Қоғамдық саяси, әлеуметтік экономикалық газет №6-7 (8850)



жүктеу 1.36 Mb.

бет1/12
Дата30.05.2017
өлшемі1.36 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ЖАРКЕНТ

   ӨҢІРІ


Қоғамдық - саяси,  әлеуметтік - экономикалық   газет

       № 6-7 (8850)

            Жұма  

           3 ақпан                   

       2017  жыл

Газет  

1921  жылдың 

1  маусымынан

 шығады

 

ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ   ПРЕЗИДЕНТІНІҢ    БИЛІК   ТАРМАҚТАРЫ   



АРАСЫНДА     ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ   ҚАЙТА   БӨЛУ   МӘСЕЛЕЛЕРІ   ЖӨНІНДЕГІ   

ҮНДЕУІ

Құрметті    қазақстандықтар!

 

Сіздердің    назарларыңызға 



еліміз  үшін  аса  маңызды,  тағдырлы 

мәселені ұсынбақпын.

 

Бұл  –  Конституция  мен 



заңдарға өзгерістер енгізу.

Біздің алдымызда билік тармақта ры ның 

өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр.

 

Қазір  заманның  дидары 



өзгерді.

Біз де өзгеруге тиіспіз.

Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйе-

сін де жаңғыртатын кез келді.

 

Мен  елдің  мүддесі  мен 



заманның 

та лабын, 

ұрпақтың 

болашағын ойлай оты рып осындай бай-

лам жасадым.

 

Арнайы  құрылған  жұмыс 



тобы атқа рылған істерді баяндады.

 

Реформа  екі  негізгі  бағыт 



бойынша іске асады.

 

Біріншіден, 



Президенттің 

әлеуметтік-экономикалық  процестерді 

реттеудегі 

бір шама 

өкілеттіктерін 

Үкіметке  және  бас қа  да  атқарушы 

органдарға берген жөн.

 

Сонда  бұл  салаға  Үкімет, 



министр лік тер және әкімдіктер толықтай 

жауап бе ретін болады.

 

Өкілеттіктерді  беру  тиісті 



заңдарды өз герту арқылы іске асады.

 

Бұл  өзгерістерді  Үкімет 



қазіргі Пар ламенттің сессияның аяғына 

дейін Пар ламентке енгізуі тиіс.

 

Екіншіден,  одан  да  күрделі 



міндет – билік тармақтары арасындағы 

қарым-қа тынасты 

конституциялық 

деңгейде тең герімді ету.

 

Осы  реформаның  аясында 



Үкіметті  жасақтаудағы  Парламенттің 

рөлін күшей теміз.

 

Парламент 



сайлауын-

да  жеңген  партия  Үкімет  құрамын 

анықтауға түбегейлі ықпал ететін бола-

ды.


 

Бұл 


министрлер 

кабинетінің  өкілетті  билік  алдындағы 

жауапкершілігін артты рады.

 

Тиісінше, 



биліктің 

заң 


шығарушы  тар мағының  атқарушы 

билікке бақы лауын күшейтеді.

 

Айтылған 



екі 

бағыттың 

қай-қайсысы  да  жауапкершілік  пен 

кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік 

басқару тиімділігін күшейтеді.

 

Жұмыс 



тобы 

барлық 


сұрақтарды 

жан-жақты 

зерттеп, 

қоғамдық  талқылауға  шығару  үшін 

ұсыныстар жиынтығын әзірлеуі қажет.

Қ

ұрметті    қазақстандықтар!

 

Мен  сіздерге  еліміз  үшін 



қағидатты мә селе бойынша қайырылып 

отырмын.


 

Бұл 


– 

мемлекеттік 

билік  тармақта рының  арасындағы 

өкілеттіктерді қайта бөлу.

 

Менің  өкіміммен  арнайы 



жұмыс  тобы  құрылды.  Олар  жаман 

жұмыс істеген жоқ.

 

Мен топтың жұмысы туралы 



есепті   тың дадым.

 

Алдағы  реформа  біздің 



дамуымыздың  қисыны  мен  тұтастай 

қазіргі  заманғы  даму  қисынына  арқа 

сүйейді.

 

Негізгі  мәні  –  Президент 



өзінің  бір қатар  өкілеттігін  Парламент 

пен Үкіметке береді.

 

Күшті  президенттік  верти-



каль бізге мемлекет қалыптастырудағы 

орасан қиын дықтарды еңсеру барысын-

да қажет болды.

 

Бұл уақытында өзін ақтады. 



Біздің  барлық  жетістіктеріміз  дәл  осы 

жүйе ке зінде жүзеге асырылды.

 

Бұл 


реформа 

басқару 


жүйесінің 

тиім ділігін 

арттыруды 

көздейді.

 

Біз жаңа мемлекет, жаңа эко-



номика, жаңа қоғам құрдық.

 

Біз  іргесін  қалаған  даму 



траектория сының 

дұрыстығын 

тарихтың өзі қуаттап отыр.

 

Тәуелсіздігіміздің 



25 

жылдығын атап өткен кезде біз өзіміздің 

табыстарымыз  туралы,  оның  ішінде 

билік  құрылымда рының,  президенттік 

жүйенің жұмысы ту ралы айттық.

 

Алайда әлем бүгінде көз ал-



дымызда өзгеріп жатыр.

 

Қоғамдық 



үдерістердің 

жылдамдығы 

мен 

күрделілігі 



Қазақстанда да артып келеді.

 

Қазірдің  өзінде  біз  алдағы 



кезең  ал дымызға  міндетті  түрде 

көлденең  тарта тын  жаһандық  және 

өңірлік  сын-қатер лерге  қалай  қарсы 

тұратынымызды ой лас тыруға тиіспіз.

 

Ұсынылып 



отырған 

реформаның  мәні  билік  өкілеттіктерін 

сарабдалдықпен қайта бөлуде, тұтастай 

саяси жүйені де мокра тияландыруда жа-

тыр.

 

Президент 



үшін 

жаңа 


жағдайларда стра тегиялық функциялар, 

жоғарғы  ар битр дің  биліктің  тармақтары 

арасындағы қатынастардағы рөлі басым 

болады.


 

Мемлекет  басшысы,  сондай-

ақ  сырт қы  саясатқа,  ұлттық  қауіпсіздік 

пен елдің қор ғаныс қабілетіне күш-жігер 

жұмыл дырады.

 

Бұл 



ретте 

Үкімет 


пен 

Парламенттің 

рөлі 

айтарлықтай 



күшейеді.

Аталған жұмыс екі шешуші бағыт бойын-

ша жүргізілетін болады.

 

Біріншіден, 



Президенттің 

әлеуметтік-экономикалық 

үдерістерді 

реттеу  жөнін дегі  заңымен  бекітілген 

өкілеттіктерінің  айтарлықтай  бөлігін 

Үкімет  пен  басқа  да  атқарушы 

органдарға беру керек.

 

Аталған 



салаға 

толық 


көлемінде  Үкімет,  министрліктер  мен 

әкімдіктер жауап беруі тиіс.

 

Өкілеттіктерді  беруді  тиісті 



заңдарға  өзгерістер  енгізу  есебінен 

қамтамасыз  ету ге  болады.  Үкіметке  не-

месе  Парламентке  беруге  болатын  40 

шақты өкілеттік бар.

 

Бұл  түзетулерді  қабылдау 



үшін  Үкімет  Парламентке  үстіміздегі 

сессияның  аяғына  дейін  басым  ретпен 

енгізеді.

 

Екіншіден, 



бұдан 

да 


күрделірек  міндет  –  билік  тармақтары 

арасындағы 

қарым-қатынастарды 

конституциялық деңгейде теңгеру.

 

Парламенттің 



Үкімет 

жасақтаудағы  рөлін  күшейту,  минис-

трлер  кабинетінің  депутаттар  корпусы 

алдындағы  жауапкер шілігін  арттыру 

маңызды.

 

Парламенттік 



сайлаулар-

да  жеңіске  жеткен  партия  Үкіметті 

жасақтауға  шешуші  түрде  ықпал  ететін 

болады.


 

Осыны басшылыққа ала оты-

рып,  Үкі мет тің  өкілеттігін  бұрынғыдай 

Президент тің  емес,  жаңадан  сайланған 

Мәжілістің  алдында  тоқтатуы  заңды 

болмақ.


 

Үкімет  мүшелеріне  Парла-

мент  палата лары  тарапынан  сенімсіздік 

білдіру тәр тібін оңайлату қажет.

 

Ол  биліктің  заң  шығарушы 



тармағының атқарушы тармаққа бақылау 

жасауын күшейтпек.

 

Үкіметке, 



ол 

сол 


үшін 

толық  жауапкер шілікте  болатындай, 

мемлекеттік  бағдар ламаларды  бекітуді 

тапсыру орынды бол мақ.

 

Үкіметтің өзіне оның құрамына 



кір мейтін орталық атқарушы органдарды 

құру мен тарату құқығын беруге болады.

 

Президент 



Үкімет 

пен 


Премьер-ми нистрдің 

актілерінің 

іс-

әрекетінің  күшін  жою  болмаса  тоқтату 



құқығынан бас тарта алады.

 

Мұның 



бәрі 

атқарушы 

мемлекеттік 

ор гандар 

мен 

оның 


басшыларының  жауап кершілігін  артты-

рып, қажетті өкілеттіктер береді.

 

Заң  күші  бар  Президент 



Жарлықтарын  қабылдау  мүмкіндігі  тура-

лы норма кө кейтестілігін жойды.

 

Жергілікті  атқарушы  билікке 



қатысты  Парламенттің  рөлін  күшейту  

ұсынылады.

 

Оның 


сыртында  

Конституциялық    кеңес тің,  сот  жүйесі 

мен 

прокуратураның 



қыз метін 

жетілдіру  туралы мәселені қарас тыру  

талап  етіледі.

 

Сонымен  бірге,  бізге  өз 



конституциялық 

құрылысымыздың 

бұлжымастығына 

сөзсіз 


кепілдік 

қажет.


 

Жұмыс  тобы  одан  әрі  де 

жұмыс істей беретін болады, олардың 

осы  мәселелерді  жан-жақты  зерттеп 

және  одан  арғы  қо ғамдық  талқылау 

үшін  ұсыныстар  пакетін  дайындауы 

қажет.

 

Ұсынылып 



отырған 

бағдарлама  үш  міндетті  шешуге 

жағдай жасайтын болады.

 

Біріншіден, 



көптеген 

жылдарға  күні  бұрын  саяси  жүйе 

тұрақтылығының қорын жасау.

 

Екіншіден, 



Үкімет 

пен 


Парламенттің  рөлін  арттыру  қазіргі 

заманғы 


сын-тегеу ріндерге 

жау-


ап  қайтарудың  неғұрлым  тиімді 

механизмін бермек.

 

Иә, 


бұл 

басқарудың 

неғұрлым күрделі жүйесі, бірақ қоғам 

да неғұрлым күрделі бола түсті.

 

Мен 


Президент 

ие 


өкілеттіктердің  айтарлықтай  бөлігін 

беруге саналы түрде барып отырмын.

Мен  мұны  жалғыз  ғана  мақсатпен  – 

елді  басқарудың  неғұрлым  тиімді, 

орнық ты, заманауи жүйесін құру үшін 

жасап отырмын.

 

Үшіншіден, 



әлемде 

мемлекеттік  құ ры лыстың  әмбебап 

моделі жоқ. Бәрі де ізденіс үстінде.

 

Халықаралық 



тәжірибе 

шеңберінде  іс-қимылдар  жасайтын 

мәселелер бола тұрса да, біз өзіміздің, 

кейде  ерекше  шешім дерімізді  таба 

отырып,  мемлекеттік  құры лыстың 

бөгде  модельдерін  көшіріп  алумен 

ешқашан айналысқан емеспіз.

 

Біз ұсынып отырған рефор-



ма ең ал дымен, өз тәжірибемізге және 

Қазақ стан ның  өзінің  қажеттіліктеріне 

арқа сүйейді.

 

Р е ф о р м а л а р 



бағдарламасы  –  ол  Қа зақстан  қай 

бағытта  жүреді  деген  сауалға  біздің 

жауабымыз.

 

Жауап айқын және дәйекті 



– демокра тиялық даму жағына қарай.

 

Ұсынылып 



отырған 

шаралардың  маңыз    дылығын  еске-

ре  отырып,  мен  жа рия ланатын 

конституциялық  реформа лардың  жо-

басын  жалпыхалықтық  талқы лауға 

ұсыну жөнінде шешім қабылдадым.

 

Тиісті Жарлық шықты.



 

Мұның бәрі елдің болашақ 

дамуына  жауап  береді  және  бес 

институттық ре формаға сәйкес келеді.

 

«Ашық 


Үкімет» 

атты 


бесінші пункт дәл осы өкілеттіліктерді 

елеулі түрде қайта бөлуді қарастырған 

болатын. Биліктің бар лық тармақтары 

тиімді  және  жауап кершілікті  жұмыс 

істеуі  үшін  олардың  ара сында  тиісті 

тепе-теңдіктер  мен  ара салмақтар   

құру  маңызды.

 

ҚАЗАҚСТАН     РЕСПУБЛИКАСЫ  ПРЕЗИДЕНТІНІҢ   ӨКІМІ



«Қазақстан   Республикасының   Конституциясына 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу туралы» Қазақстан 

Республикасы   Заңының   жобасын   бүкілхалықтық 

талқылау   туралы

 

1.  «Қазақстан    Республикасы    Конститу-



ция сына  өз герістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

Қазақстан  Республикасының  заңының  жобасы  (бұдан 

әрі  –  заң  жобасы)  бүкілхалықтық  тал қылауға  шыға-

рылсын,  ол  2017  жылғы  26  қаңтар  –  2017  жылғы  26 

ақпан аралығында өткізілсін.

 

2.  Заң  жобасы  бұқаралық  ақпарат 



құралдарында жариялансын.

 

3.  Мемлекеттік  биліктің  тармақтары  ара-



сында  өкі леттіктерді  қайта  бөлу  мәселелері  жөніндегі 

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ   ПРЕЗИДЕНТІНІҢ    ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан   Республикасының  мемлекеттік 

басқару жүйесін  одан   әрі   жетілдіру  туралы

жұмыс  тобы  бүкілхалықтық  талқылау  барысында 

айтылған ұсыныстарды талдауды және жинақтап қо-

рытуды,  осы  ұсыныстарды  ескере  отырып,  заң  жо-

басын пысықтауды  және  оны  Қазақстан  Республи-

касы Президентінің қарауына енгізуді   қамтамасыз    

етсін.

Қазақстан    Республикасының    

Президенті      Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана,  Ақорда, 2017  жылғы  25  қаңтар    

№141

 

Қазақстан    Республикасы    Конституциясының   44-бабының  3) 



тармақшасына сәйкес   мемлекеттік   басқару   жүйесінің  тиімділігін  арттыру  

мақсатында    



ҚАУЛЫ   ЕТЕМІН: 

 

1. Мыналар: 



 

1) Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау және әлеуметтік 

даму  министрлігі:  әлеуметтік-еңбек  саласындағы  мемлекеттік  саясатты 

қалыптастыру    және  жүргізу  саласындағы  функциялары  мен  өкілеттіктері 

беріле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау  министрлігіне;  денсаулық  сақтау  саласындағы  мемлекеттік  саясат-

ты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері 

беріле отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне 

бөлу арқылы; 

(Жалғасы  2 - бетте).


«Жаркент  өңірі»

№ 7 (8850)

3  ақпан 2017  жыл

2

 

1995 



жылы 

30 


тамыз-

да 


республикалық 

референдумда 

қабылданған Қазақстан Республикасының 

Конституциясына  (Қазақстан  Республика-

сы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 4, 

217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат; 2007 

ж., № 10, 68-құжат; 2011 ж., № 3, 29-құжат) 

мынадай  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізілсін:

      1. 26-баптың 1 және 2-тармақтары мы-

надай редакцияда жазылсын:

      «1. Әркiм заңды түрде алған қандай 

да  болсын  мүлкiн  жеке  меншiгiнде  ұстай 

алады.


            2.  Жеке  меншік  құқығына  қол 

сұғылмайды.  Меншiкке,  оның  iшiнде 

мұрагерлiк  құқығына  заңмен  кепiлдiк 

берiледi.  Егер  Конституцияда  өзгеше 

көзделмесе,  заңды  жолмен  алынған 

мүлікке  меншік  құқығын  шектейтін  неме-

се  одан  айыратын  заңдарды  және  өзге 

де  құқықтық  актілерді  қабылдауға  жол 

берілмейді.».

 

3. 44-бапта:



    3)  тармақша  мынадай  редакцияда  жа-

зылсын:


            «3)  Парламент  Мәжілісінде  өкілдігі 

бар  саяси  партиялар  фракцияларымен 

консультациялардан  кейін  келісім  беру 

үшін  Мәжілістің  қарауына  Республика 

Премьер-Министрінің 

кандидатурасын 

енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен 

Республика Премьер-Министрін қызметіне 

тағайындайды;  Республика  Премьер-

Министрін  қызметінен  босатады;  Парла-

мент  Мәжілісімен  консультациялардан 

кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен 

Үкіметтің  құрылымын  айқындайды,  Пре-

зидент  дербес  тағайындайтын  және  бо-

сататын  сыртқы  істер  және  қорғаныс 

министрлерін 

қоспағанда, 

Үкімет 


мүшелерін  қызметіне  тағайындайды  және 

қызметінен  босатады;  Үкімет  мүшелерінің 

антын  қабылдайды;  ерекше  маңызды 

мәселелер  бойынша  қажеттігіне  қарай 

Үкімет  отырыстарына  төрағалық  етеді; 

облыстар,  республикалық  маңызы  бар 

қалалар  мен  астана  әкімдері  актілерінің 

күшін жояды не қолданылуын толық неме-

се ішінара тоқтата тұрады;»;

      2) 8) және 9) тармақшалар алып та-

сталсын;

            3)  мынадай  мазмұндағы  10-1) 

тармақшамен толықтырылсын:

            «10-1)  адамның  және  азаматтың 

құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау, 

мемлекеттің 

ұлттық 

қауіпсіздігін, 



егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету 

мүддесінде,  күшіне  енген  заңды  немесе 

өзге де құқықтық актіні Республика Консти-

туциясына  сәйкестігіне  қарау,  Қазақстан 

Республикасы  Конституциясының  91-

бабы  3-тармағында  көзделген  жағдайда 

қорытынды  беру  туралы  Конституциялық 

Кеңеске үндеулерді жолдайды;»;

      4) 18) тармақша мынадай редакцияда 

жазылсын:

      «18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет 

қызметін жасақтайды;».

      3. 45-баптың 2-тармағы алып тастал-

сын.


      4. 53-баптың 3) тармақшасы алып та-

сталсын.


      5. 57-баптың 6) тармақшасы мынадай 

редакцияда     жазылсын:

      «6) Палата депутаттары жалпы санының 

кемінде  үштен  бірінің  бастамасы  бойынша 

Республика  Үкіметі  мүшелерінің  өз  қызметі 

мәселелері  жөніндегі  есептерін  тыңдауға 

хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бой-

ынша  Үкімет  мүшесі  Республика  заңдарын 

орындамаған  жағдайда  Палата  депутатта-

ры  жалпы  санының  кемінде  үштен  екісінің 

көпшілік  даусымен  оны  қызметтен  босату 

туралы  Республика  Президентіне  өтініш 

жасауға  хақылы.  Мұндай  жағдайда  Респу-

блика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен 

босатады;».

      6. 61-баптың 2-тармағы мынадай редак-

цияда жазылсын:

      «2. Республика Президентінің заңдар жо-

баларын  қараудың  басымдығын  белгiлеуге 

құқығы  бар,  бұл  тиісті  заң  жобалары 

Парламенттің  ағымдағы  сессиясы  ішінде 

бірінші  кезектегі  тәртіппен  қабылдануы  тиіс 

екенін бiлдiредi.».

      7. 64-баптың 2-тармағы мынадай редак-

цияда жазылсын:

            «2.  Үкімет  алқалы  орган  болып  табы-

лады  және  өзінің  қызметінде  Республика 

Президентінің,  Парламент  Мәжілісінің  және 

Парламенттің алдында жауапты.».

      8. 65-баптың 2-тармағы мынадай редак-

цияда жазылсын:

      «2. Премьер-Министр тағайындалғаннан 

кейiнгi  он  күн  мерзiмде  Республиканың 

Премьер-Министрі  Парламент  Мәжілісімен 

консультациялардан 

кейін 


Үкiметтiң 

құрылымы  мен  құрамы  туралы  Республика 

Президентiне ұсыныстар енгiзедi.».

      9. 66-бапта:

      1) және 

8)  тармақшалар  мынадай  редакцияда  жа-

зылсын:

            «1)  мемлекеттiң  әлеуметтiк-



экономикалық  саясатының,  оның  қорғаныс 

қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi 

қамтамасыз  етудiң  негiзгi  бағыттарын 

әзiрлейдi  және  олардың  жүзеге  асырылуын 

ұйымдастырады;  Республика  Президентiнің 

келісімімен  мемлекеттік  бағдарламаларды 

бекітеді 

және 


олардың 

орындалуын 

қамтамасыз етеді;»;

      «8) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық 

атқарушы  органдарды  құрады,  таратады 

және  қайта  ұйымдастырады,  олардың  бас-

шыларын  қызметіне  тағайындайды  және 

қызметінен босатады;»;

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен 

толықтырылсын:

            «9-1)  мемлекеттік  бюджет  есебінен 

қамтылатын 

барлық 

органдардың 



қызметкерлері  үшін  еңбекақы  төлеуді 

қаржыландырудың бірыңғай жүйесін Респу-

блика Президентiнің келісімімен бекітеді;».

      10. 67-баптың 4) тармақшасы мынадай 

редакцияда жазылсын:

      «4) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары 

және оның аса маңызды барлық шешiмдерi 

туралы  Президентке  және  Парламент 

Мәжілісіне баяндайды;».

      11. 70-баптың 1-тармағы мынадай редак-

цияда жазылсын:

            «1.  Үкімет  жаңадан  сайланған  Респу-

блика  Парламенті  Мәжілісінің  алдында  өз 

өкілеттігін доғарады.».

      12. 72-баптың 2-тармағы мынадай редак-

цияда жазылсын:

      «2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 

44-бабының 

10-1) 

тармақшасында 



көзделген 

жағдайларда 

Республика 

Президентінің, сондай-ақ Конституцияның 

78-бабында  белгiленген  жағдайларда 

соттардың өтiнiштерiн қарайды.».

      13. 79-баптың 3-тармағы мынадай ре-

дакцияда жазылсын:

      «3. Республика соттарының судьялары-

на  қойылатын  талаптар  конституциялық 

заңда айқындалады.».

      14. 81-бап мынадай редакцияда жа-

зылсын:

    «81-бап



      Қазақстан Республикасының Жоғарғы 

Соты  азаматтық,  қылмыстық  істер, 

жергілікті  және  жергілікті  және  басқа  да 

соттардың соттылығына жататын өзге де 

істер бойынша жоғары сот органы болып 

табылады, заңда көзделген жағдайларда 

оның  соттылығына  жататын  сот  істерін 

қарайды  және  сот  практикасының 

мәселелерi 

бойынша 


түсiнiктемелер 

береді.».

      15. 83-баптың 1-тармағы мынадай ре-

дакцияда жазылсын:

            «1.  Прокуратура  мемлекет  атынан 

Қазақстан  Республикасының  аумағында 

заңда  белгіленген  шектерде  және  нысан-

дарда  заңдылықтың  сақталуын  жүзеге 

асырады,  сотта  мемлекеттің  мүдделерiн 

бiлдiредi 

және 

мемлекет 



атынан 

қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.».

      16. 86-баптың 5-тармағы мынадай ре-

дакцияда жазылсын:

            «5.  Республика  Президенті  Пре-

мьер-Министрмен 

және 

Парламент 



Палаталарының Төрағаларымен консуль-

тациялардан кейін мәслихаттың өкілеттігін 

мерзімінен  бұрын  тоқтатады,  сондай-ақ 

мәслихат  өзін-өзі  тарату  туралы  шешім 

қабылдаған  жағдайда  оның  өкілеттігі 

мерзімінен бұрын тоқтатылады.».

      17. 87-баптың 4-тармағы мынадай ре-

дакцияда жазылсын:

            «4.  Облыстардың,  республикалық 

маңызы бар қалалардың және астананың 

әкімдерін 

тиісінше 

облыстардың, 

республикалық  маңызы  бар  қалалардың 

және 

астананың 



мәслихаттарының 

келісімімен 

Республика 

Президенті 

қызметке  тағайындайды.  Өзге  әкімшілік-

аумақтық 

бөліністердің 

әкімдері 

қызметке  заңда  айқындалған  тәртіппен 

тағайындалады 

немесе 

сайланады. 



Республика  Президенті  өзінің  ұйғаруы 

бойынша  әкімдерді  қызметінен  босатуға 

хақылы.».

     18. 91-бапта:

      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жа-

зылсын:


            «2.  Конституцияда  белгiленген 

мемлекеттiң тәуелсіздігін, Республиканың 

бiртұтастығы  мен  аумақтық  тұтастығын, 

басқару нысанын өзгертуге болмайды.»;

      2) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен 

толықтырылсын:

            «3.  Республика  Конституциясына 

енгізілетін  өзгерістер  мен  толықтырулар, 

олардың  осы  баптың  2-тармағында 

белгіленген  талаптарға  сәйкес  келетіні 

туралы 

Конституциялық 



Кеңестің 

қорытындысы  болғанда,  республикалық 

референдумға 

немесе 


Республика 

Парламентінің қарауына шығарылады.».

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал