Қоғамдық саяси, әлеуметтік экономикалық газет №6-7 (8850)



жүктеу 1.36 Mb.

бет2/12
Дата30.05.2017
өлшемі1.36 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ    КОНСТИТУЦИЯСЫНА    

ӨЗГЕРІСТЕР    МЕН     ТОЛЫҚТЫРУЛАР   ЕНГІЗУ    ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ  

ПРЕЗИДЕНТІНІҢ    ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан   Республикасының  

мемлекеттік басқару жүйесін  одан   

әрі   жетілдіру  туралы

     


2) Қазақстан Республикасының 

Инвестициялар 

және 

даму 


министрлігі экспортты ілгерілетуге 

жауапты  ретінде  айқындалып, 

туристік  қызмет  саласындағы 

функциялары  мен  өкілеттіктері  

Қазақстан      Республикасының   

Мәдениет 

 

және 


 

спорт  


министрлігіне   беріле  отырып

     3) Қазақстан Республикасының 

Ұлттық  экономика  министрлігі: 

халықтың 

санитариялық-

э п и д е м и о л о г и я л ы қ 

саламаттылығы 

саласындағы 

мемлекеттік 

саясатты 

іске 

асыру 


жөніндегі 

функцияла-

ры  мен  өкілеттіктері  Қазақстан 

Республикасының 

Денсаулық 

сақтау 


министрлігіне; 

елді 


мекендердің 

шекарасы 

(сызықтары) 

шегінде 


элек-

трмен 


жабдықтау 

(0,4 


кВ 

электр 


желісі 

объектілері), 

орталықтандырылған 

жылумен 


жабдықтау аймағында жылу энер-

гиясын  өндіруді  жүзеге  асыра-

тын,  белгіленген  қуаты  100  Гкал/

сағаттан  төмен  қазандықтар  (ав-

тономды  қазандықтардан  басқа) 

бөлігінде  жылумен  жабдықтау, 

газ  және  газбен  жабдықтау 

саласындағы  мемлекеттік  сая-

сатты  қалыптастыру  және  іске 

асыру 


жөніндегі 

функцияла-

ры  мен  өкілеттіктері  Қазақстан 

Республикасының 

Энергетика 

министрлігіне; 

сәулет,  қала  құрылысы,  құрылыс, 

тұрғын  үй  қатынастары,  сумен 

жабдықтау, су бұру, коммуналдық 

шаруашылық  және  коммуналдық 

қалдықтармен  (қатты-тұрмыстық 

қалдықтарды  қоспағанда)  жұмыс 

істеу  саласындағы  мемлекеттік 

саясатты  қалыптастыру  және 

іске  асыру  жөніндегі  функ-

циялары 


мен 

өкілеттіктері 

Қазақстан 

Республикасының 

Инвестициялар 

және 


даму 

министрлігіне беріле отырып қайта 

ұйымдастырылсын.  

 

2.Мемлекеттік  органдар  берілетін 



функциялар  мен  өкілеттіктерге 

сәйкес  қайта  ұйымдастырылатын 

мемлекеттік 

органдардың 

құқықтары  мен  міндеттемелерінің 

құқықтық  мирасқорлары  болып 

белгіленсін. 

 

3 . Қ а з а қ с т а н   



Республикасының 

Үкіметі: 

1)  қайта  ұйымдастырылатын 

мемлекеттік  органдардың  штат 

санын  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің Әкімшілігімен келісу  

бойынша қайта бөлуді; 

 

2) 2017 жылғы 1 шілдеге 



дейін  осы  Жарлықты  іске  асы-

ру  бойынша  өзге  де  шаралар 

қабылдауды қамтамасыз етсін. 

 

4.  «Қазақстан  Респу-



бликасы  Үкіметінің  құрылымы 

туралы»  Қазақстан  Республи-

касы  Президентінің  1999  жылғы 

22  қаңтардағы  №  6  Жарлығына 

мынадай  өзгеріс  пен  толықтыру 

енгізілсін: 1-тармақта: 

мынадай  мазмұндағы  жолдармен 

толықтырылсын: 

 

« Қ а з а қ с т а н 



Республикасының 

Денсаулық 

сақтау  министрлігі;  Қазақстан 

Республикасының  Еңбек  және 

халықты 

әлеуметтік 

қорғау 

министрлігі.»;  



 

«Қазақстан 

Республикасының 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік 

даму министрлігі;» деген жол алып 

тасталсын.  

 

5.  Осы  Жарлықтың  орындалуын 



бақылау  Қазақстан  Республи-

касы  Президентінің  Әкімшілігіне 

жүктелсін.

 

 



6. 

Осы 


Жарлық 

қол  қойылған  күнінен  бастап 

қолданысқа енгізіледі.     

        


 

Қазақстан    Республикасының     

  Президенті        Н. НАЗАРБАЕВ .  

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 

25 қаңтар         № 412.

Мемлекет   басшысы   Н.Назарбаевтың   Қазақстан   халқына   Жолдауы

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ    ҮШІНШІ    ЖАҢҒЫРУЫ:  ЖАҺАНДЫҚ   БӘСЕКЕГЕ   ҚАБІЛЕТТІЛІК»

              



Құрметті      қазақстандықтар!

               Мен  Қазақстан халқына жаңа 

дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын.

Еліміз өзінің 25 жылдық даму 

кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді 

мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен 

жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 

25 жылдық мерейтойында атап өттік. 

Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары 

бағалайды.

2017 жылдың басынан бастап 

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы 

Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.

 

Биыл 



Астанада 

«ЭКС-


ПО-2017»  халықаралық  көрмесі  өтеді. 

Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі 

іс-шараны  біз  ТМД  және  Орталық  Азия 

елдерінің  арасында  бірінші  болып 

өткіземіз.  Алматыда  Универсиада-2017 

спорт  ойындары  өтіп  жатыр.    Оған  57 

мемлекеттен 2 мыңнан астам  спортшы 

мен делегация мүшелері қатысуда.

 

Осының 


барлығы 

Қазақстанның  халықаралық  арена-

да  жоғары  беделге  ие  болғанын  және 

саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

 

Қазақстан 



2050 

жылға 


қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 

мемлекеттің  қатарына  қосылуға  тиіс. 

Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен 

ілгерілей береміз.

 

Жаһандық 



бәсекелестіктің 

өсуі  және  әлемдегі  тұрақсыздық 

жағдайында,  2012  жылы  халқыма 

ұсынған 


«Қазақстан-2050» 

стратегиясының  өзектілігі  арта  түседі. 

Біз  қиындықтарды  уақтылы  болжай 

алдық.  «Нұрлы  жол»  экономикалық 

саясатының  және  «100  нақты  қадам» 

Ұлт  жоспарының  нәтижесінде  осынау 

қиын,  жаһандық  трансформацияның 

алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. 

Тек  2014-2016  жылдар  аралығында  біз 

экономиканы қолдауға қосымша 1,7 трил-

лион  теңге  жұмсадық.  Мұның  барлығы 

экономикалық  өсімді  және  бизнесті 

қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс 

орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде,  2016  жылы  біз  ішкі  жалпы 

өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл 

қазіргі  күрделі  жағдайда  айтарлықтай 

маңызды.


Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

Бұл  –  жаңа  жаһандық  болмыс,  оны  біз 

қабылдауға тиіспіз.

 

Қымбатты отандастар!



 

Болашағын  айқындап,  сын-

қатерлерді күтіп отырмастан, оған табан-

ды түрде қарсы тұра алатын халық қана 

жеңіске жетеді.

 

Әлемде  кезекті,  Төртінші 



өнеркәсіптік революция басталды.

 

Экономиканы  жаппай  циф-



рландыру  тұтас  саланың  жойылуына 

және  мүлде  жаңа  саланың  пайда  болу-

ына  алып  келеді.  Біздің  көз  алдымызда 

болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи 

сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік.

 

Бүгін мен Қазақстанды Үшінші 



жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. 

Елдің  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілігін 

қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің 

жаңа моделін құру қажет.

 

Қазіргі  кезде  көптеген  елдер 



осындай  міндетті  орындауға  ұмтылуда. 

Өсімнің  жаңа  моделіне  көшу  тәсілі  әр 

жерде  әр  түрлі  екеніне  сенімдімін.  Біз 

өзіміздің мықты тұстарымызды пайдала-

нып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге 

қалыптастырған  әлеуетімізді  жоғалтып 

алмауымыз   керек  қой.

Қазақстанның 

Бірінші 

жаңғыруы 

бәріміздің есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-

ның қирандысынан шығып, өз жолымыз-

ды  қалай  бастағанымыз  жадымызда 

тұр.  Сол  кезде  біздің  буын  іргетасынан 

бастап  қолға  алып,  әлем  картасында 

болмаған жаңа мемлекет құрды.

Жоспарлы  экономикадан  нарықтық 

экономикаға  көшу  жүзеге  асырылды. 

Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді 

күйреуге, азамат соғысына, экономикалық 

күйзеліске  ұшыратпағанымыз  мен  үшін 

өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз 

шығын  шығарып,  зор  жетістіктерге  қол 

жеткізді.

 

Екінші 


жаңғыру 

«Қазақстан-2030» 

стратегиясының 

қабылдануымен  және  жаңа  елорда  – 

Астананың  салынумен  басталды.  Оның 

нәтижелі  болғаны  дау  тудырмайды. 

Еліміз  экономикалық  тұрғыдан  артта 

қалған аймақтан шығып, әлемдегі эконо-

микасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің 

қатарына кірді.

 

Табысты  өткен  екі  жаңғыру 



арқылы 

баға 


жетпес 

тәжірибе 

жинақтадық.  Біз  енді  алға  батыл  қадам 

басып,  Үшінші  жаңғыруды  бастауға 

тиіспіз. 

 

Бұл 



жаңғыру 

– 

қазіргі 



жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспа-

ры  емес,  болашаққа,  «Қазақстан-2050» 

стратегиясы  мақсаттарына  бастайтын 

сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – 

«100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

 

Мен 



оның 

бес 


негізгі 

басымдығын  көріп  отырмын.  Олар 

экономиканың  әлемдік  өсімінің  орта 

деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз 

етуге және 30 озық елдің қатарына қарай 

тұрақты  түрде  ілгерілеуге  лайықталған. 

 

Бірінші 


басымдық 

– 

экономиканың 



жеделдетілген 

технологиялық жаңғыртылуы.

 

Біз  цифрлық  технологияны 



қолдану арқылы құрылатын жаңа инду-

стрияларды  өркендетуге  тиіспіз.  Бұл  – 

маңызды кешенді міндет.

 

Елде 3D-принтинг, онлайн-са-



уда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет 

көрсету  секілді  денсаулық  сақтау,  білім 

беру  ісінде  қолданылатын  және  басқа 

да  перспективалы  салаларды  дамыту 

керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде 

дамыған  елдердің  экономикаларының 

құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға 

жаңа сапа дарытты.

 

Осыған 


орай, 

Үкіметке 

«Цифрлық 

Қазақстан» 

жеке 

бағдарламасын 



әзірлеуді 

және 


қабылдауды тапсырамын.

Біздің  заңнамамызды  жаңа  жағдайға 

бейімдеу керек.

 

Коммуникацияның дамуы мен 



оптикалық-талшықты  инфрақұрылымға 

жаппай  қолжетімділікті  де  қамтамасыз 

ету  керек.  Цифрлық  индустрияны  да-

мыту  басқа  барлық  салаларға  серпін 

береді.  Сондықтан  Үкімет  ІТ  саласын 

дамыту  мәселесін  ерекше  бақылауда 

ұстауға тиіс.

 

Жаңа 



индустриялар 

қалыптастырудың  маңызды  шарты 

инновацияны  қолдау  және  оларды 

өндіріске тезірек енгізу болып саналады.

 

Үкіметке 



«ЭКСПО-2017» 

нысандарының  бірінің  базасында  IT-

стартаптар  халықаралық  технопаркін 

құруды тапсырамын. Ол әлемнің барлық 

елінен  кәсіпкерлер  мен  инвесторлар 

тартудың платформасы болуға тиіс. Бұл 

үшін  тиісті  инфрақұрылым  және  салық 

жеңілдіктерін,  оңайлатылған  виза  мен 

еңбек  режімін  қоса  алғанда,  қолайлы 

жағдай керек.

 

Біз  жоғары  оқу  орындары, 



Назарбаев  Университеті  және  «Ала-

тау»  иннновациялық  технологиялар 

паркі базасында өзіміздің ғылыми және 

инновациялық  әлеуетімізді  дамытуы-

мыз керек.

 

Екінші кешенді міндет. Жаңа 



индустриялар  құрумен  қатар  дәстүрлі 

базалық  салаларды  дамытуға  серпін 

беруіміз керек.

 

Бұл 



– 

өнеркәсіп, 

агроөнеркәсіптік  кешен,  көлік  пен  ло-

гистика,  құрылыс  секторы  және  басқа 

салалар.

Бірінші.  Еңбек  өнімділігін  айтарлықтай 

арттыру керек.

 

Бұл  жердегі  негізгі  фак-



тор  Төртінші  өнеркәсіптік  революция 

элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс.

Бұл  –  автоматтандыру,  роботтанды-

ру,  жасанды  интеллект,  «ауқымды 

мәліметтер»  алмасу,  тағы  басқа 

міндеттер.

 

Үкіметке бизнес өкілдерімен 



бірге  2025  жылға  дейін  базалық  сала-

ларды  технологиялық  тұрғыдан  қайта 

жарақтандырудың кешенді шараларын 

әзірлеуді тапсырамын.

 

Екінші.  Басымдығы  бар 



салалардағы 

бәсекеге 

қабілетті 

экспорттық 

өндірісті 

дамытуды 

көздейтін 

индустрияландыруды 

жалғастыру керек.

Үкімет  алдында  қазірдің  өзінде  2025 

жылға қарай шикізаттық емес экспорт-

ты 2 есе ұлғайту міндеті тұр.

                                  

 (Жалғасы  3- бетте ).

( Соңы.   Басы 1  - бетте)

ЖОБА


«Жаркент  өңірі»

3  ақпан  2017  жыл



3

№ 7  (8850)



Мемлекет   басшысы   Н.Назарбаевтың   Қазақстан   халқына  Жолдауы

«ҚазаҚстаННың    үшіНші    Жаңғыруы:  ЖаһаНдыҚ    

бәсекеге   Қабілеттілік»

 

Бұл  бағыттағы  жұмысты 



жандандыру  үшін  экспортты  да-

мыту  мен  ілгерілету  тетіктерін  бір 

ведомстоваға  шоғырландыру  қажет. 

Экспорттаушыларға  «бір  терезе» 

қағидаты  бойынша  өңірлерде  де 

қолдау көрсету керек.

Үкімет  жанынан  Экспорт  саясаты 

жөніндегі  кеңес  құруды  тапсыра-

мын.  Оған  бизнес  қоғамдастығының 

өкілдері кіруге тиіс.

Биылғы  1  қыркүйекке  дейін  Үкімет 

әкімдермен  және  бизнес  өкілдерімен 

бірлесіп,  Бірыңғай  экспорт  стретегия-

сын әзірлеуі керек.

Қазақстан  шетел  инвестицияларын 

тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап 

қалуы  қажет.  «Астана»  халықаралық 

қаржы  орталығы  ел  экономикасына 

қаржы ресурстарын тартуда маңызды 

рөл атқаруға тиіс.

Біз  тауар  өндіру  мен  өткізу,  қызмет 

көрсету 


ісін 

жаһандық 

желіге 

бейімдеуіміз керек. Мұны, ең алдымен, 



трансұлттық  компанияларды  тарту 

арқылы жасаған жөн.

Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі 

Қытаймен  бірлескен  инвестициялық 

бағдарламаны тиімді жүзеге асыру ке-

рек. Қытай тарапымен уағдаластыққа 

қол  жеткізілді.  Нысандар  белгіленді. 

Нақты жұмыс істеу қажет.

Бұл  қазақстандықтар  үшін  20  мың 

жаңа  жұмыс  орнын  ашатын  зама-

науи  өндіріс  болмақ.  Қазір  6  жоба 

жүзеге  асырыла  бастады,  ал  2 

жоба  іске  қосылды.  Соның  бірі  – 

гибридтік және толықтай электрлі JAC 

автомобильдерін  ірі  құрылғылардан 

құрастыратын зауыт.

Қажетті инфрақұрылым қалыптастыру 

жайын 


ескеріп, 

экспортқа 

бағдарланған 

электромобиль 

өндірісін  одан  әрі  дамыту  мәселесін 

пысықтауды тапсырамын.

Тұтастай  алғанда,  Қазақстанның  өз 

Инвестициялық  стратегиясы  болуға 

тиіс. Үкімет оны биылғы 1 қыркүйекке 

дейін әзірлеуі керек.

Халықаралық ынтымақтастық аясын-

да  ұлттық  экономикалық  мүдделерді 

қорғап, ілгерілету қажет. Бұл, ең алды-

мен,  ЕАЭО, ШЫҰ ішінде Жібек жолы 

Экономикалық белдеуімен ұштасатын 

жұмыстарға  қатысты.  Ол  үшін 

экономикалық  дипломатия  жұмысын 

қайта құрып, жандандыра түсу қажет.

Үшінші. 

Экономикалық 

өсімнің 

тұрақтылығы  үшін  елдің  тау-кен  ме-

таллургиясы мен мұнай-газ кешендері 

өзінің стратегиялық маңызын сақтауға 

тиіс.

Әлемдік  сұраныс  бәсеңдеп  кет-



кен  кезде  жаңа  нарықтарға  шығып, 

өнім  жеткізу  аумағын  кеңейту  керек. 

Минералдық-шикізаттық 

базаны 


кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. 

Геологиялық  барлау  жұмыстарын 

белсенді жүргізу керек.

Бұл  салаларды  одан  әрі  дамыту 

ісі  шикізатты  кешенді  түрде  қайта 

өңдеуді  тереңдете  түсумен  берік 

ұштастырылуы тиіс.

Жыл  соңына  дейін  Жер  қойнауы  ту-

ралы жаңа кодексті қабылдап, салық 

заңнамаларына  қажетті  өзгерістер 

енгізуді тапсырамын.

*****


Төртінші. 

Аграрлық 

сектор 

экономиканың жаңа драйверіне айна-



луы керек.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің 

болашағы зор.

Көптеген  позициялар  бойынша  біз 

әлемде  ірі  аграрлық  экспорттық  өнім 

өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, 

әсіресе, экологиялық таза тағамдарға 

қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді 

сондай  өнімдердің  эталоны  болуға 

тиіс.


Сонымен  қатар,  астық  өнімдері  бой-

ынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» 

болуымыз  керек.  Шикізат  өндірісінен 

сапалы өңделген өнім шығаруға көшу 

қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық 

нарықтарда  бәсекеге  қабілетті  бола 

аламыз.

Осы  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  



Үкімет  пен  әкімдерге  мынадай  тап-

сырмалар беремін:

біріншіден, 

субсидияларды 

бөлу 

қағидаларын  қайта  қарастырып, 



біртіндеп  өнімді  сақтандыруға  көшу 

қажет;


екіншіден, бес жыл ішінде 500 мыңнан 

астам жеке үй шаруашылықтары мен 

шағын  фермерлерді  кооперативтерге 

тартуға  мүмкіндік  беретін  жағдай  жа-

сау керек;

үшіншіден,  өнімнің  өңдеу  сапасын 

жақсартып,  тауарларды  сақтаудың, 

тасымалдаудың  және  өткізудің  тиімді 

жүйесін құру қажет;

төртіншіден,  еңбек  өнімділігін  белсенді 

түрде  арттырып,  өндіріс  шығындарын 

төмендету керек;

бесіншіден,  жерді  пайдалану  тиімділігін 

арттыруға тиіспіз. Суармалы егіс алаңын 

5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион 

гектарға жеткізу қажет;

алтыншыдан,  өндірісте  сұранысқа  ие 

аграрлық  ғылыми  зерттеулерге  салына-

тын инвестиция көлемін арттыру керек.

Ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 

2021 жылға қарай азық-түлік тауары экс-

портын 40%-ға көбейтуді тапсырамын.

Бұл  міндеттер  агроөнеркәсіп  кешенін 

дамытудың 

жаңа 

мемлекеттік 



бағдарламасы  аясында  іске  асырылуы 

қажет.


*****

Бесінші. Жаңа еуразиялық логистикалық 

инфрақұрылымды  дамыту  –  маңызды 

басымдықтардың бірі.

Оған  қазірдің  өзінде  қомақты  инвести-

ция  жұмсалды.  Енді  одан  экономикалық 

қайтарым ала бастау қажет.

Үкіметке  2020  жылға  қарай  транзиттік 

тасымалдың жылдық көлемін:

-  контейнерлермен  тасымалданатын 

жүктер үшін 7 есе – 2 миллион контейнер-

ге дейін;

- жолаушыларды әуе көлігімен тасымал-

дауды  4  есе  –  1,6  миллион  транзиттік 

жолаушыға  дейін  арттыруды  тапсыра-

мын.


Транзиттік  тасымалдаудан  түсетін  та-

бысты  5,5  есе  –  жылына  4  миллиард 

долларға дейін көбейту қажет.

2015 


жылы 

мен 


«Нұрлы 

жол» 


инфрақұрылымдық даму бағдарламасын 

ұсындым. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама 

өзін толық ақтады.

Биыл  республикалық  маңызы  бар  4400 

шақырым  автожол  құрылысы  мен  қайта 

жаңғырту  жұмыстары  жүргізіледі.  Жыл 

соңына  дейін  соның  кем  дегенде  600 

шақырымы  пайдалануға  беріліп,  кезең-

кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.     

Еліміздің  көлік  және  транзит  әлеуетін 

толық  ашу  үшін  көрші  елдермен 

үйлесімді  іс-қимыл  қажет.  Жүктердің 

еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен 

оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету ке-

рек.  Көлік  инфрақұрылымын  басқаруға, 

қызмет көрсету деңгейін арттыруға және 

әкімшілік  кедергілерді  жоюға  ерекше 

көңіл аудару қажет.

Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау 

көлемінің  ұлғаюына  байланысты  Құрық 

портын  салудың  екінші  кезеңі  –  авто-

мобиль  өткелі  құрылысын  іске  асыруға 

кірісу қажет.

Алтыншы.  Урбанизация  үдерісі  құрылыс 

секторын  дамыту  қажеттігін  алға  тар-

тып  отыр.  Ол  отандық  экономиканың 

толыққанды драйверіне айналуға тиіс.  

Жол,  тұрғын  үй  және  басқа  да 

инфрақұрылым  құрылысына  инвести-

ция  сала  отырып,  біз  қалаларымыздың 

ұзақ 

жылдарға 



дейін 

сыртқы 


және 

технологиялық 

келбетін 

айқындайтынымызды 

ұмытпағанымыз 

жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс 

материалдарын өндіру саласына да жаңа 

технологияларды  енгізу  керек.  Ол  үшін 

бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар.

Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы 

жер»  тұрғын  үй  бағдарламасы  іске  асы-

рыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті 

орындауға  –  алдағы  15  жылда  1,5  мил-

лион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз 

етуге бағытталған. 

Бағдарламада  тұрғын  үй  нарығын 

дамытудың  кешенді  шаралары  көрініс 

тапқан. Соның бірі – «Даму» акционерлік 

қоғамы  арқылы  мемлекеттің  субсидия 

беруі есебінен құрылыс салушылар үшін 

банк  несиесін  арзандату.  Тұрғындар 

үшін  «Қазақстан  ипотекалық  компания-

сы» акционерлік қоғамы арқылы банктер 

беретін ипотекалық несиені субсидиялау 

жүзеге асырылады. «Тұрғын үй құрылыс 

жинақ  банкі»  салымшылары  үшін 

әкімдіктердің  несиелік  тұрғын  үй  салуы 

жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы 

«револьвер»  қағидаты    бойынша  қайта 

пайдаланылады.

Әкімдіктер  халықтың  әлеуметтік  әлсіз 

топтары  үшін  сатып  алу  құқығынсыз 

арендалық  тұрғын  үй  бөлу  ісін  дамы-

та  беретін  болады.  Жаппай  тұрғын 

үй  құрылысы  үшін  әкімдер  тиісті  жер 

телімдерін бөлуге тиіс.

Біз  қалаларда  жеке  тұрғын  үйлердің 

бірыңғай  сәулет  стилінде  салынуына 

мән  беретін  боламыз.  Бұл  үшін  мемле-

кет  қажетті  инфрақұрылым  тұрғысынан 

көмек көрсетеді.

Үкімет  әкімдермен  бірлесіп,  үлкен 

қалалардың  іргелес  орналасқан  елді 

мекендермен  көлік  байланысын  дамыту 

жөнінде шаралар қабылдауы қажет. 

Үшінші  кешенді  міндет  –  еңбек  нарығын 

жаңғырту.

Жаңа  технологиялардың  енгізілуіне  бай-

ланысты  дәстүрлі  салаларда  еңбек  ре-

сурстары  босап  қалатын  болады.  Соны-

мен бірге, жаңа индустрия құрып, дамыту 

жұмыспен қамтудың және азаматтардың 

нақты  табысын  өсірудің  қосымша 

мүмкіндігі болуға тиіс.

Үкімет  пен  әкімдерге  еңбеккерлердің 

басқа  салаларға  басқару  аясында  ауы-

суы үшін жағдай жасауды тапсырамын.  

Біздің  ірі  кәсіпорындар  әкімдіктермен 

бірлесе  отырып,  тиісті  жол  карталарын 

әзірлеуі  керек.  Онда  қысқартылатын 

жұмысшыларды  қайта  даярлау,  оларды 

әрі  қарай  жұмыспен  қамту  үшін  бірлесіп 

инвестиция  салу  жайы  қарастырылуы 

қажет.  Басы  артық  жұмыс  күші  бар 

өңірлерден  басқа  жерлерге,  сондай-ақ, 

ауылдардан  қалаларға  жұмыс  күшін 

ұтымдылықпен  тартуға  қолдау  көрсету 

керек.   

Үкімет  жұмыспен  қамту  орталықтарын 

реформалап,  барлық  бос  жұмыс  орын-

дары мен бүкіл елді мекендерде бірыңғай 

онлайн 


платформа 

қалыптастыруы 

қажет.

 

Екінші  басымдық  –  бизнес-ортаны 



түбегейлі жақсарту және кеңейту.

Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі 

– елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және 

орта  бизнестің  үлесі  2050  жылға  қарай 

кем  дегенде  50%  болуын  қамтамасыз 

ету.


Бұл  –  өте  өршіл  мақсат,  бірақ  оған  қол 

жеткізуге  болады.  Оны  орындау  үшін 

қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жаса-

луы қажет.

Бірінші. Менің тапсырмам бойынша Үкімет 

биылдан  бастап  Нәтижелі  жұмыспен 

қамту  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту 

бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті.

Бұдан  былай  Қазақстан  азаматтары  өз 

бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада 

да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие 

ала алады.

Шағын  несие  беру  аясын  кеңейтіп, 

кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет 

көрсету  тетіктерін  белсенді  пайдалану 

керек.  Бұл  шараларды  бизнес  жүргізу 

және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін 

ұйымдастырумен қатар атқару керек.

Жаппай  кәсіпкерлікті  қолдау  тетіктерін 

одан  әрі  жетілдіру  керек.  Қазақстанның 

әр  өңірі  жаппай  кәсіпкерлікті,  соның 

ішінде  отбасылық  кәсіпкерлікті  дамыту 

бағытында  кешенді  шаралар  ұсынуға 

тиіс.


Жаңадан ашылған жұмыс орындарының 

саны  –  бұрынғыша  Үкімет  пен  әкімдер 

қызметінің  тиімділігін  бағалаудың  негізгі 

критерийінің бірі болмақ.   

Екінші.  Үкімет  «Атамекен»  ұлттық 

кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, 

бизнестің барлық шығынын жаппай азай-

ту  жөнінде  шаралар  қабылдауы  қажет. 

Бұл әсіресе энергетика, көлік және логи-

стика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық  салаларындағы  қызмет 

көрсету құнына қатысты.

Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  үдерісі 

мейлінше 

оңтайландырылуға 

тиіс. 


Құжаттардың  мерзімі  мен  тізбесін 

қысқартып,  қайталанатын  рәсімдерді 

жою керек. Бұл орайда адамның өзінің ба-

руын  қажетсінбейтін  толық  электрондық 

форматқа көшіру керек.

Сондай-ақ, 

бизнестің 

қазіргі  

қолданыстағы  реттеушілік  жүктемесі 

өсімнің  жаңа  моделін  жасау  міндетімен 

үйлеспейді. 

Үкімет  пен  әкімдерге  биылғы  1  шілдеге 

дейін  бизнесті  қайта  реттеу  жөніндегі 

жүйелі 


шаралар 

әзірлеу 


міндетін 

жүктеймін.

Дамыған  елдердің  озық  стандарттары 

мен тәжірибесін енгізу керек.

Бұл  жұмысты  әсіресе  өңірлік  деңгейде 

атқару маңызды.

Әкімдер Үкіметпен бірлесіп, Дүниежүзілік 

банк рейтингі негізінде  өңірлерде бизнес 

жүргізу үшін жағдайды жақсарту жөнінде 

нақты жоспарлар әзірлеу керек.

Елімізде  бизнес  жүргізуді  жеңілдету 

жөнінен  өңірлер  мен  қалалар  рейтингін 

енгізу  қажет.  Біз  үздіктер  үшін  арнаулы 

сыйлық  тағайындаймыз.  Оны  жылына 

бір рет, Индустрияландыру күнінде табыс 

етеміз.


Үшінші.  Мемлекеттің  экономикадағы 

үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін, 

Экономикалық  ынтымақтастық  және 

даму  ұйымы  (ЭЫДҰ)  елдері  деңгейіне 

дейін  төмендету  экономикалық  өсімге 

тың серпін беруге тиіс.

Бұдан  бұрын  2020  жылға  дейін 

жекешелендірілетін 

800-ге 

жуық 


кәсіпорынды  қамтитын  тізбе  жасалған 

болатын. Тиісті жұмыстар атқарылуда.

Үкіметке  сол  тізбедегі  кәсіпорындарды 

жекешелендіруді  тездетіп,  оны  2018 

жылдың  соңына  дейін  аяқтауды  тапсы-

рамын.


Ірі  компанияларымызды  ІРО-ға  дайын-

дау  және  оған  бейімдеу  ісін  де  жедел-

дету  керек.  Yellow  Pages  қағидаттарын 

енгізу  мемлекет  үшін  экономикадағы 

қызмет түрлерін 47%-ға (652-ден 346-ға) 

қысқартуға мүмкіндік берді.

Келесі  кезеңде  осы  қағидаттарға  сай 

келмейтін  мемлекет  меншігіндегі  барлық 

кәсіпорындар  мен  ұйымдарды  2020 

жылға  дейін  жеке  секторға  беру  немесе 

жою қажет. Ал ондай кәсіпорындар саны 

бірнеше мың болады.

Әрбір  бағдарлама  немесе  тапсырмаға 

орай  заңды  тұлғалар  құру  тәжірибесі 

бұдан былай  тоқтатылуға тиіс.

Жекешелендірудің  жариялылығы  мен 

тиімділігін  қамтамасыз  ету  қажет. 

Сондай-ақ мемлекеттік холдингтер рөлін 

қайта қарастыру керек.

Үкіметке  «Самұрық-Қазына»  холдингін 

сапалы  түрде  трансформациялау  ісін 

жүзеге асыруды тапсырамын.

Басқарушылық  және  өндірістік  биз-

нес  үдерістерін  толық  ревизия  мен  

оңтайландырудан 

өткізу 


қажет. 

Нәтижесінде ол тиімділігі жоғары, жинақы 

және кәсіби холдингке айналуға тиіс. Ме-

неджмент пен корпоративті басқару сапа-

сын халықаралық деңгейге жеткізу керек.

Мемлекетке қандай маңызды секторлар-

да,  қатысу  үлесінің  қандай  мөлшерімен 

және  не  қалдыратынымызды  нақты 

анықтап алуымыз керек.

Табиғи 


монополияларды 

және 


стратегиялық маңызы бар,  соның ішінде 

Трансұлттық  компаниялар  қатысатын 

жобаларды  іске  асыру  міндетін  мем-

лекетке  қалдыру  керек.  Бұл  жобалар 

мультипликативті нәтиже  беруге тиіс.

«Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін 

де  қайта  құру  қажет.  Олар  мемлекеттік 

даму  бағдарламаларын  іске  асыру 

жөніндегі  операторлар  болуға  тиіс. 

Соған  орай  олардың  функцияларын 

оңтайландыру керек. Жеке сектор жүзеге 

асыра  алатын  нәрсенің  барлығы  бизне-

ске берілуі қажет.

Сондай-ақ,  оларға  бағдарламаларды 

іске асыру үшін мемлекеттік емес қаржы 

көздері арқылы қор қалыптастырумен ай-

налысу керек.

Төртінші. 

Кәсіпкерлікті 

дамытуға 

мемлекет-жекеменшік  серіктестігі  аясын 

кеңейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде 

әңгіме  бірқатар  мемлекеттік  қызметтер 

көрсету  міндетін  бизнеске  беру  ісіне 

қатысты болып отыр.

Бізде  қазірдің  өзінде  оларды  мектепке 

дейінгі  білім  беру  ісіне  тарту  саласында 

жақсы  нәтижелер  бар.  Өткен  3  жылда 

мемлекет  40  мың  орынға  арналған  189 

балабақша салса, жекеменшік сектор 100 

мың  орынға  арналған  1300  балабақша 

ашты.  Жекеменшік  балабақшалардың 

ең көбі Оңтүстік Қазақстан (397), Алматы 

(221),  Қызылорда  (181)  облыстарында 

ашылды.

Мен  үшін  осы  сектордағы  мемлекет-



жекеменшік  серіктестігінің  үлгісі  өте 

маңызды. Бұл аса маңызды жалпыұлттық 

міндеттердің бірі – 3-6 жас аралығындағы 

балаларды  мектепке  дейінгі  білім  беру-

мен  2020  жылға  қарай  жүз  пайыз  қамту 

мәселесін  мемлекет  пен  бизнес  бірлесе 

шешіп отырғанын көрсетеді.

Мемлекет-жекеменшік  серіктестігін  да-

мыту  әкімдердің  нақты  және  кәсіби 

жұмысына байланысты.

Жекеменшік 

капитал 


тарту 

үшін 


мемлекет-жекеменшік 

серіктестігінің 

ықтимал  барлық  түрі  мен  нысанын 

пайдалану  қажет.  Олар  –  мемлекеттік 

мүлікті  сенімді  басқару,  қызмет  көрсету 

келісімшарттары,  тағы  басқалар.  Бұл 

ретте  келісімнің  барлық  рәсімдерін, 

әсіресе  шағын  жобаларға  қатысты 

рәсімдерді мейлінше жеңілдету және же-

делдету қажет.

Мемлекет-жекеменшік 

серіктестігі 

инфрақұрылымды, 

соның 


ішінде 

әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың 

негізгі тетігіне айналуға тиіс.

Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық 

нысандарын  жаңғырту  үшін  бұдан  әрі 

жекешелендіру  мүмкіндігін  қарастыра 

отырып,  басқаруға  және  концессияға 

беру қажет. Үкімет бір орынды шиырлай 

беруді    доғарсын.  Бұл  бағытта  жұмысты 

жандандыра түсу керек.

Бесінші.  Баға  мен  тариф  бойынша 

ымыраласуға жол бермеу қажет.

Үкіметке  «Атамекен»  ҰКП-мен  бірлесіп, 

бәсекелестікке  кедергі  келтіретін  нор-

маларды  анықтауға  қатысты  барлық 

заңнамаға  «ревизия»  жасауды  тапсыра-

мын.

Үшінші  басымдық  –  макроэкономикалық 



тұрақтылық.

Мұндағы  басты  міндет  –  ақша-несие 

саясатының 

ынталандырушы 

рөлін 

қалыпқа  келтіру  және  экономиканы 



қаржыландыруға  жекеменшік  капитал 

тарту.


Бірінші.  Бүгінде  Ұлттық  банк  алдында 

инфляциялық  таргеттеу  режімін  дамы-

ту  жөніндегі  маңызды  міндет  тұр.  Орта 

мерзім  ішінде  инфляция  деңгейін  кезең-

кезеңмен 3-4%-ға дейін төмендетуге қол 

жеткізуіміз керек.

Екінші. Еліміздің қаржы секторын «қайта 

жаңғырту» қажет.

Ұлттық  банкке  банк  секторын  қалыпқа 

келтіру  жөнінде  шаралар  кешенін 

әзірлеуді  тапсырамын.  Банктердің  ба-

лансын  тиімсіз  несиелерден  арылту 

жұмысын  жеделдетіп,  қажет  болған 

жағдайда  олардың  капиталын  акционер-

лер  тарапынан  арттыруды  қамтамасыз 

ету  керек.  Банктердің  ахуалына  жедел 

бақылау  орнату  үшін  Ұлттық  банкке 

көбірек  құқық  берген  жөн.  Ұлттық  банк 

банктердің  қателік  жіберуін  күтпей, 

оларға  ықпал  ететін  шаралар  қабылдау 

үшін  формальді  көзқарастан  ықтимал 

қатерлерге  жол  бермейтін  қадамдарға 

көшуге тиіс.

Сондай-ақ, аудиторлық компаниялардың 

жауапкершілігін 

арттырып, 

акционерлердің  ашықтығын  қамтамасыз 

ету, ұжымдық басқаруды жақсарту қажет. 

Осының  бәрін  заңнамалық  деңгейде 

бекіту керек.

Экономикадағы  қаражат  жетіспеушілігі 

және 


несиелер 

бойынша 


жоғары 

мөлшерлеме 

түйткілдерін 

шешу 


мақсатымен  Ұлттық  банк  пен  Үкіметке 

теңге түрінде қолжетімді орта және ұзақ 

мерзімге  арналған  қор  қалыптастыруды 

қамтамасыз  ету  жөнінде  кешенді  шара-

лар қабылдауды тапсырамын.

Ұлттық банк инфляция ғана емес, соны-

мен қатар Үкіметпен бірге экономиканың 

өсуі үшін де жауапты болуға тиіс.

Үшінші. Қор нарығын одан әрі дамыту.

Жекешелендіру оның дамуына серпін бе-

руге тиіс. Мен жоғарыда айтып өткендей, 

қор  нарығына  «Самұрық-Қазына»  қоры 

компанияларының  акцияларын  орна-

ластыру  керек.  Халықтың  жинаған  өз 

қаражатын  ең  алдымен  түрлі  бағалы 

қағаздарға  инвестициялау  мүмкіндігін 

одан әрі арттыру қажет.

Біз  2016  жылдың  соңында  заңдастыру 

науқанын  аяқтадық.  Оған  еліміздің 

140  мыңнан  астам  азаматы  қатысты. 

Нәтижесінде  5,7  триллион  теңге,  оның 

ішінде  қаражат  түрінде  4,1  триллион 

теңге заңдастырылды.

Үкіметтің  міндеті  –  бұл  қаражаттың 

экономикаға, 

соның 


ішінде 

жекешелендіруге  қатысу  арқылы  пай-

да  беруін  қамтамасыз  ету.  Соны-

мен  бірге,  Қазақстанның  жекеменшік 

кәсіпорындарының 

облигация 

шығарылымдарын 

субсидиялау 

мәселесін пысықтау қажет.

Үкіметке  Ұлттық  банкпен  бірлесіп, 

отандық  қор  нарығын  жандандыруға 

бағытталған  шаралар  қабылдауды  тап-

сырамын.

Келесі  шешуші  міндет  –  салық-бюджет 

саясатын  жаңа  экономикалық  жағдайға 

бейімдеу.

Бірінші. 

Бюджет 


шығыстарының 

тиімділігін түбегейлі арттыру қажет.

Біз  2017  жылы  мемлекеттік  даму 

бағдарламаларын 

қажетті 

ресур-


стармен  толықтай  қамтамасыз  еттік. 

Министрліктер  мен  ведомстволардың 

қаражатты  игеруінің  тиімділігін  тексеру 

қажет.


Республикалық бюджеттің 40%-дан аста-

мын құрайтын Денсаулық сақтау,  Еңбек 

және  халықты  әлеуметтік  қорғау,  Білім 

және ғылым министрліктерінен бастау ке-

рек. Оның қорытындысы бойынша маған 

баяндалсын.

Тиімсіз  бағдарламалардың  қаражатын 

Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыру-

ды  қамтамасыз  ететін  бағдарламаларға 

қайта бөлу қажет. Сондай-ақ, қаражатты 

нақты  экономикаға  неғұрлым  тезірек 

әрі  тиімдірек  жеткізу  үшін  бюджеттік 

рәсімдерді жеңілдеткен жөн.

Біз  фискалдық  орталықсыздандыру  са-

ясатын  жалғастыруымыз  керек.  Өткен 

жылдарда орталықтан жергілікті жерлер-

ге  көптеген  функциялар  мен  өкілеттіктер 

берілді. 

Енді 

олардың 


жеткілікті 

қаржылық  дербестігін  бекемдей  түсу 

қажет.  Сонымен  бірге,  қаржы  шығысы 

жөніндегі 

өкілеттіктердің 

облыстық 

деңгейде  шоғырлануына  жол  бермеу 

маңызды.  Оларды  әрі  қарай  аудандық 

және  ауылдық  жерлерге  беру  керек. 

Әкімдер  өңірлік  және  жергілікті  маңызы 

бар  мәселерді  шешуге  тиіс,  ал  Үкімет 

жалпымемлекеттік мәселелерге ден қоюы 

қажет.

Екінші. 


Ұлттық 

қор 


қаражатын 

пайдалануға  ұтымдылық  тұрғысынан 

қараған жөн.

Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген 

трансферт көлемі 2020 жылға қарай 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал