Қоғамдық саяси, әлеуметтік экономикалық газет №6-7 (8850)



жүктеу 1.36 Mb.

бет9/12
Дата30.05.2017
өлшемі1.36 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

О.  ЖОлсеитОв,

   аудандық   прокуратураның  прокуроры.

ЕңбЕк    заңнамасы    

сЕнімді    қорғалады

 

ербол Мұқамерұлы Қасқарауов, 1959 жылдың 16 мамы-



рында  Панфилов  ауданының  Үшарал  ауылында  туылған,  білімі-

жоғары,  мамандығы-қаржыгер,  жалпы  еңбек  өтілі-35  жыл,  оның 

ішінде  мемлекеттік  қызмет  саласындағы  еңбек  өтілі-26  жыл.  3 

баланың  әкесі.  Қызметі-  Алматы  облысының  еңбек  инспекциясы 

бойынша  басқармасының  мемлекеттік  еңбек  инспекторы,  Райым-

бек- Ұйғыр-Панфилов  ауданаралық  өкілі. 

 

Марапаттары: 



 

2009  жылы-Қазақстан  Республикасының  еңбек  және 

халықты  әлеуметтік  қорғау  министрі  Г.Абдіхалықованың  «Мақтау 

грамотасы», 

 

2011 жылы- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 

20 жыл» мерекелік медалі. 

2011-2012 жылдары- Қазақстан Республикасы еңбек және халықты 

әлеуметтік  қорғау  министрлігінің  Бақылау  және  еңбек  қорғау 

Комитеті төрағасы с.Бисақаевтың «Алғыс хаттары». 

 

2013  жылы  Алматы  облысы  әкімінің  орынбасары 

с.Бескемпіровтың «Алғыс хаты». 

 

2014  жылы    Алматы  облысының  әкімі  А.Баталовтың 

«Мақтау грамотасы». 

 

2016  жылы-Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау 

және әлеуметтік даму министрі т.Дүйсенованың «Әлеуметтік-еңбек 

саласының үздігі» төсбелгісі.

 

-ербол Мұқамерұлы, еңбек шартының басты ерекшелігі туралы не айтар едіңіз? 

     -Еңбек шарты-жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісімі, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір 

жұмысты жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген 

еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік-

құқықтық актіленрінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз 

етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. 

    


-Бейбәсекелестік шарт туралы не айтасыз? 

    -Бейбәсекелестік туралы шарт-жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге асырмау туралы 

жұмыскерге тиым салу. Бейбәсекелестік туралы шартқа қол қойып, жұмыскер өзінің жұмыс мерзімі барысында 

жұмыс берушіге бәсекелес ұйымдарда жұмыс істемеуге немесе өзге қызметті жүзеге асырмауға міндеттенеді.

     

-Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде  жұмыс берушінің қандай актілері рәсімделеді? 

     -Жұмыс берушінің актілері- жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ере-

желер,  ауысымдық  кестелер  және  демалыс  кестелері  болып  табылады.  Іс  тәжірибеде  жұмысқа  қабылдау 

бұйрық немесе өкім ретінде рәсімделеді. Бұйрықты әзірлеу мен рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының 

Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік 

және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына» 

сәйкес  жүзеге  асырылады.  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  Кодексінің  136-бабының  2-тармағына  сәйкес 

үйде істейтін қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы  актіні шығару және оның жұмысы туралы  мәліметтерді 

еңбек кітапшасына енгізуді жұмыс беруші жүргізбейді.

   


Өз  құзыретіңіз  шегінде  жауапты  аймақта  еңбек  заңнамасының  сақталуын  мемлекеттік  бақылауды 

жүзеге асыру барысында 2016 жылы қанша шаруашылық жүргізуші субьектіні тексердіңіз және қандай 

негізгі кемшіліктерді анықтадыңыз?  

          -2016  жылы  жоғарыда  аталған  үш  ауданда  126  мекеме  тексеріліп,  530  еңбек  заңнамасын  бұзу  дерегін 

анықтап 185 жұмыс берушілерге жалпы сомасы 5 миллион 200 теңге әкімшілік құқық бұзушылық айыппұл са-

лынып және жазбаша түрде кемшіліктерді тиісте мерзімде жою үшін ұйғарымдар жазылып берілді. Ал, еңбек 

заңнамасы талаптарын бұзу деректері бойынша жұмыс берушілер тарапынан жіберген негізгі, ортақ кемшіліктер 

ретінде атап өтуге тұратын деректер мыналар: жасалған еңбек шартының мазмұндары Еңбек Кодексі талап-

тарына  сәйкес  келмейді,  еңбек  шарттарында  айлық  жалақы  сомалары  көрсетілмейді,  еңбек  шартын  жасасу 

үшін қажетті құжаттар талап етілмейді, жұмыскерлер мен қызметкерлерді жұмыстан шеттету еңбек заңнамасына 

сәйкес  жүргізілмейді,  жұмыс  уақытының  қалыпты  ұзақтығы  еңбек  заңнамасына  сәйкес  жүргізілмейді,  үстеме 

жұмыстардың  шекті  саны  қадағаланбайды,  жұмыс  берушілердің  бекіткен  кестесі  бойынша  қызметкерлер  мен 

жұмыскерлер жыл сайынғы ақы төленетін кезекті еңбек демалыстарына жіберілмейді, жалақы төлеудің тәртібі 

мен  мерзімдері  сақталмайды,  күзетшілер  мен  еден  жуушыларды  арнайы  киімдермен  қамтамасыз  етпейді, 

қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жауапты адамдар білімін көтеру мен аттестаттаудан өтпейді, әр ма-

мандар бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөнінде 2016 жылғы нұсқаулықтар жұмыс берушінің бекітуімен 

жүргізілмейді  және  жұмыс  беруші  босаған  бос  лауазым  орындарына  жергілікті  жұмыспен  қамту  орталығына 

жазбаша түрде сұраныс жазбайды.Шағын кәсіпкерлік нысандарының иелері немесе оларды басқарушы жеке 

тұлғалар салықтық,  міндетті зейнетақылық және сақтандыру, жалақылық төлемдерден жалтару мақсатында 

жалдамалы  жұмыскерлермен  ешқандай  еңбек  шартын  жасаспайды,  мүмкіндігінше  жалақы  төлейтін  кезде 

жұмыскердің жұмысынан «кінәрат» тауып, жұмыстан кетуін талап етуге дейін барады, заңды құқығы бұзылған 

жеке тұлғаның уәкілетті органдарға шағымданып өз құқығын қорғау мүмкіндігі жоқтығын пайдаланған   кәнігі, ай-

лакер «байшікештер»  ондай тегін жұмыс күшін пайдаланудан, заңның ақтаңдақтарын өз пайдасына жаратудан 

мол «тәжірибе» жинақтап алған. 

     

  Азаматтар  тарапынан  сұрақтар  туындаған  жағдайда  мен  қызмет  істейтін    Талдықорған  қаласында 



орналасқан  Алматы  облысының  еңбек  инспекциясы  бойынша  басқармасына  (8-728)  224-77-28-қызметтік, 

87013734404- ұялы байланыс телефондарына хабарласуларына болады.

     -

Қызметіңізде басшылыққа алатын басты қағидаңыз не? 

          -Мемлекеттік  қызметкер  ретінде  заңмен  белгіленген  барлық  қағидалар  талаптарын  қатаң  сақтау,  еңбек 

адамдарының заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылмауына ықпал ететін еңбек заңнамасының   кез-келген 

жұмыс  берушілер  тарапынан  біркелкі  сақталуын  мемлекеттік  бақылауды  қолданыстағы  заңнама  талаптары-

на  сәйкес  жүзеге  асыру  менің  күнделікті  қызметімде  ұстанатын  басты  қағидаларым  болып  табылады.  Еңбек 

заңнамасының анықталған бұзушылықтарына қарай тиісті актілерді заң шеңберінде шығару-қызметтік міндетім. 

Өз жауапты аймағымда еңбек заңнамасы сенімді қорғалуда деп айта аламын. Ал, халқыма адал қызмет ету мен 

үшін өмірлік ұстаным болып табылады. 

     

-ербол Мұқамерұлы, өзіңіздің  отбасыңыз жайлы айтып өтсеңіз .

     -Жұбайым Гүлжан Нұрақынқызы Әшімбекова жоғары санатты ұстаз, Жаркент гуманитарлық колледжінде 33 

жыл бойы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп келеді.  Үлкен қызым-Эльвира жоғары білімді эконо-

мист, Қазақстан Халық банкінің Панфилов аудандық бөлімшесінде менеджер болып қызмет жасайды, жан ұялы 

2 баланың анасы. Екінші қызым- Гүлнұр арнаулы орта білімімен Жаркент қаласындағы балабақшада тәрбиеші 

болып істейді. Ұлым-Бауыржан жоғары білімді экономист, Алматы қаласындағы ірі корпорацияда бас менеджер, 

ал келінім Айнұр сол қаладағы Орталық Халық банкісінде менеджер  болып  өз мүмкіндіктерін, қабілетін, күш-

жігерін, білімдерін халқына адал қызмет етуге арнауда.

     -Ербол Мұқамерұлы  басылым редакциясына арнайы келіп сұхбат бергеніңізге рахмет! Сізге зор 

денсаулық, жан ұялық бақыт, береке тілей отырып   тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы, байлығы 

-азаматтарымыздың  еңбек заңнамасымен белгіленген заңды құқылары мен мүдделерінің сенімді сақшысы 

болып әрқашанда абырой биігінен көріне беріңіз демекпін! 

     -Қазақстан Республикасындағы мазмұнды, бай тарихы бар,ең беделді басылым ретінде танылған «Жаркент 

өңірі» газетінің оқырманы көп болсын, еңбек ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін!



Бекмұхамет   сеРІКБАев

Жаркент    қаласы.

 

Прокуратура    бірінші 



кезекте    құқық  қорғау  органы 

болғандықтан  әлеуметтік  салада 

заңның қатаң сақталуына аса на-

зар аударады. 

 

Анығын  айтқанда,  Ал-



маты 

облысының 

прокурату-

расы    "Мүгедектерге  жұмыс" 

атты  әлеуметтік  жобаны  қолға 

алып  отыр.Бұл  жобаны  таңдауға 

келесідей факторлар түрткі болды.

 

Біріншіден,  мүмкіндіктері 



шектеулі 

жандардың 

алдын-

да  белгілі  бір  қиындықтар  мен 



кедергілер  бар  екендігі  сөзсіз 

түсінікті.

 

Екіншіден, 



кәсіби 

дайындығы  жоқ  болғандықтан 

және  дені  сау  адамдармен 

бәсекеге  түсе  алмағандықтан, 

бұндай  адамдарға  еңбектің  ашық 

нарығында  жұмыс  табу  оңайға 

түспейді.

 

Және 



үшіншіден, 

мүмкіндігі  шектеулі  жандар  өз 

мойнына 

алған 


міндеттерін, 

соның  ішінде  жұмысқа  бай-

ланысты 

міндеттерді,  

асқан 

жауапкершілікпен 



орындайтындығын 

әлемдік 


тәжірибе мәлімдеп отыр.

 

Бұл жобаны жүзеге асы-



ру  барысында  қандай  нәтижеге 

жеттік?


 

Қазіргі 


күнге 

қалыптасқан жағдайды таразылай 

келгенде,  жергілікті  органдардың 

толыққанды  жұмыс  жүргізбегені 

анықталды.

 

Мүгедектерге  олардың 



жұмысқа  орналасуына  қатысты 

қандай  мүмкіндіктері  бар  екендігі 

туралы  түсіндірме  жұмыс  жоқтың 

қасы.  Бұл  жағдай  прокурату-

ра  тарапынан  18  бен  60  жас 

аралығындағы  мүгедектер  ара-

сында жүргізілген сұрақ-жауап ба-

рысында белгілі болды. 

 

Анықтама 



бойынша: 

ПРОКуРАтуРАДА

Әлеуметтік  жоба    

қолға    алынды

ЖАЛҒАН   АҚПАРАТ   ТАРАТУ  

ЗАҢМЕН   ҚУДАЛАНАДЫ

АдАм. ҚоғАм. ЗАң



БІзДІң   сҰхБАт

ҚАуІП    ҚАйДАн   ДеМеңІз!

сұрақ-жауап  жүргізілгендердің  90 

пайызы  жұмыс  тапқысы  келеді, 

56  пайызы  өз  ісін  ашуға  дай-

ын,  67  пайызы  жұмыспен  қамту 

орталықтарына  бармаған,  60 

пайызы  мүгедектіктің  себебінен 

жұмысқа қабылданбаған.

Сөйтіп,  аталып  отырған  салада 

мемлекеттік  саясаттың  дұрыс 

орындалмауынан  мүгедектердің 

жұмысқа  орналасу  құқығына 

нұқсан  келтіріліп  отыр.  Соны-

мен  қатар  мүмкіндігі  шектеулі 

жандардың осы мәселеге қатысты  

мемлекеттік  органдарға  деген 

сенімсіздік танытатыны сезіледі.

 

Біріншіден, 



ауқымды 

сұрақтар  бойынша  заңнаманы 

жетілдіруге  қатысты  ұсыныстар 

жасалды. 

Олар 

жұмыс 


берушілердің  тарапынан  жа-

салатын  қолдау  жолдары  мен 

салық  жеңілдіктерінен  бастап, 

мүгедектерге арналған әлеуметтік 

қамсыздандыру 

шараларына 

дейінгі мәселелерді қамтиды.

 

Екіншіден,  мүгедектерге  



жұмысқа  орналасу  үшін  не  істеу 

керектігін  өте  қарапайым  түрде 

түсіндіретін  ескертпелер  дайын-

далып,  мейлінше  көзге  түсетін, 

қолжетімді  жерлерге  орналасты-

рылды.  


 

Көптеген 

ірі 

жұмыс 


берушілермен 

заң 


тура-

лы  түсініктеме  жүргізіліп,  бұл 

мәселеге  байланысты  айыппұл 

салынатыны  және  мүгедектердің 

құқықтарының 

сақталуы 

мемлекеттің бақылауында екендігі 

ескертілді.

Бұл  іс-шаралар  өзінің  нәтижесін 

көрсете  бастады,  қазірдің  өзінде 

250 мүгедек өз қалаулары бойын-

ша жұмысқа орналасты.

 

Жобаны  жүзеге  асыру 



жалғасуда.

          



Алматы   облысының  про-

куратурасы.

«Жаркент  өңірі»

3 ақпан  2017  жыл

№ 7 (8850)

12

 

Көші  қон  полиция  тобы  2016  жылдың  22 

желтоқсанында  Қазақстан  Республикасының  №28-VI 

Заңымен  Қазақстан  Республикасының    әкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы Кодексінің 492-493 баптары бойынша 

тиісті жауапкершілік шаралары қатайтылғанын хабарлай-

ды. Атап айтқанда: 492-бап. Қазақстан Республикасында 

тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру.

1.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  күнтізбелік 

он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе 

жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, 

уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы 

–ескерту жасауға әкеп соғады.

2.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  бір  айдан 

астам  мерзімде  жеке  куәлiксiз  немесе  жарамсыз  жеке 

куәлікпен  не  тұрғылықты  жері  бойынша,  уақытша  бола-

тын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы –жеті айлық 

есептiк  көрсеткiш  мөлшерiнде  айыппұл  салуға  әкеп 

соғады.

3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, 



әкiмшiлiк  жаза  қолданылғаннан  кейiн  бiр  жыл  iшiнде 

қайталап  жасалған  іс-әрекет  –  он  үш  айлық  есептiк 

көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4.  Қазақстан  Республикасында  шетелдiктiң  немесе 

азаматтығы  жоқ  адамның  күнтізбелік  он  күннен  астам 

мерзімде  тұрақты  тұрғылықты  жері  бойынша  тіркеусіз 

не  тұруға  ықтиярхатсыз  немесе  азаматтығы  жоқ  адам 

куәлiгінсiз  не  тұруға  ықтиярхаты,  азаматтығы  жоқ  адам 

куәлігі  жарамсыз  болып  тұрақты  тұруы,  сондай-ақ  ішкі 

істер  органдарын  паспорттың,  тұруға  ықтиярхаттың 

не  азаматтығы  жоқ  адам  куәлігінің  жоғалғаны  туралы 

уақтылы  хабардар  етпеуі  он  айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5.  Осы  баптың  төртінші  бөлiгiнде  көзделген,  әкiмшiлiк 

жаза  қолданылғаннан  кейін  бір  жыл  iшiнде  қайталап 

жасалған іс-әрекеттер –жиырма айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерінде  айыппұл  салуға  әкеп  соғады.Ескертпе. 

Осы  баптың  бірінші  бөлігінің  Қазақстан  Республикасы 

азаматтарының  уақытша  болатын  (тұратын)  жері  бой-

ынша  тіркеусіз  тұруы  туралы  талабы  уақытша  болатын 

(тұратын) жері бойынша бір айға дейінгі мерзімде тұратын 

уақытша тұрғындарға қолданылмайды.

Ескерту. 492-бап жаңа редакцияда - ҚР 22.12.2016 № 28-

VI  Заңымен  (алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

493-бап. Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында 

тұрғынжайлар,  ғимараттар  және  (немесе)  үй-жайлар 

бар  басқа  да  тұлғалардың  оларда  нақты  тұрмайтын 

жеке  тұлғаларды  тіркеуге  жол  беруі  не  меншік  иесіне 

тиесілі  немесе  басқа  да  тұлғалардың  қарамағындағы 

тұрғынжайларда,  ғимараттарда  және  (немесе)  үй-

жайларда  тіркелген  және  тұрмайтын  жеке  тұлғаларды 

тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбауы не жеке 

тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол беруі

1.  Тұрғынжай  меншік  иесінің  немесе  қарамағында 

 

«Азаматтарға  арналған  үкімет»  Мемлекеттік  корпорациясы»  коммерциялық  емес  акционерлік 



қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» 

Департаментінің  құрылымдық  бөлімшелері  өткен  жылдың  желтоқсан  айында  азаматтардың  зейнетақы  және 

жәрдемақы төлемдерін қайта есептеу жұмысын аяқтап, жаңа жылдан бастап олардың төлемдері жаңа көлемде 

жүргізіле бастады.  

 

Әлеуметтік төлемдерді есептеуде қолданылатын базалық көрсеткіштер республикалық бюджетпен 



бекітілді.

Сонымен, 2017 жылдың 1 қаңтарынан келесі көрсеткіштер бекітілді:

-   Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) -  2 269 теңге;

-   Төменгі зейнетақы төлемі – 28 148 теңге;

-   Төменгі күн көріс деңгейі (ТКД) – 24 459 теңге;

-  Базалық зейнетақы төлемі – 12 802 теңге;

-   Төменгі еңбекақы мөлшері – 24 459 теңге;

-   Тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеуде есепке алынатын ең жоғарғы табыс – 41 АЕК (93 029 теңге).

2017 жылғы зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің жаңа көлемін келтіреміз!

Балалардың туылуына байланысты жәрдемақы:

Бірінші, екінші, үшінші бала туылғанда – 71270 теңге (31,41 АЕК);

Төртінші және одан көп бала туылғанда  – 118 783 теңге  (52,35 АЕК);

Екі егіз (үш егіз және т.б.) балалардың туылуына байланысты біржолғы жәрдемақы әр балаға жеке төленеді және 

оның мөлшері баланың туу кезектілігіне байланысты болады.



Баланың 1 жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы:

-    1-ші балаға – 13 070 теңге (5,76 АЕК);

-    2-ші балаға – 15 452 теңге (6,81 АЕК):

-    3-ші балаға – 17 812 теңге (7,85 АЕК);

-    4-ші және одан кейінгі балаға – 20 195 теңге (8,9 АЕК).

Баланың 1 жасқа дейінгі күтімі бойынша аталған жәрдемақы жұмыс істемейтін анаға (немесе әкеге) республикалық 

бюджет қаржысының есебінен төленеді.

Жұмыс  істейтін  анаға  (әкеге)  баланың  1  жасқа  дейінгі  күтіміне  байланысты  табысынан  айрылған  жағдайда 

Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындалады және оның мөлшері 

бала  туылғанға  дейінгі  соңғы  24  айдың  ішінде  әлеуметтік  аударымдар  жүргізілген  орташа  айлық  табыстың  40 

пайызын құрайды.

        Мүгедек-балаларды тәрбилеуші ата-аналарға, қамқоршыларға олардың отбасы табысына қарамастан 25 682 

теңге (1.05), көлемінде жәрдемақы тағайындалады.

Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар:

1. 


Жалпы аурулар, еңбек жарақаты немесе кәсіби ауру салдарынан мүгедек болғандарға, бала кезінен 

мүгедектерге:

-     1-ші топ мүгедектеріне  – 43 538 теңге (1,78 ТКД);

-     2-ші топ мүгедектеріне – 33 999 теңге (1,39 ТКД);

-     3-ші топ мүгедектеріне – 23 970 теңге (0,98 ТКД);

-    16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға – 32 042 теңге (1,31 ТКД);

-    1-ші топ бала кезінен мүгедектерге – 43 538 теңге (1,78 ТКД);

-     2-ші топ бала кезінен мүгедектерге – 35 466 теңге (1,45 ТКД);

-     3-ші топ бала кезінен мүгедектерге – 27 884 теңге (1,14 ТКД);

2.  Мүгедектікке  әскери  қызметтен  өту  кезінде  алған  жарақаттың,  контузияның,  мертігудің,  аурудың  салдары-

нан  душар  болған  мерзімді  қызметтегі  әскери  қызметшілер  қатарынан  шыққан  мүгедектер,  азаматтық  немесе 

әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі 

авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар; себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда 

төтенше экологиялық жағдайлар, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер 

етудің салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектерге: 

-    1-ші топ мүгедектеріне – 51 609 теңге (2,11 ТДК);

-    2-ші топ мүгедектеріне – 41 581 теңге (1,7 ТДК);

-    3-ші топ мүгедектеріне– 32 042 теңге (1,31 ТДК).

3.  Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, 

ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), ар-

наулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының 

ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері арасынан шыққан мүгедектерге:

-  1-ші топ мүгедектеріне – 67 018 теңге (2,74 ТДК);

     2-ші топ мүгедектеріне – 47 696 теңге (1,95 ТДК);

-  3-ші топ мүгедектеріне – 32 042 теңге (1,31 ТДК).

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы:  

1 еңбекке жарамсыз асыраудағы мүшеге –21035 теңге (0,86 ТКД);

-  2 асыраудағы мүшелерге – 36 444 теңге (1,49 ТКД еңбекке жарамсыз барлық отбасы мүшелеріне);

- 3 асыраудағы мүшелерге – 45 250 теңге (1,85 ТКД еңбекке жарамсыз барлық отбасы мүшелеріне);

- 4 асыраудағы мүшелерге – 47 940 теңге (1,96 ТКД еңбекке жарамсыз барлық отбасы мүшелеріне);

-  5 асыраудағы мүшелерге – 49 652 теңге (2,03 ТКД еңбекке жарамсыз барлық отбасы мүшелеріне); 

-  6 және одан көп еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері болғанда жәрдемақы әр бір мүшесіне 2,11 ТКД-нің бірдей 

үлесі ретінде есептеледі (51 609 теңге);

- ата–аналарының екеуінен бірдей айырылған балаларға (тұлдыр жетім) айлық жәрдемақы 28 862 теңге (1,18 ПМ) 

көлемінде (әр балаға, еңбекке жарамсыз қалған отбасы мүшелеріне 13208 теңге (0,54 ПМ), бірақ барлық еңбекке 

жарамсыз отбасы мүшелеріне 2,56 ТКД (62 616 тенге) аспайтын мөлшерде тағайындалады.

№1 тізім бойынша мемлекеттік жәрдемақы – 21 374 теңге (9,42 АЕК); 

№2 тізім бойынша – 19 015 теңге (8,38 АЕК).

Жерлеуге берілетін бір реттік жәрдемақы:

Зейнетақы және жәрдемақы алушыларды жерлеуге –- 35 624 теңге (15,7 АЕК);

ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектеріне – 83 046 теңге (36,6 АЕК).

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

-  ҰОС –ның қатысушыларына – 36 304 теңге (16 АЕК);

-  ҰОС-ның мүгедектеріне – 36 304 теңге (16 АЕК);

-   жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС-ның қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға – 14 046 теңге (6,19 

АЕК);

  – жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС-ның мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - 17 131 теңге (7,55 АЕК);



-ҰОС-да опат болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшінің қайтадан некеге отырмаған әйелдеріне  

– 10 166 теңге (4,48 АЕК); 

-Ауғанстандағы  немесе  ұрыс  қимылдары  жүргізілген  басқа  мемлекеттердегі  ұрыс  қимылдары  кезеңінде  жа-

ралануы,  контузия  алуы,  зақымдануы,  ауруы  салдарынан  қаза  тапқан  (хабар-ошарсыз  кеткен)  немесе  қайтыс 

болған  әскери  қызметшілердің;  бейбіт  уақытта  әскери  қызметін  өткеру  кезінде  қаза  тапқан  (қайтыс  болған) 

әскери  қызметшілердің  отбасылары  үшін;  қызметтік  міндетттерін  атқару  кезінде  қаза  тапқан  ішкі  істер  ор-

гандары  қызметкерлерінің  отбасылары  үшін;  Чернобыль  АЭС-ндегі  апаттың  және  азаматтық  немесе  әскери 

мақсаттағы  объектілердегі  басқа  да  радиациялық  апаттар  мен  авариялардың  зардаптарын  жою  кезінде  қаза 

тапқан  адамдардың  отбасылары  үшін;  сәулелену  ауруы  салдарынан  қайтыс  болғандардың  немесе  қайтыс 

болған мүгедектердің, сондай-ақ өлімі Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы 

объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың әсер етуіне белгіленген тәртіппен байланысты 

болған азаматтардың отбасылары үшін - 10 415 теңге (4,59 АЕК);

-қайтыс  болған  соғыс  мүгедектерінің  және  соларға  теңестірілген  мүгедектердің  қайтадан  некеге  отырмаған 

әйелдері  (күйеулері),  сондай-ақ    қайтыс  болған  соғысқа  қатысушылардың,  партизандардың,  астыртын  күрес 

жүргізгендердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен 

марапатталған,  жалпы  аурудың,  еңбек  жарақатының  салдарынан  және  басқа  да  себептерден  (заңға  қарсы 

әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдері (күйеулері) үшін –  5 809 теңге (2,56 АЕК);

-   Кеңес Одағының Батырларына, 3 дәрежелі Даңқ Орденінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» 

құрметті атағына ие болғандар үшін - 314 552 теңге (138,63 АЕК);

-  ҰОС-на қатысушылар қатарынан Социалистік Еңбек Ерлері үшін – 169 381 теңге (74,65 АЕК);

-  Социалистік Еңбек Ерлері, 3 дәрежелі Еңбек Даңқы Орденінің иегерлері үшін  – 21 783 тенге (9,6 АЕК);

-    ҰОС  жылдарында  тылдағы  қажырлы  еңбегі  мен  қалтқысыз  әскери  қызметі  үшін  бұрынғы  КСР  Одағының 

ордендері мен медальдарымен марапатталған, 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырын 

қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) адамдар үшін – 4 833 тенге (2,13 АЕК);

-  1988-1989  жылдарда  Чернобыль  АЭС-дегі  апаттың  салдарын  жоюға  қатысушылар,  қоныс  аудару  күнінде 

құрсақта  болған  балаларын  қоса  алғанда,  оқшаулау  және  қоныс  аудару  аймағынан  (өз  бетімен  кеткен)  ҚР-на 

қоныс аударғандар қатарындағы адамдар үшін - 4 833 тенге (2,13 АЕК);

-  1 және 2 топ мүгедектеріне – 3 381 тенге (1,49 АЕК);

-  3 топ мүгедектеріне – 1 453 тенге (0,64 АЕК);

-  16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға – 2 179 тенге (0,96 АЕК);

-  16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедектерге: 

- 1 және 2 топқа – 3 381 тенге (1,49 АЕК);

- 3 топқа – 1 453 тенге (0,64 АЕК);

-  «Алтын  алқа»,  «Күміc  алқа»  белгілерімен,  I  және  II  «Ана  даңқы»  ордендерімен  марапатталған  немесе  бұрын 

«Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар үшін  - 14 522 тенге (6,4 АЕК);

 бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта 

кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасылары үшін, олар кәмелеттік 

жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (брақ 23 жастан аспайтын)– 9 440 тенге (4,16 АЕК);

-  саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндерден 

зардап шеккен адамдар үшін– 2 428 тенге (1,07 АЕК);

-  Қазақстан Республикасының алдында сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар үшін –2 428 тенге 

(1,07 АЕК).

 

2017  жылға  дейін  тағайындалған  жасқа  байланысты  зейнетақы  мөлшері    9%  дейін  көтерілді.  



Зейнетақының басқа бөлігі – базалық 2017 жылы 12 802 тенгеге тең, ол төменгі күн көріс деңгейінің 52% құрайды.  

 

2016 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 



салтанатты жиында Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Келесі жылы 

Үкіметке зейнетақы мөлшерін 2016 жылдың деңгейімен 20 пайызға арттыруды тапсырамын.   Бұл арттыру 2 мил-

лион 100 мың қазақстандықтарды қамтитын болады. Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 шілдесінен баланың туылуы-

на байланысты бір жолғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 20 пайызға арттырылсын» деп жүктеген 

болатын.Осылайша, 2017 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы мөлшері  9%-ға арттырылды. Қазақстан  Республи-

касы  Президентінің  тапсырмасын  орындау  мақсатында  жасқа  байланысты  және  еңбек  сіңірген  жылдары  үшін 

тағайындалған зейнетақы, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20 

пайызға дейін өсуін қамтамасыз ете отырып арттырылатын болады. 

 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 28.06.2005 



жылғы «Балалары бар отбасыларына арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына тиісті өзгертулер мен 

толықтырулар енгізу арқылы 2017 жылдың 1шілдесінен баланың туылуына байланысты жәрдемақы мөлшерін 20 

пайызға арттыру жоспарланып отыр.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасын нақты және сапалы орындау үшін «IТВЕО» Дирекциясының 



қызметкерлері зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін арттыруда бар күш-жігерін сала еңбек етеді 

деп сеніммен айта аламыз.  

Міндетті  әлеуметтік    медициналық   

сақтандыру (МӘМС)   деген не?

                    Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  На-

зарбаев    20  мамыр  2015  жылы    бес 

институционалдық  реформаны  жүзеге 

асыру  жөніндегі    «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарын    ұсынды.  «Кәсіби  мемлекеттік 

аппарат  құру»,  «Заңның  үстемдігін 

қамтамасыз  ету»,  «Индустрияландыру 

және  экономикалық  өсім»,  «Есеп  беретін 

мемлекетті  қалыптастыру»  деп  аталатын 

бөлімдерден  тұратын  ресми  құжаттың 

өн  бойында  мемлекет  дамуының  алдағы 

уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.  

«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және 

ішкі  сын-қатерлерге  жауап  және  сонымен 

бір  мезгілде,  жаңа  тарихи  жағдайларда 

Ұлттың 

дамыған 


мемлекеттердің 

отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.  

  «100  нақты  қадам»  елімізге  «2050-Стра-

тегиясын»  жүзеге  асыру  мен  Қазақстан 

мемлекеттілігін 

нығайтуға, 

жолдан 

адаспауға,  күрделі  кезеңнен  сенімді  өтуге  



жағдай  туғызатын  беріктік  қорын  жасап 

беретін болады.

    Айқындалған 100 нақты қадамның  80, 

81,82  қадамдары  денсаулық  сақтау  және 

әлеуметтік  даму  саласына  қатысты.  Атап 

айтсақ,  80-қадам    -  міндетті  әлеуметтік 

медициналық  сақтандыруды  енгізу  бо-

лып  табылады,  яғни,    мемлекет,  жұмыс 

беруші  және  азаматтың  ынтымақтасқан 

жауапкершілігі 

қағидаты 

негізінде 

денсаулық  сақтау  жүйесінің  қаржылық 

орнықтылығын  күшейту.    Бастапқы 

медициналық-санитарлық  көмекті  (БМСК) 

басымдықпен  қаржыландыру.  Бастапқы 

көмек  аурудың  алдын  алу  және  ерте 

бастан  күресу  үшін  ұлттық  денсаулық 

сақтаудың  орталық  буынына  айнала-

ды.  81-қадам.  Жекеменшік  медицина-

гы  дамыту,  медициналық  мекемелерге 

корпоративтік басқаруды енгізу. 82 -қадам.  

Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму 

министрлігі қасынан медициналық қызмет 

сапасы  бойынша  бірлескен  комиссияны 

құру.   


          «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарының 

80-қадамына    сәйкес      медициналық 

сақтандыру  қоры  2017  жылдың  1 

қаңтарынан 

жұмыс 

істей 


бастай-

ды.  Міндетті  әлеуметтік  медициналық 

сақтандыру  жүйесі  (МӘМС)    –  бұл 

халықтың 

денсаулығын 

сақтау 


саласындағы 

мүдделерді 

әлеуметтік 

қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС 

жүйе  қатысушыларына  уақытылы, 

қолжетімді,  сапалы  медициналық 

және  дәрі-дәрмектік  көмек  ұсынуды 

қамтамасыз  етеді.    Сақтандыру 

пакетіне  амбулаторлық-емханалық 

көмек, 


стационарлық 

көмек 


(әлеуметтік маңызды ауруларды есеп-

темегенде), стационарлық көмекті ал-

мастыратын  көмек,  қалпына  келтіру 

емдік  шаралары,  медициналық  реа-

билитация,  паллиативтік  көмек  және 

мейірбикелік  қарау  мен  жоғарғы 

технологиялық  көмек  кіреді.  Атал-

мыш  пакетті  алу  құқығы  жарнасы 

төленген  ел  азаматтарына  және  ел 

аумағында  тұрақты  өмір  сүретін 

шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ 

тұлғаларға беріледі. Бұл ретте, мем-

лекет  экономикалық  белсенділігі 

төмен  халық  үшін  жарна  төлейді. 

Ал  жұмыс  берушілер  –  жалдамалы 

жұмысшылары  үшін,  қызметкерлер 

мен  салық  органдарында  тіркелген 

өзін-өзі  қамтыған  азаматтар  өздері 

үшін жарна аударады.

        Ерекше санаттағы азаматтар, 

яғни,  халықтың  әлеуметтік  әлжуаз 

тобы  үшін  мемлекет  төлейтін 

жарнаның  мөлшерлемесі  орташа 

айлық  еңбекақының  7  пайызын 

құрайды.  Оның  көлемі  біртіндеп 

өседі,  сөйтіп,  мемлекеттің  жарнасы  

2018  жылы  5  пайыз,  2023  жылы  6 

пайыз, 2024 жылдан бастап 7 пайыз 

көлемінде болады.

         Ал жұмыс берушілердің жарна-

сы кірістің 5 пайызын құрамақ. Ауда-

рым 2017 жылы 1 шілдеден 2 пайыз, 

2018  жылы  3  пайыз,  2019  жылы  4 

пайыз,  2020  жылы  5  пайыздан  ба-

сталады. Қызметкерлер жарнасының 

мөлшерлемесі  кірістің  2  пайызын 

құрамақ. Бұл орайда, олар 2019 жыл-

дан  1  пайыз,  2020  жылдан  бастап  2 

пайыз мөлшерінде аудара бастайды.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтыған аза-

маттар  жарнасының  мөлшерлемесі 

(жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, 

жеке  сот  орындаушылары,  адвокат-

тар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-

құқықтық  негіздегі  келісім  бойынша 

кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың 

кірісінің 7 пайызын құрамақ. Ол 2017 

жылы    1  шілдеден  2  пайыз,  2018 

жылы  3  пайыз,  2019  жылы  5  пай-

ыз,  2020  жылдан  бастап  7  пайыз 

мөлшерінде болады.

              Өзін-өзі  жұмыспен  қамтыған 

және  жұмыссыз  азаматтар  МӘМС  

жүйесінің  қатысушысы  болу  үшін  - 

дара  кәсіпкерлер  жергілікті  салық 

органдарында тіркелуі тиіс.  Жұмыс 

болмаған  жағдайда,  жұмыспен 

қамту  органдарында  тіркелуден 

өтіп, жұмыссыз деген мәртебе  алуы 

қажет. Жұмыссыз ретінде тіркелген 

азаматтар үшін жарналарды мемле-

кет жүзеге асырады. 

                            Қазақстанда  мемлекет 

барлық  азаматтарды  жарналарды     

төленген-төленбегеніне  қарамастан, 

тегін медициналық көмектің кепілдік 

берілген  көлемімен  қамтамасыз 

ететін аралас жүйе болады. 

            «МӘМС туралы» заңға сәйкес 

қорға жарналар төлеуден босатыла-

тын халық санаттары: 

1)балалар;2)көп 

балалы 

ана-


лар;  3)ҰОС  қатысушылары  және 

мүгедектері; 4) 

мүгедектер; 

5)жұмыссыз 

ретінде 

тіркелген 

адамдар;  6)интернат  ұйымдарында 

білім алып және тәрбиеленіп жатқан 

адамдар;  7)күндізгі  оқу  нысанында 

білім алып жатқан адамдар; 8)бала 

тууына, асырап алуына байланысты 

демалыста жүрген адамдар; 

9)жұмыс  істемейтін  жүкті  әйелдер, 

сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа 

толғанға  дейін  оны  (оларды)  іс 

жүзінде  тәрбиелеп  отырған  жұмыс 

істемейтін адамдар; 

10) 


зейнеткерлер; 

11)әскери 

қызметшілер; 

12)арнау-

лы 

мемлекеттік 



органдардың 

қызметкерлері;  13)құқық  қорғау 

органдарының 

қызметкерлері; 

14)қылмыстық-атқару 

жүйесі 


мекемелерінде  сот  үкімі  бойынша 

жазасын өтеп жүрген адамдар; 

15)уақытша 

ұстау 


изоляторларындағы  және  тергеу 

изоляторларындағы адамдар.

                        Мемлекет  11,  12, 

13-тармақтарды 

қоспағанда, 

12 


(1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,14,15) 

санат 


үшін 

жарна 


аудара-

ды.  Азаматтардың  бұл  санаты 

ведомстволық  желі  мекемелерінде 

қызметтер  алуды  жалғастыратын 

болады. 



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал