 

Сырдария, Шиелі және Жаңақорған ауданының әкімдері баяндама жасады. 

Айрықша  атап  өтерлігі,  аталмыш  бағдарламаның  дамыту  бағытында 

атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша Жаңақорған ауданы көш басында. 

Өз кезегінде мінбеге көтерілген аудан әкімі Ғалым Әміреев жүйелі жұмыстың 

жүргізілу барысын баяндады. 

–  2017  жылдың  мамырына  дейін  3071  шағын  және  орта  кәсіпкерлік 

субъектілері  тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112 

пайызды құрап отыр. Оның ішінде, нақты жұмыс жасап тұрғаны 2900 субъекті 

тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115,7 пайызды құрады. 

Барлық  тіркелген  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерінде  9213  адам 

жұмыспен қамтылды. Ал, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша 

1974,5 млн. теңгенің өнімдері  өндіріліп, түрлі қызметтері көрсетілді. Өткен 

жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,6 пайызды құрап отыр, – деді ау-

дан әкімі. 

Басқосу барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аудан әкімі Ғалым 

Әміреевтің тындырымды тірлігін жоғары бағалап, бірқатар мәселелер бойын-

ша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, өңір басшысы  жұмыс жасап тұрған 

кәсіпкерлік субьектілер бойынша Жаңақорған ауданы бірінші орында екенін 

тілге  тиек  етті.  Алқалы  мәжілісте  аймақта  «Кәсіпкерлікті  дамытудың  2017 

жылға арналған бірыңғай жол картасының» бағыт-бағдары да айқындалды. 

Бірыңғай Жол картасының негізгі мақсаты: – өңірлік кәсіпкерліктің қалыпты 

және  теңдестірілген  өсімін  қамтамасыз  ету.  Сондай-ақ  халықты  нәтижелі 

жұмыспен  қамту  және  азаматтарды  кәсіпкерлікке  тарту.  Әсіресе,  ауылдық 

жерлердегі  кәсіпкерлердің  бизнес  бастамаларын  кеңейтуді  көздейді  бұл 

бағдарлама. 

Жалпы, алқалы жиынды түйіндеген облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы жап-

пай  кәсіпкерлікті  дамыту  арқылы  өңір  экономикасын  нығайтумен  қатар, 

салықтық базаны қалыптастыруға қол жеткізетінімізді атап өтті. Әрі барлық 

деңгейдегі  әкімдерге  осы  бағыттағы  ілкімді  істерді  сапалы  және  нәтижелі 

жүргізілуін жүктеді. 

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

ӘКІМ ТҮЛЕКТЕРГЕ 

СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ       

БҰЛ КҮН ЕРЕКШЕ ТЕБІРЕНІС ПЕН ТОЛҒАНЫСҚА ТОЛЫ. ҚУАНЫШ 

ПЕН ҚИМАСТЫҚ ҚАТАР ЖҮРЕТІН ОРАЙЛЫ СӘТ. БАЛА ШАҚТАН, 

БОЛАШАҚҚА ҚАНАТ ҚАҒАТЫН МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ҮШІН ҰМЫТЫЛМАС 

КҮН. ИӘ, СЫҢҒЫРЛАҒАН ҚОҢЫРАУ ҮНІ – МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНАН 

ШЫҚҚАН ӘРБІР ЖАННЫҢ ЖҮРЕГІНЕ ЖАҚЫН. БЕЙСЕНБІНІҢ 

БЕРЕКЕЛІ КҮНІ  БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫР 

ҚАҚТЫ. ТАҢ АЛАКЕУІММЕН АУДАН ӘКІМІ ҒАЛЫМ ӘМІРЕЕВ ПЕН 

АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ БОЛАТ ИБРАГИМОВ КЕНТ 

ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ №163 ОРТА МЕКТЕБІНЕ

 АТ БАСЫН ТІРЕДІ. 

Әлібек ТЕМІРБЕК.

Білім  ордасының  ауласы  айрықша  кейіпке  ен-

ген.  Жүздері  бал-бұл  жанған  оқушылардың  көңіл-

күйі көтеріңкі. Ал, иықтарына «Жас түлек» лента-

сын таққан түлектер тебіреніс үстінде. Жүздерінен 

қимастық сезім байқалады. Осындай мерейлі сәттің 

шымылдығын  түрген  аудан  басшысы  ақжарма 

лебізін жеткізді.

–  Қадірлі  жас  түлектер!  Бүгін  сіздер  үшін  есте 

қаларлық  күн.  Он  бір  жыл  бойы  білім  ордасын-

да оқып, енді алда сол жиған білімді сараптайтын 

Ұлттық біріңғай тестілеу тұр. 

XXI  ғасыр  –  білім  мен  біліктің  ғасыры. 

Талаптының  алдында  асқақ  арман  тұр.  Бүгінгі 

күнге  дейін  өткен  сынама  тесттің  нәтижесі  көңіл 

қуантарлық.    Оқушылар  «Талдысу»,  «Тау  сама-

лы» тынығу лагері базасында екі реттен тестілеуге 

тыңғылықты  дайындық  жүргізді.  Дәрісті  Алматы, 

Қызылорда  қаласынан  келісім  бойынша  келген  

жоғарғы оқу орнының ғалымдары жүргізді. Барлық 

түлектерге сәттілік серік болсын! Ұлағатты ұстаздар 

мен  ата-ана  қауымының  ізгі  ниетін  ақтайды  деп 

білеміз, – деді аудан әкімі.

Одан әрі оқу жылында озат болған оқушы мен 

шығармашыл ұстаздар қауымы «Алғыс хатпен» ма-

рапатталып, көп алдында мерейі тасыды. Әсіресе, 

өзінің  уақытын  аямай,  өзгенің  уақытын  аялай 

білетін мұғалімдер үздік номинация қатарынан та-

былды.  Ата-аналар  қауымы  атынан  ардагер  ұстаз 

Зияудин Әбілхайыров сөз алды. 

– Алғашқы қоңырау – тентектікті тізгіндеп, білім 

алуға жетелесе, соңғы қоңырау – пайым-парасаты 

қалыптасып,  қанаттанған  түлектерді  өмір  атты 

үлкен  мектепке  шығарып  салады.  Тай-құлындай 

тебісіп  өскен  құрдастар  арман  қуып,  қалаған 

оқуына  қадам  басады.  Әрине,  соңғы  қоңырау  – 

тек қана білім ордасымен қоштасу ғана емес, оған 

қоса  он  бір  жылғы  білімнің  таразыға  түсетін  сәті. 

Яғни, алда ҰБТ. Барша бітіруші түлекке тек жоғарғы 

көрсеткіштен  көрінуіне  елдің  атынан  ақ  батамды 

беремін, – деді ұлағатты ұстаз. 

Өз  кезегінде  мектеп  директоры  Күланда 

Жақыпбекова биылғы оқу жылында 81 оқушы мек-

теп  бітірсе,  оның  51-і  Ұлттық  бірыңғай  тестілеуге 

қатысатынын жеткізді. Оның айтуынша, соңғы сы-

нама  тесттің  орташа  көрсеткіші  101,6  пайызды 

құраған. Сәтін салса, «Алтын белгіге» үміткер жас 

түлектер үмітті ақтап, мектеп пен аудан абыройын 

асқақтады деген сенімін білдірді. 

Одан  әрі  білім  ордасының  «Алтын  белгі» 

үміткерлері    ел  ағалары  мен  ұстаздар  қауымына 

жасаған  қамқорлығы  үшін  ризашылығын  жеткізсе, 

ақынжанды түлектер арнау өлеңдерін оқыды. 

Соңыра, мерейлі шара концерттік бағдарламаға 

ұласып,  өнерлі  өрендер  мектеп  жайлы  әнді 

нақышына келтіре орындады. 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ 

ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» АТТЫ ЖОЛДАУЫН-

ДА: «АГРАРЛЫҚ СЕКТОР ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІНЕ АЙНАЛУЫ КЕ-

РЕК», ДЕДІ. ЕНДЕШЕ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН 

КЕҢЕЙТУ, КЕНЖЕЛЕП ҚАЛҒАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ, ЗАМАНА-

УИ ТЕХНИКАНЫҢ ҮЛЕСІН АРТТЫРУ, ӨНІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ ТҰҚЫМДЫ АУДАНДА-

СТЫРУ, ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ Т.Б. МІНДЕТТЕР ТҰР. МҰНДАЙ ТАЛҒАМДЫ 

ТАЛАПТЫ, СЕРПІНДІ БАСТАМАНЫ ҒАЛЫМ ӘМІРЕЕВ АУДАНҒА ӘКІМ БОЛЫП 

КЕЛІСІМЕН ШЕШУГЕ КІРІСТІ. 

ЕГІНШІ – МӘРТ, 

ЖЕР – ЖОМАРТ

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

Әрине, жаңа бетбұрысқа – жаңа көзқарас қажет. Бұл тұрғыда, басшыны 

мамандары қолдап, шаруалар тың идея төңірегінде топтасып, жұмыс жасауға 

кірісті.  Бүгінде  қара  жерден  ырзық  несібесін  теретін  диқандардың  жұмысы 

қыза түсті. Бірі күріш дәнін жерге тастаса, екіншілері суға күріш бастыруда. 

Осы  тұста,  аудан  әкімі  Ғалым  Махмұтбайұлы,  орынбасары  Ғалымжан 

Жарқынбекұлы  мен  сала  басшысы  Қаржыбек  Тәжібайұлы  көктемгі  егіс 

науқанымен  танысу үшін жолға шықты. Алған бағыт Сунақ ата, Қожамберді 

және Екпінді ауылдық округі. Онда «Тасболат-А» ЖШС инвестиция құюының 

арқасында 1336 га жерге күріштің дәні тасталып, суға бастыру жұмыстары 

жүргізіп жатыр екен. 

– Өздеріңізге белгілі қазыналы Қаратау баурайы тынығуға таптырмайтын 

құтты мекен. Тау бөктерінде Ақүйік, Бесарық, «Үсен бауы» аумақтарында 10-

нан астам табиғи демалыс орындары бар. Келушілер жыл санап артуда. Алай-

да  демалушылар  мемлекеттік  және  шаруақожалық  теңгеріміндегі  аумаққа 

рұқсатсыз  кіріп,  тазалық  жайын  ұмыт  қалдырады.  Осындай  салғырттық 

себебінен жыл сайын Ақүйік, Бесарық өзендері жаз маусымында ластануда, 

– деген Ғалым Махмұтбайұлы бұл мәселеге қатысты балама жолын тапқанын 

жеткізді.  

туристік аймаққа айналмақ

«ТАУ САМАЛЫ»



3

бет

СӘРСЕНБІНІҢ  СӘТТІ  КҮНІ  СҮЙІНШІ  ЖАҢАЛЫҚПЕН  БАСТАЛДЫ.  СӘТІН  САЛСА, 

ҚҰТТЫҚОЖА  АУЫЛЫНДАҒЫ  «ҚҰРБАНБАЙ»  БАУЫ  АУМАҒЫ  ДЕМАЛЫС  ОРНЫНА 

АЙНАЛМАҚ. ЯҒНИ, ОНДА КӘСІПКЕРЛІККЕ ЫНТАЛЫ АЗАМАТТАРДЫ ТАРТА ОТЫРЫП, 

МАУСЫМДЫҚ ДЕМАЛЫСҚА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ. МҰНДАЙ МӘЛІМЕТТІ 

АУДАН ӘКІМІ ҒАЛЫМ ӘМІРЕЕВ БЛОГЕРЛЕР МЕН ЖУРНАЛИСТЕРДІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ 

БАРЫСЫНДА  АЙТТЫ.  ОБЛЫСТЫҚ  «СЫР  БОЙЫ»  ГАЗЕТІНІҢ  МЕНШІКТІ  ТІЛШІСІ 

НҰРМАХАН ЕЛТАЙ, «ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ НҰРЛАТ 

БАЙГЕНЖЕ, ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНАН КЕЛГЕН ҚОС БЛОГЕР МЕН САЛА БАСШЫЛАРЫ 

ТУРИСТІК ЖОБАНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ТЫҢДАДЫ. ӘУЕЛІ ТЫҢ ЖОБАНЫҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫН 

ТҮСІНДІРГЕН ӘКІМ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕТІГІНЕ ТОҚТАЛДЫ.

Әбдісамат ӘБДІШ.

ЖОЛСАПАР ОЧЕРКІ

ИГІ БАСТАМА

АҚЖОЛ


МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БИЫЛҒЫ 

ЖОЛДАУЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕР-

ЛЕРДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТЫП, 

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН 

ҚАМТУҒА БАСА НАЗАР АУДАРУҒА 

ПӘРМЕН БЕРГЕН БОЛАТЫН. 


Биылғы  оқу  жылы  №110  мектеп-

лицейі  үшін  табысты  аяқталды.  Атап  айтар 

болсақ,  мектеп  оқушылары  Азизбек  Тасбо-

лат  пен  Дариға  Шахарбаева  Халықаралық 

ІХ  Ғұмырдария  ән-би  байқауының  бас 

жүлдесін  иеленсе,  Қорқыт  ата  атындағы 

Қызылорда  мемлекеттік  университетінің 

80  жылдығына  арналған  «Әлемді  өзгертеін 

идеялар»  тақырыбындағы  физика  пәнінен 

ғылыми зерттеу жобалар конкурсынан Рама-

зан  Бектас  1-орынды  қанжығасына  байлап, 

аталмыш  конкурстан  тағы  да  төрт  оқушы 

жүлделі  оралған.  Сондай-ақ,  «Жас  дарын» 

пәндік  олимпиадасында  12  оқушы  үздіктер 

қатарынан көрінген.   Осы оқу жылында ауыз 

толтырып  айтарлық  оқушылардың  тағы  бір 

жетістігі    Республикалық  пәндік  олимпиа-

дадан  17  шәкірт  алдыңғы  қатарда  болып, 

«Астана ЭКСПО-2017» әлемді өзгерткен иде-

ялар  ғылыми  зерттеу  жобалары  бойынша 

сегіз оқушы  жүлделі орынды иеленген.

Құшақтары  гүлге,  көңілдері  әнге  толған 

№110  мектеп-лицейінің  түлектері  соңғы 

қоңырау  соғып,  бала  шақтан  болашаққа 

жол тартты. Кеше ғана тарыдай болып білім 

кемесінің  табалдырығын  аттаған  ұл-қыздар 

есейіп,  алтын  ұя  мектебімен  қоштасты. 

Шәкірттерін  үлкен  өмірге  аттандырғалы 

отырған  ұстаздар  мен  ата-аналар  мектеп 

ауласына  жиналып,  салтанатты  шараның 

куәсі  болды.  «Сыңғырла  соңғы  қоңырау» 

тақырыбында  өрбіген  кешті  лицей  басшы-

сы Әділмырза Тәждинов алғы сөзбен ашып, 

үздік  мұғалімдер  мен  оқушыларды  марапат-

тады.  «Биылғы  оқу  жылы  біздің  мектептің 

тарихында  қалатындай  жетістіктерге  толы, 

сәтті  жыл  болды.  Бұл  –  біздің  ұжымның 

еңбекқорлығы  мен  ауызбіршілігінің  арқасы. 

Құрметті  ұстаздар,  сіздерді  биылғы  оқу  жы-

лын  абыройлы  атқарғандарыңызбен  шын 

ниеттен  құттықтаймын.  Алдағы  уақытта 

жұмыстарыңыз  жанданып,  мақтан  етерлік 

шәкірттеріңіз көп болсын», – деді мектеп бас-

шысы. Одан әрі ауданның бас имамы Сейдулла 

қажы Омаров сөз алып, «Ассалаумағалейкум 

жиналған  жамағат.  Бүгінгі  сыңғырлаған 

соңғы  қоңырау  баршаңызға  құтты  болсын. 

Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы 

жетістіктермен, 

нәтижелі 

білімдеріңмен 

қуанта  беріңдер.  Мен  сендерге  болашақта 

парасатты,  білімді  азамат,  білікті  маман 

болып,  елдің  өркендеуіне  лайықты  үлес 

қосады деп сенемін. Үлкен өмір жолына ба-

стар қадамдарың сәтті болсын», – деп жылы 

лебізін білдірді.  

Сондай-ақ,  кенттік  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы  Мұзарап  Махмутовқа,  Серік 

Мұсабайға,  Әбушахма  Әлайдарға  сөз  кезегі 

беріліп,  ел  ағалары  жас  түлектерге  ыстық 

ықыласын білдіріп, сәтті сапар тіледі. 

Шара  барысында  мектеп  оқушылары 

жиналған жамағатқа ән мен биден шашу ша-

шып, көтеріңкі көңіл күй сылады.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.

СЫҢҒЫРЛА, 

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!



Janakorgangazeta@mail.ru

27 мамыр 2017 жыл.

Жаңақорған

тынысы


2

Сыңғырлап  шыққан  қоңырау  үні  №54  орта 

мектебінің  35  мектеп  бітірушісінің  жүрегін  тербетті. 

Соңғы рет естігелі тұрған дыбысты мәңгі есте сақтап, 

ұстаздары  мен  құрбыларымен  қоштасу  сәтін  ерек-

ше  салтанатпен  өткізді.  Олардың  арасында  «Алтын 

белгіге»  үміткер  Ақерке  Абдуллаева,  Жанерке  Әмір, 

Танелі Есіркепова, Назерке Әбдуәйт, Еңлік Бектұрсын 

мерекенің мерейін кіргізді. 

Өмір жолына жаңа қадам басқалы тұрған жастарға 

ауыл  әкімі  Әлібек  Абдуллаев,  ел  ағасы  Жайынбай 

Тұрғанбеков, ақ жаулықты ана Рысжан Төлепбергенова, 

мешіт имамы Сәбит Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, ақ 

батасын берді.



Гүлшат ҚОСЖАНОВА.

***

Талай  дарынды  тұлғалардың  қарашаңырағы 

№239  орта  мектебінен  5  оқушы  алтын  ұядан  ұшты. 

Оның  екеуі  «Алтын  белгіге»  үміткер.  Білім  саласын-

да биік белестерімен көзге түсіп жүрген білім ордасы 

биылғы  жылы  да  біраз  жетістікке  жетіпті.  Тарқатып 

айтсақ,  2-сынып  оқушысы  Нұрбек  Дүйсеш  «Бастау» 

математикалық турнирінің аудандық бірінші кезеңінде 

бас  жүлде,  облыстағы  додасынан  екінші  орыннан 

көрініпті.

Сондай-ақ,  мектепте  «Ыбырай  Алтынсарин» 

атындағы  төсбелгі  иегерлері  қызмет  етеді.  Мектептің 

тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Майра  Тұрғанбаева, 

бастауыш  мұғалімі  Айжан  Тынышбаева,  қазақ  тілі 

ұстазы Қалима Жұмабаеваның білім беру саласындағы 

еңбегі еленіп, биік жетістікке жетті. «Ұстазы мықтының 

ұстанымы мықты» деген мақал осы оқу ордасына ар-

нап айтқандай.



Алтай ТОПЫШЕВ.

***

Талап  бекетіндегі  №254  негізгі  мектебінде 

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!» 

атты мерекелік шара өткізілді. 

Шарада  алғы  сөз  алған  Манап  ауылдық  округінің 

әкімі  Ербол  Әлменов  елдегі  игілікті  істің  барлығы  да 

елдің болашағы – жас ұрпақтың жарқын келешегі үшін 

жасалып  жатқанын  жеткізді.  Сондықтанда  әрбір  жас 

түлек  білікті  маман  болып  қалыптасуларына  барын 

салу керектігін тілге тиек етті. 

Өз  кезегінде  білім  ордасының  директоры  Бағлан 

Момынханов  ұстаздар  қауымы  мен  ата-аналарға 

алғысын жеткізіп, жас түлектерге ақ жол тіледі.

Мектеп  басшысы  оқу  жылын  12  оқушы  бітіргенін 

сөз ете келіп, үздік ұстаздар мен озат оқушыларды ма-

рапаттады. 

Ата-аналар қауымы атынан ардагер ұстаз Патима 

Нұрмағанбетова мұғалім мәртебесі қашанда биік екенін 

айтып,  ел  ертеңі  білімді  ұрпақтың  қолында  екенін 

жеткізді.   



Аягөз БАТЫРБЕКОВА.

 

***

№125  С.Сапарбеков  атындағы  мектепте  «Жара-

тылыстану  бағытын  таңдаған  оқушыларға  кәсіптік 

бағдар  беру  жолдары»  тақырыбында  семинар 

ұйымдастырылды.  Аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері 

Маржан  Егенбердіқызы  ұйытқы  болған  семинарға  ау-

дан  бойынша  мектептердің  бейінді  оқыту  жөніндегі 

орынбасарлары қатысты. 

Семинар 


барысында 

№89 


негізгі 

мектеп 


директорының орынбасары Гүлчехра Раймова «Кәсіптік 

дайындық  жұмыстарының  тиімді  ұйымдастырылуы 

–  кәсіптік  бағдардың  дұрыс  берілуінің  кепілі»  атты 

тақырыпта  хабарлама  жасады.  Шара  барысында 

бейіналды  даярлық  жұмыстары  жақсы  болуы  үшін 

оқушыларға  арналған  қызығушылық  картасын  ар-

нау  тиімділігі  және  бейіналды  даярлық  жұмыстарын 

нақтылау,  тереңдету  қазіргі  жүргізіліп  жатқан 

реформаның басты бағыты екені айтылды.  

Сондай-ақ  №125  С.Сапарбеков  атындағы  мек-

теп  ұстаздардың  буын  алмасуын  сәтті  еңсеріп  келе 

жатқан  білім  ордасының  бірі.  Жуырда  бір  топ  мектеп 

ұстаздары мен техникалық қызметкерлерін зейнет де-

малысына шығарып салу салатанаты өтті. Шара бары-

сында  мектеп  директоры  Жеңіс  Ибрагимов  пен    мек-

теп  бастауыш  кәсіподақ  ұйымының  төрайымы  Све-

та  Көптілеуова  саналы  ғұмырын  білім  саласының  да-

муына  арнаған  Ботакөз  Орынбасарова,    Ақжарқын 

Тұрманова,  Әшіркүл  Кенжебекова,  Күлшара  Бектасо-

ва, Әсия Тұрлыбекова, Бибігүл Сәрсенова, Күмісай Не-

метова,  Әбдіғаппар  Ахметованы  құрметтеп,  зейнеттік 

демалысқа шығарып салды.  



Мөлдір ҚАЛДЫБАЕВА

ҚЫСҚА-НҰСҚА

«Қазақ тілі аса бай тіл, икемді, орамы мен бұрамын тау-

ып, қисынын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас 

қашап, ағаш күзеп, текемет басуға болады». Белгілі мемлекет 

және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов шұрайлы тіл біліміне 

өз бағасын осылай берген. Ойшыл филологтың ізін басып, 

қазақ тілін халықтық мәртебесін алуға қызмет етіп, ізденістері 

арқасында 60-қа жуық ғылыми әдістемелік құралдарды 

құрастырып, ғылыми еңбектерді жарыққа шығарған жерлесіміз 

Амангелді Қошқаридің қайраткерлігі құрметтеуге лайық.

Мектептің мерейін тасытып, ізденімпаз жастың үмітін 

үкілеген стипендия жеңімпаздарын анықтау үшін мектеп ішілік 

комиссия құрылып, талапкерлерді іріктеді. Сын сағатынан 

сүрінбей өткен үміткер дүбірлі кеште тұғырлы төрден табылды. 

Осындай дүбірлі доданың мәресін көпшілікке жариялаған мек-

теп директоры Әлімжан Рахметұлы: «Жаңақорған топырағында 

талай дүлдүлдер табан тіреген. Оның ішінде біздің мектептің 

табалдырығынан түлеп, қабырғасынан қуаттанып, білім алған 

қаншама елге белгілі саясаткерлер, тарихшылар, беделді қоғам 

қайраткерлері, қарымды қаламгерлер, филолог ғалымдар, про-

фессорлар бар. Біз солар салған ізбен келешекке қадам ба-

сып келеміз. Сіздерді ел намысын жықпайтын, халық сенімін 

ақтайтын жігерлі жан болып өседі деп сенем!», – деп жастарды 

жігерлендіріп өтті. 

Көпшілік күткен жеңімпаздардың атын атап, ерікті сти-

пендияны табыстауды жөн көрген басшы ғалымның жары 

Қостаева мен қызы Әлия Қошқарованы шаршы алаңға 

шақырды. Профессордың отбасы комиссия ұйғарған орыс тілі 

пәнінің ұстазы София Изатова мен 10 сынып оқушысы Ұлдана 

Жаңабековаға «Амангелді Қошқари атындағы шәкірт ақыны» та-

быстады.

Алғаш рет шәкіртақыға ие болған Ұлдана Жаңабекова: «Мен 

үшін бұл күтпеген оқиға болды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін 

асқақтатып, халықтық тіл болуына сүбелі еңбек еткен Амангелді 

Бөтешұлының дара жолын жалғастырып, келешекте осы ғалым 

секілді елге қызмет еткім келеді. Ол кісінің жете алмаған, 

не болмаса, бастап аяқтай алмаған ісін жалғастыру біздің 

міндетіміз», – деп пікірін жеткізді.

Стипендианттарды құттықтап, ғалым туралы білгенімен 

бөліскен техника ғылымдарының докторы, профессор, Алия-

ров Бірлесбек Қаниұлы мен үзенгілес достары Сүйіндік Ержанов, 

Нұрғали Қошқаров, Әбдімәлік Оспанов қазақ тілінің жанашыры 

туралы естеліктерімен бөлісті.

Айта өтуіміз керек, Амангелді Бөтешұлының шәкіртақысы 

алдағы уақытта да берілетін болады. Ғылымға сүбелі еңбегімен, 

зерттеу жұмысының мазмұндылығымен ел есінде сақталған 

ғалымның отбасының бұл ісі құптарлық. Көпшілік осы отбасының 

ісінен үлгі алса қандай ғанибет!




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал